Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Иық - бас сабауы қандай артерияларға бөлінеді:



10 вариант

 

1. Иық - бас сабауы қандай артерияларға бөлінеді:

+Оң жақ жалпы ұйқы, оң жақ бұғанаасты

Оң жақ омыртқалық, оң жақ бұғанаасты

Сол жақ жалпы ұйқы, оң жақ бұғанаасты

Сол жақ жалпы ұйқы, оң жақ жалпы ұйқы

Сол жақ жалпы ұйқы, оң жақ омыртқалық

 

2. Беткей кіші жіліншік нерві қандай өзекте орналасады:

+Жоғарғы бұлшықет- кіші жіліншік

Әкелуші

Жапқыш

Сирақ - тақым

Төменгі бұлшықет - кіші жіліншік

 

3. Шонданай нерві қандай тармақтарға бөлінеді:

+Асық жілік және жалпы кіші жіліншік

Жоғарғы және төменгі бөксе

Жыныс және жоғарғы бөксе

Жалпы кіші жіліншік және жапқыш

Сан және жапқыш

 

4.Қақпа венасын түзуге қатысатын венаны атаңыз:

+Жоғарғы шажырқай

Бүйрек

Бауыр

Жоғарғы көкет

Төменгі көкет

 

5.Жүректің тәждік қойнауы қайда ашылады?

+ Оң жақ жүрекшеге

Қолқа буылтығына

Оң жақ қарыншаға

Сол жақ жүрекшеге

Сол жақ қарыншаға

 

6. Қандай бас сүйек нервтерінің парасимпатикалық ядролары бар:

+III,VII, IX,X

I,II,V

IV, V, VI,

VIII, XI, XII

V, VI, IV.

 

 

7.Мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінің тесіктері арқылы қандай артерия өтеді:

+ Омыртқа

Жалпы ұйқы

Мойынның көлденең

Сыртқы ұйқы

Ішкі ұйқы

 

8. Мидың қатты қабығының ең ірі өсіндісін атаңыз:

+ Үлкен ми орағы

Жоғарғы ми желкені

Ершік көкеті

Мишық орағы

Төменгі ми желкені

 

9.Төменгі жақтың өсінділерін атаңыз:

+ Тәждік, айдаршықтық

Алдыңғы,артқы

Акромиальды, құстұмсықтық

Жоғарғы,төменгі

Емізіктік,біз тәрізді

10.Бас сүйектің төменгі жақтық өзегі арқылы қандай нерв өтеді?

+ Төменгі альвеолярлы

Бет

Жоғарғы альвеолярлы

Қосымша

Тіласты

 

11.Он екі елі ішек қандай бөлімдерден тұрады?

+ Жоғарғы, төмендеген, горизонтальды,жоғарлаған

Алдыңғы, ортаңғы, артқы,латеральды

Алдыңғы, ортаңғы, артқы,медиальды

Жоғарғы, ортаңғы, төменгі,медиальды



Жоғарлаған, горизонтальды, төмендеген,латеральды

 

12.Жауырынның өсінділерін атаңыз:

+ Құстұмсықты, акромиальды

Алдыңғы,артқы

Жоғарғы,төменгі

Қабырғалық,төстік

Тәждік, шынтақтық

 

13.Ұйқы безі қандай бөлімдерден тұрады?

+ Басы, денесі, құйрығы

Арқасы, ұшы, құйрығы

Басы, арқасы, түбі

Күмбезі, арқасы,түбі

Ұшы, мойыны, арқасы

 

14.Санның медиальды тобының бұлшықеттерін нервтендіретін нервті атаңыз:

+ Жапқыш

Мықын- шап

Сан

Сан-жыныс

Шонданай

 

15. Көру анализаторының қыртысасты орталығы қай жерде орналасады:

+ Ортаңғы ми қақпағының жоғарғы төбешіктерінде

Емізік тәрізді дене, ми аяқшаларында

Қара затта, ми аяқшаларында

Медиальді, бүйірлі иінді денелерде

Трапеция тәрізді,медиальді иінді денелерде

 

 

16. Жақасты түйініне келіп үзілетін парасимпатикалық нервті атаңыз:

+N. chorda tympani

N. auricularis

N. petrosus major

N. petrosus minor

N. nasociliaris

 

17.Төменде көрсетілген құрылымдардың қайсысы шап өзегінің алдыңғы қабырғасын түзеді?

+ Сыртқы қиғаш бұлшықеттің апоневрозы

Көлденең шандыр

Мықын – бел шандыры

Шап байламы

Ішкі қиғаш бұлшықеттің апоневрозы

 

18.Буынның негізгі элементін атаңыз:

+ Буын қапшығы

Буын еріншесі

Буынішілік байлам

Буындық диск

Буындық мениск

 

19.Тілдің шырышты қабығының артқы үштен бір бөлігін нервтендіретін нервті атаңыз:

+ Тіл-жұтқыншақ

Бет

Қосымша

Тіласты

Үшкіл

 

20.Бүйір қарыншалар қандай мидың қуысты қалдығы болып табылады?

+ Соңғы

Аралық

Жұлынның

Көпірдің

Ортаңғы

 

21. Өңештің физиологиялық тарылымын атаңыз:

+ Кардиальді

Бронхтық

Жұтқыншақтық

Көкеттік

Кеңірдектік

 

 

22.Ортаңғы құлақтың дабыл қуысының латеральды қабырғасы қалай аталады:

+ Жарғақтық

Емізік тәрізді

Лабиринттік

Мойындырық

Ұйқылық

 

23.Іш қолқасының висцеральды тақ тармағын атаңыз:

+Жоғарғы шажырқай артериясы

Бүйрек артериясы

Ортаңғы бүйрекүсті артерия

Төменгі көкет артериясы

Төменгі бүйрекүсті артерия

 

24.Аяқтың беткей веналарын атаңыз.

+ Үлкен және кіші теріасты

Алдыңғы және артқы асық жілік

Басты, негізгі

Сан, тақым

Медиальды, латеральды табан

 

 

25.Тақым артериясы қандай екі тармақтарға бөлінеді?

Аяқ басының сыртқы және терең сан

+ Алдыңғы және артқы асықты жіліктік

Алдыңғы және артқы қайтымды асықты жіліктік

Алдыңғы асықты жіліктік және кіші жіліншіктік

Медиальді және бүйір табан

 

26. Қанат-таңдай түйінінің түйінінен кейінгі талшықтары қандай құрылымдарды нервтендіреді:

Еріндерімен ұрттардың шырышты қабығының бездерін

Көз алмасының бұлшықаттерін

Көздің айналасындағы бұлшық еттерді

Құлақмаңы, жақасты, тіласты сілекей бездерін

+ Мұрын қуысы мен таңдайдың шырышты қабығының бездерін

 

27. Жоғарғы шажырқай артериясының тармағын атаңыз:

+ Оң жақ жиек

Бүйрек

Жоғарғы бүйрекүсті безі

Оң жақ асқазан

Төменгі бүйрекүсті безі

 

28. Қосымша нерв (ХI жұп) қандай бұлшықеттерді нервтендіреді:

+ Трапеция тәрізді, төс-бұғана-еміздік

Жауырын-тіластылық, жақ-тіл астылық

Ромб тәрізді, жауырынды көтеретін

Сатылы, қосқарыншалы

Төс-тіл асты, қалқан-тіл асты

 

29. Үшкіл нервтің ІІІ - тармағының бойында орналасқан вегетативті түйінді атаңыз:

+ Құлақ

Кірпік

Қанат – таңдай

Мүшеішілік

Мүшемаңы

 

30. Көз алмасының талшықты қабығының бөлімдерін атаңыз.

+ Ақ қабық, мүйізді қабық

Кірпікті дене,нұрлы қабық

Көзбұршақ, нұрлы қабық

Нұрлы қабық, қарашық

Торлы қабық нұрлы қабық

 

31. Төменде көрсетілген суреттегі ішкі құлақтың белгіленген № 4 анатомиялық құрылымды атаңыз.

 

 

+ Ұлу түтігі

Латералды жарғақты түтік

Сфералы қапшық

Эндолимфалық түтік

Эллипсті қапшық

 

32. Төменде көрсетілген суреттегі іш қуысының белгіленген № 8 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 


 

+ Кіші шарбы

Асқазан түбі

Бауыр - асқазандық байлам

Бауыр -он екі елі ішектік

Өңеш

 

33. Төменде көрсетілген суреттегі бет сүйектерінің сагитальды кесіндісінің белгіленген №4 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Таңдай өсіндісі

Желбезек

Күректістік өзек

Перпендикулярлы табақша

Хоана

 

34. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас белдеуі және санның белгіленген № 2 бұлшықетін атаңыз.

 

 

 

+ Алмұрт тәрізді

Нәзік

Тігінші

Төртбасты

Ішкі жапқыш

 

35. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас астауы және жамбас буынының белгіленген № 3 байламын атаңыз.

 

 

+ Сегізкөз- төмпелік

Алдыңығы ұзына бойлы

Мықын- белдік

Сегізкөз-мықындық

Сегізкөз- қылқандық

 

36. Төменде көрсетілген суреттегі мойын өрімінің белгіленген № 5 тармағын атаңыз.

 

+ Көкет нерві

Кіші шүйде нерві

Мойынның көлденең нервісі

Тіласты нерісінің жоғарғы түбіршігі

Үлкен құлақ нерві

 

 

37. Төменде көрсетілген суреттегі бастың сагитальды кесіндісінен белгіленген № 1 анатомиялық құрылымды атаңыз.

 

 

+ Есту түтігінің жұтқыншақтық тесігі

Жұмсақ таңдай

Көмей қақпашығы

Қатты таңдай

Түтіктік ерінше

 

38. Төменде көрсетілген суреттегі көмейдің белгіленген № 2 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+ Қалқанша – тіласты жарғағы

Жүзіктәрізді шеміршек

Жүзік – қалқаншалық жарғақ

Көмей қақпашығы

Тіласты сүйегі

 

 

39. Төменде көрсетілген суреттегі аяқ сүйектерінің белгіленген № 3 сүйегін атаңыз.

 

 

 

+ Тізе үсті

Асықты жілік

Жамбас сүйек

Кіші жіліншік

Ортан жілік

 

 

40. Төменде көрсетілген суреттегі жүректің белгіленген № 8 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Өкпелік артерия

Артериальды байлам

Жоғарғы қуыс вена

Жартыай тәрізді қақпақша

Еміздік тәрізді бұлшықет

 

41. Төменде көрсетілген суреттегі мидың қатты қабығының белгіленген №4 туындысын атаңыз.

+ Ми орағы

Жоғарғы сагитальді қойнау

Мишық орағы

Мишық шатыры

Төменгі сагитальді қойнау

 

42. Төменде көрсетілген суреттегі жүректің белгіленген № 3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Алдыңғы қарыншааралық тармақ

Оң жақ құлақша

Өкпе сабауы

Сол жақ жалпы ұйқы артерия

Төменгі қуыс вена

 

 

43. Төменде көрсетілген суреттегі үшкіл нервтің белгіленген № 5 тармағын атаңыз:

 

+ Төменгі

Жоғарғы жақтық

Көздік

Құлақ-самай

Төменгі альвеолярлық

 

 

44. Төменде көрсетілген суреттегі жауырынның белгіленген № 2 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Жауырынасты шұңқыры

Акромиальді өсінді

Буын беті

Жоғарғы бұрышы

Құстұмсық тәрізді өсінді

 

 

45. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас белдеуі мен санның белгіленген №4 бұлшықетін атаңыз.

 

 

+ Екі басты

Балтыр

Жартылай жарғақты

Жартылай сіңірлі

Ортаңғы бөксе

 

46. Төменде көрсетілген суреттегі қолдың белгіленген № 3 венасын атаңыз.

 

+ V. intermedia cubiti

V. basilica

V. cephalica

V. radialis

V. ulnaris

 

 

47. Төменде көрсетілген суреттегі сыртқы жыныс мүшесінің белгіленген №7 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

 

+ Кеуекті дененің буылтығы

Буылтық- кеуекті бұлшықет

Үңгірлі дене

Үңгірлі дененің аяқшасы

Шонданай – үңгірлі бұлшықет

 

 

48. Төменде көрсетілген суреттегі атланттың белгіленген № 2 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

 

+ Омыртқа артериясының жүлгесі

Алдыңғы төмпешік

Артқы төмпешік

Артқы доға

Бүйір массалар

 

 

49. Төменде көрсетілген суреттегі сегізкөздің белгіленген №5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+Негізі

Алдыңғы сегізкөз тесіктері

Астаулық беті

Латеральді бөлімі

Ұшы

 

 

50. Төменде көрсетілген суреттегі бауырдың белгіленген № 5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Меншікті бауыр артериясы

Құйрықты бөлім

Қақпа венасы

Төменгі қуыс вена

Шаршы бөлім

 

51. Төменде көрсетілген суреттегі сирақ сүйектері байланысының белгіленген №3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Асықты жілік бұдырмағы

Медиальді толарсақ

Медильді, латеральды айдаршықтар

Кіші жіліншіктің басы

Сүйекаралық жарғақ

 

 

52. Төменде көрсетілген суреттегі өкпенің белгіленген № 3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Ортаңғы үлес

Көлденең саңылау

Қиғаш саңылау

Өкпе веналары

Ұшы

 

 

53. Төменде көрсетілген суреттегі кезбе нервтің белгіленген № 3тармағын атаңыз.

 

+ Қайтарма көмей

Бронхтық

Жоғарғы көмей

Жұтқыншақтық

Төменгі көмей

 

 

54. Төменде көрсетілген суреттегі бет сүйектерінің сагитальды кесіндісінің белгіленген № 5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Күректістік өзек

Желбезек

Перпендикулярлы табақша

Таңдай өсіндісі

Хоана

 

 

55. Төменде көрсетілген суреттегі құрсақ қуысының белгіленген №7 венасын атаңыз.

 

 

+ Қақпа

Асқазан

Жоғарғы шажырқай

Көкбауыр

Төменгі шажырқай

 

 

56. Төменде көрсетілген суреттегі жүректің белгіленген № 1 артериясын атаңыз.

 

+ Сол жақ тәждік

Алдыңғы қарыншааралық тармақ

Артқы қарыншааралық тармақ

Айналма тармақ

Оң жақ тәждік

 

57. Төменде көрсетілген суреттегі омыртқа жотасының бас сүйекпен байланысының белгіленген № 2 байламын атаңыз.

 

+ Желеклік

Алдыңығы ұзына бойлы

Артқы ұзына бойлы

Қылқанаралық

Қылқанүсті

 

 

58. Төменде көрсетілген суреттегі кеуде қуысының белгіленген № 7 анатомиялық құрылымын а атаңыз.

 

+ Жоғарғы қуыс вена

Жүрекқап

Көкет нерві

Қолқа доғасы

Сол жақ иық - бас венасы

 

 

59. Төменде көрсетілген суреттегі мидың негізінің белгіленген № 5 артериясын атаңыз.

 

+ Негізгі (базилярлы)

Алдыңғы милық

Артқы милық

Ортаңғы милық

Ішкі ұйқы

 

 

60. Төменде көрсетілген суреттегі арқаның белгіленген № 3 бұлшықетін атаңыз.

 

+ Артқы төменгі тісшеленген

Арқаның аса жалпақ

Жауырынды көтеретін

Ромб тәрізді

Трапеция тәрізді

 

 

61. Төменде көрсетілген суреттегі жүректің белгіленген № 5 венасын атаңыз.

 

 

+ Жүректің ортаңғы

Жоғарғы қуыс

Жүректің үлкен

Тәждік қойнау

Төменгі қуыс

 

62. Төменде көрсетілген суреттегі кеуде омыртқасының белгіленген №1 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Қабырғалық шұңқырша

Доға аяқшалары

Денесі

Қылқанды өсінді

Төменгі буын беті

 

63. Төменде көрсетілген суреттегі иық белдеуі және иықтың белгіленген № 2 бұлшықетін атаңыз.

 

 

 

+ Жауырынасты

Алдыңғы тісшеленген

Екібасты бұлшықеттің ұзын басы

Екібасты бұлшықеттің қысқа басы

Үлкен жұмыр

 

64. Төменде көрсетілген суреттегі тілдің белгіленген № 7 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Тіл бадамша безі

Таңдай бадамша безі

Таңдай- тілдік доға

Таңдай – жұтқыншақтық доға

Шекаралық жүлге

 

 

65. Төменде көрсетілген суреттегі қол сүйектерінің белгіленген № 2 сүйегін атаңыз.

 

 

 

+Тоқпан жілік

Алақан сүйектері

Білезік сүйектері

Жауырын

Кәрі жілік

 

 

66. Төменде көрсетілген суреттегі иық белдеуі және иықтың белгіленген №7 бұлшықетін атаңыз.

 

 

 

+ Үлкен жұмыр

Кіші жұмыр

Қылқанасты

Қылқанүсті

Үш басты бұлшықеттің ұзын басы

 

67. Төменде көрсетілген суреттегі қол басының белгіленген № 5 сүйегін атаңыз.

 

+Қайықша тәрізді

Жартыай тәрізді

Трапеция тәрізді

Үш қырлы

Ілмек тәрізді

 

68. Төменде көрсетілген суреттегі бас сүйектің белгіленген № 5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Иек тесігі

Бет сүйегі

Көзасты тесігі

Маңдай сүйек

Мұрын сүйегі

 

 

69. Төменде көрсетілген суреттегі білек сүйектері байланысының белгіленген № 3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Сүйекаралық жарғақ

Біз тәрізді өсінді

Бұдырмақ

Басы

Шынтақ өсіндісі

 

70. Төменде көрсетілген суреттегі омыртқа жотасының белгіленген № 5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+Алдыңығы ұзына бойлы байлам

Артқы ұзына бойлы байлам

Қылқанаралық байлам

Қылқанүсті байлам

Омыртқааралық диск

 

 

71.Хирургиялық бөлімшеге құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының өтімді жарақатымен науқас түсті.Жарақат өзегі асқазанның кіші иінінің үстімен өтті.Ішастардың қандай туындысы арқылы жарақат өзегі өтті.

+ Бауыр-асқазан байламы

Асқазаналды қабы

Бауыр-12-елі ішек байламы

Бауыр қабы

Үлкен шарбы

.

72. Емхананың қабылдау бөліміне жұтынудан кейін және жөтелу кезінде төстің артында ауырсыну шағымымен жас бала түсті. Рентгенологиялық тексеріс кезінде, 4-ші кеуде омыртқаның деңгейінде өңеш қабырғасының ішінде бөгде дене анықталды.Өңештің қабырғасының зақымы оның қай тарылымының аймағының тұсында болды?

+Бронхтық

Жұтқыншақтық

Көкеттік

Кардиальді

Қолқалық.

 

73. Дәрігер операция (ота) жасау кезінде жіңішке ішектің бір бөлімінің шырышты қабығында дөңгелек (циркулярлы) қатпарлармен қатар бойлық қатпарды кездестірді. Жіңішке ішектің қай бөлімінің шырышты қабығына осындай анатомиялық құрылым тән?

+ 12-елі ішектің төмендеген бөлімі

12-елі ішектің жоғарғы бөлімі

12-елі ішектің горизонтальды бөлімі

12-елі ішектің жоғарлаған бөлімі

Мықын ішектің проксимальды бөлімі

 

74. Науқас ер адамның қуықасты безінің ортаңғы үлесінде ісік анықталды.Бұл ісік қандай анатомиялық құрылымды қысуы мүмкін.

+ Несепшығаратын өзек

Атабездік түтік

Атабез қосалқысының түтігі

Шаует шылбыры

Шаует шығаратын түтік

 

75. Науқаста қарақұс тұсындағы жарақатынан кейін, көру қызметі жойылды.Мидың шүйде үлесінің медиальді бетінде патологиялық үрдіс анықталды.Көру анализаторының қыртыс орталығы қай жерде орналасады?

+ Құс тепкі жүлгесінің маңында

Бұрыштық қатпарда

Жиекүсті қатпарда

Тілдік қатпарда

Тісті қатпарда

 

76.Жатыр мойынымен қынаптың байланысатын аймағында науа тәріздес кеңістік күмбез орналасқан, диагностикалық мақсатта күмбездің қай бөлігі арқылы кіші астау ішастар қуысына пункция жасауға болады?

+ Артқы

Алдыңғы

Аралық

Оң жақ бүйір

Сол жақ бүйір

 

77.Аналық жыныс безіне операция жасау кезінде аналық жыныс артериясын байлап тастау қажет. Аналық жыныс артериясын байлап тастау кезінде, осы артерияға параллель орналасқан қандай анатомиялық құрылымды ескеру керек.

+ Кардинальді байлам

Бүйректік артерия

Жұмыр байлам

Жатыр түтігі

Несепағар

 

78.Арқаның жарақаты кезінде көкірек түтігі зақымдалды. Көкірек түтігінің зақымын тігу кезінде хирург қандай көкірекаралығына өтуі қажет?

+ Артқы

Алдыңғы

Ортаңғы

Төменгі алдыңғы

Төменгі ортаңғы

 

79.Клиникаға өкпе ұлпасының зақымдалуымен жарақаттанған науқас түсті. Жарақаттанған- науқастың демді ішке алу кезінде, ауа қай жерге жиналады?

+ Өкпеқап қуысында

Алдыңғы көкірекаралығында

Артқы көкірекаралығында

Жүрекқап қуысында

Кеуде қуысында

80.Травматологиялық бөлімшеге тыныс алу жолдарына бөгде зат түскен жарақаттанған науқас әкелінді.Бронхтардың анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып, бөгде заттың қандай бронхқа көп жағдайда өтуі мүмкін?

+Оң жақ басты бронхқа

Сол жақ басты бронхқа

Сегментерлы бронхқа

Соңғы бронхиолаларға

Тынс алу бронхиолаларға

 

81.Көмекейге интубациялық түтікті өткізу кезінде дәрігер алдаын ала аран арқылы көмекейдің кіреберіс тесігін сипап сезу і қажет. Көмекей кіреберісі алдыңғы жағынан қандай шеміршекпен шектелген?

Көмекей қақпашығы

+ Қалқанша тәрізді

Мүйізше тәрізді

Ожау тәрізді

Сақина тәрізді

 

82. Іштің сол жақ бүйір қабырғасының жоғары бөлімінің жарақатына операция жасау кезінде, сол жақ бүйір өзегінде қанның көп мөлшерде жиналғаны анықталды. Жарақат кезінде қандай паренхиматозды мүше зақымдалды?

Бауыр

+ Көкбауыр

Сол жақ бүйрек

Сол жақ бүйреүсті безі

Ұйқы безі

 

83.Өтқуыққа хирургиялық іс- әрекет жасау кезінде жалпы өт шығарғыш өзекті ашу қажет болды. Ішастардың қандай туындысында өт шығарғыш өзек орналасады?

А. Асқазан - жиектік

+B.Бауыр- он екі елі ішекте

C. Бауыр - асқазандық

D. Бауыр - бүйректік

E. Шажырқайда

 

84.Жедел аппендицитке операция жүргізу үшін соқыр ішекті табу қажет.Соқыр ішектің қозғалмалылығын ескере отырып, оның ішастарға сәйкес орналасуын көрсетіңіз?

+ Интраперитонеальді

Мезоперитонельді

Периперитонеальді

Ретроперитонеальді

Экстраперитонельді

 

85.Автокөлік апаты кезінде жарақаттанушы бастың бүйір бетінен жарақат алды. Жарақат кезінде самай сүйектің қабыршақты бөлімі пирамидасынан жұлынды.Самай сүйегінің қандай өзегі мұндай жағдайда зақымдалады?

+ Бұлшықет- түтіктік

Беттік

Дабылдық

Дабыл шегінің

Ұлулық

 

86.Мойынның теріасты бұлшықетінің зақымдалуынан, мойынның теріасты веналарының қысылуы және беттің мимикасының сәл өзгеруі болды.Қандай нервтің қабынуы осындай асқынуға әкеліп соқтырады?

+Бет

Әкететін

Көз- қозғалтқыш

Кезбе

Тіл- жұтқыншақ

 

87.Жарақат салдарынан жарақаттанушының мойын аймағында ұйқы артериясының тармақтарынан артериялық қан кету болды.Уақытша қан кетуді тоқтату үшін жедел көмек көрсеткен кезде қай омыртқаның көлденең өсіндісіне ұйқы артериясын басып қысу керек?

+VI

III

IV

V

VII

 

88. Гимнасттың сақинада жаттығу жасау кезінде, иықты ішке бұруда иық буынына үлкен ауыртпалық түседі.Төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысы иықты ішке бұру қызметін атқарады?

+ Үлкен жұмыр

Дельта тәрізді

Бұғанасты

Қылқанүсті

Қылқанасты

 

89. Арқаның жаралануы кезінде, жарықшақпен арқаның кейбір бұлшықеттері зақымдалды, осының салдарынан кеуде торының көлемін ұлғайтатын(қабырғаны көтерумен) қозғалысы шектелді. Төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысы жараланған кезде зақымдалды?

+ Жоғарғы артқы тісшеленген

Дельта тәрізді

Кіші ромб тәрізді

Төменгі артқы тісшеленген

Үлкен ромб тәрізді

 

90.Миына қан құйылғаннан кейін, науқаста арқаның кейбір бұлшықеттерінің салдануы(параличі) байқалды.Омыртқа жотасының бел бөлімін жазу қызметі бұзылды. Қан құйылғаннан кейін, төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысының қызметі бұзылды?

+ Омыртқа жотасын тіктейтін

Дельта тәрізді

Жоғарғы артқы тісшеленген

Төменгі артқы тісшеленген

Үлкен ромб тәрізді

 

91.Құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы жауырын аймағында жарақат алды.Осының салдарынан жауырынның сыртқы бетінде орналасқан бұлшықеттер зақымдалды.Иық буынының қандай қызметі бұзылады?

+ Жазу

Әкелу

Бүгу

Сыртқа бұру

Ішке бұру

 

92.Көше жарақаты кезінде, кіші жіліншіктің жарықшақтық ашық сынығы болды. Осындай жарақаттың салдарынан қандай бұлшықеттер зақымдалады?

+ Ұзын және қысқа кіші жіліншік

Алдыңғы және артқы асықты жілік

Балтыр және табан

Камбала тәрізді және асықты жілік

Үшбасты және табан

93.Аяқтың медиальді толарсағының сынуы кезінде, жарақаттанушының сирақ бұлшықетінің сіңіріне зақым келді. Төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысының сіңірі зақымдалды?

+ Артқы асықты жілік

Балтыр

Камбала тәрізді

Үшбасты

Ұзын кіші жіліншік

 

94. Теннис кортында жаттығушы аяқ басын қайырып алды, осы жарақаттың салдарынан кіші жіліншіктің латеральді толарсағы сынды, жарақаттанушының сирақ бұлшықетінің сіңіріне зақым келді. Төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысының сіңірі зақымдалды?

+ Камбала тәрізді

Артқы асықты жілік

Балтыр

Үшбасты

Ұзын кіші жіліншік

 

95.Туберкулез процессінің салдарынан науқастың ортан жілік басының байламы бұзылды. Қолмағол хирургиялық ем қолданбаған жағдайда науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?

+ Шонданай шодырының өлеттенуі

Бұдырылы сызықтың бұзылуы

Кіші ұршықтың өлеттенуі

Ортан жіліктің басының өлеттенуі

Үлкен ұршықтың өлеттенуі

 

96.Аурухананың қабылдау бөліміне оқпен жараланған көп мөлшерде қан кетуімен жаралы түсті.Тексеріс кезінде оқ өзегінің құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасы, асқазанның күмбезі арқылы өтіп, сол жақ ортаңғы қолтық сызығымен IX қабырға деңгейінде өткені анықталды.Асқазанның жаралуымен бірге қандай мүше зақымдалды?

+ Көкбауыр

Бауыр

Соқыр ішек

Сигма тәрізді ішек

12- елі ішек

 

97. Аурухананың қабылдау бөліміне қанды құсықпен сол жақ қабырғаасты аймағында жараланған адам түсті.Бұл жаралану кезінде қандай мүше зақымдалды?

+ Асқазан

Бауыр

Соқыр ішек

Сигма тәрізді ішек

12- елі ішек

 

98.Кеуденің оң жақ бөлімінің жаралануымен госпитальға жараланған адам түсті. Жаралану өзегі бұғанаорта сызығы бойымен V қабырғааралық арқылы өтті. Кеуденің оң жақ бөлімі және оң жақ өкпенің жаралануымен бірге қандай мүше зақымдалды?

+ Бауыр

Асқазан күмбезі

Бүйрек

Көкбауыр

Соқыр ішек

 

99.Жарақатанушыны тексеру кезінде сол жақ бүйректің ортаңғы үштен бір бөлігінің жаралануы анықталды. Сол жақ бүйректің синтопиясын ескере отырып, қандай мүшенің тұтастығын міндетті түрде тексеру керек?

+ Ұйқы безі

Бауыр

Сигма тәрізді ішек

Соқыр ішек

12- елі ішек

 

100. Жарақатанушыны тексеру кезінде оң жақ бүйректің жоғарғы үштен бір бөлігінің жаралануы анықталды. Оң жақ бүйректің синтопиясын ескере отырып, қандай мүшенің тұтастығын міндетті түрде тексеру керек?

Асқазан

+ Бауыр

Көкбауыр

Соқыр ішек

Сигма тәрізді ішек

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 146 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Many people might think that making money on the Internet is a breeze, but that is far from the truth. The people who have had success through Internet projects and businesses are people who | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.161 сек.)