Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі



 

 

Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі

Қарағанды политехникалық колледжі

 

Қолданбалы информатика кафедрасы

 

“Бекітемін”

ҚИ кафедрасының меңгерушісі

______________ А.А.Акжанова

 

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: CASE…OF таңдау операторын қолданып программалар құру

 

 

Жұмыстың мақсаты: Программаны құру кезінде таңдау операторын қолдана білу.

 

Әдістемелік нұсқау

Бұл операторды қолданып программаларды құрған кезде келесі бөлімдерді еске сақтаған жөн:

· CASE инструкциясы программаның әрі қарай жұмыс істеуін анықтау үшін арналған инструкция;

· Инструкцияның алдыңғы тобында көрсетілген константаға айнымалы-селектордың мәні тең болған кезде программаның әрі қарай тізбектеліп орындалуы таңдалады;

· Айнымалы-селектор ретінде бүтін типті айнымалылар (INTEGER) немесе симолдық (CHAR) типтер қолданылады.

CASE инструкциясы жалпы түрде программада былай жазылады:

CASE айнымалы OF

1 константа: 1 инструкцияның тізбегі;

2 константа: 2 инструкцияның тізбегі;

3 константа: 3 инструкцияның тізбегі;

ELSE

Егер айнымалының мәні константалар тізімінің еш қайыссысымен сәйкес келмесе қолданылатын инструкция.

END;

мұндағы айнымалы - программаның әрі қарай жұмыс істеуін анықтау үшін арналған айнымалы;

константа – үтір арқылы бөлінген константалар. Егер константалар сандар диапазонынан тұрса, онда тізімнің орнына константаның бірінші саны мен соңғы санын екі нүкте арқылы бөліп көрсетуге болады. Мысалы, 1,2,3,4,5,6 деген тізім 1..6 диапазонымен өзгертіліп жазыла алады.

CASE инструкциясы келесі түрде орындалады. Алдымен CASE сөзінен кейін орналасқан айнымалының мәні есептеледі, содан кейін алынған мән бірінші константамен салыстырылады. Егер айнымалының мәні константаға тең болса онда 1 инструкцияның тізбегі орындалады да, осымен инструкцияның орындалуы аяқталады. Егер айнымалының мәні бірде-бір константамен сәйкес келмесе, онда ELSE сөзінен кейін орналасқан инструкция орындалады. CASE инструкциясының синтаксисі ELSE сөзін және оның инструкциясын жазбауға мүмкіндік береді.



Мысал 1. Қандай да бір өткізілген тесттің нәтижесіне байланысты алынған баллдары (0-ден 100-ге дейін) бойынша, алған бағасы туралы мәліметті шығатарын программаны құрыңыз:

Кіріс параметрі

(балл)

Шығыс параметрі

(бағасы)

0≤ балдар <20

Нашар

20≤ балдар <50

Қанағаттандырарлықсыз

50≤ балдар <75

Қанағаттандырарлық

75≤ балдар <93

Жақсы

93≤ балдар <100

Өте жақсы

 

Шешімі:

Program Z_1;

Var n:integer;

Begin

Writeln (‘Жиналған балдың санын көрсет:’);

Readln (n);

Writeln (‘Қойылған баға:’);

Case n of

0..19: writeln (‘Нашар’);

20..49: writeln (‘Қанағаттандырарлықсыз’);

50..74: writeln (‘Қанағаттандырарлық’);

75..92: writeln (‘Жақсы’);

93..100: writeln (‘Өте жақсы’);

Else writeln (‘Мұндай сан тізімде жоқ’);

End;

End.

 

Мысал 2.

Өздігінен орындауға арналған тапсырма

1. Қолданушыдан айдың номерін сұрайтын және оған жыл мезгілінің тиісті атын шығаратын программа құрыңыз. Егер енгізілген сан константа тізбегінде жоқ болса, онда программа «Сан дұрыс енгізілген жоқ» деген мәліметті шығаруы керек.

2. Қолданушыдан апта күнінің номерін және келесі мәліметтердің бірін «Жұмыс күні», «Сенбі», «Жексенбі» экранға шығаратын программа құрыңыз.

3. Пионер лагеріне келген балаларды келесі ретпен отрядқа бөлу керек:

6-дан 7 жасқа дейін – 5-і отряд

7-ден 9 жасқа дейін – 4-і отряд

9-дан 11 жасқа дейін – 3-і отряд

11-дан 13 жасқа дейін – 2-і отряд

13-дан 15 жасқа дейін – 1-і отряд

4. Кіріс параметрінің мәніне байланысты шығыс параметрінің мәнін келесі кестедегідей ретпен шығару программасын құрыңыз:

Кіріс параметрі

(температура)

Шығыс параметрі

(мәтіндік мәлімет)

Температура <0

Суық

0≤ температура <15

Салқын

15≤ температура <25

Жылы

25≤ температура

Ыстық

 

Бақылау сұрақтары

1. CASE инструкциясы қалай орындалады?

2. Жалпы түрде CASE инструкциясы қалай жазылады?

3. ELSE сөзінен кейін орналасқан инструкция қай жағдайда қолданылады?

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 21 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Инкотермс-2010. Содержание, основные базисные условия поставки товаров | Мережі та споруди систем водопостачання

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)