Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары 5 страница



 

6-тапсырма. Берілген сандарды оқылуы бойынша жазбаша баламасын жазыңыз:

115 млрд. долларға дейін, 2009 жылы, 7000 АҚШ доллары, 14,5 млрд, 2017 жыл.

 

7-тапсырма. Қанатты сөздерді жаттап алыңыздар, мағынасын түсіндіріңіздер.

 

1. 5 нәрседен қашық бол: өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ. 5 нәрсеге асық бол: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым біліп қой. (Абай).

2. Сыпайы бол. Сыпайлылық – өзіңді басқалар ұнататындай етіп ұстай білу.

3. Өзіне қатысы жоқ сөзді естуге құмартпа.

4. Көп біл, аз сөйле.

5. Біліп тұрсан да, сұрап ал.

6. Қазақ әдебі «Сіз» деген сөзден басталады. Бұл сөз – сыпайлылықты, құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қанатты сөз.

 

 

13. СОӨЖ Бухгалтерский учет.

Аударып, мазмұңдаңыз.

 

Бухгалтерский учет система учета результатов финансовой и хозяйственной деятельности предприятия. При переходе на рыночные отношения главную ответственность за организацию и состояние бухгалтерского учета на предприятии несут его собственником за имущество и принятые обязательства, а так же за прибыльность предприятия. Они могут осуществлять бухгалтерский учет сами, либо нанять бухгалтера, либо договориться со спициализирующейся на этом фирмой. Меняются и функции бухгалтерского учета. С его помощью оцениваются собственное имущество, финансовые обязательства и прибыль предприятия, а также риск, ожидаемый от инвестиции.

 

13. СӨЖ. Өзіне, досына мінездеме дайындау


Он төртінші сабақ.

Лексикалық тақырып: Пайда мен шығын балансы.

Грамматикалық тақырып: Етіс категориясы

 

1-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар, мазмұндаңыз.

Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 4300 "Кейінге қалдырылған табыс салығы" шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы өзгешеліктер нәтижесінде пайда болған уақытша айырмашылықтар сомаларынан белгіленетін салық төлемдері туралы хабарлама мазмұндалады.

Есепті кезең ішіндегі салық төлемі міндеттемелер әдісімен салық тиімділігін есептеу негізінде белгіленеді. Бүл әдіс жағдайында табыс салығы заңды тұлғаның табыс алу барысында шеккен зияны ретінде қаралады және тиісті табыстар пайда болған кезеңде есептеледі



Міндеттемелер әдісіне сәйкес кезең үшін салық төлеміне мыналар жатады: төленуге тиісті табыс салығы; ағымдағы кезеңде туындайтын немесе жойылатын уақыттағы айырмашылықтардың салықтық тиімділігі; есептегі кезеңнін басындагы мерзімі өткен салықты түзету.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексі (27-бап) кәсіпкерлік қызметген шеккен зиянды болашақтағы кезеңдердің салық салынатын табыс есебінен өтеу үшін бес жылга дейін мерзімге кейінге қалдыруға жол береді. Салық төлемдері бойынша үнемдеуді таза табыс (зиян) есебіне жатқызуды мына төмендегі жағдайларды қоспағанда, зиянды, есепке алу кезеңінде, жүзеге асырады.

1. Егер сақтық приципі негізінде заңды түлғаның болашақта салық салынатын табысы осы зиянды өтеуге жеткілікті болатынына кәміл сенімі болса, салық төлемі бойынша үнем осы зиян орын алған кезең ішіндегі таза табыс (зиян) есебіне жатқызылады.

2. Салық төлемі бойынша үнем 4300 "Кейінге қалдырылған табыс салығы" шоты бойынша кредитгік сальдодан артып кетпейтін сома мөлшерінде зиянға жол берілген кезең ішіндегі таза табыс (зиян) есебіне жатқызылады.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма. Мына сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыздар.

Отечественное налоговедение, подоходный налог, налогообложение, налог на добавочную стоимость.

3–тапсырма. Айтылған сөзге пікіріңізді білдіріңіз.

Салықтар – оларды төлейтіндер үшін құлдықтың белгісі емес, керісінше, бостандықтың белгісі.

Адам Смит

4–тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз, мағынасын айтыңыз.

Табысқа қарай салық,

Суына қарай балық.

Ауырласа салық –

Жауыр болар халық.

Халық байлығы – нарықта,

Өкімет байлығы – салықта.

Жеке меншік-нарықтың негізі,

Өнім, кіріс-салықтың негізі.

Халық нарыққа үйренер,

Комерсант салыққа үйренер.

 

5- тапсырма. Жұмбақты аударып шешімін табыңыздардар.

Журчат ручьи, промокли ноги,

Весной пора платить.....

Государственный денежный склад,

Если полон, народ очень рад.

И налоги растут неспроста,

Если вдруг она стала пуста.

Керекті сөздер: Казна, налог.

5- тапсырма. Сөздер мен терминдерден сөйлем құрастырыңыздар.

 

Салық, салық саясаты, салық түрі, салық ставкасы, табыс салығы, мүлік салығы, алынатын табыс салығы, салынатын салық, жер салығы, қосымша құн, қосымша құнға салынатын салық, жергілікті салық, салық заңдары, салық органдары, салық кодексі, қосарланған салық.

 

6- тапсырма. Шартты рай түріне айналдырыңыз.

 

Салық алуды ұйымдастыру – салық қатынастары нысандары элементтерінің салық түрлерінің нақтылы атауларын, олардың қолдану тәртібі мен әдістерін, тәсілдерін құрайтын салық механизмінің жұмыс істеуін құрайды.


7- тапсырма. Естеріңізге сақтаңыздар!

 

Қосымша құнға

Құнды қағаздармен

жүргізілетін операциялар салынатын салық

Заңды, жеке тұлғалардың

мүлкіне

Көлік құралдарына

 

әлеуметтік салық

табыс салығы

Салық төлемдері жер салығы

Мүлік салығы

акциздік

тауар салығы

 

прогрессивтік салық ставкасы

Салық ставкалары пропорционалды салық ставкасы

регрессивтік салық ставкасы

 

14. СОӨЖ. Терминдердің мағыналарымен танысып,

жатқа айтып беріңіз.

 

1. Дебет (бух) Дебет. Бухгалтерлік есептердің сол жағының аты. Ол активті есептерді есепке алып отырған соманың көбеюін, ал пассивті есептердің азаюын көрсетеді.

2. Кредит (бух) – Кредит жұмсалған берілген, есептелген аласы сома, қарыз бен шығындарды счеттың оң жағына жазу, яғни активті счетта – азаюды, ал пассивті счетта көбеюді жазу.

3. Лицевой счет – Дербес есеп. Бухгалтерияда мұндай есепті белгілі бір мүліктің қозғалысын көрсету немесе мекемемен және адаммен есептеу үшін ашылады.

4. Рынок труда – еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу саласы. Еңбек нарығы арқылы жұмыс күшін белгілі бір мерзімге сату жүзеге асырылады.

5. Национальный доход – Ұлттық табыс. Бұл жаңадан жасалған күн. Ұлттық табыс құны жағынан өзгермелі капиталдан және қосымша құннан тұрады. Ұлттық табыс материалдық өндіріс саласында жасалады. Ұлттық табыс дегеніміз – жоспарлы түрде ұйымдастырылған еңбекпен жасалған таза өнім. Ол қоғам мүддесі үшін халықтың тұтынуы мен өндірісті ұлғайту мақсаттарына пайдаланылады.

6. Актив – Актив. Бухгалтерлік баланстың сол жағы; кәсіпорын қаржысы орналасуына қарай топ-топқа бөлінеді. Баланстың активінде негізгі немесе айналмалы қаржылардың жұмсалуы көрсетіледі.

7. Пассив- Пассив. Бухгалтерлік баланстың оң жағы. Ол қаржының қайдан келіп түсетінін және қандай мақсатқа жұмсалатынын көрсетеді. Баланста пассивтің қорытындысы актив қорытындысына тең болады.

8. Приход – Кіріс. Бухгалтерлік кітаптарға ақшаның бағалы құнды бұйымдардың келіп түсуін жазу, есепке алу.

 

14. СӨЖ. Қызметтік хат жазу

 

Он бесінші сабақ

Лексикалық тақырып:

Ақша тауар, ақша төлем. (ақша туралы, ақша, ақша дегеніміз не?)

Грамматикалық тақырып: Шартты рай. Тәуелдік жалғау

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.

Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) - жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды.

Ақша – құн өлшемі, бақылау құралы, баға көлемін көрсету, айналыс құралы, қор жинау құралы, қазына жасау құралы, төлем құралы.

Ақшаның қызметі: құн өлшеуіші, бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, айналыс құралы, қор жинау құралы, қазына жасау құралы, төлем құралы, дүниежүзілік ақша қызметін атқарады.

Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды. Алайда біртіндеп өндірістің дамуы процесінде ол алтынға берік орнықты.

Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар.

Құн өлшемі қызметінде ақша-баға белгілеу құралы. Өнімді бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға қызмет ету процестерінде ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды.

Ақша айналымы дегеніміз – еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа да төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі. Ақшаның ең басты ерекшелігі де, құнды қасиеті де оның адамдарға қажеттілігінде.


Сөздерді есте сақтаймыз:

айырбас-обмен

ақша белгілері-денежный знак

ақша айналымы – оборот денег

есеп айырысу-расчетный счет

жүзеге асыру-перевыполнять

қажеттілік-необходимость

қозғалысқа келуі-прийдти в движение

тауарлардың құны-стоимость товара

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма. Берілген мақалдың мағынасын түсіндіріңіз. Орыс тіліндегі баламасын дұрыс орналастырыңыз.

Ақша ашпайтын құлып жоқ.

Того нет замка, бы устоял против который денег.

Ақшада көз жоқ.

Нет денег у глаз.

3-тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап табыңыздар:

1. Ақша қозғалысы қандай экономикалық терминді қалыптастырады?

2. Ақша айналымы дегеніміз не?

3. Ақшаның қандай қызметтерін білесіз, атаңыз?

4. Ақшаның ерекшелігі неде? Бұл туралы мәтіннің қай абзацында берілген?

5. Бірінші абзацта «құрал» сөзінің тіркескен сөздеріне назар аударып, атап шығыңыздар, орысша баламасын айтыңыздар.

6. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің қандай ерекшеліктері бар?

4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударыңыздар:

Денежная единица, денежная масса, денежно-кредитное регулирование, денежно-кредитный кризис, денежное обращение, денежные знаки, денежный агрегат, денежный начет.

5-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз:

қағаз ақша, ұсақ ақша, қолма-қол ақша, алтын ақша.

6-тапсырма. Ұлттық валюта туралы мәлімет жинаңыз.

 

7-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңыз

1. Ақшаның бірінші қызметі -.....өлшемі.

2. ҚР Ұлттық валютасы қалай........

3. Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі....... атқарды.

4. Өндірістің дамуы процесінде ол....... берік орнықты.

 

Керекті сөздер: құн, алтынға, теңге, тауарлар

8-тапсырма. Берілген жұмбақты аударып, шешімін тауыбыңыздар.

1. На товаре быть должна

Обязательна.....

2. Люди ходят на базар:

Там дешевле весь.....

3. Дядя Коля – нунизмат.

Значит, каждый экспонат,

Я скажу вам по секрету,

Называется.....

4. Много знает он о сделках,

Крупных денежных и мелких,

Ведь всегда меж двух сторон

Их посредник в деле он.

5. В наши дни не встретишь эту

Очень малую монету.

В сказках ты ее найдешь,

Денежка зовется.....

Керекті сөздер: монета, цена,грошь, маклер, товар,

СОӨЖ. 3 хабарландыру, 2 жарнама даярлау

 

 

СӨЖ. Арыз және шағым үлгілерін жасау


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 67 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.043 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>