Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

№ 2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ЖДТ-интерн студенттеріне «Ішкі ауруалы (ЖТД)» пәні бойынша межелік бақылау тесті



№ 2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ЖДТ-интерн студенттеріне «Ішкі ауруалы (ЖТД)» пәні бойынша межелік бақылау тесті

Нұсқа-1

 

?

Науқас Х. 57 жаста. Сол жақ кеуде бөлігіндегі ауырлық сезіміне, ауа жетпеушілікке, қысқауақытты естен тануға шағымданып келді. Қарағанда: терісі бозғылт, ауызмұрын үшбұрышының цианозы, жүрек тондары тұйық. АҚ 90/60 мм.сб. Пульс 180 рет минутына. Мониторда пароксизмальды қарыншалық тахикардия қарыншалар фибрилляциясына өтумен.Диагноз қандай:

- Күш түсу стенокардиясы

- Тұрақсыз стенокардия

- Тыныштық қалпындағы стенокардия

+Жедел миокард инфарктісі

- Нұсқалы стенокардия

 

?

Жүрек массажының әсерінің критериі болып табылады:

+ Әрбір басқанда ұйқы артериясында пульстің пайда болуы

- Қарашықтардың кеңеюі

- Бет терісінің бозғылт-сұр түсінің пайда болуы

- Қарашықтардың тарылуы

- Тоникалық тырысулардың пайда болуы

 

?

Әйел адам 25 жаста. Кеуде торының сол жақ бөлігінде жедел шаншып қысып ауырсынатын ауырсыну мазалайды. Тыныс алғанда, басты, қолды қимылдатқанда, кеуде торының пальпациясы кезінде ауырсыну күшейеді. Ауырсыну 2 сағат бұрын жұмыстағы жағымсыз жағдайлардан кейін пайда болды. Сіздің тактикаңыз қандай:

- Ем тағайындау

- Невропатологқа бағыттау

+Электрокардиограмма түсіру

- Госпитализациялау

- Рентгенге бағыттау

 

?

Аурудың жедел ағымы, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы-төменгі бөлігінде инфильтративті орташа интенсивтіліктегі көлеңкелер,тез оң динамика мынаған тән:

- Саркоидозға

- Пневмокониозға

+ Ошақты пневмонияға

- Милиарлы туберкулезге

- Инфильтративті туберкулезге

 

?

Науқас Т., 67 жаста қиынбөлінетін шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, физикалық жүктеме кезінде күшейетін ентігуге, дене қызуының 38°С жоғарылауы. Суықтанудан кейін жедел ауырып қалды. Тәулігіне 20 темекі шегеді. Аускультацияда ұзарған тыныс шығарумен әлсіреген тыныс фонында екі жақтан шашыранды құрғақ сырылдар, оң жақта жауырынасты аймақта – ылғалды ұсақкөпіршікті сырылдар. Сол жерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталады. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде рентгенологиялық көптеген инфильтративті өлшемі 1-2 см көлеңкелер анықталады. Лейкоциттер – 14 мың., ЭТЖ - 22 мм/сағ. Диагноз қандай:



- ӨСОА, жеңіл дәрежелі,өршу

- ӨСОА, орташа ауырлық дәрежеде, өршу

- Бронх демікпесі, орташа ауырлықта, өршу

- Бронх демікпесі, орташа ауырлықта. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы

+ ӨСОА, орташа ауырлық дәрежеде, өршу. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы

 

?

Миокард инфарктісімен науқаста интенсивті ангинозды синдром, тахикардия, АҚ-ның күрт төмендеуі, жіптәрізді пульс, тері жамылғыларының бозғылттығы, суық тер. Науқаста қандай асқыну дамыды:

- өкпе ісінуі

+ кардиогенды шок

- жүрек аневризмасы

- Дресслер синдромы

- миокард инфарктісінің рецидиві

 

?

Науқас жедел ревматикалық қызбамен ауырды. Қанында формуланың солға жылжуымен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, СРБ пайда болуы, сиал қышқылдарының, фибриногеннің, α2 және глобулиндердің, церулоплазминнің >0,25 г/л, серомукоидтың > 0,16 г/л, антистрептокиназаның >1: 300, антистрептолизин > 1:250 деңгейінің жоғарылауы байқалады. Эхокардиография:қақпақшалардың жармалары мен хордаларынан бастап ЭХО-сигналдың қалыңдауы мен «шашырандылығы», қақпақшаның артқы жармасының қозғалысының шектелуі, қысылған митральды қақпақшалардың систолалық экскурсиясының төмендеуі, систола соңында жармалардың біршама лабильденуі. Диагноз қандай:

- Диффузды миокардит

+ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы

- Гипертрофиялық кардиомиопатия

- Инфекционды эндокардит

- Экссудативті перикардит

 

?

С. атты науқаста, жедел трансмуральды инфаркттан кейін 20-шы тәулікте кеуде торында тыныс алумен байланысты, күрт әлсіреумен, терлегіштікпен жүретін интенсивті ауырсынулар дамыды.Қарағанда: субфебрилитет – 37,8° С,өкпесінде аускультативті қатқыл тыныс, төмен-бүйірлі бөлімдерінде плевраның үйкеліс шуы тыңдалады. Жүрек тондары тұйық, абсолютті жүрек тұйықтығы аймағында перикардтың үйкеліс шуы тыңдалады. Жедел миокард инфарктісінің берілген асқынуында қандай топ препараттарын тағайындайды:

- кең спектрлі антибиотиктер;

+ стероидты емес қабынуға қарсы;

- кальций антагонистері;

- ААФ ингибиторлары;

- антикоагулянттар

 

?

М. атты науқас, жедел миокард инфарктісіне байланысты кардиологиялық бөлімде жатыр, динамикада жүрек ұшы аймағында систолалық шу пайда болды, І-ші тон әлсіреген. Бұл жағдайда ЭХОКС-та қандай өзгерістер болады:

+ митральды қақпақшада регургитация;

- митральды қақпақшаның жармаларының қалыңдауы;

- митральды қақпақшада вегетациялар;

- қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі;

- перикард жапырақшаларының қалыңдауы.

 

 

?

Науқас Р.-58 жаста, 5 жыл бойы артериальды гипертензиямен ауырады. АҚ жоғарылағанда эпизодты түрде клофелин қабылдайды. Бір жыл бойы ентігуді, жүрекқағуды, физикалық жүктеме кезінде өкпенің төменгі бөлігінде ұсақкөпіршікті дыбыссыз сырылдарды байқаған. Қанайналым жеткіліксіздігінің қай сатысы:

+ ҚЖ I дәреже

- ҚЖ II А дәреже

- ҚЖ II Б дәреже

- ҚЖ III дәреже

- ҚЖ IV дәреже

 

?

А. атты науқаста тыныштық кезінде ентігу, гепатомегалия, анасарка. 3 апта бойы жүргізілген ем жағдайының жақсаруына алып келмеді. ҚЖ-нің қандай дәрежесін болжауға болады

+ ҚЖ III дәреже

- ҚЖ II Б дәреже

- ҚЖ 0 дәреже

- ҚЖ II А дәреже

- ҚЖ I дәреже

 

?

Науқас 63 жаста жедел миокард инфарктісіне байланысты клиникада жатыр. Аурудың 12 күнінде тұншығу ұстамасы дамыды, ентігу пайда болды және өршіді, өкпесінде қатқыл тыныс фонында көп мөлшерде ылғалды әртүрлікалибрлі сырылдар тыңдалады. Пульс 104/мин. АҚ- 100/60 мм.сб. Науқаста қандай асқыну:

- жедел оң жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігі

+ жедел сол жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігі

- жедел пневмонияның қосарлануы

- жедел бронхиттің қосарлануы

- кардиогенды шок

 

?

Созылмалы жүрек жетіспеушілігімен және айқын ісінуі бар науқас үнемі фуросемид қабылдайды. 2 апта бойы лоқсу, күрт бұлшықеттік әлсіздік, жүрекқағуды байқаған. Дәрігердің диагностикалық болжамдары қандай:

- соызлмалы жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы

+ гипокалиемия дамуы

- гастриттің қосылуы

- фуросемид әсерінің болмауы

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде фуросемид тағайындалмайды

 

?

Науқас М. жүрек маңында жиі соққы сезіміне, «жүректің тоқтап қалуы» сезіміне шағымданады.Анамнезінде қалқанша без ауруы. Тәуліктік мониторирлеу: ырғағы синусты ЖЖЖ 65 рет минутына, шағымдар пайда болу кезеңінде уақытынан бұрын кезектен тыс Р тісшесі және оның артынан өзгермеген QRSТ кешені. Алдын-ала диагноз:

– Қарыншалық экстрасистолия

– Синусты брадикардия

– Пароксизмальды тахикардия

– Синусты түйіннің әлсіздігі синдромы

+ Жүрекшелік экстрасистолия

 

?

Емханаға жүрекқағуға, психоэмоциональды күйзелістен кейін кеуде артында ауырлық сезіміне шағымдарымен жас жігіт келді. Науқас ЭКГ-да:ырғағы синусты,дұрыс ЖЖЖ 97рет минутына. Вагусты сынамалар ЖЖЖ-нің қалыптыға дейін төмендеуін шақырады. Жүрек ырғағының қандай бұзылысы тіркелген:

– синусты брадикардия

+ синусты тахикардия

– синусты түйіннің әлсіздігі синдромы

– синусты аритмия

– пароксизмальды қарыншалық тахикардия

 

?

Науқас Ц. 72 жаста стационарға жүрек маңындағы кезеңді түрдегі жүрек жұмысында қағыстың бұзылу сезімі фонында болатын ауырсынуларға байланысты жатқызылды. ЭКГда: минутына 10 көп топтық қарыншалық экстрасистолалар. Дәрігерлік тактика қандай:

– Верапамил

– АТФ

– Калия хлорид

+ Лидокаин

– Строфантин

 

?

Науқас И. көп жыл бойы жыбыр аритмиясымен ауырады. Жағдайының қазіргі нашарлауы 3 сағат бойы, осы кезде жүрек жұмысында соғудың бұзылысы, жүрек қағу, инспираторлы ентігу пайда болды. ЭКГ-да: Р тісшелерінің болмауы, қалыпты өзгермеген қарыншалық QRS кешендері, ЖЖЖ 210 рет минутына, R-R аралықтары әртүрлі. Дәрігерлік тактика қандай:

– Лидокаин

– Строфантин

+ Изоптин

– Нифедипин

– Миофедрин

 

?

Науқас белдің ауырсынуына, ауырсынатын, жиі зәршығаруға шағымданады.Қарағанда: беттің ісінуі, бел аймағын соққылау кезінде ауырсынады. АҚ-170/100 мм.сб. Зертханалық берілгендер: протеинурия, микрогематурия, лейкоцитурия, бактериурия. Алдын-ала диагноз:

+ созылмалы пиелонефрит

- созылмалы нитерстициальды нефрит

- жедел нитерстициальды нефрит

- соызмалы гломерулонефрит

- жедел гломерулонефрит

 

 

?

Бел аймағындағы ауырсынуға, беттің ісінуіне, олигурия шағымдар. Қарағанда: терісі бозғылт, құрғақ, беті, қабағы ісінген. АҚ– 160/100 мм.сб. Зертханалық берілгендер: зәрінің түсі «ет жуындысы» түрінде, протеинурия, микрогематурия,цилиндрлердің пайда болуы. Алдын-ала диагноз:

+ жедел гломерулонефрит

- созылмалы гломерулонефрит

- созылмалы пиелонефрит

- созылмалы нитерстициальды нефрит

- бүйрек амилоидозы

 

?

БДҰ-МОГ (1999ж.) эксперттерінің артериальды гипертензия жіктелуіне сай І дәрежелі гипертония дәрежесіне мына көрсеткіштерді жатқызады:

- 125/85

- 135/85

+ 140/95

- 145/105

- 160/85

 

?

Науқас бастың ауырсынуына, басайналуға, лоқсуға, шөлдеуге шағымданады.Анамнезінде көп жылдар бойы артериальды гипертензияның, зәрлік синдромның көрінуі. Қарағанда: беттің ісінуі, АҚ-180-200/100 мм.сб. Зерттеулер берілгендері: тәуліктік протеинурия 3,5 г көп, цилиндрурия, эритроцитурия және лейкоцитурия, гипоальбуминемия, гипопротеинемия, гиперхолестеринемия, фибриноген жоғарылауы. Алдын-ала диагноз:

+ созылмалы гломерулонефрит, аралас форма

- созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром

- диабеттік гломерулосклероз

- созылмалы гломерулонефрит, латентті форма

- созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық форма

 

?

Науқаста жоспарлы тексергенде зәрінде мына өзгерістер анықталған: протеинурия тәулігіне 1-2 г көп емес, микрогематурия, цилиндрурия. Көз түбі: нейроретниит. Алдын-ала диагноз:

+ созылмалы гломерулонефрит, латентті форма

- созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық форма

- созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық форма

- бүйрек амилоидозы

- жедел гломерулонефрит, нефротикалық форма

 

?

Науқас, 20 жаста, диастолалық АҚ жоғарылауы,гипотензивті емге резистентті. Қарағанда: кіндікмаңы аймақта систоладиастолалық шу, тынысты ұстап қалғанда жақсы естіледі. ЖЗА қалыпты. Бүйрек артерияларының проекциясында фоноартериограмма стенотикалық шуды тіркеді. Бүйрек жалпы шолу рентгенографиясында зақымдалу жағында бүйрек өлшемі кішірейген.Урографияда ерте суретте контрасттың кешігуі, кешінде оның мөлшерден көп жиналуы. Алдын-ала диагноз:

+ вазоренальды артериальды гипертония

- бүйрек артерияларының атеросклерозы

- бүйрек артериясының тромбоэмболиясы

- склеротикалық артериальды гипертония

- бүйрек артериясының аневризмасы

 

?

Геолог, 26 жаста, созылмалы тонзиллитпен ауырады. Экспедицияда баспамен ауырды. 2 айдан соң беттің, белдің ісінуін, ентігуді, жұмысістеуқабілетінің төмендеуін байқаған. АҚ-120/80 мм.сб. Зәр анализі: протеинурия, макрогенатурия, цилиндрурия. Қанында: гипопротеинемия, гиперлипидемия. Диагноз қандай:

+ жедел гломерулонефрит нефротикалық компонентпен

- жедел гломерулонефрит, гематуриялық нұсқа

- созылмалы гломерулонефрит

- созылмалы гломерулонефрит гипертониялық форма

- интерстициальды нефрит

 

?

Пневмония келесі фактормен шақырылады:

+ инфекция

- физикалық факторлар

- химиялық факторлар

- аллергия

- тамырлы генез

 

?

Атипті пневмониялар шақырылады:

- пневмококктар

+ жасушаішілік патогендер (микоплазмалар, легионеллалар, хламидиялар)

- стафилококктар

- көкіріңді таяқша

- ішек таяқшасы

 

?

Үйішілік ауруханадан тыс пневмонияның емі үшін қолдану керек:

+ пенициллиндер

- аминогликозидтер

- тетрациклиндер

- фторхинолондар

- сульфаниламидтер

 

?

Бронхоэктазды аурудың зертханалық диагностикасында жиі анықталады:

- эритроцитоз.

+ лейкоцитоз.

- тромбоцитопения.

- панцитопения.

- тромбоцитоз

 

?

Ауруханадан тыс пневмонияның ең жиі этиологиясы:

- стафилококк

- жасыл стрептококк.

- ішек таяқшасы

+ пневмококк

-көкіріңді таяқша

 

?

Науқас Б., 37 жаста, дәрігерге шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге шағымданып келді. Жағдайының нашарлауы 5 күн бұрын басталды. 5 жыл бойы ауырады, өршулер кезеңді түрде күз-көктем айларында пайда болады және жиі суықтанумен байланысты.Шырышты-іріңді қақырық өршулер кезінде бірнеше ай қатарынан орташа мөлшерде бөлініп шығады. Науқас 20жыл бойы күніне 1 қораптан шылым шегеді. Қарағанда: дене қызуы 37,5°С.Өкпе үстіндегі перкуторлы дыбыс ашық. Тынысы әлсіреген, везикулярлы, екі жақтан құрғақ, ысқырықты сырылдар анықталды. ТАЖ 22рет мин. Жүрек тондары ашық, ырғақты. ЖЖЖ 72 рет мин. АҚ 120/80 мм.сб. Диагноз қандай:

- Пневмония

- Өкпенің қатерлі ісігі

+ Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

- Бронх демікпесі

- Туберкулез

 

?

Науқас 20 жаста, сатыға көтерілгенде ентігуге және жүрек қағуға шағымданады. Балалық шақта жиі баспалар. Қарағанда: беті цианозды. Жүрек шекаралары жоғары және солға ығысқан. Қатты және шапалақты І тон, эпицентрі жүрек ұшында орналасқан систоло-диастолалық шу, өкпе артериясының үстінен ІІ тон акценті. ЭХОКГ: артқы және алдыңғы жармалардың бірбағытты қозғалысы,митральды тесіктің ауданы – 2 см2 және орташа антеградты регургитация. Алдын-ала диагноз:

+ біріккен митральды ақау

- митральды стеноз

- қолқа өзегінің стенозы

- митральды қақпақшаның пролапсы

- митральды – қақпақшалық ақау

 

?

Абитуриент 17 жаста медициналық қарауда аускультация кезінде эпицентрі жүрек ұшында орналасқан систолалық шу анықталды және өткізілмейді. ЭХОКГ-да: митральды қақпақшаның жармаларының қалыңдауы, сол жақ қарыншаның систоласы уақытында сол жақ жүрекшенің жармаларының лабильденуі. ЭКГ-да: синусты тахикардия, Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес блокадасы. Диагноз қандай:

+ митральды қақпақшаның пролапсы

- митральды қақпақшаның жетіспеушілігі

- үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі

- өкпе артериясы қақпақшасының жетіспеушілігі

- митральды жетіспеушілік қолқа қақпақшасының жетіспеушілігімен бірге

 

?

30 жастағы әйел жүрек маңындағы ауырсынуға, жүрек қағу физикалық жүктемемен тікелей байланысы жоқ. Қарағанда: пальпацияда күшейген және жайылмалы жүрекұшы түрткісі. Аускультацияда: I тон әлсіреген, жүрек ұшында дөрекі систолалық шу және III тон. ЭХОКГ: митральды регургитация. ЭКГ: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясы белгілері. Алдын-ала диагноз:

+ митральды қақпақшаның жетіспеушілігі

- қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

- өкпе артериясы қақпақшасының жетіспеушілігі

- митральды қақпақшаның пролапсы

- үшжармалы жетіспеушілік

 

?

Науқас 22 жаста жүрекқағуға, физикалық жүктеме кезінде мойын маңында пульсацияны сезіну. Анамнезінде тонзиллиттің жиі өршулері.Қарағанда: Мюссе симптомы оң, «каротидтер биі». Аускультацияда: I тон тұйықталған, жұмсақ диастолалық III – IV қабырғааралықта төссүйектің сол жақ қырында жақсы естіледі. ЭХОКГ:қанның қолқадан сол жақ қарыншаға регургитациясы. Алдын-ала диагноз:

- митральды қақпақшаның жетіспеушілігі

+ қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

- өкпе артериясы қақпақшасының жетіспеушілігі

- митральды стеноз

- үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі

 

?

Науқас бас ауруына, бас айналуға және жүрек маңында ауырсынуларға шағымданады. Пальпацияда жүрек бүкірі, эпигастрийде пульсация. Жүрек ұшында «мысық пырылдауы». Аускультацияда: жүрек негізінде дөрекі систолалық шу. ЭХОКГ: сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің және қолқа өзегінің тарылуы. Диагноз қандай:

+ митарльды және қолқалық стеноздың бірігуі

- митральды стеноз бен жетіспеушіліктің бірігуі

- митральды стеноз бен қолқалық жетіспеушіліктің бірігуі

- аортальды стеноз бен митральды жетіспеушіліктің бірігуі

- митральды стеноз бен қолқалық жетіспеушіліктің бірігуі

 

?

Эпигастриальды аймақта тұрақты сыздап ауырсыну, тез шаршағыштық. Пальпацияда «мысық пырылы» анықталады. Аускультацияда: II тон әлсіреген,эпицентрі жүрек ұшында орналасқан систолалық шу жоғары ІІІ,ІІ қабырғаларға, бұғанаға және оң жақ қолтықасты аймағына иррадиацияланады. Сіздің диагнозыңыз:

- митральды қақпақшаның жетіспеушілігі

- қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

+ үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі

- митральды қақпақшаның пролапсы

- қақпақшаның митральды-қолқалық жетіспеушілігі

 

?

Амбулаторияға жүрек маңындағы қағыстың бұзылуы шағымдарымен науқас келді. ЭКГ-да синусты ырғақ фонында жиі кезектен қалыпты QRS кешендері деформацияланған Р тісшесімен, РQ интервалының қысқаруы және толық емес компенсаторлы пауза.Науқаста ырғақтың қандай бұзылысы:

- Синусты аритмия

- ІІ дәр. атриовентрикулярлы блокада

+ Жүрекшелік экстрасистолия

- Қарыншалық экстрасистолия

- Жыбыр аритмиясы

 

?

Науқас М., 40 жаста төс артындағы жедел ауырсынуларға шағымданады, ауырсынулар мойынға беріледі және тыныс алғанда күшейеді. Ауырсыну кеше кешкі уақытта пайда болды, біртіндеп күшейіп, таңертеңгі уақытта жоғарғы шегіне жетті. Бір апта бұрын тұмаумен ауырған. Жөтел жоқ. Қандай патология деп ойлауға болады:

- Миокард инфарктісі

+ Жедел трахеобронхит

- Жедел перикардит

- Остеохондроз

- Титце синдромы

 

?

Ер адам 50 жаста кеуде торының сол жақ бөлігінің ауырсынуларына шағымданып келді, ауырсыну күрт физикалық жүктемеден кейін пайда болады. Сол қолды қимлдатқанда және терең тыныс алғанда ауырсыну күрт күшейеді.Аускультацияда өкпеде тынысы әлсіреген. Перкуторлы тимпанит. Қандай патология туралы ойлауға болады

- ЖИА. Стенокардия

- Остеохондроз

- Қабырғааралық невралгия

+ Спонтанды пневмоторакс

- Жалқықты плеврит

 

?

Қандай дәрі ұзақ қолданған кезде гемолизді шақырады немесе күшейтеді:

- амидопирин

+ метилдопа

- гепарин

-преднизолон

- азатиоприн

 

?

Науқас 35 жаста жанұялық дәрігерге 3 сағат және одан да ұзақ уақытқа созылатын төс артындағы қысып ауырсынуларға шағымданады, ауырсынулар жұмыстағы психоэмоциональды күйзелістерден кейін пайда болды және соңғы 2 апта бойы сақталады. ЖЖЖ – 82 соққы мин., АҚ 130/80 мм.сб. Дәрігерлік тактика:

- Кардиологиялық бөлімшеге жедел госпитализациялау

- Жанұялық дәрігердің бақылауына бағыттаумен үйге қайтару

- Анальгетиктерді қабылдау нұсқауларын беріп, үйге бағыттау

- Жалпы қан анализін зерттеу

+ Сол жерде электрокардиограмма түсіру

 

?

Науқас 29 жаста жүрек маңында анықталмаған түрде ауырсынуларға, тұрақты әлсіздікке,ұйқышылдыққа, жүрек қағысының бұзылуына, физикалық жүктеме кезінде тершеңдікке шағымданады. Кешкі уақытта дене қызуы 37,30С дейін жоғарылайды. Өткен айда суықтанудан кейін басқа ешқандай аурулармен ауырмаған. Пәтерінде туберкулезбен ауыратын, қарт жұмыссыз адам тұрады. Қан анализі, зәр анализі қалыпты. Жүрек үстінен систолалық шу тыңдалады,ЖЖЖ 100 рет 1 мин. ЭКГ: PQ 0,26с. Өткізгіштіктің қарыншаішілік бұзылуы.Алдын-ала диагноз:

- Өкпе туберкулезі

- Тұрақсыз стенокардия

- Жүрек ырғағының пароксизмальды бұзылысы

+ Миокардит

- Перикардит

 

?

30 жасар әйел адамға 2 ай бұрын ревматикалық этиологиялы митральды қақпақшаның стенозы бойынша ота жасалған. Қазіргі уақытта шағымдары жоқ. Объективті тексергенде өкпе, жүрек, құрсақ уысы мүшелерінде ауытқулар анықталған жоқ. Стеноз рецидивінің алдын-алу факторы:

- ацетилсалицил қышқылының маусымды тағайындалуы

- тонзиллэктомия

- бициллинды аусымды тағайындау

+ жылбойы бициллинопрофилактика

- клопидогрель

 

?

Стенокардияның қандай түрінде таңертеңгі уақытта тез жүгірген соң төс артындағы қысып ауырсынулар пайда болады, олар физикалық жүктеме тоқтаған соң өзбетімен басылады:

+ Тұрақты күш түсу стенокардиясы I ФК.

- Тұрақты күш түсу стенокардиясы II ФК.

- Тұрақты күш түсу стенокардиясы III ФК.

- Тұрақты күш түсу стенокардиясы IV ФК.

- Тұрақсыз стенокардия

 

?

Қандай препаратты қабылдау құрғақ жөтелді шақыруы мүмкін:

- теопек

- беротек

+ капотен

- недокромил

- аторис

 

?

Жүрек ырғағының бұзылысының қандай түрінде пульс дефициті байқалады:

- синусты аритмия

- жүрекшелік экстрасистолия

+ жыбырлы аритмия

- қарыншаүстілік тахикардия

- қарыншалық экстрасистолия

 

?

Әйел адам 29 жаста жалпы тәжірибелік дәрігерге күндізгі тұншығу ұстамаларына шағымданады, тұншығулар аптасына 1-2 рет, түнгі уақытта айына 2 реттен жиі. Ұстамалар сальбутамол ингаляциясымен басылады. Бір жыл бойы ауырады.Шылым шегеді. Жағдайының нашарлауын суықтанумен байланыстырады. Қарағанда – өзгерістер жоқ. Тыныс шығарудың пикті жылдамдығы (ПСВ – сальбутамолмен тыныс алған соң 20 минуттан кейін 25 %-ға жоғарылады). Ұстама болмаған кезде ПСВ қалыпты көрсеткіштен 80% құрайды, көрсеткіштердің шашыруы ПСВ-30%. Диагноз қандай:

-Бронх демікпесі, инфекция тәуелді форма, жеңіл интермиттирлеуші ағым

- Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы,жеңіл ағым

- Бронх демікпесі, инфекциятәуелді форма, персистирлеуші орташауыр ағым

-Бронх демікпесі, инфекция тәуелді форма, персистирлеуші ауыр ағым

+Бронх демікпесі, инфекциятәуелді форма, жеңіл персистирлеуші ағым

 

?

Ер адам 45 жаста жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауруы, лоқсу, жүрек маңындағы қысып ауырсынуға шағымданды. 2 жыл бойы артериальды гипертензиямен және жүректің ишемиялық ауруымен диспансерлі тіркеуде тұр. Артериальды қысымы максимальды 150/95 мм. сб. дейін жоғарылайды. Клинико-зертханалық зерттеулердің нәтижелері өзгеріссіз. Артериальды гипертензияның қандай дәрежесі және тобы:

+ Артериальды гипертензия I дәреже, қауіп IV

- Артериальды гипертензия II дәреже, қауіп III

- Артериальды гипертензия II дәреже, қауіп IV

- Артериальды гипертензия III дәреже, қауіп III

- Артериальды гипертензия, III дәреже, қауіп IV

 

?

Ер адам 55 жаста дәрігерге кенеттен басталған ентігуге, кеуде ауырсынуына, тахикардияға, қанқақыруға, тершеңдікке шағымданып келді. Қарағанда цианоз, мойын веналарының кеңеюі, аяқтың төменгі бөлігінде көктамырлардың варикозды кеңеюі. Өкпесінде плевраның үйкеліс шуы тыңдалады. ЭКГ-да: SІQІІІ синдромы, Гисс шоғырының оң аяқшасының толық емес блокадасының белгілері. Алдын-ала диагноз:

- миокард инфарктісі

- астматикалық статус

+ өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- өкпе бөлігінің ателектазы

- өкпенің ошақты туберкулезі

 

?

Жас жігіт, 19 жаста дәрігерге жүрек маңындағы қысып ауырсынулары шағымдарымен келді. Анамнезінде физикалық жүктеме кезінде естен тануды байқаған. Анасы жағынан туысқандарының арасында жас кезінде кенеттен өлім жағдайлары болған. Қарағанда: физикалық дамыған, кеуде клеткасының деформациясы жоқ. Тері жабындылары қалыпты түсте.Аускультацияда жүрек ұшы түрткісінде дөрекі систолалық шу тыңдалады, ол төссүйек бойымен иррадиация береді. АҚ 120/80 мм.сб., ЖЖЖ 84 рет минутына. ЭКГ-да І, aVL, V5,V6 тіркемелерінде патологиялық Q тісшелері анықталған. Эхокардиограммада қарыншааралық перденің және сол жақ қарыншаның күрт айқын гипертрофиясы анықталады. Берілен патологияда кардиалгия генезі қандай:

+ Коронарлы жетіспеушілік

- Бейспецификалық коронарит

- Тәж артерияларының спазмы

- Қандай эндорфиндердің төмен деңгейі

- Тәж артерияларының атеросклерозы

 

?

Ер адам, 57 жаста жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек маңындағысол қолға иррадиациясы бар қысып ауырсынуларға шағымданды, ауырсынулар 30 минутқа созылады, нитроглицеринмен басылмайды. ЭКГ-да ІІ, ІІІ, aVF, V5-V6 тіркемелерінде монофазды қисықпен Q тісшесінің пайда болуы. Болжам диагноз:

-Жедел миокард инфарктісі Q тісшесімен сол жақ қарыншаның алдыңғы-пердеаралық аймақта

- Жедел миокард инфарктісі Q тісшесімен сол жақ қарыншаның ұшында

- Жедел миокард инфарктісі Q тісшесімен сол жақ қарыншаның алдыңғы-пердеаралық және бүйірлік аймағында

- Жедел миокард инфарктісі Q тісшесімен сол жақ қарыншаның бүйірлік аймағында

+ Жедел миокард инфарктісі Q тісшесімен сол жақ қарыншаның артқы-бүйірлік аймағында

 

?

Әйел адам, 30 жаста дәрігерге кенеттен жүрекқағуға шағымданады, ол лоқсумен, іштің желденуімен, тершеңдікпен бірге жүреді және көп мөлшерде зәршығарумен аяқталады. Ұстамалар 3 ай бұрын пайда болды, дәрігерлерге қаралған жоқ. Қарағанда ішкі мүшелер жағынан патология анықталған жоқ. АҚ 110/80 мм.сб., ЖЖЖ 78 соққы 1 мин. ЭКГ-да PQ интервалының қысқаруы,QRS кешенінің кеңеюі және деормациясы, переднее колено QRS-тің алдыңғы тізесі «сатытәрізді», ST интервалының дискордантты ығысуы. Бұл науқаста ырғақтың қандай бұзылысы:

- Синусты түйіннің әлсіздігі синдромы

- Қарыншалық экстрасистолия

- Гис шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы

+ Уайт-Паркинсон-Вольф синдромы жүрекшелік тахикардияның пароксизмдерімен

- ІІ дәрежелі атриовентрикулярлы блокада Адамса-Морганьи-Стокса синдромымен

 

?

Ер адам, 22 жаста жалпы тәжірибелік дәрігерге тез шаршағыштыққа, орташа физикалық жүктемеден кейін ентігугешағымданады. Қараған кезде беті цианозды, жүрек ұшы түрткісі солға ығысқан, жүрек аускультациясы кезінде І тон әлсіреген, жүрек ұшы түрткісі І тоннан кейін бірден пайда болады, систолалық шу тыңдалады, сол жақ қолтықасты аймағына беріледі, сонымен қатар патологиялық ІІІ тон тыңдалады. Сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншаның гипертрофиясының ЭКГ – белгілері. Болжам диагноз қандай:

- Митральды стеноз

+ Митральды жетіспеушілік

- Қолқалық стеноз

- Қолқалық жетіспеушілік

- Үшжармалы қақпақшаның стенозы

 

?

Ер адам, 23 жаста жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданып келді. Балалық шақта баспамен жиі ауырған.Қарағанда: пульсі әлсіз, баяу, каротидтер биі; жүрек ұшында І тонның және қолқада ІІ тонның әлсіреуі, қолқада және Боткин-Эрба нүктесінде систолалық шу; шу қолқада жақсы тыңдалады, ұйқы артерияларына және қабырғааралық аймаққа иррадиация береді.Болжам диагноз қандай:

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақшаның жетіспеушілігі

+ Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының стенозы

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үшжармалы қақпақшаның стенозы

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақшаның стенозы

- Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы,қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

 

?

Жас жігіт, 20 жаста, бас ауруына, кезектесетін ақсаңдыққа және тез шаршағыштыққа шағымданады. Қарағанда: тұлғасының жоғарғы бөлігі жақсы дамыған, төменгі бөлігі нашар дамыған. Қолындағы АҚ 190/100 мм.сб. Аяғындағы пульс біршама әлсіреген. ЭКГ — сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Диагноз қандай:

- Түйінді периартериит

- Феохромоцитома

+ Қолқа коарктациясы

- Кон синдромы

- Иценко—Кушинг синдромы

 

?

Ер адам 57 жаста, дәрігерге тұншығумен жүретін ентігуге, қызыл күрең түсті көпіршікті қақырықтың бөлінуімен жүретін жөтелге шағымданады. Жағдайының нашарлауын физикалық жүктемемен байланыстырады.Анамнезінен: 5 жыл бойы артериальды гипертензия бойынша диспансерлі бақылауда тұр.Қарағанда: Ортопноэ. Өкпесінде ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар екі жақта да тыңдалады. Жүрек аускультациясында жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс емес. АҚ 160/100 мм.сб. ЭКГ-да: жыбырлы аритмия, ЖЖЖ 120 рет минутына. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы жүктемемен. Берілген симптомдар қандай патологияға тән:

- бронх демікпесінің ұстамалары

+ жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілік

- өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- спонтанды пневмоторакс

- инфарктты пневмония

 

?

Ер адам 37 жаста, фермер, жалпы тәжірибелік дәрігерге аралас ентігуге, қалтырауға,дене қызуының 390С жоғарылауына, аз қақырықты жөтелге, арасында қан іздері бар. Симптомдар шіріген шөппен жұыс істеген соң пайда болды. Қан сарысуында преципитатты антиденелер. Берілген науқаста қандай патология:

- өкпенің милиарлы туберкулезі

- пневмония

- экзогенды аллергиялық альвеолит

+ идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

- бронх демікпесі

?

Жас бала 15 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге 200 мл көлемге дейінгі шырышты-іріңді иісті жөтелге, қанқақыруға,дене қызуының 38,2 С жоғарылауына,дімкәстікке, ентігуге шағымданып келді. Балалық шақта жиі жөтелді байқаған. Соңғы 5 жыл бойы – жылсайынғы өршулер. Бірінші кезекте қандай ауруды терістеу керек:

- пневмония

- өкпенің созылмалы абсцессі

+ туберкулез

- өкпе поликистозы

- бронхоэктазды ауру

 

?

Әйел адам 32 жаста, 2 ай бойы ауырады, жалпы тәжірибелік дәрігерге дене қызуының 39*Сжоғарылауына, қалтырауға, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге шағымданады. Қызуды түсіретін дәрілермен, сульфаниламидтермен емделген, ампициллинмен 5 күндік ем жүргізілген. Дене қызуы 38,2*С, тері жабындылары бозғылт, бет терісінде және алақанда бірлік петехиальды экзантемалар, пульс 100 рет минутына, АҚ 140/90 мм.сб., жүрек тондары тұйықталған, төссүйектің сол жақ қыры бойымен жоғары жиілікті диастолалық шу естіледі, ол ІІ тоннан кейін жүреді, гепатоспленомегалия. Болжам диагноз:

- жүректің созылмалы ревматикалық ауруы және митральды стеноз

+ инфекциялық эндокардит және қолқалық жетіспеушілік

- - жүректің созылмалы ревматикалық ауруы және қолқалық жетіспеушілік

- инфекциялық эндокардит және митральды жетіспеушілік

- инфекциялық эндокардит және митральды стеноз

 

?

Ер адам 27 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге қалтырауға, құрғақ жөтелге, оң жақ бүйірдің ауырсынуына, 38,50 С дейін қызбаға шағымданады. 3 күн бойы ауырады. Кеуде торының оң бөлігі тыныс алу актісінен қалыңқы. Перкуссияда алдында 3 қабырғааралықта және жауырынаралық кеңістікте ортаңғы бөлігінен артқы жағында тұйық дыбыс байқалады, бұл аймақта тыныс жүргізілмейді. Салыстырмалы жүрек тұйықтығының сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан. Болжам диагноз қандай:

+ оң жақты экссудативті плеврит

- ошақты пневмония оң жақта төменгі бөлігінде

- оң жақты крупозды пневмония

- соызлмалы бронхиттің өршуі

- оңжақты гидроторакс

 

?

Ер адам 50 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге төссүйектің жоғарғы үштен бір бөлігінің түнгі ауырсынуларына шағымданады, ауырсынулар 15 минутқа созылады және өзбетімен немесе нитроглицерин қабылдаған соң басылады. АҚ - 120/80 мм.сб., пульс 62 соққы 1 минутта. Ұстама жоқ кезде түсірілген ЭКГ патологиялық өзгерістерсіз. Физикалық жүктемемен сынама күштемеге жоғары толеранттылығында болуында теріс. Ұстама кезіндегі ЭКГ-да кеуделік тіркемелерде ST сегментінің жоғарылауы тіркелген. Болжам диагноз қандай:

- перикардит

- нейроциркуляторлы дистония

- күш түсу стенокардия

+ нұсқалы стенокардия

- обструкциялы кардиопатия

 

?

Ер адам 50 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге төс артындағы күйдіріп ауырсынуға шағымданды, мойынға иррадиация береді,2-3 сағатқа созылады, тыныс алумен байланыссыз,күрт әлсіздік және тершеңдік. Анамнезінде созылмалы бронхиттің жиі өршулерін байқаған. Шылым шегеді. Ұстама өмірінде бірінші рет бүгін түнде пайда болған. Болжам диагноз:

- мойын остеохондрозы

- спонтанды пневмоторокс

- өкпелік жүрек

+ миокард инфарктісі

- өкпе инфарктісі

 

?

Ер адам 50 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге кеуде торының сол жақ бөлігінің күрт физикалық күштемеден соң пайда болатын ауырсынуына шағымданады. Сол қолды қиыслдатқанда және терең дем алғанда ауырсыну күшейеді.Өкпе аускультациясында сол жақ бөлікте тынысы әлсіреген. Перкуторлы тимпанит.Қандай патология туралы ойлауға болады:

- ЖИА. Стенокардия

- остеохондроз

- қабырғааралық невралгия

+ спонтанды пневмоторакс

- жалқықты плеврит.

 

?

Ер адам 40 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге төс артындағы, мойынға берілетін және тыныс алғанда күшейетін ауырсынуларға шағымданады. Ауырсынулар кеше кешкі уақытта пайда болып, тұрақты күшейіп,таңертең максимумына жетті. Бір апта бұрын тұмаумен ауырған.Жөтел жоқ. Қандай патология туралы ойлауға болады:

- миокард инфарктісі

- жедел трахеобронхит

+ жедел перикардит

- остеохондроз

- Титце синдромы

 

?

Ер адам 45 жаста, амбулаторияға жүрек маңында қағыстың бұзылуына шағымданып келді. ЭКГ – синусты ырғақ фонында жиі кезектен тыс қалыпты QRS кешендері оның алдында деформацияланған Р тісшелері байқалады, РQ интервалының қысқаруы және толық емес компенсаторлы пауза. Науқаста ырғақ бұзылысының қандай түрі:

- синусты аритмия

- ІІ дәрежелі атриовентрикулярлы блокада

+ жүрекшелік экстрасистолия

- қарыншалық экстрасистолия

- жыбырлы аритмия.

 

?

Әйел адам 55 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек маңындағы қысып ауыратын, физикалық жүктемемен байланысы жоқ, бірақ нитроглицерин қабылдаған соң басылатын ауырсынуларға шағымданады. Аяқтардың төменгі бөліктерінің варикозды кеңеюімен ауырады, артериальды қысымның 160/90 мм.сб. жоғарылауы байқалады.12 стандартты тіркемелерде ЭКГ-да спецификалық өзгерістері жоқ. Келесі диагностикалық зерттеу қандай болады:

- Велоэргометрия

- Обзиданмен сынама

+Тәуліктік мониторирлеу

- Коронароангиография

- Қанда ферменттер деңгейін анықтау

 

?

Ер адам 43 жаста, аспаз, жалпы тәжірибелік дәрігерге аз мөлшерлі шырышты қақырықты, жеңілдік алып келмейтін жөтелге, жүктеме кезінде ентігуге шағымданады. 4 жыл бойы ауырады. 14 жасынан бастап шылым шегеді. Кеуде торы бөшкетәрізді формада, бұғанүстілік ойықтар үлкейген. Дауыс дірілі екі жақтан да әлсіреген. Перкуторлы – қорапты дыбыс. Тынысы қатқыл ұзарған тыныс шығарумен, бүйірлік бөліктерінде дискантты сырылдар, форсирленген тыныс шығару кезінде күшейеді. Науқасқа не тағайындау қажет:

- жөтелге қарсы препараттар

+ бронхкеңейтуші препараттар

- витаминотерапия

- антиагреганттар

- седативті препараттар

 

?

Ер адам 30 жаста, учаскелік терапевтке антибиотиктерге тұрақты 38 0С дейінгі дене қызуына шағымданып келді, бір ай бойы ауырады, гипергидроз. Қарағанда анықталды: мойын лимфатүйіндерінің ұлғаюы, нейтрофильды лейкоцитоз, ЭТЖ 50 мм/сағ жоғарылауы. Диагнозды растау үшін не таңдау қажет:

- цитостатиктерді сынамалы тағайындау

- антибиотиктерді жергілікті тағайындау

+ бейспецификалық терапияны сынамалы тағайындау

- кортикостероидтарды сынамалы тағайындау

- антибиотиктерді сынамалы тағайындау

 

?

Ер адам 55 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге сол қолға иррадиацияланатын жүрек маңындағы қысып ауырсынуларға шағымданды, ауырсынулар 3 қабатқа көтерілгенде және жазық жерде 500 метр жүрген соң пайда болады, тыныштық уақытында басылады.Бұл симптомдар жүрекқағумен және беттің гиперемиясымен жүреді. Қандай препаратты тағайындау дұрыс болады:

- нитроглицерин тіластына

- кардикет 20 мг 3-4 рет тәулігіне

- тромбоАсс 100 мг тәулігіне

+ метопролол 100 мг тәулігіне 2 қабылдау

- симвастерол 10 мг тәулігіне

 

?

Ер адам 67 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге жөтелдің күшеюіне, шырышты-іріңді қақырыққа, ентігуге шағымданып келді. Көп жыл бойы өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауырады. Аурудың өршуін жылына 2-3 рет байқаған. Шылым шегеді. Өкпесінде везикулярлы тыныстың әлсіреуі байқалады, бүкіл өкпе алаңында ысқырықты құрғақ сырылдар. Тыныс саны 28 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған,ырғағы дұрыс. АҚ 130/90 мм.сб., пульс 88 рет минутына. Қандай препаратты тағайындау дұрыс болады:

- Гентамицин б/е

+ Кларитромицин per os

- Сальбутамола к\т

- Вентолина ингаляция түрінде

- Сальбутамола ингаляция түрінде

 

?

Әйел адам 47 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауруына, лоқсуға, жүрек маңындағы қысып ауырсынуға және жүрек қағуға шағымданады. 10 жыл бойы бронх демікпесі бойынша диспансерлі бақылауда тұр. Қарағанда артериальды гипертензия (АҚ 170/90 мм.сб) анықталды. Гипотензивті препаратты тағайындау керек. Берілген жағдайда қандай препаратты тағайындау қарсы болып табылады:

- Лизиноприл

- Верапамил

- Индапамид

+ Карведилол

- Амлодипин

 

?

Ер адам 38 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге кеуде торындағы интенсивті ауырсынуларға шағымданып келді, ауырсынулар 20 минутқа дейін созылады, физикалық жүктемелерден кейін пайда болады, соңғы 2 күнде күшейді, нитроглицеринмен нашар басылады. ЭКГ: ST сегментінің 2 мм-ге ығысуы, теріс T тісшесі. Қандай диагностикалық тест диагнозды растайды:

- Жалпы қан анализі

- Холестерин, триглицеридтердің жоғарылауы

+ Кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы

- Физикалық жүктемемен тест

- ЭхоКГ

 

?

Ер адам 62 жаста, миокард инфарктісін басынан кешірген, дәрігерге бас ауруы мен бас айналуға байланысты келді. Қарағанда: пульс – 86 рет минутына, артериальды қысымы – 200/100 мм.сб., жүрек жеткіліксіздігі белгілері жоқ, аяқтың төменгі бөліктерінің тамырларының облитерациялық атеросклероз көріністері бар. Артериальды гипертензияны коррекциялау үшін науқасқа қандай препарат тағайындау керек:

- Капотен.

- Анаприлин.

- Коринфар.

- Гипотиазид.

+ Верапамил.

 

?

Науқас әйел 35 жаста, бронх демікпесінің атопиялық формасымен және нейроциркуляторлы дистония тахикардиялық синдроммен ауырады, бір апта бойы минимальды дозада пропранололды қабылдаған, кейін саяжайға кеткен, сол жерде арықтарды қазған соң тұншығудың ауыр ұстамасы басталды. Тұншығудың ұстамасын немен басу керек:

- Эуфиллин

- Пропранолол

+ Сальбутамол

- Амброксол

- Антибиотик

 

?

Ер адам 50 жаста, учаскелік дәрігерді үйге жүрек маңындағы ауырсынуларға, ентігуге, ауа жетпеу сезіміне, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Қараған кезде жағдайы ауыр: бетінің бозғылттығы, терінің ылғалдылығы, АҚ 150/100 мм.сб., пульс 120 рет минутына. Өкпесінде ірікөпіршікті сырылдар, олар жүрек тондарын тұйықтайды. Анамнезінде – 5 жыл бойы артериальды гипертензиямен ауырады. Дәрігерлік тактика қандай:

- Науқасты үйінде қалдыру

- Жедел жәрдем шақырту

- Үйінде қалдыру және клиникалық көріністі бақылау

- Күндізгі стационарда е тағайындау.

+ Арнайы бригаданы шақырту және науқасты госпитализациялау

 

?

Ер адам 45 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек маңындағы ауырсынуларға, жүрек қағуға шағымданып келді. Созылмалы ЖИА-мен, қарыншаүстілік тахикардияның кезеңді ұстамаларымен диспансерлі бақылауда тұр. Бұл науқастың тұрақтандырушы емінде таңдау препараты болып табылады:

+ Кордарон.

- Новокаинамид.

- Эналаприл.

- Панангин.

- Атропин.

 

?

Әйел адам 50 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерді ентігуге, тыныштық уақытында жүрек қағуға шағымданады, шағымдары физикалық жүктеме кезінде күшейеді, жөтел, қантүкіру. Ревматизммен ауырады. Қарағанда: акроцианоз. Өкпесінде - артқытөменгі бөлімдерде ылғалды, дыбыссыз сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялы, ЖЖЖ = 110 рет мин. Жүрек ұшында үшмүшелі әуен тыңдалады: шапалақты 1 тон, диастолалық шу және итральды қақпақшаның ашылу сытыры. Бауыр ұшы 2 см-ге шығыңқы. Балтырлары ісінген. Дәрігерлік тактика қандай:

- Үй жағдайында стационар ұйымдастыру.

- Жедел жәрдем шақырту

+ Ревматологиялық бөлімге госпитализациялау.

- Күндізгі стационарға емге бағыттау.

- Амбулаторлы ем тағайындау.

 

?

Әйел адам 62 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге қолбасының ұсақ буындарының ауырсынуына шағымданады, ауырсынулар механикалық түрде, кешкі уақытта күшейеді. Қарағанда: дистальды фалангааралық буындардың деформациясы, Геберден, Бушар түйіндері. Бұл науқасқа не тағайындау керек:

- Антибиотиктер.

+ Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар.

- Ангиопротекторлар.

- Кортикостероидтар.

- Спазмолитиктер.

 

?

Әйел адам 25 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігерге қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, дене қызуының 37°С-қа дейін жоғарылауы. Суықтанудан кейін жедел ауырып қалды. Сол жақта жауырынааралық аймақта құрғақ сырылдар тыңдалады. Жалпы қан анализі ерекшеліктерсіз. Науқастың 8-10 апталық жүктілігін ескере отырып, қандай ем тағайындаған дұрыс болып табылады:

- Ципрофлоксацин, АЦЦ.

- Метрогил, гентамицин.

+ Лазолван, жылы су.

- Амоксиклав, бронхолитин.

- Бромгексин, тетрациклин.

 

?

Ер адам 67 жаста жалпы тәжірибелік дәрігерге төс артындағы күйдіріп, қысып ауыратын ауырсынуларға шағымданады, ауырсыну 40 минутқа созылады. 10 жыл бойы жүректің ишеиялық ауруымен ауырады. Дәрігер тактикасы қандай:

+ Шұғыл госпитализация.

- Үй жағдайындағы стационар.

- Күндізгі стационар.

- Жоспарлы госпитализация.

- Амбулаторлы жағдайда бақылау.

 

?

Ер адам 72 жаста, ӨСОА-мен көп жылдар бойы ауырады, жалпы тәжірибелік дәрігерге дене қызуының жоғарылауына, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады шағымдары суықтанудан кейін пайда болды. Рентгенологияда өкпе тінінің оң жағында төменгі бөлігінде инфильтрация анықталды. Қандай ем жоспары дұрыс:

- Тетрациклин + метрогил + лазолван

- Амоксиклав + гентамицин + бромгексин

- Кларитромицин + преднизолон + бромгексин

- Метронидазол + амброксол + ипратропиума бромид

+ Кларитромицин + амброксол + ипратропиума бромид

 

?

Ер адам 50 жаста, учаскелік дәрігерге қалыпты медициналық қарау үшін келді. Шағымы жоқ. Қарағанда: АҚ 160/100 мм.сб, ЖЖЖ 72 рет 1 минутта, ырғағы дұрыс, жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, дене қызуы қалыпты. Көз түбі - артериолалардың тарылуы және тамырлы суреттің шашыранды болуы. ЭКГ:сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Анализдерде электролиттер мен креатининде өзгерістер жоқ. Дәрігер тактикасы қандай:

- Стационарға тексерілу үшін бағыттау.

- Гипотензивті препараттарды шұғыл енгізу.

- «Гипертониялық ауру» диагнозын қойып және гипотензивті ем тағайындау.

- Үш күн бойы АҚ өлшеуді қайталау және науқасты бақылау.

+ Гипотензивті м тағайындау және симптоматикалық гипертензияларды теріске шығару керек.

 

?

Науқас, 58 жаста,10-15 жыл бойы артериальды гипертензияның II дәр. ауырады. Бір жыл бұрын алдыңғы бүйірлік аймақта іріошақты миокард инфарктісімен ауырған. Бұл науқаста еңбек болжамы қандай:

- жұмысқа қабілетті, тәртіпті орындау

+ ІІ топ мүгедегі

- физикалық еңбекпен байланысы жоқ жұмысқа ауыстыру

- түнгі уақытты жұмысқа ауыстыру

- І топ мүгедегі

 

?

Нефрогенді гипертонияны емдеу үшін гипотензивті препараттардың қай топтарын қолданады:

+ ААФ ингибиторлары

- бета-блокаторлар

- диуретиктер

- альфа-блокаторлар

- кальций антагонистері

 

?

Артериальды гипертензия мен кіндік үстінде систолалық шуды анықтаған кезде диагнозды растау үшін науқасқа қандай зерттеу тағайындау керек:

- кеуде торы мүшелерінің жалпы шолу R-графиясы

- бүйрек УДЗ−сы

+ бүйрек артерияларының УЗДГ

- Көз түбі

- Экскреторлы урография

 

?

ІІ дәрежелі артериальды гипертензиямен ауыратын науқасқа келесі еңбек түрі көрсетілген:

- Аса физикалық жүктемемен жұмыс

- Жүйке-психикалық көп жүктемемен жұмыс

- Түнгі ауысым

- Шу, вибрация

+Орташа физикалық жүктемемен жұмыс

 

?

Науқас Г., 55 жаста, 12 жыл бойы ІІ дәрежелі артериальды гипертензиямен ауырады (АҚ 165/100 мм сб. жоғарылайды). Бұл науқаста тұрақтандырушы емнің сызбасы қандай:

- қысқа әсерлі нифедипинмен монотерапия

+b-блокаторлар +диуретиктер

- ААФ инигибиторлары+диуретиктер

- ААФ ингибиторлары+кальций антагонистері+жүрек гликозидтері

- адельфанмен монотерапия

 

?

Алғаш пайда болған стенокардия кезінде дәрігерлік тактика:

- Амбулаторлы жағдайда емдеу

- Емхананың күндізгі стационар жағдайында емдеу

- Жоспарлы госпитализация

+Шұғыл госпитализация

- Ем жүргізілмейді

 

?

ЭКГ-да синусты тахикардияның белгісі болып табылады:

+ RR интервалының қысқаруы

- РQ интервалының қысқаруы

- теріс Q тісшесі

- өзгермеген QRS кешені

- ТР интервалының қысқаруы

 

?

Ырғақтың қандай бұзылысында Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы дамиды:

- жүрекшелердің жыбыры

- синусты тахикардия

- синусты аритмия

+ толық атриовентрикулярлы блокада

- қарыншаүстілік тахикардия

 

?

Митральды қақпақшаның пролапсымен байланысты кеуде ауырсынуының негізгі диагностика әдісі болып табылады:

- электрокардиография


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 41 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
В стоматологическую поликлинику обратился больной с жалобами на резкие, | Какова Ваша тактика при пересечении лицевой артерии

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.205 сек.)