Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жас жасампаздардыҢ жоба жарысы



ЖАС ЖАСАМПАЗДАРДЫҢ ЖОБА ЖАРЫСЫ

IV-Ж

YIPC (жас жасампаздардың жоба жарысы жарысы) Қазақстандығы орта мектеп оқушыларына арналған бірегей жоба сайысы.

YIPC сайысы - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы аясында жас жасампаздардың алған білімін өз бетінше зерделеп, түрлі жоба дайындауда технологиялар мен инновациялардағы жаңалықтарды қолдану арқылы еліміздің жарқын болашағын нығайту және көркейту жолындағы өміршең жоба.

Жобаның мақсаты:
-Оқушылардың өздігінен білім алуға, интеллектуалдық ойын дамытуға, еңбек ету қабілеттерін жетілдіруге, пәнаралық байланысты арттыра отырып, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білуге, ізденуге, өз ойын ашық айтуға дағдыландыру, тапқырлыққа және білімділікке тәрбиелеу.
- Оқушылардың жобалау іс- әрекетінде зерттеушілік жұмыстарының жандануына ықпал ету және құзыреттілігін дамуына жағдай жасау.

-Әлеуметтік- қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған түрлі жобалар дайындау арқылы еліміздің болашағын нығайту және көркейтуге үлес қосу.

Еліміздегі әйгілі ғалымдар, профессорлар, түрлі салада жұмыс атқарып жүрген көшбасшыларды арнайы шақыру арқылы жас жасампаздардың жұмыстарын бағалаумен қатар, олардың болашағына жол ашып беру жолдары қарастырылады.

Сайыс бағыттары:

1. Баламалы энергия көздері

- тұрақты энергия қуатын дайындау инженериясы (Стенд материалдары және презентациялар ағылшын тілінде).

2. Жаратылыстану бағыты

- математика;

-информатика;

-химия;

-биология;

-физика;

-экономика.

(Стенд материалдары және презентациялар ағылшын тілінде).

3. Гуманитарлық бағыт

-тарих;

-қазақ тілі;

-ағылшын тілі;

-орыс тілі;

-түрік тілі;

-құқық және қоғам;

-география;

-өзін-өзі тану.

(Стенд материалдары және презентациялар өз тілінде).

4. Әлеуметтік-қоғамдық мәселелер

- Қазақстандағы немесе өз ауданындағы, облыстағы, қаладағы аймақтық әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар;



-жобалар қалаған тілде зерттеледі (қазақ тілі, ағылшын).

 

Жас жасампаздар жоба жарысына қойылатын талаптар мен ережелер

1. YIPC жарысына барша 7-11 сынып оқушылары қатыса алады.

2. Сайыскерлер осы оқу жылынды зерттеп аяқтаған 1 жобамен қатысуға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді.

3. Жобаны ұсынушы командалық топта 2 оқушы және 1 жетекші болуы шарт. Белгіленген қатысушылар санынан артық келу шектеледі.

4. Ұйымдастырушы комитет таңдаған жоба ғана ақтық бәсекеге (финалға) жолдама алады.

5. Қатысушылардың жобаларын қорғауға қойылатын талаптар:

 

Стендттің өлшемі:120x80 см.

Стенд стөлінің өлшемі: 120x52 см.

 

6. Қатысушылардың стендттеріне көрме залынан арнайы орын беріледі. Байқауға өз зерттеу жұмыс жобасын қорғайтын кезде қатысушылардың көрнекі-құралдары, баннерлері, сызбалары, суреттері не макеттері, сондай-ақ, дайындалған мәтіні болуы керек.

7. Жарысқа қатысқан барша оқушыларға YIPC-дің арнайы сертификаты беріледі.

 

Жобаны қабылдау және өткізу кестесі

 

Қабылдау күні: 21 наурыз., 2014ж.

Соңғы қабылдау күні: 12 сәуір., 2014ж.

Ақтық бәсекеге өткен жобаны жариялау күні: 20 сәуір., 2014ж.

Ақтық бәсеке өткізілу күні: 2-4 мамыр., 2014ж.

 

 

Жарысқа қатысқан оқушылар YIPC-дің арнайы сертификаттары беріледі. Сонымен қатар, әр бағыт бойынша бірінші, екінші, үшінші орынды иеленген оқушыларға медальдар, дипломдар, ақшалай (теңге) сыйлықтар тағайындалған.

 

Әлеуметтік-қоғамдық мәселелер және EXPO-баламалы энергия көздері бағыттары бойынша:

1 орын- 125000;

2 орын-100000;

3 орын-75000.

Жаратылыстану және гуманитарлық бағыттары бойынша:

1 орын- 100000;

2 орын-75000;

3 орын-50000.

 

Бағалау критерийлері

-Жобаны бағалау төрешісі академиялық немесе университетте ғылыми дәрежесі бар арнайы өкілдер қатар КАТЕВ тағайындаған төрешілер ғана бағалайды.

Төмендегі критерийлер бойынша:

- Қатысушы өзінің жобасын қай дәрежеде меңгерген?

- Қатысушы ғылыми тәсілді қалай қолданды?

- Жоба нақты дәлелдер бойынша зерттелді ме?

- Эксперименттерді, өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануы;

- Жоба тек ғаламтор мен кітаптар арқылы емес, сондай-ақ, түрлі лабораториялық жұмыстармен зерттелу.

Экспонаттар/жобалар келесі негіздемелер бойынша бағаланады.

1) Ерекшеілігіне (20 балл).

Ерекшелігіне қатысты мынадай талаптар қойылады:

- қойылған сұрақтары;

- мәселенің қалай шешілуі;

- жасаған сараптамасы;

- өз ойын нақты жеткізуі;

- құрал-жабдықтарды қолдануы;

 

2) Ғылыми дәлелдеме (30 балл).

Ғылыми дәлелдемеге мынадай талаптар қойылады:

-жұмыстың нақты мәселелері мен мақсаты айқындалды ма?

-зерттеу жұмысының мәселелерін шешу жолдары қалай қарастырылды?

-жұмыс мәселелерінің басқа да жолдары қарастырылды ма?

-зерттеу жұмысының берілген уақыты жетті ме? Сондай-ақ, уақыты мерзімі тиімді пайдаланылды ма?

3) Жүйелілік және мұқияттылық (20 балл).

Ақтық бәсекеге жолдама алған сайыскермен сұқбаттасу/жұмыстың нақты сипаттамасын айқындау жолындағы мақсаты/жүйелілігі және тұжырымы.

-Қатысушы зерттеу жобасының кітаптың қайнар көздерін біле ме?

-Берілген мағлұматтың қаншалықты нақты екендігі?

-Қорытынды тұжырымы нақтылығы қаншалықты?

-Жоба құрылғыларының тиімді қолдануы?

Жасаған зерттеу қорытындысының айналаға қосатын үлесі (20 балл).

Зерттеу дағдылығы(10 балл).

-зертханалық жұмыстар;

-мұқияттылығы;

-дизайн;

-презентацияны өткізу шеберлігі.

Әр жоба 10 минут аралығында бағаланады. Жұмыс қорытындысы салтанатты марапаттау рәсіміне дейін құпиялықты сақтайды. Алдын-ала жарияланбайды.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 30 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Открытое акционерное общество | Укажите место выделения адреналина, поступающего в русло крови:

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)