Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ҚазаҚстан республикасы білім жӘне Ғылым министрлігі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

 

«Бекітемін»

Химия-биология

факультеті деканы

________Таубаева Р.С.

²____²___ 2015ж.

 

ОҚУ-ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Пән: Топырақ биологиясы

Мамандығы: Биология

Кафедра: Биология және БОӘ

Оқу жылы 2015-2016, семестр 7

Кредит саны: 2

Лекция: 15

Зертханалық сабақ: 15

ОСӨЖ: 30 сағат

СӨЖ: 30 сағат

Оқытушының аты-жөні: Шолпанқұлова Гаухар

E-mail: gauxar- mail.ru

Кесте: аптасына 2 рет

Консультация уақыты: кесте бойынша

 

ТАРАЗ 2015 ж

Оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің «Топырақ биологиясы» курсына арналған типтік бағдарламасы негізінде жасалынды.

 

 

Оқу жұмыс бағдарламасы «Биология және БОӘ» кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама №__ «__»____2015 ж.

 

Кафедра меңгерушісі __________

 

 

Оқу жұмыс бағдарламасы жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқу жұмыс бағдарламалары жөніндегі комитет кеңесінде бекітілді.

Хаттама №__ «__»___ 2015ж.

 

 

Комитет төрайымы__________________

 

 

Пәннің мақсаты мен міндеті

1.Пәнді оқытудың мақсаты: Топырақ биологиясы пәнін білу – болашақ биология мамандарының дүние танымын қалыптастыру үшін маңызды. Топырақ биологиясы кешенді ғылыми пән, оның негізін топырақтағы тірі организмдер тіршілігін, олардың өзара жоғары өсімдіктермен қатынасын зерттеу, тірі организмдердің топырақ құнаарлығының деңгейін арттырудағы және төмендетудегі ролін танып білу құрайды.

Топырақ биологиясы топырақ биотасы, биогенді элементтер және микроорганизмдер мен миркобиологиялық өзгерістер, топырақ құнарлылығы және топырақ түзілуін қалыптастыру фактурасы, экологиялық ұғымдардан тұрады.

Топырақ биологиясы топырақтағы тірі организмдер жүзеге асыратын процестердің мән-мағынасы туралы жан-жақты білім береді. Топырақ биологиясы – топырақ флорасы мен фаунасынында, оның ішінде топырақ микроорганизмдері топтарына, олардың топырақ қарашіріндісін түзудегі роліне назар аударып, олардың өсімдіктермен қарым-қатынасын зерттейді. Микроорганизмдер тіршілігінің байланысын бере отырып, топырақ организмдері тірішілігі қоршаған орта жағдайымен біртұтас экологиялық жүйе бірлігінде жүретінін дәлелдейді.



Пәнді оқытудың міндеті:

1.Студентлерге «Топырақ биологиясы» ғылымының негіздерін түсіндіру барысында топырақ биотасының құрылымдық ерекшеліктері, тіршілік әрекеттері мен топырақ түзілудегі маңызымен таныстыру.

2.Топырақтағы зат және энергия айналымдарына тірі организмдердің қатысын қарастыру.

3.Топырақ биологиясы ғылымын жақсы меңгеру үшін топырақ биотасын ззерттеу әдістерін игеніп, арнайы құрал-жабдықтарымен жұмыс істеуге машықтандыру.

4.Топырақ биологиясы пәнін оқыту барысында студентлердің танымдық белсенділігін дамыту.

2. Білім мен біліктілік талаптары

2.1. Студент танысуы қажет:

- Топырақ биологиясы пәнінің тарихы, мақсаты және мағынасымен;

- Топырақ биотасының экологиялық топтарының ерекшеліктерімен;

- Топырақ биологиясының экологиялық және қолданбалы аспектілерімен;

2.2.Студент білу тисті:

- Топырақ биотасын құрайтын организмдердің ерекшеліктерін және олардың топырақ түзудегі қызметтерін;

- Биосферадағы негізгі элементтердің айналу циклына топырақ түзілу процестеріне микроорганизмдердің қатысын;

- Топырақ түзілудегі биологиялық процестерді;

- Табиғатта заттардың пайда болуына микроорганизмдердің қатысын;

- Топырақ биотасының экологиялық зерттеу әдістері мен биотикалық қоғамдастық қарым-қатынасын зерттеу әдістерін;

2.3.Студент жасай білу қажет:

- Оқу барысында алған теориялық білімдерін зерттика жүзінде қолдана білуі;

- Зерт құрал-жабдықтарды қолдана отырып, жәндіктерден уақытша және тұрақты препараттар жасау және паразиттерді дезинфекиялау жолдарын;

2.4. Пәннің пререквизиті мен постреквизиті

Пәннің пререквизиттері:

«Топырақ биологиясы» пәнін оқу үшін «Топырақтану және қолданбалы биология», «Ботаника», «Микробиология және вирусология», «Зоология», «Биохимия», «Экология», «Генетика», «Эволюциялық ілім» сияқты биологиялық пәндермен қатар «Химия», «Физика», «Математика», «Педагогика» пәндерін білу қажет.

Пәннің постреквизиты:

«Топырақ биологиясы» пәнінен алған білім биология ғылымдарының түрлі салаларын соның ішінде «Ауыл шаруашылық негіздері», «Педагогикалық зерттика» барысында және болашақ биология пәнінің мұғалімі мектеп қабырғасында түрлі экскурциялар жүргізуде және тәжірибелер жасауда қажет.

2.5.1. Лекцияның календарлық тақырыптық жоспары

А

П

Т

А

Нөмір, модуль атауы және лекцияның тақырыбы

Лекцияны өткізу форма

сы

ТСО және танымдық белсенділікті арттыру әдістері

Студент білімін қалыптастыру және жетілдіру

1 Модуль.

   

№ 1 лекция. Топырақ биологиясына кіріспе

1. Топырақ биологиясы ғылым ретінде.

2. Топырақ биологиясы ғылымының даму тарихы.

3. Топырақ биологиясының проблемалары.

Лекция,

Түсіндіру

әңгімелеу

Кесте

 

Топырақ биологиясының ғылым ретінде қалыптасуы мен даму жолымен таныстыру.

   

№ 2 лекция. Топырақ биотасы

1. Топырақ биотасына түсінік.

2. Топырақ биотасының экологиялық топтары.

3.Продуценттер, консументтер, редуценттер.

Топырақ флорасы мен фаунасы.

Лекция әңгімелеу

түсіндіру

салыстыру

 

Плакат

схема

сурет

 

Топырақ биотасы туралы түсінік қалыптастыру.

   

№ 3лекция. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктері

1. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер.

2. олардың топырақ қасиеттеріне әсері.

Лекция Түсіндіру дискуция

 

 

Плакат

 

 

кесте

 

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің топырақ қасеттеріне тиізетін әсерімен таныстыру.

   

№4 лекция. Топырақ балдырларының маңызы

1.Топырақ балдырларының формалары

2.Топырақ балдырларының маңызы

3.Топырақ балдырларының құрылымдық ерекшеліктері Топырақ балдырларының таксономиялық топтары.

Лекция әңгімелеу

түсіндіру

салыстыру

 

Плакат

схема

сурет

 

балдырлардың топырақ қасеттеріне тиізетін әсерімен таныстыру.

   

№ 5 лекция. Топырақ жануарлары

1. Топырақтағы тірі организмдерінің негізгі формалары.

2. Топырақ қарапайымдылары. Топырақта тіршілік ететін омыртқасыздар

Топырақта тіршілік ететін омыртқалылар

Лекция әңгімелеу

түсіндіру

салыстыру

Плакат

схема

сурет

 

Топырақ түзілуіне қарапйымдылардың әсері туралы түсінік беру.

   

№ 6 лекция. Топырақ саңырауқұлақтары.

1.Саңырауқұлақтардың топырақ үшін маңызы

2.Саңырауқұлақтардың құрылымдық ерекшеліктері

3.Топырақ саңырауқұлақтарының таксономиясы

Топырақ ашытқылары

Лекция әңгімелеу салыстыру

 

 

Плакат

 

Топырақ түзілуіне саңырауқұлақтардың әсері туралы түсінік беру.

   

№ 7 лекция. Топырақ қыналары

1.Қыналардың құрылысы

2.Қыналардың топтары

Лекция әңгімелеу

Плакат

схема

сурет

Топырақ қыналарының қызметін түсіндіру.

2 Модуль.

   

№ 8 лекция. Топырақ прокариоттары

1.Прокариоттардың сипаты

2.топырақ прокариоттарының таксономиясы

Актиномицеттердің сипаты

Лекция әңгімелеу

түсіндіру

салыстыру

 

Плакат

схема

сурет

 

Топырақтағы прокариоттардың қызметін түсіндіру.

   

№ 9 лекция. Биосферадағы топырақ микроорганизмдернің зат және энергия алмасуына қатысы.

1.Топырақ микроорганизмдерінің зат алмасуындағы ерекшеліктер.

2. Микроорганизмдердің энергия алу жолдары. Микробтық метаболизм сипаты

Лекция әңгімелеу

түсіндіру

салыстыру

 

Плакат

схема

сурет

 

Топырақтағы зат және энергия айналымына түсінік беру Топырақтағы микроорганизмдер метаболизмінің ерекшеліктерін түсіндіру

   

№ 10 лекция. Көміртегі айналымы

1.Көміртегі айналымы.Көміртек түзілістерінің пайда болуы.

2.СО2 фиксациялау процесі

Күрделі азотсыз заттардың ыдырауы

Лекция, түсіндіру, дискуция

 

Кесте

 

Топырақтағы С айналымдарына микроорганизмдердің әсерімен танысу.

   

№ 11 лекция. Оттегі және сутегі түзілуі және айналымы

1. Оттегі айналымы.

2.Прокариоттардың оттегіні қолданыуы

3.Сутегі айналымы, Сутегі түзілуінің микробиологиялық процестері. Сутегінің қолданылуы

Лекция әңгімелеу

түсіндіру

салыстыру

Плакат

схема

сурет

Кесте

 

Топырақтағы О айналымдарына микроорганизмдердің әсерімен танысу. Топырақтағы Н айналымдарына микроорганизмдердің әсерімен танысу

   

№ 12 лекция. Азот айналымы

1. Азоттың пайда болу циклі.

2.Микроорганизмдердің азотты фиксациялауы

Белокты заттардың өзгерістері Амонификация, Нитрификация, Денитрификация, Азоттұтушы түйнек бактериялар

Лекция әңгімелеу

түсіндіру

салыстыру

Плакат

схема

сурет

 

Топырақтағы N айналымдарына микроорганизмдердің әсерімен танысу.

   

№ 13 лекция Фосфор мен күкірт айналымы

1.Фосфор айналымы

2. Фосфорорганикалық қосылыстардың минирализациялануы

3.күкірттің пайда болуы.

4.Күкіртті бактериялар

5. Калий, темір, марганиец, алюминий айналымы

Лекция түсіндіру

 

Плакат

схема

сурет

 

Топырақтағы Ф, S айналымдарына микроорганизмдердің әсерімен танысу. Топырақтағы К, Al, F, Mn айналымдарына микроорганизмдердің әсерімен танысу.

   

№14лекция. Топырақ биологиясының экологиялық және қолданбалы аспектілері.

1.Топырақ биологиясының экологиялық принцептері мен концепциялары.

2.Топырақ тіршілік ортасы ретінде.

3.Топырақты өңдеу және ондағы микробиологиялық процесстер

Лекция әңгімелеу

түсіндіру

 

Плакат

схема

сурет

 

Топырақ биологиясының экологиялық және қолданбалы аспектілерін меңгеру.

   

№15 лекция. Микроорганизмдердің топырақта таралуы

1.Топырақтағы микроб сукцессиясы

2.Микроорганизмдердің топырақ профилінде таралуы және орын ауыстыруы

Лекция әңгімелеу

түсіндіру

салыстыру

Плакат

схема

сурет

 

Микроорганизмдердің топырақта таралу ерекшеліктерін түсіндіру

                 

2.5.3. Зертханалық сабақтардың календарлық тақырыптық жоспары.

апта

Нөмері, модуль атауы және жұмыс тақырыбы

Зертханалық жұмысты өткізу әдістері мен формалары

Бақылау түрі

Білімгердің білімін қалыптастыру және жетілдіру

1 Модуль.

   

№1 Топырақ үлгісін таңдау және оны микробиологиялық анализге дайындау Микроорганизм препараттарын дайындау үшін шыныға қатыру мен бояу әдістерінің негіздері Тірі микроорганизмдерден препараттар дайындау әдістері

Зерт

жұмыс

 

Зерт.жұмыс қорғау

Препараттарды дайындау үшін шыныға микроорганизмдерді қатыру мен бояу әдістерін меңгерту. "Жаншылған тамшы" және "Аспа тамшы" әдісімен препараттар дайындауды үйрену.

   

№2 Н.Г.Холодном әдісімен топырақтағы микроорганизмдердің әйнекте қаптап өсуін бақылау

Зерт

жұмыс

 

Зерт.жұмыс қорғау

Әйнекке қаптатып өсіру арқылы топырақтағы микроорганизм түрлерін, формаларын, топтарын микроскоппен көріп, оның орта жағдайымен байланыстылығын анықтау.

   

№3Топырақ микроорганизмдерінің жекелеген түрлерін зерттеу

Зерт

жұмыс

 

Зерт.жұмыс қорғау

Топырақтағы актиномицет -терді, ашытқыларды микро- скопиялық саңырауқұлақтар колонияларын өсіріп, микроскопиялық талдау жасау.

   

№4. Әртүрлі қоректік орталарды даярлау.

Тығыз қоректік орталарға себудің техникасы.

Петри табақшасындағы агар қосқан қоректік орталарға себу

Зерт

жұмыс

 

Зерт.жұмыс қорғау

Актиномицетті және саңырауқұлақтарды КАА мен Чапек орталарына себу арқылы өсіру анықтау.

   

№5 Балдырлар культурасын жасау

Балдырларды фиксациялауды, балдырларды гербарилеу әдістері

Зерт

жұмыс

 

Зерт.жұмыс қорғау

Балдырлар культурасын жасау әдістері балдырларды фиксациялауды, балдырларды гербарилеуді білуге үйрету.

   

№6 Топырақтағы қарапайымдыларды зерттеу әдістері. Топырақ микроорганизмінің әртүрлілігін және сулы топырақ фаунасын зерттеу Топырақта өмір сүретін жануарларды анықтау

Зерт

жұмыс

 

Зерт.жұмыс қорғау

Топырақ қарапайымдыларын тікелей, шаңнан және сұйық културасын өсіру. Құрғақ және сулы топрақтағы микророрганизмдердің әртүрлілігін зерттеу. Топырақты мекендеуші әр түрлі микроатрофоттарды, майда жануарларды анықтау

   

№7 Клетчатканың ыдырауын зерттеу.

Клетчатканың аэробты жағдайда ыдырауын зерттеу

Зерт

жұмыс

 

Зерт.жұмыс қорғау

Клетчатканың ыдырауын тәжірибе жүзіндегі сүзгі қағаздың шөгіп шырыштануын көзбен көріп, аэробты клетчатка ыдыратушы микроорганизм- дерді микроскоппен қарап көз жеткізу.

2 Модуль.

   

№8 Целлюлозаның ыдырау белсенділігін анықтау Анаэробты целлюлоза ыдыратушы микроорганизмдерді анықтау

 

Зерт

жұмыс

 

Зерт.жұмыс қорғау

Топырақта целлюлоза ыдырау белсенділігін және сүзгі кағаз, салмағын өлшеу арқылы минералдану процесінің қарқындылығын анықтау. Анаэробты жағдайда клетчатканы ыдыратушы Clostridium туысының бактериялары клеткасының формаларын көріп, колбадағы өзгерістерді сипаттау.

   

№9 Топырақтың СО2 бөлу жылдамдығын анықтау

 

Зерт

жұмыс

Зерт.жұмыс қорғау

лабораториялық жағдайда топырақтың "тыныс алуын" зерттеу.

   

№10 Аэробты аммонификаторлардың жиналуын және белоктың ыдырау өнімдерін анықтау

Зерт

жұмыс

 

Зерт.жұмыс қорғау

Аммонификация процесіне қатысатын бактерияларды анықтау.

   

№11 Топырақта аэробты азотобактерді табу әдісі

 

Зерт

жұмыс

Зерт.жұмыс қорғау

Топырақта азотобактерді анықтау үшін, азот сіңіруші бактериялардың культураларын өсіру.

   

№12Анаэробты спора түзуші бактерияларды анықтау

Зерт

жұмыс

Зерт.жұмыс қорғау

Топырақта анаэробты спора түзуші Сlоstгіdium Раsteuгіаnum бактериясын микроскоппен көріп, түсін, иісін байқау.

   

№13Симбиозды түрде тіршілік ететін азот тұтушы бактерияларды анықтау.

Зерт

жұмыс

Зерт.жұмыс қорғау

Өсімдік тамырларындағы түйнек бактерияларынан препарат жасап және оларды өсіріп, микроскоппен қарап көз жеткізу.

   

№14Топырақтың аммонификацияланушы активтігін анықтау

Зерт

жұмыс

Зерт.жұмыс қорғау

Топырақтын микробиологиялық активтілігін анықтап үйрену.

   

№15Ризосфералық және тамыр айналысындағы микроорганизмдерді Е.З.Теппер әдісімен зерттеу

Зерт

жұмыс

 

Зерт.жұмыс қорғау

Псеудомонос туысына жататын микроорганизмдерді және микобактерияларды тауып, олардың тамыр айналасында болатынына көз жеткізу.

2.5.4. Студентдің СӨЖ тапсырма тізімі.

Модуль бойынша СӨЖ тақырыбы мен мазмұны

Тапсырма

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1 Модуль.

 

Топырақ биологиясы ғылымының даму тарыхы

Докучаев В.В., В.И.Вернадский, Л. Пастер, С.Н.Виноградский, Г.А.Надсон, М.В.Бейерник, Н.А.Красильников еңбектері

1-16 дейін

Эссе дайындау

2 апта

 

Топырақтың тіршілік ортасы ретіндегі қасиеттері

1.топырақтың қатты бөлігі

2.топырақтың сұйық бөлігі

3.Топырақтағы ауа

4.Топырақтағы жылу режимі

1-16 дейін

Эссе дайындау

4 апта

 

Зең саңырауқұлақтарының классификациясы

Мукор, пенницил, аспергилл және актиномицеттердің құрылысы мен түрлері

1-16 дейін

Эссе дайындау

6апта

2 Модуль.

 

Геогельменттердің топырақ түзудегі ролі

Топырақта түршілік ететін құрттардің түрлері

1-16 дейін

Эссе дайындау

8 апта

 

Топырақ биотасының өзара байланысы

1.Биотикалық қауымдастықтар мен байланыстар типтері

2.Микроорганизмдердің өсімдіктермен байланысы

3.Микрооргаизмдердің жануарлармен байланысы

Түрлі табиғат зоналарындағы топырақ биотасының бірлестіктері

1-16 дейін

Эссе дайындау

10 апта

 

Топырақ жамығысына антропогендік факторлардың әсері

Топырақ жамылғысына индустрияның, пестициттердің, радиоактивті заттардың әсерін анықтау

1-16 дейін

Эссе дайындау

11 апта

 

Реферат

Реферат тақырыбы бойынша материал дайындап, слайд жасап, қорғау

1-16 дейін

Қорғау

13 апта

 

Гумус пен минералдардың түзілуіне микрооргаизмдердің қатысы

1. гумустың түзілуіне микроорганизмдердің әсері

2.Жаңа минералдардың түзілуіне микроорганизмдердің қатысы

1-16 дейін

Эссе дайындау

15 апта

Коллоквиум сұрақтары

1 Рубеждік сұрақтар

1. Топырақтың микроорганизмдер үшін тіршілік ететін қолайлы орта болу себебі неде?

2. Топырақтың микробиологиялық сипаттамасын беріңіз.

3. Топырақ микрофлорасының сандық және сапалық құрамы қандай?

4. Топырақтың минералды және органикалық заттарын атаңыз.

5. "Топырақ биотасы" дегеніміз не?

6. Микроскоптың қуаттылығын көрсететін бөлігін ата.

7. Микроскоптың қандай түрлері бар?

8. Микроскоптың механикалық бөлігіне нелер жатады?

9. Иммерсиялық объектив не үшін қажет?

10. Микроорганизмді шыныға қатыру мен бояу әдістері қандай?

11. Микроорганизмдерді шыныға катыру не үшін қажет?

12. Тірі микроорганизмдерден препарат дайындауды қандай түрлері бар?

13. "Аспа тамшы" препаратының ерекшелігі неде?

14. Фиксациялау немесе микроорганизмдерді өлтіру не үшін қажет?

15. Жұғынды әзірлеу, кептіру, фиксациялау және бояу жұмыстары қалай жасалынады?

16. Микроорганизмнің өсіп дамуына әсер ететін негізгі факторлар қандай?

17. Топырақтың жоғарғы қабатында микроорганизмдердің көп болу себебі неде?

18. Н.Г.Холодном әдісімен "шыныға каптату" әдісінің мақсаты не?

19. Топырақ түрін зерттеудің экологиялық әдістерін атаңыз.

20. Микроорганизмдердің классификациялануын атаңыз.

21. Вирустардың ерекшелігі неде?

22. Фагтардың ерекше қасиеті қандай?

23. Фунгицидтер не үшін қолданылады?

24. Қандай микроорганизмдер вибриондар, коккалар, спирохетталар деп аталады?

25. Актиномициттердің көбеюі қалай жүреді?

26. Микроскоптық саңырауқұлақтар түрлерін ата.

27. Гетеротрофтардың автотрофты микроорганизмдерден айырмашалағы неде?

28. Микроорганизмдер қорек үшін және энергетикалық алмасуға пайдаланылатын ортаға қандай заттар кіреді?

29. Ашу дегеніміз не?

30. Микроорганизмдегі плазмолиз, плазмоптиз, құбылыстары неге байланысты?

31. Синтетикалық орталар не үшін қолданылады?

32. Микроорганизмдерді қоректік орталарда өсірудің қандай қажеттілігі бар?

33. Жетілген және жетілмеген саңырауқұлақтардың көбею жолдары қандай?

34. Ашытқы саңырауқұлақтардың капсула түзуінің тіршілікте қандай маңызы бар?

35. Таза дақылдарды (культураны) бөліп алу қалай жүреді?

36. Топырақта неге су организмдері – балдырлар мен қарапайымдылар болады?

37. Құрғақ және сулы топырақта қарапайымдылар санының әр түрлілігін немен түсіндіруге болады?

38. Кейіннен топырақта қарапайымдылар мен балдырлардың адаптациялануы қалай жүреді?

2 Рубеждік сұрақтар

1. Топырақтағы қарапайымдылардың экологиялық қызметі қандай?

2. Макро – және микрофаунаға жататын жануарлар түрін ата, қызметі қандай?

3. Топырақ фаунасының таксономиялық топтарын ата.

4. Саркодиналарға нелер жатады, олар топырақта қандай қызмет атқарады?

5. Жауын құрты топырақта қандай қызмет атқарады?

6. Микроорганизмдердің табиғаттағы заттар айналымына қатысуы қалай жүреді?

7. Көміртек қосылыстарын ыдыратушы микроорганизмдерді ата.

8. Клетчатканың аэробты, анаэробты ыдырауы дегеніміз не?

9. Миксобактериялар пішіні қандай?

10. СО2-нің бөліну жылдамдығы қалай анықталады?

11. Хемосинтез жүргенде энергия қайдан алынады?

12. Фотосинтез процесінің жүру механизмі қалай?

13. Топырақтың "тыныс алуы" немен байланысты?

14. Аэробты тыныс алуды немен түсіндіреміз?

15. Биосферадағы СО2 маңызы /парниктілік әсері/.

16. Оксидоредуктаза ферменттері. Классификациясын атаңыз.

17. Полифенолоксидазаның қарашіріктің түзілуіне әсері қандай?

18. Полифенолоксидазаны топырақ құнарымен байланыстыруға бола ма?

19. Зимаза ферменті қай процеске тікелей қатысады?

20. Полифенолоксидаза тобына, қызметіне сипаттама беріңіз?

21. Пероксидаза-қарашірікті минерализациялайтын фермент болу себебі неде?

22. Тотықсыздану ферменттері микроорганизмдерде қандай процесті жүргізуге катысады?

23. Фермент белсенділігі. Ол нені білдіреді?

24. Топырақ микроорганизмінің физиологиялық топтарын ата.

25. Өсімдіктердің атмосфера азотымен қоректене алмауы неліктен?

26. Табиғатта азот айналымы қандай тізбектерден тұрады?

27. Аммонификация процесі дегеніміз не?

28. Қарашіріктің құрылуы немесе түзілуіндегі микро-организмдердің ролі қандай?

29. Қарашіріктің минерализациялануы қалай жүреді?

30. Карашіріктің құрамы неден тұрады?

31. Зимогенді, афтохтонды микроорганизмдер қызметі қандай?

32. Азоттың топырақтағы маңызы қандай?

33. Биосферадағы азот айналымы қалай жүреді?

34. Азотты қосылыстарды трансформациялайтын микро-организмдерді ата.

35. Қарашіріктің түзілуіндегі экологиялық бағыттың мәні неде?

36. Жеңіл гидролизденетін азотты анықтау не үшін қажет?

37. Топырақтағы автотрофты микроорганизмдердің қызметі кдндай?

38. Гумус заттарын ыдырататын микроорганизмдер қалай аталады?

39. Топырақ құнарыңцағы қарашіріктің мәні неде?

 

Реферат тақырыптары

1. Топырақта микроорганизмдер қауымының қалыптасуы.

2. Топырақтағы биологиялық процестер.

3. Топырақ микроорганизмдерінің өсімдіктерге әсері.

4. Егішшілікте қолданылатын микроорганизмдер.

5. Топырақтағы азотобактериялардың маңызы.

6. Топырақтағы фосфоробактериялардың маңызы.

7. Тыңайтқыштардың топырақ микроорганизмдеріне әсері.

8. Пестицидтердің топырақ микроорганизмдеріне әсері.

9. Топырақ бактерияларын зерттеу.

10.Топырақта тіршілік ететін қарапайымдылардың ерекшеліктері.

11. Топырақ саңырауқұлақтары.

12. Биосферадағы химиялық элементтердің айналымына микроорганизмдерінің қатысуы.

13. Бауыраяқты былқылдақденелілердің топырақ түзілудегі ролі.

14. Бунақденелілердің топырақтағы биологиялық маңызы.

15. Ашытқы саңырауқұлақтары.

16. Топырақтағы азот айналымы.

17. Прокариоттардың топырақтағы маңызы.

18. Бактериялық тыңайтқыштардың ерекшеліктері.

19. Топырақ балдырларының ерекшеліктері.

20. Топырақ түзілу процестеріндегі организмдердің биологиялық ролі.

21. Топырақ биологиясының экологиялық аспектілері.

22. Топырақтағы көміртегі айналымы.

23. Топырақ диагностикасы.

24. Топырақтың биологиялық құрамы.

25. Нитрофикация.

26. Микроорганизмдердің дамуында топырақ қышқылдылығының әсері.

27. Антибиотиктер және олардың зерттикалық маңызы.

28. Микроорганизмдермен гумустың таралуы.

29. Топырақ микроорганизмдерінің ауыл шаруашылығындағы ролі.

30. Осмостық қысымның микроорганизмдер тіршілігіне әсері.

31. Топырақ микроорганизмдерінің энергия алу жолдары.

32. Целлюлозаны ыдырататын микроорганизмдер.

33. Топырақты денитрификациялау процесі.

34. Жауын құртының топырақ түзудегі ролі.

35. Топырақта тіршілік ететін нематодтардың ерекшеліктері.

36. Көк-жасыл балдырлардың топырақ түзудегі ролі.

37. Көп аяқтылардың топырақ түзілудегі ролі.

38. Кеміргіштердің топырақ түзудегі ролі.

39. Қыналардың топырақ түзудегі ролі.

40. Актиномицеттердің топырақ түзудегі ролі.

41. Жамбыл обылысының топырағы және ондағы биота бірлестігі.

42. Топырақтағы темір айналымына микроорганизмдер әсері.

43. Топырақтағы күкірт айналымына микроорганизмдер әсері.

44. Топырақтағы фосфор айналымына микроорганизмдер әсері.

45. Топырақтағы сутегі айналымына микроорганизмдер әсері.

46. Диатомды балдырлардың топырақ түзудегі ролі.

47. Жертесерлердің топырақ түзілуге әсері.

48. Кірпілердің топырақ түзілудегі әсірі.

49. Көртышқандардың топырақ түзілудегі әсері.

50. Тоыпақ биоценозын зерттеу әдістері.

3. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі.

3.1.Негізгі әдебиеттер

1. Бабьева И.П., Зенова Г.М. Биология почв: М.: Изд. МГУ, 1989. 336 с.

2. Н.С. Дәменова, Топырақ биологиясының зерттикумы; Алматы, Агроуниверситет баспасы 2004 ж.

3. М.Құлдыбаев, Ауыл шаруашылығы микробиологиясы; Алматы, Білім 1994ж.

3.2. Қосымша әдебиеттер

4. Мишустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. М.: Колос. 1986. 275 с.

5. Методы почвенной микробиологии и биохимии. /под ред. Д.Г. Звягинцева/. М., Изд. МГУ., 1991.

6.Звягинцев Д.Г. Почва и микроорганизмы. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1987. 256 с.

7.Тазабеков Т.Т., Тазабекова Е.Т. География почв с основами почвоведения. Алматы, 2006.

8. Звягинцев Д.Г., Зенова Г.М. Экология актиномицетов. М.: ГЕОС. 1999. 280 с.

9.Мирчинк Т.Г. Почвенная микология. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1986. 205 с.

10.Структурно-функциональная роль почвы в биосфере. Под ред. Добровольского Г.В. М.: ГЕОС. 1999. 105 с.

11.Тазабекова Е.Т. Ферментативная активность почв Республики Казахстан и пути ее регулирования. Алматы. 1997.

12.Емцов В.Т. Микробы, почва, урожай. -М. Колос. 1980.

13.Теппер Е.З., Шилыіикова В.К., Переверзина Г.И. Зерттикум по микробиологии. — М., изд. Агропромиздат. 1987.

14.Илялетдинов А.Н. Микробиологичсские превращения азотсодержащих соединений в почве. - Алма-Ата, 1976.

15.Хазиев Ф.К. Системно-экологический анализ ферментативной активности

почв. М., Наука, 1990.

16.Ғылыми және мерзімдік басылымдар:

а) Жаршы (Весник, Поиск);

б) Биология, химия және география, Биология және салауаттылық, т.б.

17.Интернет көздері.

4. СӨЖ түрлері және студентлердің білімін бағалау критерилері:

Материалды ауызша түсіндіру (presentation). Студент берілген тақырып бойынша сұрақтарға өздігінше жауап береді. Presentation уақыты 10-15 минут. Келесі критерий арқылы бағаланады: тақырыпты қаншалықты кеңінен сараптағандығы және аудиторияға қызықшылық тудыруы. Сонымен қатар қосымша әдебиеттерді қаншалықты қолданғандығы.

Жазбаша жұмыс (конспекттер, эссе) әрбір модуль соңында өткізіледі. Онда қосымша ақпараттар қолданылу тиісті. Жазбаша жұмыс 1-2 бетке, ал эссе максимум 2 бетке түсіндіру тиіс.

Тестер әрбір модуль соңындаөткізіледі және оқытушы студентлерге ескертусіз кез келген өтілген тақырыптан 5 минуттық тест алуға болады.

Презентация–таңдау студент белгілі ауқымды тақырыпты таңдайды. Презентация уақыты 8-10 минут. Презентация тақырыптың толық ашылу дәрежесімен, көрермендерге қызығушылық тудыруымен, профессионализмдік қасиетімен бағаланады.

Тақырып бойынша шолу - тақырып бойынша жазбаша түрде 1-2 бет Интернет арқылы алынған деректерге шолу жасау тиісті.

Сабақ барысында жұмысқа белсенді араласу үшін бұл курстың сұрақтарын білуге ынталы және топтағы басқа студентлерге стимул болуыңыз қажет. Тапсырмаларға дайындалу үшін сіз оқулықтар мен лекциядағы принцептер мен концепцияларға сүйене отырып, қарастырып отырған мәселеге шығармашылық тұрғыдан дайындалыңыз. Болашақта мамандығыңызды жақсы игеруде қажетті білім алу үшін материалдарды, тапсырмаларды, нақты сұрақтарды, шешілуі тиіс мәселелерді сабақ барысында талқылау үшін алдын ала дайындалып келуіңіз керек. Осы курсты оқу барысында біздің өзара түсіністікпен жұмыс істеуімізде өз біліміңіз үшін жауапкершілік өзіңізге жүктеледі.

Студентлердің өзіндік жұмыстарға бөлінген уақыты

СӨЖ түрлері

Жоспарланған уақыт

 

Конспект бойынша лекцияға дайындалу, әдебиет бойынша өтілген лекция материалын өңдеу

0,4*15=6

 

Зертханалық жұмысқа дайындық және қорғау

2*15=30

 

Реферат жазу

 
 

СӨЖ тапсырмаларын орындау және қорғау

1,5*8=12

 

Рубеждік бақылауға дайындық

2*2=4

 

Оқытушының кеңес беруі

 
 

Барлығы

 

Курс компоненттеріне қойылатын талаптар

Студентлер пәнді ынтамен әрі қызықты оқу тиісті. Сіздерге талқыланатын тақырып материалы алдын ала беріледі.

Берілген тақырып материалынан басқа қосымша әдебиеттерден де іздестіру керек. Берілген лекция материалын оқып болған соң, қысқаша конспект және тезис құру керек, оны оқытушы тексеріп балл қояды.

Рефераттардың тақырыптарымен танысып болған соң міндетті түрде өтілген тақырып бойынша реферат жазу тиіс.

Студентлердің қызығушылығы мен ынтасы сабақ кезінде қалыптасады. Сондықтан сабақ барысында сабаққа белсенді қатысқан студентлерге жоғарғы балл қойылады.

Сонымен қатар студентлер өзіне қызықтыратын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады, яғни зерт сабақтарда немесе ғылыми зерттеу орындарында жүзеге асыруға болады. Келешекте сол тақырып бойынша курстық жұмыс немесе диплом жұмыстарын жазуға болады.

Курс компаненттері

Үй тапсырмасы (ҮТ). Тапсырма зерт жұмыстарда беріледі. Әрбір ҮТ нөмірленеді және тақырыбы болады. ҮТ тапсырмасы альбом дәптерге орындалады. ҮТ төмендегідей тәртіппен орындалады: дәптерге ҮТ нөмірі көрсетіледі, тақырыбы жазылып сосын жауап жазылып, сурет салынады. ҮТ сіздер келесі зерт сабақ басталғанша тапсыру керек.

Дискуссия. Студент сабаққа толық даярланады, алдын-ала өз пікірін білдіруге болады. Сабақ үстінде белсенді қатысу аттестация кезінде ескеріледі.

Зерт жұмыстар. Лекция бойынша өткізілген тақырыптарға байланысты зерт жұмыстар жүргізіледі. Зерт жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары кафедрада бекітілген, сол бойынша тақырыптарға байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Студентлердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ). Берілген тақырыптарта курстық жұмысты орындау. СӨЖ А4 форматта орындалады. Сіздер баяндаманы даярлап, оны дер кезінде қорғауларыңыз қажет. СӨЖ тақырыптары 1-ші аптада беріледі. Егер студент СӨЖ-ді орындамаса онда төмендегідей қатаң шаралар салынады:

1. Тапсырма өз уақытында орындалмаса минус 10 балл

2. Егер мүлдем орындалмаса -0 балл қойылады.

Коллоквиум. Сіздер аралық бақылауға даярлануларыңыз қажет. Ол бір апта бұрын ескертіледі. Аралық бақылау сұрақтары өткен бүкіл тақырыптарды қамтиды. Рубеждік бақылау 7-ші және 14-ші аптадан соң болады.

Қорытынды бағалау. Қорытынды бағалау емтихан түрінде өтеді. Ол бүкіл пән бойынша бағаның 40% тең. Емтихан тестілік әдіспен өтеді.

Баға қою саясаты

Баға қою саясаты объективтілік, тазалық, жоғары дифференциалды икемділік принціпіне негізделуі керек. Несиелік жүйе шартында оқитындар үшін оқушыларды бағалауда балл-рейтингтік жүйе қолданылады, онда білімгерлердің білімі келесі бақылау түрлерінің нәтижесі бойынша бағаланады:

- ағымдық баға 5 өзіндік шығармашылық жазбаша жұмыс пен СОӨЖ алынған бағадан құралады;

- рубеждік бақылау деканат графигі бойынша жүргізіледі;

- аралық бақылау академиялық кезеңнің соңында бір рет жүргізіледі.

 

Бақылау түрлері бойынша рейтенгтік балдарды бөлу

№ д/п

Бақылау түрлері

Балл

1.

Аралық бақылау

 

2.

Рубеждік бақылау

 

3.

Ағымдық бақылау

 

Білімгердің білімін бақылау:

Оқытушы сіздердің білімдеріңізді тесттермен, сонымен қатар алдын-ала ескертусіз мини-интервью, мини-викториналар түрінде тексере алады, бақылау түрлері бойынша алынған баға қорытынды бағаға қосылады. Сондай-ақ, оқытушы кез-келген сіздің СОӨЖ жұмысыңызды бағалайды.

Білімгердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Барлық рейтингтік, индивидуалдық, рефераттық және т.б.с.с тапсырмалар белгілі бір график уақытына сәйкес тапсырылуы керек. Білімгер СОӨЖ сабағында өзінің білімін кез-келген түрде көрсете алуы қажет: сөз сөйлеу, қосымша, басқа білімгерлермен орындалған тапсырмалар немесе жауаптарды рецензирлеу.

Оқытушы келесі штрафтық санкцияларды пайдалана алады:

- конспектісі болмаса 10 балын алып тастайды;

- оқытушы берген тапсырманы уақытынан кешіктіріп тапсырса 10 балын алып тастайды.

Білімгерді мадақтау

Сабақтың тақырыбы бойынша өз бетінше материал тапса, қызықты ғылыми мәліметті өз бетінше дайындаса және ең жақсы баяндамаға, рефератқа, ауызша жауапқа т.б.с.с. 10 балл қосылады.

Білімгердің барлық сабақтардағы белсенді жұмысы үшін 20 балл қосылады.

Үй жұмысын дәл уақытында тапсырған алғашқы 5 білімгерге 10 балл қосылады.

СӨЖ дайындауға қойылатын талаптар

Бір семестрде білімгерге 8 СӨЖ тапсырмасын орындау ұсынылады. Әр қайсысына білімгер 100 балл алады. Осылайша, СӨЖ-дің қорытынды бағасы 0 - ден 800 балды құрайды.

Рубеждік бақылауға қойылатын талаптар

Осы курс бойынша 2 рубеждік бақылау қарастырылған. Олардың біріншісі-ауызша коллоквиум түрінде, екіншісі-жазбаша бақылау жұмысы түрінде өтеді.

Әрбір рубеждік бақылау 100 балмен бағаланады. Қорытынды баға 0-ден 200 балл аралығын құрайды.

Аралық аттестацияға қойылатын талаптар

Аралық аттестация емтихан түрінде жүреді, жалпы бағасы 40 %-ды құрайды. Емтихан тест түрінде жүреді, онда барлық өтілген материал қамтылады.

Білімгер емтиханда курс бағдарламасын пайдалана алады. Бірақ, оған глоссарий, анықтамаларды, шпаргалканы және т.б.с.с. пайдалануға рұқсат етілмейді. Егер білімгерден шпаргалка табылса, ол емтиханнан шығарылып жіберіледі.

 

Курстың бағасы аралық және ағымды, қорытынды бақылау келесі категориямен анықталады:

Курс компоненттері және бақылау түрі

Тапсырма саны

Барлық бағалар%

Жоғары балл

 

Зерт жұмысты қорғау және орындау

   

100*15=1500

 

СӨЖ (Реферат) тапсырмаларын орындау, қорғау

   

100*8=800

 

Рубеждік бақылау (аттестация)

   

100*2=200

 

Барлығы

 

100%

100*0,6=60 балл

Барлық жұмыстарды бағалау тәртібі:

·Балл білімді тексеру кестесі бойынша қойылады.

·Егер студент семестр бойы бірде-бір сабақты жібермей, сабаққа белсенді қатысса 10 балл қосылады.

·Егер студент сабақты себепсіз жіберсе, онда 50 балл алынады.

Білімді тексеру кестесі

Айы

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

барлығы

 

                             

Э

 

Зерт. жұмыс бел. қатысу.

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

 

 

Макс

                             

 

 

СӨЖ

 

х

 

х

 

х

 

х

 

х

х

 

х

 

х

 

 

Макс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

Рубеж бақ.

 

 

 

 

 

 

Х

 

 

 

 

 

 

Х

 

 

 

Макс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы балл

 

200/2=100

 

200/2=100

 

200/2=100

 

200/2=100

 

200/2=100

200/2

=100

200/2=100

200/2=100

200/2=100

200/2=

 

1700/17=

100*0,6=60

Аралық бақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

100*0,4=40

 

Қорытынды бақылау

                               

40+60=100

                                         

Төмендегі кестеде кредиттік оқыту жүйесінде жалпы қабылданған студентдің білім деңгейін анықтайтын әріптік символ жүйесі GРА көрсетілген.

Әріптік жүйедегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Балл

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

 

0-49

Қанағаттанарлықсыз

 

Барлық бағалар сіздің тапсырмаларды орындау нәтижеңізге байланысты. Соған байланысты курс бойынша орта балл шығарылады.

5. Курстың саясаты

1. Сабаққа кешікпеңіз;

2. Сабақты себепсіз жіберуге болмайды, себепті жағдайда анықтама қағазын әкеліңіз;

3. Жіберілген сабақты оқытушының бос уақытында қайта тапсырыңыз;

4. Тапсырманы орындамаған жағдайда баға төмендетіледі;

Курстың политикасы академиялық тәртіп политикасы мен этикаға қарама-қайшы болмау керек, керісінше бір-бірімен үйлесімді болу керек.

6. Академиялық тәртіп пен этика саясаты.

Академиялық тәртіп пен этика саясаты ЖОО-ның ішкі ережелеріне, студентлердің этикалық кодексінің негізіне сүйенеді, яғни:

· Оқытушымен, жолдастарымен, құрбыларымен мейірімді болу тиіс;

· Институттың, факультеттің тәрбиелік іс-шараларына қатысу;

· Институттың тәртіп мәдениетін сақтау.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 59 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Narrative Interviewing | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.272 сек.)