Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономикалық теория бойынша тест 5 страница



б) барлық өнім көлемінің ресурстың өсімшесіне қатынасы арқылы

в) жалпы өнімнің өсімшесі арқылы

г) өнімнің өсімі болмаған жағдайда

д) жұмыста машина қолдану арқылы

301. Кез келген өндіріс факторының қосымша бірлігін арттыру арқылы алынған өндірістің өсішесі қалай аталады?

а) ақша түріндегі шекті өнім

б) қосымша тауар бірлігінен алынатын шекті табыс

+в) өндіріс факторының шекті өнімі

г) өнімге сіңген еңбек мөлшері

д) натуралды түрдегі шекті өнім

302. Өндіріс факторларының жиынтық шығындары мен өндіріс көлемі арасындағы өзара байланыс қалай аталады?

а) еңбектің өсуі

б) өзіндік құн

в) икемділік

г) сатылу көрсеткіші

+д) өндірістік функция

303. Изокванта дегеніміз-.......

а) ұсыныс кестесіндегі бағамен байланысты тауардың саны

б) құндары бірдей еңбек пен капиталдың үйлесуін көрсететін қисық

в) тауардың бағасы мен көлемі арасындағы қатынасты көрсететін қисық

+г) белгілі бір өнім көлемін өндіруде пайдалануға болатын өзгермелі ресурстардың үйлесуін көрсететін қисық

д) тауар бағасы мен сраныс мөлшері арасындағы қатынасты көрсететін қисық

304. Изокоста дегеніміз-.....

а) ұсыныс кестесіндегі бағамен байланысты тауардың саны

+б) құндары бірдей еңбек пен капиталдың үйлесуін көрсететін қисық

в) тауардың бағасы мен көлемі арасындағы қатынасты көрсететін қисық

г) белгілі бір өнім көлемін өндіруде пайдалануға болатын өзгермелі ресурстардың үйлесуін көрсететін қисық

д) тауар бағасы мен сраныс мөлшері арасындағы қатынасты көрсететін қисық

305. Өндіріс факторларының өнімділігінің кему заңы:

а) уақыт өте жердің өнімділігі төмендейді

б) барлық ресурстар олардың өнімділігінің кемуіне қарай өндіріске тартылады

+в) өзге факторлардың шығындарын тұрақты қалдырып, өзгермелі ресурстардың санын арттыру оның шекті өнімін төмендетеді

г) өзгермелі фактордың шекті өнімі көбейеді, ал жалпы өнім төмендейді

д) масштабтың оң әсері байқалады



306. Жалпы өнім бұл-.....

а) өзгермелі шығындар нөлге тең болғандағы өндірістің көлемі

+б) өндірістің барлық факторларын қолданудан алынатын өндіріс көлемі

в) өндіріс факторларының тұрақты жағдайындағы өндірістің өсімі

г) қосымша өндіріс факторларын енгізгендегі өндірістің өсімі

д) тұрақты шығындары нөлге тең болғандағы өндіріс көлемі

307. Орташа өнім бұл-

а) тұрақты фактор бірлігін пайдаланудан алынады

б) өндірістің барлық факторларын пайдаланудан алынады

+в) өндірістің өзгермелі фактор бірлігін пайдаланудан алынады

г) өндірістің тұрақты факторының қосымша бірлігін пайдаланудан алынады

д) өндірістің өзгермелі факторының қосымша бірлігін пайдаланудан алынады

308. Өндіріс факторының бағасы өскенде, фирма қысқа мерзімде не істеуі қажет?

а) осы фактор санын көп мөлшерде қолдану керек

+б) осы фактор санын аз мөлшерде қолдану керек

в) осы фактор санын бұрынғы көлемде қолдану керек

г) өндіріс факторын қолдану оның бағасына қатысты емес

д) өндіріс факторының бағасы оны қолдануға әсер етпейді

309. Капиталдың қорлануы дегеніміз-

+а) өндірісті кеңейту үшін қосымша құнның бір бөлігін қолдану

б) қосымша құнның бір бөлігін байлыққа айналдыру

в) қосымша құнның бір бөлігін банк шотында жинау

г) қоймадағы тауарлар

д) мерзімді депозит

310. Тұрақты капитал деген не?

а) физикалық қасиеті бойынша тұрақты

б) физикалық қозғалмайды

+в) пайдалану кезінде оның құны өспейді

г) пайдалану үрдісінде түрін өзгертпейді

д) барлық аванстық капитал

311. Өзгермелі капитал деген не?

а) өзінің материалдық заттай түрін өзгертетін капиталдың бір бөлігі

б) физикалық қозғалмайды

в) пайдалану үрдісінде оның құны жоғарыламайды

+г) пайдалану үрдісінде оның құны өседі

д) пайдалану үрдісінде оның құны кемиді

312. Капиталдың өзгермелі және тұрақты деп бөліну себебі неде?

а) өндіріс процесіне қатысуы әр түрлі

б) ұдайы өндірістегі ерекшеліктері әртүрлі

+в) қосымша құнды жасаудағы рөлдері әр түрлі

г) натуралдық нысандары әртүрлі

д) еш айырмашылығы жоқ

313. Негізгі өндіріс қорлары дегеніміз-

а) шикізат, материалдар, жұмыс күші

б) өндірістегі дайын өнім

в) өндірістік циклда тек бір рет болатын материалдық заттар

г) отын, энергия, жартылай фабрикаттар

+д) өндірістік циклда бірнеше рет қолданылатын, дайындалатын өнімнің бөліктеріне өз құнын біртіндеп өткізетін материалдық құралдар

314. Айналмалы өндірістік қорлар- бұл:

+а) бір өндірістік циклда толық қолданылатын және дайын өнімге өз құнын толық өткізетін материалдық заттар

б) өндірістен шыққан дайын өнім

в) ғимараттар мен құрал-жабдықтар

г) тұтынушыларға жеткізуге арналған дайын өнім

д) дайындалатын өнімнің бөліктеріне өз құнын біртіндеп өткізетін материалдық құралдар

315. Амортизация- бұл:

а) сауда-саттық іс-әрекет нәтижесіндегі табыстан жасалатын аударымдар

б) жинақ қорына аударымдар

+в) белгілі бір уақыт аралығында қолданылған негізгі капиталдың құнына тең жыл сайынғы аударымдар

г) кәсіпорынның уақытша қолданылмаған құралдары

д) ақша құралдарымен тәуекел еткені үшін төлем

316. Капиталдың айналым жылдамдығы –бұл:

а) өндіріс уақыты

б) айналыс уақыты

в) кәсіпорынға ақшаның қайту жылдамдығы

+г) бір жыл ішінде жасалатын ресурс айналымының саны

д) жұмыс күшінің қозғалысы

317. Негізгі капиталды тұтынуға бағытталған аударымдар:

а) таза инвестициялар

+б) амортизация және амортизациялық аударымдар

в) тұтыну қоры

г) жалпы инвестициялар

д) өндіріске тән шығындар

318. Мына тұжырымның қайсысы «инфрақұрылым» түсігіне сәйкес келеді?

а) еңбек уақыты ішінде пайда болатын оң нәтиже, мақсатты іс әрекеттің түрі

б) барлық денгейдегі нақты және болашақ қажеттіліктерді жаппай қанағаттандыруды қамтамасыз ететін құрылым

+в) жалпы өндіріс жағдайлары мен адамдардың өмір сүруін қамтамасыз ететін шаруашылық түрлерінің жиынтығы

г) жоғарғы деңгейдегі шаруашылық іс-әрекет

д) ұлттық шаруашылықты басқаруға мүмкіндік береді

319. Капиталды ұдайы өндіру дегеніміз не?

а) ұдайы өндірісті қарастырудың басқа әдісі

+б) өндірістегі үзіліссіз процесс

в) экономика салаларының өзара байланысы

г) өндірістегі дара процесс

д) экономика салаларының өзара байланысын білдіреді

320. Ұдайы өндірістің өндірістен қандай айырмашылығы бар?

а) айырмашылығы жоқ

б) қоғамдық өндіріс басқа әдіс арқылы қарастырылады

+в) көп рет қайталатын өндіріс процесі

г) экономика салаларының өзара байланысы ретінде

д) өндіріс нәтижесі-бір өнім түрін шығару

321. Қандай ұдайы өндіру нысанында қосымша құн толығымен табыс ретінде пайдаланылады?

+а) жай ұдайы өндірісте

б) ұлғаймалы ұдайы өндірісте

в) экономикалық дағдарыс кезеңінде

г) өндірістің құлдырауы кезінде

д) экономиканың өркендеуі кезінде

322. Тауар айналысының формуласы қайсы?

+а) Т-Д-Т

б) Д-Т-Д

в) Д-Т-Д¹

г) Д- Д¹

д) Т- Д¹

323. Айналмалы капиталға тән емес:

а) өнім дайындау үрдісінде толық қолданылады

б) оның құны дайын өнімге толық ауысады

в) оның құны тауарды сатқаннан кейін толық қайтарылады

г) ол жаңа капиталды сатып алуға қайта жұмсалынады

+д) оның құны өнімге біртіндеп өтеді

324. Қандай капитал қосымша құн жасайды?

а) сауда капиталы

+б) өнеркәсіп капиталы

в) қарыз капиталы

г) өсім алушы капиталы

д) кез-келген капитал

325. Негізгі және айналмалы капитал деп бөлудің тұрақты және өзгермелі капитал деп бөлуден айырмашылығы неде?

а) бұл өндірістік капиталдың бір бөлігінің қозғалысқа түсетін нысандары

+б) өндірістік капитал бөлімдерінің құндарының айналымға түсуімен ерекшеленеді

в) құн және қосымша құнды жасаудағы олардың рөлі әртүрлі

г) физикалық формалары өзгеше

д) ешқандай айырмашылығы жоқ

326. Жеке капитал айналымы көрсетпейді:

а) өнеркәсіптік капитал қосылған құнды қалыптастырушы

б) өндіріс пен айналыс салалары тікелей байланысты

в) айналым процесінде капитал өзінің қызметтік формасын өзгертеді

г) капитал үнемі қозғалыста болуы керек

+ д) капитал қозғалысы бір циклмен ғана шектеледі.

327. Амортизация дегеніміз не?

а) негізгі капиталдың моральдық тозуы

б) айналмалы капиталдың физикалық тозуы

+в) негізгі капиталдың моральдық және физикалық тозуы

г) тек белсенді капиталдың тозуы

д) тек пассивті капиталдың тозуы

328. Айналмалы капиталдың уақыты неден тұрады?

а) өндіру уақытынан

б) айналым уақытынан

в) жұмыс уақытынан

+ г) өндіру және айналым уақытынан

д) жұмыс уақыты мен сату –сатып алу уақытының сомасынан

329. Өнеркәсіп капиталының үздіксіз қозғалысы қандай нысандарды қамтиды?

а) тек өндірістік нысанды

б) тек ақшалай нысанды

в) тек тауарлы нысанды

+ г) бір мерзімде өндірістік, ақшалай және тауарлы нысандарды

д) бір мерзімде өндірістік және тауарлы нысандарды

330. Негізгі капиталдың элементтеріне жатпайды:

а) машина, құралдар мен құрылғылардың құны

б) өндірістік ғимараттардың құны

в) құрылғылар мен тасымалдаушы механизмдер құны

г) көлік құралдарының құны

+ д) отын, шикізат, қосалқы заттар.

331. Айналмалы капиталға не жатады?

а) машина, құрал – саймандар мен жабдықтар құны

б) шикізат, отын, қосымша материалдар құны

в) жұмысшылардың жалақысы

г) машина, құрал – саймандар мен жабдықтау құны, шикізат, отын, қосымша материалдар құны

+д) шикізат, отын, қосымша материалдар құны және жұмысшылардың жалақысы

332. Айналмалы капиталдың ерекше белгілері (дұрыс емес жауапты белгілеңіз):

+а) ауыспалы айналым барысында өзінің натуралды формасын сақтайды

б) бір ауыспалы айналым ішінде олардың құны толығымен дайын өнімге өтеді

в) әрбір ауыспалы айналымнан кейін олардың құны меншік иесіне ақшалай түрде қайтады

г) меншік иесіне қайтқан ақша құралдары қайтадан өндіріс процесін жалғыстыру үшін айналмалы құралдарды сатып алуға жұмсалады

д) әрбір өндірістік цикл ішінде толық тұтынылады

333. Негізгі капиталдың басты белгілері (дұрыс емес жауапты белгілеңіз).

а) көптеген өндірістік цикл ішінде өзінің натуралды формасын сақтайды

+б) бір ауыспалы айналым ішінде олардың құны толығымен дайын өнімге өтеді

в) көптеген ауыспалы айналым ішінде олардың құны дайын өнімге біртіндеп өтеді

г) олардың құны меншік иесіне біртіндеп ақшалай түрде қайтады

д) олардың тозу құны кәсіпорын шотында жинақталады

334. Берілгендердің қайсысы капиталдың жалпылама формуласы болып табылады?

+а) А– Т - А'

б) Т – А – Т

в) А – Т – А

г) А – А '

д) Т – Т '

335. Тұрақты шығындар – бұл...

а) кез келген өнім көлемінің минималды шығындары

б) айқын емес шығындар

+в) фирма ешқандай өнім өндірмесе де болатын шығындар

г) саты алу кезіндегі баға бойынша ресурстарға кеткен шығындар

д) жер иелері мен жұмысшыларға төлем

336. Өндіріс көлемінің оптималды көлемін анықтауда ескерілмейтін шығындар:

+а) орташа

б) айнымалы

в) шекті

г) бухгалтерлік

д) жалпы

337. Тұрақты және өзгермелі шығындар түсінігі:

а) ұзақ мерзімді кезеңде болады

+ б) қысқа мерзімде болады

в) монополистік нарықта болады

г) жетілген бәсеке нарығындаболады

д) жетілмеген бәсеке нарығында болады

338. «Экономикалық шығын» ұғымына жататындар:

а) жұмысшыларға, жер иелеріне, капитал иелеріне барлық төлемдер

б) жалпы

в) жұмысшыларға, кәсіпкерлерге төлем минус қалыпты пайда

+г) жұмысшылардың, жер иелерінің, капитал иелерінің тек өндірістік ресурстары үшін ғана төлемдер

д) жалдамалы жұмысшылардың жалақысы мен кәсіпкерлердің тәуекелі үшін төлем

339. Өндіріс шығындарын төмендету:

а) пайдамен байланысты емес

+б) пайданың пайда болу шарты

в) бугалтерлік пайданы қалыптастырады

г) пайданың азаюына әкеледі

д) экономикалық пайданы қалыптастырады

340. Жалпы шығындар – бұл...

а) экономикалық шығындар

б) тұрақты шығындар

в) өзгермелі шығындар

+г) өзгермелі шығындар мен тұрақты шығындар

д) бухгалтерлік шығындар.

341. Орташа шығын:

а) өнім бірлігіне кеткен шығындар

б) өнім бірлігіне кеткен өзгермелі шығындар

+в) өнім бірлігіне кеткен жалпы шығындар

г) өнім бірлігіне кеткен тұрақты шығындар

д) тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы

342. Бухгалтерлік шығын – бұл...

а) тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы

б) өнімді өндіру және сату шығындары

в) өнімнің өндірілуіне кеткен ақшалай шығындар

+г) ресурстың құны оны сатып алу бағасына тең

д) өнім бірлігіне кеткен жалпы шығындар

343. Жалпы табыс– бұл...

а) сатудан түскен түсім минус бухгалтерлік шығын

+ б) барлық өнімді сатудан түскен табыс

в) өндірілген жалпы өнімнің құны

г) сатудан түскен түсім минус экономикалық шығын

д) қосымша өнімді сатудан түскен табыс

344. Шекті табыс – бұл...

а) сатылған бір өнімге келетін жалпы табыс

б) бір өнімге келетін жалпы табыс

+ в) сатылатын өнім бірлігін өзгерту нәтижесінде алынатын қосымша табыс

г) өнім бірлігіне келетін орташа табыс

д) барлық өнім сатудан түсетін жалпы табыс

345. Өндіріс шығындары құннан қалай ажыратылады?

+ а) сандық

б) сапалық

в) сандық және сапалық

г) айырмашылығы жоқ

д) жалпы салыстыруға болмайды

346. Төменде көрсетілген шығындардың қайсысы тұрақты шығындарға жатады?

а) жұмысшылар жалақысы, амортизациялық аударымдар, ренталық төлемдер

+ б) басқарушы қызметкерлердің, күзетшілердің жалақысы, несие бойынша %, амортизациялық аударымдар

в) еңбек қауіпсіздігі, күзет, шикізат пен құрал – жабдық шығындары

г) шикізат, электроэнергия, рента, несие бойынша % шығындары

д) шикізат, отын, электроэнергия үшін төлемдер

347. Қысқа мерзімде фирманың айнымалы шығындарын туындататын факторлар:

а) банктік несие пайызының өсуі

б) жергілікті салықтың өсуі

+в) шикізат бағасының өсуі

г) құрал жабдыққа арендалық төлемнің өсуі

д) амортизациялық аударымның өсуі

348. Өндіріс факторының бағасы өскенде, фирма қысқа мерзімді кезеңде не істеуі тиіс?

а) осы факторды көп қолдануы тиіс

+б) осы факторды аз қолдануы тиіс

в) осы факторларды бұрынғы көлемде қолдануы тиіс

г) фактордың бағасы бұл факторды пайдалануға еш әсер етпейді

д) өнім бағасын төмендету қажет

349. Қалыпты пайда қай шығындармен байланысты?

+а) ішкі

б) сыртқы

в) тұрақты

г) айнымалы

д) байланысы жоқ

350. Шекті шығын дегеніміз:

+а) қосымша өнім бірлігіне жұмсалады

б) аймақтың жол құрылысына жұмсалады

в) көтерме базарды ұстауға жұмсалады

г) ғимаратқа қосымша электр жарығын орнатуға жұмсалады

д) жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру үшін жұмсалады.

351. Экономикалық шығын ұғымын қалай түсінуге болады?

+а) құрамында айқын және айқын емес шығындар, сонымен қатар қалыпты пайда бар

б) құрамында айқын шығындар бар, ал айқын емес шығындар кірмейді

в) құрамында айқын емес шығындар бар, ал айқын шығындар кірмейді

г) құрамына айқын да, айқын емес шығындар да кірмейді

д) айқын шығындар айқын емес шығындардан қалыпты пайда мөлшеріне жоғары

352. Ұзақ мерзімді кезеңде:

+а) барлық шығындар өзгермелі

б) барлық шығындар тұрақты болып табылады

в) өзгермелі шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі

г) тұрақты шығындар өзгермелі шығындарға қарағанда тез өседі

д) барлық шығындар айқын емес болып табылады

353. Жалпы шығынды құрайтын қай формула?

а) VC

Q

б) DТС

DQ

в) FC

Q

+г) FC + VC

д) AVC + AFC.

354. Шекті шығындардың формуласы қандай?

а) VC

Q

+б) DTC

DQ

в) FC

Q

г) FC + VC

д) AVC + AFC

355. Орташа тұрақты шығындардың формуласы қайсы?

а) VC

Q

б) DTC

DQ

+в) FC

Q

г) FC + VC

д) AVC + AFC

356. Орташа айнымалы шығындардың формуласы қайсы?

+а) VC

Q

б) DTC

DQ

в) FC

Q

г) FC + VC

д) AVC + AFC

357. Экономикалық пайда ненің айырашылығынан туындайды?

а) жалпы түсім мен өдірістің ішкі шығындары арасындағы айырма

б) жалпы түсім мен өдірістің сыртқы шығындары арасындағы айырма

в) жалпы түсім мен қалыпты пайда арасындағы айырма

+г) жалпы түсім мен өдірістің барлық шығындары арасындағы айырма (ішкі шығын+сыртқы+қалыпты пайда)

д) жалпы түсім мен балама шығындар арасындағы айырма

358. Қазіргі экономика ғылымындағы пайда ұғымының мәні:

+а) барлық табыстардың жиынтығы: %, жалақы, рента, кәсіпкерлік пайда

б) тек капиталға %

в) қосымша құнның өзгерген түрі

г) новатордың табысы

д) кәсіпкер тәуекелі үшін қоғамның төлемі

359. Өндіріс факторлары нарығында бағаның құрылуы:

а) өндіріс факторларының бағалары тұрақты түрде төмендеп отырады

+б) фирма мен сатып алушылардың нақты сұранысы бойынша өзгереді

в) өнім өндірісін арттыруға ықпал етеді

г) өзара алмастыратын және өзара толықтыратын өндіріс факторларының болуын байланысты емес

д) бағалары үнемі өсіп отырады

360. Басқа жағдайлар тұрақты болғанда, өндіріс факторларына сұраныстың икемді болуы:

а) өндірістің арзан факторларын ығыстырып шығарады

б) өндіріс шығындарын жоғарылатады

+в) бағалары төмендеп, өндіріс шығындары азяды

г) бағалары өте жоғары болады

д) өндіріс шығындарын төмендетеді

361. Номиналды жалақының сатып алу қабілеті неден көрінеді?

а) жалақы қойылымынан

+б) нақты жалақыдан

в) ақшалай жалақыдан

г) минималды жалақыдан

д) мерзімді жалақыдан

362. Мерзімді жалақыға қарсы жалақы түрі қандай?

а) аккордті

б) пайдадан алынатын пайыз

+в) келісімді

г) сый ақы

д) дивиденд

363. Еңбекке сұраныс:

а) жалақы мөлшерімен тікелей байланысты

б) еңбекпен өндірілген өнімнің ұсынысымен тікелей байланысты

в) машина мен құрал – жабдықтарға сұраныспен анықталады

+г) осы еңбекпен өндірілетін өнімге сұраныспен анықталады

д) еңбек сапасымен аынқталады

364. Жер рентасының пайда болуының алғы шарты не?

+а) жерді жалға беру.

б) жердің құнарлылығы

в) жердің экономикалық құнарлылығы

г) жерге сұраныс

д) жердің ұсынысы

365. Жер бағасы қалай анықталады?

а) жер құнымен

б) жер рентасының көлемімен

в) қарыз пайызымен

+г) пайыз және жер рентасының көлемімен

д) қарыз жиынтығымен

366. Жердің табиғи сапасы қай рента түрімен байланысты?

а) абсолютті рента

+б) дифференциялдық рента 1

в) дифференциялдық рента 2

г) дифференциялдық рента 1 және 2

д) жалдық төлем

367. «Капиталдың» бағасы не деп аталады?

+а) қарыз пайызы

б) кәсіпкерлік табыс

в) өндіріс шығындары

г) жер рентасы

д) жалақы

368. Нарық экономикасында жалақы қойылымы қалай анықталады?

+а) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы арқылы анықталады.

б) білікті жұмысшыларды жалдайтын фирмалар арасындағы бәсеке арқылы анықталады

в) білікті жұмысшылардың жұмыс орнын таңдау еркіндігімен анықталады

г) мемлекет пен кәсіподақтың реттеуі арқылы анықталады

д) кәсіпкерлердің ассоциациясы арқылы анықталады

369. Нақты жалақы –

а) жұмысшы мен оның жанұясының өмір сүруге қажетті заттарының сомасы

б) жұмысшы күшін ұдайы өндіру үшін қажет тауарлар мен қызметтердің саны

+в) номиналды жалақыға сатып алуға болатын тұтыну құндарының сомасы

г) жұмысшыға төленген ақшалай төлем

д) біліктілікті арттыру мен қайта дайындауға жұмсалынған ақша сомасы

370. Дифференциялды II рентаның пайда болуының шарты қандай?


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 54 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.065 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>