Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Несеп шығарғыш өзектің қандай бөліміне тұқым шашатын түтік ашылады?



3 вариант

 

1.Несеп шығарғыш өзектің қандай бөліміне тұқым шашатын түтік ашылады?

+ Қуықасты бездік

Астаулық

Буылтықтық

Жарғақтық

Кеуектік

 

2.Өт шығаратын түтік қандай мүшеге барып ашылады?

+ 12-елі ішектің төмендеген бөліміне

Асқазанның пилорикалық бөліміне

12-елі ішектің жоғарғы бөліміне

12-елі ішектің гоизонтальды бөліміне

12-елі ішектің жоғарлаған бөліміне

 

3.Көз алмасының талшықты қабығының бөлімдерін атаңыз.

+ Ақ қабық, мүйізді қабық

Кірпікті дене,нұрлы қабық

Көзбұршақ, нұрлы қабық

Нұрлы қабық, қарашық

Торлы қабық нұрлы қабық

 

4. Оң жақ бүйректің алдыңғы бетінің жоғарғы үштен екі бөлігін жанай орналасқан мүшені атаңыз:

+ Бауыр

Асқазан

Көкбауыр

Ұйқы безі

12 елі ішек

 

5.Қандай веналардың қосылуларынан жоғарғы қуыс вена түзіледі?

+ Оң және сол жақ иық - бас

Бұғанаасты және қолтық

Жоғарғы және төменгі қуыс

Сыңар және жартылай сыңар

Ішкі және сыртқы мойындырық

 

6.Ер адамның несеп шығарғыш өзегінің жарғақты бөлімі қандай құрылым арқылы өтеді?

+ Сыртқы жыныс мүшесінің кеуекті бөлімінен

Жамбас астау көкетінен

Қуық асты безінен

Несеп-жыныс көкетінен

Сыртқы жыныс мүшесінің үңгірлі бөлімінен

 

7. Қанат-таңдай түйініне келіп үзілетін парасимпатикалық нервті атаңыз:

+ N. petrosus major

N. auricularis

N. petrosus minor

N. nasociliaris

N. chorda tympani

 

8.Жұтқыншақтың бөлімдерін атаңыз:

+ Мұрындық, ауыздық,көмекейлік

Бастық, мойындық, кеуделік

Түтіктік, көмейлік, мұрындық

Түтіктік, ауыздық, көмекейлік

Мұрындық, түтіктіктік, көмекейлік

 

9. Ішкі кеуде артериясының соңғы тармақтарын атаңыз:

+ Жоғарғы құрсақүстілік,бұлшықет-көкеттік

Көлденең мойын, жоғарғы құрсақүсті

Қабырға –мойын, көлденең мойын

Төменгі құрсақүстілік, көлденең мойын

Төменгі қалқанша бездік, қабырға –мойын



 

 

10.Жоғарлаған жиекті ішекті қанмен қамтамасыз ететін артерияны атаңыз:

+ Жоғарғы шажырқай

Құрсақ сабауы

Сыртқы мықын

Төменгі шажырқай

Ішкі мықын

 

11.Қандай ішектің шырышты қабығына лимфойдты табақшалар(Пейеров табақшалары)тән:

+ Мықын

Аш

Жиекті

Он екі елі

Соқыр

 

12.Көкірекаралықтың артқы қабырғасын қандай анатомиялық құрылым түзеді?

+ Омыртқа жотасы

Көкірекаралық плевра

Көкет

Көкірек клеткасының жоғарғы тесігі

Төстік

 

13.Жүректің сол жақ жүрекше-қарыншалық тесігі қандай қақпақпен жабдықталған:

+ Екі жармалы

Жарты ай тәрізді

Қолқалық

Тәждік

Үш жармалы

 

14.Кезбе нервтің парасимпатикалық ядросын атаңыз:

+ Дорсальды

Жоғарғы сілекей бөлгіш

Қосымша

Ортақ

Төменгі сілекей бөлгіш

 

15.Бауырды оң және сол жақ үлестерге бөлетін байламды атаңыз:

+ Орақ тәрізді

Бауыр –он екі елі ішек

Бауыр -асқазан

Веналық

Жұмыр

 

 

16. Жүректің оң жақ жүрекше-қарыншалық тесігі қандай қақпақпен жабдықталған:

+ Үш жармалы

Екі жармалы

Жарты ай тәрізді

Қолқалық

Тәждік

 

17.Іш қолқасының жұп висцеральды тармағын атаңыз:

+ Бүйрек

Жоғарғы шажырқай

Көкбауыр

Ортаңғы сегізкөз

Төменгі шажырқай

 

18.Өкпенің құрылымдық - қызметтік бірлігін атаңыз:

+ Ацинус

Гепатон

Нефрон

Сегмент

Үлес

 

 

19. Көмейдің төменгі шекарасы қандай мойын омыртқасының деңгейінде орналасады?

+ ҮІ

ІІ

ІІІ

ІҮ

Ү

 

20.Жүректің оң жақ жүрекшесіне қандай қан тамырлары құяды?

+ Жоғарғы, төменгі қуыс веналар

Оң және сол жақ иық- басы веналары

Қолқа, өкпе сабауы

Оң және сол жақ өкпе веналары

Оң және сол жақ өкпе артериялары

 

21.Тілдің меншікті бұлшықеттерін нервтендіретін нервті атаңыз:

+ Тіласты

Кезбе

Қосымша

Үшкіл

Тіл -жұтқыншақ

 

22. Санның артқы тобының бұлшықеттерін нервтендіретін нервті атаңыз:

+Шонданай

Жапқыш

Мықын- шап

Сан

Сан-жыныс

 

23.Жатырдың бөлімдерін атаңыз:

+ Түбі, денесі, мойыны

Басы, денесі,құйрығы

Басы, мойыны, денесі

Ұшы, дкенесі, түбі

Ұшы, денесі мойыны

 

24. Бұғанаасты артериясының үшінші бөлімінің тармағын атаңыз:

+ Мойынның көлденең артериясы

Омыртқалық

Қалқан-мойын сабауы

Қабырға-мойын сабауы

Ішкі кеуделік

 

25.Иықтың артқы тобының бұлшықеттерін нервтендіретін нервті атаңыз:

+ Кәрі жілік

Бұлшықет-тері

Қолтық

Ортаңғы

Шынтақ

 

2 6. Мидың латеральді жүлгесіне енетін артерияны атаңыз:

+ Ортаңғы милық

Алдыңғы милық

Алдыңғы жұлындық

Артқы милық

Артқы жұлындық

 

27. Қақпа венасын түзуге қатысатын венаны атаңыз:

+ Жоғарғы шажырқай

Бүйрек

Бауыр

Жоғарғы көкет

Төменгі көкет

28. Бұғанаасты артериясының сатыаралық кеңістіктің ішінде беретін тармағын атаңыз:

+Қабырға-мойын

Жауырынүсті

Қалқанша -мойын

Мойынның көлденең артериясы

Омыртқа

29. Тілдің шырышты қабығының алдыңғы үштен екі бөлігін қандай нерв нервтендіреді?

+ Үшкіл

Кезбе

Қосымша

Тіласты

Тіл -жұтқыншақ

30. Көз алмасының жоғарғы қиғаш бұлшықетін нервтендіретін нервті атаңыз:

+ Шығыршық

Әкететін

Көз

Көз- қозғалтқыш

Көру

31. Төменде көрсетілген суреттегі жүректің белгіленген № 1 артериясын атаңыз.

 

 

+Сол жақ тәждік

Алдыңғы қарыншааралық

Артқы қарыншааралық

Айналып өтетін тармақ

Оң жақ тәждік

32. Төменде көрсетілген суреттегі сыртқы жыныс мүшесінің белгіленген № 7 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

 

+Кеуекті дененің буылтығы

Буылтық- кеуекті бұлшықет

Үңгірлі дене

Үңгірлі дененің аяқшасы

Шонданай – үңгірлі бұлшықет

 

 

33. Төменде көрсетілген суреттегі бел-сегізкөз өрімінің белгіленген № 5 тармағын атаңыз.

 

+ Сан

Жапқыш

Мықын-құрсақасты

Мықын-шап

Сан-жыныс

 

34. Төменде көрсетілген суреттегі сегізкөздің белгіленген №5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Негізі

Алдыңғы сегізкөз тесіктері

Астаулық беті

Латеральді бөлімі

Ұшы

 

 

3 5. Төменде көрсетілген суреттегі бауырдың белгіленген № 1 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Қақпа венасы

Құйрықты бөлім

Өт шығарғыш өзек

Төменгі қуыс вена

Шаршы бөлім

 

 

 

 

3 6. Төменде көрсетілген суреттегі сирақ сүйектері байланысының белгіленген №3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+Асықты жілік бұдырмағы

Медиальді толарсақ

Медильді, латеральды айдаршықтар

Кіші жіліншіктің басы

Сүйекаралық жарғақ

 

37. Төменде көрсетілген суреттегі өкпенің белгіленген № 3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Ортаңғы үлес

Көлденең саңылау

Қиғаш саңылау

Өкпе веналары

Ұшы

 

 

38. Төменде көрсетілген суреттегі аяқ басының белгіленген № 2 сүйегін атаңыз.

 

 

+ Текше

Қайықша

Латеральды сына тәрізді

Медильді сына тәрізді

Топай

 

39. Төменде көрсетілген суреттегі бет сүйектерінің сагитальды кесіндісінің белгіленген № 5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Күректістік өзек

Желбезек

Перпендикулярлы табақша

Таңдай өсіндісі

Хоана

 

 

 

40. Төменде көрсетілген суреттегі құрсақ қуысының белгіленген №7 венасын атаңыз.

 

+ Қақпа

Асқазан

Жоғарғы шажырқай

Көкбауыр

Төменгі шажырқай

 

 

41. Төменде көрсетілген суреттегі бет нервісінің белгіленген № 6 тармағын атаңыз:

 

+ Ұрттық

Беттік

Мойындық

Самайлық

Төменгі жақтың жиектік

 

 

 

42. Төменде көрсетілген суреттегі омыртқа жотасының бас сүйекпен байланысының белгіленген № 2 байламын атаңыз.

 

+ Желеклік

Алдыңығы ұзына бойлы

Артқы ұзына бойлы

Қылқанаралық

Қылқанүсті

 

 

43. Төменде көрсетілген суреттегі бет нервісінің белгіленген №6 тармағын атаңыз:

 

+ Артқы құлақшалық

Беттік

Самайлық

Төменгі жақтың жиектік

Ұрттық

 

 

 

 

44. Төменде көрсетілген суреттегі мидың негізінің белгіленген № 5 артериясын атаңыз.

 

 

+ Негізгі (базилярлы)

Алдыңғы милық

Артқы милық

Ортаңғы милық

Ішкі ұйқы

 

4 5. Төменде көрсетілген суреттегі арқаның белгіленген № 3 бұлшықетін атаңыз.

 

+ Артқы төменгі тісшеленген

Арқаның аса жалпақ

Жауырынды көтеретін

Ромб тәрізді

Трапеция тәрізді

 

 

 

4 6. Төменде көрсетілген суреттегі бас пен мойын аймағының белгіленген №4 венасын атаңыз

 

+ Ішкі мойындырық

Алдыңғы мойындырық

Беткей самайлық

Жоғарғы қалқанша

Сыртқы мойындырық

 

47. Төменде көрсетілген суреттегі кеуде омыртқасының белгіленген №1 анатомиялық құрылымын атаңыз.

+Қабырғалық шұңқырша

Доға аяқшалары

Денесі

Қылқанды өсінді

Төменгі буын беті

 

 

 

48. Төменде көрсетілген суреттегі иық белдеуі және иықтың белгіленген № 2 бұлшықетін атаңыз.

 

 

+ Жауырынасты

Алдыңғы тісшеленген

Екібасты бұлшықеттің ұзын басы

Екібасты бұлшықеттің қысқа басы

Үлкен жұмыр

 

49. Төменде көрсетілген суреттегі тілдің белгіленген № 7 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Тіл бадамша безі

Таңдай бадамша безі

Таңдай- тілдік доға

Таңдай – жұтқыншақтық доға

Шекаралық жүлге

 

50. Төменде көрсетілген суреттегі құрсақ қуысының белгіленген №7 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+Шарбылық тесік

Көкбауыр

Оң жақ жиектік иілім

Үлкен шарбы

Ұйқы безі

 

 

51. Төменде көрсетілген суреттегі иық белдеуі және иықтың белгіленген № 1 бұлшықетін атаңыз.

 

 

 

+ Қылқанүсті

Кіші жұмыр

Қылқанасты

Үш басты бұлшықеттің ұзын басы

Үлкен жұмыр

 

 

 

52. Төменде көрсетілген суреттегі қол басының белгіленген № 5 сүйегін атаңыз.

 

+Қайықша тәрізді

Жартыай тәрізді

Трапеция тәрізді

Үш қырлы

Ілмек тәрізді

 

 

53. Төменде көрсетілген суреттегі бас сүйектің белгіленген № 5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Иек тесігі

Бет сүйегі

Көзасты тесігі

Маңдай сүйек

Мұрын сүйегі

 

54. Төменде көрсетілген суреттегі ішкі құлақтың белгіленген № 6 анатомиялық құрылымды атаңыз.

 

+ Эллипсті қапшық

Латералды жарғақты түтік

Сфералы қапшық

Ұлу түтігі

Эндолимфалық түтік

 

 

55. Төменде көрсетілген суреттегі омыртқа жотасының белгіленген № 5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+Алдыңығы ұзына бойлы байлам

Артқы ұзына бойлы байлам

Қылқанаралық байлам

Қылқанүсті байлам

Омыртқааралық диск

 

 

56. Төменде көрсетілген суреттегі аяқ ұшының белгіленген № 8 артериясын атаңыз.

 

 

+Латеральды тілерсек

Доғатәрізді

Дорсальды табан

Дорсальды бақай

Медиальды тілерсек

 

 

 

57. Төменде көрсетілген суреттегі сегізкөздің белгіленген № 4 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+ Ортаңғы сегізкөз қырқасы

Аралық сегізкөз қырқасы

Құлақшалық буын беті

Латеральды сегізкөз қырқасы

Сегізкөз өзегі

 

58. Төменде көрсетілген суреттегі үшкіл нервтің белгіленген № 6 тармағын атаңыз.

 

 

 

+ Көздік

Әкеткіш

Көзжасылық

Мұрын- кірпіктік

Шығыршықты

 

 

 

 

59. Төменде көрсетілген суреттегі № 4 тісті атаңыз.

 

 

+ Премоляр

Ит тіс

Латеральды күрек тіс

Медиальды күрек тіс

Моляр

 

 

60. Төменде көрсетілген суреттегі есту мүшесінің белгіленген №1 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+Жартылай дөңгелекті өзек

Балғашық

Есту түтігі

Сыртқы есту жолы

Ұлу

 

61. Төменде көрсетілген суреттегі бастың белгіленген №4 ымдау бұлшықетін атаңыз.

 

 

 

+ Ауыздың дөңгелек

Езуді түсіретін

Иектік

Көздің дөңгелек

Төменгі ерінді түсіретін

 

6 2. Төменде көрсетілген суреттегі мойын өрімінің белгіленген № 7 тармағын атаңыз.

 

+ Тіласты нерісінің жоғарғы түбіршігі

Кіші шүйде нерві

Мойын өрімінің төменгі түбіршігі

Мойынның көлденең нервісі

Үлкен құлақ нерві

 

 

 

63. Төменде көрсетілген суреттегі әйел жыныс мүшелерінің белгіленген №7 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+Жатыр тесігі

Жатыр түтігінің ампуласы

Жатыр түтігінің қылтасы

Жатыр мойнының өзегі

Қынап күмбезі

 

 

 

64. Төменде көрсетілген суреттегі сирақ және аяқ басының белгіленген №3 бұлшықетін атаңыз.

 

+ Ұзын башпайды жазғыш

Алдыңғы асықты жілік

Ұзын бақайларды жазғыш

Қысқа бақайларды жазғыш

Қысқа башпайды жазғыш

 

 

65. Төменде көрсетілген суреттегі қолдың белгіленген № 3 венасын атаңыз.

 

+ V. intermedia cubiti

V. basilica

V. cephalica

V. radialis

V. ulnaris

 

66. Төменде көрсетілген суреттегі ауыз қуысының белгіленген № 1 анатомиялық құрылымын атаңыз.

+ Жоғарғы жүгеншік

Таңдай- тілдік доға

Таңдай –жұтқыншақтық

Тілшік

Қатты таңдай

 

67. Төменде көрсетілген суреттегі көз алмасының горизонтальды кесіндісінің белгіленген № 2 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Көзбұршақ

Кірпікті дене

Мөлдір қабық

Нұрлы қабық

Шыны тәрізді дене

 

 

 

 

 

68. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас белдеуі және санның белгіленген № 4 бұлшықетін атаңыз.

 

+ Нәзік

Алмұрт тәрізді

Тігінші

Төртбасты

Ішкі жапқыш

 

 

69. Төменде көрсетілген суреттегі төменгі жақтың белгіленген №7 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Тәждік өсінді

Иек тесігі

Төменгі жақ тесігі

Тілігі

Тармағы

 

70. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас белдеуінің белгіленген №3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+ Алмұртасты тесігі

Алмұрт бұлшықеті

Алмұртүсті тесігі

Сегізкөз-қылқандық байлам

Сегізкөз- төмпелік байлам

 

 

71. Науқаста қарақұс тұсындағы жарақатынан кейін, көру қызметі жойылды.Мидың шүйде үлесінің медиальді бетінде патологиялық үрдіс анықталды.Көру анализаторының қыртыс орталығы қай жерде орналасады?

+ Құс тепкі жүлгесінің маңында

Бұрыштық қатпарда

Жиекүсті қатпарда

Тілдік қатпарда

Тісті қатпарда

 

 

72. Бас сүйек негізі сүйектерінің рентгендік тексеріс кезінде түрік ершігі шұңқырының ұлғаюы және түрік ершігінің кейбір бөліктерінің бұзылуы анықталды.Қай эндокринді бездің ісігі осы бұзылысқа әкеп соқтыруы мүмкін?

+ Гипофиз

Айырша без

Қалқанша без

Қалқаншамаңы безі

Эпифиз

 

73. Емханаға өңештің жоғарғы бөлімі ісігінің күдігімен 65 жастағы науқас түсті.Рентгенологиялық тексеріс кезінде жұтқыншақпен өңештің шекарасында ісік үрдісі байқалды. Қандай мойын омыртқаларының деңгейінде орналасады?

+ 6.

2.

3.

4.

5.

 

74. Көзұясының төменгі қабырғасының қабыну процессінің салдарынан емдеу

шарасы қолданбаған жағдайда ірің мұрын қуысының төменгі мұрын жолына

таралуы мүмкін. Қандай анатомиялық құрылым осы аймақтарды

байланыстырады?

 

+ Мұрын – көзжасы өзегі ік

Жоғарғы көзұясы саңылауы

Көру өзегі

Алдыңғы торлы тес

Төменгі көзұясы саңылауы

 

75. Бас сүйектің рентгенологиялық тексерісі кезінде маңдай сүйектің қабыршақты бөлімінің ішкі бетіндегі жүлгенің өзгерісі анықталды. Қандай қойнаудың жүлгесі туралы айтылған?

+Жоғарғы сагитальды

Көлденең

Сигма тәрізді

Төменгі сагитальды

Төменгі тастақты

 

 

76.Құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы жауырын аймағында жарақат алды.Осының салдарынан жауырынның сыртқы бетінде орналасқан бұлшықеттер зақымдалды.Иық буынының қандай қызметі бұзылады?

+ Сыртқа бұру

Әкелу

Бүгу

Жазу

Ішке бұру

 

77.Көше жарақаты кезінде, кіші жіліншіктің жарықшақтық ашық сынығы болды. Осындай жарақаттың салдарынан қандай бұлшықеттер зақымдалады?

+ Ұзын және қысқа кіші жіліншік

Алдыңғы және артқы асықты жілік

Балтыр және табан

Камбала тәрізді және асықты жілік

Үшбасты және табан

 

 

78.Аяқтың медиальді толарсағының сынуы кезінде, жарақаттанушының сирақ бұлшықетінің сіңіріне зақым келді. Төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысының сіңірі зақымдалды?

+ Артқы асықты жілік

Балтыр

Камбала тәрізді

Үшбасты

Ұзын кіші жіліншік

 

79. Теннис кортында жаттығушы аяқ басын қайырып алды, осы жарақаттың салдарынан кіші жіліншіктің латеральді толарсағы сынды, жарақаттанушының сирақ бұлшықетінің сіңіріне зақым келді. Төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысының сіңірі зақымдалды?

+ Ұзын кіші жіліншік

Артқы асықты жілік

Балтыр

Камбала тәрізді

Үшбасты

 

80.Туберкулез процессінің салдарынан науқастың ортан жілік басының байламы бұзылды. Қолмағол хирургиялық ем қолданбаған жағдайда науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?

+ Ортан жіліктің басының өлеттенуі

Бұдырылы сызықтың бұзылуы

Кіші ұршықтың өлеттенуі

Үлкен ұршықтың өлеттенуі

Шонданай шодырының өлеттенуі

 

81.Аурухананың қабылдау бөліміне оқпен жараланған көп мөлшерде қан кетуімен жаралы түсті.Тексеріс кезінде оқ өзегінің құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасы, асқазанның күмбезі арқылы өтіп, сол жақ ортаңғы қолтық сызығымен IX қабырға деңгейінде өткені анықталды.Асқазанның жаралуымен бірге қандай мүше зақымдалды?

+ Көкбауыр

Бауыр

Соқыр ішек

Сигма тәрізді ішек

12- елі ішек

 

82. Аурухананың қабылдау бөліміне қанды құсықпен сол жақ қабырғаасты аймағында жараланған адам түсті.Бұл жаралану кезінде қандай мүше зақымдалды?

+ Асқазан

Бауыр

Соқыр ішек

Сигма тәрізді ішек

12- елі ішек

 

83.Кеуденің оң жақ бөлімінің жаралануымен госпитальға жараланған адам түсті. Жаралану өзегі бұғанаорта сызығы бойымен V қабырғааралық арқылы өтті. Кеуденің оң жақ бөлімі және оң жақ өкпенің жаралануымен бірге қандай мүше зақымдалды?

+ Бауыр

Асқазан күмбезі

Бүйрек

Көкбауыр

Соқыр ішек

 

84.Жарақатанушыны тексеру кезінде сол жақ бүйректің ортаңғы үштен бір бөлігінің жаралануы анықталды. Сол жақ бүйректің синтопиясын ескере отырып, қандай мүшенің тұтастығын міндетті түрде тексеру керек?

+ Ұйқы безі

Сигма тәрізді ішек

Соқыр ішек

Бауыр

12- елі ішек

 

85. Жарақатанушыны тексеру кезінде оң жақ бүйректің жоғарғы үштен бір бөлігінің жаралануы анықталды.Оң жақ бүйректің синтопиясын ескере отырып, қандай мүшенің тұтастығын міндетті түрде тексеру керек?

+ Бауыр

Асқазан

Көкбауыр

Соқыр ішек

Сигма тәрізді ішек

 

86. Жарақатанушыны тексеру кезінде сол жақ бүйректің жоғарғы үштен бір бөлігінің жаралануы анықталды. Сол жақ бүйректің синтопиясын ескере отырып, қандай мүшенің тұтастығын міндетті түрде тексеру керек?

+ Асқазан

Бауыр

Соқыр ішек

Сигма тәрізді ішек

12- елі ішек

 

87.40 жастағы науқас сол жақ көз шарасынан пышақпен жарақат алды.Көз алмасына зақым келмеді, бірақ толығымен көру қабілетінен айырылды. Қандай нервке зақым келуі мүмкін?

+ Көру

Әкеткіш

Көз-қозғалтқыш

Көздік

Шығыршықты

 

88.Науқас сол жақ көзінен көп мөлшерде көз жасының бөлінуіне шағымданды.Науқастың мұрын қуысының төменгі мұрын кеуелжірі аймағында шырышты қабықтың гипертрофиясы байқалды.Осы шырышты қабықтың гипертрофиясы нәтижесінде, қандай өзектің шығарушы тесігі тарылып қысылды?

+ Мұрын – көзжасы

Күректістік

Көру

Сына - таңдай

Үлкен таңдай

 

89. 36 жастағы науқаста қалқанша безін кесіп алу операциясын жасау кезінде тыныс алуы бұзылып, дауысы қарлыға бастады. Осы операцияны жасау кезінде қандай нервке зақым келген?

+ Жоғарғы көмекей

Қосымша

Қайырылма көмекей

Тіласты

Тіл- жұтқыншақ

 

90. Науқаста өңештің мойын бөлігінің қатерлі ісігі, дисфагия симптомы анықталады, бірнеше күн бойы дауысының қарлығуы күшейе бастады.

Қандай нервтің тармағы патологиялық процесске ұшырап, аталған симтомдарды тудырады?

+ Кезбе

Қосымша

Тіл- жұтқыншақ

Тіласты

Үшкіл

 

91.Ауруханаға ауыр бас сүйек-милық жарақатымен төменгі жақ аймағында жұмсақ ұлпасы жаншылған, қатты қанталаған жарасы бар науқас түсті.Қан кетуін азайту үшін қандай тамырды байлау керек?

+ Сыртқы ұйқы

Бұғанаасты

Омыртқа

Тіл

Ішкі ұйқы

 

92.Мойын аймағының терең флегмонасындағы тампонды алғанда тоқтаусыз алқызыл түсті қан кеткен. Қанды тоқтату үшін қандай артерияны байлау қажет?

+ Жалпы ұйқы

Бұғанаасты

Жоғарғы жақ

Омыртқа

Қалқанша- мойын

 

93.Науқастың бұғанаасты венасына сәтсіз пункция жасағаннан кейін, осы пункция тұсында иық, білек, қол басы аймағына иррадиация беретін ауырсынулар пайда болды?Қандай анатомиялық құрылымның зақымдалуы орын алды?

+ Иық өрімінің

Кезбе нервтің

Қосымша нервтің

Мойын өрімінің

Симпатикалық сабаудың

 

94.Науқас өкпе қабынуы бойынша бірнеше күн емделіп жатыр, соңғы уақытта жағдайы нашарлай бастады, бақылау рентгенде өкпе қуысында сүйық деңгейі анықталды. Сұйықтың көп мөлшері өкпеқаптың қандай ең терең қойнауына жиналуы мүмкін?

+ Қабырға-көкеттік

Көкет-көкірекаралықтық

Көкірекаралық -қабырғалық

Көкірекаралық- көкеттік

Қабырға- көкірекаралықтық

 

95. Науқаста сол өкпенің қатерлі ісігі анықталған. Ісік түбір аймағында орналасады, жағдайы нашарлағанда дауыс қарылығуы пайда болды. Қандай нерв бұл үрдісте зақымдалды?

+ Көкеттік

Көкірекаралықтық

Кіші ішкімүшелік

Қайырылма көмекей

Үлкен ішкімүшелік

 

96. ЭКГ нәтижесінде науқас жүрегінің сол жақ қарыншасының алдыңғы қабырғасының инфаркті анықталған. Қай артерияның зақымдалуы орын алды?

+ Алдыңғы қарыншааралық

Артқы қарыншааралық

Жүрекқап- көкет

Көкірекаралық

Ішкі кеуде

 

97.3 жастағы бала деструктивтік стафилакокктік пневмониядан зардап шегеді.Жағдайы күрт төмендеген. Рентгенограммада сұйықтық анықталған.

Сұйықтың көп мөлшері өкпеқаптың қандай ең терең қойнауына жиналуы мүмкін?

+ Қабырға-көкеттік

Көкет-көкірекаралықтық

Көкірекаралық -қабырғалық

Көкірекаралық- көкеттік

Қабырға- көкірекаралықтық

 

98. Сол жақ 3-ші қабырғааралықта өкпеқан қуысына пышақ енген жарақатпен науқас түсті, массивті гемоторакс белгілері бар, жара өзегі алдынан артқа, жоғарыдан төмен және ішке қарай бағытталған. Қандай мүше жаралануы мүмкін?

+ Жүрек

Кеңірдек

Өңеш

Өкпе

Сол жақ бронх

 

99.70 жастағы науқаста сары ауру пайда болды. Тексергенде ұйқы безінің ісігі анықталды. Ісік ұйқы безінің қай бөлігінде орналасқан?

+ Басында

Денесінің алдыңғы бетінде

Денесінің артқы бетінде

Денесінің төменгі бетінде

Құйрығында

 

100. Шажырқай артерияларының тромбозынан 70 жастағы науқасқа операция жасалып жатыр.Барлық аш ішектің бөлімдері және тоқ ішектің оң жақ жартысы,көлденең жиекті ішектің бір бөлігі көкшіл түсті. Қандай қан тамырдың қан ағысы бұзылған?

+Жоғарғы шажырқай

Жоғарғы құрсақүсті

Құрсақ сабауы

Төменгі құрсақүсті

Төменгі шажырқай

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 219 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
· Гостиница Onward – это экономичная альтернатива PIC. Основная достопримечательность – свой аквапарк!!! | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.163 сек.)