Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Протеиннің бірінші реттік құрылымы:



 

 

1. Протеиннің бірінші реттік құрылымы:

A. синтезі кезінде өздігінен түрөзгеріске түсе алады

B. генетикалық қалыптасуы тікелей емес

C. генетикалық байланыстылығы болмайды

D. тармақталуы бойынша сипатталады

E. +генетикалық қалыптасады

 

2. Протеиннің екінші реттік құрылымын тұрақтандыратын және қалыптастыратын негізгі байланыстарды көрсетіңіз:

A. тізбекаралық сутектік байланыстар

B. +пептидаралық сутектік байланыстар

C. дисульфидтік байланыстар

D. пептидтік байланыстар

E. иондық байланыстар

 

3. Қарапайым глобулалық протеиндердің үшінші реттік құрылымы келесі байланыстар арқылы тұрақтанады:

A. +әлсіз ковалентсіз байланыстармен

B. 3'-5'-фосфодиэфирлік байланыстармен

C. координациялық байланыстармен

D. гликозидтік байланыстармен

E. пептидтік байланыстармен

 

4. Протеиндердің гидратациясы – бұл:

A. протеин молекуласы электр өрісінде анодқа жылжитын мөлшердегі сутек концентрациясы болып табылады

B. протеиндік молекуланың гидрофилдік қасиетін жоғалтатындай жағдайы

C. +протеин молекуласын қоршайтын сулы қабықтың түзілуі

D. протеиндік бөлшектің электробейтараптық жағдайы

E. ковалентсіз байланыстардың ыдырауы

 

5. Протеиндердің денатурациясын жүргізетін химиялық фактор:

A. +сульфосалицил қышқылы

B. жоғары температура

C. УФ-сәулелену

D. вибрация

E. қысым

 

6. Протеиндердің жартылай өткізгіш мембрана арқылы диффузиялануға қабілетінің болмауы:

A. протеиндерді басқа жоғары молекулалы қосылысытардан ажыратып бөлуге мүмкіндік береді

B. +олардың жоғары молекулалық массасына негізделген болады

C. олардың ерігіштігінің негізіне жатқызылады

D. денатурациясының негізіне жатқызылады

E. гидролизінің негізіне жатқызылады

 

7. Ферменттің активті орталығын қалыптастырады:

A. +аминоқышқылдар қалдықтары радикалдарындағы қызметші топтар

B. металлдар иондары

C. витаминдер комплексі

D. кетоқышқылдар радикалдарындағы қызметші топтар

E. фермент-протеиннің бірінші реттік құрылымы

 

8. Бірінші молекуланың кеңістіктік құрылымдық өзгерісін катализдеуші ферменттер:



A. +изомеразалар

B. оксидоредуктазалар

C. трансферазалар

D. лигазалар

E. гидролазалар

 

9. Фосфорландыру – бұл:

A. фосфор қышқылын бөліндіру

B. фосфор қышқылын ыдырату

C. +фосфор қышқылын қосылдыру

D. екі фосфор қышқылының өзара әсерлесуі

E. екі фосфор қышқылы қалдығын бөліндіру

 

10. Протеин молекуласының беткейінде тар гидрофобтық ойыста (саңылауда) орналасқан, субстратты байланыстыру, бекіту және катализдеу қызметіне тікелей қатысатын кішкене бөлік аталады:

A. аллостерлік орталық

B. лиганд

C. субстрат

D. +активті орталық

E. домен

 

11. Декарбоксилазалық ферменттердің коферменті:

A. тетрагидрофоль қышқылы (ТГФК)

B. кофермент А (CоА)

C. флавин-мононуклеотид (ФМН)

D. +тиаминдифосфат (ТДФ)

E. флавиндинуклеотид (ФАД)

 

12. Қандағы триацилглицериндер концентрациясын анықтау үшін аналитикалық реактив ретінде қолданылатын фермент:

A. глюкооксидаза

B. +холестеролоксидаза

C. липаза

D. уреаза

E. нуклеаза

 

13. РР витаминінің коферменттік формасы:

A. тиаминдифосфат (ТДФ)

B. +никотинамидидадениненуклеотид (НАД)

C. тетрагидрофоль қышқылы (ТГФК)

D. флавинадениннуклеотид (ФАД)

E. флавин-мононуклеотид (ФМН)

 

14. Ацилдік топтарды ауыстыру реакциясы келесінің коферменті қатысуымен өтеді:

A. биоцитиннің

B. тиаминпирофосфаттың

C. флавинадениндинуклеотидтің

D. пиридоксальфосфаттың

E. +коэнзима А-ның

 

15. Пируватдекарбоксилаза пируваттан карбоксилдік топты СО2 түрінде бөледі, ал қалған ацетилдік қалдық қосылады:

A. аскорбин қышқылына

B. тиаминдифосфатқа

C. +липой қышқылына

D. тиаминпиррофосфатқа

E. никотинамидке

 

16. Цитрат циклінің барлық реакциялары өтеді:

A. +митохондрияда

B. Гольджи комплексінде

C. цитоплазмада

D. рибосомада

E. ядрода

 

17. Изоцитраттан α-кетоглутараттың түзілетін декарбоксилденіп - дегидрлену реакциясын катализдейтін фермент:

A. α-кетоглутаратдегидрогеназалық комплекс

B. пируватдегидрогеназалық комплекс

C. цитратсинтаза

D. аконитаза

E. +изоцитратдегидрогеназа

 

18. Ұлпалық тыныс алудағы АТФ-тің АДФ пен Н3РО4-дан синтезделуінде пайдаланылатын энергияны бөлетін реакция аталады:

A. тотықтырып дефосфорландыру

B. субстраттық дефосфорландыру

C. субстраттық фосфорландыру

D. тотықтырып декарбоксилдендіру

E. +тотықтырып фосфорландыру

 

19. Тыныс алу бақылауы – бұл тыныс алу мен тотығып фосфорланудың күшеюі:

A. НАДН концентрациясы жоғарылаған кезде

B. АТФ концентрациясы жоғарылаған кезде

C. НАДН концентрациясы жоғарылаған кезде

D. +АДФ концентрациясы жоғарылаған кезде

E. НАДФН концентрациясы жоғарылаған кезде

 

20. ҮКҚЦ-ның бірінші комплексінің негізгі қызметі – бұл электронды НАДН-тан ауыстыру:

A. цитохром с-ға тасымалдау

B. екінші комплекске

C. үшінші комплекске

D. төртінші комплекске

E. +убихинонға

 

21. Төртінші комплекстің негізгі қызметі электрондарды ауыстыру:

A. убихинонға

B. бірінші комплекске

C. екінші комплекске

D. үшінші комплекске

E. +оттекке

 

22. Бұл заттардың қайсысында макроэргиялық байланыс болады:

A. янтар қышқылында

B. глюкозада

C. убихинонда (КоQ)

D. малон қышқылында

E. + ацетил-КоА-да

 

 

23. Құрамында екі глюкоза қалдығы болатын көмірсу:

A. лактоза

B. +мальтоза

C. сахароза

D. изомальтоза

E. седогептулоза

 

24. Ұлпаларда глюкозаның сүт қышқылына дейін ыдырау үдерісі аталады:

A. +гликолиз

B. Кребс циклі

C. гликогенолиз

D. глюконеогенез

E. спирттік ащу

 

25. Гликолиздегі энергияны АТФ түрінде пайдаланып реакцияны катализдейтін ферментті таңдаңыз:

A. альдолаза

B. +гексокиназа

C. пируваткиназа

D. фосфоглицераткиназа

E. фосфоглицератмутаза

 

26. Қай жасушаларда АТФ –тың негізгі берушісі анаэробтық гликолиз үдерісі болып табылады:

A. +гепатоциттерде

B. эритроциттерде

C. адипоциттерде

D. нейрондарда

E. нефрондарда

 

27. Қай ұлпаларда глюконеогенез үдерісі интенсивті өтеді:

A. жазық және қаңқа бұлшықеттерінің жасушаларында

B. жүйке ұлпасы, бұлшықет ұлпаларында

C. +бауырда, бүйректерде

D. эритроциттерде, көкбауырда

E. мида

 

28. Глюконеогенез үдерісі тежеледі...

A. +инсулинмен

B. тирозинмен

C. адреналинмен

D. глюкокортикоидтармен

E. жыныс гормондарымен

 

29. Фермент гликогенсинтетаза:

A. глюконеогенездің негізгі ферменті

B. гликогенолиздің реттеуші ферменті

C. инсулинмен ингибирленеді (дефосфорланған формасы)

D. глюкагонмен активтенеді (фосфорланған формасы)

E. +гликоген молекуласындағы α-1,4-гликозидтік байланыстың түзілуі реакциясын катализдейді

 

30. Пентозофосфаттық жолдағы глюкоза тотығуында қанттық көмірсулардың құрылысын өзгерту реакциясын катализдейтін ферменттер:

A. фосфоглюкомутаза және альдолаза

B. +трансальдолаза мен транскетолаза

C. гексокиназа мен глюкозо-6-фосфатаза

D. фосфофруктокиназа мен пируваткиназа

E. гексозофосфатизомераза мен фосфофруктокиназа

 

31. Гипогликемиялық патологиялық жағдай кездеседі:

A. қант диабетінде

B. миокард инфарктісінде

C. қантсыз диабетте

D. +инсулин мөлшерінің артық егілуінде

E. жедел алкогольдік интоксикацияда

 

32. Екінші ретті өт қышқылдары:

A. холь және дезоксихоль қышқылдары

B. хенодезоксихоль және дезоксихоль қышқылдары

C. дезоксихоль және литохоль қышқылдары

D. +дезоксихоль және литохоль қышқылдары

E. холь және литохоль қышқылдары

 

33. Майлардың гидролизінің өнімдері энтероциттерде:

A. тотығады

B. тотықсызданады

C. эмульгацияланады

D. +ресинтезделеді

E. деполанады

 

34. Өкілдері жүйке ұлпасының негізгі құрылымдық компоненті болатын липидтер классы:

A. глицерофосфолипидтер

B. гликолипидтер

C. триацилглицеринтер

D. +сфингофосфолипид пен сфингомиелин

E. стероидтар

 

35. Хиломикрондардың қызметі – экзогендік тағамдық майлардың тасымалдануын атқару:

A. ішектен – қоршаған ортаға

B. +ішектен – қанға

C. қаннан ішекке

D. ішектен ұлпаға

E. ұлпадан ішекке

 

36. Лептинді синтездейтін жасушалар болады:

A. гепатоциттерде

B. эритроциттерде

C. +адипоциттерде

D. энтероциттерде

E. альвеолоциттерде

 

37. Лептиннің әсері байланысты:

A. тәбеттің артуы

B. липогенез күшеюі

C. май қышқылдарының β-тотығуы

D. +тәбет төмендеуі

E. май қышқылдары синтезінің күшеюі

 

38. Май қышқылдарының β-тотығуы – бұл май қышқылдары ыдырауының спецификалық жолы, оның нәтижесінде түзіледі:

A. еноил-КоА

B. β-гидроксиацетил-КоА

C. β-кетоацетил-КоА

D. малонил-КоА

E. +ацетил-КоА

 

39. Кетондық денелердің синтезі өтеді:

A. гепатоциттердің Гольджи комплексінде

B. +гепатоциттердің митохондриясында

C. гепатоциттердің цитоплазмасында

D. гепатоциттердің ЭПС цистернасында

E. гепатоциттердің ядросында

 

40. Қаннан жасушаға өтетін май қышқылдары келесі фермент арқылы активтенеді:

A. карнитинацилтрансфераза I

B. карнитинацилтрансфераза II

C. +ацил-КоА-синтетаза

D. май қышқылдары синтазасы

E. ГМГ-КоА-синтазасы

 

41. Май қышқылдарының синтезін полиқызметті фермент май қышқылдарының синтазасы катализдейді. Бұл ферменттік комплекстің бір активті орталығынан екіншісіне май қышқылдары радикалы тасымалданады:

A. ацилтасымалдаушы протеинмен

B. +ацетилтасымалдаушы протеинмен

C. ацилорынауыстырғыш протеинмен

D. ацилтрансформациялаушы протеинмен

E. ацетилтрансформациялаушы протеинмен

 

42. Тек дипептидтердегі пептидтік байланыстарды ыдырататын фермент:

A. карбоксипептидаза А

B. карбоксипептидаза В

C. аланинаминопептидаза

D. лейцинаминопептидаза

E. +дипептидаза

 

43. Протеиндердің шіруі үдерісінің реакциялары:

A. +дезаминдендіру және декарбоксилдендіру

B. дефосфорландыру және фосфорландыру

C. аминдендіру және дезаминдендіру

D. метилдендіру және деметилдендіру

E. карбоксилдендіру және декарбоксилдендіру

 

44. Трансаминденудің маңызы – бұл үдерісте:

A. ауыстырылмайтын аминоқышқылдар синтезделетіні

B. мочевина синтезделетіні

C. сүт қышқылы синтезделетіні

D. фосфолипидтер синтезделетіні

E. +ауыстырылатын аминоқышқылдар синтезделетіні

 

45. Амидтендіру реакциясы үдерісін, ол қанда және ұлпаларда аммиактың аз концентрацияда ұсталуын қамтамассыз етеді, катализдейтін фермент:

A. аспартатаминотрасфераза

B. аланинаминотрасфераза

C. карбомоилфосфатсинтетаза

D. +глутаматсинтетаза

E. глутаматдегидрогеназа

 

46. Аммиактың ағзадан жүрген кезіндегі тасымалданатын формасына жатқызылады:

A. +глутамин қышқылы

B. треонин

C. гистидин

D. цистеин

E. аланин

 

47. Орнитиндік циклде жұмсалатын макроэргиялық қосылыс мөлшері:

A. +3 АТФ

B. 1 АТФ

C. 2 АТФ

D. 5 АТФ

E. 6 АТФ

 

48. Цистеиннің синтезі үшін қажетті көміртектік тұлғаның шығу көзі:

A. метионин

B. +серин

C. лизин

D. тирозин

E. фенилаланин

 

49. Подагра кезінде буындарда, сіңірлерде, тері астында:

A. +несеп қышқылының тұнуы өтеді

B. мочевинаның тұнуы өтеді

C. қымыздық қышқылының тұнуы өтеді

D. креатиннің тұнуы өтеді

E. β-аланиннің тұнуы өтеді

 

50. Барлық пиримидиндік нуклеотидтер үшін алғызат болып табылады:

A. +уридинмонофосфат

B. инозинмонофосфат

C. гипоксантин

D. формил-ТГФК

E. метенил-ТГФК

 

51. Бауыр мен бүйректе гомогентизин қышқылы тотығуы реакциясын катализдейтін оксидазаның туабіткен жетіспеушілігі кезінде дамиды:

A. альбинизм

B. +алкаптонурию

C. фенилпирожүзімдік олигофрению

D. қант диабеті

E. гепатит

 

52. Стероидтық гормондар:

A. активсіз алғызаттар түрінде секреттеледі

B. эндокриндік ұлпаның грануласында сақталады

C. +синтезделген соң бірден секреттеледі

D. аминоқышқылдардан синтезделеді

E. рибосомада синтезделеді

 

53. Вазопрессиннің негізгі қызметі:

A. Бауырдағы гликогенді ыдырату және қандағы глюкозаның мөлшерін жоғарлату

B. ерлердің екінші реттік жыныс белгілерін дамыту

C. бүйрекүстілердің қызметін реттеу

D. жатырдың жиырылуын стимулдеу

E. +су балансын реттеу

 

54. Тироксин тиреотропиннің секрециясын келесі жолмен тежейді:

A. тура кері байланыс типі бойынша

B. тура оң байланыс типі бойынша

C. кері оң байланыс типі бойынша

D. +ұзын кері байланыс типі бойынша

E. қысқа кері теріс байланыс типі бойынша

 

55. Қандағы Са2+ концентрациясының төмендеуі секрециясын дамытады:

A. инсулиннің

B. адреналиннің

C. кальцитониннің

D. +паратгормонның

E. вазопрессиннің

 

56. Су- тұз алмасуын реттейтін гормон:

A. паратгормон

B. +вазопрессин

C. прогестерон

D. окситоцин

E. адреналин

 

57. Бүйрекүстілер қызметі бұзылысымен байланысты аурулар:

A. +Иценко-Кушингауруы

B. феохромоцитома

C. Базедовауруы

D. акромегалия

E. микседема

 

58. Коллагеннің интенсивті алмасуының көрсеткіші болатын несеп құрамының компоненті:

A. мочевина

B. несеп қышқылы

C. креатинин

D. билирубин

E. +оксипролин

 

59. Карбоксидипептидилпептидаза ангиотензин I-дің келесі затқа айналуын катализдейді:

A. вазопрессинге

B. +ангиотензин II-ге

C. ангиотензиногенге

D. жүрекшелік натрийуретикалық факторға

E. альдостеронға

 

60. Бүйректе синтезделетін гормон:

A. альдостерон

B. вазопрессин

C. инсулин

D. +эритропоэтин

E. мотилин

 

61. Кальций сүйек ұлпасында келесі түрде деполанады:

A. тиреоглобулин

B. гемосидерин

C. ферритин

D. сталактит

E. +апатит

 

62. Вазопрессин прогормон түрінде синтезделеді:

A. +гипоталамуста

B. гипофизде

C. қалқанша безінде

D. бүйрекүстілерде

E. жыныс бездерінде

 

63. Бүйректе синтезделеді:

A. қанды ұйыту жүйесінің компоненттері

B. комплемент жүйесінің компоненттері

C. фибринолиз жүйесінің компоненттері

D. +калликреин-кинин жүйесінің компоненттері

E. артериялық қысым жүйесінің компоненттері

 

64. Қан плазмасындағы жалпы протеин мөлшерінің жоғарлауы аталады:

A. протеинурия

B. диспротеинемия

C. гипопротеинемия

D. +гиперпротеинемия

E. физиологиялық қалыпты жағдай

 

65. Гипопротеинемия байқалады:

A. +жедел және созылмалы қанкету кезінде

B. күшті терлеу кезінде

C. профуздық ішөтуде

D. үзіліссіз құсуда

E. қанның қоюлануында

 

66. Жедел фаза протеині:

A. фибрин

B. тромбин

C. альбумин

D. трансферрин

E. +альфа1-антитрипсин

 

67. Цитохромдар құрамындағы темірдің атқаратын қызметі:

A. +оксиредуктазалардың активті орталығын қалыптастыруға қатысу

B. простагландиндердің синтезіне қатысу

C. липидтік алмасуды реттеу

D. көмірсулар синтезіне қатысу

E. көмірсулар алмасуын реттеу

 

68. Фермент дельта-аминолевулинатсинтаза:

A. кофермент ретінде НАД+-ті ұстайды

B. трансляция деңгейінде Fe2+ ионымен активтенеді

C. порфобилиногеннің синтезі реакциясын катализдейді

D. кофермент ретінде тиаминпирофофсфатты ұстайды

E. +дельта-аминолевулин қышқылының синтезі реакциясын катализдейді

 

69. Гем синтезі ферменттерінің ақауы дамуына әкеледі:

A. подаграның

B. +порфирияның

C. Леша-Нихан синдромының

D. Гемолиттік сарыаурудың

E. Криглер-Найяр синдромының

 

70. Қансарысуындағы билрубин мөлшерінің бос билирубин есебінен жоғарлауы байқалады:

A. вирустық гепатитте

B. +Жильбер синдромында

C. несеп тасы ауруында

D. өттасы ауруында

E. темір жетіспеушілік анемияда

 

71. Гемолиттік сарыаурудың пайда болуының себебі:

A. билирубинді өт капиллярына тасымалдайтын протеиннің ақауы

B. УДФ-глюкоронилтрансфераза синтезінің бұзылысы

C. фекалийдің ақ-сұр (балшық) түсті болуы

D. +эритроциттердің күшті гемолизі

E. өт бөлінуінің бұзылысы

 

72. Трансферрин темірді жеткізеді:

A. эритроцитке, тромбоцитке, лейкоцитке

B. нейронға, спленоцитке, энтероцитке

C. миоцитке, нейронға, лейкоцитке

D. +сүйек майына, бауырға және көкбауырға

E. бүйрекке ары қарай несеппен шығару үшін

 

73. Карбоксигемоглобин гемоглобиннің келесімен әсерлесуінен түзіледі:

A. цианидтермен

B. оттекпен

C. +көміртек тотығымен

D. көміртек қостотығымен

E. тотықсыздандырғыш агенттермен

 

74. Гипогемоглобинемияның негізгі зертханалық белгісі:

A. +анемиялар

B. қант диабеті

C. гиперальдостеронизм

D. семіздіктің бастапқы стадиясы

E. бүйрекүстілердің гипоқызметі

 

75. Микросомалық тотығу жүйесі шоғырланған:

A. +эндоплазмалық ретикулумде

B. митохондрияда

C. цитоплазмада

D. лизосомада

E. ядрода

 

76. Тікелей билирубин бұл билирубиннің келесімен комплексі:

A. глицинмен

B. ферритинмен

C. альбуминмен

D. +глюкуронатпен

E. трансферринмен

 

77. Токсикалық заттарды залалсыздандыру химиялық түрлендіру арқылы екі фазада атқарылады. Ксенобиотиктердің І фазада түсетін реакциясы:

A. йодтану реакциясы

B. хлорлану реакциясы

C. глюкозалану реакциясы

D. +гидроксиллену реакциясы

E. шектеулі протеолиз

 

78. Дәрілік заттар инактивациясының ІІ этапы:

A. элиминация

B. +конъюгация

C. сіңірілу

D. ыдырау

E. химиялық түрлену

 

79. Тағамдық бояулардағы химиялық канцерогендер:

A. полициклді ароматтық көмірсулар

B. +ароматтық аминдер

C. азоқосылыстар

D. нитрозаминдер

E. афлатоксиндер

 

80. Глюкоза эритроцитке келесі жолмен түседі:

A. +жеңілдетілген диффузия

B. активті тасымалдану

C. қарапайым диффузия

D. эндоцитоз

E. экзоцитоз

 

81. Глутатионның қызметі:

A. темірді тасымалдау

B. +антиоксиданттық қызмет

C. ксенобиотиктерді детоксикациялау

D. аммиакты ағзадан шығару

E. осмостық қысымды ұстау

 

82. Гемостатикалық қызметін бітірген соң фибриннің қан өзегінен шығарылуын қамтамассыз етеді:

A. гемостаздың тамырлық-тромбоцитарлық компоненті

B. гемостаздың коагуляциялық компоненті

C. +гемостаздың антикоагуляциялық компоненті

D. гемостаздың фибринолиттік компоненті

E. барлық келтірілген компоненттер

 

83. Коагуляциялық гемостаздың ІІІ стадиясы:

A. фибрин-мономердің түзілуі

B. фибрин-полимердің түзілуі

C. +фибриннің түзілуі

D. тромбиннің түзілуі

E. фибриннің ерітілуі

 

84. Витамин К-ның қан ұюындағы биологиялық ролі:

A. +ол IX, X, II, VII факторларды синтездейтін ферменттердің кофакторы

B. ХI фактордың активаторы

C. фибриноген синтезінің активаторы

D. IV факторды блоктайды

E. II факторды жояды

 

85. Жасушааралық матрикстің негізгі компоненттерінің бірі болатын адгезивті протеинге жатқызылады:

A. актин

B. миозин

C. +фибринонектин

D. миоглобин

E. гемоглобин

 

86. Коллаген молекуласы бір соңдарында көлденең байланыстарымен тігіледі. Ол байланыс түзіледі:

A. глицин қалдықтарының бүйірлік топтары арқылы

B. валин қалдықтарының бүйірлік топтары арқылы

C. серин қалдықтарының бүйірлік топтары арқылы

D. метионин қалдықтарының бүйірлік топтары арқылы

E. +лизин қалдықтарының бүйірлік топтары арқылы

 

87. Коллагеннің полипептидті ктізбегінің екінші реттік құрылымы – бұл босаңқылау:

A. +3 α-тізбектің оңға оратылған суперспиральі

B. 2 α-тізбектің оңға оратылған суперспиральі

C. α-тізбектің солға оратылған спиральі

D. 8 α-тізбектің оңға оратылған суперспиральі

E. 3 β-тізбектің солға оратылған суперспиральі

 

88. 1,25(ОН)2 -D3 түзілуі қандағы Са2+ ионы және... концентрацияларының төмен болуынан стимулденеді:

A. +паратгормон

B. инсулин

C. кальцитонин

D. глюкокортикоид

E. жыныс гормоны

 

89. Тропониннің құрлысы құралады:

A. І-дің бір суббірлігінен

B. Т,С-нің екі суббірлігінен

C. +Т, С, I-дің үш суббірлігінен

D. Т,С,І-дің төрт суббірлігінен

E. 2 Т, 2 С, I-дің төрт суббірлігінен

 

90. Науқасқа қойылған диагноз: «витамин А авитаминозы». Дәрігер неге пациентке қызыл түсті жұмсақты көк-өністерді (сәбіз, қызанақ, бұрыш) қабылдауды ұсынған, оның құрамында витамин А болмаса да:

A. олардың құрамында кротонил болады

B. оларда карнитин болады

C. оларда кератин болады

D. оларда кратинилдер болады

E. +олардың құрамында каротиндер болады

 

91. Дерматолог қабылдауында науқас әйел. Оның жақтары, еріндерінің айналасында, мұрын үстінде, саусақтарының ішкі жақтарында, терілердің симмметриялық зақымдалулары (эритема) анықталған. Терінің зақымдалған бөлігінің түсі қанық аздап қарайған қызыл, ісінген, түлеген, гиперкератоз (қатайып қабыршақтануы) байқалады. Дене салмағы төмендеген. Анамнезінде тағамдық заттардың сіңірілуі бұзылуымен бірлескен энтерит, диарея, неврастения. Аурудың диагнозы қандай:

A. витамин В1-дің авитаминозы

B. витамин В2-нің авитаминозы

C. +витамин В3-тің авитаминозы

D. витамин В9-дың авитаминозы

E. витамин В5-тің авитаминозы

 

92. Нәрестедегі жаурын астындағы сұр май қажет:

A. +жылуды бөлу үшін тыныс алу мен фосфорлануды ажырату арқылы

B. теріні нығайту үшін

C. иммунитетті нығайту үшін

D. мүшелердің механикалық қорғанысы үшін

E. глюкоза синтезі үшін

 

93. Инфекциялық полиартритті емдеу үшін науқас кортизолдың құрылымдық аналогы преднизолонды ұзақ қабылдаған. Жақсаруды сезінген соң преднизолон қабылдауды өздігінен тоқтатады. Аздан кейін кенет нашарлау пайда болады. Зерттеген кезде артериялық қысымның төмендеуі байқалады, несебінде 17-кетостероид мөлшері төмендеген. Науқастағы преднизолонды тоқтатқанға дейін өндірілуі тежелтілген гормонды атаңыз:

A. +адренокортикотроптық гормон

B. антидиуреттік гормон

C. соматотроптық гормон

D. кальцитриол

E. альдостерон

 

94. Инфекциялық полиартритті емдеу үшін науқас кортизолдың құрылымдық аналогы преднизолонды ұзақ қабылдаған. Жақсаруды сезінген соң преднизолон қабылдауды өздігінен тоқтатады. Аздан кейін кенет нашарлау пайда болады. Зерттеген кезде артериялық қысымның төмендеуі байқалады, несебінде 17-кетостероид мөлшері төмендеген. Преднизолонды қабылдауды тоқтатқан соң науқастың жағдайы неге нашарлаған? Себебін көрсетіңіз:

A. гиперкортицизм дамыған (тікелей байланыс механизмі бойынша активтену)

B. гиперкортицизм дамыған (кері байланысмеханизмі бойынша активтену)

C. гипокортицизм дамыған (ұзын тура байланыс бойынша тежелу)

D. +гипокортицизм дамыған (ұзын кері байланыс механизмі бойынша тежелу)

E. гиперкортицизм дамыған (қысқа кері байланыс механизмі бойынша тежелу)

 

95. Жедел жәрдем бөліміне 55 жастағы әйел жеткізілген. Оң жақтағы қабырға астындағы ауырсынуға, лоқсуға, құсуға, жауырын асты ауырсынуына, асқазан күюі сезілуіне, ауызында ыстық сезілуіне арызданады. Әйелде тері мен склераның сарғаюы байқалады. Пациентте семіздіктің үшінші дәрежесі және айтуы бойынша гипертиреоз бар. Бастапқы диагнозды болжаңыз:

A. +өт-тасы ауруы

B. ИТҚД

C. сарыауру

D. атеросклероз

E. майлы гепатоз

 

96. Науқастың терісі, склерасы, шырышты қабықшалары ашық сары түсті, несеп қоңыр сыра түсті, нәжіс түсі әлсіз. Қанындағы конъюгирленген билирубиннің мөлшері жоғарылаған, несептен билирубин анықталады. Бұл науқаста сарыаурудың қай типі?

A. Жильбер синдромы

B. +обтурациялық сарғаю

C. гемолиттік сарғаю

D. физиологиялық сарғаю

E. паренхиматоздық-жасушалық сарғаю

 

97. Жастағы баланы зерттегенде дәрігер оның ақыл-ес және өсуінің біршама кем қалғанын анықтады. Бала енжар. Қанындағы холестериннің мөлшері төмен. Жалпы алмасу жылдамдығы төмен. Балада йодиназа синтезі бұзылған генетикалық тұқымқуалаушы ауру. Бұл ауру аталады:

A. фенилкетонурия

B. алкаптонурия

C. альбинизм

D. +кретинизм

E. охроноз

 

98. Жанұялық консультацияға бедеулік бойынша отбасы жұбы қаралған. Мамандар зерттегенде олардың денсаулықтарында қандай да бір ауытқулардың болмағаны анықталды. Тек ыждағатты сұрақ барысында ер адамның ұзақ мерзім бойы сүт тағамды диетада (рационында мүлде көк-өніс болмаған) отырғаны анықталған. Дәрігер қандай диагноз қойды:

A. витамин А-ның авитаминозы

B. витамин D-ның авитаминозы

C. +витамин E-нің авитаминозы

D. витамин K-ның авитаминозы

E. витамин C-ның авитаминозы

 

99. Бұл витаминнің жетіспеушілігі адам қанында пирожүзім қышқылының жиналып қалуына және оның мидағы концентрациясының жоғарлауына әкеледі. Бұл зат алмасуының биохимиялық бұзылысының салдары Вернике энцефалопатиясы (бұл орташа мидың жедеол қабыну) немесе полиневрит (жүйке ұлпасының зақымдалуы) болып табылады. Мұндай ауру негізінен басым түрде қабықшасынан терең тазартылған күріш және басқа дәнді дақылдарды қабылдаушы адамдарда пайда болады. Себебі неде:

A. витамин В2-нің авитаминозы

B. витамин В3-тің авитаминозы

C. +витамин В1-дің авитаминозы

D. витамин В5-тің авитаминозы

E. витамин В9-дың авитаминозы

 

100. Пациентте байқалады: ми қызметінің бұзылысы, енжарлық, тұрақты гипогликемия (ашқарында ерекше байқалатын), тәбеттің жоғарлауы, оң азоттық баланс. Бұл қай эндокриндік бұзылыстың симптоматикасы?

A. бүйрекүстілер милы қабатының гипоқызметі

B. бүйрекүстілер милы қабатының гиперқызметі

C. +гиперинсулинизм

D. гипоинсулинизм

E. гипокортицизм

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 82 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.114 сек.)