|
«ГИНЕКОЛОГИЯДАҒЫ ЛАПАРОСКОПИЯ НЕГІЗІ»
тақырыбы бойынша емтиханға арналған қорытынды тесттік сұрақтар:
1. Лапароскопиялық аспаптың стандартты техникалық жинағы дегеніміз не?
2. Лапароскапияда қандай типті шамдарды жарық көзі ретінде қолданады:
3. Мына құрал қалай аталады?
· Троакар
· Диссектор
· Видеокамера
· Эндовидеокамера
· Биполярлы коагулятор
4. Аппаратты атаңыз:
5. Троакар бірнеше бөлшектерден тұрады. Төменде көрсетілгендердің ішінен артығын көрсетіндер:
6. Диаметрі қандай троакар лапароскоп енгізуге, клипаторға, ағзаны шығаруға, биопаттың соңғы рәсімінде (класикалық троакар деп аталады) қолданылады:
a. 5мм
b. 10-12мм
c. 15 мм
d. 18мм
e. 20мм
7. Диаметрі қандай троакар қосымша аспапты енгізу үшін қолданылады:
a. 10-12 мм
b. 15 мм
c. 5мм
d. 18 мм
e. 20 мм
8. Қақпақша құрылымына қарай троакардың бірнеше түрі болады. Төмендегілердің қайсысы артық:
a. Плунжерлі троакар
b. Магнитті-қақпақшалы троакар
c. Желкөзді қақпақшасы бар троакар
d. Жармалы қақпақшасы бар троакар
e. Классикалық троакар
9. Стилеттің құрылымына қарай троакардың 4 түрін ажыратады. Стилеттің қандай түрі болмайды:
a. Конустық
b. Пирамидалық
c. Спираль тәрізді
d. Конусты үшкірленген
e. Доғалданған (Blunt)
10. Құрсақ ішіне инсуффляция үшін қандай газ қолданады:
a. Оттегі
b. Азот
c. Сутегі
d. Көмірқышқыл газы
e. Ауа
11. Инсуффляцияны қандай жылдамдықпен бастайды:
a. 1 л/мин
b. 2л/мин
c. 3 л/мин
d. 4 л/мин
e. Газды енгізу жылдамдығы маңызды емес
12. Лапароскопия кезінде газді өте жылдам енгізгенде қандай асқыну болуы мүмкін:
a. Тынысалу бұзылыстары
b. Ішкі қан кету
c. Жүрек қантамыр бұзылыстары
d. Газды эмболия
e. Құрсақ қуысы мүшелерінің зақымдануы
13. Ине құрсақ ішіне дұрыс енгізілсе бауырлық перкуторлы тұйықтық қанша мл газды жібергеннен кейін жойылады
a. 300мл
b. 400 мл
c. 500 мл
d. 1000 мл
e. 1500 мл
14. Асқынулардың төрттен үш астамы Вереш инесін немесе троакар ендірген кезде пайда болады. Қазіргі білімдеріңмен төменгі келтірілген себетердің қайсысын азайта аласыз:
a. Хирургтің жеткіліксіз біліктілігі
b. Тіндердің анатомды-топографиялық қарым-қатынасын дұрыс білмеу
c. Иненің дұрыс бағытталмауы
d. Троакардың дұрыс бағытталмауы
e. Құрсақ ішіне ендіріп жатқан аспапқа күштеме түсіру
15. Іш перде алды клетчаткасындағы жоғарғы және төменгі эпигастралдық тамырлар іштің ақ сызығына қарай қалай орналасқан:
a. Іштің ақ сызығына қарағанда 1 см латеральдық және оған паралель
b. Іштің ақ сызығына қарағанда 2-3 см латеральдық
c. Іштің ақ сызығына қарағанда 3-4 см латеральды және оған паралель
d. Іштің ақ сызығына қарағанда жоғарғы эпигастралдық тамыр 3-4 см латеральды орналасқан, ал төменгі эпигастралдық тамыр – жамбас сүйектің қанаты бойында екі жаққа айырылады
e. Іштің ақ сызығына қарағанда 2 см латеральдық және оған паралель
16. Вереш инесі арқылы жіберілген газ құрсақ қуысының алдыңғы тер асты клетчаткасына түссе қандай асқыну береді:
a. Пневмооментум
b. Терасты эмфиземасы
c. Пневмомедиастинум
d. Пневмоторакс
e. Пневмоперикард
17. Шиеленіскен пневмоторакс – өте қауіпті асқыну. Лапароскопиялық хирургияда оның дамуына негізгі 4 себебі бар. Берілгендердің қайсысы осынған сай келмейді:
a. Торако-абдоминальды аймақа жасаған лапароскопия кезіндегі диафрагманының тесілуі
b. Диафрагманың ятрогендік тесілуі, мысалы өт қабын электрохирургиялық ілмекпен ажыратқанда абайсызда тесіп алу
c. Диафрагманың өңеш тесігінің жарығына жасалған кезде болатын медиастиналық плевраның жыртылуы
d. Өкпенің жасанды желдетуі кезіндегі спонтандық пневомоторакс (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастарда жиі кездеседі)
e. Диафрагманың физиологиялық «әлсіз жерлерінен» ауаның плевра немесе средостения қуыстарына өтуі
18. Лапароскопия кезінде ірі тамырлардың жарақаттануына күмәнданса хирург бірінші не істеу керек:
a. Лапароскопиялық аспапты суырып алып, кенет лапаротомия жасау
b. Лапароскопиялық аспапты суырып алып, жедел басу арқылы гемостаз жүргізу
c. Лапароскопиялық аспаптарды қозғамай, жедел лапаротомия жасап, басу арқылы уақытша гемостаз жүргізу
d. Лапароскопия аспаптарымен қанкетуді тоқтату
e. Операцияны тоқтатып хирург-ангиологты күту
19. Аппаратты атаңыз:
a. коннектор
b. фиброоптикалық кабель
c. электрошнур
d. видеооптика
e. байланыстырғыш кабель
20. Төменгі көрсетілген аурулардың қайсысы лапароскопияға қарсы көрсеткіш болып табылады:
a. перитонит, тубоовариальді түзіліс
b. перитонит, құрсақ ішінің қабынуы, сепсис
c. тері аурулары, пельвиоперитонит, перитонит
d. несеп жолдары қабыну аурулары, эндометрит, вульвовагинит
e. аналық без кистасының іріңдеуі, пиосальпинкс немесе тубоовариальді түзіліс
21. Төменгі көрсетілген анатомиялық өзгерістердің қайсысы лапароскопияға қарсы көрсеткіш болып табылады:
a. Айқын семіздік, жүктіліктің ерте мерзімі, алдыңғы құрсақ қабырғасының көктамырларының варикозды кеңеюі
b. Асқазан ойық жарасы, он екі елі ішек ойық жарасы, жатыр ақауы
c. Құрсақ аортасының ірі аневризмасы, көптеген жабысқақтар (спайка), жатыр миомасы
d. ішек обструкциясы, көптеген жабысқақтар, ірі аневризма
e. Алдыңғы құрсақ қабырғасында бұрын болған операциядан қалған тыртықтар, шап жарығы
22. Тоқ ішектің толық емес тесілуіне жатады:
a. Шырышты қабатының жыртылуы
b. Шырышты және шырыш асты қабаттардың жыртылуы
c. Серозды-бұлшықетті қабатының жыртылуы
d. Ішек қабырғасының шырышты қабатынан басқа қабаттарының барлығының жыртылуы
e. Ішек қабырғасының барлық қабатының жыртылуы
23. Электрокоагуляция жасау кезінде коагуляциялық некроздың жайылуының тереңдігі неге байланысты ЕМЕС:
a. Диатермокоагуляция жасау әдісіне (моноактивті, биактивті)
b. Коагуляция некрозының аймағына
c. Қанкету ошағының орналасуына
d. Әсерету ұзақтығына
e. Электродтың шырышты қабатына басу күшіне
24. Қанша максимальды уақыт үздіксіз диатермокоагуляция жасауға болады:
a. 1 секунда
b. 2-3 секунда
c. 5-6 секунда
d. 7-8 секунда
e. 10 секунда
25. Десуфляция дегеніміз не:
a. лапароскопия соңында газды шығару
b. лапароскопия кезінде сұйықтықты сорып алу
c. лапароскопия кезінде газды айдау
d. лапароскопия кезінде сұйықтықты құрсақ ішіне жіберу
e. лапароскопия соңында құрсақты тігу
26. Мына лапароскопиялық көрініске дұрыс анықтама бер:
a. сол жақты истмикалық үдемелі түтіктік жүктілік
b. оң жақты истмикалық үдемелі түтіктік жүктілік
c. оң жақты жатыр бұрышындағы үдемелі жүктілік
d. сол жақты жатыр бұрышындағы үдемелі жүктілік
e. аналық без үдемелі жүктілігі
27. Мына нұсқағыш нені көрсетіп тұр:
a. Оң жақ жұмыр байламы
b. Сол жақ жұмыр байламы
c. Сол жақ оймыш-жамбас байламы
d. Оң жақ оймыш-жамбас байламы
e. Құық – жатыр қыртысы
28. Нұсқағыш қай байламды көрсетіп тұр:
a. Сол жақ оймыш-жамбас байламы
b. Оң жақ оймыш-жамбас байламы
c. Оң жақ сегізкөз-жатырлық байламы
d. Сол жақ сегізкөз-жатырлық байламы
e. Оң жақ аналық бездің меншікті байламы
29. Сегізкөз-жатырлық байламды көрсетіңдер:
a. Дөңгелек
b. Алтыбұрыш
c. Төртбұрыш
d. Нұсқау
e. Үшбұрыш
30. Лапароскопиялық аспапты атаңыз:
a. екібраншты тік қайшы
b. бірбраншты тік қайшы
c. қысқыш
d. клипатор
e. диссектор
31. Лапароскопиялық аспапты атаңыз:
a. е кібраншты тік қайшы
b. бірбраншты тік қайшы
c. қысқыш
d. клипатор
e. диссектор
32. Аспапты атаңыз:
a. Анатомиялық кремальерлі қысқыш
b. Анатомиялық кремальерсіз қысқыш
c. Хирургиялық кремальерлі қысқыш
d. Хирургиялық кремальерсіз қысқыш
e. Әмбебап кремальерлі қысқыш
33. Лапароскопияда қысқыштар не үшін қолданылады:
a. Қысу, тіндерді фиксациялау үшін
b. Биопсия, коагуляция, тіндерді фиксациялау үшін
c. Тіндерді коагуляциялау үшін
d. Инені ұстау үшін
e. Тамырды тіккенге дейін қан кетуді тоқтату үшін
34. Аспапты атаңыз:
a. Кремальермен ВАВКОК типті ұстағыш
b. Кремальермен “ALES” типті ұстағыш
c. Кремальермен тырнақ тәрізді ұстағыш
d. Кремарельсіз тырнақ тәрізді ұстағыш
e. Кремальерсіз “ALES” типті ұстағыш
35. Аспапты атаңыз:
a. Кремальерлі диссектор
b. Анатомиялық кремальерсіз қысқыш
c. Кремальерсіз диссектор
d. Анатомиялық кремальерлі қысқыш
e. Хирургиялық кремальерлі қысқыш
36. Аспапты атаңыз :
a. анатомиялық қысқыш
b. хирургиялық қысқыш
c. биопсиялық қысқыш
d. диссектор
e. ұстағыш
37. Аспап не үшін қолданылады :
a. тігіс жіптің түйінін түсіру және жібті тарту үшін
b. клипсті салу үшін
c. аспирация-ирригация жасау үшін
d. тіндерді коагуляциялау үшін
e. тіндерді ажырату үшін
38. Мына аспап қалай аталады:
a. Диссектор
b. Коагулятор
c. Ине ұстағыш
d. Қайшы
e. Қысқыш
39. Газды эмболия емінің 5 қадамы көрсетілген. Қадамдары дұрыс көрсетініз:
1. Дюрант қалпына келтіру (Трендленбург қалпында сол жақ бүйірімен жатқызу)
2. Таза оттегімен ӨЖВ жүргізу
3. Лезді десуффляция жасау
4. Бірден жоғарғы қуысты венасының пункциясы арқылы оң жақ жүрекше мен қарыншаға катетерді енгізіп, газды қанман бірге аспирациялау. Дегазациядан кейін қанды қайта құюға болады.
5. Асистолия кезінде - газды әсерлі шығару үшін жүрекке тікелей массаж жасай отырып, оң жақ бөлігіне пункция жасау.
a. 3-2-1-4-5
b. 5-2-1-4-3
c. 1-2-3-4-5
d. 5-3-4-2-1
e. 5-4-3-2-1
40. Вереш инесін енгізу техникасы: Вереш инесін жазатын қаламұш сияқты үш саусақпен ұстап тұрып, ақырын.... пункциялаймыз:
a. перпендикулярлы түрде құрсақ қуысын
b. құрсақ қуысын, оның жазықтығына 45-60° бұрышта, бірақ тері жабындысына - әрдайым перпендикулярлы
c. құрсақ қуысын хирургқа ыңғайлы бұрышта, бірақ тері жабындысына перпендикулярлы
d. құрсақ қуысын және тері жабындысын хирургқа ыңғайлы бұрышта
e. құрсақ қуысын оның жазықтығына 80° бұрышта, бірақ тері жабындысына - әрдайым перпендикулярлы
41. Морцеллятор – бұл:
a. операция барысында қозғау үшін жатыр қуысына енгізілетін аспап
b. тіндік құрылымдарды тиімді алып тастайтын құрал
c. құрсақ қуысынан серіппені алып тастауға арналған аспап
d. жатырды тігуге арналған аспап
e. тігетін аппарат
42. Эндоскопиялық қармақ неге арналған:
a. Ішек ілмектерінің тұрақтандыру үшін
b. Жатырды тұрақтандыру үшін
c. Жабыспаларды ажырату үшін
d. Аналық безін ұстау үшін
e. Жатыр түтігінің тұрақтандыру үшін
43. «Граспер» дегеніміз не:
a. Қайшы
b. Қысқаш
c. Биполяр коагуляцияның құралы
d. Қысқыш
e. Монополяр коагуляцияға арналған құрал
44. Лапароскопия кезінде ретракторды не үшін қолданады:
a. Мүшені ұстау үшін
b. Мүшені коагуляциялау үшін
c. Мүшені/тінді кесу үшін
d. Мүшенің/тіннің экспозициясы үшін
e. Кесіп алынған мүшені/тінді алып тастау үшін
45. «Пушер» дегеніміз не:
a. Тігуге арналған құрал
b. Экстракорпоралды байлаған түйінді итергіш
c. Интракорпоралды байлаған түйінді итергіш
d. Мүшені ұстауға арналған құрал
e. Биполярлы коагуляцияның құралы
46. Клипатор дегеніміз не:
a. Тамырларды, қуық өзегін, жатыр түтіктерін лигирлеуге арналған құрал
b. Тамырларды лигирлеуге арналған құрал
c. Коагуляцияға арналған құрал
d. Мүшенің экспозициясына арналған құрал
e. Мүшені ұстауға арналған құрал
47. Рelvis minor дегеніміз не:
a. Linea terminalis-тен төмен орналасқан жамбас сүйектері
b. Linea terminalis-тен төмен орналасқан мүшелердің жиынтығы
c. Linea terminalis-тен төмен орналасқан сүйектер мен жұмсақ тіндердің жиынтығы
d. Жамбас сүйектері шекарасында ораналасқан мүшелердің жиынтығы
e. Ішкі жыныс мүшелері, қуық, тік ішек және кіші жамбастың қан тамырлары
48. Әйелде ішастар қуықтан жатырға, одан тік ішектің алдыңғы қабырғасына өтеді. Бұл кезде кіші жамбаста қанша қуыс (excavatio) түзіледі:
a. Бір
b. Төрт
c. Екі
d. Сегіз
e. Алты
49. Тік ішек-жатыр қуысында не орналасады:
a. Тоқ ішектің ілмектері
b. Үлкен шарбы май
c. Аш ішектің шажырқайы
d. Аш ішектің ілмектері
e. Қалыптыда бұл кеңістік бос
50. Кіші жамбастың негізгі артериясы болып табылады:
a. Сыртқы мықын артериясы
b. Ішкі мықын артериясы
c. Жатыр артериясы
d. Жатыр және кіндік артериясы
e. Жалпы мықын артериясы
51. Кіші жамбастың латералды шел май кеңістігінде не орналасады:
a. Жалпы және ішкі мықын қан тамырлары, лимфа түйіндері, жүйке өрімдері, несепағарлары
b. Зәр-қуық көктамырлық өрімдер, қуықты қанмен қамтамасыз ететін артериялар
c. Симпатикалық бағананың сегізкөз бөлімі, сегізкөз артериялары, жүйке өрімдері, лимфа түйіндері
d. Жоғарғы тік ішек артериясы, жүйке өрімдері, лимфа түйіндері
e. Ішкі мықын қан тамырлары, лимфа түйіндері, несепағарлары
52. Параметралды шел май кеңістігі қайда орналасады:
a. Мықын шұңқырында
b. Жатыр мойны айналасында, жатырдың жалпақ байламының жапырақтары арасындағы шел майына өтеді
c. Бөксе аймағында, жатырдың жалпақ байламының жапырақтары арасындағы шел майына өтеді
d. Жатыр мен қуықтың арасында
e. Жатырдың жалпақ байламының жапырақтары арасында
53. Параметралды шел майда не орналасады:
a. Жатыр артериялары және көктамырлары, аналық бездің қан тамырлары
b. Жатырлық, аналық бездік қан тамырлары, жүйке өрімдері, несепағарлары
c. Несеп жолдар, жатырлық қан тамырлар, жүйке өрімдері
d. Жатырлық, аналық бездік қан тамырлар, несепағарлары
e. Несепағарлары, жатырлық қан тамырлар
54. Тік ішектің қай деңгейінде несепағарлар қуық жаққа қарай, алдыға қарай бағытын өзгертеді:
a. Тік ішек ампуласының бүйір қабырғасында, одан 2см-ге
b. Тік ішек ампуласының алдыңғы қабырғасында
c. Тік ішектің ампула үсті бөлімінде, 1,5-2 смге латералды
d. Тік ішектің ампула үсті және ампулярлы бөлімдерінің бүйір қабырғалары бойымен
e. Тік ішектің ампула үсті және ампулярлы бөлімдерінің алдыңғы қабырғаларында
55. Қуықтың қанмен қамтасыз етілуі:
a. Ішкі мықын артериясы жүйесінен
b. Сыртқы мықын артериясы жүйесінен
c. Жалпы мықын артериясынан
d. Кіндік артериясынан
e. Жоғарғы тік ішек артериясынан
56. Несепағардың жамбас бөлігінің ұзындығы құрайды:
a. 8-10 см
b. 15-16 см
c. 18-20 см
d. 10-12см
e. 5-8 см
57. Несепағар қай жерде жатыр артериясының алдына шығып, онымен бірінші қиылыс түзеді:
a. Ішкі мықын артериясынан жатыр артериясының ажыраған жерде
b. Ішастардың висцералды бөлігінде ішкі мықын артериясынан жатыр артериясы ажыраған жерден 3 см-ге медиалды
c. Жатыр мойны деңгейінде
d. Жатырдың шетіне жақын
e. Дәл қуыққа түсер алдында
58. Несепағар қай жерде жатыр артериясының артына шығып, онымен екінші қиылыс түзеді:
a. Ішкі мықын артериясынан жатыр артериясының ажыраған жерде
b. Париеталды ішастардың висцералдыға өтетін жерде
c. Жатыр мойны деңгейінде, жатырдың шетіне жақын
d. Ішкі ернеу деңгейінде жатырдан 3 смге латералды
e. Дәл қуыққа түсер алдында
59. Жатыр (uterus) кіші жамбас қуысында орналасқан, оның қылтасы (денесінің мойынға өтуі — isthmus uteri)....:
a. 2-3-ші сегізкөз омыртқаларының деңгейінде орналасады
b. 5 бел омыртқасы деңгейінде орналасады
c. 4-5 бел омыртқалары деңгейінде орналасады
d. Сегізкөз-құйымшақ буынында орналасады
e. 4-5 сегізкөз омыртқаларының деңгейінде орналасады
60. Жатырдың шетінде ішастар жамбастың бүйір қабырғаларына баратын дубликатура түзеді. Бұл байлам аталады:
a. Жұмыр байлам
b. Жалпақ байлам
c. Сегізкөз-жатыр байламы
d. Қуық-жатыр қатпары
e. Құйғыш-жамбас байламы
61. Жатырдың жалпақ байламына жатады:
a. Жатырдың, аналық безінің шажырқайы
b. Жатыр түтігінің шажырқайы
c. Жатырдың, аналық без және жатыр түтігінің шажырқайы
d. Аналық безі мен жатыр түтігінің шажырқайы
e. Жатыр және жатыр түтігінің шажырқайы
62. Жатырдың қылтасы бекітілген:
a. Кардиналды байламмен
b. Сегізкөз-жатыр байламымен
c. Кардиналды және сегізкөз-жатыр байламдарымен
d. Жұмыр байламмен
e. Құйғыш-жамбас байламмен
63. Сегізкөз-жатыр байламы жатырдың қылтасын бекітеді:
a. Мүйіске
b. 2-3 сегізкөз омыртқаларына
c. Сегізкөз-құйымшақ буынына
d. Құйымшақтың барлық бетіне
e. Жамбас қабырғаларына
64. Жатырдың қосымша қандану көзі болып табылМАйды:
a. Төменгі құрсақ үсті артериясы
b. Аналық без артериясы
c. Төменгі қуық артериясы
d. Ішкі жыныс артериясы
e. Жатыр артериясы
65. Жатыр түтігі қандай байламмен бекітіледі:
a. Аналық безінің өзіндік байламымен
b. Аналық безінің іліп тұратын байламымен (құйғыш-жамбас байламы)
c. Жатыр түтігі ешқандай байламмен бекітілмеген
d. Мезосальпинкспен
e. Жатыр жалпақ байламымен
66. Аналық безінің сыртқы жабындысы болып табылады:
a. Ішастар
b. Ұрықтық эпителий
c. Жалпақ эпителий
d. Серозды қабат
e. Цилиндрлік эпителий
67. Аналық безінің екі беті бар:
a. Медиалды, латералды
b. Алдыңғы, артқы
c. Ішкі, сыртқы
d. Төменгі, жоғарғы
e. Жатырлық, тікішектік
68. Аналық безінің өзіндік байламы оны қайда бекітеді:
a. Жатыр түтігіне
b. Жатырдың жалпақ байламына
c. Жамбас қабырғасына
d. Жатыр бұрышына
e. Жатыр қабырғасына
69. Аналық безінің екі шеті бар:
a. Алдыңғы, артқы
b. Ішкі, сыртқы
c. Төменгі, жоғарғы
d. Жатырлық, жамбастық
e. Медиалды, латералды
70. Берілген суреттегі аналық безінің жағдайына анықтама беріңіз:
a. Аналық безі етеккір циклының бірінші фазасында
b. Аналық безі етеккір циклының екінші фазасында
c. Аналық безі овуляция сәтінде
d. Овуляция алдындағы жағдай
e. Сары дененің кистасы
71. Суретте бейнеленген:
a. Аналық безіндегі доминантты фолликул
b. Аналық безіндегі сары дене
c. Овуляция сәтінде аналық жасушасының шығуы
d. Аналық безінің фолликулярлы кистасы
e. Аналық безіндегі фолликул персистенциясы
72. Берілген лапароскопиялық көрініс сәйкес келеді:
a. Аналық бездерінің екі жақты кисталарына
b. Патология жоқ
c. Аналық бездер поликистоз синдромына
d. Аналық бездерінің фолликулярлы кисталарына
e. Аналық бездерінің метастазды обырына (Крукенберг ісігі)
73. Диагноз қойыңыз:
a. Оң жақ аналық без кистасы
b. Оң жақтық аналық без фолликулярлы кистасы
c. Оң жақ аналық без кистасының бұралуы
d. Жатырдан тыс (түтіктік) жүктілік
e. Сол жақ аналық без кистасының бұралуы
74. Лапароскопия барысында анықталды:
a. Оң жақ аналық безінің эндометриоздық кистасы
b. Сол жақ аналық безінің эндометриоздық кистасы
c. Сол жақ аналық безінің поликистозы
d. Аналық бездерінің обырға айналған кисталары
e. Сол жақ аналық безінің обыры
75. Сіздің қорытындыңыз:
a. Жатыр саркомасы
b. Жатырдың субсерозды миомасы
c. Жатырдың субмукозды миомасы
d. Жатырдың интрамуралды миомасы
e. Жатырдың көптеген миомасы
76. Лапароскопия барысында хирургтың қорытындысы:
a. Субсерозды миома
b. Миома интрацепиталды өскен
c. Көптеген миома
d. Жатыр саркомасы
e. Аналық бездерінің фибромасы
77. Отаның қай кезеңі жүргізілген:
a. Жатыр миомасын аршу
b. Түйін орнының коагуляциясы
c. Түйін орнын тігу
d. Түйін морцелляциясы
e. Түйінді алып тастау
78. Газды жіберу кезінде құрсақ қуысында қандай максимальды қысым орнатуға болады (тек троакарды енгізу кезінде):
a. 14мм с б
b. 16 мм с б
c. 18 мм с б
d. 20 мм с б дейін
e. 25 мм с б дейін
79. Заманауи әлемде гинекологиялық операциялардың қанша пайызы лапароскопиялық жолмен жасалынады:
a. 45%
b. 50%
c. 70%
d. 75-80%
e. 90%
80. Аналық бездерінің эндометриоздық кистасын лапароскопиялық алу кезінде ең жиі болатын асқыну:
a. Ішектің жарақаты
b. Қуықтың жарақаты
c. Несепағардың біржақты жарақаты
d. Үлкен шажырқай қан тамырларының жарақаты
e. Жатыр артериясының бір жақты жарақаты
81. Стерилизацияның қай әдісі лапароскоптың барлық компонеттеріне еш шектеусіз сай келеді: оптика, обтуратор, жұмыс элементі, тубус, жоғарғы жиілік кабель:
a. Химиялық стерилизация
b. Плазмамен стерилизация
c. Бумен стерилизация
d. Гравидационды стерилизация
e. Этиленоксидпен жүргізілетін газды стерилизация
82. Гинекологияда ең жиі кездесетін лапароскопияға қарсы көрсеткіш болып табылады:
a. Семіздік
b. Құрсақ қуысындағы жабыспа ауруы
c. Артериалдық қанқысымы мен жүрек жиырылу жиілігінің тұрақсыздығы
d. Алдыңғы құрсақ қабырғасының тыртықтары
e. Жүктілік
83. Лапароскопия кезінде қауіп-қатер факторы болып табылМАЙДЫ:
a. Семіздік
b. Науқастың жасы
c. Құрсақ қуысы ағзаларына алдында жасалынған оталары
d. Экстрагенитальды аурулардың болуы
e. Босанғаннан кейінгі кезең
84. Лапароскопия кезінде анестезияның қауіп-қатер факторы болып табылады:
a. Босанудан кейінгі алғашқы тәуліктер
b. Созылмалы бүйрек ауруларының болуы
c. Өкпенің созылмалы аурулары
d. Соңғы тамақтанған уақыты
e. Науқас мойнының құрылымының анатомиялық ерекшеліктері
85. Лапароскопияның қандай асқынуы ең қауіпті болып саналады:
a. Ота барысында қан кету
b. Ішектің инемен перфорациясы
c. Байқаусыз қалған ішек қабырғасының терең коагуляциясы
d. Қуықтың жарақаты
e. Несепағардың жарақаты
86. Париетальді ішастардағы эндометриоз ошақтарын емдеу әдісі:
a. Коагуляция
b. Ажыратып алу
c. Байлау
d. Хирургиялық емдеу әдісі жоқ
e. Спирт немесе йодпен өңделеді
87. Диагноз қойыңыз:
a. Аденомиоз
b. Эндометриоз
c. Поликистоз
d. Полипоз
e. Меланома
88. Берілген лапароскопиялық көрініс қандай патологияға тән:
a. Туберкулез
b. Карциноматоз
c. Эндометриоз
d. Продуктивті қабыну
e. Бұл қалыпқа сай
89. Повидонмен ота алаңын қанша рет (минимум) өңдеу қажет:
a. 2
b. 3
c. 4
d. 5
e. 8
90. Ота бөлмесінде қолайлы ауа температурасы қандай болу керек (ауаның ылғалдылығы 50–55% және қозғалу жылдамдығы 0,1 м/с. дейін болғанда):
a. 24-270С
b. 200С шамасында
c. 270С жоғары
d. 280С
e. 170С төмен
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 188 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
1. The child laughed merrily. | | |