Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стоматология оқу департаментінің ББК м.ғ.к.



«КЕЛІСІЛГЕН»

Стоматология оқу департаментінің ББК м.ғ.к.

______________ Абдикеримов С.Ж.

№ хаттама «» 2015ж.

 

 

«БЕКІТЕМІН»:

Стоматология оқу департаментінің директоры м.ғ.д.

________________Баскакова И.В.

«__»_______________2015ж

2015-2016 оқу жылы хирургиялық стоматология пропедевтикасы пәнінен емтиханның 2 кезеңін жүргізуге емтихан билеттерінің тізімі.

БИЛЕТ № 1

1. 18 жасар бала 3.6 тістің тісжегімен зақымдануына шағымданады. Тіс бұрын емделген, пломба 1 жыл бұрын түсіп қалған. Қарап тексергенде: беті симмметриялы. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Ауыз ашылуы шектелмеген. Ауыз қуысының шырышты қабатының түсі ақшыл- қызғылт. 3.6 тістің медиальді- апроксимальді бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан, шұқып тексергенде, соғып тексергенде ауру сезімі жоқ. Рентгенограмммада: тістің медиальді ұшы аймағында шекарасы анық сүйек тіндерінің деструкциясы анықталады, диаметрі 0,5 см- ге тең. Диагноз қойыңыз. Емдік жоспарды таңдаңыз?

 

2. 1.6 тісті жұлу операциясын жүргізіңіз.

 

БИЛЕТ № 2

1. 18 жасар бала дәрігерге оң жақ жоғарғы жақ аймағының ауруына және ісінуіне шағымданып келді. 2 күн бойы ауырады. Басында тісі ауырды, сосын ісіну пайда болды. Қарап тексергенде: оң жақ жоғарғы жақ аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуінен беттің ассиметриясы анықталды. Тері түсі өзгермеген. Ауыз ашылуы еркін. 1.3; 1.4: 1.5 тістердің өтпелі қатпарының деңгейінде шырышты қабаты қызарған, ісінген, тегістелген, сипап тексергенде ауыратын инфильтрат анықталды. 1.4 тіс қызылиектен төмен деңгейге дейін толығымен зақымданған. Диагноз қойыңыз. Емдік жоспарды таңдаңыз?

 

2. 1.3 тісті жұлу операциясын жүргізіңіз.

 

БИЛЕТ №3

1. 35 жасар ер адам, дәрігерге төменгі жақтың сол жағындағы тістің мерзімді сыздап ауырғанына шағымданып келді. Тіс бұрын емделген. Қарап тексергенде: беті симмметриялы, аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған, 3.6 тіс пломбаланған, соғып тексергенде сезімтал. Медиальді түбір проекциясында қызыл иекте ісінген грануляциялық тіні бар жыланкөз байқалады. Ауыз ішілік рентгенограммада: дистальді түбір өзегі пломбаланған. Медиальді түбір өзегі 1/3 дейін пломбаланған. Медиальді түбірі проекциясында 1 см- дей шекарасы анық емес сүйек тінінің деструкциясы анықталады. Диагноз қойыңыз. Емдік жоспарды таңдаңыз?



 

2. 4.6 тісті жұлу операциясын жүргізіңіз.

 

БИЛЕТ № 4

1. 27 жасар ер адам төменгі жақтың сол жақ аймағының ауруына шағымданып келді Ауру анамнезі: апта бойы ауру сезімі мазалайды. Науқас анальгетиктер қабылдаған, ауыз қуысын фурациллин ерітіндісімен шайған, бірақ жағдайы жақсармаған. Қарап тексергенде: беті симметриялы. Сипап тексергенде: сол жақ жақасты лимфа түйіндері ұлғайған және ауырады. 4.8 тіс бірітіндеп жарып шыққан. Шырышты қалпақшамен жабылған, басқанда астынан ірің бөлінеді. Ретромалярлы аймақ пен шырышты қалпақша ісінген, қызарған. Рентгенограммада: 4.8 тіс тік орналасқан. Ретромалярлы аралық 0,2 см- ден кіші. Ем жоспарын таңдаңыз?

 

2. 4.7 тісті жұлу операциясын жүргізіңіз.

БИЛЕТ №5

1.25 жасар әйел кісі таңдайының сол жағындағы існуіне, осы аймақтағы жедел солқылдаған ауру сезіміне шағымданады.

Ауру анамнезінде: ісіну 3-4 күн бұрын пайда болған, біртіндеп ұлғая берді. Бұған дейін бір апта бойы жоғарғы жақтың сол жағындағы тісі ауырды(емделген тіс).

Қарап тексергенде: беті симметриялы, аузы еркін ашылады. Қатты таңдайдың 2.2,2.3 тістер аймағында сопақша ісіну. Ісіну аймағындағы шырышты қабығы қызарған, сипағанда ауырады, флюктуация белгісі анықталады. 2.3 тіс пломбыланған, ІІ дәрежелі қозғалмалы, соғып тексергенде ауырады. 2.2 тіс интактты, соғып тексергенде ауырады.

Ауызішілік рентгенограммада– 2.3 тіс түбірінің өзегі толық пломбыланбаған, диаметрі 0,5 см түбір ұшы сүйек тінінің біркелкі емес сорылуы анықталады.

Диагноз қойыңыз. Ем жоспарын таңдаңыз.

 

 

2. 3.8 тісті жұлу операциясын жүргізіңіз.

БИЛЕТ № 6

1. Ер кісі жоғарғы жақтың оң жағындағы ауру сезіміне және ісінген кездегі ауру сезіміне, дене температурасының жоғарылауына, қалтырауға, бастың ауыруына, әлсіздікке шағымданады.

Ауру анемнезінде: 3 күн ауырған, басында тісі ауырған, содан кейін жоғарыда айтылған шағымдар пайда болды. Жағдайы нашарлаған.

Қарап тексергенде: оң жағындағы ісінуіне байланысты беті ассиметриялы. Аузын еркін ашады. 1.6,1.7,1.8 тістер аймағындағы өтпелі қатпар қызарған, тегістелген, 1.7 тіс пломбыланған, 1.6,1.8 тістер интактты. Осы тістердің І-ІІ дәрежелі қозғалғыштығы анықталады, соғып тексергенде ауырады, қызыл иек астынан басқанда іріңді бөлініс бөлінеді. Альвеолярлы өсінді білік тәрізді қалыңдаған.

Ауыз ішілік рентгенограммада– 1.7 тістің ұрттық түбірлерінің аймағында сүйек тінінің біркелкі емес сорылуы анықталады. Диагноз қойыңыз. Ем жоспарын таңдаңыз.

 

2. Периостотомия жүргізіңіз.

 

БИЛЕТ № 7

1. 18 жастағы бала жоғарғы тісінің үнемі солқылдап ауруына және тістегенде ауру сезімінің үдеуіне, тістің «өсіп кеткені» сияқты сезіміне шағымданады.

Ауру анамнезінде: тіс біртіндеп тіс жегі үрдісімен зақымдалған. Бұрын емделмеген. Ауру сезімі 5 күн бұрын пайда болды.

Объективті: 1.1 тісте тіс қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуысы, шұқып тексергенде ауырмайды, соғып тексергенде өткір ауру сезімі пайда болады. 1.1 тістің аймағындағы қызыл иек шырышы қабығы қызарған, ісінген.

Ауызішілік рентгенограммада 1.1 тіс периодонтальды саңылауының кеңеюі анықталады. Сіздің диагнозыңыз? Ем жоспарын құрыңыз.

 

2. Периостотомия жүргізіңіз.

 

БИЛЕТ № 8

1. 25 жастағы ер адам,ұрт аймағындағы ісікке шағымданады, басын төмен түсіргенде ауырлық сезіміне, мұрынның оң жақ бөлігі бітелуі және сол жақ мұрын жолдарынан іріңді бөліністердің бөлінуіне, жоғарғы тістердің сыздауына, бас ауруы, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауына шағымданады. Анамнезі: 11 ай бойы берілген симптомдар қайталанып тұрады.

Объективті: беттің оң жағының ісінуіне байланысты бет ассиметриясы, ит шұңқырын сипап тексергенде ауру сезімі бар. Алдыңғы риноскопияда оң жақ мұрын жолында іріңді бөліну көрінеді. Шырышты қабат пен өтпелі қатпар қызарған. 1.7 тіс бұзылған, соғып тексергенде ауру сезімі бар.

Рентгенограммада, мұрын иекасты кескінінінде- қосымша қойнаулардың, оң жақ бөлігінде қараю байқалады, сұйықтық горизонтальді бағытта орналасқан.

Сіздің диагнозыңыз? Дәрігердің келесі іс-әрекеті

 

2. Периостотомия жүргізіңіз.

 

БИЛЕТ № 9

1. 36 жастағы әйел стоматолог-хирургқа төменгі жақтың сол жақ аймағының ауруына және ісінуіне, жалпы әлсіздікке шағымданып келеді.

Ауру анамнезі: 3 күн бұрын төменгі тісі ауырған, сосын төменгі жақ аймағының ауруына және ісінуі пайда болды.

Қарап тексергенде: төменгі жақтың сол жақ аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуінен беттің асимметриясы анықталды. Сол жақтағы жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. 3.5, 3.6, 3.7 тістердің аймағындағы шырышты қабат қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, сипап тексергенде «флюктуация» симптомы анықталады. 3.6 тісте - тіс қуысымен байланысатын терең тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде ауырмайды, соғып тексергенде ауру сезімі әлсіз. Рентгенограммада төменгі жақтың сол жақ бүйірлік проекциясында пішіні 3 см-ге дейін жететін 3.6 тіс түбірінің ұшы аймағында шекарасы анық сүйек тінінің деструкциясы байқалады.Берілген клиникалық көріністер қай ауруға тән? Емдік жоспарды таңдаңыз

 

2. Периостотомия жүргізіңіз.

 

 

БИЛЕТ № 10

1. 29 жасар ер кісі стоматолог-хирургқа- ауызды ашу шектелген және ауырады, төменгі жақтың сол жақ бөлігінің тістерінің ауыруына шағымданып келді. 3 күн бұрын ауырған.

Объективті: 3.8 тісі сау, медальды-қиғаш орналасқан, дистальды және бөліктік шайнау беті ісікпен, ірің бөлетіп қызарған шырышты-сүйек қабығымен жабылған.

Рентгенограммада: 38.Тіс медиальды-қиғаш орналасқан, медиальды төмпешіктері 3.7 тістің мойнына тіреледі. Сіздің диагнозыңыз? Емдік жоспарды таңдаңыз.

 

2. Периостотомия жүргізіңіз.

 

БИЛЕТ № 11

1. 60 жасар әйел адам, ЖБАХ бөліміне сол жақ құлақ маңы сілекей безінің ісінуіне, ауру сезіміне, ауыздың құрғауына, ауызға іріңнің дәмінің келуіне, жалпы әлсіздікке, дене температурасының көтерілуіне шағымданып келді. Анамнезі: 3 күн бұрын ауыра бастаған, суық тиюмен байланыстырады. Қарап тексергенде құлақ маңы сілекей безінің ұлғайғаны анықталады. Сипап тексергенде сілекей безі ауырады. Ауыз қуысында: стенонов түтігінің маңындағы шырышты қабаты қызарған, массаж жасағанда түтік аузынан ірің бөлінеді. Берілген симптомдар қандай ауруға тән? Дәрігердің келесі іс-әрекеті:

 

2. 2.2 тісті жұлу операциясын жүргізіңіз.

 

БИЛЕТ № 12

1. 25 жасар ер адамның 1.6 тісін созылмалы гранульденген периодонт қабынуы себебінен жұлдырту үшін жергілікті жансыздандыру жасалып, тіс жұшлу операциясы жасалды. Науқас кенеттен басы айналып, көзі қарауытып, әлсізденіп, бозарып, терлеп, есін жоғалтты. Дәрігердің жедел іс әрекеттерінен кейін науқас 1 минуттан соң есін жиды. Науқаста қандай асқыну дамыды? Ем жоспарын құрастырыңыз.

 

2. Айви бойынша тіске шендеуіш салыңыз.

 

 

БИЛЕТ № 13

1. 57 жасар ер адам дәрігер хирург стоматологқа төменгі жақсүйегінде жұлынған тістің ұяшығындағы үнемі мазалайтын ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі құлағына таралады. Анамнезінен: тіс 3 күн бұрын жұлынған. Қарап тексергенде: оң жақ төменгі жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады, ауызынан жағымсыз иіс шығады. 4.7 тістің ұяшығы сұр түсті, ыдыраған қан ұйынды қалдығымен толы. Айналасындағы қызылиегі ісінген, қызарған, ауыртпалы.

Дұрыс нақтамалап, ем жоспарын таңдаңыз.

 

2. Айви бойынша тіске шендеуіш салыңыз.

БИЛЕТ № 14

1. 57 жасар әйел адам ауызынан жағымсыз иіс шығатындығына шағымданады. Сырқат анамнезінен: 4 апта бұрын тісі жұлынған, бірақ ұяшығы жазылмаған.

Өмір анамнезінен: науқас 1 жыл уақыт көлемінде қант диабетімен сырқаттанады. Объективті. Беті симметриялы. Ауызын еркін ашады. Ауыз қуысының шырышты қабаты ақшыл қызғылт түсті. 3.4 тіс ұяшығы грануляциямен толған, аз мөлшерде ірің бөлінеді, ұяшық маңындағы қызылиегі қызарған. Рентген суретінде: тіс ұяшығы қабырғасы ыдыраған, түбінде шекарасы анық, көлемі 0,3 см кқлеңке анықталады.

Дұрыс нақтамалап, ем жоспарын таңдаңыз.

 

2. Айви бойынша тіске шендеуіш салыңыз.

 

 

БИЛЕТ № 15

1. 4.7 тісін жұлғаннан кейін науқас ауызын жаба алмайды. Қарап тексергенде: бет пішіні төменгі 3/1 бөлігінің ұзаруы және иегінің алға ығысуы салдарынан өзгерген. Меншік шаунау бұлшықеттері тырысып, айқындалып көрінеді. Құлақ кекілінің алдындағы жағындағы жұмсақ тіндері екі жағынан да ойысталған, ал бет сүйек доғаларының астын сипап тексергенде, буынды өсінділері анықталады. Иегін басып, ауызын жабуды әрекеттегенде, төменгі жақсүйегінде серпіліс тәрізді қозғалыс байқалады. Ауыз қуысы ішінен сипап тексергенде тәжді өсінді алға ығысқаны анықталды. Үлкен азу тістері ған түйіскендіктен, тістемі ашық. Бүйірінен түсірген рентген суретте: буын басы буын төмпешігінің алдыңғы бетінде орналасқан, буын шұңқыры бос.

Дұрыс нақтамалап, ем жоспарын таңдаңыз.

 

2. Айви бойынша тіске шендеуіш салыңыз.

 

.

БИЛЕТ № 16

1. 34 жасар ер адам, төменгі жақсүйегі асты аймағында аздап ірің шығатын жыланкөзге, әлсіздікке, бас ауруына, дене қызуының 37,2°С жоғарылауына шағымданады. Анамнезінен: 3.8 тісі бойымен, жарқыншақтардың ығысуынсыз төменгі жақсүйегі сынығы деген нақтаммен 4 ай бұрын жақ бет аймағы бөлімінде емделген. Объективті: Жұмсақ тіндерінің ісінуі салдарынан, беті асимметриялы, сол жақ төменгі жақсүйегі астында жыланкөз бар. Жасқүйегі асты лимфа түйіндері аздап ұлғайған, ауыртпалы. Ауыз қуысында 3.7, 3.8 тістердің тұсында альвеолды өсіндісінің шырышты қабаты қызарып, ісінген. 3.7, 3.8 тістері интактті, соғып тексергенде ауырмайды, 3.8 тісі І дәрежелі қозғалмалы. Рентген суретінде: сол жағынан төменгі жақсүйегінің сол жақ бұрышындадесрукция ошақтары, сүйек фрагменттерінің айналасында майда секвестрлер анықталады. 3.8 тісі түбір ұшы аймағында шекарасы анық емес, 0,7 см-ге дейінгі сүйек тінінің ыдырауы анықталады.

Дұрыс нақтамалап, ем жоспарын таңдаңыз.

 

2. Жараның АХӨ жүргізіңіз.

 

 

БИЛЕТ № 17

1. 29 жасар ер адам тағам қабылдағанда төменгі жақсүйегі асты аймағы ісініп, шаншитын ауыру сезімі пайда болатындығына шағымданып келген. Тағам қабылдап болған соң ауыру сезімі басылып, ісіну 20-30 мин өткен соң қайтады. Аталған шағымдар 1 жыл бұрын пайда болған. Уақыт өте ұлғайып, ал соңғы 1 ай көлемінде қатты мазалаған. Оң жақ жақсүйегі асты аймағын сипап тексергенде, жақсүйегі асты сілекей безі аздап ұлғайғандығы анықталды, бірақ консистенциясы қалыпты, ауырмайды. Оң жақ Вартонов өзегі ауызы ұлғайған, түсі қалыпты. Өзек бойын сипап тексергенде, өзектің орта бөлігінде диаметрі 0,5 см-ге тең тығыз конкримент анықталады.

Дұрыс нақтамалап, ем жоспарын таңдаңыз.

 

2. Жараның АХӨ жүргізіңіз.

 

БИЛЕТ № 18

1. 48 жасар әйелдің 2.6 тісін жұлу кезінде, сол жақ жоғарғы жақсүйегі қойнауымен қатынасы бер екендігі анықталды. Объективті: 2.6 тісінің түбірлері жұлынған, тіс ұяшығында қабыну көріністері жоқ, жақсүйегі қойнауынан бөліністер жоқ. Дұрыс нақтамалап, ем жоспарын таңдаңыз.

 

2. Жараның АХӨ жүргізіңіз.

 

БИЛЕТ № 19

1. 22 жасар әйел адам оң жақ жоғарғы жақсүйегіндегі ауыру сезіміне шағымданып келген. Анамнезінен: бір күн бұрын, жоғарғы тістерімен баспалдаққа жығылған. Объективті: жоғарғы ерні сәл ұлғайған, жақасты аймағы лимфа түйіндері өзгеріссіз. Ауыз қуысында: 1.1 тісінің түсі өзгермеген, кесу қыры көрші тістерінің кесу қырынан 0,3 см ге биік орналасқан, соғып тексергенде ауырады, 1.1 тісінің айналасындағы қызыл иегі ісінген, қызарған. Рентегн суретінде: 1.1 тісінің бүтіндігі бұзылмаған, 1.1 тісі түбір ұшында периодонт саңылауы байқалмайды. Дұрыс нақтамалап, ем жоспарын таңдаңыз.

 

2. Жараның АХӨ жүргізіңіз.

 

 

БИЛЕТ № 20

 

22 жасар әйел адам, жоғарғы жақ аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып келді.Анамнезінде 1 сағат бұрын қабырғаға алдыңғы тістерін үрып алған. Обьективті: жоғарғы еріннің домбығуы,,ауыз қуысынан қан кету, тіндердің сырылуы. 2.1, 1.1 тістерін қолында алып келді.

 

2. Жараның АХӨ жүргізіңіз.

 

 

Кафедра отырысында талқыланған

№ ___хаттама «» 2015 ж

 

 

Хирургиялық стоматология

кафедра меңгерушісі м.ғ.д., Мирзакулова У.Р.

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 40 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Председатель цехового комитета | Правила участия в конкурсе

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.022 сек.)