Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Қарапайым этикет ережелері



Қарапайым этикет ережелері

Этикет ережелерін білмесеңіз – надан көрінуіңіз былай тұрын, күлкілі көрінуіңіз мүмкін. Қарапайым этикет қағидаларынан ада жанға жұрт тіпіт мүсіркей қарайды. Басқалардың өзіңізге көзқарасын сезіп, өзіңіз де жер бола түсесіз. Ондай кезде жетістікке жету, білім-білігіңді көрсету, өзіңді дәлелдеу дегендер адыра қалады. Себебі сіз нені бүлдіріп қойғаныңызды білмей, қара терге түсесіз. Сондай-ақ, этикет дегенге шекесінен қарайтын «өзімбілемдер» де бар. Олар сыпайылық сақтап ыздиып тұру – шынайы өмірден аулақта тұратын биік маңдайлы, күннен қорғайтын қолшатырын шошайтқан эстеттердің үлесі деп біледі. Шын мәнінде этикет негіздері өте оңай әрі қарапайым. Мәдениетті сөйлеу, кішіпейілділік, үсті-басыңды ұқыпты ұстау және эмоцияларыңды тізгіндей білу. Бұл айтылғандардың бәрі әйелдерге де, ерлерге де қатысты.
Өзін және басқаларды құрметтейтін жанның бәрі білуге тиісті деген ережелерді тізбелеп көрдік:
• «Мен сізді шақырамын» деген адам кездесудің шығынан көтереді. Ал «Мейрамханаға барып, отырмаймыз ба?» деген жағдайда, әркім өзі төлейді. Егер ер адам әйелге «Мен төлейін» деп ұсыныс жасаса ғана ол келісім беруі мүмкін.
• Ешқашан алдын ала ескертпей қонаққа бармаңыз. Егер еш ескертусіз қонақтар келіп қалса, халатпен, бигудимен жүре беруіңізге болады.
• Қоғамдық орындарда сматрфонды үстелдің үстіне қоймаңыз. Олай етсеңіз, байланыс құралынсыз отыра алмайтыныңызды және жаныңызда отырғандардың әңгімесінің сізге түк қызығы жоқ екенін көрсетесіз. Кез-келген уақытта Instagram жолағын тексеріп, қоңыраулар мен хабарламаларға жауап беріп, телефоныңызды шұқылай берсеңіз жаныңыздағы жолдастарыңызды менсінбейтіндігіңізді жария қыласыз.

• Қызды кездесуге шақырып алып, смс арқылы сөйлесуге болмайды
• Ер адам ешқашан әйел сөмкесін ұстамайды. Әйелдің сырт киімін де киім ілгішке дейін ғана апарып береді.
• Екі адам болып келе жатқанда, қасыңыздағы кісі сізге бейтаныс біреумен амандасса, сіздің де амандасқаныңыз жөн.
• Көп адамдар сушиді тек таяқшалармен жеу керек деп есептейді. Алайда ер адамдардың қолмен де жеуіне болады.
• Аяқ киім әрдайым таза болуы керек.
• Телефонмен ұзақ әңгіме соқпаңыз. Сырласқыңыз келген адаммен жүзбе-жүз кездескен жөн.
• Егер біреу сізге тіл тигізсе, оған сондай дөрекілікпен жауап беру шарт емес. Ал дауыс көретуге мүлдем болмайды! Оның деңгейіне түспей-ақ қойыңыз. Бір жымиыңыз да, көргенсіздің жанынан кетіп қалыңыз.
• Көшеде ер адам ханымның сол жағында жүреді. Ал әскери қызметкерлердің оң жақта жүруіне болады, әскери амандасуға әзір болу үшін.
• Көлік жүргізушілері жаяу жүргіншілерге су немесе балшық шашып өтуі – барып тұрған мәдениетсіздік екенін білгені дұрыс.
• Әйел адам ғимараттың ішінде шляпасы мен перчаткасын шешпеуіне болады, бірақ жылы бас киім мен қолғапты міндетті түрде шешуі керек.
• Құпия сақтай білу – мәдениеттің зоры.
• Кино, театр, концертке келгенде орныңызға қарай отырған кісілерге бет жағыңызды беріп өту керек. Жігіт адам алда жүреді.
• Әрдайым алғыс айтып жүруді ұмытпаңыз.
• Таныстарыңыз, туыстарыңыз бен достарыңыздың туған күндерін ұмытпай құттықтап тұруға тырысыңыз.



Осындай қарапайым этикет ережелеріне байланысты басқаларға әсер қалдырасыз, өзіңіз туралы түсінік қалыптастырасыз. Оқырманға қызықты болып жатса, ережелер тізімін жалғастыра жатармыз. Кішіпейіл мінез, сыпайы жүріс-тұрыспен айналаға қуаныш сыйлауға болатынына көз жеткізіп көріңіз

 

лассикалық стильге (қатал. Іскер, сәнді киіну) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім түрлері кіреді. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жекетімен, белдемше кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттелмейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына ерлер костюмі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді.

Іскерлік стиль:
1 Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;
2 Нәзік рецкті немесе ұсақ суретті жоғары саналы;
3 Түстері қатты ашық емес және нәзік, тынық;
4 Аксессуарлар мен әшекейлерді ұстамды
5 Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ киімдер.
Спорттық стиль - демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Спорттық киімдер ассортименттері - күртеше, жейде, әр түрлі ұзындықтағы және әр түрлі әрленген белдемшелер комбинезондар, джинсы киімдері. Бұл стильдегі киімдер түйме, батырма, сыдырма түймелердің, сондай - ақ әрлеу тігімдерінің, бөлшектердің дәл және тартымды орналасуымен ерекшеленеді.
Романтикалық стильде – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді.
Романтикалық стильдің ерекшелігі - қатпарлар, желбіреушілер, шілтерлер, банттар, желбіршектер жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль (этникалық) ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою - өрнектер кестелер, қол жұмысының
көптеген элементтері, жоғары технологиялық әдістер кеңінен пайдаланылады. Фольклорлық стильді көбіне кантри стиль деп атайды.
Киім түрлері киім арналуына қарай бірнеше түрге бөлінеді, күнделікті киім, үй киімі, спорттық киім, әртүрлі салтанаттарға киюге арналған киім.
1. Күнделікті киетін тұрмыстық киім:
1 Қызметтік киім
2 Серуендік киім
3 Арнаулы жұмыс киімі
4 Ведомствалық немесе формалық киім

2. Үй киімі
1. Демалыс күндері киетін киім
2. Үй шаруашылығына киетін киім
3. Сәнді үй киімі
3. Спорттық киім
4. Өндірістік киім

5. Сәнді киім
1 Салтанатты кештерге арналған киім
2 Ересек адамдарға арналған киім
1. Жастарды 18 - 20 жас
2. Орта жас 30 - 44 жас
3. Егде адамдар 45 - тен жөғары
4. Қарт адамдар

Өзін көпшілік ортада ұстау әдебі

 

ТӘРБИЕЛІ ҚЫЗДАР
Көпшілік ортада:

  • Ол үнемі өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды. Өзін өзгелерге кедерге келтірмейтіндей ұстайды.
  • Біреумен сөйлесіп тұрып сағыз шайнамайды.
  • Шайнаған сағызын жерге түкіріп тастамайды немесе үстелге, орындыққа, қабырғаға жапсырмайды.
  • Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жібереді.
  • Өтіп бар жатып тайып кеткен кісіне сүйеу болады.
  • Қоғамдық көлікте үлкендер мен балалы әйелдерді өткізіп жібереді, оларға орын береді.
  • Автобустан шығарда алдындағы кісілерді итергілемей, сыпай ғана өткізіп жіберуді сұрайды.
  • Көліктен түсерде қарттар мен балалы әйелдерге көмектеседі.
  • Біреудің аяғын басып кетсе сыпайы кешірім сұрайды, ал егер өзінің аяғын басып кетсе, ашуланбайды үндемей шыдайды.
  • Еш уақытта өзінің назарын аударған нәрсені қолын шошайтып көрсетпейді, көзімен не ыммен көрсетеді.
  • Кәмтиттің немесе сағыздың қағазын т.б. заттарды жерге немесе қоқыс салғыштың сыртына лақтыра салмайды.
  • Көшені тек рұқсат етілген жерден не бағдаршамның жасыл түсіне кесіп өтеді.



Мұражай мен көрмеде:

  • Жәдігерлерді қолымен ұстамайды.
  • Еш уақытта айқайлап қатты күлмейді, қолын сілтемейді.


Кітапханада:

  • Алған кітабын уақытылы тапсырады. Бұл кітапты өзінен кейін басқалардың оқитынын үнемі есінде сақтайды. Сондықтан оның бетін бүктемейді, жыртпайды, жазбайды.
  • Оқу залында 1 мин. болса да қасындағылармен сыбырлап та болса сөйлеспейді.
  • Кітап оқып отырып ұйықтап қалмайды.


Театрда:

  • Спектакльдың басталуына 15-20 мин. қалғанда келеді. Сондықтан да асықпай шешініп, өзін қалыпқа келтіріп, бағдарлама сатып алып, орнына ертерек барып отыруға уақыты болады.
  • Өз орнына отырған кісіге қарсы қарап, бетін беріп өтеді.
  • Кісілерді орынан тұрып өткізіп жібереді.
  • Билетте көрсетілген орнына отырады, ал егер ол орын бос болмай, әрі босатудан бас тартса, ұрыспай билет тексерушіге барып жолығады.
  • Қойылым жүріп жатқанда сөйлемейді, тамақ жемейді, еденді аяғымен ұрмайды.
  • Спектакльдің соңында «бис» деп айқайламайды, өйткені әнді, ария мен биді қайталауға болатын концертте ғана «бис» деп айқайлайды. «Бис» деген әртістерден көрсетілген нәрсені қайталауды сұрау болып табылады.
  • Сахна жабылмай тұрып, орнынан тұрып шығып кетпейді.

 

Іскерлік келіссөздер

Іс келіссөөздері – екі жақ бірдей қызығушылығы бар жағдайда адамдар арасындағы белшілі бір нәтиежеге, келісімге келу қарым – қатынас құралы.

Келіссөздердің өткізілу этаптары олардың тиімділігінің өсуіне алып келеді, олар келесідей этаптардан тұрады:

· Іскерлік келіссөздердің анализ қорытындысын жасау

· Мәселелерді шешу (келіссөздердің аяқаталуы)

· Келіссөзге дайындалу

· Келіссөзді өткізу

Келіссөзді дайындау

· Нақты мәселені ұғыну;

· Алдын-ала келіссөздің жүру жоспарын құру;

· Жол беретін және бермейтін жерлерді айқындау;

· Қызу дау туғызатын компромисстердің жоғарғы және төменгі деңгейңн анықтау;

Келіссөздер алдында оның моделін білу қажет:

· Өзіңіздің берілмейтініңізді білдіру моменті, жағымсыз жағдайлардан сәтті шыға білу

· Келіссөздердің қиындығына байланысты жасалу проектілерін, алдын ала бағдарламар жасау

· Талқыланатын мәселені нақты білу, себебі келіссөздер инициативасы кім мәселені жақсы түсінеді соған байланысты.

· Өзіңізге дискуссия, дау туғызады деген сұрақтардың, компромисстік жоғары және төмен деңгейін анықтау

Жоғарыда аталға модельдің іске асуы, келіссөзге дайындық үрдісінде келесі сұрақтар қамтылса жүзеге асады:

· Мақсаты

· Серіктесін анықтау

· Мәні

· Ұйымдастыру

· Жағдай және шарттары

Келіссөздерді өткізу. Менеджмент теориясында іскерлі келіссөздерде келесі негізгі әдістер қолданылады:

· Вариационды

· интеграция

· Тепе - теңдік

· Вариационды әдіс – күрделі келіссөздерде қолданылатын альтернатив кең түрде барлық болатын жағдайларды ескеру, нақты және шын бағалай білу;

· Интеграция әдісі – серіктесті келіссөздің проблематикасын бағалауда, қоғамдық өзара байланыстылықты, интеграцияның қажеттілігін сезіндіру;

· Тепе – теңдік әдісі – дәлелдеме, аргументтерді анықтап, мәселеге серіктестің көзімен қарап көру және оны өз аргументтеріңізде қолдану;

Келіссөздің аяқталуы

Келіссөз барысы позитивті болса

· Қысқаша түрде нгеізгілері қайталау

· Екі жақты келісімге ісер еткен сәттерді сипаттау

· Позитивті нәтиежелер негізінде жаңа кездесулердің перспективасын талқылау

Келіссөз барысы негативті болса

· Келіссөз серіктесімен субъективті байланысты сақтау

· Негативті орын алған жағдайларда қорытынды жасауға ұмтылмау

· Басқа да мүмкін болатын қызығушылықтарды табу, бұл қалыпты жағдайды өзгертеді

Келіссөздердің қорытынды анализі келесі мақсатта болады:

· Келіссөз мақсатын олардың нәтиежесімен салыстыру

· Келіссөздердің нәтиежесінде пайда болатын шаралар мен іс – әрекеттерді анықтау

· Іскерлік, жеке және ұйымдастырушылық қорытындылар жасау, бұл келіссөздердің жалғасуына мүмкіндік береді

Келіссөз жүргізудің ережелері:

· Әрбір жақтың пайда табуы;

· 2-ші жақты сендіру;

· Сұрақ-жауап беру;

· Компримисске бара білу;

· Талдау жасау.

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 500 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Чемпионат по спортивной хореографии Пермского края | Название учебного заведения

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)