Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық бөлімі жұлынның қай сегменттерінің бүйір мүйіздерінде орналасады:



9 вариант

 

1. Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық бөлімі жұлынның қай сегменттерінің бүйір мүйіздерінде орналасады:

+ S2 – S4

C1 – C8

C8 – L2

C3 – C8

Th10 – L5

 

2. Аналық бездің ұштарын атаңыз:

+ Жатырлық, түтіктік

Бос, түтіктік

Жоғарғы, төменгі

Медиальды, латералды

Шажырқайлық,бос

 

 

3.Үлкен қан айналым шеңбері қай жерде аяқталады?

+Сол жақ қарыншада

Оң жақ қарыншада

Оң жақ жүрекшеде

Сол жақ жүрекшеде

Тәждік қойнауда

 

4. Тоқ ішектің(жуан ішек) таспалары қандай қабықтан түзілген?

+Сірлі

Шырышты

Шырышасты

Бұлшық еттік қабықтың циркулярлы қабатынан

Бұлшық еттік қабықтың ұзына бойлы қабатынан

 

 

5.Төстіктің бөлімдерін атаңыз:

+Тұтқасы, денесі, семсер тәрізді өсіндісі

Денесі,мойыны, тұтқасы

Денесі, бүйір массалары, тармақтары

Тұтқасы, денесі, тісті өсіндісі

Тұтқасы, денесі, құстұмсық тәрізді өсіндісі

 

6. Аналық без сыртынан немен жабылғанын атаңыз:

+Ұрықтық эпителиймен

Бұлшықетті қабықпен

Дәнекер ұлпамен

Сірлі қабықпен

Шырышты қабықпен

 

 

7.Тыныс алу және ас қорыту жолдары қандай мүшеде қиылысады?

+Жұтқыншақтың ауыздық бөлімінде

Жұтқыншақтың мұрындықбөлімінде

Жұтқыншақтың көмейлік бөлімінде

Көмейде

Кеңірдекте

 

8.Жұлынның төменгі шекарасы қандай омыртқалардың деңгейінде орналасады?

+ І - ІІ - бел

ІІІ - І Ү - бел

ІҮ- Ү - бел

І -ІІ сегізкөз

ІІІ - ІҮ сегізкөз

 

9.Жүректің оң жақ жүрекшесіне қандай қан тамырлары құяды?

+Жоғарғы, төменгі қуыс веналар

Оң және сол жақ иық- басы веналары

Қолқа, өкпе сабауы

Оң және сол жақ өкпе веналары

Оң және сол жақ өкпе артериялары

 

10.Асқазан қандай бөлімдерден тұрады?

+Күмбезі, денесі, кардиальді, пилорикалық

Алдыңғы, ортаңғы, артқы,латеральді

Алдыңғы, ортаңғы, артқы,медиальді

Басы, денесі, кардиальді, пилорикалық

Күмбезі, денесі, мойыны,сабауы

 

11.Бауыр қандай беттерден тұрады?



+Көкеттік, висцеральды

Асқазандық, көкеттік

Алдыңғы, артқы

Жоғарғы, төменгі

Медиальді, латеральды

 

12.Шынтақ буыны құрылысы бойынша қандай буындардың қатарына жатады?

+Күрделі

Амфиартроз

Кешенді

Қарапайым

Үйлесімді

 

13.Сүйектердің дәнекер тін арқылы байланысуын байланыстың қандай түріне жатқызады?

+Синдесмоз

Гемиартроз

Диартроз

Синхондроз

Синостоз

 

14.Қақпа венасын түзуге қатысатын венаны атаңыз:

+Жоғарғы шажырқай

Бүйрек

Бауыр

Жоғарғы көкет

Төменгі көкет

 

15.Жүректің тәждік қойнауы қайда ашылады?

+Оң жақ жүрекшеге

Қолқа буылтығына

Оң жақ қарыншаға

Сол жақ жүрекшеге

Сол жақ қарыншаға

 

16. Бет артериясының соңғы тармағы қалай аталады:

+Бұрыштық

Беттің көлденең

Бетсүйек-көзшаралық

Жоғарғы еріндік

Төменгі еріндік

 

 

17.Мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінің тесіктері арқылы қандай артерия өтеді:

+ Омыртқа

Жалпы ұйқы

Мойынның көлденең

Сыртқы ұйқы

Ішкі ұйқы

 

18.Сыртқы ұйқы артериясының алдыңғы тобына жататын артерияны атаңыз:

+Тіл

Беткей самай

Жоғарлаған жұтқыншақ

Жоғарғы жақ

Шүйде

 

19.Төменгі жақтың өсінділерін атаңыз:

+Тәждік, айдаршықтық

Алдыңғы,артқы

Акромиальды, құстұмсықтық

Жоғарғы,төменгі

Емізіктік,біз тәрізді

 

20.Бас сүйектің төменгі жақтық өзегі арқылы қандай нерв өтеді?

+Төменгі альвеолярлы

Бет

Жоғарғы альвеолярлы

Қосымша

Тіласты

 

21.Он екі елі ішек қандай бөлімдерден тұрады?

+Жоғарғы, төмендеген, горизонтальды,жоғарлаған

Алдыңғы, ортаңғы, артқы,латеральды

Алдыңғы, ортаңғы, артқы,медиальды

Жоғарғы, ортаңғы, төменгі,медиальды

Жоғарлаған, горизонтальды, төмендеген,латеральды

 

22.Жауырынның өсінділерін атаңыз:

+Құстұмсықты, акромиальды

Алдыңғы,артқы

Жоғарғы,төменгі

Қабырғалық,төстік

Тәждік, шынтақтық

 

23.Ұйқы безі қандай бөлімдерден тұрады?

+Басы, денесі, құйрығы

Арқасы, ұшы, құйрығы

Басы, арқасы, түбі

Күмбезі, арқасы,түбі

Ұшы, мойыны, арқасы

 

24.Санның медиальды тобының бұлшықеттерін нервтендіретін нервті атаңыз:

+Жапқыш

Мықын- шап

Сан

Сан-жыныс

Шонданай

 

25. Көру анализаторының қыртысасты орталығы қай жерде орналасады:

+Ортаңғы ми қақпағының жоғарғы төбешіктерінде

Емізік тәрізді дене, ми аяқшаларында

Қара затта, ми аяқшаларында

Медиальді, бүйірлі иінді денелерде

Трапеция тәрізді,медиальді иінді денелерде

 

26. Самай сүйектің бөлімдерін атаңыз:

+Дабылдық, қабыршақтық және тастақты

Дабылдық, қабыршақтық және самайлық

Дабылдық, төбелік және тастақты

Дабылдық, тастақты және негізгі

Қабыршақтық, көз ұялық, дабылдық

 

27. Буын бетінің пішіні бойынша бір білікті буындарға жататын буындарды атаңыз:

+Шығыршық және ершік тәрізді

Жалпақ және айдаршық тәрізді

Шар тәрізді және шығыршық тәрізді

Цилиндр және шығыршық тәрізді

Эллипс және цилиндр тәрізді

 

28. Буындарда сагитальдіі білік бойында жүзеге асатын қозғалыстарды атаңыз:

+Әкелу, әкету

Әкету, жазу

Бүгу, әкету

Бүгу, жазу

Ішке және сыртқа бұру

 

 

29.Кіші шарбыны түзетін байламдарды атаңыз

+Бауыр-12-елі ішектік, бауыр-асқазандық

Бауыр-бүйректік, бауыр- 12-елі ішектік

Бауыр-көкеттік,асқазан –көкеттік

Көкбауыр-көкеттік, бауыр- 12-елі ішектік

Көкбауыр-бүйректік, көкет- жиектік

 

30. Сұр төмпенің қызметін атаңыз:

+Жылуды реттеу орталығы

Дәм сезудің қыртыс асты орталығы

Естудың қыртысасты орталығы

Иіс сезудің қыртысасты орталығы

Көрудің қыртысасты орталығы

 

31. Төменде көрсетілген суреттегі бел-сегізкөз өрімінің белгіленген № 6 тармағын атаңыз.

 

+Жапқыш

Мықын-құрсақасты

Мықын-шап

Сан-жыныс

Сан

 

32. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас астауы және жамбас буынының белгіленген № 4 байламын атаңыз.

+Сегізкөз- қылқандық

Алдыңығы ұзына бойлы

Мықын- белдік

Сегізкөз-мықындық

Сегізкөз- төмпелік

 

 

33. Төменде көрсетілген суреттегі жүректің белгіленген № 7 артериясын атаңыз.

 

 

+Оң жақ тәждік

Алдыңғы қарыншааралық тармақ

Артқы қарыншааралық тармақ

Айналма тармақ

Сол жақ тәждік

 

34. Төменде көрсетілген суреттегі әйел жамбас астауының сагитальды кесіндісінен белгіленген № 7 мүшені атаңыз.

 

 

 

+Жатыр

Қынап

Несеп қуық

Тоқ ішек

Тік ішек

 

 

35. Төменде көрсетілген суреттегі құрсақ қуысының белгіленген №6 артериясын атаңыз.

 

+ Ішкі мықын

Бүйрек

Жоғарғы шажырқай

Құрсақ сабауы

Төменгі шажырқай

 

 

36. Төменде көрсетілген суреттегі есту мүшесінің белгіленген №8 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Сыртқы есту жолы

Балғашық

Есту түтігі

Жартылай дөңгелекті өзек

Ұлу

 

37. Төменде көрсетілген суреттегі қолдың белгіленген № 1 венасын атаңыз.

 

+V. cephalica

V. basilica

V. intermedia cubiti

V. radialis

V. ulnaris

 

 

38. Төменде көрсетілген суреттегі көздің қосымша ағзаларының белгіленген № 5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+Мұрын –көз жас түтігі

Көз жасы безі

Көз жасы қапшығы

Төменгі мұрын кеуелжірі

Шығарушы түтіктер

 

 

39. Төменде көрсетілген суреттегі әйел жыныс мүшелерінің белгіленген №3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Жатыр түтігінің қылтасы

Жатыр түтігінің ампуласы

Жатыр тесігі

Жатыр мойнының өзегі

Қынап күмбезі

 

40. Төменде көрсетілген суреттегі сирақ және аяқ басының белгіленген № 2 бұлшықетін атаңыз.

 

+Алдыңғы асықты жілік

Ұзын башпайды жазғыш

Ұзын бақайларды жазғыш

Қысқа бақайларды жазғыш

Қысқа башпайды жазғыш

 

 

41. Төменде көрсетілген суреттегі мойын өрімінің белгіленген № 3 тармағын атаңыз.

 

+ Мойынның көлденең нервісі

Кіші шүйде нерві

Мойын өрімінің төменгі түбіршігі

Тіласты нерісінің жоғарғы түбіршігі

Үлкен құлақ нерві

 

42. Төменде көрсетілген суреттегі ауыз қуысының белгіленген № 4 анатомиялық құрылымын атаңыз.

+Тілшік

Жоғарғы жүгеншік

Таңдай- тілдік доға

Таңдай –жұтқыншақтық

Қатты таңдай

 

 

43. Төменде көрсетілген суреттегі көз алмасының горизонтальды кесіндісінің белгіленген № 2 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+Көзбұршақ

Кірпікті дене

Мөлдір қабық

Нұрлы қабық

Шыны тәрізді дене

 

44. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас белдеуі және санның белгіленген № 6 бұлшықетін атаңыз.

 

 

+Тігінші

Алмұрт тәрізді

Нәзік

Төртбасты

Ішкі жапқыш

 

 

45. Төменде көрсетілген суреттегі төменгі жақтың белгіленген №7 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+Тәждік өсінді

Иек тесігі

Төменгі жақ тесігі

Тілігі

Тармағы

 

 

46. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас белдеуінің белгіленген № 2 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+Алмұртүсті тесігі

Алмұрт бұлшықеті

Алмұртасы тесігі

Сегізкөз-қылқандық байлам

Сегізкөз- төмпелік байлам

 

47. Төменде көрсетілген суреттегі еркек несеп-жыныс жүйесінің белгіленген

№ 5 мүшесін атаңыз.

 

 

+Несеп шығаратын өзек

Несепағар

Тұқым шығаратын өзек

Тұқым көпіршіктері

Қуықасты безі

 

 

48. Төменде көрсетілген суреттегі аяқ ұшының белгіленген № 8 артериясын атаңыз.

 

 

+Латеральды тілерсек

Доғатәрізді

Дорсальды табан

Дорсальды бақай

Медиальды тілерсек

 

 

49. Төменде көрсетілген суреттегі кеуде қуысының белгіленген № 2 анатомиялық құрылымын а атаңыз.

 

 

+ Сол жақ иық - бас венасы

Жоғарғы қуыс вена

Жүрекқап

Көкет нерві

Қолқа доғасы

 

50. Төменде көрсетілген суреттегі аяқ сүйектерінің белгіленген № 6 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

 

+Артқы жоғарғы мықын қылқаны

Артқы төменгі мықын қылқаны

Бұдырлы сызық

Үлкен ұршық

Шонданай төмпегі

 

51. Төменде көрсетілген суреттегі кезбе нервтің белгіленген № 1 тармағын атаңыз.

 

+Жоғарғы көмей

Бронхтық

Жұтқыншақтық

Қайтарма көмей

Төменгі көмей

 

52. Төменде көрсетілген суреттегі жүректің белгіленген № 2 венасын атаңыз.

 

 

+Төменгі қуыс

Жоғарғы қуыс

Жүректің үлкен

Жүректің кіші

Тәждік қойнау

 

53. Төменде көрсетілген суреттегі жұтқыншақтың белгіленген № 1 бұлшықетін атаңыз.

 

 

 

 

+Ортаңғы қысқыш

Бізжұтқыншақ

Бізтіласты

Жоғарғы қысқыш

Төменгі қысқыш

 

54. Төменде көрсетілген суреттегі төстіктің белгіленген № 4 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+Денесі

Бұрышы

Мойындырық тілігі

Семсер тәрізді өсінді

Тұтқасы

 

 

55. Төменде көрсетілген суреттегі бас сүйектің белгіленген № 8 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+Сына тәрізді сүйек

Жоғарғы жақ сүйек

Маңдай сүйегі

Төменгі жақ сүйек

Тәждік тігіс

 

56. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас белдеуі мен санның белгіленген №1 бұлшықетін атаңыз.

 

 

+ Ортаңғы бөксе

Балтыр

Екі басты

Жартылай жарғақты

Үлкен бөксе

 

 

57. Төменде көрсетілген суреттегі үшкіл нервтің белгіленген № 6 тармағын атаңыз.

 

 

 

+Көздік

Әкететін

Көзжасылық

Мұрын- кірпіктік

Шығыршықты

 

 

58. Төменде көрсетілген суреттегі іштің белгіленген №2 бұлшықетін атаңыз.

+Сыртқы қиғаш

Көлденең

Пирамидалық

Ішкі қиғаш

Шаршы

 

 

59. Төменде көрсетілген суреттегі бас пен мойын аймағының белгіленген №4 венасын атаңыз

 

+Ішкі мойындырық

Алдыңғы мойындырық

Беткей самайлық

Жоғарғы қалқанша

Сыртқы мойындырық

 

 

60. Төменде көрсетілген суреттегі есту мүшесінің белгіленген № 3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+Балғашық

Есту түтігі

Жартылай дөңгелекті өзек

Сыртқы есту жолы

Ұлу

 

61. Төменде көрсетілген суреттегі жүректің белгіленген № 4 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+Төменгі қуыс вена

Қолқа

Оң жақ құлақша

Өкпе сабауы

Сол жақ жалпы ұйқы артерия

 

 

62. Төменде көрсетілген суреттегі бет нервісінің белгіленген №6 тармағын атаңыз:

 

+Артқы құлақшалық

Беттік

Самайлық

Төменгі жақтың жиектік

Ұрттық

 

 

63. Төменде көрсетілген суреттегі көз алмасының горизонтальды кесіндісінің белгіленген № 6 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+Шыны тәрізді дене

Кірпікті дене

Көзбұршақ

Мөлдір қабық

Нұрлы қабық

 

64. Төменде көрсетілген суреттегі аяқ басының белгіленген № 1 сүйегін атаңыз.

 

 

 

+Латеральды сына тәрізді

Қайықша

Медильді сына тәрізді

Текше

Топай

 

65. Төменде көрсетілген суреттегі мойынның белгіленген № 4 бұлшықетін атаңыз.

 

+Төс- қалқанша

Жақ -тіластылық

Жауырын- тіласты

Қалқанша-тіласты

Қосқарыншалық

 

 

66. Төменде көрсетілген суреттегі құрсақ қуысының белгіленген № 4 венасын атаңыз.

 

 

 

+Төменгі шажырқай

Асқазан

Жоғарғы шажырқай

Көкбауыр

Қақпа

 

67. Төменде көрсетілген суреттегі бас сүйектің белгіленген № 5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+Жоғарғы желкелік сызық

Емізік тәрізді өсінді

Сыртқы шүйде шодыры

Төбе төмпегі

Шүйде сүйектің қабыршағы

 

 

68 Төменде көрсетілген суреттегі бұғананың №3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+Төстік ұшы

Акромиальды ұшы

Денесі

Конус тәрізді төмпешік

Трапеция тәрізді сызығы

 

 

69. Төменде көрсетілген суреттегі өт қуық және оның өт шығарғыш түтіктерінің белгіленген № 4 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

 

+Өт қуық түтігі

Жалпы бауыр түтігі

Өт қуықтың түбі

Өт шығарғыш түтік

Ұйқы безінің түтігі

 

 

70. Төменде көрсетілген суреттегі мидың негізінің белгіленген № 7 артерияысын атаңыз.

 

 

+Артқы милық

Алдыңғы милық

Негізгі (базилярлы)

Ортаңғы милық

Ішкі ұйқы артериясы

 

 

71. Жарақат кезінде жарақаттанған адамның санының екі басты бұлшық етінің қызметі бұзылды. Осы жағдайда тізе буынының қандай қызметі бұзылады?

+Бүгу

Әкету

Әкелу

Бұру

Жазу

 

72. Науқастың қанат-таңдай шұңқыры аймағында іріңді қабыну үрдісі орын алды.Емдеу шарасы қолданбаған жағдайда бұл іріңді үрдіс қандай анатомиялық құрылым арқылы бас сүйектің сыртқы негізіне (жыртық тесік аймағына)таралуы мүмкін?

+Қанатша тәрізді өзек

Дөңгелек тесік

Сына-таңдай тесігі

Төменгі көзұясы саңылауы

Үлкен таңдай өзегі

 

73. Жарақат нәтижесінде науқаста, бас сүйек негізінің сүйектері ажырап кетті. Бас сүйек негізінің сүйектеріне байланыстың қандай түрі тән?

+ Синостоз

Диартроз

Синдесмоз

Синхондроз

Синэластоз

74. Емханаға өңештің жоғарғы бөлімі ісігінің күдігімен 65 жастағы науқас түсті.Рентгенологиялық тексеріс кезінде жұтқыншақпен өңештің шекарасында ісік үрдісі байқалды. Қандай мойын омыртқаларының деңгейінде орналасады?

+ 6.

2.

3.

4.

 

75. Кеңірдектің кеуде бөліміне операция жасау үшін қай көкірекаралығына өту қажет?

+Алдыңғы

Артқы

Ортаңғы

Төменгі алдыңғы

Төменгі ортаңғы

 

76.Мойынның теріасты бұлшықетінің зақымдалуынан, мойынның теріасты веналарының қысылуы және беттің мимикасының сәл өзгеруі болды.Қандай нервтің қабынуы осындай асқынуға әкеліп соқтырады?

+Бет

Әкететін

Көз- қозғалтқыш

Кезбе

Тіл- жұтқыншақ

 

77.Жарақат салдарынан жарақаттанушының мойын аймағында ұйқы артериясының тармақтарынан артериялық қан кету болды.Уақытша қан кетуді тоқтату үшін жедел көмек көрсеткен кезде қай омыртқаның көлденең өсіндісіне ұйқы артериясын басып қысу керек?

+VI

III

IV

V

VII

 

78. Гимнасттың сақинада жаттығу жасау кезінде, иықты ішке бұруда иық буынына үлкен ауыртпалық түседі.Төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысы иықты ішке бұру қызметін атқарады?

+Үлкен жұмыр

Дельта тәрізді

Бұғанасты

Қылқанүсті

Қылқанасты

79. Арқаның жаралануы кезінде, жарықшақпен арқаның кейбір бұлшықеттері зақымдалды, осының салдарынан кеуде торының көлемін ұлғайтатын(қабырғаны көтерумен) қозғалысы шектелді. Төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысы жараланған кезде зақымдалды?

+Жоғарғы артқы тісшеленген

Дельта тәрізді

Кіші ромб тәрізді

Төменгі артқы тісшеленген

Үлкен ромб тәрізді

 

80.Миына қан құйылғаннан кейін, науқаста арқаның кейбір бұлшықеттерінің салдануы(параличі) байқалды.Омыртқа жотасының бел бөлімін жазу қызметі бұзылды. Қан құйылғаннан кейін, төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысының қызметі бұзылды?

+Омыртқа жотасын тіктейтін

Дельта тәрізді

Жоғарғы артқы тісшеленген

Төменгі артқы тісшеленген

Үлкен ромб тәрізді

 

81.Құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы жауырын аймағында жарақат алды.Осының салдарынан жауырынның сыртқы бетінде орналасқан бұлшықеттер зақымдалды.Иық буынының қандай қызметі бұзылады?

+Жазу

Әкелу

Бүгу

Сыртқа бұру

Ішке бұру

 

82.Көше жарақаты кезінде, кіші жіліншіктің жарықшақтық ашық сынығы болды. Осындай жарақаттың салдарынан қандай бұлшықеттер зақымдалады?

+Ұзын және қысқа кіші жіліншік

Алдыңғы және артқы асықты жілік

Балтыр және табан

Камбала тәрізді және асықты жілік

Үшбасты және табан

 

83.Аяқтың медиальді толарсағының сынуы кезінде, жарақаттанушының сирақ бұлшықетінің сіңіріне зақым келді. Төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысының сіңірі зақымдалды?

+Артқы асықты жілік

Балтыр

Камбала тәрізді

Үшбасты

Ұзын кіші жіліншік

 

84. Теннис кортында жаттығушы аяқ басын қайырып алды, осы жарақаттың салдарынан кіші жіліншіктің латеральді толарсағы сынды, жарақаттанушының сирақ бұлшықетінің сіңіріне зақым келді. Төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысының сіңірі зақымдалды?

+ Камбала тәрізді

Артқы асықты жілік

Балтыр

Үшбасты

Ұзын кіші жіліншік

 

85.Туберкулез процессінің салдарынан науқастың ортан жілік басының байламы бұзылды. Қолмағол хирургиялық ем қолданбаған жағдайда науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?

+ Шонданай шодырының өлеттенуі

Бұдырылы сызықтың бұзылуы

Кіші ұршықтың өлеттенуі

Ортан жіліктің басының өлеттенуі

Үлкен ұршықтың өлеттенуі

 

86.Аурухананың қабылдау бөліміне оқпен жараланған көп мөлшерде қан кетуімен жаралы түсті.Тексеріс кезінде оқ өзегінің құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасы, асқазанның күмбезі арқылы өтіп, сол жақ ортаңғы қолтық сызығымен IX қабырға деңгейінде өткені анықталды.Асқазанның жаралуымен бірге қандай мүше зақымдалды?

+Көкбауыр

Бауыр

Соқыр ішек

Сигма тәрізді ішек

12- елі ішек

 

87. Аурухананың қабылдау бөліміне қанды құсықпен сол жақ қабырғаасты аймағында жараланған адам түсті.Бұл жаралану кезінде қандай мүше зақымдалды?

+Асқазан

Бауыр

Соқыр ішек

Сигма тәрізді ішек

12- елі ішек

 

88.Кеуденің оң жақ бөлімінің жаралануымен госпитальға жараланған адам түсті. Жаралану өзегі бұғанаорта сызығы бойымен V қабырғааралық арқылы өтті. Кеуденің оң жақ бөлімі және оң жақ өкпенің жаралануымен бірге қандай мүше зақымдалды?

+ Бауыр

Асқазан күмбезі

Бүйрек

Көкбауыр

Соқыр ішек

 

89.Жарақатанушыны тексеру кезінде сол жақ бүйректің ортаңғы үштен бір бөлігінің жаралануы анықталды. Сол жақ бүйректің синтопиясын ескере отырып, қандай мүшенің тұтастығын міндетті түрде тексеру керек?

+ Ұйқы безі

Бауыр

Сигма тәрізді ішек

Соқыр ішек

12- елі ішек

 

90. Жарақатанушыны тексеру кезінде оң жақ бүйректің жоғарғы үштен бір бөлігінің жаралануы анықталды. Оң жақ бүйректің синтопиясын ескере отырып, қандай мүшенің тұтастығын міндетті түрде тексеру керек?

+ Бауыр

Асқазан

Көкбауыр

Соқыр ішек

Сигма тәрізді ішек

 

91. Жарақатанушыны тексеру кезінде сол жақ бүйректің жоғарғы үштен бір бөлігінің жаралануы анықталды. Сол жақ бүйректің синтопиясын ескере отырып, қандай мүшенің тұтастығын міндетті түрде тексеру керек?

+Асқазан

Бауыр

Соқыр ішек

Сигма тәрізді ішек

12- елі ішек

 

92.40 жастағы науқас сол жақ көз шарасынан пышақпен жарақат алды.Көз алмасына зақым келмеді, бірақ толығымен көру қабілетінен айырылды. Қандай нервке зақым келуі мүмкін?

+Көру

Әкететін

Көз-қозғалтқыш

Көздік

Шығыршықты

 

93.Науқас сол жақ көзінен көп мөлшерде көз жасының бөлінуіне шағымданды.Науқастың мұрын қуысының төменгі мұрын кеуелжірі аймағында шырышты қабықтың гипертрофиясы байқалды.Осы шырышты қабықтың гипертрофиясы нәтижесінде, қандай өзектің шығарушы тесігі тарылып қысылды?

+Мұрын – көзжасы

Күректістік

Көру

Сына - таңдай

Үлкен таңдай

 

94. 36 жастағы науқаста қалқанша безін кесіп алу операциясын жасау кезінде тыныс алуы бұзылып, дауысы қарлыға бастады. Осы операцияны жасау кезінде қандай нервке зақым келген?

+Жоғарғы көмекей

Қосымша

Қайырылма көмекей

Тіласты

Тіл- жұтқыншақ

 

95. Науқаста өңештің мойын бөлігінің қатерлі ісігі, дисфагия симптомы анықталады, бірнеше күн бойы дауысының қарлығуы күшейе бастады.

Қандай нервтің тармағы патологиялық процесске ұшырап, аталған симтомдарды тудырады?

+ Кезбе

Қосымша

Тіл- жұтқыншақ

Тіласты

Үшкіл

 

96.Ауруханаға ауыр бас сүйек-милық жарақатымен төменгі жақ аймағында жұмсақ ұлпасы жаншылған, қатты қанталаған жарасы бар науқас түсті.Қан кетуін азайту үшін қандай тамырды байлау керек?

+ Сыртқы ұйқы

Бұғанаасты

Омыртқа

Тіл

Ішкі ұйқы

 

97.Мойын аймағының терең флегмонасындағы тампонды алғанда тоқтаусыз алқызыл түсті қан кеткен. Қанды тоқтату үшін қандай артерияны байлау қажет?

+Жалпы ұйқы

Бұғанаасты

Жоғарғы жақ

Омыртқа

Қалқанша- мойын

 

98.Науқастың бұғанаасты венасына сәтсіз пункция жасағаннан кейін, осы пункция тұсында иық, білек, қол басы аймағына иррадиация беретін ауырсынулар пайда болды?Қандай анатомиялық құрылымның зақымдалуы орын алды?

+Иық өрімінің

Кезбе нервтің

Қосымша нервтің

Мойын өрімінің

Симпатикалық сабаудың

 

99.Науқас өкпе қабынуы бойынша бірнеше күн емделіп жатыр, соңғы уақытта жағдайы нашарлай бастады, бақылау рентгенде өкпе қуысында сүйық деңгейі анықталды. Сұйықтың көп мөлшері өкпеқаптың қандай ең терең қойнауына жиналуы мүмкін?

+Қабырға-көкеттік

Көкет-көкірекаралықтық

Көкірекаралық -қабырғалық

Көкірекаралық- көкеттік

Қабырға- көкірекаралықтық

 

100. Науқаста сол өкпенің қатерлі ісігі анықталған. Ісік түбір аймағында орналасады, жағдайы нашарлағанда дауыс қарылығуы пайда болды. Қандай нерв бұл үрдісте зақымдалды?

+Қайырылма көмекей

Көкірекаралықтық

Көкеттік

Кіші ішкімүшелік

Үлкен ішкімүшелік

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 130 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Ферменттің рН оптимумына жататын құбылыс | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.156 сек.)