Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

2. α, β және γ – сәуле шығаруларының магнит және электр өрістерінде көбірек аутқитыны (β-сәулесі ) 4 страница



559.Стақандағы тұзды суда таза судан мұз кесегі жүзіп жүр. Сұйықтың температурасы тұрақты. Мұз ерігеннен кейінгі судың деңгейі (жоғарылайды)

560.Су буы конденсацияланғанда, энергия (бөлінеді)

561.Суға батқан кемелерді көтеру үшін трюмдегі камераға ауа толтырады, осы кезде кеме су бетіне қалқып шығады. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады (масса тұрақты болған жағдайда көлем ұлғаяды, сондықтан тығыздық төмендейді)

562.Суға батқан кемелерді көтеру үшін трюмдегі камераға ауа толтырады, осы кезде кеме су бетіне қалқып шығады. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады (масса мен көлемінің өзгеруіне тығыздық байланысты емес)

563.Суда жүзіп жүрген адам дем алған кезде, оған әсер ететін Архимед күші (артады)

564.Суда жүзіп жүрген адам дем шығарған кезде, оған әсер ететін Архимед күші (кемиді)

565.Судағы тұз ерітіндісінде ток тасымалдайтын бөлшек (тек иондар)

566.Судан ауа өткенде дыбыстың (жылдамдығы кемиді, толқын ұзындығы кемиді, жиілігі өзгермейді)

567.Судың мольдік массасы (СИ жүйесінде) (18·10-3кг/моль)

568.Судың, шынының, рубиннің және алмастың ауаға қарағанда сыну көрсеткіштері: 1,33; 1,5; 1,76; 2,42. Осы заттардың толық шағылудың шекті бұрышы ең кіші болатыны (алмаста)

569.Суы бар ыдысты терең шахтаға түсіргенде судың қайнау температурасы (артады)

570.Сұйықтағы немесе газдағы үйкеліс күшінің құрғақ үйкеліс күшінен айырмашылығы неде (дененің формасына байланысты)

571.Сұйықтар немесе газдарға толық батырылған денеге әсер ететін ығыстырушы күш тәуелді емес (батырылған дененің пішініне)

572.Сұйықтың ыдыс табанына түсіретін қысымын есептеу үшін білуге қажетті шамалар (сұйықтың тығыздығы мен бағанының биіктігі)

573.Сүңгуір қайық судың қалың қабатында тыныштық қалпында тұр. Қайыққа әсерлері теңгерілген күштер (Жердің қайықты тарту күші мен судың кері итеруші Архимед күші)

574.Сүңгуір қайық судың түбінде қатты жерде тұр. Қайыққа әсерлері теңгерілген күштер (Жердің қайықты тарту күші мен судың кері итеруші күші қатты жердің серпімділігі)



575.Сүңгуір қайық судың түбінде қатты жерде тұр. Қайыққа әсерлері теңгерілген күштер (Жердің тартылыс күші мен қайықтың двигателінің тарту күші)

576.Сүңгуір қайықтың цистерналарын сумен толтырғанда, ол суға тереңірек батады. Бұл құбылысты былай түсіндіруге болады (масса тұрақты болған жағдайда көлем ұлғаяды, сондықтан тығыздық төмендейді)

577.Сүңгуір қайықтың цистерналарын сумен толтырғанда, ол суға тереңірек батады. Бұл құбылысты былай түсіндіруге болады (көлем тұрақты болған жағдайда масса артады, сондықтан тығыздық артады)

578.Сүңгуір қайықтың цистернасындағы суды ағызғанда қайық су бетіне көтеріледі. Бұл құбылысты былай түсіндіруге болады (көлем тұрақты болған жағдайда масса азаяды, сондықтан тығыздық төмендейді)

579.Сығылған идеал газдағы сыртқы күштердің жұмысы ішкі энергияның өзгерісіне тең болатын процесс (адиабаталық)

580.Сызықтық спектрлер шығаратын заттар мен оның күйі (газ тәрізді атомдық күйлеріндегі барлық заттар)

581.Табиғи радиоактивтілік дегеніміз (ядроның өздігінен түрленуі)

582.Тас вертикаль жоғары лақтырылған жағдайда энергияның түрленуі (Кинетикалық энергия кеміп, потенциалдық энергия артады)

583.Таудан сырғанап бара жатқан адам велосипедтің рамасына қатысты болатын күйі (тыныштық күйде)

584.Таудың етегіндегі Т1 және таудың басындағы Т2 ашық ыдыста тұрған судың қайнау температураларын салыстыр (Т12)

585.Таудың жоғарға жағында қайнап жатқан суда тамақ неге пісірілмейді? (атмосфералық қысымның төмендеуімен қайнау температурасы да төмендейді)

586.Тегіс стол бетінде жатқан, қатаңдығы аз, иілгіш сымнан жасалған ұзын катушкадан ток жібергенде, бақыланатын құбылысты анықтаңыз.Жердің магнит өрісін ескермеуге болады. (катушка сығылады)

587.Телевизиялық сигналды таратуда қолданылатын принцип (кескінді тізбекті электр сигналына түрленуі)

588.Телескоппен бақылағанда, бір-біріне жақын орналасқан жұлдыздарды ажыратуды қиындататын құбылыс: (дифракция)

589.Телестанцияның әсер ету аймағы көкжиек жазықтығымен шектелу себебі (телеорталықтар ультрақысқа толқында жұмыс жасайды.Бұл толқындар дифракцияланбайды)

590.Темір жол бойындағы тұрған адамға, алыстағы рельстер бір-біріне қосылып тұрған сияқты болады, алыстағы нәрселер жақындағылардан қарағанда тезірек жылжиды, себебі (көру бұрышының кішіреюіне байланысты)

591.Темір шатырдың астына антенна орнатқан жағдайда (темір шатыр радиотолқындарды өткізбейді)

592.Температура артқандағы қаныққан будың қысымы (артады)

593.Температура жоғарылаған сайын металл өткізгіштің кедергісі (артады)

594.Температура тұрақты болғанда, газ күйінің өзгеру процесі (изотермиялық)

595.Температуралары әртүрлі екі сұйықты араластыру нәтижесінде алынған қоспаның температурасын есептеуге болатын өрнек ((с1m1t1+c2m2t2)/ c1m1+c2m2))

596.Температураны арттырғандағы металл өткізгіштің кедергісінің өзгерісі (артады)

597.Температураны жоғарылатқанда сұйықтың булану жылдамдығы... (артады)

598.Температураны төмендеткен кезде металдар мен жартылай өткізгіштердің электрлік кедергілері (металдарда кемиді, жартылай өткізгіштерде артады)

599.Температураның абсолют нөлі Цельсий шкаласы бойынша (-2730 С)

600.Тең әсерлі күш (денеге түсірілген барлық күштердің геометриялық қосындысына тең)

601.Тең үдемелі қозғалыс қисықсызықты болып саналады, егер (жылдамдық векторы тек қана бағытпен өзгерсе)

602.Тең үдемелі қозғалыстағы дененің жүрілген жолын анықтайтын формула (s=v0t+at2/2)

603.Теңге монеталарын соққанда, металда байқалатын деформация (пластикалық деформация)

604.Теңдеуі х=Аcos(π/2t+φ0) тербелмелі қозғалыс фазасының формуласы (φ=π/2t+φ0)

605.Теңестірілген таразының табақтарында жатқан өлшемдері бірдей кубтардың тығыздығы (ρ12)

606.Тербелмелі контур ν резонанстық жиілікті конденсатордан және индуктивтілігі L катушкадан тұрады.Резонанс кезіндегі сыйымдылық кедергісі Хс болса, катушка индуктивтілігін анықтайтын формула (L=Xc/2πν)

607.Тербелмелі контурда өтетін энергия түрленулері (электр өрісінің энергиясы магнит өрісі энергиясына)

608.Тербелмелі контурда пайда болатын тербеліс (еркін электромагниттік тербеліс)

609.Тербелмелі контурда уақытқа тәуелді өзгеретін шама (заряд)

610.Тербелмелі контурдағы ең үлкен заряд шамасы qm, ал ток күшінің ең үлкен шамасы Im болса, тербелмелі контур периоды (2πqm/Im)

611.Тербелмелі контурдағы еркін тербеліс энергиясы конденсатор разряды басталғаннан кейін 1/8 периодтан соң жинақталатын орыны (конденсаторда және катушкада)

612.Тербелмелі контурдағы зарядтың гармониялық тербелістерінің теңдеуі (q=qmcos(ωt+φ0)

613.Тербелмелі контурдағы кернеудің гармониялық тербелістерінің теңдеуі (U=(qm/C)cos(ω0t+φ0)

614.Тербелмелі контурдағы конденсатор астарларындағы кернеу мен катушкадағы ток күші фазалары (Сәйкес келмейді, кернеу мен ток күші арасындағы фазалар ығысуы 900)

615.Тербелмелі контурдағы ток күшінің гармониялы тербелісінің теңдеуі (I=-ω0qmsin(ω0t+φ0))

616.Тербелмелі контурдағы уақытқа тәуелді өзгеретін шама (заряд)

617.Тербеліп жатқан дененің толық механикалық энергиясы (оның тербеліс амплитудасының квадратына тура пропорционал)

618.Тербеліс амплитудасы дегеніміз (тербелуші нүктенің тепе-теңдік қалыптан ең үлкен ауытқуы)

619.Тербеліс амплитудасының артуына байланысты дыбыс қаттылығы (артады)

620.Тербеліс дегеніміз (дене қозғалысының тең уақыт аралығында қайталануы)

621.Тербеліс жиілігі артқанда (сыйымдылық кедергісі кемиді, индуктивтілік кедергі артады)

622.Термодинамиканың бірінші заңы – (энергияның сақталу заңы)

623.Термодинамиканың екінші заңы (табиғатта ешқандай өзгеріс болмаған жағдайда, салқын денеден ыстық денеге жылу беру процесі болуы мүмкін емес)

624.Термоэлектронды эмиссия (жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығу құбылысы)

625.Термоядролық реакция (сутегі ядроларының жылу бөлу арқылы бірігу реакциясы)

626.Теріс зарядталған q1 және q2 зарядтардан бірдей қашықтықта орналасқан нүктедегі электр өрісінің кернеулігі (Е=k(q1- q2)/εr2)

627.Техникалық құрылғыларда, оның ішінде электр қозғалтқыштарда ток жүріп жатқан өткізгішке әсер етуші күштерді есептеу үшін қолданылатын заң (Ампер заңы)

628.Тогы бар соленоидқа болат өзекше енгізген кезде, оның ішіндегі магнит өрісі (μ есе артады)

629.Ток жүрген кезде зат тасымалы болатын өткізгіш (элетролиттер және газдар)

630.Ток көзіне қосылған конденсатордың пластиналарын алшақтатқанда (потенциалдық энергия кемиді, кернеу тұрақты)

631.Ток күші дегеніміз (өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы)

632.Ток күшінің I1-ден I2-ге дейін өсуі кезінде магнит өрісінің энергиясы ΔW-ге өзгереді. Электромагниттің индуктивтілігі (L=2ΔW/(I12- I22))

633.Толқын ұзындығы (бірдей фазамен тербеліп тұрған екі көршілес нүктелердің арақашықтығы)

634.Толқын ұзындығы ең қысқа сәуле (рентген сәулелері)

635.Толқындардың түзу сызықты таралудан ауытқу, яғни толқындардың толқын ұзындығымен салыстырғанда шағын бөгеттерді орағытып өтуі (дифракция)

636.Толық тізбек үшін Ом заңы (I=ε/(R+r))

637.Толық энергияның сақталу заңы ()

638.Толық энергияның сақталу заңының мағынасы (тұйық жүйеде әсерлесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады)

639.Тоңазытқыш орнатқан бөлменің температурасы өзгере ме? (жоғарылайды, себебі тоңазытқыштың жұмсаған электр энергиясы ауаның ішкі энергиясына айналады)

640.Төменде аталғандардың салмақсыз күйде болатыны (Жерді айнала қозғалатын жасанды серік)

641.Төменде келтірілген заттардың ішінде ядролық реакторларда жылу тасымалдаушылар ретінде пайдаланылатыны 1-уран, 2-графит, 3-кадмий, 4-кәдімгі су, 5-плутоний, 6-сұйық натрий (4 және 6)

642.Төменде келтірілген заттардың ішінде ядролық реакторларда ядролық отын ретінде пайдаланылатыны 1-уран, 2-графит, 3-кадмий, 4-кәдімгі су, 5-плутоний, 6-сұйық натрий (1 және 6)

643.Төменде келтірілген заттардың қайсысы үшін Ом заңы орындалады 1. Металдар; 2.Жартылай өткізгіштер; 3. Электролиттер (1,3)

644.Төменде келтірілген сәуле шығару түрлерінің ішінде дифракция құбылысы байқалатыны 1)көрінетін жарық, 2)радиотолқындар, 3)рентген сәулелері, 4)инфрақызыл сәуле (1,2,3 және 4)

645.Төменде келтірілген электромагниттік сәулелерді жиіліктерінің өсу ретімен орналастырыңдар: 1)көрінетін жарық, 2)ультракүлгін сәулелер, 3)инфрақызыл сәулелер, 4)радиотолқындар (4,3,1,2)

646.Төменде келтірілген элементтердің ішіне ядролық реактордың негізгі элементтері болып табылатындар 1)ядролық отын, 2)нейтрондары баяулатқыш, 3)жылу тасымалдағы, 4)турбина (1,2,3,4)

647.Транзистордағы электродтың саны (3)

648.Транзисторлы генераторда «клапан» қызметін атқаратын (транзистор)

649.Транзисторлы генератордың тербелмелі контурында пайда болатын тербеліс (жоғары жиілікті еріксіз электромагниттік тербелістер)

650.Тұйық жүйе құрайтын және бір-бірімен ауырлық күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің (кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты)

651.Тұйық контурды түзу өткізгіш орнына катушка түрінде алу тиімділігі (катушкадағы ЭҚК-і үлкен болады)

652.Тұйық өткізгіш контурда токтың пайда болатын жағдайы (контур ауданын қиып өтетін магнит индукциясы сызықтарының саны өзгергенде)

653.Тұрақты күштің әсерінен массасы m дене тыныштық күйден шығып, бірқалыпты қозғала бастады. S жол жүріп, υ жылдамдық алады. Сонда күштің өндіретін қуаты (N=mυ3/4S)

654.Тұрмыста жарықтың поляризациялануын жасай алатын кристалдар (поляроидтар)

655.Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс дегеніміз (дене бірдей уақыт аралығында бірдей орын ауыстырулар жасайтын қозғалыс)

656.Тізбекті реакция бірқалыпты жүру үшін нейтрондардың көбею коэффициентінің шамасы (k=1)

657.Уақыт өткен сайын материалдың кебу және булануына байланысты шамның қыл сымы жіңішкере түседі. Осыған байланысты шамның тұтыну қуаты (кемиді)

658.Ультрадыбыс дегеніміз (жиілігі 20000Гц-тен артық дыбыстар)

659.Уран ядроларының ыдырауының тізбекті ядролық реакциясы үшін қажет емес шарт (уранның жоғары температурада болуы)

660.Ұзындығы l, ал көлбеулік бұрышы α көлбеу жазықтықтың бойымен сырғанаған дененің көлбеу жазықтықтың соңғы нүктесіндегі жылдамдығы (үйкеліс коэффициенті μ-ға тең деп есептеңіз) (υ= )

661.Ұзындығы λ, массасы m, горизонталь бағыттағы жіңішке екі жіпке ілінген өткізгіш, индукциясы вертикаль төмен бағытталған магнит өрісінде орналасқан. Өткізгіш бойынан I ток өткенде, жіп вертикаль жағдайдан φ бұрышқа ауытқиды. Магнит өрісінің индукциясын анықтайтын формула (В=mg·tgφ/Iλ)

662.Ұшақтың ұшуына қарсы жұмыс атқаратын күштер (ауырлық және ауаның үйкеліс күші)

663.Үздіксіз спектрлер шығаратын заттар мен олардың күйлері (өте қыздырылған қатты және сұйық заттар мен өте қатты сығылған газдар)

664.Үйкеліс күші тұрақты болған жағдайда автомобиль жылдамдығы мен қуатының арасындағы байланыс (N=Fυ)

665.Үйкеліс күшінің өрнегін көрсетіңіз (F=μN)

666.Үйкелісті ескерген жағдайда, көлбеу жазықтықпен көтерілетін жүктің массасы артқанда, оның ПӘК-і... (өзгермейді)

667.Үйкелісті ескерген жағдайда, көлбеу жазықтықтың көлбеулігі артқанда, оның ПӘК-і (артады)

668.Үлкен электростатикалық зарядтармен жұмыс істейтін құралдарды қолданатын лаборатория қызметкерлерінің қауіпсіздік қорғау шаралары (Қызметкерлер метал-тор ішінде болуы керек)

669.Фарадей заңы (электромагниттік индукция заңы) (εi=- )

670.Ферромагнитке магнит өрісінің түзілуі (Электрондардың "өзінің айналуы" салдарынан)

671.Ферромагниттіктер дегеніміз- (магнит өтімділігі өте үлкен (μ>>1) денелер)

672.Ферромагнитті Кюри температурасынан жоғары температураға дейін қыздырғанда (ферромагниттік қасиетін жоғалтады)

673.Физикалық векторлық шама – (жылдамдық)

674.Формалары мен өлшемдері бірдей екі өткізгішті бірдей зарядпен зарядтаған.Егер осы өткізгіштің бірі қуыс болса, онда олардың потенциалдары туралы айтуға болады (олардың потенциалдары бірдей)

675.Фотоляминесцияның мысалы бола алатын құбылыс. (Жол белгілерінің жарқырауық бояуларының жарық шығаруы)

676.Фотон дегеніміз (электромагниттік сәуле кванты)

677.Фотон массасы анықталатын өрнек (m=hν/c2)

678.Фотон массасының өрнегі (m=h/λc)

679.Фотон энергиясы анықталатын өрнек (Е=һν)

680.Халықаралық бірліктер жүйесінде 1 Дж (1кгм22)

681.Халықаралық бірліктер жүйесінде заттың мольдік массасының өлшем бірлігі (кг/моль)

682.Халықаралық бірліктер жүйесінде энергияның өлшем бірлігі (Дж)

683.Химиялық белсенділігі жоғары (Ультакүлгін сәулелер)

684.Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс дегеніміз (жылдамдық модулі өзгермейтін, ал траекториясы шеңбер болатын қозғалыс)

685.Шық нүктесі дегеніміз (су буы қанығатын температура)

686.Ілгермелі қозғалыс дегеніміз (барлық нүктелері бірдей траектория сызып өтетін қозғалыс)

687.Ішкі энергия дегеніміз (денені құрайтын барлық бөлшектердің потенциалдық және кинетикалық энергиясы)

688.Электр зарядының сақталу заңының математиклық формуласын көрсет (q1+q2+q3+...=const)

689.Электр өрісі кернеулігінің суперпозиция принципі (...)

690.Электр өрісінде теріс зарядталған бөлшек орналасқан. Бөлшек өрісте қандай бағытта қозғалады (өріске қарсы горизонталь бағытта)

691.Электр өрісіндегі кернеулік сызықтары бойымен бағытталған потенциал (кемиді)

692.Электр өрісінің берілген нүктесіндегі кернеуліктің сан мәні (өрістің берілген нүктесінде бірлік оң зарядқа әсер ететін күшпен анықталады)

693.Электр өрісінің кернеулік векторының бағыты (оң зарядқа әсер ететін күшпен бағыттас)

694.Электр өрісінің қасиеттеріне жатпайтын тұжырым (тогы бар өткізгішке әсер етеді)

695.Электр өрісінің оң заряды орын ауыстырғанда жасаған жұмысының зарядқа қатынасы (электр өрісінің потенциалы)

696.Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы (потенциал)

697.Электр тогы дегеніміз (электр зарядтарының реттеліп бағытталған қозғалысы)

698.Электр тогының бар болу шарттарына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз (электр тізбегінде индуктивтілік катушкасының бар болуы)

699.Электролиз үшін Фарадей заңының өрнегі (m=kIΔt)

700.Электролит ерітіндісі арқылы ток жүргенде байқалатын электр тогының әсерлері (жылулық, химиялық және магниттік)

701.Электролиттерге Ом заңын қолдануға бола ма? (болады)

702.Электролиттерде электр тогын тасымалдаушылар (оң және теріс иондар)

703.Электромагниттік индукция заңының өрнегі (ε=-ΔФ/Δt)

704.Электромагниттік индукция құбылысын ашқан (Фарадей)

705.Электромагниттік толқын ағынының тығыздығының j электромагниттік өріс энергиясының тербеліс жиілігіне ω тәуелділігі (ω4)

706.Электромагниттік толқын кезінде тербелетін шамалар (Е және В векторлары)

707.Электромагниттік тербелісті сипаттайтын дифференциалдық теңдеу (q''= )

708.Электромагниттік толқындарды шығару үшін бөлшектер (үдеумен қозғалуы керек)

709.Электромагниттік толқындарды шығарып қабылдау үшін ашық тербелмелі контурдың қолданылу себебі (ашық тербелмелі контур элетромагниттік толқындарды жақсы шығарады және қабылдайды, себебі электромагниттік өріс контур маңындағы кеңістікті түгел қамтиды)

710.Электромагниттік толқындардың таралу сипаты параллель сәулелер түрінде. Осы толқынның толқындық бетінің түрі (жазықтық)

711.Электромагниттік тоқынның берілген нүктесіндегі магнит индукциясы мен электр кернеулігі тербелістері арасында (екі шамада да бірдей фазалы)

712.Электромагниттік толқынның біртекті ортадан вакуумге өткенде (жиілігі өзгермейді, жылдамдығы артады, ұзындығы артады)

713.Электромагниттік толқынның көлденеңдігін көрсететіні (поляризация)

714.Элетромагниттік толқынның таралу бағыты (оң бұрғы ережесімен анықталады)

715.Электрон біртекті электр өрісінде кернеулік сызықтар бойымен, потенциалы үлкен нүктеден потенциалы кіші нүктеге өткенде, оның жылдамдығы (артады)

716.Электрон зарядының потенциалға көбейтіндісіне тең шама (энергия)

717.Электрондармен атқылағанда қатты денелердің жарық шығару құбылысы (катодолюминесценция)

718.Электропар машинасындағы энергияның түрленуі (механикалық энергия электр энегиясына айналады)

719.Электростатикалық өрісте өткізігіш орналасқан. Өткізгіш бетіндегі өріс күштерінің сызығы (өткізгіш бетіне перпендикуляр)

720.Электростатиклық өрістің потенциалды деп алыну себебі (тұйықталған траекторияда электростатикалық өрісінің жұмысы нөлге тең)

721.Электроплитаның күйіп кеткен сымын жөндегенде, оның біршама қысқарғандығы анықталады. Осы кезде электроплитаның бөліп шығаратын жылу мөлшері (артады)

722.Элементар бөлшектерді тіркейтін құралдардың аса қыздырылған сұйықтың ішінде жылдам бөлшектердің жолын бойлай бу көпіршіктерінің пайда болу құбылысына негізделуі(көпіршіктік камерада)

723.Элементар бөлшектерді тіркейтін құралдардың газдың екпінді иондалуы кезінде ток импульсінің пайда болу құбылысына негізделуі (Гейгер есептегішінде)

724.Энергия бөліп шығара жүретін химиялық реакциялар қандай жарықтың шығару көзі болады (хемилюминесценция)

725.Ядродағы нейтрондар саны (А-Z)

726.Ядролар мен бөлшектердің реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымы (ядролық реакцияның энергетиклық шығуы деп аталады)

727.Ядролық реакторда ауыр атомдардың ядролық ыдырау жылдамдығын реттеуді жүзеге асыру үшін (жұтушы стержендерді төмен түсіру керек)

728.Ядролық сәулелерді тіркеуге арналған приборлардың қайсысында шапшаң қозғалатын зарядталған бөлшектер аса қыздырылған сұйықта бу көпіршіктерінен тұратын із қалдырады? (көпіршіктк камера)


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 408 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>