Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кейбір сырқаттану кезінде ағзаның сырқатқа қарсы тұруының салдарынын науқастың дене қызуы көтеріледі. Дегенмен дене



Кейбір сырқаттану кезінде ағзаның сырқатқа қарсы тұруының салдарынын науқастың дене қызуы көтеріледі. Дегенмен дене қызуының көтерілуі ағза нәруыздары үшін қауіпті болып табылады. Не себепті дене қызуы +40С-тан жоғары көтерілсе нәруыз қызметі бұзылып, адам өміріне қауіп төнетінін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Нәруыздардың құрылымын нативті конформацияда ұстап тұратын нәруыздардың құрылымы және байланыстары;

2) Температураның жоғарылауымен туындайтын нәруыздардың қызметі мен құрылымындағы өзгерістер

3) Ферменттер үшін оңтайлы температура дегеніміз не? Қайтымды және қайтымсыз инактивация.

 

Ми нейропептиді Leu-энкефалин тир-гли-гли-фен-лей тізбегінен тұрады. рН-ң мәні 3,0-ке; 7,0-ге; 11,0-ге тең болғандағы молекуланың зарядын анықтаңыз. Пептидтің изоэлектрлік нүктесінде рН-ң мәні нешеге тең?

Шешу алгоритмі:

1) Берілген пентапептидтің формуласын жазыңыз.

2) Берілген аминқышқылдары химиялық құрылымы және қасиеттері бойынша қандай топтарға жататынын анықтаңыз

3) рН-ң берілген мәндерінде аминқышқылдарын ион түрінде жазу

 

Мидағы пептидтер нейропептидтер болып табылады. Нейропептидтердің алдыңғы екі өкілі энкефалиндер деп аталады. Бұл пептидтер ауруды тыныштандыратын қасиетіне орай дәрілік препарат ретінде пайдаланылады. Берілген пентапептидті сипаттаңыз.

Шешу алгоритмі:

 

1) Тир-Гли-Гли-Фен-Мет метионин-энкефалиннің құрылымдық формуласын жазыңыз және пептидтің «N» және «С» соңдарын айқындаңыз

2) Бейтарап ортада пептидтің зарядын және электрофорез кезіндегі оның бағытын анықтаңыз

3) Бұл пептидпен оң болатын түсті реакцияларды анықтаңыз

 

Молекулаларды немесе иондарды мембрана арқылы тасымалдайтын нәруыздар кей жағдайда трансмембраналық нәруыздар деп те аталады. Мұндай нәруыздардың құрылымында биомембрананың липидтің қабатында қоршалған және клетканың ішкі жағына (цитоплазмаға) қарай, сонымен қатар жасушаның сыртқы аймағына бағытталған аумағы болады. Осындай нәруыздарды сипаттаңыз.



Шешу алгоритмі:

1) Берілген трансмембраналық протеиннің түрлі аумақтарында қандай аминқышқылдары басым болатындығын жобалаңыз

2) Полярлы және полярсыз радикалды аминқышқылдарына мысалдар келтіріңіз

3) Қандай жағдайда нәруызды молекуланың заряды нөлге тең болатынын түсіндіріңіз.

 

Фенилкетонуриямен ауыратын науқастың зәрінде фенилаланиннің мөлшері – 6мМ/л (қалыпты жағдайда 0,01мМ/л) және оның метаболиті болып табылатын фенилпирожүзім қышқылы – 4,9 мМ/л (қалыпты жағдайда болмау керек). Не себепті аурудың ағзасында фенилаланиннің деңгейі жоғары және оның метаболиті зәрде пайда болған?

Шешу алгоритмі:

1) Қай фермент болмаған кезде фенилаланиннің тирозинге айналу процесі тоқтайды? Реакция теңдеуін жазыңыз.

2) Жоғарыда аталған реакцияны жылдамдататын ферментті, оның коферментін, және ферменттің дұрыс жұмыс істеуіне қажет витаминдерді атаңыз

3) Жаңа туылған сәбиде фенилкетонурия ауруы анықталған жағдайда дәрігер қандай ұсыныстар беру керек және бұл ауру дер кезінде анықталмаса қандай салдары болуы мүмкін?

 

Қазіргі кезде биохимиялық зертханаларда адам ағзасындағы биологиялық сұйықтықтардағы ферменттердің активтілігін анықтау үшін автоматты биохимиялық анализаторлар қолданылады. Лактатдегидрогеназаның (ЛДГ) активтілігін анықтау үшін қажетті реактивтерді дұрыс таңдауға лаборантқа көмектесіңіз.

Шешу алгоритмі:

1) ЛДГ катализдейтін реакцияны жазыңыз.

2) Субстратты, коферментті, негізін қалаушы витаминді, фермент кездесетін жерлерді көрсетіңіз

3) Ферментативті реакцияның жылдамдығын қандай көрсетқіш бойынша бағалауға болатындығын түсіндіріңіз.

 

Адам гомойотермді (температура тұрақты деңгейде) тірі ағзалар қатарына жатады. Медицинада кейбір жағдайларда емдік әсерде экстремалды температура қолданылады. Мысалы, ұзаққа созылатын ота кезінде, әсіресе миға және жүрекке ота жасағанда гипотермиялық жағдай қолданылады. Гипертермиялық жағдайлар ұлпаларды коагуляциялау мақсатында қолданылады. Аталған жағдайлардың қаншалықты дұрыстығын түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Көптеген ферменттер үшін оптималды температураны және ферментативті реакция жылдамдығының температураға тәуелділік графигін сызып көрсетіңіз.

2) Ұзаққа созылатын ота кезінде гипотермиялық жағдайдың қажеттігін түсіндіріңіз.

3) Ұлпаларды термиялық коагуляциялау әдісі неге негізделгендігін түсіндіріңіз.

 

35 жастағы әйел клиникаға ауыз қуысының шырышты қабатының қабыну процестеріне, бұлшық ет әлсіздігіне, конъюнктивитке шағым айта келді. Ауру әйел ұзақ уақыт бойы өзінің рационынан бауыр, сүт, қарабидай, ашытқы тәрізді тағамдарды алып тастап бір текті тамақтанған. Дәрігер В2 витаминінің жетіспеушілігін анықтады. Байқалған симптомдардың себептерін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) В2 витамині құрамына кіретін коферменттерді атаңыз және олардың құрылысын схема түрінде көрсетіңіз.

2) Коферменттерінің құрамында В2 витамині бар ферменттерді атаңыз.

3) Аталған ферменттер қандай реакцияларды жылдамдататынын атаңыз (кез-келген біреуінің реакция теңдеуін жазыңыз).

Ауру көзінің шырышты қабатының және зәр шығару жолдарының жиі қабынуға ұшырайтындығына, сонымен қатар қараңғы жерде көзінің көруі нашарлағанын айтып шағымданды. Тексеру барысында көз қасаң қабығының қабынуы мен құрғақтығы, көзін ақ шел баса бастағандығы, яғни гиперкератоз айқындалды. Аурудың бұл күйі қалай аталады? Бұл белгілердің механизмдері?

Шешу алгоритмі:

1) Берілген жағдайда қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз және әріптік белгісін көрсетіңіз.

2) Бұл витаминнің провитамині қалай аталады, және витамин мен оның провитамині қандай тағамдарда кездеседі?

3) Витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз.

 

Тубуркулезге қарсы препараттармен (тубазид, фтивазид) ұзақ уақыт емделгеннен соң науқаста ашуланшақтық, кейде сіңір тартылу, дерматит, стоматит пайда болды. Қанға биохимиялық талдау жасағанда гипохромды анемия, гипераминоацидемия белгілері, сонымен қатар зәрінде оксалаттың және аминқышқылдарының, әсіресе гомоцистеин мен цистатионның көбейгендігі байқалды. Берілген белгілердің, ауытқулардың механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз.

2) Бұл витаминнің витамерлерін атаңыз.

3) Құрамында аталған витамин бар ферментер катализдейтін реакцияларға мысалдар келтіріңіз.

 

Негізгі тағамдары жүгері болып келетін Оңтүстік Америка тұрғындары көп жағдайда нерв жүйесінің зақымдануы (деменция), ас қорыту жүйесінің зақымдануы (диарея) және терінің ашық жерлерінің симметриялы түрде зақымдануы тәрізді белгілер көрсететін аурулармен жиі ауырады. Аталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз

2) Бұл витаминнің антивитаминін атаңыз; қандай тағамдардың құрамында болатындығын және механизмін түсіндіріңіз

3) Бұл витамин ағзада қандай аминқышқылдарынан түзілетіндігін атаңыз және формуласын жазып көрсетіңіз. Ағзада бұл витамин аминқышқылдарының біреуінен (атаңыз) түзілгенімен, егер де тағаммен түспесе авитаминозге ұшырататындығын түсіндіріңіз.

 

Инсоляция төмен болып келетін Солтүстік аймақта тұратын сәбиге мешел ауруының алдын-алу үшін балық майы берілген. Дәрігер тексеру кезінде бас сүйегінің ерте қатаюын, сүйектердің ұзына бойы өсуінің баяулауы нәтижесінде қаңқа сүйегінің қисаюын байқады. Анасы сәбиде іш қату барлығын, тағамға тәбетінің нашарлағанын және салмақ жоғалтқанына шағымданды. Сәбидегі бұл өзгерістердің себептерін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Сәбиде қандай алмасу процесі бұзылған? Витамин қалай аталады?

2) Теріде витаминнің түзілу схемасын және оның бауыр мен бүйректегі метаболизмін көрсетіңіз

3) Берілген витаминнің әсер ету механизмін және активті- алмасу түрінің (1,25-(ОН)2 Д3) ішек қабырғасына және басқа ағзаларға әсерін көрсетіңіз.

 

 

Ұзақ уақыт бойы алкогольді мөлшерден тыс ішуінің нәтижесінде бауыр циррозына ұшыраған науқас көмірсуы басым диетаға отырған және жүрек тұсының ауыратындығына, саусақтарының ұшы жансызданатындығына, балтырларының ауыратындығына, есте сақтау қабілетінің нашарлағандығына шағымданды. Қанға жасалған анализ пируват пен лактаттың концентрациясының жоғарылауынан туындаған ацидоз екенін көрсетті. Бұл себептердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Науқаста алмасудың қандай түрі бұзылған? Витамин қалай аталады?

2) Берілген жағдайда пируват пен лактаттың түзілу реакциясын жазыңыз. Реакцияны катализдейтін ферменттерді, олардың коферменттерін және құрамына кіретін витаминдерді атаңыз.

3) Аэробты жағдайда пируваттың өзгеріске ұшырау реакциясын, ол реакцияның жүру жолын, реакцияны катализдейтін ферменттерді, олардың коферменттерін және құрамына кіретін витаминдерді жазыңыз.

 

Дәрігердің қабылдауындағы пациент көбіне пісірілген тағамдармен қоректенеді, көкөністер мен жеміс-жидектер рационында аз. Науқас әлсірей беретіндігін, қызыл иегінің қанайтынын, тістерінің босап кеткенін, буындарының қақсайтынын, есте сақтау қабілетінің нашарлағанын, жиі суық тиіп ауыратынын айтып шағымданды. Дәрігер тексеру барысында көптеген петехиялар, тері қабатының бозаңдығын байқады. Қан талдауы гипохромды анемияны көрсетті. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз

2) Қандай тағамдардың құрамында болатындығын түсіндіріңіз. Бұл витамин қандай ферменттердің құрамына кіреді?

3) Бұл витаминнің авитаминозы кезінде капиллярлардың жарылғыштығы жоғарлаған, дәнекер тіні зақымданған. Қандай реакция бұзылған, реакцияны жазып, ферментті атаңыз.

 

Созылмалы гастритпен және аш ішектің шырышты қабатының зақымдануымен ауыратын науқастың қанын талдағанда эритроциттер, лейкоциттер, гемоглобин мөлшерінің төмендегені, жетілмеген ірі жасушалар-мегалобласттар бар екендігі анықталды. Орталық және перифериялық нерв жүйесінде ауытқулар, атап айтқанда есте сақтау қабілетінің нашарлауы, парездер және сал ауруының белгілері байқалды. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз

2) Берілген витаминнің сіңірілуі қандай факторға тәуелді және ол қай жерде түзіледі?

3) Берілген витаминнің қатысуымен жүретін реакция теңдеулерін жазыңыз.

 

Антибиотиктермен ұзақ уақыт емделгеннен соң пациентте мұрынның жиі қанауы, бір жерін сәл кесіп алса да қан көп кетуі, көздің тор қабығына қан құйылуы тәрізді белгілер байқалды. Аскорутинді қабылдау нәтиже бермеді. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз

2) Берілген витаминнің антивитаминдері және синтетикалық аналогы қалай аталады, бұл витамин қандай тағамдарда кездеседі?.

3) Бұл витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз.

 

Қышқылды фосфатаза ферменті фосфор қышқылының күрделі эфирлерінің гидролиз реакциясын жүргізеді. Бұл фермент көк бауыр, простата (қуық асты безі) жасушаларында түзіледі, эритроциттер, тромбоциттер, макрофагтар және остеокласттар құрамында болады. Бұл фермент сперматозоидтар акросомасында болады, және ұрықтану кезінде ооцит плазмолеммалары фосфолипидтерін ыдыратады. Қышқылды фосфатаза ферменті рН=4,7-6,0 мәнінде (қышқылдық ортада) ең жоғары ферментативтік активтілік көрсетеді.

Шешу алгоритмі:

1) Реакция жылдамдығының орта рН-на тәуелділік графигін сызып көрсетіңіз. рН-ң өзгеруімен қышқылды фосфатаза активтілігінің өзгеру себебін түсіндіріңіз.

2) Ферменттің класын, тобын, топшасын анықтаңыз.

3) Берілген ферментті анықтаудың диагностикалық маңызы қандай?

 

Көп мөлшерде кофеин қабылдаған адамдарда адреналиннің әсеріне ұқсас белгілер: жүрек жиырылуының артуы, қолқаның кеңеюі, қозу, энергиялық субстраттардың (гликоген, ТАГ) қоры бар тіндерде метаболизмнің өзгеруі болады.

цАМФ-тің ыдырауына (цАМФ--------àАМФ) жауапты фермент фосфодиэстеразаның (ФДЭ) бәсекелес ингибиторы болып табылатын кофеиннің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Кофеиннің әсерінен жасушада қандай заттың концентрациясы артады?

2) Кофеинді қолдану нәтижесінде қандай процестер активтенетінін атаңыз және бұл процестердің (реакциялардың) схемасын келтіріңіз.

3) Берілген жағдайда қандай реакциялардың жылдамдығы артады және қандай ферменттер активтенеді?

 

 

Клиникада асқазан ішек жолдары бездерінің функциялары жеткіліксіздігінде және ингибиторлар ретінде де көбіне энзимді препараттарды тағайындайды. Бұл жағдайда ферменттерді қабылдау неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

1) Асқазан ішек жолдарында асқорыту процестері бұзылғанда энзимдік препараттармен орынбасу терапиясын тағайындайды. Осы препараттарға қандай ферменттер кіреді (класын, тобын және топшасын, түзілетін жерін көрсетіңіз)

2) Ас-қорытуға қатысатын ферменттердің әсерін көрсетіңіз (схемамен).

3) Созылмалы панкреатитте (ұйқы безінің қабынуы) трасилол немесе трипсиннің басқа пептидтік ингибиторларын тағайындайды. Созылмалы панкреатитте трипсинннің ингибиторларын қабылдау неге негізделген? (ингибирлеу түрін көрсетіңіз).

 

Аурухананың қабылдау бөліміне түскен науқас кеуде астының, көкірек тұсының ауыратынына және өзін нашар сезінетініне шағымданды. Қабылдау бөлімінің дәрігері биохимиялық зерттеулер арқылы аспартатаминотрансферазның (АСТ) көрсеткіштері жоғарылағанын анықтады. Науқастың қай органы зақымдалған деп болжам жасауға болады?

Шешу алгоритмі:

1) АСТ жылдамдататын реакция теңдеуін жазыңыз және осы ферменттің құрамына қандай витамин кіреді?

2) Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қосымша қандай биохимиялық көрсеткіштерді анықтауды тағайындау керек?

3) Атеросклерозды анықтау үшін науқаста қандай көрсеткішті анықтау керек?

 

Зерттеу кезінде митохондрияда тотығатын субстрат ретінде малатты пайдаланды. Мына заттардың қайсысы тыныс алу тізбегін, ал қайсысы тотығудан форфорлану процестерін ингибирлейді?

А) натрий амиталы;

Б) 2,4-динитрофенол

В) цианидтер

Г) май қышқылдары

Д) СО

Шешу алгоритмі:

1) Электрондарды (БТ) тасымалдау тізбегінің схемасын салыңыз және түсіндіріңіз, сіз таңдаған қосылыстар қай этаптарға қалай әсер етеді?

2) БТ мен ТФ қабысу нүктелерін көрсетіңіз

3) Қай кезде тыныс алу коэффициенті (Р/О) 1, 2, 3-ке тең және осы көрсеткіштердің ішінде қайсысы қалыпты жағдайға сәйкес келмейді, түсіндіріңіз.

 

Митохондрияларды жабық ыдыста фосфатты буферде инкубирледі, сутек доноры ретінде малат қолданылды. Реакция жылдамдығын тәжірибелік сынамадағы сіңірілген оттекпен анықтап отырды (ыдыстағы газдың азаюымен). АДФ-ты әр қосқан сайын оттектің сіңірілуі жедел артып отырды және АДФ-тың келесі үлесі қосылғанша өзгермей тұрды.Бұны қалай түсіңдіруге болады?

Шешу алгоритмі:

1)Малатты дегидрлеу реакциясын жазыңыз, БТ сызба нүктесін пайдалана отырып электрондар мен протондардың оттекке тасымалдану жолын көрсетіңіз.

2)БТ тізбегіндегі электрондардың тасымалдануы мен АТФ синтезі арасындағы байланысты көрсетіңіз.

3) «Тыныс алуға» анықтама беріңіз және АДФ-ты әр қосқан сайын митохондрияда өтетін құбылыстарды түсіңдіріңіз.

 

Барбитураттар (натрий амиталы және т.б) медицинада ұйықтатқыш заттар ретінде қолданылады.Бірақ бұл препараттарды емдік дозадан 10 есе артық қабылдаса өліп кетуі де мүмкін. Барбитураттардың организмге улы әсері неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

1) Осы препараттар әсер ететін процестердің схемасын салыңыз.

2) Схемадан барбитураттармен біріншілік ингибирленетін процесс сатысын көрсетіңіз.

3) Олардың ағзаға әсерінің салдарын сипаттаңыз.

 

20-шы ғасырдың басында 2,4-динитрофенол секілді жарылғыш заттар шығаратын әскери заводтарда жұмыс істейтіндер салмақтарын тез жоғалтатындығын медицина қызметкерлері байқады. Осы негізде медицинада 2,4-динитрофенолды дене салмағын азайтатын препарат ретінде қолданды. Бірақ кейін жоғары токсикалық әсері мен кейбір жағдайларда өлімге апаратыны байқалғандықтан қолдану тоқтатылды.

2,4-динитрофенолдың жоғары токсикалық әсері неге байланысты?

 

Шешу алгоритмі:

1) Осы препараттың әсерінен қандай үрдіс бұзылады?

2) Әсер ету механизмін сипаттаңыз

3) 2,4-динитрофенолды дене салмағын азайтатын препарат ретінде пайдалану неге негізделгенін түсіндіріңіз.

 

Митохондрия суспензиясына 2 ммоль цитрат және 2 ммоль АДФ қосты. Субстраттың тотығу жылдамдығын оттектің жұмсалуы бойынша есептеді. Бірнеше уақыттан кейін реакция тоқтап қалды. Неге?

Шешу алгоритмі:

1) ҮКЦ-да цитраттан альфа-кетоглутар қышқылы түзілгенге дейінгі реакцияны жазыңыз.

2) Оттектің жұмсалуымен және АДФ-ты пайдалануымен қай этап байланысты екенің анықтаңыз; тотығатын субстратты атаңыз.

3) БТ схемасы түрінде сутектің тотығатын субстраттан оттекке берілу жолын көрсетіңіз; Р/О коэффициентің көрсетіңіз

 

Науқаста пируватдекарбоксилазаның генетикалық жетіспеушілігі анықталды.

Бұл қандай жағдайларға алып келуі мүмкін?

Шешу алгоритмі:

1) Осы фермент катализдейтін реакция теңдеулерін жазыңыз.

2) Осы реакцияның өнімі қандай процестерге (реакцияларға) қолданылады?

3) Осы процестердің бұзылуынан қандай жағдайлар болатыны туралы қорытынды шығарыңыз.

 

Клиникаға сүтпен тамақтандырғаннан кейін диарея болған нәресте келіп түсті. Диагноз қою үшін лактозаға толеранттығын тексеру үшін тест жүргізді. Науқасқа ашқарынға суда еріген 50 г лактоза берді. 30, 60 және 90 минут өткеннен кейін қанда глюкоза концентрациясын анықтады. Нәтижелер қандағы глюкоза мөлшерінің өзгермегендігін көрсетті. Алынған нәтижелердің мүмкін болатын себептерін атап айтыңыз және дәлелдеңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Ішекте лактозаның қорытылу реакциясын жазып, ферментін көрсетіңіз.

2) Неге қанда глюкоза мөлшерінің жоғарламағанын түсіндіріңіз?

3) Осы науқаста сүт тағамдарын пайдалана алмау бұдан кейін де жалғасады ма? Жауапты дәлелдеңіз.

 

Қант диабеті – созылмалы гипергликемиямен сипатталатын ауру (ашқарында қандағы глюкоза мөлшері 6,1 мМ/л-ден көп болса), инсулиннің жеткіліксіз синтезделуі немесе әсерінің болмауынан болады. Қанда глюкозаның деңгейiн төмендету тәсiлдердiң бiрi «Глюкобай» препаратын қолдану болып табылады.Оның әсер етуші заты – акарбоза, оның құрылысы тетрасахарид және ол көмірсулар алмасуына қатысатын ащы ішек ферменттері-дисахаридазалардың ингибиторы. Акарбозасы бар препараттармен емдеу барысында ащы ішекте глюкозаның түзілуі және оның қандағы мөлшерінің өзгеруін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Көмірсулардың ішекте қорытылу схемасын салыңыз.

2) Осы қосылыспен ингибирленетін ферменттерді атаңыз.

3) Акарбозамен осы ферменттердің ингибирлену түрін атаңыз.

 

 

Науқастың бауырында глюкозо-6-фосфатазаның тұқым қуалаушылық жетіспеушілігі анықталды. Бұл науқаста гликогеннің метаболизмі қалай өзгереді? Бұл жағдайда: бауырда тамақ ішкеннен кейін гликоген синтезі, аштық кезінде гликогенолиз және глюкозаның қанға шығуы байқалады ма?

Шешу алгоритмі:

1) Гликогеннің ыдырау схемасын көрсетіңіз.

2) Гликогеннің ыдырауына қатысатын ферменттерді және жетіспейтін (дефектілі) ферментті көрсетіңіз.

3) Бауырдағы гликогенолиздің, бұлшық еттегі гликогенолизден қандай ерекшелігі бар екенін көрсетіңіз.

 

Емтихан кезінде студенттің қандағы глюкоза мөлшері 7мМ/л тең екендігі анықталды. Егер студент емтиханға дейін 4 сағат бұрын тамақтанса, қандағы глюкоза мөлшерінің өзгеру себебін анықтаңыз?

Шешу алгоритмі:

1) Қалыпты жағдайдағы қандағы глюкозаның концентрациясын көрсетіңіз және бұл жағдайда студент қанында қандай гормонның мөлшері жоғарлайтынын атаңыз.

2) Бауырда бұл гормонмен активтенетін үрдістің схемасын және ол процесті реттеуші ферментті көрсетіңіз.

3) Гормонның реттеуші ферментке әсер ету механизмін көрсетіңіз.

 

Адам көмірсулардан тұратын түскі тамақтан кейін 30 минут өткен соң жылдам физикалық (дене еңбегі) жұмыс жасады (мысалы, қауіптен қашу). Не себептен осы жағдайда қаңқа бұлшық еттерінде гликоген синтезі тоқтайтынын, ал гликоген ыдырауы стимулденетінін түсіндіріңіз?

Шешу алгоритмі:

1) Гликоген синтезінің схемасын көрсетіңіз. Гликоген «қалдығына» бір молекула глюкоза қосылатын энергия жұмсалуымен байланысты жүретін реакцияны көрсетіңіз.

2) Гликогенолиз схемасын жазыңыз және бұлшық етте глюкозо-1-фосфататың СО2 мен Н2О-ге дейін тотығуы кезінде түзілетін АТФ санын көрсетіңіз.

3) Стресс жағдайында қанда қай гормонның мөлшері жоғарлайтынын және бұл гормонның гликоген синтезі мен ыдырауын реттеуші ферменттердің белсенділігіне қалай әсер ететінін көрсетіңіз.

 

Көз бұршағы көздің жарық сындырғыш ортаңғы бөлімі, онда митохондрия болмайды. Көз бұршағында глюкоза энергия көзі болып табылады. Глюкоза катаболизмінің қандай жолы көз бұршағын АТФ- энергиясымен қамтамасыз етеді?

Шешу алгоритмі:

Көз бұршағын энергиямен қамтамасыз ететін метаболизм жолының схемасын жазыңыз.Реакцияның ферменттерін, коферменттерін көрсетіңіз.

1) Схемада АТФ пайдаланылатын және синтезделетін реакцияны көрсетіңіз.Осы үрдісте түзілетін АТФ-ті есептеңіз.

2) Бұл үрдісте АТФ-тің синтезделу әдісін атаңыз.

 

Көз бұршағы көздің жарық сындырғыш ортаңғы бөлімі, онда митохондрия болмайды. Көз бұршағында глюкоза энергия көзі болып табылады. Глюкоза катаболизмінің қандай жолы көз бұршағын АТФ- энергиясымен қамтамасыз етеді?

Шешу алгоритмі:

Көз бұршағын энергиямен қамтамасыз ететін метаболизм жолының схемасын жазыңыз. Реакция ферменттерін, коферменттерін көрсетіңіз.

1) Көз бұршағындағы сияқты, АТФ синтезі өтетін тіндер мен жасушаларды атаңыз, неге тек қана осы тәсілмен фосфорлану жүретінін түсіндіріңіз және осы фосфорлану әдісін атаңыз.

2) Осы үрдісте өтетін дегидрлену реакциясын және соңғы өнімнің түзілу реакциясын формуламен жазып беріңіз.

 

 

Көз бұршағы көздің жарық сындырғыш ортаңғы бөлімі, онда митохондрия болмайды. Көз бұршағында глюкоза энергия көзі болып табылады. Глюкоза катаболизмінің қандай жолы көз бұршағын АТФ- энергиясымен қамтамасыз етеді?

Шешу алгоритмі:

Көз бұршағын энергиямен қамтамасыз ететін метаболизм жолының схемасын жазыңыз.

1) Реакция ферменттерін, коферменттерін көрсетіңіз.

2) Бұл үрдістің соңғы өнімдері қандай өзгерістерге қатысатынын және оның жиналуы кезінде қандай өзгерістер болатынын көрсетіңіз.

 

Пируваттың лактатқа айналуы – қайтымды реакция, табиғаты олигомер болып табылатын лактатдегидрогеназамен (ЛДГ) катализденеді. ЛДГ М- және Н-суббірліктен тұратын тетрамер, бұлар өз арара комбинацияланып, бес түрлі тетрамер (М4 (ЛДГ1), М3Н1 (ЛДГ2), М2Н2 (ЛДГ3), М1Н3 (ЛДГ4), Н4 (ЛДГ5)) құрайды. Бұл изоферменттер бір-бірінен біріншілік құрылымы және физико-химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді, бір реакция түрін ғана катализдейді. Сонымен қатар олардың тіндерде орналасуы да әр түрлі. Жүрек бұлшық еттері үшін Н4 изомері, қаңқа бұлшық еттеріне М4 тән. Жүрек бұлшық еттерінде ЛДГ1 лактаттың пируватқа айналу реакциясын катализдейді. Жүрек бұлшық еті метаболизмі кезіндегі бұл изоферменттің рөлін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Жүрек бұлшық етінде осы фермент катализдейтін реакцияны көрсетіңіз.

2) Жүрек бұлшық етінде осы реакция өнімінің СО2 мен Н2О-ге дейін тотығу жолын схема түрінде жазыңыз.

3) Көрсетілген үрдістің нәтижесінде қанша АТФ түзілетінін есептеңіз.

 

 

Тәжірибеде бұлшық ет гомогенатына глюкоза қосылды. Арнайы катаболизм жолымен 1 молекула глюкозаның тотыққанда энергия ретінде қанша АТФ түзіледі, егер тәжірибеде нативті митохондриясы бар тін гомогенатын барбитурат қатысында қолданса?

Шешу алгоритмі:

Осы жағдайларда синтезделетін АТФ-тің метаболиттік жолының схемасын көрсетіңіз.

1) Осы метаболиттік жолдағы барбитураттар бұзатын үрдістің схемасын көрсетіңіз.

2) Қандай тыныс алу комплексін барбитураттар ингибирлейді? Кофермент құрылысын және дегидрогеназаға сәйкес келетін витаминді көрсетіңіз.

 

 

Пируват түзілетін глюкозаның катаболизмі аэробты да, анаэробты да жағдайда жүреді. Глюкозаның екі молекула пируват түзілгенше ыдырауы кезінде неше АТФ түзіледі, аэробты және анаэробты жағдайда?

Шешу алгоритмі:

Гликолиз схемасын және АТФ пайдаланылатын және синтезделетін реакцияларды көрсетіңіз.

1) Гликолиздің тотығу реакциясын формула пайдалана отырып жазыңыз.

2) Аэробты және анаэробты жағдайда НАДН2-нің пайдалану реакциясын жазыңыз.

 

Спринтер мен стайер 100 м және 10 км арақашықтықта өзара жарысты. Спринтер жүз метр арақашықтықты жүгіріп шықты, ал стайер онынышы километрді жүгіріп жатыр. Бұл жүгірушілердің бұлшық ет жұмысын энергиямен қамтамасыз ететін процестердің айырмашылығын көрсетіңіз.

 

Шешу алгоритмі:

1) Стайердің бұлшық ет жұмысы үшін энергия көзі болып табылатын глюкоза катаболизмінің схемасын көрсетіңіз.

2) Дегидрлеу реакциясына қатысатын субстраттарды жазыңыз, БТ (биологиялық тотығу) тізбегінде сутегінің кез келген бір субстраттан оттегіне дейінгі жолын көрсетіңіз.

3) Спринтер мен стайердің ағзасындағы жүгіру кезіндегі үрдістердің айырмашылығын көрсетіңіз, яғни глюкозаның арнайы тотығу жолдарында түзілетін энергия шығынын (АТФ санын) және соңғы өнімдерінің құрамын.

 

Тексерілу кезінде науқаста анемия анықталды және эритроциттерде Хайнц денешіктері табылды.Ол оттегінің активті түрлерімен гемоглобиннің цистеиндік қалдықтарының SH-тобының тотығуы және дисульфидті байланыстар түзілуі барысында гемоглобин протомерлерінің агрегациясының нәтижесінде түзіледі.

Эритроциттер метаболизмінің қандай бұзылыстары, осындай клиникалық жағдайдың себептері болуы мүмкін.

Шешу алгоритмі:

Қандай реакциялар көмегімен гемоглобиннің цистеиндік қалдығын тотықсызданған күйде сақтауға болады және осы үрдіске қатысатын коферментті атаңыз.

1) Осы коферменттің тотықсызданған формасы түзілетін үрдістің схемасын жазыңыз.

2) Қай ферменттің қызметінің бұзылғаны керекті коферменттің жеткіліксіздігіне және көрсетілген клиникалық жағдайға себеп болатын көрсетіңіз.

Емханаға екі студент қан құрамындағы «қантты» тексертуге келді. Анализ нәтижелері дайын болғанда, 1-ші студентте қандағы глюкоза мөлшері 5,6 мМ/л, ал 2-ші студенттің қандағы глюкоза мөлшері 7 мМ/л екені анықталды. Алынған нәтижелерді талқылау кезінде, 2-ші студенттің таңертең тексеруге дейін жарты сағат бұрын тәтті шай ішкені анықталды. Алынған анализдерге қорытынды жасаңыз.

Шешу алгоритмі:

Неліктен биохимиялық зертханада глюкозаның сандық мөлшерін анықтау, қатаң түрде аш қарында жүргізіледі?

1) Глюкозаның қандағы қалыпты мөлшері және тамақтанғаннан кейін глюкозаның жоғары мөлшері қанша уақытқа дейін созылады?

2) Тамақтанғаннан кейін глюкоза мөлшерінің жоғарлауынан бауырда қандай үрдіс жылдамдайды?

 

 

Ауыр дене еңбегі және ашығу кезіндегі глюконеогенездің ең басты субстраты глицерин, ол май тінінде майлардың ыдырауы кезінде түзіледі. 1 молекула глюкозаның синтезіне неше молекула глицерин және АТФ керек екенін анықтаңыз.

Шешу алгоритмі:

Глицеринàглицерол-3-фосфатàдигидроксиацетонфосфатà2à3à4àглюкоза

Глицериннен глюкозаның синтезделуіне қажетті метаболиттерді толықтырыңыз.

1) Бастапқы екі реакцияны формуламен, ферменттерін және коферменттерін көрсете отырып жазыңыз.

2) Схема түрінде АТФ-ті қажет ететін реакцияны көрсетіңіз.

 

Цинганың клиникалық көріністері – тері астында және шырышты қабықтың астында қанның құйылуы, қызыл иектің қанауы, тістің түсуі, анемия байқалады. Бұл ауру қай витаминнің жетіспеушілігінен пайда болады және қандай процесстің бұзылуына әкеледі?

Шешу алгоритмі:

 

 

Осы витаминді атаңыз, оның формуласын жазыңыз.

1) Бұл витамин қандай белок синтезіне қатысады, бұл белоктың құрылысын сипаттаңыз.

2) Осы витамин қатысатын реакцияны жазыңыз, оның функциясын түсіндіріңіз, ферментті атаңыз; осы реакцияның жүруі үшін қандай заттың керек екенін көрсетіңіз.

 

Коллагеннің альфа-тізбегі көп мөлшердегі глициннің қалдықтарынан тұрады. Глицин басқа аминқышқылға алмасып кететін мутациялар келесі ауыр зардаптарға әкеледі: сүйектің сынғыштығына, тістің ауытқуына, буындардың аса қозғалтқыштығына және т.б. Неліктен осындай көрсеткіштер байқалады?

Шешу алгоритмі:

1) Коллагеннің аминқышқылдық құрамын көрсетіңіз; осы құрамның коллагеннің құрлысының қалыптасуындағы маңызын түсіндіріңіз.

2) Коллагеннің біріншілік құрылысының ерекшеліктерін және оның негізгі қызметін атаңыз

3) Тропоколлагеннің қалыпты молекуласын түзу үшін глицин қалдықтарының маңызын түсіндіріңіз

 

Адам тағамының құрамына линоль, линолен, олеин қышқылдары кіреді. Ас қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде хиломикрондардың құрамында пальмитин, линоль, стеарин және олеин қышқылдары басымды екені анықталды. Осы нәтижелерді түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Тағаммен түскен майдың гидролизінің реакциясын жазыңыз

2) Ішек қабырғасындағы ТАГ ресинтезінің сызбанұсқасын жазыңыз

3) Тағам майларының құрамы және хиломикрон құрамындағы майлардың арасындағы айырмашылықтарды түсіндіретін реакцияларды жазыңыз

 

Құрамына майлар және көмірсулар кіретін тағаммен тамақтанғаннан кейін, қан сарысуының түрі өзгеріп, лайланады («сүт тәрізді сарысу»), ал 2-3 сағат өткеннен кейін қайтадан мөлдір сұйықтыққа айналады. Осы өзгерістерді түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Неліктен майлы тағам қабылдағаннан кейінгі қандағы өзгерістерді «алиментарлық гиперлипидемия» деп атайды? Түсіндіріңіз.

2) Өте майлы тағамды қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде, липопротеиндердің қайсысы қанда басым болады?

3) Осы липопротеиндердің негізгі комоненттерін атаңыз?

 

40 жастағы науқас әйелдің өт қапшығында, өт жолдарын жауып, өттің ішекке түсуін бұзатын өт тастары бар екені анықталды. Өттің секрециясының бұзылуының барлық салдарын атаңыз.

Шешу алгоритмі:

1) Өт қышқылдарының формуласын жазыңыз

2) Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуіндегі өт қышқылдарының қызметін көрсетіңіз және сызбанұсқа салыңыз

3) Осы науқаста қандай заттардың тапшылығы болуы мүмкін және оның белгілері мен салдары.

 

Май қышқылдарының синтезі жүретін жасушаларда, сол үрдіспен қатар глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы (ПФЦ) жүреді. Осы үрдістердің арасындағы байланысты түсіндіріңіз. Шешу алгоритмі:

1) ПФЦ және май қышқылдарының синтезінің сызбанұсқасын көрсетіңіз

2) Май қышқылдарының синтез реакцияларын ПФЦ-мен қамтамасыз ететін коферментті және оның құрамындағы витаминді атаңыз. Осы коферменттің қатысуыменен жүретін май қышқылдарының синтез реакцияларын жазыңыз

3) Неліктен бауырда, май тінінде, эритроциттерде ПФЦ өте қарқынды жүреді?

 

Тәжірибелі жануарларды құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозамен қоректендірді. Бірнеше сағаттан кейін адипоциттердегі майларды зерттегенде, радиоактивті көміртек глицерол және май қышқылдары радикалдарының құрамында табылғаны анықталды.

Шешу алгоритмі:

1) Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмін жазыңыз.

2) Фосфотриозадан глицеролға дейін липонеогенез сызбанұсқасын жазыңыз

3) Сызбанұсқа түрінде май қышқылдарды синтездейтін жолын көрсетіңіз

 

Майлар энергияны көп қажет ететін молекулалар болып табылады. Майлардың құрамына қарап осыны түсіндіріңіз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз.

Шешу алгоритмі:

1) Осы қосылыстың гидролиз реакциясын жазыңыз

2) Пальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз.

3) Глицериннің тотығу реакцияларын жазыңыз және және осы үрдіс кезінде түзілетін АТФ санын санаңыз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі толық АТФ санын санаңыз

 

 

Тұқым қуалау ауыруларының біреуінде, қанқа бұлшық еттерінде карнитиннің синтезіне қатысатын ферменттердің ақауларының нәтижесінде, карнитиннің концентрациясының төмендеуі байқалады. Неліктен осы науқастарда ауыр дене жұмысын істейтін қабілеті төмен болады?

Шешу алгоритмі:

1) Май қышқылдарының алмасуындағы карнитиннің ролін көрсететін сызбанұсқасын жазыңыз

2) Осы науқастарда қай метаболиттік жолдың жылдамдығы төмендегенін көрсетіңіз

3) Неліктен науқастардың бұлшықеттерінің жасушаларында микроскоппен көрінетін үлкен май вакуольдары табылатынын түсіндіріңіз

 

Тәжірибелі жануарларды 1 апта бойы құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозаның артық мөлшерімен қоректендірді. Сосын 2 күн бойы ашықтырды. Қандарында құрамында радиоактивті көміртек бар кетон денелері анықталды. Тәжірибенің нәтижелерін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмін жазыңыз.

2) АцетилКоА-ның кетон денелерінің синтезіне пайдалану сызбанұсқасын көрсетіңіз

3) Глюкозаның катаболизміне және кетон денелерінің синтезіне қатысатын негізгі ферменттерді атаңыз

 

60 жастағы екі ер адамның қанындағы жалпы холестерол деңгейін және ТТЛП/ТЖЛП индексін анықтады. Екеуіндеде жалпы холестерол деңгейі – 6,0 мМ/л болды, ал ТТЛП/ТЖЛП индексі бірінші науқаста – 4, ал екіншісінде – 3,1. Алынған нәтижелерді бағалаңыз.

Шешу алгоритмі:

1) Қай науқаста атеросклероздың және оның асқынуының қауіпі жоғары болады

2) Холестериннің тасымалдануындағы ТЖЛП ролін көрсететін сызбанұсқаны жазыңыз

3) Неліктен ТТЛП атерогенді липопротеиндер деп, ал ТЖЛП – антиатерогенді деп атайтынын түсіндіріңіз

 

Науқаста жедел панкреатит. Сол кезде ұйқы безі жолдарының қабырғалырының қабынуы және ісінуі, жол құысының тарылуы, тоқырау (жүрмей қалу) құбылыстары байқалады. Осындай науқастаға жедел медициналық жәрдем қажет. Ұйқы безі сөлінің бөлінуінің бұзылуы неге қауіпті екенін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Ұйқы безі сөлінде қандай ферменттер синтезделеді

2) Олардың активтену жолдарын, проферменттердің активаторларын атаңыз

3) Ұйқы безі тінінде олардың активтенуі қандай салдарға әкелетінін түсіндіріңіз.

 

Науқастың асқазан сөлінде лактат және өт пигменттері жоғарлағаны анықталды. Осы кезде қандай аурулар болуы мүмкін. Шешу алгоритмі:

1) Өнімі лактат болатын үрдісті атаңыз. Неліктен лактат асқазанда жиналады. Оның бар болуын қандай сапалық реакциямен анықтауға болады?

2) Асқазан сөлінің ролін, асқазан сөлінің қышқылдықтарының түрлері және қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері атаңыз

3) Неліктен асқазан сөлінде өт пигменттері, оларға сапалық реакция

 

 

Асқазан жарасы бар аурудың асқазанының бір бөлігін алып тастады. Операциядан кейін тексеру нәтижесінде белоктардың қорытылу процесі айтарлықтай өзгермеді.Алынған зерттеу нәтижесін түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Асқазанда синтезделетін пептидазаларды, олардың активтену механизмін және активаторларын атаңыз.

2) Панкреатидтік (ұйқы безі) пептидазаларды және энтероциттердің (ішек жасушаларының) ферменттерін атаңыз.

3) Бұл ферменттердің класын, тобын, топшасын атаңыз.

 

Дені сау тышқандарды ұзақ уақыт құрамында лейцин, валин және фенилаланин жоқ жасанды белоктық рационда ұстады.Бұл кезде азоттық баланс қалай өзгереді?

Шешу алгоритмі:

1) Азоттық балансқа анықтама беріңіз.

2) Бұл амин қышқылдары (лейцин, валин,фенилаланин) ағзада синтезделетін мүмкіндіктеріне қарай қандай аминқышқылдарының тобына жатады?

3) Оң және теріс азотты баланстардың мүмкін болатын себептерін атаңыз.

 

Науқаста миокард инфаркты деген болжаммен қанында АЛТ (аланинаминотрансфераза) және АСТ (аспартатаминотрансфераза) активтіліктері анықталды.Осы патология кезінде қандай аминотрансферазаның активтілігі көп мөлшерде артады және неге? Көрсетілген патологияны толық анықтау үшін қанда басқа қандай ферменттер анықталатынын атаңыз?

Шешу алгоритмі:

1) АЛТ және АСТ катализдейтін реакцияны атаңыз.

2) Бұл реакциялардың амин қышқылдары метаболизміндегі маңызын түсіндіріңіз.

3) Энзимодиагностика принципін түсіндіріңіз.

 

Науқастың зәрінде креатинин концентрациясы 30мМ/л (қалыпты жағдайда 88-176мМ/л).

Қандай тіннің зақымданғаны деп болжам жасауға болады?

Шешу алгоритмі:

1) Креатинин туындысы болатын амин қышқылдарын атаңыз.

2) Креатинин түзілу схемасын жазыңыз және осы үрдіске қатысатын тіндерді атаңыз.

3) Осы жағдайда аурудың қанында қандай ферменттер артады?

 

Ірімшікте (творог) барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар.Бауырды май басуда ауруға көбірек ірімшікті пайдалану ұсынылады.Неге мұндай диета аурудың жағдайын жақсартатынын түсіндіріңіз?

Шешу алгоритмі:

1) Бауырдан триацилглицериндерді тасымалдауға қатысатын затты атаңыз; ол заттың құрамына қандай заттар кіретінін атаңыз.

2) Холин синтезделетін реакцияны жазыңыз, бұл реакцияға қандай алмастырылмайтын амин қышқылы керек?

3) Құрамына холин кіретін фосфолипид формуласын жазыңыз.

 

Тырысу кезінде жедел жәрдем бөлімінің дәрігері науқас ағзасына ГАМҚ (гамма аминомай қышқылы) енгізеді. ГАМҚ арнайы рецепторлары арқылы нерв тіндерінде тежелу үрдісін туғызады, талмалы құбылысты тежейді. Неліктен В6 витаминінің жетіспеушілігінен тырыспа болуы мүмкін? Амин қышқылының алмасуының бұзылуына байланысты тырыспаға икем ауруларға қандай амин қышқылын ұсынуға болады?

Шешу алгоритмі:

1) Ағзадағы ГАМҚ түзілетін орнын және функциясын көрсетіңіз.

2) ГАМҚ түзілу және инактивациясының сызбанұсқасын жазыңыз, осы үрдістерге қатысатын ферменттер мен коферменттерді атаңыз.

3) ГАМҚ синтезіне қатысатын ферменттің құрамына кіретін витаминді атаңыз.

 

Аддисон ауруының бір себебі (қола түстес ауру, гипокортицизм, бүйрек үсті безінің гипофункциясы) кортикостероидтармен ұзақ емдеуден бүйрек үсті безінің жасушаларының атрофиясы. Аурудың негізгі симптомы бұлшық ет әлсіздігі, гипогликемия, бұлшық еттерде дистрофиялық өзгерістер, артериялық қысымның төмендеуі, кей жағдайда тері мен шырышты қабаттарда пигментация артуы байқалады. Аурудың бұл симптомдарын қалай түсіндіруге болады?

Шешу алгоритмі:

1) Негізгі белсенді кортикостероидтарды атаңыз және олардың қызметін көрсетіңіз.

2) Қандай кортикостероидтардың жетіспеуінен бұл ауруда гипогликемия, бұлшық еттерде дистрофиялық өзгерістер болады?

3) Аддисон ауруы кезінде гипогликемия мен қан қысымының төмендеу механизмін түсіндіріңіз.

 

Таулы аймақта тұратын 18 жастағы қыз бала эндокринологқа келесі шағымдармен келді: жалпы әлсіздік, дене температурасының төмендеуі, көңіл күйінің төмендеуі. Пациент қанда ТТГ және йодтиронинді анықтауға жіберілді.Анализ нәтижесі қанда ТТГ концентрациясының жоғарлағанын және тироксин концентрациясының төмендегенін көрсетті. Науқаста қандай ауру деп болжам жасауға болады?

Шешу алгоритмі:

1) Мұндай аурудың себебі не болуы мүмкін және тұратын жері мен аурудың пайда болуы арасында байланыс бар ма?

2) Йодтирониндердің синтезінің қалай реттелетінін схема түрінде көрсетіңіз.

3) Бұл патологияда профилактика үшін қандай диетаны сақтау керек.

 

39 жастағы науқас үнемі аштық, шөлдеу сезіміне, тез шаршайтынына, қалыпты дене шынықтыру жүктемесі мен аппетитінің жақсы болғанына қарамастан салмағының азайғанына шағымданды.Аш қарынға глюкоза мөлшері 7мМ/л болды.

Шешу алгоритмі:

1) Қалыпты жағдайдағы қандағы глюкоза мөлшерін көрсетіңіз және науқаста қандай ауру деп болжам жасауға болады?

2) Көрсетілген симптомдардың механизмдерін түсіндіріңіз.

3) Диагноз қою үшін қосымша қандай зерттеулер жүргізу керек? Бұл кезде қандай нәтиже күтуге болады?

 

 

Ер адам есінен танып қалды. Сонымен қатар оның өңі бозарған, денесі салқындаған.Есін жинату кезінде оның қалтасынан глюкометр (глюкоза мөлшерін анықтауға арналған прибор), шприц табылды.

Шешу алгоритмі:

1) Қандай патологиялық жағдай деп болжам жасауға болады және бұл жағдай қандай ауруда байқалады?

2) Неліктен бұл жағдайда есінен тану байқалады және науқастың қалтасында глюкометр мен шприцтің болуы немен байланысты?

3) Қандай алғашқы көмек көрсету керек және неге?

 

Аурухананың инфекциялық бөліміне сарғыштану белгісі байқалған және әлсіздікпен, дене температурасы жоғарлаған (+38,5С) науқас түсті.Тікелей және тікелей емес билирубин концентрациялары жоғарлаған.Зәрде тікелей билирубин және уробилин анықталған.Науқаста сарғыштанудың қандай түрі?

Шешу алгоритмі:

1) Тікелей және тікелей емес билирубиннің түзілу схемасын көрсетіңіз.

2) Тікелей емес билирубиннің конъюгациялану реакциясын жазыңыз және тікелей және тікелей емес билирубиннің қасиетттерін атаңыз.

3) Бауыр патологиясына диагноз қою үшін қанда қандай бауырдың индикаторлы ферменттерінің активтілігін анықтайды және энзимодиагностикаға негізделген негізгі принциптерді атаңыз.

 

Науқас белінің ауратынына, ісіну пайда болғанына, әлсіздік және қан қысымының артқанына шағым жасады.Дәрігер науқастың бүйрегінің ауырғаны туралы болжам жасады.Дәрігер неге осындай болжам жасағанын түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі:

1) Бүйректің зақымданғанын анықтау үшін қан мен зәрде қандай биохимиялық көрсеткіштерді анықтау керек?

2) Бүйрек зақымданған кезде қан мен зәрдің анализінде қандай өзгерістер болады (қан сарысуында белоктардың электрофорезінде).

3) Неге бүйрек ауруы кезінде қан қысымының артатынын схема түрінде көрсетіңіз.

 

Науқастың жіліншігінің төменгі жағы сынғандай ауырады.Соңғы кезде арықтағаны және әлсіздік байқалады.Дәрігер науқастың сүйек тіні зақымданағаны туралы болжам жасады.Осы болжам неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

1) Науқаста сүйек тіні зақымданағанын анықтау үшін қандай арнайы ферменттерді анықтау керек?

2) Бұл жағдайда қанда қандай макроэлементтерді анықтау керек?

3) Диагнозды анықтау және емдеу үшін қандай гормондарды анықтау керек, олардың физиологиялық әсерін айтыңыз.

 

Қабылдау бөліміне буындары қабынған және жүрегі ауырған науқас түсті. Науқасқа қандай биохимиялық анализдерді өткізуге жолдама бересіз?

Шешу алгоритмі:

1) Асқынған қабыну кезінде қан сарысуында белоктар фракцияларының мөлшері қалай өзгереді?

2) Созылмалы қабыну кезінде қан сарысуында белоктар фракцияларының мөлшері қалай өзгереді?

3) Қауіпті фаза белоктарын атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

Науқас ревматология бөлімінде ем алып жатыр. 15-ші күн қан сарысуында белоктық фракцияны зерттеген кезде: альфа-1-глобулиндер – 5%, альфа-2-глобулиндер – 7%, бета-глобулиндер – 18%, гамма-глобулиндер – 23% болды. Альбуминдердің мөлшері қалыпты жағдайда. Көрсетілген анализде қалыпты жағдайдан ауытқулар байқалады ма?

Шешу алгоритмі:

1) Қалыпты жағдайда қан сарысуында белоктар фракцияларының мөлшері қандай?

2) Электрофорез әдісінің маңызы неде?

3) Созылмалы және қауіпті қабынуда белоктар фракцияларының қатынасы қалай өзгереді?

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 43 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Informacje dotyczące organizacji praktyk na kierunku Zarządzanie

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.13 сек.)