Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Ішке және сыртқа қолданылатын қандай қатты дәрілік түрге жататын зат, рецептте дәрілік түрі көрсетілмейді?



9 ВАРИАНТ

1. Ішке және сыртқа қолданылатын қандай қатты дәрілік түрге жататын зат, рецептте дәрілік түрі көрсетілмейді?

A. Драже

B. Майлар

C. Пастылар

D. Ұнтақтар

E. Таблеткалар

 

2. Өсімдіктің жұмсақ бөлігінен алынатын сулы сығындысы, қандай сүйық дозаланбаған дәрілік түрге жатады?

A. Тұнба

B. Суспензия

C. Экстракт

D. Түндырма

E. Қайнатпа

 

3. Дәрілік затты ас қорыту жолынан тыс еңгізетін түрі қалай аталады?

A. Парентеральды

B. Он екіелі ішекке

C. Ректальды

D. Пероральды

E. Сублингвальды

 

4. АІЖ дәрілік заттың негізгі сіңірілу механизмі қандай?

A. Пассивты диффузия

B. Пиноцитоз

C. Белсенді транспорт

D. Жеңілдетілген диффузия

E. Фильтрация

 

5. Метаболиттік трансформацияның қандай түрі 1 фазаға жатады?

A. Тотығу, тотықсыздану, гидролиз

B. Дәрілік затқа бір қатар химиялық топтардың қосылуы

C. Тотықсыздану, коньюгация

D. Тотығу, коньюгация

E. Гидролиз, коньюгация

 

6. Дәрілік тәуелділікке не тән?

A. Дәрілік затты үнемі қабылдауға құштарлық

B. Ағзаның дәрілік затқа жоғары сезімталдылығы

C. Дәрілік заттың ағзада жиналуы

D. Дәрілік заттың ағзада азаюы

E. Бірінші рет қабылдаған кезде жылдам үйрену

 

7. Лидокаиннің саудалық аты қандай?

A. Ксикаин

B. Бензокаин

C. Прокаин

D. Тетракаин

E. Бупивакаин

 

8. Прокаин қандай жанама әсер етеді?

A. Тіндердің өліеттенуіне

B. Миокард қозғыштығын жоғарлату

C. Қан қысымын кенет төмендету

D. Психикалық тәуелділік

E. Қан қысымын кенет жоғарлату

 

9. Неге бензокаин инфильтрациялық анестезияға қолданылмайды?

A. Жоғары токсикалық

B. Төмен белсенді

C. Қантамырларды тарытпайды

D. Суда нашар ериді

E. Тіндерде жинақталады

 

10. Қабыну ошағында прокаин әсерін қандай фактор әлсіретеді?

A. Қабыну өнімдерімен нейтрализациясы

B. Қабыну ошақта жоғары қышқылды ортасы

C. Жасушалар мембраналардың жоғарылаған өткізгіштік

D. Жасуша элементтермен жұту

E. Қанағысының бұзылуы

 

11. Қандай препарат ауызды шаюға қолданады?

A. Висмута нитрат негізгі

B. Танин

C. Ментол



D. Белсендірілген көмір

E. Викалин

 

12. Тері және шырышты қабатының қабынуын емдеуге қандай заттар қолданылады?

A. Жергілік жансыздандырғыш заттар

B. Тұтастырғыш

C. Қаптағыш

D. Сорғыш

E. Тітіркіндіргіш

 

13. Ауыр металлдармен және алкалоидтармен уланғанда қандай препарат қолданылады?

A. Валидол

B. Ментол

C. Аммиак ерітіндісі

D. Танин

E. Тальк

 

14. Қандай затты теріге жаққанда бездің бөлінуін адсорциялайды, теріні құрғатады және механикалық тітіркенуден сақтайды?

A. Тальк

B. Мүсәтір спирті

C. Ментол

D. Қайын қабығының қайнатпасы

E. Крахмалдан алынған шырыш

 

15. Қандай антихолинэстеразалық дәрі ГЭБ арқылы өтеді?

A. Неостигминнің метилсульфат

B. Пиридостигминнің бромид

C. Оксазил

D. Пилокарпиннің гидрохлорид

E. Физостигминнің салицилаты

 

16. Пилокарпинді жергілікті қолдану кезінде қандай әсер пайда болады?

A. Нұрлы қабықтың айналмалы бұлшықеттің жиырылуы

B. Нұрлы қабықтың айналмалы бұлшықеттің босаңсуы

C. Аккомодацияның паралич

D. Циннық байламы бітуінің күшеюі

E. Көзішілік қысымының жоғарлауы

 

17. Қандай М-холиноблокатор ОЖЖ-ні тежейді және теңіз, ауа ауруларының профилактика (алдын алу) үшін қолданылады?

A.Ипратропийнің бромиді

B. Скополаминнің гидробромиді

C. Неостигминнің метилсульфат

D.Метоцинийдің йодид (метацин)

E. Пирензепин (гастроцепин)

 

18. Тубокурарин дозасының асып кетуі кезінде дәрілердің қандай тобы қолданылады?

A. Н-холиномиметиктер

B. М-холиномиметиктер

C. М-холинолитиктер

D. Холинэстеразаның реактиваторлары

E. Холинэстеразаның ингибиторлары

 

19. Асқазанның ойықжарасын емдеу үшін, гастропротекторлық әсері бар қандай селективті М-холиноблокатор қолданылады?

A.Атропин сульфаты

B. Метоциний йодиді (метацин)

C. Пирензепин

D. Платифиллин гидротартраты

E. Ипратропия бромиді

 

20. Қандай әсері ұзартылған бета-адреномиметик ингаляция түрінде бронх демікпесінде қолданылады?

A. Метопролол

B. Небивалол

C. Пропранолол

D. Сальметерол

E. Атенолол

 

21. Қандай антигипертензивті әсері бар альфа 1-адреноблокатор, алғашқы доза әсерін шақырады?

A. Празозин

B. Атенолол

C. Пропранолол

D. Сальбутамол

E. Сальметерол

 

22. Бронхдемікпесімен ауратын қосымша брадикардиясы бар науқасқа қандай препарат тағайындалды?

A. Изопреналин

B. Добутамин

C. Мезатон

D. Сальбутамол

E. Допамин

23. Қандай Д-рецепторлардың агонисті бүйрек қан ағысын жақсартады?

A. Сальбутамол

B. Допамин

C. Лабеталол

D. Празозин

E. Пропранолол

 

24. Қандай препарат жүректің жиырлу жиілігін, жүректің оттегіне қажеттілігін, қандағы қант деңгейін жоғарлатады, АҚ төмендетеді, бронх саңылауын кеңейтеді және атриовентрикулярлы өткізгіштікті жеңілдетеді?

A. Изопреналин

B. Нафазолин

C. Ксилометазолин

D. Фентоламин

E. Празозин

 

25. Аса қысқа әсерлі қандай препарат көк тамырға хирургиялық наркозда қолданылады?

A. Пропанидид

B. Тиопентал-натрий

C. Кетамин

D. Оксибутират натрия

E. Фторотан

 

26. Көк тамырға еңгізілетін наркоздың кемшілігі қандай?

A. Басқарылатын наркоздың әлсіздігі

B. Наркоздың басталуы жылдам

C. Басқарылатын наркоздың жеңілдігі

D. Қозу кезеңінің жоқтығы

E. Әсерден кейінгі әсердің жоқтығы

 

27. Ноотропты заттарға әсері жақын қандай препарат, терапевттік дозада тыныштандырғыш және орталықты миорелаксантты әсерге ие?

A. Кетамин

B. Пропанидид

C. Натрий оксибутираты

D. Фенобарбитал

E. Тиопентал натрий

28. Төменде аталған қандай препараттар келесі әсерге ие: Акушерлік тәжірибеде босанудағы ауырсынуды басу үшін, ұйықы бұзылысында ұйықтатқыш зат ретінде, өкпе ісінуде гипоксияны алдын алу және емдеуге қолданылады. Көк тамырға және ішке тағайындалады?

A. Оксибутират натрийі

B. Тиопентал-натрий

C. Фторотан

D. Наркозға арналған эфир

E. Кетамин

29. Ота алаңын өңдеу үшін этил спирттің қандай концентрациясы қолданылады?

A. 40%

B. 70%

C. 90%

D. 95%

E. 33%

 

30. Этанолдың әсер ету механизмі қандай?

A. Синапсты өткізгіштікті күшейтіп, ГАМҚ ГАМҚ-А рецепторларына сезімталдығын жоғарлатады

B. Калий иондарына ион өзекшелерінің өткізгіштігін төмендетеді

C. Кальций иондарының торша ішілік концентрациясын төмендетеді

D. ГАМҚ-бензодиазепин-барбитурат рецепторлы кешенді белсендіреді

E. ОЖЖ ГАМҚ – рецепторларды тежейді

 

31. Қандай заттармен уланғанда этанол қолданылады?

A. Метанолмен

B. Цианидтермен

C. Ауыр метал тұздарымен

D. Ұйықтатқыш заттармен

E. Жүрек гликозидтерімен

 

32. Этил спирттің антисептикалық әсер ету механизмі қандай?

A. Теріде ақуыздың денатурациясын шақырады

B. Тотығу-тотықсыздану үдерісін бүзады

C. Тіндерден молекулярлы оттегін бөледі

D. Тиол ферменттерін тежейді

E. Сульфгидрильды топтарды байланыстырады

 

33. Опиодты рецепторлардың толық агонисті қай препарат болады?

A. Налоксон

B. Налтрексон

C. Бупренорфин

D. Буторфанол

E. Морфин гидрохлориді

 

34. Қандай препараттың, диареяға қарсы және жөтелге қарсы әсері бар және фенантрен туындысы болып табылады?

A. Парацетамол

B. Метамизол-натрия

C. Кодеин

D. Налоксон

E. Налтрексон

 

35. Наркотикалық анальгетиктердің әсер ету механизмі немен негізделген?

A. Опиоидты рецепторлардың қозуымен

B. Опиоидты рецепторлардың тежелуімен

C. Дофамин рецептордың қозуымен

D. Антиноцицептивті жүйенің барлық звеноларының тежелуі

E. ЦОГ- ОНЖ де ферментінің тежелуі

 

36. Кандай наркотикалық анальгетик инфаркт миокардта қолданады?

A. Кодеин

B. Морфин гидрохлориді

C. Пентазоцин

D. Налбуфен

E. Бупренорфин

 

37. Қандай наркотикалық аналгетик тің әсер ету механизмі аралас, норадреналин және серотанин опиоидты емес компоненті нейроналды ұстамасының төмендеуімен байланысты жедел және интенсивті созылмалы ауруда қолданады, күре тамырға, ректалды және ішке қолданады?

A. Кодеин

B. Промедол

C. Трамадол

D. Пентазоцин

E. Налбуфен

 

38. Қандай опиоидты емес анальгетик парааминофенол туындысына жатады?

A. Бутадион

B. Ацетилсалицил қышқылы

C. Карбамазепин

D. Парацетамол

E. Омнопон

 

39. Жылудың реттелуіне наркотикалық емес анальгетиктер қалай әсер етеді?

A. Жылудың берілуін төмендетеді

B. Жылудың пайда болуын жоғарылатады

C. Жылудың берілуін жоғарылатады

D. Жылудың пайда болуын төмендетеді

E. Жылудың реттелуіне әсер етпейді

 

40. Ацетилсалицил қышқылына қандай әсерлер жатады?

A. Эйфория, ұйқышылдық

B. Вазопрессиннің бөлінуінің жоғарылауы, диурездің азаюы

C. Ауырсынудың барлық түрлерін жояды

D. Қабынуға қарсы, ұйқы шақыратын

E. Ауырсынуды басу, антиагрегантты

 

41. Науқастағы фантомды ауырсынуда қандай препарат тағайындауға болады?

A. Натрия вальпроат

B. Парацетамол

C. Кетамин

D. Имизин

E. Промедол

 

42. Ұйқытатқыш заттардың қандай тобы бас мидың лимбиялық жүйесіне тежеуші әсер етеді?

A. Бензодиазепин рецепторларының агонисттері

B. Гистамин рецепторларының блокаторлары

C. Циклопирролонның өнімдері

D. Барбитур қышқылының өнімдері

E. Имидазопиридин туындылары

 

43. Қандай ұйқытатқыш препарат ГАМКА макромолекулярлы жиынтығымен аллостериялық өз-ара әрекеттескен кезде хлор ионофорларының жиі ашылуына әкеледі?

A. Этаминал-натрийі

B. Натрий оксибутираты

C. Золпидем

D. Феназепам

E. Мелатонин

 

44. Қандай ұйқытатқыш препарат бауырдың микросомальды ферменттерінің индукциялығын тудырады?

A.Диазепам

B. Фенобарбитал

C. Зопиклон

D.Дифенгидрамин

E. Нитразепам

 

45. Қандай препаратта бір уақытта ұйқы шақыратын және эпилепсияға қарсы әсері бар?

A. Фенитоин

B. Этосуксимид

C. Фенобарбитал

D. Ламотриджин

E. Карбамазепин

 

46. Эпилепсияға қарсы заттарды неге жайлап тоқтату керек?

A. «Беру» феномені дамуы мүмкін

B. Дәріге тәуелділік дамуы мүмкін

C. Толеранттылық дамуы мүмкін

D. Бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі дамуы мүмкін

E. Әсерден кейінгі әсер дамуы мүмкін

 

47. Ламотриджиннің әсер ету механизмі қандай?

A. Натри өзекшелерді тежейді

B. Т-типті кальци өзекшелерді тежейді

C. Бензодиазепин рецепторларды тежейді

D. Дофаминді рецепторларды тежейді

E. Орталықтағы холинорецепторларды тежейді

 

48. Төмендегі аталған препараттарға қандай қасиетттер тән: парциальды және тонико –клоникалық тырысуларда таңдамалы препарат, үшкіл нервтің невралгиясында қолданылады?

A. Фенобарбитал

B. Фенотоин (дифенин)

C. Карбамазепин

D. Натрия вальпроат

E. Нитразепам

 

49. Қандай паркинсонизмге қарсы препарат дофаминді рецепторларды қоздырады?

A. Мидантан

B. Циклодол

C. Бромокриптин

D. Тропацин

E. Прометазин

 

50. Паркинсонизмде леводопаның терапевтикалық әсерін немен байланыстырады?

A. Дофаминді рецепторларды белсендіреді

B. Дофаминнің белсенді бөлініп шығуымен және нейрональды кері ұстамының тежелуімен

C. Дофаминге айналу қасиетімен

D. ОЖЖ холинергиялық үдерістерді белсендіреді

E. ОЖЖ холинергиялық үдерістерді тежейді

 

51. Карбидопаның, леводопадан айырмашылығы?

A. Құрамында амантадин бар

B. Құрамында бенсеразид бар

C. ГЭТ-дан өтпейді

D. Бауырда белсенді бұзылады

E. АҚЖ сіңірілмейді

 

52. Төмендегі аталған препаратқа қандай қасиеттер тән: дофаминді рецепторлардың агонисты, паркинсонға қарсы әсері белсенді, өсу гормонымен пролактиннің өнімін тежейді?

A. Толкапон

B. Бромокриптин

C. Тропацин (Циклодол)

D. Амантадин (Мидантан)

E. Леводопа

 

53. Төмендегі аталған препаратқа қандай қасиеттер тән: дофаминнің инактивацияға ұшырауын тежейді, паркисонға қарсы әсері бар, леводопамен біріктіріп қолданады?

A. Селигилин (депренил)

B. Бромокриптин

C. Тропацин (Циклодол)

D. Перголид

E. Леводопа

 

54. Қандай препарат базисты қабынуға қарсы заттарға жатады?

A. Гидрокортизон

B. Метамизол

C. Ауранофин

D. Диклофенак натрийі

E. Флуметазон

 

55. Қандай препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға жедел вирусты инфекцияда қолдануға болмайды?

A. Ацетилсалицил қышқылы

B. Парацетамол

C. Метамизол

D. Ибупрофен

E. Бутадион

 

56. Қандай препарат ЦОГ-2 селективті ингибиторына жатады?

A. Индометацин

B. Ибупрофен

C. Диклофенак натрия

D. Рофекоксиб

E. Ацетилсалицил қышқылы

 

57. Қандай препараттар тобы иммунодепрессивті әсерге ие, иммуноциттердің бөлінуін тежейді, аутоиммунды ауруларды және трансплантантты қабылдамау реакциясын басу үшін қолданады?

A. Цитостатиктер

B. Иммуностимуляторлар

C. Антигистаминды

D. Спазмолитиктер

E. Иммунодепрессанттар

 

58. Қандай препараттар Т-лимфоцитердің цитотоксикалық әсерін төмендетеді, қабынуға қарсы, иммунодепрессивті әсері бар, гиперсезімталдығы жылдам және баяу реакция түрінде қолданылады?

A. Антигистаминдер

B. Цитостатиктер

C. Иммуностимуляторлар

D. Глюкокортикоидтар

E. Иммуномодуляторлар

 

59. Қандай аллергияға қарсы заттың стероидты құрылымы бар?

A. Преднизолон

B. Лоратадин

C. Кетотифен

D. Аминофиллин

E. Эпинефрин

 

60. Қандай препарат қабынуға қарсы, анальгетикалық, ыстықты басатын және антиагрегантты әсерге ие, жанама әсерінің бірі асқазанның гастропатиясы?

A. Преднизолон

B. Гидрокортизон

C. Ацетилсалицил қышқылы

D. Диклофенак-натрий

E. Бутадион

 

61. Қандай препарат гистаминдік Н1- рецепторларының блокатор болып келеді?

A. Дифенгидрамин

B. Кромолин-натрий

C. Кетотифен

D. Аминофиллин

E. Эпинефриннің гидрохлориді

 

62. Квифенадиннің (фенкаролдің) әсер ету механизмі қандай?

A. Гистаминдік рецепторларды қоршайды

B. Местей жасушалар мембраналарды тұрақтандырады

C. Гистамин синтезін ынталандырады

D. Қордан гистаминнің шығуын бұзады

E. Гистаминдік рецепторларды ынталандырады

 

63. Аллергияға қарсы қандай препаратта күшті М-холинқорғаушы белсенділігі бар?

A. Лоратадин (кларитин)

B. Дифенгидрамин (димедрол)

C. Прометазин (дипразин)

D. Дезлоратадин

E. Фексофенадин (телфаст)

 

64. Қандай препарат күшті антигистаминдік әсер етеді, ГЭБ арқылы жақсы өтеді, холинолитикалық және адреномиметикалық әрекеттері бар, операция кезде литикалық коктейлер құрамына кіреді?

A. Прометазин (дипразин)

B. Дифенгидрамин (димедрол)

C. Мебгидролин (диазолин)

D. Клемастин (тавегил)

E. Квифенадин (фенкарола)

65. Микроб текті иммуностимуляторға қандай препарат жатады?

A. Бетаферон

B. Бронхомунал

C. Левамизол

D. Тактивин

E. Реаферон

 

66. Қандай заттар антисептиктерге жатады?

A. Бензодиазепин туындысы

B. Барбитур қышқылының туындысы

C. Индол туындысы

D. Имидазол туындысы

E. Құрамында галогені бар қосылыс

 

67. Металдың ауыр тұздарымен уланғанда қандай заттарды қолданады?

A. Калий перманганаты

B. Сутек асқын тотығы

C. Йодтың спиртті ерітіндісі

D. Хлоргексидин

E. Унитиол

 

68. Қандай препарат тотығу тотықсыздану процессін бұзады,депигментациялық әсері бар, жараны механикалық тазартады?

A. Этил спирті

B. Калий перманганаты

C. Хлорамин Б

D. Хлоргексидин

E. Сутек асқын тотығы

 

69. Қандай антибиотик сүйекте, тістің ұрығында жиналып және балаларда оның дамуын тежейді?

A. Гентамицин

B. Хлорамфеникол

C. Рифампицин

D. Ампицилин

E. Тетрациклин

 

70. Қандай антибиотиктер тобы бактериялардың торша қабырғасындағы пептидогликанды тежеп бактериялардың лизисына әкеледі?

A. Тетрациклиндер

B. Макролидтер

C. Аминогликозидтер

D. Линкозамидтер

E. Пенициллиндер

 

71. Қандай антибактериальды препараттың құрамында циластатины бар, кең спектрлі, парентеральды жолмен еңгізіледі, резервті болып табылады, препараттың құрамына циластатин бар?

A. Амоксициллин

B. Меропенем

C. Тиенам

D. Азтреонам

E. Ванкомицин

 

72. Қандай антибактериальды препарат әсіресе анаэробты және грамм оң аэробты бактерияларға әсер етеді, сүйек тіндерінде жақсы жиналады, бірақ псевдомембранозды колитті шақыруы мүмкін?

A. Ампициллин

B. Цефазолин

C. Гентамицин

D. Эритромицин

E. Клиндамицин

 

73. Аминогликозидтерді – цефалоспориндерді микробқа қарсы әсері бар мақсатында біріктіруге және қолдауға бола ма?

A. Антагонизм

B. Синергизм

C. Қоздырғыштың биохимиялық үдерістеріне әсер етеді

D. Баяу еритін кешеннің пайда болуы (жүзінді)

E. Мөлшерлік күштің төмендеуі

74.Қай препарат қысқа әсері бар сульфаниламидке жатады?

A. Стрептоцид

B. Сульфазин

C. Сульфаметаксазол

D. Сульфадиметоксин

E. Сульфален

 

75. Сульфаниламидтердің негізгі метаболизм жолы қандай?

A. Тотығу

B. Тотықсыздану

C. Ацетилдену

D. Гидроксилирлену

E. Конъюгация

 

76. Неліктен сульфаниламидтердің іріңді ортада қабынуда микробқа қарсы әсері әлсірейді?

A. Сарысуда препараттың концентрациясының азайуынан

B. Сарысу ақуызымен олардың байланысы

C. Препараттардың тез бұзылуы

D. Препараттың жаман сіңірілуі

E. Жоғары концентрация ПАБК қабыну ортасында

 

77. Қандай қиыстырылған препараттың құрамында сульфанил қышқылының туындысы және күмістің атомы бар,оны жергілікті жұмсақ дәрілік түр ретінде қолданады?

A. Сульфаргин

B. Сульфацил-натрия

C. Ко-тримоксозол

D. Этазол

E. Уросульфан

78. Қандай препарат кең спетрлі антибактериалды әсерге ие, жас балаларда және ересек адамдарда болатын көздің гонорейлі зақымдалуында, конъюнктивит, блефаритте, жағар май немесе көз тамшысы ретінде емдеу үшін және аурудың алдын алу үшін қолданады?

A. Ко-тримоксазол

B. Сулфален

C. Норсульфазол

D. Сульфацил натрийі

E. Сульфазин

 

79. Хиноксалин туындысына жататын синтетикалық микробқа қарсы препарат қандай?

A. Фурациллин

B. Фурадонин

C. Гатифлоксацин

D. Этазол

E. Диоксидин

80. Фторхинолондардың микробқа қарсы әсер ету механизмі қандай?

A. Фосфолипаза С тежейді

B. ДНК-гиразаны тежейді

C. Бактериялардың қабырғасының синтезі тежеледі

D. Бактерия қабырғасының өткізгіштігі жоғарылайды

E. Парааминобензой қышқылымен бәсекеге түседі

81. Нитрофурандардың резорбтивті әсерлерінің қолданылу көрсеткіштері?

A. Жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы

B. Несеп шығару жолдарының, ішектің инфекциясы

C. Таралған инфекциялар

D. Буындардың инфекциямен зақымдалуы

E. Нейроинфекция

82. Қандай 8-оксихинолин туындысы, зәрді шафранды-қызыл түске бояйды, несеп шығару жүйесінің инфекциясында емдеуге қолданады?

A. Ломефлоксацин

B. Гемифлоксацин

C. Фурациллин

D. Интестопан

E. Нитроксолин

 

83. Қандай препарат, туберкулезға қарсы әсері жоғары болып, несепті және көздің сұйықтығын қызыл түске бояйды?

A. Рифампицин

B. ПАСК

C. Стрептомицин

D. Этамбутол

E. Пиразинамид

 

84. Изониазид және басқа ГИНҚ туындылардың әсер ету механизмі қандай?

A. ПАБҚ синтезін ингибирлейді

B. РНҚ синтезін ингибирлейді

C. ДНҚ синтезін ингибирлейді

D. Микол қышқылының синтезін ингибирлейді

E. Цитоплазматикалық мембрананың қызметін ингибирлейді

 

85. Қандай туберкулезға қарсы препаратты фуросемидпен біріктіруге болмайды?

A. Этамбутол

B. Изониазид

C. Канамицин

D. Рифампицин

E. ПАСК

 

86. Пенициллиндерді төзалмау кезде мерезді емдеу үшін қандай антибиотик қолданылады?

A.Бензилпенициллин

B. Канамицин

C. Клиндамицин

D.Доксициклин

E. Метронидазол

 

87. Висмут препараттарының жанама әсері қандай?

A. Слюнотечение

B. Язвенный колит

C. Стоматит

D. Дисбактериоз

E. Кристалурия

 

88. Бициллин-1 спирохетозға қарсы әсер ету механизмі қандай?

A. Жасушалық қабырға синтезін бұзу

B. Спирохетаның ақуыздар-ферменттер SН-топтарды байлау

C. Цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу

D. Парааминобензойлық қышқылымен конкуренттік антагонизм

E. Нуклеин қышқылдарының синтезін бұзу

89. Науқаста мерез бар қандай препаратты қолданғанда асқыну шақырды, содан соң ол стоматологқа қаралды, ауыз қуысының шырыш қабатының бұзылуына және қызыл иек жиегінің қараюына шағымданды?

A. Бензилпенициллин

B. Цефалоридин

C. Эритромицин

D. Бийохинол

E. Азитромицин

 

90. Қандай саңырауқұлаққа қарсы препараттар фунгицидті және фунгистатикалық әсерге ие?

A. Нистатин

B. Амфотерицин В

C. Кетоконазол

D. Тербинафин

E. Нафтифин

 

91. Гризеофульвиннің фунгиостатикалық әсері немен байланысты?

A. Жасуша қабырғасының синтезінің бұзылуы

B. Ақуыз синтезіңің бұзылуы

C. Нуклеин ақуызының синтезінің бұзылуы

D. Жасуша мембранасының өткізгіштігінің бұзылуы

E. Миколи қышқылының синтезінің бұзылуы

 

92. Қандай саңырауқұлаққа қарсы дәрілік зат антиандрогенді әсерге ие?

A. Нистатин

B. Леворин

C. Терибинафин

D. Нафтифин

E. Кетоконазол

 

93. Қандай препарат вирустардың кері транскриптазасын тежейді?

A. Оксолин

B. Зидовудин

C. Метисазон

D. Ремантадин

E. Нельфинавир

 

94. Зидовудинге қандай кері әсерлер жатады?

A. Сүйек кемігін тежейді

B. Шеткері тамырлардың тарылуы

C. Дене салмағының жоғарылауы

D. Диспепсиялық көріністер

E. Аллергиялық реакциялар

 

95. Қандай препарат протеазаның белсенді орталығын тежейді және вирусты капсидтың пайда болуын тежейді, диспепсияны, гемолитикалық анемияны, семіздікті, гипергликемияны шақырады, ЖИТС-ті алдын алу үшін және емдеу үшін қолданылады?

A. Ставудин

B. Гамма-глобулин

C. Саквинавир

D. Рибавирин

E. Оксолин

 

96. Қандай жағдайда протозойға қарсы дәрілерді қолданады?

A. Туберкулез

B. Кандидамикоз

C. Малярия

D. Сифилис

E. Пневмония

 

97. Метронидазолдың әсер ету механизмі немен негізделеді?

A. Цитоплазматикалық жасуша өткізгіштігінің бұзылуы

B. Қоздырғыштың тыныс ұлпаларының бұзылуы

C. Тиол ферментінің тежелуі

D. Ақуыз синтезінің бұзылуы

E. ПАБК-бәсекелес антогонизмімен

 

98. Қандай препараттың гематошизотропты, амебецидті, аритмияға қарсы және иммунодепрессивті әсері бар, малярияның барлық түрінде, ішек амебиазында, ревматоидты артритте қолданады?

A. Метронидазол

B. Нистатин

C. Левамизол

D. Хингамин

E. Фуразолидон

 

99. Кандай препарат нитрофуран туындысы болып табылады, диспепсия шақырады, аллергиялық реакция, лямблиоз, трихоманиозда қолданылады?

A. Метронидазол

B. Тинидазол

C. Фуразолидон

D. Хингамин

E. Хинин

 

100. Қандай препарат құрттардың бұлшық етінің салдануына әкеледі?

A. Левамизол

B. Фенасал

C. Пиперазин адипинаты

D. Нафтамон

E. Хиниофон

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.107 сек.)