Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Өркениетті қоғам тарихының басталуымен бірге қоғам оқитын ғылымдар жүйесі пайда болды. Қоғам оқитын ғылымдарға



1 билет

1.Өркениетті қоғам тарихының басталуымен бірге қоғам оқитын ғылымдар жүйесі пайда болды. Қоғам оқитын ғылымдарға философия, тарих, саясаттану, география, демография, экономикалық теория жатады. Аристотель алғаш «экономия» сөзін енгізген, гректің «oikonemia» (аударғанда «ойкос»- үй, шаруашылық, «номос»- ереже, заң түсінігін береді) сөзінен шыққан және алғашында үй шаруашылығы жөніндегі ғылым ретінде қарастырылған. Экономикалық теория. Ол барлық экономикалық ғылымдардың жалпы теориялық және әдістемелік негізі болып табылады, өйткені ол негізгі түсініктерді, анықтамаларды, терминдерді, сонымен қатар жалпы бағыттар мен экономиканы ғылыми зерттеу әдістерін жасайды. Экономикалық теорияның пәні болып қоғамдағы экономикалық қатынастар және ресурстарды тиімді пайдалану үйлесімдерін іздеу процесінде туындайтын адамдардың іс-әрекеттері табылады. Экономика ғылымының жеке дамуындағы алғашқы теориялық бағыт болып меркантилизм (итальян тілінен аударғанда mercante – саудагер түсінігін береді) табылады. Өкілдері – ағылшындық Томас Ман және француз Жан Батист Кольбер мен Антуан де Монкретьен («Капитал» еңбегі). Қоғамның және жеке тұлғаның байлық көзін ақшада деп санаған. Классикалық саяси экономия. Ғылымға бұл жаңа бағытты бергендер - физиократтар (грек тілінен аударғанда physis – табиғат, kratos – билік түсінігін береді). Олар қоғамның байлық көзі айырбаста емес өндірісте деген ойда болды. өкілдері - Франсуа Кенэ және Анн Тюрго. XVII-XVIII ғғ. ағылшын классикалық саяси экономия бағыты немесе классиктердің нарықтық мектебі қалыптасты (өкілдері – А.Смит, Д.Рикардо, Дж.С.Милль). Адам Смит «экономиканың әкесі» «Табиғат және халықтар байлығының себептері туралы зерттеу» кітабын шығарады. А.Смиттің пікірлерін ары дамытқан неміс философы және экономисі Карл Маркс (1818-1883 жж). Оның серігі Фридрих Энгельс екеуінің ойлары маркстік экономикалық теорияны құрайды. Маркс өзінің көп томдық «Капитал» шығармасында ғылыми социализм теориясын құрды. Пролетариат тұрғысынан капиталистік байлықты қарастырды, оның ойынша байлық жұмысшы табын пайдалану арқылы қалыптасады. Яғни XIX ғ. К.Маркс пен Ф.Энгельстің теориялық бағыты марксизм деп аталады. 1870 жылдары экономикалық теорияда ерекше бағыт – “экономикс” бағыты қалыптасты. Қазір де ол бүкіл әлемде басты орында тұр. «Неоклассиктер» мектебі XIX ғасырдың 70 жылдарында қалыптасты, негізін салушы – ағылшындық Альфред Маршалл. Ол алғаш «экономикс» түсінігін енгізген және де батыс экономикалық ғылымдарының негізін салушы. Өз аттарын ақтай отырып, жаңа классиктер (нео - жаңа) жоғарыдан белгілі экономикалық еркіндік принціпін негіздеп, қорғады.



ХХ ғасырдың 30-ы жылдарында неоклассиктерді кейнсиандықтар ығыстырды, ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнстың (1883-1946) атымен аталады.

2. Капиталдар нарығы – бұл тауар болып әртүрлі нысандағы капитал, сатып алушылар болып – фирмалар, сатушылар болып – капитал иелері табылатын ерекше нарық.

Капитал – бұл көптеген экономикалық игіліктерді өндіру мақсатында жасалатын кез-келген ресурс.

Капиталдың нысандары: Табиғи капитал – негізгі және айналмалы, адам капиталы – білімі мен қабілеті, ақша капиталы.

Қарыз пайызының мөлшері – бұл ақшаны пайдаланудың бағасы. Қарыз пайызының тепе-тең мөлшері ақша нарығындағы тепе-теңдік арқылы анықталады, яғни ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының қиылысуы арқылы.

Пайыз мөлшері (пайыз нормасы) қарызға берілген капитал табысының сол қарызға берілген капитал мөлшеріне, пайыздық сипаттағы, қатынасы арқылы анықталады. Мысалға, егер сіз 1000 долларды қарызға бердіңіз және одан 50 доллар жылдық табыс алдыңыз, сонда пайыз мөлшері:

(50 долл/1000 долл)*100%=5%.

Қарыз пайызының атаулы мөлшері – ағымдағы бағам бойынша ақша бірлігіндегі пайыз мөлшері.

Қарыз пайызының нақты мөлшері – тұрақты ақша бірлігіндегі пайыз мөлшері немесе инфляциямен түзетілген.

Пайыздың нақты мөлшері пайыздың атаулы мөлшерінен инфляция деңгейін алғанға тең.

3. Экономикалық цикл – бұл іскер белсенділіктің бір-бірінен кейін қайталанып отыратын уақтылы тербелістері, экономиканың екі бірдей жағдайларының арасындағы уақыт аралығы, іскер белсенділіктің өрлеулері мен құлдыраулары. Құлдырау - өндіріс көлемінің, ұлттық өнім мен табыс көлемінің, еңбек ақының, акция курсының, жұмысбастылықтың азаюы, дайын өнімнің өтпеген қорларының өсуі, бағалар төмендемейді. Бағалар тек ұзақ уақытты құлдырауда ғана төмендеуі мүмкін: депрессия өндірістің, жұмысбастылықтың құлдырауының ақырындауымен сипатталады.

Түбі – дамудың ең төменгі нүктесі, өндіріс көлемінің, ұлттық өнім мен ұлттық табыстың ең жоғарғы деңгейде төмендеуі. Жаппай жұмыссыздық, инфляция ең жоғарғы деңгейде ақырындайды және адамдардың өмір сүру деңгейі ең төменгі дәрежеге жетеді, әрине ол қоғамның әлеуметтік мәселелерін кенеттен шиеленістіреді. Егер осындай жағдай ұзақ уақыт сақталса, онда экономика тоқырау жағдайында болады. Өндіріс пен жұмысбастылық ең төменгі нүктесіне жеткеннен кейін, түбінен шығу басталады.Өрлеу (тірілу, жандану) – өндірістің, ұлттық өнім мен табыстың, жұмысбастылықтың, еңбек ақының, акция курсының өсу шапшаңдықтары артады. Сатылмаған өнімнің қорлары азая бастайды, бағалар толық жұмысбастылыққа және ең жоғарғы өндіріс қуаттылығына жеткенге дейін жоғарылайды. Шың – дамудың ең жоғарғы нүктесі, өндіріс қуаттылығын ең жоғарғы деңгейде пайдалану, толық жұмысбастылық. Баға деңгейі жоғарылайды, іскерлік белсенділіктің өсуі тоқтайды. Экономикалық циклдардың шығу себептері әр түрлі. Дағдарысты туғызатын себептерді сыртқы және ішкі факторларға бөлуге болады. Сыртқы: соғыстар, революциялар, саяси жағдайлар, мерзімдер, климат, ҒТП, кездейсоқтықтар, сыртқы экономикалық жағдайлар.Ішкі: мемлекеттің саясаты, жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзгерістері, ел экономикасындағы, аймақтардың дамуындағы диспропорциялар. Экономикалық циклдың ұзақтылығына қарай тербеліс ретінде қарастырылатын түрлері келесідей:Қысқа мерзімді Китчиндікі – тұтынушылық нарықтағы тепе-теңдіктің қайта орнатылуымен байланысты;Орта мерзімді Жуглярдікі - өндіріс құралдары нарығындағы тепе-теңдіктің қайта қалыптасуымен байланысты;Ұзақ мерзімді Кондратьеванікі – технологиялық өзгерістермен байланысты.

2 билет

1.Экономика әртектес экономикалық қатынастардың күрделі жүйесі б.таб. Қатынастардың 3 тобы ажыратылады.

А) Техника және өндіріс технологиясына тәуелді техникалық экономикалық қатынастар;

Б) Өндірісті ұйымдастыру мен басақаруға, экономиканың институтционалдық құрылымына тәуелді ұйымдық – экономикалық қатынастар;

В) Әлеуметтік – экономикалық қатынастар (меншік және такбыстарды үлестіру қатынастары

Г) Экологиялық және экономикалық қатынастар.

2. Еңбек нарығы – бұл ерекше нарық, мұнда тауар болып жұмысшы күші, сатып алушы болып – фирмалар, сатушы болып – жұмысшы күшін иеленушілер табылады.

Еңбектің бағасы болып жұмысақы есептеледі. Жұмысақы немесе жұмысақының мөлшері – бұл еңбекті пайдаланғаны үшін төленетін баға. Әдетте еңбек түсінігі кең мағынада қолданылады және келесі еңбекке төлемдерді қосады: жұмысшылардың, мамандардың, ұсақ кәсіпорындар иелерінің. Жұмысақы келесідей нысандарда болуы мүмкін: сый ақы, қаламақы, комиссиондық құттықтаулар, айлық қызметақы және т.б.

Жұмысақы мөлшері – бұл еңбек қызметінің бірлігін пайдаланғаны үшін төленетін баға. Жалпы табыс жұмысақы мөлшері мен нарықта ұсынылған сағат саны немесе еңбек қызметінің аптасынан тәуелді. цена, выплачиваемая за использование единицы услуг труда.

Атаулы жұмысақы – бұл сағатына, күніне, аптасына, т.с.с. алатын ақша сомасы.

Нақты жұмысақы – бұл номиналды жұмысақыға сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер мөлшері. Бұл номиналды жұмысақының «сатып алушылық мүмкіндігі». Бүкіл әлем бойынша статистикалық мәліметтер көрсеткеніндей, әлемдегі нақты жұмысақының жалпы деңгейі АҚШ- да жоғары. Қарапайым түсіндірсек, ұсынысқа қарағанда еңбекке сұраныс жоғары.

Кез-келген ресурсқа сұраныс өнімділіктен тәуелді, өнімділік жоғары болған сайын, оған сұраныс та жоғары болады.

3. Қазіргі жағдайларда әр елдің экономикасы сыртқы экономикалық қатынастардан тәуелді. Ол елдер арасындағы әр түрлі байланыстар арқылы көрінеді. Қазіргі кезде жеке елдің басқа елдермен әр түрлі өзара байланысқа түспей, өз бетімен дамуы іс жүзінде мүлде мүмкін емес. Елдер арасындағы экономикалық қатынастар тек сыртқы сауда, тауар айналысымен шектелмейді. Ол елдер арасындағы капитал қозғалысын, валюталық қатынастарды, жұмысшы күші қозғалысын, ғылыми-техникалық айырбастарды қамтиды. Біздің уақытымызда экономикалық қатынастар елдер арасындағы тек белсенді байланыстармен ғана емес, жаңа құбылыс – барлық шаруашылық өмірдің ғаламдануымен, әлем елдерінің экономикалық тұтастығының қалыптасуымен сипатталады.

Халықаралық экономикалық қатынастар (ХЭҚ) – бұл елдердің ұлттық экономикалары, шаруашылық субъектілері арасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі.

3 билет.

1. Өркениетті қоғам тарихының басталуымен бірге қоғам оқитын ғылымдар жүйесі пайда болды. Қоғам оқитын ғылымдарға философия, тарих, саясаттану, география, демография, экономикалық теория жатады. Әр ғылымның өз оқу объектілері бар, бірақ барлық ғылымдар бірін-бірі толықтырып, өзара әрекет етеді және де тұтас қоғамдық ғылымдарды құрайды. Яғни өзінің оқу пәні ретінде жеке адамды емес, адамдардың аңдар әлемінен бөлініп, саналы, мақсатты түрде өмір сүре бастаған уақытынан бастап барлық адамдар жиынтығын қарастыратын ғылым. Қоғам тек табиғат әсерінен ғана дамыған жоқ, оған қоғам дамуының өзіне тән заңдары да әсер етті. Кез-келген ғылымның мақсатына шынайы процестерді, фактілерді талдау, заңдылықтар мен өзара байланыстарды, тенденцияларды анықтау жатады, яғни өз пәні, зерттейтін басты тақырыбы болады. Экономикалық теория – қоғамдық немесе әлеуметтік ғылым. Бұл дегеніміз, осы сияқты басқа да ғылымдармен бірге (мыс. тарих, педагогика, саясаттану) қоғам әлемін, ондағы адамдардың бірлескен өмірін зерттейді. Сонымен қатар, әр әлеуметтік ғылымның (социологиядан басқа) өз сферасы, өз мәселелері бар. Мысалға, саясаттануда – саясат сферасы, тарихта – қоғамның даму процесі, педагогикада – рухани өмір мәселелері: білім беру, оқыту, тәрбиелеу.

2. Жетілмеген бәсеке нарығы дегеніміз сатушылар мен сатып алушылардың нарықтық бағаға әсер ете алатын нарықтық құрылымы. Оған жататындар: монополия, монополистік бәсеке, олигополия.

Таза монополия бір фирма жақын орын басушылары жоқ тауардың жалғыз жабдықтаушысы болғанда орын алады..

Таза монополияның сипаттама белгілері:

Ø Жалғыз сатушы;

Ø Тауардың жақын орын басушылары жоқ;

Ø Бағаны өзі тағайындайды (price searcher);

Монополияның келесідей түрлерін бөледі:

§ Жабық монополия – бұл бәсекеге заңдық тиым салулармен қорғалған монополия (патенттік қорғаулар, авторлық құқық институты);

§ табиғи монополия – бұл ұзақ мерзімді орта шығындары ең төмен болатын саладағы монополия, яғни сол кезде бір фирма бүкіл нарықта қызмет етеді;

§ ашық монополия – бұл арнайы қорғауы жоқ бір фирманың уақытша өнімнің жалғыз жабдықтаушысы болатын монополиясы;

§ қарапайым монополия – бұл әр анықталған уақыт сәтінде өз өнімін барлық сатып алушыларға бір бағада сататын монополия.

Монополистік бәсеке – бұл салыстырмалы түрде көптеген ірі емес өндірушілер ұқсас, бірақ сәйкес емес өнімдер ұсынатын нарықтық жағдай.

Монополистік бәсекек үшін жүздеген немесе мыңдаған фирмалардың болуы міндетті емес, көп емес саны жеткілікті.

Монополистік бәсекенің белгілері:

§ әр фирма нарықтың көп емес бөлігіне ие, сондықтан нарықтық бағаға шектелген бақылауы бар;

§ фирмалардың санына байланысты жасырын келісім, жасанды бағаны көтеру мүмкін емес;

§ фирмалардың өзара байланыстары азырақ;

§ әр фирма өз саясатын өзі анықтайды;

§ монополистік бәсекенің маңызды белгісі болып өнімді саралау табылады.

 

4 билет

1.Әдіс дегеніміз көмегі арқылы экономикалық процестер мен құбылыстар оқытылатын тәсілдер, принциптер жиынтығы.

Экономикалық теорияның экономика сферасы үшін маңызды келесідей зерттеу әдістері бар (1.7. сызба):

Бақылау (экономикалық құбылыстарды, процестерді шынайы түрінде қабылдау) және іс жүзінде болып жатқан фактілерді жинау әдісі. Эксперимент әдісі – бұл зерттелетін объект арнайы жасалған және бақыланатын жағдайдаға қойылғанда, жасанды ғылыми тәжірибе өткізуді ұсынады. Үлгілеу әдісі - әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды олардың теориялық үлгілері бойынша зерттеуді қарастырады. Ғылыми абстракция әдісі – құбылыстарды кездейсоқтықтардан тазартып, заттың мәнін бөліп көрсету, яғни ерекше ойлану тәсілі. Талдау әдісі – бір құбылыстың бірнеше құбылыстарға бөлінуі және олардың әрқайсысының жеке қарастырылуы, яғни әлеуметті-экономикалық құбылыстарды бөліктері бойынша зерттеу.

Синтез әдісі - зерттеудің бірнеше шашыраңқы объектілерін біреуге топтастыру және оны біртұтас ретінде қарастыру.

Экономикалық заңдар экон – қ құбылыстар мен процестердің ішкі мәнін көрсететін тұрақты, көп рет қайталанатын себеп – салдарлық байланыстары.Түрлері: арнаулы, ерекше, жалпы.

Экономикалық категория:

Қоғамның экономикалық өмірінің негұрлым ортақ және мәнді қырларын көрсететін логикалық түсініктер.

3. Табиғи ресурстар. Қазақстан өз териториясы бойынша ТМД елдері арасында Ресейден кейін екінші орынды және бүкіл әлем бойынша тоғызыншы орынды иеленеді, оның териториясы 2724,9 мың шаршы км., яғни оған европаның сегіз елі бірге сиып кетеді: 240 млн. адамнан астам тұратын Франция, Италия, Испания, Португалия, Швеция, Норвегия, Греция, Финляндия. Республикада он бес облыс және екі ерекше статусты қала Алматы мен Астана, 208 аудан, 82 қала бар. Ол бай жер ресурстарымен пайдалы қазбаларға ие. Яғни Қазақстанның теңдесі жоқ табиғи байлығы бар. Қазақстанның негізгі байлығы - ең алдымен мұнай. Мұнайдың негізгі шығатын жерлері батыс Қазақстанда, Атырау, Манғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында орналасқан. Зерттелген мұнай қоры 22 млрд т., газ конденсаты 1млрд т., газ – 2 трлн м. куб құрайды.

Хром рудасының қоры бойынша Қазақстан әлемде ОАР-нан кейінгі 2 орынға ие. Негізгі орналасқан жері – Батыс Қазақстан облысы. Қазақстанда Менделеев кестесінің 100-ге жуық элементі табылған. Қазақстан вольфрам (30%), қорғасын (19%), хром (30%), марганец (30%), мырыш, күміс қорлары бойынша әлемде бірінші орынды иеленеді. Қазақстанда алтын қорының 195 шығатын жері бар. Алтын қоры бойынша әлемде 6 орынға ие. Әлемнің 20 басты алтын өндіретін елдерінің қатарына кіреді (16 орында), ТМД елдері арасында 3 орынға ие. Қазақстан территориясындағы барлық қара металл рудаларының қоры республиканы шикізатпен қамтамасыз етуге жеткілікті. Тағы басқа минералдық шикізат түрлері бойынша Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарларда. Сонымен қатар оның баға жетпес байлығы – жері.

5 билет

1. Экономикалық теорияның міндеттеріне келесілер жатады:

Танымдылық – экономикалық заңдар біліміне сүйене отырып экономикалық құбылыстарды оқуға мүмкіндік береді;

Тәжірибелік – алған білімді шаруашылық тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді;

Сыншылдық – экономикалық қызметтерде болып жатқан құбылыстарға дұрыс баға беруге мүмкіндік береді;

Әдістемелік – экономикалық теория пайда алудың дайын ережелер жинағы емес, экономикалық процестерді оқу әдісі болып табылады.

Болжамдық - алған білім негізінде объектінің болашақ дамуын болжауға мүмкіндік береді.

Экономикалық теорияның басты назарында – қоғамның шаруашылық, өндірістік өмірі, игіліктерді жасау, тарату, айырбастау және тұтыну процестеріндегі адамдар арасындағы экономикалық байланыстар мен қатынастар. Нақтырақ айтсақ, бұл өндіріске қандай ресурстар керектігі, шаруашылық процестері қалай жүргізілетіндігі, экономикаға ақша не үшін керектігі, көптеген адамдардың экономикалық қызметтерін қалай келістіру керектігі, нарықтық механизм дегеніміз не және ол қалай жұмыс жасайтындығы, соңында неліктен дағдарыстар, жұмыссыздықтар, инфляция туындайтындығы жөніндегі сұрақтар

2. Шығындар – бұл нарықта құндық нысанға ие ресурстардың шығындары, нәтижесінде өнім өндіру мен сату іске асатын өндірілген ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Экономикалық шығындар - бұл фирма істеуге міндетті төлемдер немесе бұл ресурстарды баламалы өндіріске пайдаланудан басқа жаққа аудару үшін, фирма ресурспен жабдықтаушыларды қамтамасыз етуге міндетті табыстар. Бұл төлемдер ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Сыртқы (айқын) шығындар – бұл басқа жақтағы жабдықтаушылардың пайдасына кететін ақшалай шығындар.

Айқын шығындар - бұл пайдаланылған өндіріс факторларына төлеуге кететін барлық шығындар (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік мүмкіншілік). Бұны бухгалтерлік шығындар деп те атайды, яғни есептік кезеңде іс жүзінде орын алған фирманың шығындары.

Ішкі (айқын емес) шығындар – бұл баламалы шығындар, яғни өз ресурстарын өздері пайдаланудың барлық шығындары. Бұл осы ресурстарды пайдаланудан болуы мүмкін ақшалай төлемдеріне тең. Өндірістің айқын және баламалы шығындарын есептеу фирма пайдасын нақты бағалауға мүмкіндік береді.

Таза экономкалық пайда – бұл кәсіпорынның сыртқы және ішкі шығындарды алып тастағандағы жалпы түсімі (қалыпты пайданы қоса). Тұрақты шығындар(fixed costs- FC) – бұл өндіріс көлемі мен сату көлемдерінің өзгерісінен тәуелсіз шығындар. Ауыспалы шығындар (variable costs - VC ) – бұл өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгерісінен тура тәуелді шығындар. Оған шикізат, жылу, жұмысшылардың еңбек ақысы, энергия, транспорт шы Жалпы шығындар (Total costs -TC) – бұл әр өндіріс көлеміндегі тұрақты шығындар мен ауыспалы шығындардың сомасы: TC = FC + VC

ғындары жатады.

7 билет

1. Адамдарға өмір сүру үшін белгілі жағдайлар мен игіліктер қажет. Бір игіліктер күш жұмсаусыз алынса, басқалары олай алынбайды, оларды жасау керек, алу керек. Өндірілген игіліктер экономикалық игілік немесе өнім деп аталады.

Өндіріс дегеніміз қоғамның дамуына қажетті материалдық игіліктер мен қажеттіліктерді жасау мақсатында адамдардың табиғат заттарына әсер ету процесі. Өндіріс – бұл адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мақсатты қызметі. Кез-келген өндірістің мақсаты – тұтыну.

Қоғамдық өндіріс – бұл қоғамның, жеке адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы игіліктерді жасауға бағытталған әлеуметтік-еңбектік қатынастар процесі. Қоғамдық өндіріс:: Материалдық:Материалдық игіліктер

өндірісі

- өнеркәсіп

- ауыл шаруа-шылығы

құрылыс

Материалдық қызметтер өндірісі

- транспорт

- байланыс

- энергетика

Материалдық емес: Материалдық емес игіліктер өндірісі

- музыка

- архитектура

- әдебиет

Материалдық

емес қызметтер өндірісі

- білім

- денсаулық сақтау

- тұрмыстық

2. Қысқа мағынада, нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастар жүйесі, басқа сөзбен айтқанда ұсыныс пен сұраныс арасындағы қатынастар жүйесі. Кең мағынада нарық – бұл белгілі қоғамның экономикалық жүйесінің барлық деңгейінде, барлық қоғамдық ұдайы өндіріс шеңберінде тауар мен ақша нысанында игіліктер мен қызметтердің қозғалысының күрделі механизмі.

3. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің кірістері мен шығыстары жазылған тізім, яғни заңдық күші бар, ағымдағы жылға жасалған негізгі қаржылық жоспар.

Қазақстанда мемлекеттік бюджет Қазақстан Республикасының парламентімен бекітіледі. Материалдық мағынасы бойынша бұл ақшалай қаржылардың орталықтанған қоры; әлеуметтік-экономикалық мағынасы бойынша – қоғамның әлеуметтік міндеттерін іске асыру үшін ұлттық табыстың және қоғамдық өндірістің басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерін қайта таратудың негізгі қаржысы.

Бюджетті ұйымдастыру нақты бюджеттік құрылым мен ойластырылған бюджеттік процесті ұйғарады. Бюджеттік құрылым – бұл бюджеттік жүйені қалыптастырудың ұйымдастырушылық приніптері мен құрылымы. Бұл әр мемлекеттің өзіне тән ерекшеліктерімен анықталады. Бюджеттік процесс – бұл барлық деңгейдегі бюджеттердің жасалуы, қаралуы, бекітілуі және орындалуы бойынша билік органдарының қызметі. Бюджеттік процесс 4 негізгі кезеңнен тұрады:

¨ Бюджеттің үлгісін жасау;

¨ Бюджетті қарау және бекіту;

¨ Бюджеттің орындалуы;

¨ Бюджеттің орындалуы туралы есеп беруді жасау және оны бекіту.

Бюджеттік процестің құрамдас бөлігі болып бюджеттік реттеу табылады, яғни әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында қаржылық ресурстарды бірен-сарандап қайта тарату. Бюджет тапшылығы – бұл осы кезеңдегі бюджет шығындарының оның табыстарынан артып кеткен ақшалай сомасы. Мемлекеттік бюджет тапшылығы мәселесін шешудің төрт негізгі тәсілін айтуға болады: Шығындарды азайту, Табыстарды жоғарылату, Ақша эмиссиясы, Мемлекеттік қарыздар.

8 билет

1. Өндіргіш күштер дегеніміз жұмысшы күші мен өндіріс құралдары (еңбек заттары мен еңбек құралдары) жиынтығы. Өндірістік қатынастар дегеніміз өмірге қажетті игіліктерді өндіріу, тарату, айырбас және тұтыну жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар..

3. Салықтар – бұл заңдық актілермен анықталған, жеке және заңды тұлғалардан мемлекетпен алынатын міндетті төлемдер.

Салықтар 3 негізгі міндетті орындайды:

1) Қазыналық міндеті – негізгі. Яғни салықтар арқылы мемлекеттік ақша қорының қаржылары қалыптасады (фисальдық - фиск латынның fiscus сөзінен мемлекеттік, қазына түсінігін береді).

2) Реттеуші міндеті – салықтар ұдайы өндірістің барлық процестеріне әсер етуге мүмкін, мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі құралы болып табылады.

3) Таратушы міндеті – салықтар микро және макро деңгейлердегі ұдайы өндіріс нәтижелерін таратудың және қайта таратудың мемлекет қолындағы маңызды құралы болып табылады. Кейбір әдебиеттерде реттеуші және таратушы функцияларды біріктіріп – экономикалық міндет деп атайды.

Салық жүйесінің тиімді қызмет етуіне келесідей салықтардың қалыптасу принціптері әсер етеді:

§ Міндеттілігі;

§ Мерзімі, тәсілі және мөлшері бойынша анықталғандығы;

§ Салық төлеушілер жағынан ыңғайлылығы;

§ Салық мөлшерлерінің қалыптылығы;

§ Барлық салық төлеушілер үшін біркелкілігі;

§ Салықты капиталдан, активтерден емес, табыстан ұстауы және т.б.;

Салықтарды әртүрлі түрге бөлетін бірнеше белгілері бар:

Ø Салықтандыру субъектілері бойынша: заңды тұлғалардан алынатын және жеке тұлғалардан алынатын салық;

Ø Мәжбүр ету сипаты бойынша: тура және жанама салықтар;

Ø Салықтандыру объектілерінің сипаты бойынша: табысқа, меншікке, мүлікке, айналымға, сатып алуға салынатын салықтар.

 

9 билет

1..Кәсіпкерлік – бұл адамдардың, заңды тұлғалардың меншік нысандарынан тәуелсіз, тауарларға (жұмыстар мен қызметтерге) сұранысты қанағаттандыру жолымен пайда немесе жеке басына табыс алуға бағытталған ынталы қызметі. Ол жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе шаруашылық іс жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындарға (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген. Кәсіпкерлікке бұндай анықтама Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде берілген. Капитал – бұл көптеген экономикалық игіліктерді өндіру мақсатында жасалатын кез-келген ресурс.

Жер адамдармен олардың өмір сүру кеңістігі немесе ауа және күн сәулесімен қатар тұтынылатын табиғи игілік ретінде пайдаланылады.

10 билет

Экономикалық жүйе дегеніміз не? Бұл сұраққа экономистер әртүрлі жауаптар берген. Маркстік бағыт бойынша, экономикалық жүйе – бұл өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар біртұтас болатын және өзара әрекет ететін өндіріс тәсілі. Өндіргіш күштер дегеніміз жұмысшы күші мен өндіріс құралдары (еңбек заттары мен еңбек құралдары) жиынтығы. Өндірістік қатынастар дегеніміз өмірге қажетті игіліктерді өндіріу, тарату, айырбас және тұтыну жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Экономикалық жүйе экономикалық қызығушылықтары бойынша біріккен адамдардың ортақтығы. Экономикалық жүйе бұл адамдардың жеке тұлға және қоғам мүшесі ретінде дамуы мен қызметтерінің жалпы заңдылықтары.

Жалпыға белгілі анықтама болып келесі табылады: Қоғамдағы меншіктік қатынастар мен ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар негізінде іске асатын барлық экономикалық процесстердің жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін көрсетеді.

Кез-келген экономикалық жүйеде бірінші орынды өндіріс тарату, айырбас, тұтынумен бірге иеленеді. Осы орталардың өзара әрекеті процесінде ресурстар қайта жаңартылады, олар тауарлар мен қызметтермен қатар жүреді.

Кез-келген экономикалық жүйенің маңызды элементтері болып келесілер табылады:

- әр экономикалық жүйедегі шаруашылық қызметтің нәтижелері мен экономикалық ресурстарға меншік түрлеріне негізделіп қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық қатынастар;

- шаруашылық қызметтердің ұйымдастырушылық нысандары;

- шаруашылық механизмі, яғни макроэкономикалық деңгейде экономикалық қызметтерді реттеу тәсілдері;

- кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы нақты экономикалық байланыстар.

Экономикалық теорияда келесідей қоғамның экономикалық ұйымдасу түрлері немесе экономикалық жүйенің түрлері бар.

Салттық экономика. Сұрақтарға жауап беру негізінде ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан салт-дәстүр жатады. Нарықтық экономика. Қоғамның экономикалық ұйымдасуының бұл түрі нарықтық механизмге негізделген, яғни 3 негізгі сұраққа нарық қалай талап етсе, солай жауап береді. Нарықтық жүйеде «не өндіру керек?» деген сұрақ тұтынушылардың қалауы бойынша, «қалай өндіру керек?» деген сұрақ сапалы өнімді қалыпты бағада шығаруға итермелейтін өндірушілер арасындағы бәсеке арқылы, «кім үшін өндіру керек?» деген сұрақ тұтынушылардың табысы арқылы шешіледі. Әміршіл-әкімшіліктік экономика. «Не, қалай, кім үшін өндіру керек деген?» сұрақтар командалық-әкімшіліктік әдістердің көмегімен мемлекет арқылы шешіледі (орталықтанған жүйе), яғни барлық экономикалық процесстер мемлекеттік органдар арқылы реттеледі.

 

11 билет

1.Өндіріс дегеніміз қоғамның дамуына қажетті материалдық игіліктер мен қажеттіліктерді жасау мақсатында адамдардың табиғат заттарына әсер ету процесі. Өндіріс – бұл адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мақсатты қызметі. Кез-келген өндірістің мақсаты – тұтыну.

Қоғамдық өндіріс дегеніміз кешенді түсінік және де ол тек сол өндіріс процесімен шектелмейді (1.12. сызба). Ол материалдық емес сфера өндірісін де қамтиды (сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, білім беру, мәдениет және т.с.с.).

Қоғамдық өндіріс – бұл қоғамның, жеке адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы игіліктерді жасауға бағытталған әлеуметтік-еңбектік қатынастар процесі.

Ұдайы өндіріс дегеніміз өндірістің үнемі қайталанып және жаңарып отыру процесі. Ұдайы өндіріс процесіне келесілер қатысты:

· Материалдық игіліктердің ұдайы өндірісі, қоғамдық өнімнің бір бөлігі өндірістің жаңаруына және кеңеюіне бағытталады;

· Жұмысшы күшінің ұдайы өндірісі күштердің қайта қалпына келуін, жаңа жұмысшылар легін дайындауды ұсынады;

· Адамдар арасындағы қатынастардың ұдайы өндірісі, ол өндірісте, таратуда, айырбаста, тұтынуда туындайды.Қарапайым ұдайы өндіріс кезінде өндірілген өнім көлемі мен оның сапасы өзгеріссіз қалады. Барлық қосымша өнім тұтынуға кетеді. Өндіріс факторлары тұрақты. Кеңейтілген ұдайы өндірісте көлем мен оның сапасы өседі, артады. Өндіріс факторлары да өзгереді. Кеңейтілген ұдайы өндірістің қайнар көзі болып қосымша өнім табылады.

2 Негізгі капитал өнімлі капиталдын бір бөлігі болып табылады. Әдетте ол жабдыктар, машина, станок, уйлер мен алып күрылыстын куньша еніп кетеді. Онын ерекшелігі сонда. ол дайындалатын өнімге о іінііі күнын болшектеп енгіэт отырады. Егер станок (машина, ірі үнлер. алып қүрылыстар) II) жыл кызмет етсе. ал онык кұны 100 мың яолларға тең болса, онда ол 1 жылда өндірілген өнімге 0,1-ге сиінш кұнын бөлшектеп жайлап енгізу процесін амортизаиия дейміз. Табиғи тозу ондіріс процесінін әсерінен ғана болып коймайды, оған табиғаг күшіде әсер етеді: тозады, ірі үйлер күлайды. Ал, моралдык тозудін екі түрі бар:

1. бүрынғы конструкциядағыдай чаішшаиыіі пайда болуы, бірак
одан арзандау;

2. бүрынғы конструкциядағыдай машинанын пайда болуы, бірак
одан өнімділеу және үнемділеу.

Техникішык ііроі~ресс негізгі капиталдын табиғи тозуына дейін анын моралдык тозуын жеделдетеді. Моріъчдык тозута кеткен шығынды азаіпу үшш және жабдыктарға жүмссЪіған шығынды №іска мерзімде кайтару үшін. касіпкерлер жедел амортизациялыкжүйені кенінен колдануға мәжбүр. Негізгі капиталдың қүны кәсіпкерге бірнеше шенбер айн;ъіымынан сон кайтарылады.

Амортизаииялык толемдер өнімнін өндірістік шығындарына енеді және онын вткерілуінен кейін кәсіиорын есебінде акшалай кор түріііде корланып, амортизаииялык корды күрайды. Амортизациялык кор негізгі капи і а.шы толык калііына келтіруінде немесе ремонт процесінае оның бөлшегінің калпыпа келтіруінле колданылады.

Казіргі жағдайда негізгі капиталды жедел амортизациялауды жүзеге асыру — корды ынтіътанлырудың және экономикадағы к.үрылымдык. өзгерістердің басты күрамы ретінде болады.

Негізгі капиталды түрлері бойынша (станок, жабдыктар, көлік күр;ілдары, ірі үйлер және т.б.) типімен бөлшектей отыра шектеулі мөлшермен жоюлы мемлекет бекітеді. Негізгі капиталды жедел амортизашіялык жоюдын мөлшерін өзгертуді барлык дамыған елдерде кенінен колланылады және ол кәсіпорынньщ (фирма) өзін-взі каржыландыруының басты күралы болып табыладьі.

Негізгі кагшталлан оаска айналмалы капитал бар. Ол шикізаг, жанар-май. косычша материалда, электроэнергияда және жүмыс күшіне еигізіледі.

3.РЕНТАЖӘНЕОНЫҢТҮРЛЕРІ

д Аграрлы қатыпастар қүрылымындаі-ы басгы лкоиомикалык ' катыиастарға ренталык қатыііастарды жатқызамыз. ■-: Ауыл шаруашылығы косіпкерлеріне жсрді арендаіа бсре отырыи, жер иегері бүл үшіи белгілі толем рента алады. Жер рентасы жер иегеріне арендалық толем түріиде гөлечсді. Алаііда •* арендйлык, төлем менжеррентасын баламалап (тецестіріп) карауға і!|'" болмайдці. Ареидалықтөлем рентаға қараганда саіцшқжап.шан;;|* коптеу. Арендалық төлемге мыналар енді: жср реіітасьшыи озі.;.| жерде сальінғаи үй-күрылыстары меп жабдыктарыиьш | амортизанияса, жерге жұмсалған капиталдын пайызы (%), ауыл шаурашылығы жүмыскерлері жалақмсыпьщ бір болігі.

Жер рептасы — жер учаскісім уакытша қолдаііғаііга (найдаланғаига) төлспетіи толем. Осы толем косымша қушіыи арсндатор капиталыныц орташа пандасыпаи артық болу есебінс»

пайда болады.

Мынандай сауал туындайды: мүндай артыктық калаіі пайда болады? Бүл сауалга диффереңциалдық жоне абсолютті рента қүрылуыныц механизмін талдау аркылы коз жеткізуге болады. • / Дифферепциалдық рентаиыц екі түрі бар: І-ші жә.іе ІІ-ші ' диффсреициалдык реиталар. І-ші дифференииалдык пеіітанын күрылу себебін жерді шаруашылык объектісі ретііще моиополиялау болын табылады. Оның мәмісі мыыада: сапалыкжағынап жаксы жоіте орташажсручаскілерін гіайдшіамғаи косіпкср-арепдаіорлар, өздерінше жерді шаруашылық объектісі ретіпде игсреді

12 билет

3. Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл экономиканы тұрақтандыруға және өзгермелі жағдайларға бейімделуіне заңдық, орындаушылық және бақылаушылық сипаттағы шаралар жүйесі. Мемлекеттік реттеудің жалпы стратегиясы келесідей принціптерге негізделеді:

§ Барлық тепе-тең жағдайда экономиканы ұйымдастырудың нарықтық нысанын жоғары бағалау керек. Мемлекет жеке бизнес қызығушылық танытпайтын, тек әлеуметтік-маңызды салаларды қаржыландыруы керек;

§ Мемлекеттік реттеу бизнеспен бәсекелеспеуі керек, керісінше оған көмектесуі керек;

§ Мемлекеттік салық, несие және қаржы саясаттары экономикалық өсу мен әлеуметтік тұрақтылыққа мүмкіндік туғызу керек;

§ Экономиканы мемлекеттік реттеу әсіресе шаруашылық дағдарыстары және халықаралық қатынастар кезінде ерекше маңыздылыққа ие болады;

§ Мемлекеттік араласу нарықтық нысанға енген сайын тиімдірек болады;

Осындай жағдайларда қазіргі нарықтық экономика «мемлекеттік реттелетін» және әлеуметтік бағытталған болып табылады. Мемлекет тұрақтылық пен өркениеттің арқа сүйенеріне айналады.

13 билет

1 Экономикалық мағынадағы меншік – бұл мүліктерді меншіктеу және шаруашылыққа пайдалану бойынша адамдар арасындағы шынайы қатынастар. Меншік қатынастары – бұл материалдық және рухани игіліктерді меншіктеу бойынша адамдар арасындағы қатынастар. Меншік экономикалық қатынас ретінде адамзат қоғамының қалыптасуы кезінде пайда болды.

Меншіктің субъектілері мен объектілері арасындағы мүліктік қатынастар-ды, заңдық қатынастарды Ежелгі Римнің құқықтық заңдары Римдік құқық анықтаған.

· Иелену – объектінің белгілі бір субъектіге қарауы, меншік иесінің нақты құқығы.

· Пайдалану – меншік объектісін оның қызметіне сәйкес және пайдаланушының шешімі бойынша қолдану.

· Билеу – субъект объектіге өз қалауы бойынша билік етуге құқылы.

Меншік экономикалық жүйе ретінде субъектіден (меншік иелері), объектіден (мүліктер), басқа субъектілерден (басқа иеленушілер немесе меншік иесі еместер) тұрады. Шаруашылық қызметтерге экономикалық агенттер деп аталатын шаруашылық субъектілері қатысады.

Меншікті экономикалық ресурстар мен тұтыну игіліктерін иеленудегі экономикалық агенттер арасындағы қатынас ретінде анықтауға болады.

Экономикаға экономикалық қатынастардың үш түрі енеді:

- техникалық-экономикалық қатынастар;

- әлеуметтік - экономикалық қатынастар;

- ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастар.

Меншіктің экономикалық қатынастар жүйесі келесідей элементтерді қамтиды: иемдену қатынастары, мүліктерді шаруашылыққа пайдалану қатынастары, экономикалық іске асыру қатынастары. Иемдену қатынастары – бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастар, яғни мүліктерге өзінікі ретінде олардың қатынастарын қалыптастырады. Өндіріс құралдарының меншік иелері жасау қызметімен үнемі өздері айналыспайды, олар өздерінің мүліктерін шаруашылық мақсатта қолдануға мүмкіндік береді. Сонда меншік иесі мен кәсіпкер арасында мүлікті шаруашылыққа қолдану қатынасы туындайды. Меншік өз иесіне табыс әкелген жағдайда экономикалық тұрғыдан іске асады. Экономикалық қатынастар жүйесі барлық шаруашылық процесін қамтиды. Меншік қатынастарының жүйесі адамдардың экономикалық қызығушылықтарын (материалдық және мүліктік) туындатады. Жеке меншік құқығы дегеніміз жеке немесе заңды тұланың «құқықтар жинағын» толық немесе оның біреуіне ие болуы. Сондықтан жеке меншіктің әртүрлі нысандары туралы айта аламыз.

Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз барлық құқық жинағына немесе оның кейбіреулеріне тек мемлекеттің ие болуы.

2. Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл экономиканы тұрақтандыруға және өзгермелі жағдайларға бейімделуіне заңдық, орындаушылық және бақылаушылық сипаттағы шаралар жүйесі.

Мемлекеттік реттеудің жалпы стратегиясы келесідей принціптерге негізделеді:

§ Барлық тепе-тең жағдайда экономиканы ұйымдастырудың нарықтық нысанын жоғары бағалау керек. Мемлекет жеке бизнес қызығушылық танытпайтын, тек әлеуметтік-маңызды салаларды қаржыландыруы керек;

§ Мемлекеттік реттеу бизнеспен бәсекелеспеуі керек, керісінше оған көмектесуі керек;

§ Мемлекеттік салық, несие және қаржы саясаттары экономикалық өсу мен әлеуметтік тұрақтылыққа мүмкіндік туғызу керек;

§ Экономиканы мемлекеттік реттеу әсіресе шаруашылық дағдарыстары және халықаралық қатынастар кезінде ерекше маңыздылыққа ие болады;

§ Мемлекеттік араласу нарықтық нысанға енген сайын тиімдірек болады;

Осындай жағдайларда қазіргі нарықтық экономика «мемлекеттік реттелетін» және әлеуметтік бағытталған болып табылады. Мемлекет тұрақтылық пен өркениеттің арқа сүйенеріне айналады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу 3 негізгі мақсатты көздейді:

¨ Нарықтық процестердің жойылмайтын жағымсыз салдарларын мүмкіндігінше азайту;

¨ Тиімді қызмет етуі үшін құқықтық, қаржылық және әлеуметтік алғы шарттарды жасау;

Қоғамның әл-ауқаты нашар топтарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Экономиканы мемлекеттік реттеудің келесідей нысандары бар: құқықтық, экономикалық және әлеуметтік.

3. Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл экономиканы тұрақтандыруға және өзгермелі жағдайларға бейімделуіне заңдық, орындаушылық және бақылаушылық сипаттағы шаралар жүйесі.

Экономиканы мемлекеттік реттеу 3 негізгі мақсатты көздейді:

¨ Нарықтық процестердің жойылмайтын жағымсыз салдарларын мүмкіндігінше азайту;

¨ Тиімді қызмет етуі үшін құқықтық, қаржылық және әлеуметтік алғы шарттарды жасау;

¨ Қоғамның әл-ауқаты нашар топтарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету.

Осы айтылған мақсаттарға жету үшін мемлекет экономикаға әсер ететін күшті реттеу рычагтарын қолданады.

14 билет

1. Экономикалық мағынадағы меншік – бұл мүліктерді меншіктеу және шаруашылыққа пайдалану бойынша адамдар арасындағы шынайы қатынастар. Меншік қатынастары – бұл материалдық және рухани игіліктерді меншіктеу бойынша адамдар арасындағы қатынастар Меншік экономикалық қатынас ретінде адамзат қоғамының қалыптасуы кезінде пайда болды.

Меншіктің субъектілері мен объектілері арасындағы мүліктік қатынастар-ды, заңдық қатынастарды Ежелгі Римнің құқықтық заңдары Римдік құқық анықтаған.

· Иелену – объектінің белгілі бір субъектіге қарауы, меншік иесінің нақты құқығы.

· Пайдалану – меншік объектісін оның қызметіне сәйкес және пайдаланушының шешімі бойынша қолдану.

· Билеу – субъект объектіге өз қалауы бойынша билік етуге құқылы.

Жеке меншік құқығы дегеніміз жеке немесе заңды тұланың «құқықтар жинағын» толық немесе оның біреуіне ие болуы. Сондықтан жеке меншіктің әртүрлі нысандары туралы айта аламыз.

Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз барлық құқық жинағына немесе оның кейбіреулеріне тек мемлекеттің ие болуы.

15 билет.

1. Кәсіпкерлік – бұл адамдардың, заңды тұлғалардың меншік нысандарынан тәуелсіз, тауарларға (жұмыстар мен қызметтерге) сұранысты қанағаттандыру жолымен пайда немесе жеке басына табыс алуға бағытталған ынталы қызметі. Ол жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе шаруашылық іс жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындарға (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген. Кәсіпкерлікке бұндай анықтама Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде берілген.

Кәсіпкерлік нарықтық экономиканың негізі болып табылады. Әртүрлі елдердің тәжірибесінде кәсіпкерліктің келесідей нысандарын бөледі:

Ø Жеке басылық

Ø Серіктестік

Ø Корпорация

Ø Кооператив

Ø Мемлекеттік кәсіпорын

Ынталанушы қызметінің көлеміне қарай келесідей түрге бөлінеді:

§ Жеке кәсіпкерлік – бір адамның және оның жанұясының кез-келген жасампаз қызметі;

§ Ұжымдық кәсіпкерлік – қандай-да бір ұжымның ынталы қызметі.

 

 

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 46 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
1. Возникновение и эволюция экономической науки. | Сьогодні в більшості розвинутих країн світу панує соціально орієнтована ринкова економіка, яка представляє собою найвищу стадію розвитку класичної ринкової економіки. В ній захист конкуренції та

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.084 сек.)