|
6 вариант
1. Бұғанаасты артериясының бірінші бөлімінің тармақтарын атаңыз:
+ Омыртқалық, ішкі кеуделік және қалқан-мойын сабауы
Қалқан-мойын және қабырға-мойын сабаулары
Қалқан-мойын сабауы және мойынның көлденең артериясы
Омыртқалық, қабырға-мойын сабауы
Омыртқалық, мойынның көлденең артериясы
2.Екінші жоғарғы үлкен азу тістің деңгейінде, ауыз қуысының кіреберісіне қандай сілекей безінің түтігі ашылады
+ Құлақмаңы
Жақасты
Тіласты
Таңдайлық
Ұрттық
3. Жүректің екі жармалы қақпағы қай жерде орналасады:
+ Сол жақ жүрекше-қарыншалық тесікте
Қолқа тесігінде
Оң жақ жүрекше- қарыншалық тесікте
Өкпе сабауында
Төменгі қуыс венаның қабырғасында
4. Оң жақ бүйректің медиальді жиегін жанай орналасқан мүшені атаңыз:
+ 12 елі ішек
Асқазан
Бауыр
Көкбауыр
ұйқы безі
5.Ішастардың төменгі қабатының туындысын атаңыз:
+ Ұңғылдар
Қалталар
Қаптар
Қойнаулар
Өзектер
6.Көкірекаралықтың алдыңғы қабырғасын қандай анатомиялық құрылым түзеді
+ Төстік
Көкірекаралық плевра
Көкет
Көкірек клеткасының жоғарғы тесігі
Омыртқа жотасы
7. Алдыңғы ми көпіршігінің туындысын атаңыз:
+ Аралық ми
Көпір
Мишық
Ортаңғы ми
Сопақша ми
8. Қандай жұп ми нервтерінің ядролары сопақша мида орналасады:
+ VІ-ХІІ
ІІ-ІІІ
ІІІ-ІV
V-VІІІ
ІХ-ХІІ
9.Оң жақ өкпе қақпасының ең үстiңгi жағында орналасқан анатомиялық құрылымды атаңыз:
+ Басты бронх
Нервтер
Оң жақ жоғарғы өкпе венасы
Оң жақ төменгi өкпе венасы
Өкпе артериясы
10.Иықтың үшбасты бұлшықетін нервтендіретін нервті атаңыз:
+ Кәрі жілік
Бұлшықет-терілік
Қолтық
Ортаңғы
Шынтақ
11.Үлкен қан айналым шеңбері қайдан басталады
+ Сол жақ қарыншадан
Оң жақ қарыншадан
Оң жақ жүрекшеден
Сол жақ жүрекшеден
Тәждік қойнаудан
12.III-қарынша қандай мидың қуысты қалдығы болып табылады
+ Аралық
Жұлынның
Көпірдің
Ортаңғы
Соңғы
13.Үлкен қан айналым шеңбері қай жерде аяқталады
Оң жақ қарыншада
+ Оң жақ жүрекшеде
Сол жақ қарыншада
Сол жақ жүрекшеде
Тәждік қойнауда
14. Тоқ ішектің(жуан ішек) таспалары қандай қабықтан түзілген
+ Сірлі
Шырышты
Шырышасты
Бұлшық еттік қабықтың циркулярлы қабатынан
Бұлшық еттік қабықтың ұзына бойлы қабатынан
15.Төстіктің бөлімдерін атаңыз:
+ Тұтқасы, денесі, семсер тәрізді өсіндісі
Денесі,мойыны, тұтқасы
Денесі, бүйір массалары, тармақтары
Тұтқасы, денесі, тісті өсіндісі
Тұтқасы, денесі, құстұмсық тәрізді өсіндісі
16.Бұғананың ұштарын атаңыз:
+ Төстік,акромиальді
Алдыңғы, артқы
Жоғарғы, төменгі
Құстұмсықты, акромиальді
Төстік, құстұмсықты
17.Тыныс алу және ас қорыту жолдары қандай мүшеде қиылысады
+ Жұтқыншақтың ауыздық бөлімінде
Жұтқыншақтың мұрындықбөлімінде
Жұтқыншақтың көмейлік бөлімінде
Көмейде
Кеңірдекте
18.Жұлынның төменгі шекарасы қандай омыртқалардың деңгейінде орналасады
+ І - ІІ - бел
ІІІ - І Ү - бел
ІҮ- Ү - бел
І -ІІ сегізкөз
ІІІ - ІҮ сегізкөз
19.Жүректің оң жақ жүрекшесіне қандай қан тамырлары құяды
+ Жоғарғы, төменгі қуыс веналар
Оң және сол жақ иық- басы веналары
Қолқа, өкпе сабауы
Оң және сол жақ өкпе веналары
Оң және сол жақ өкпе артериялары
20.Асқазан қандай бөлімдерден тұрады
+ Күмбезі, денесі, кардиальді, пилорикалық
Алдыңғы, ортаңғы, артқы,латеральді
Алдыңғы, ортаңғы, артқы,медиальді
Басы, денесі, кардиальді, пилорикалық
Күмбезі, денесі, мойыны,сабауы
21.Бауыр қандай беттерден тұрады
+ Көкеттік, висцеральды
Асқазандық, көкеттік
Алдыңғы, артқы
Жоғарғы, төменгі
Медиальді, латеральды
22.Шынтақ буыны құрылысы бойынша қандай буындардың қатарына жатады
+ Күрделі
Амфиартроз
Кешенді
Қарапайым
Үйлесімді
23.Сүйектердің дәнекер тін арқылы байланысуын байланыстың қандай түріне жатқызады
+ Синдесмоз
Гемиартроз
Диартроз
Синхондроз
Синостоз
24.Қақпа венасын түзуге қатысатын венаны атаңыз:
Бүйрек
Бауыр
+ Жоғарғы шажырқай
Жоғарғы көкет
Төменгі көкет
25.Жүректің тәждік қойнауы қайда ашылады
+ Оң жақ жүрекшеге
Қолқа буылтығына
Оң жақ қарыншаға
Сол жақ жүрекшеге
Сол жақ қарыншаға
26. Санның артқы тобының бұлшықеттерін нервтендіретін нервті атаңыз:
+ Шонданай
Жапқыш
Мықын-шап
Сан
Сан- жыныс
27. Асқазанның бұлшықетті қабығының ішкі қабатының талшықтарының бағыты қандай:
+ Қиғаш
Бойлық
Горизонтальді
Дөңгелек(циркулярлы)
Тік
28. Санның жартылай сіңірлі бұлшықетінің қызметін атаңыз:
+ Сирақты бүгеді
Санды бұрады
Санды әкетеді
Санды әкеледі
Сирақты жазады
29. Сан өзегінің алдыңғы қабырғасы немен түзіледі:
+ Санның жалпақ шандырының беткей табақшасы
Лакунарлы байлам
Санның жалпақ шандырының терең табақшасы
Сан артериясы
Сан венасы
30.Иықтың артқы тобының бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз ететін артерияны атаңыз:
+ Иықтың терең артериясы
Алдыңы сүйекаралық
Артқы сүйекаралық
Кәрі жілік
Шынтақ
71.Өкпенің қабынуы кезінде оның тыныс алу қызметі бұзылады,ол қанмен ауа арасындағы газ алмасу процесінің бұзылуымен байқалады. Газ алмасу процесі қай жерде жүреді?
+Ацинуста
Басты бронхтарда
Сегменттік бронхтарда
Соңғы бронхиолаларда
Үлестік бронхтарда
72. Жарақат кезінде жарақаттанған адамның алдыңғы асықты жілік бұлшық етінің қызметі бұзылды. Осы жағдайда сирақ-топай буынының қандай қызметі бұзылады?
+ Бүгу
Әкету
Әкелу
Бұру
Жазу
73. Жұтқыншақтың қабынуы кезінде, ірің дабыл қуысына өтеді.Қандай анатомиялық құрылым арқылы ірің жұтқыншақтан дабыл қуысына өтуі мүмкін?
+ Есту түтігі
Бет өзегі
Дабыл өзегі
Ұйқы өзегі
Ішкі есту жолы
74. Жарақат кезінде жарақаттанған адамның үлкен бөксе бұлшық етінің қызметі бұзылды. Осы жағдайда жамбас-сан буынының қандай қызметі бұзылады?
+ Бұру
Әкету
Әкелу
Бүгу
Жазу
75 Бас сүйектің рентгенологиялық тексерісі кезінде төбе сүйектің ішкі бетінде жоғарғы сагитальді қойнаудың жүлгесінің өзгерісі анықталды.Төбе сүйектің қай жиегінде осы жүлге орналасады?
+ Сагитальды
Жоғарғы
Қабыршақтық
Маңдайлық
Шүйделік
76.Қабыну процессінің салдарынан көзшарасының төменгі қабырғасы аймағында ірің пайда болды. Емдеуші дәрігер қанатша – таңдай тесігінің аймағында қабынудың таралуын күтеді. Қандай тесік арқылы қабыну процессі көзшарасынан қанатша-таңдай тесігіне таралады?
Алдыңғы торлы тесік
Жоғарғы көз шарасы саңылауы
Көру өзегі
Мұрын – көзжасы өзегі
+ Төменгі көз шарасы саңылауы
77.Мойындырық тесігі бассүйектің төменгі бетінде орналасқан. Ол арқылы нервтер және ірі веналық тамырлар өтеді. Егерде осы веналық тамыр мойындырық тесігі аймағында бұзылса, бас қаңқасының қай шұңқырына қан құюлуы мүмкін.
Алдыңғы бас сүйек
+ Артқы бас сүйек
Көз шарасына
Мұрын қуысына
Ортаңғы бас сүйек
78. 37 жастағы науқас оң жақ бел аймағының ұстамалы қатты ауруына, ауырсынуының іштің тік бұлшықетінің сыртқы жиегімен шапқа және ұмаға жайылуына шағымданып дәрігерге келген.Анамнезінде бүйрек-тас ауруы бар.Бұл ауырсыныу бел өрімінің қандай тармағымен байланысты?
+ Мықын- құрсақасты
Жапқыш
Мықын- шап
Сан
Сан-жыныс
79. Оң жақ бел аймағынан кесіліп- тесілген жарасы бар 20 жастағы науқас жеткізілген. Жара омыртқаны жазатын бұлшықеттің сыртқы жиегінде ХІІ қабырға астында анықталды. Қандай мүше зақымдалуы мүмкін?
+ Оң жақ бүйрек
Асқазан
Соқыр ішек
Тік ішек
Ұйқы безі
80. 18 жастағы науқас оң жақ мықын аймағының ауырсынуына шағымданып келген.Ауырғанына 6 сағат өткен.Алғашқыда асқазаны ауырған, соңынан ауырсыну іштің төменгі жағына ауысқан. Науқас 1 рет құсты.Тексергенде оң жақ мықын аймағында ауырсыну анықталды.Қандай мүшенің қабынуы анықталды.
+ Соқыр ішек
Оң жақ бүйрек
Оң жақ бүйрекүсті безі
Тік ішек
Ұйқы безі
81. Миокард инфарктімен ауырған 72 жастағы науқас терапиялық бөлімнен хирургиялық бөліміне шұғыл ауыстырылған.Бірнеше күн бұрын іші қатты ауырған.Кәзіргі уақытта жайылмалы перитонит белгілері бар.Операцияда тоқ ішекпен сигма тәрізді ішектердің сол жақ бөлігінің гангренасы анықталды.Қандай тамырдың қан өтуі бұзылған?
+ Төменгі шажырқай
Жоғарғы шажырқай
Жоғарғы құрсақүсті
Құрсақ сабауы
Төменгі құрсақүсті
82.Жарақат кезінде жрақаттанған адамның санының артқы топ бұлшық еттерінің қызметі бұзылды. Осы жағдайда тізе буынының қандай қызметі бұзылады?
+ Бүгу
Әкету
Әкелу
Бұру
Жазу
83.Науқасқа сапасыз бұлшықетішілік инъекциядан кейін үлкен бөксе бұлшықеттінің абсцесі пайда болды. Жамбас буынының қандай қызметі шектеледі?
+ Сыртқа бұру
Әкету
Әкелу
Бүгу
Ішке бұру
84.Иық буыны аймағының ревматоидты жарақаты кезінде, жарақаттанған адамның иық буынында әкелу қызметінен басқа қозғалыстар шектеулі болды. Осы аймақтың қандай бұлшық еті жарақаттанды?
Бұғанаасты
+ Дельта тәрізді
Жауырынасты
Кіші жұмыр
Үлкен жұмыр
85.Құрсақ қуысына операция жасау үшін, құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасын кесіп ашады. Құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының қай бөлігін аз қансыз кесуге болады.
+ Ақ сызықты
Оң жақ шап аймағын
Оң жақ бүйр аймақты
Сол жақ бүйір аймақты
Сол жақ шап аймағын
86.Жарақаттанған аяқбасының бөлігін Шопаров буыны арқылы кесіп алып тастауы қажет. Бұл операцияны істеу үшін қандай байламды кесу қажет?
+ Айырық
Қайықша тәрізді
Латеральды
Медиальді
Табан
87.Адамның құлаған салдарынан тоқпан жіліктің сынуы болды. Тоқпан жіліктің жиі кездесетін сыну орнын көрсетіңіз.
+ Хирургиялық мойын
Анатомиялық мойын
Дельта тәрізді бұдырмақ
Кіші төмпешік
Үлкен төмпешік
88. Рентгендік тексеріс кезінде плевритпен ауырған науқастың өкпеқап қуысында сұйықтық табылды. Өкпеқап қуысының қандай ең терең қойнауына сұйықтық жиналуы мүмкін?
+ Қабырға- көкеттік
Алдыңғы қабырға – көкірекаралықтық
Алдыңғы көкет – көкірекаралықтық
Артқы қабырға – көкірекаралықтық
Артқы көкет – көкірекаралықтық
89.Рентген пунктіне мойынның бұғана үсті аймағына пышақтық жарақатымен жарақат түсті. Жарақат жағында пневмоторокс анықталды. Мойынның жарақаты қандай деңгейде болды?
+ І қабырғадан 5 см жоғары
Бұғанадан 2 см жоғары
Бұғанадан 5 см жоғары
Бұғанадан 6 см жоғары
І қабырғадан 6 см жоғары
90.Рентген пунктіне ортаңғы қолтық сызығында кеуденің оң жағының жарақатымен науқас түсті. Тексеріс кезінде, жарақат жағында пневмоторокс анықталды. Қандай
қабырғаның деңгейінде жарақат болуы мүмкін?
+VI
IX
X
XI
XII
91. Өңештің кеуде бөлімінің ісігін алу үшін көкірекаралыққа кіру керек. Осы операцияны өткізу үшін көкірекаралықтың қай бөліміне өту керек?.
+ Артқы
Алдыңғы
Ортаңғы
Төменгі алдыңғы
Төменгі ортаңғы
92.Травмпунктке тігіс инесін кездейсоқ жұтқан жарақат түсті. Аурухананың қабылдау бөлімінде рентгендік, тексеріс кезінде, ине 12-елі ішектен табылды. Инені табуда, 12-елі ішектің ішастарға қатысты қай бөлімін хирург саусақтарымен ұстап алуы мүмкін.
+ Жоғарғы
Горизонтальді
Жоғарлаған
Төмендеген
Төменгі
93. Науқастың құрсақ қуысының омыртқа жотасының алдында, жоғарыдан төмен және солдан оң бағытта қиғаш орналасқан, ісігі табылды. Ісіктің орналасқан жерін көрсетіңіз?
+ Жіңішке ішектің шажырқайының түбірінде
Бауырлық қалтада
Көлденең жиекті ішектің шажырқайында
Кіші шарбы қалтасында
Сигма тәрізді ішектің шажырқайында
94.Құрсақ қуысының операциясы кезінде кіші шарбы қабына кіруі қажет. Кіші шарбыны бұзбай ішастардың осы қабына қандай тесік арқылы өте алады?
+ Шарбылық
Кардиальді
Мықын- соқырішектік
Пилорикалық
Шажырқайлық
95. Науқаста ас түйіршігінің өңештен өтуіне кедергі туады. Рентгендік тексеріс кезінде,
Ү кеуде омыртқасының деңгейінде астың өңештен өтпеуі анықталды. Өңештің осы бөлігінде ас түиіршігінің өтуіне қай мүшенің ісігі кедергі жасайды?
+ Кеңірдектің
Айырша бездің
Жұтқыншақтың
Көмекейдің
Қалқанша безінің
96.Клиникаға, өнштің ауыр химиялық күйігімен, науқас түсті. Біраз уақыттан кейін науқаста ішастардың қабыну симптомдары (перитонит) пайда болды. Өңештің қай бөлімінің қабырғасы көп мөлшерде жарақатталды?.
+ Құрсақтық
Жоғарғы
Кеуделік
Мойындық
Ортаңғы
97.40 жыл бойы темекі тартқан 76 жасар еркек адамда атеросклероздың ауыр түрі анықталды. Қандай артерияның атеросклероздық тарылуы несепқуықтың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуына әкеп соқтырады?
+ Ішкі мықын
Бүйір сегізкөз
Сыртқы мықын
Төменгі құрсақүсті
Ішкі жыныс
98. Білегінің жарақаты бар науқасқа иықтың ортаңғы үштен бір бөлігіне жгут салынды. Травматологиялық бөлімге жеткізілгеннен кейін, 30 минут өткенде, қол басы салбырап, білегі мен қол басының сыртқы беткейінде сезімталдығы төмендеп, қол басы мен саусақтарының жазылуы бұзылды. Жгут салу кезінде қандай нерв зақымдалды.
+ Кәрі жілік
Қолтық
Медиальді иық
Ортаңғы
Шынтақ
99.Үй шаруасындағы әйел, қаңылтыр банкісын ашу кезінде, білезіктің көлденең қатпары тұсынан жарақат алды. Тексергенде: қол басының қозғалысы толық сақталған, І,П,Ш и 1/2 ІҮ саусақтардың тактильды ауру сезімі жоғалған. Қай нервтің зақымданғаның көрсетіңіз.
+ Ортаңғы
Кәрі жілік
Қолтық
Медиальді иық
Шынтақ
100.Науқастың сол жақ өкпе түбірі аймағында рак ісігі анықталды. Науқастың жағдайы нашарлаған сайын дауысы қарыла бастады. Сол жақ өкпе түбірінің синтопиясын ескере отырып, дауысының қарылғаны кезбе нервтің қандай тармағымен байланысты?.
+ Қайырылма көмекей
Бронхтық
Жүректік
Өкпелік
Өңештік
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 430 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
У больного с диагнозом пародонтит врач рекомендовал кюретаж. Какие противопоказания для данного метода лечения? | | |