Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

,Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы



1,билет 3

, Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Ә.с. да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады. Ә.с-нда берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Ә. с. көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді. Ә. с-ның тарихы ертеден басталады. Сын әдебиет пайда болған кезден бері өмір сүріп келеді. Біз бұл пікірді жоғарыда әдебиет теориясынан алған білімімізді еске түсіру барысында байқадық. Теориялық еңбектерде сынның төмендегідей сараланған екі ұлы мақсаты аталып көрсетіледі.

Көпшіліктің талғамын қалыптастырып, көркем шығарманы түсінуге жетелейді.

Жазушының жетістігі мен кемшілігін көрсету, оған жөн сілтеу, шеберлік шыңына нұсқау.

Сынның әлеуметтік және эстетикалық міндеттері. Сыншы дарыны ол жөніндегі ой-пікірлер.

Жалпы курстың мақсаты. Негізгі көзделген мақсат - әдеби даму жолдарының қыр-сырын аңғару, түсіну, талдау процесімен тікелей байланысты болғандықтан сынның туу және қалыптасу кезеңдерін әдебиет тарихына жанастыра көрсету.



Сыншылық ой-пікірдің өрістеу жолдары тек әдеби құбылыстарға ғана емес, срнымен қатар қоғамдық-әлеуметтік толғаныстарға іш тартып жататындықтан сын тарихын кең көлемде қарастырып, ел жұрт түсінігінің, эстетикалық таным бірлігінің әрі даралану, әрі жалпылану жай-күйі ескеріледі. Студенттердің таным білігі осы өреден шықса, онда пәннің ықпалы мәндене түседі, яғни студенттердің сыни ойлау жүйесі белгілі бір арнаға түсіп, көркемдікті тану қабілеті арта түседі.

Осымен қатар бұл курстың утилитарлық ой мақсатының бірі - сыншылық қабілеті бар студенттерді осы қиын да абырлы жолға түсіру. Пәнді оқыту барысында шәкірттерді қазақ әдеби сынының пайда болу, қалыптасу жолдарынан, өткен ұзақ тарихынан хабардар ету, әдебиеттің дамуы сыншыл ой-пікірлердің дамуына қатыстылығын аңғарту. Ол үшін курстық жұмыс жүйесі дұрыс пайдаланылады. өз бетінше орындаған жұмыстың аяқ алысы, қалам жебеуі ескеріліп, дұрыс та мәнді орындалған жұмыстарды газет-журналдарда жариялау қамы жасалады. Сын тарихының зерттелу жайы. Қазан революциясына дейінгі әдеби сын жайындағы көзқарастар мен ой-пікірлер.

Қазақ әдебиет сынының туып, қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қазан революциясына дейінгі кезең - Сыни ой-пікірдің ояну және әдебиет сынының туу дәуірі. 1917 жылдан 1937 жылға дейінгі кезең - қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. 1938 жылдан 1991 жылға дейінгі процесс - қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы, әдебиет сынының өркендеу кезеңі.

 

2билет 3

Енді сын жанрларына тоқталсақ: ӘДЕБИ ХАБАР-жаңа болған әдеби оқиғаны, жаңалықты оқырманға хабардар ету. Бұл шағын жанр болғанымен де, ұтымды пайдалана білгенге берер мүмкіндігі мол. АННОТАЦИЯ-сын жанрларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Шын мәніндегі әдеби сынның бастау алар бұлағы. Латынша ескертпе деген сөздің мағынасын беріп, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеологиялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. РЕЦЕНЗИЯ-бұл ең көп қолданылатын, өрісі кең жанр. Латынша тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді. Аннотацияда хабарлаушылық, үгітшілдік сипаты басым болып, бағалаушылық там-тұмдап қана белгі берсе, даму барысында бұл жанр рецензияға ұласып, баға беру оның басты қасиеттерінің біріне айналды. МАҚАЛА-«Газетке мақала шығыпты» дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу да, фельетон да болуы мүмкін. Ал баспасөзде бұл бөлек жанр. Әдеби ой-пікірлерді кеңінен насихаттау үшін әдеби сын баспасөздің мақала жанрын барынша пайдаланады. Мақаланың мақсаты-әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Мақала теориялық, айтыс, ғұмырнамалық, ескертпе болып өз ішінде бөлінеді. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПОРТРЕТ-жазушы туралы құжатты «очерк». ӘДЕБИ ШОЛУ-аннотация, рецензия, шығармашылық портрет, мақала сияқты сын жанрлары негізінен әдеби өмірдің бір ғана құбылысын, не мәселесін қарастырып, сол төңіректе ғана сөз қозғайды. Негізгі зерттеу объектісі әдеби өмір, мақсаты соны шолып, пікір білдіру. ЭССЕ-әдебиет жайлы құнарлы ойлардың бір бұлағы, әдебиетіміз, қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан пікірлерді оқырманға жеткізудің бір арнасы.(Дандай Ысқақтың «Сын өнері» атты кітабы бойынша)Ә. с. жан-жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды.Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала, сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публист. немесе ғыл. очерк), сын-монография т.б. жанрлық түрлері дами бастады. Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.

Монография (грекше monos – біртұтас, grapho – жазу) – белгілі бір тақырыпты жан-жақты зерттейтін ғылыми еңбек. [1].Онда нақты сала бойынша күрделі мәселе мақсатты түрде сөз етіліп, оның дамуына ықпал ететін ой-пікірлер айтылады. Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры.

3 билет 3

. Ә. с-ның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты. Алайда бұл кезеңде көркем шығармаларды бағалауда партиялық принцип негізгі өлшем ретінде танылып, әлеум. тұрпайы сындар өріс алды. Мұндай сындар әсіресе ҚазАПП-тың (Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) тұсанда барынша ушыға түсті. Ә. с. партияның идеол. қаруына айналды. Оның негізгі міндеті қаламгерлердің қай тапқа, яғни байшыл, кедейшіл, жолбике сияқты топтардың қайсысына жататындығын анықтауға сайды. Рецензия (ағылш. Review) — журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем өнер сынының (критика) жанры. Рецензия жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтилы.[1]

Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да, көп те болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның авторы аясынан асып түсіп, ғылым мен техниканың, көркем әдебиет пен өнердің, т.б. саланың толып жатқан мәселерін қамтып, жазылуы да мүмкін.Ондай рецензиялар ғылыми-зерттеу жұмысы не көркем шығарма, я көсемсөздің шын биігі дәрежесіне жетуі де ықтимал.

Реценхия ең алдымен ғылыми негізде, обьективті түрде, баршаға түсінікті тілде, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтірерліктей түрде жазылуы керек. Рецензия және оны жазушы рецензент «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айта білуі қажет.

4 билет 3

3 билет жауабы

5билет 3

ӘДЕБИ ШОЛУ-аннотация, рецензия, шығармашылық портрет, мақала сияқты сын жанрлары негізінен әдеби өмірдің бір ғана құбылысын, не мәселесін қарастырып, сол төңіректе ғана сөз қозғайды. Негізгі зерттеу объектісі әдеби өмір, мақсаты соны шолып, пікір білдіру. ЭССЕ-әдебиет жайлы құнарлы ойлардың бір бұлағы, әдебиетіміз, қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан пікірлерді оқырманға жеткізудің бір арнасы.(Дандай Ысқақтың «Сын өнері» атты кітабы бойынша)

6 билет 3

Алғашқы екі кітабы жарық көрген “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғ-дағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т.б. құғындалды. Тоқырауға ұшыраған қазақ Ә. с. 1955 ж. респ. басшылығы ауысып, идеол. солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа мүмкіндіктер туа бастаған кезде қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Ысмайылов, Жұмалиев, Нұрқатов, А. Нұртазин, Қ. Нұрмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Б. Сахариев және т.б. сыншылар қазақ Ә. с-н жаңа биіктерге көтерді. 60 жылдары көп томды қазақ әдебиетінің тарихын жасаумен бірге әдебиеттің ағымдағы күрделі мәселелерін терең талдаған мақалалар жарық көрді. Ә. с. осы жылдары қарқынды дамып, баспасөзде қызу пікір-таластар болды. Ә. с. саласында А. Сүлейменов, З. Серікқалиев, Р. Нұрғалиев, Тоқбергеновтер көрінсе, оған жалғаса 70-жылдары С. Әшімбаев, Б. Сарбалаев, Қ. Ергөбеков, Б. Ыбырайымов, Т. Шапаев т.б. келді. 70 жылдары Ә. с-ның дамуына мол мүмкіндіктер жасалынды. Газет-журнал беттерінен сын бөлімі тұрақты орын алды; “Уақыт және қаламгер”, “Сөзстан” сын мақалалар жинақтары тұрақты шығып тұрды. 80 ж-дардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі бетбұрыстар қазақ Ә. с-ына да тың серпіліс әкелді; алға жаңа міндеттер қойды. Мұндай үлкен міндеттерді атқаруға сынның ғыл. сипаты артып, әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті.

7 билет 3 Композиция (лат. сотрозійо - құрастыру, шығарма) -

көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластик. өнерле композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке сәттерін біріктіріл түрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы орта менкөрермендер арасындағы қатынасын белгілейді. Көркем шығарм. процесі мен өмірді эстеттану тұрғысында қалыптасқан композиция заңдары өнердің жалпылама заңдылықтарының, нақты өмір құбылыстарындағы өзара байланыстылықтардың белгілі мөлшеріндеғі бейнесі әрі жиынтығы болып табылады. Сәулет өнерінде композиция идеялық-көркемдік принциитердің бірлігіне, құрылыстар мен ғимаратардың функциялық мақсатына, жобалық ерекшеліктеріне, олардың қала құрылысындағы мән-маңызына орай құрылады. Композиция қаланың жалпы келбеті мен құрылымын, архит. үндестігін, жобадағы көлемдік, кеңістік түзілімін айқындайды. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік-тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттар мен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарық пен көлеңке үнасымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта әрлеу дәу ірің дегі өнерде басымырақ қолданыл ды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты;

Сюжет (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай кайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқын бой көрсетсе, сонымен қатар, баяндалған оқиға, жағдайларға кейіикерлердің әр түрлі қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен қабысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы қақтығыстартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімдері, сөздері арқылы олардың характері ашыла, айқындала тұседі. Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері, яғни бастамасы, шиеленісуі, шарыктау шегіне жетуі және шешілу-аяқталуы да өмірлік тартыс, қайшылықтың даму-өрістеу заңдылықтарына сәйкес келіп отырады. Оқиға желісі болған соң, тартыс болған соң оның қандай да болсын бастауы, өрістеп, шиеленісіп, ширығатын кезі, аяқталуы болатыны түсінікті. Және мәселе окиғаның жай аяқталуында емес, көркем шығармадағы қактығыстар, жеке сурет-картиналар арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін окиға тізбегі бара келе логикалык тиянактылык тауып, негізгі шиеленістің түйіндері шешіліп, бәрі-бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы өсерлі толық ашылуы аса қажет.

8билет 3

.ӘДЕБИ СЫН көркем шығармаларды талдап, баға беріп олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Әдеби сынның негізгі міндеті шығарманы нақты тексеріп, жетістік-кемшіліктерін саралап, эстетикалық баға беру. Әдеби сын сөз өнерінің бүгінгі таңдағы даму жолдарын анықтауға ат салысады. Әдеби шығармаларға пайымдаулар жасап, түйінді пікірлер айтады.

СЫНШЫ - әдеби сынның объектісі. Сыншы – күрделі тұлға. Әдеби процесс өмір-суреткер-шығарма-оқырман-өмір жолдарынан тұратын болса, сыншы осы сатылардың барлығында дерлік аса белсенді қызмет атқарады. Бірде оқырман атынан, енді бірде жазушылар атынан, енді бірде жазушылар атынан, одан қалды бүкіл қоғам атынан да сөйлеп, әдеби процесті, қоғамдық пікірді ұйымдастырушы, әдебиетті зерттеуші, бағалаушы, оның жылт еткен жаңалықтарын үгіттеуші, насихаттаушы, оқырманға білім таратушы оқытушы, тәрбие беретін тәрбиеші функцияларын атқарады. ЖАНР – «тек» пен «түрдің», тағы басқа түрлі көркемдік компоненттердің бір-біріне кірігіп, түрліше құрамда қолданылуы барысында пайда болған әдеби шығарманың тарихи қалыптасқан түрі.

СЫННЫҢ КӨРКЕМ ЖАНРЛАРЫ – эссе, пародия, эпиграмма, памфлет.

СЫННЫҢ ЖАНРЛАРЫ (қарасөзбен) рецензия, шолу, эссе, шығармашылық портрет (өлең сөзбен) эпиграмма, пародия. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПОРТРЕТ негізінен талдаушылық тәсілдің орын алуы – оны әдеби портреттің басқа түрлерінен ажыратып тұратын басты белгілерінің бірі. Ш.п. қалың оқырманға арналып жазылып, баспасөз бетінде жарияланатындықтан да көркем публицистика түрінде жазылады.

9 билет 3

Фельетон (фр. feuіlleton, feuіlle – парақ) – публицистикалық негіздегі әдеби шығарма. Әдеби термин ретінде 19 ғасырдан қолданыла бастады. Француздың “ Журнал де Деба ” газеті өзінің қосымша шығарған парақтарын Фельетон деп атаған. 19 ғасырдың 1-жартысында болған француз революциялары кезінде бұл парақтарда негізінен қоғамды сынайтын мақалалар басылды. Кейіннен “Фельетон” термині Франциядан Германияға, кейін Ресейге ауысты. Неміс, орыс баспасөздерінің белгілі бір беттері Фельетон деп аталып, онда қоғамдық-саяси мақалалар, сыни-айтыс еңбектер, әдеби шолулар жарияланды. Келе-келе Фельетон белгілі бір нысананың кемшіліктерін күлкіге айналдыратын сатиралық жанрға айналды. Қазақжерінде алғаш 20 ғасырдың бас кезінде пайда болды. “Айқап” журналы өзінің негізгі бөлімдерінің бірін Фельетон деп атап, онда қазақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы әр түрлі мақалалар, көркем әңгімелер, тарихи деректер жариялап отырды. 1920 – 30 жылы Б.Майлин, Қ.Жансүгіров, 1940 – 50 жылы А.Тоқмағамбетов бұл жанрды әрі қарай дамытты. Кейіннен бұл жанрда О.Әубәкіров, С.Адамбеков, т.б. жемісті еңбек етті.

10билет 3

8 билетте жауабы

11билет 3

9билетте жауабы

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 715 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
О теориях деятельности: диалог о том, чем они богаты и чего в них недостаёт (Беседа В.А. Лекторского и Л. Гараи) | Геоинформационные системы предназначены для сбора, хранения, анализа и графической визуализации пространственных данных и связанной с ними информации о представленных в системе объектах.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)