|
КИНЕМАТИКА
I нұсқа
1. Екі дененің қозғалысы мынандай теңдеулермен берілген: х 1=5t; х 2=150-10t. x( t) тәелділігінің графигін салыңдар. Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңдар.
2. Бала допты 20 м биіктікте орналасқан терезеден горизонталь лақтырды. Егер доп үй іргесінен 6 м қашықтыққа түссе, доп қанша уақыт ұшқан және ол қандай жылдамдықпен лақтырылған?
3. Дене 20 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған. Дененің көтерілу биіктігінің уақытқа тәуелділігінің у (t) теңдеуін жазыңдар. Дене қандай уақыт аралығы өткенде 20 м биіктікте болатынын табыңдар.
4. Жүк машинасының қозғалыс теңдеуі х1=-270+12t, ал осы жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі х2=-1,5т. Бақылау басталар мезеттегі машина мен адамның орындарын табыңдар. Олар қандай жылдамдықпен және қандай бағытта қозғалады? Олар қашан және қай жерде кездеседі?
5. Доп горизонталь бетке 30о бұрыш жасай 14 м/с жылдамдықпен лақтырылды. Доп лақтыру нүктесінен 11 м қашықтықта тұрған қабырғаға абсолютті серпімді соғылса, ол қабырғадан қандай қашықтыққа кері ыршып түседі?
6. Өзеннің жағасына орналасқан Ажәне В беттерінің арасын моторлы қайық 3 сағ, ал сал 12 сағ жүзіп өтеді. Ол осы аралықты кері бағытта жүзіп өту үшін қанша уақыт жұмсайды?
КИНЕМАТИКА
II нұсқа
1. Екі дененің қозғалысы мынандай теңдеулермен берілген: х1=3+2t; х2=6+t. Денелер қай уақытта кездесетінін графиктің көмегімен анықтаңдар.
2. Горизонталь бетке 30о бұрыш жасап доп лақтырылды. Доптың бастапқы жылдамдығы 100 м/с болса, доптың көтерілу биіктігін, ұшу уақытын және ұшу қашықтығын табыңдар.
3. Белгілі бір биіктіктен υо=10м/с жылдамдықпен горизонталь лақтырылған дененің ұшу қашықтығы лақтыру биіктігіне тең болса, ол қандай биіктіктен лақтырылған?
4. Екі велосипедшінің қозғалысы х1=5t; х2=150-10t теңдеулерімен берілген. Жолдың уақытқа тәуелділігінің х(t) графиктерін бір сызбаға салыңдар. Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңдар.
5. Дене горизонталь бетке α бұрыш жасай υо бастапқы жылдамдықпен лақтырылды. Дененің ең жоғарғы көтерілу нүктесіндегі жылдамдығын және жерге қандай жылдамдықпен түсетінін анықтаңдар.
6. Денені υо бастапқы жылдамдықпен горизонталь лақтырады. t уақыт өткеннен кейінгі дененің нормаль және жанама үдеулерін табыңдар.
КИНЕМАТИКА
III нұсқа
1. Қозғалыс х1=4+0,5t және х2=8-2t теңдеулерімен берілген. Денелер қай уақытта кездеседі? Графигін салыңдар.
2. Автомобиль радиусы 40 м болатын дөңес көпір үстімен қозғалып келеді. Оның центрге тартқыш үдеуі еркін түсу үдеуіне тең болуы үшін ол көпірдің ортасынан қандай жылдамдықпен өтуі тиіс?
3. Зеңбіректен горизонталь бетке бұрыш жасай атылған снаряд 12 с ұшты. Снарядтың ең үлкен көтерілу биіктігі қандай?
4. Пойыздың жылдамдығы 20 с ішінде 72 км/сағ – тан 54 км/сағ – қа дейін кеміді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің формуласын жазыңдар және тәуелділік графигін салыңдар.
5. Дененің көтерілу биіктігі ұшу қашықтығына тең болуы үшін, оны горизонталь бетке қандай бұрыш жасап лақтыру керек?
6. Тыныштық қалпынан лифт 2 с бойы үдемелі қозғала отырып, жылдамдығын 2 м/с жеткізеді, ары қарай 4 с бірқалыпты және 3 с кемімелі қозғала отырып тоқтайды. Лифт қандай биіктікке көтерілген? Есепті графиктік тәсілмен шығарыңдар.
КИНЕМАТИКА
IV нұсқа
1. Қозғалыс х1=12t және х2= 120-10t теңдеулерімен берілген. Денелер қай уақытта кездеседі? Графигін салыңдар.
2. Сағаттың секундтық, минуттық және сағаттық тілдерінің бұрыштық жылдамдықтарын табыңдар.
3. Автомобильдің жылдамдығы 72 км/сағ, ал дөңгелегінің айналу жиілігі 8 с-1. Жерге тиіп тұрған дөңгелек нүктелерінің центрге тартқыш үдеуін табыңдар.
4. Бірінші дене Н1 биіктіктен еркін түседі. Онымен бір мезгілде екінші дене одан жоғарырақ Н2 биіктіктен қозғала бастайды. Екі дене бір мезгілде жерге түсуі үшін екінші дененің бастапқы жылдамдығы қандай болуы тиіс?
5. Мұз айдынындағы шайбаны таяқпен ұрғанда, ол 20 м/с жылдамдық алады да түзусызықты қозғала отырып, 20 с – тан соң тоқтайды. Осы уақыт ішінде шайба қандай үдеумен қозғалады және қанша жол жүреді?
6. Суретте берілген жылдамдықтардың уақытқа тәуелді өзгеру графиктері бойынша υ =f(t) теңдеулерін жазыңдар.
КИНЕМАТИКА
V нұсқа
1. Екі дененің қозғалыс теңдеулері мына түрде берілген: х1=1,5t; х2= -300+10t. а) Денелердің бастапқы координаталары қандай? ә) Қандай жылдамдықпен, қай бағытта қозғалады? б) Қай уақытта кездеседі?
2. Дөңгелектің бұрыштық айналу жылдамдығы 8π рад/с болса, дөңгелектің айналу периоды және жиілігі қандай?
3. 2 мин ішінде 240 айналым жасайтын дөңгелектің бұрыштық айналу жылдамдығы қандай?
4. Еңіске қарай ұзындығы 100м жолды шаңғышы 0,3 м/с2 үдеумен қозғала отырып, 20 с ішінде жүріп өтті. Шаңғышының бастапқы және соңғы жылдамдықтары қандай?
5. Егер еркін түскен дене соңғы 2 с ішінде 60 м жол жүрсе, оның еркін түсуіне қанша уақыт кеткен?
6. Екі елді – мекеннің арасы 54 км. Осы аралықты пойыз 1 сағ – та жүріп өтсе, онда оның орташа жылдамдығы, ең үлкен жылдамдығы, бастапқы және соңғы үдеулері қандай болады? Алғашқы үдемелі қозғалысқа кеткен уақыты 3 мин, соңғы кемімелі қозғалысқа кеткен уақыты 1 мин, қалған уақытта пойыз тұрақты жылдамдықпен қозғалған.
КИНЕМАТИКА
VI нұсқа
1. Екі велосипедшінің қозғалысы х1=2t және х2=4+2t теңдеулерімен сипатталады. Осы қозғалыстардың графиктерін бір сызбаға салып, денелердің қай бағытта және қандай жылдамдықпен қозғалатынын анықтаңдар.
2. Тас биіктігі 20 м көпірден тік төмен тасталған. Су бетіне 1 с – та жету үшін оның бастапқы жылдамдығы қандай болу керек?
3. 40 м/с жылдамдықпен тік атылған жебе нысанаға 2 с өткенде тиеді. Нысана қандай биіктікте орналасқан және оқтың нысанаға тиген кездегі жылдамдығы қандай?
4. Бала шанамен тау етегіне қарай ұзындығы 40 м жолды 10 с – та өтті де, жолдың горизонталь бөлігіне 20 м сырғанап барып тоқтады. Таудың етегіндегі жылдамдықты, әрбір жол бөлігіндегі үдеуді, жалпы қозғалыс уақытын және барлық жолдағы орташа жылдамдықты табыңдар.
5. Дене 80 м биіктіктен еркін түседі. Түсудің соңғы секундында оның орын ауыстыруы қандай болады?
6. Екі машина бір – біріне қарама – қарсы қозғалып келеді. Біреуінің бастапқы жылдамдығы 36 км/сағ, үдеуі 0,2 м/с2. екіншісінің бастапқы жылдамдығы 54 км/сағ, үдеуі 0,4 м/с2. машиналардың алғашқы арақашықтығы 200 м болса, онда олар қай уақытта кездеседі? Кездескенге дейін әрқайсысы қандай жол жүреді?
КИНЕМАТИКА
VII нұсқа
1. Бірқалыпты қозғалатын нүктенің жылдамдығы 2 м/с. Қозғалыс графигін салыңдар.
2. Тік жоғары лақтырылған дене жерге 3 с – та түседі. а) Дененің бастапқы жылдамдығы қандай? ә) Дене қандай биіктікке көтеріледі? Ауа кедергісі ескерілмесін.
3. Тас жоғары қарай 10 м биіктікке лақтырылды. а) Тас қанша уақыттан кейін қайта түседі? ә) Егер тастың бастапқы жылдамдығын екі есе арттырсақ, онда тас қай биіктікке көтерілер еді?
4. Тыныштық қалыптан қозғалған велосипедші алғашқы 4 с – та 1 м/с2 үдеумен жүріп келіп, содан соң 0,1 мин бірқалыпты қозғалды да, соңғы 20 м аралықта бірқалыпты баяу қозғала отырып тоқтады. Барлық жолдағы орташа жылдамдықты табыңдар. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің υ(t) графигін сызыңдар.
5. Биіктігі 5 м тұғырдан секірген жүзгіш 2 м тереңдікке дейін суға сүңгіп кетті. Суда ол қанша уақыт және қандай үдеумен қозғалады?
6. Бастапқы жылдамдықтары бірдей (50 м/с) екі дене тік жоғары лақтырылды. екінші дене бірінші денеге қарағанда 2 с кеш лақтырылса, олар қанша уақыттан кейін қандай биіктікте кездеседі?
КИНЕМАТИКА
VIII нұсқа
1. Ұзындығы 60 м ылди бойымен шана 10 с сырғанады. Шана қандай үдеу алады және төбенің етегінде оның жылдамдығы қандай болады?
2. Қозғалыс басталғаннан кейін автомобиль 3 с ішінде 90 м жол жүрді. Ол 7 с ішінде қандай жол жүреді?
3. Құздан құлаған тас оның етегіне 6 с ішінде жетті. Құздың тереңдігі қандай?
4. Пойыз екі бекет аралығын t=20 мин ішінде 72 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Үдеу алу мен тежелу уақыты 4 мин – қа созылды, ал басқа уақытта пойыз бірқалыпты қозғалды. Бірқалыпты қозғалыстағы пойыздың жылдамдығы қандай?
5. Велосипед дөңгелегінің диаметрі 70 см. Жетекші дөңгелекте 48, ал жетектегі дөңгелекте 18 тіс бар. Егер педаль 60 айналым жасаса, онда велосипедші қандай арақашықтықты жүріп өтеді?
6. Дене жер бетінен 2 м биіктікте тұрған тұғырдан 30 м/с бастапқы жылдамдықпен тік жоғары лақтырылды. ауа кедергісін ескермей 1) дененің ұшу уақытын; 2) максимал көтерілу биіктігін; 3) жерге түсер кездегі соңғы жылдамдығын табыңдар.
КИНЕМАТИКА
IX нұсқа
1. Троллейбус аялдамадан 0,6 м/с2 үдеу ала қозғалып, 30 м жол жүрді. Осы жолдың соңында троллейбус қандай жылдамдық алады?
2. Қозғалыс басталғаннан кейін автомобиль 3 с ішінде 90 м жол жүрді. Ол 7 с ішінде қандай жол жүреді?
3. Мылтықтың оғы қалыңдығы 35 см қабырғаны тесіп өтіп, өз жылдамдығын 800 м/с – тан 400 м/с – қа дейін кемітті. Оқтың үдеуі қандай?
4. Жүк пойызы бекеттен 36 км/сағ жылдамдықпен өте шықты. 30 мин өткен соң сол бағытта 72 км/сағ жылдамдықпен жолаушы пойызы шықты. Қанша уақыттан кейін және қандай қашықтықта жолаушы пойызы жүк пойызын қуып жетеді?
5. Дөңгелек араның диаметрі 600 мм. Араның өсіне диаметрі 300 мм шкив кигізілген. Ол электр қозғалтқышының білігіне кигізілген диаметрі 120 мм болатын шкив арқылы қайысты беріліспен қозғалысқа келтіреді. Егер қозғалтқыш білігінің айналу жиілігі 1200 айн/мин болса, онда ара тістерінің қозғалу жылдамдығы қандай болар еді?
6. Түзусызықты қозғалған дене жылдамдығының Ох осіндегі проекциясының уақытқа тәуелділігінің графигі төмендегі суретте көрсетілген. Үдеудің Ох осіндегі проекциясы мен х координатасының уақытқа тәуелділік графигін сызыңдар.
КИНЕМАТИКА
X нұсқа
1. Велосипедші еңіске қарай 0,3 см/с2 үдеумен қозғалып келеді. Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 4 см/с – қа тең болса, 20 с өткенде оның жылдамдығы қандай болады?
2. Ұста балғамен төстегі темірді соғып қалғанда, оның тежелген кездегі үдеуі модулі бойынша 200 м/с2 – қа тең болады. Егер балғаның бастапқы жылдамдығы 10 м/с болса, соққы қанша уақытқа созылған?
3. Еңіске қарай 200 м ұзындықты шаңғышы 0,6 м/с2 үдеумен қозғала отырып, 20 с ішінде жүріп өтті. Шаңғышының еңістің басындағы және аяқ кезіндегі жылдамдығы қандай?
4. Шығырды айналдыратын сабының радиусы шынжыр оралатын біліктің радиусынан 3 есе артық. Шелекті тереңдігі 10 м құдықтан 20 секунд ішінде көтеру үшін сапты қандай сызықтық жылдамдықпен айналдыру керек?
5. Жүк машинасының қозғалыс теңдеуі х1= - 270+12t, ал осы жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі х2= -1,5t. Бақылау басталар мезеттегі машина мен адамның орындарын табыңдар. Олар қандай жылдамдықпен және қандай бағытта қозғалады? Олар қашан және қай жерде кездеседі?
6. Дөңгелек араның диаметрі 600 мм. Араның өсіне диаметрі 300 мм шкив кигізілген. Ол электр қозғалтқышының білігіне кигізілген диаметрі 120 мм болатын шкив арқылы қайысты беріліспен қозғалысқа келтіреді. Егер қозғалтқыш білігінің айналу жиілігі 1200 айн/мин болса, онда ара тістерінің қозғалу жылдамдығы қандай болар еді?
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1049 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
№1:По графику определить проекцию скорости. | | | 1. По графику определить проекции скорости и проекции перемещения от времени |