Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Терапия (греч. θεραπεία — емдеу, сауығу)- медицина ғылымының ішкі орган аурулары, олардың себептері, даму барысы, оларды



 

 

Кафедра:Медициналық құқық

СӨЖ

 

 

Орындаған:Бекниязова А.А

Тексерген:Қошқарбаев Е

Тобы:003-2к

 

 

Анықтамасы:

Терапия (греч. θεραπεία — емдеу, сауығу)- медицина ғылымының ішкі орган аурулары, олардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін саласы.

Дамуы тарихы:

19ғасырда патологиялық анатомия, физиология, бактерология ғылымдарының қол жеткен ғылыми табыстары және Ж.Корвизар, Р.Лаэннек (Франция), Р.Брайт (Ұлыбритания), И.Л.Шенлейн, Й.Шкода, Л.Траубе(Германия, Австрия) және С.П.Боткин (Ресей), тағы басқа белгілі ғалымдардың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары Терапияның жедел дамуына негіз болды. 20 ғасырда Терапияның құрамынан кейбір бөлімдер (гастроэнтерология, нефрология, т.б.) өз алдына жеке ғылыми сала болып бөлініп шықты.

Қазақстандағы терапия саласындағы зерттеулер:

Алматы мемлекеттік медициналықинститутында (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) ішкі аурулар клиникасы ұйымдастырылғаннан кейін басталды (1931). Қазақстанда Терапия саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары медициналық университеттерде, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында, Дәрігерлер білімінжетілдіруинститутында, Гигиена жәнеэпидемиология ғылым

зерттеу орталығында, Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығында, Еңбек физиологиясы және гигиенасы институтында, т.б. ғылыми мекемелерде жүргізіледі.

Анықтамасы:

Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер - бұл жасына, жынысына немесе ауру сипатына қарамастан, жеке адамға, отбасыларына және адамдардың бүкiл контингентiне алғашқы және үздiксiз медициналық көмек көрсетуге тиiсті рұқсаты бар, дипломды медицина қызметкерi.

Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi:

1) неғұрлым кең тараған аурулар мен жарақаттарға тиiсiнше диагноз қою, емдеу және оңалту;

2) негiзгi инфекциялық ауруларға қарсы иммундау шаралары;

3) эндемикалық және басым инфекциялық аурулар профилактикасы және олармен күрес;



4) ана мен баланың денсаулығын қорғау, соның iшiнде отбасын жоспарлау мәселелерi;

5) гигиеналық тәрбие, салауатты өмiр салтын қалыптастыру;

6) сапалы тамақ өнiмдерiмен жабдықтауға жәрдем көрсету және ұтымды тамақтану жөнiнде ұсыныс жасау;

7) сапасы жақсы сумен жабдықтауға және негiзгi санитарлық шаралар жүргiзуге жәрдем көрсету;

8) дәрi-дәрмек бұйымдарын дәрi-дәрмек формулярына және емдеудiң осы заманғы хаттамаларына сәйкес ұтымды тағайындау және пайдалану болып табылады.

Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң құқықтары:

1) атқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдарына тiркелген халыққа емдеу-профилактикалық көмек көрсету, еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсарту жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
2) аймақта және республикада халықтың денсаулығына қатысты ақпаратқа қол жеткiзуге;
3) кәсiби қоғамдық бiрлестiктерге (қауымдастықтар, академиялар, отбасылық дәрiгерлер одағы) кiруге және оларды құруға құқығы бар.

Жалпы практика дәрiгерi/ отбасылық дәрiгерінің жауапкершілiгi:

1) тiркелген халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмектiң ұйымдастырылуы мен сапасы;
2) қаржы және есеп-есеп беру құжаттамаларының растығы:
3) осы Ережеде көзделген міндеттердің тиісінше орындалмағаны үшiн жауап бередi.

Анықтамасы:

Кардиология (көне грекше: kardіa – жүрек және көне грекше: logos – ілім) – жүрек пен қан тамырларының құрылысы, қызметі және олардың ауруларының пайда болу себептері мен дамуы, белгілері және оларды анықтау, емдеу әдістері мен олардан алдын ала сақтану жолдары туралы ғылым, медицинаның бір саласы.

Даму тарихы:

Сондай-ақ кардиология жүрегі мен қантамырлары зақымданған адамды аурудан айықтыру әдістерін жетілдірумен де шұғылданады. Республикада кардиология дербес ғылым ретінде Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) емдеу кафедрасы ашылысымен қалыптаса бастады (1935). Жалпы және жеке органдардағы, әсіресе, жүректегі қанайналысының жүйке, қан арқылы реттелуі жөніндегі мәселелерді зерттеп, интер- және экстроцепторлардың жүрек тамырларына, артериялық және веналық қысым мөлшеріне, лимфа айналысына тигізетін әсері, оның механизмі айқындалды (А.П.Полосухин,Н.О.Базанова, Р.Ә.Сәтбаева, А.М.Бекетаев, І.А.Бірімжанова, А.Е.Бөлекбаева, т.б.). Шокқа (есеңгіреу) қарсы арнайы сұйық дәрі дайындалды (Полосухин, т.б.). Жүрек пен қан тамырлары зақымданған кездегі холестерин алмасуы зерттелді (Т.Я.Полосухина, В.И.Якубовская), жүйке жүйесі қызметінің бұзылуының артериядағы қан қысымының өзгеруіне әсері анықталды (Б.А.Атшабаров). Маймен реакцияға түсетін, жүрек етін сергітетін өсімдік препараттары (Бунге киікотының сұйық сығындысы, хош иісті алабұта, т.б.) дәрігерлік практикаға енгізілді (Ф.Ж.Жұмағалиева, Р.Ә.Сәтбаева, т.б.). Республиканың әр өңірінде жүректің ишемиялық аурулары мен артериялық гипертонияның таралу жиілігі (Сәтбаева, М.Ш.Тастамбекова), жүрек және қантамыр ауруларының эпидемиологиясы мен одан алдын-ала сақтану жолдары анықталды (А.Ж.Рысмендиев), республикада артериялық гипертонияны емдеу мектебінің негізі қаланды (Ә.Жүсіпов). Қазақстанның өнеркәсіп орындарында істейтін жұмысшылар арасында артериялық гипертонияның таралуы (эпидемиологиясы), одан сақтану жолдары зерттелді (Ғ.А.Құлқыбаев, О.А.Әбдібаев, т.б.). Жүректің ишемиялық ауруларына антиоксидант және кальций әсерін бейтараптайтын дәрілермен әсер ете отырып, жүрек етінің зақымдануын тежеуге болатыны дәлелденді (Құлқыбаев, т.б.).

Анықтамасы:

Аллергология (грекше allergіa — аллергия және logos — ілім) — аллергиялық аурулардың пайда болу себептерін, даму жолдарын, клиникалық белгілерін зерттейтін және олардан алдын-ала сақтану мен емдеу әдістерін жетілдіретін иммунология мен клиникалық медицинаның бір саласы.

Иммунология (иммунитет және грек. logos – ілім) – организмнің әртүрлі антигендерге (организмге түскен жат текті агенттер) молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы.

Даму тарихы:

Иммунологияның дамуына 18 ғасырдың аяғында медицина мен биологияда ашылған жаңалықтар үлкен ықпал етті. 1796 жылы ағылшын дәрігері Э.Дженнер алғаш шешекке қарсы егуді ұсынып, соның нәтижесінде организмде иммунитет қалыптасатынын дәлелдеген. 1880 жылы Л.Пастер күйдіргі мен құтыруға қарсы егілетін вакцинаны тапты. 1887 жылы И.И.Мечников ғылымдағы үлкен жаңалық – фагоцитоз процесін ашып, иммунитеттің жасушалық теориясын ұсынды. 1900 жылы австралиялық ғалым К.Ландштейнер адам қанының тобы мен резус-факторын ашып, соның нәтижесінде тіндік бірдей антигендер теориясының негізін салды. Иммунологияның зерттейтін нысаны – организмнің иммундық жүйесіне өзіндік немесе өзіндік емес әсер етіп, оның қызметін күшейтетін немесе әлсірететін жат заттар – антигендер; иммунды компотентті органдар (сүйек кемігі, қалқанша без, көк бауыр, лимфа бездері, шырышты қабаттардың лимфоидты аппараты); жасушалар (лимфоциттер, макрофагтар, фибриобласттар, т. б.) мен олар бөліп шығаратын молекулалар (иммунды-глобулиндер, медиаторлар, комплементтер, цитокиндер, т. б.) сондай-ақ молекулалардың қатысуымен болатын құбылыстар мен патологиялық жағдайлар (жүре пайда болатын иммунитет, аутоиммунды аурулар, иммундық тапшылықтар, трансплантациялық иммунитет, иммунологиялық төзімділік) болып табылады.

1963 жылдан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қабылдаған арнайы Иммунология бағдарламасы орындалуда. Осы бағдарлама бойынша құрылған иммунология және иммунды глобулин анықтамалық орталықтарында иммундық патология, паразиттік аурулардың иммунологиясы, қатерлі ісік иммундық терапиясы және жасушалық иммунитеттің тіндік үйлеспейтін антигендерін реттеу мәселелері туралы симпозиумдар мен ғылыми конференциялар өткізілді. Қазақстанның Ұлттық иммунологтар қоғамы халықаралық иммунологиялық қоғамға мүше.Қазақстанда Иммунология саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар – академигі Х.Жұматов, Н.Д.Беклемишев, малдәрігерлік ғылыми докторы, профессор К.Н.Бучнев,медициналық ғылыми докторы, профессор ауылы Шортанбаев пен Б.В.Каральник, т. б. Иммунологиялық зерттеулермен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министнің Гигиена және эпидемиология ғылыми-зертеулік Орталық, Дәрігерлер білімін жетілдіру институты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министнің Онкология және радиология ғылыми-зертеулік институты, Микробиология және вирусология ғылыми-зертеулік институты шұғылданады.

Министр Ж. Досқалиев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 702 бұйрығымен бекітілген:

Жалпы ережелер

1. 0-18 жасқа дейінгі балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар аллергопатологиямен ауыратын балаларға уақытылы анықтауға, тексеруге және емдеуге бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында ұйымдастырылады.
Балаларға аллергологиялық көмек көп бағдарлы емдеу-профилактикалық ұйымының аллергологиялық бөлімшесінде, балалар аллергологиялық кабинеттерінде және күндізгі аллергологиялық стационарларда көрсетіледі.
2. Аллергологиялық көмек аллергопатологиямен ауыратын балаларды уақытылы ерте анықтау, диспансерлік бақылау және емдеуді қамтиды.
3. Балаларға аллергологиялық көмек көп бағдарлы денсаулық сақтау ұйымдары бастапқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық және стационарлық медициналық көмек түрінде көрсетіледі.
4. Штаттан тыс бас балалар аллергологі (республиканың, облысының, қаланың) аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын үйлестіреді.

Балаларға аллергологиялық көмек көрсететін
ұйымдардың негізгі міндеттері:

1) аллергиялық аурулармен ауыратын балаларды тексеруге және емдеуге жіберілген балаларға іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
2) себепті-елеулі аллергендерді анықтау мақсатында арнайы аллергологиялық диагностика жүргізу;

3) арнайы иммунотерапияны (аллерговакцинациялау) ұйымдастыру және жүргізу;
4) аллергиялық ауруларды диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың жаңа әдістерін меңгеру және енгізу.

Анықтамасы:

ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯ [грек. gastr (gastrs) — асқазан, қарын, nteron — ішек және lgos — ілім] — адамның асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі, аурулары (көбінесе, жұқпайтын), олардың себептері, патогенезі (дамуы), белгілері, оларды анықтау, емдеу және олардан сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы.

Дамуы тарихы:

Гастроэнтерологиядербес ғылым ретінде гепатология, проктология бөлініп шықты. Ас қорыту органдарының аурулары ерте заман ғалымдарына да белгілі болған. Мыс., асқазанның ойық жара кеселі, оны емдеу жолдары Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) еңбектерінде де кездеседі. Гастроэнтерология ғылымы 19 ғ.-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында кеңінен дамыды; асқорыту қызметін реттейтін гормондар (гастрин, секретин, холецистокинин) ашылды, асқазанның гастрит, ойық жара, қарын рагін тудыратын H. pylorі микробының және созылмалы гепатиттің қоздырғыштары — А, В, С, D, Е, G вирустары терең зерттелді. Қазақстанда Гастроэнтерология саласындағы зерттеулер 1931 ж. басталды. Гастроэнтерология республикадағы ғыл. мед. орталықтар, мед. ин-ттар мен ун-ттер, академияларың тиісті бөлімдері, кафедралары шұғылданады. Хирургиялық Гастроэнтерология (М.Әлиев) зерттелуде. Асқорыту жүйесінің созылмалы ауруларын “Сарыағаш”, “Ақсай” минерал суымен емдеу тәсілдері табылды (И.Г. Железников, З.И. Одинец). Әр түрлі кәсіби топтарға жататын адамдардың ішек-қарын ауруларына шалдығу себептері, оларды анықтау, емдеу, олардан сақтану жолдары зерттелуде (Г.И. Белоруская, М.Бердіхожин). Ұйқы безі, өт шығару жүйесі дерттерін анықтауға мүмкіндік беретін рентгенол. зерттеулер дами түсті (С. Түсібеков). Өңеш пен ішек-қарынның, өт жолы мен ұйқы безі түтіктерінің сырқаттары эндоскоп арқылы, асқорыту жүйесі радий-изотоп, ультрадыбыс әдістерімен зерттелетін болды. Асқорыту жүйесі ауруларын анықтауда гистол., гистохим., гастро-энзимол., иммуноморфол. әдістер, электрондық микроскоппен зерттеу әдісі кеңінен қолданылады (Н.И. Колычева, Е.Л. Зумеров). Өңеш қабынуын емдеу, одан сақтану тәсілдері ұсынылды (Р. Бектаева, т.б.), асқазан, ішек ауруларының патогенезіне қарай емдеу әдісі табылды (А. Жанғабылов), бауыр, өт жолдары ауруларының паталогиялары зерттелуде (Л.К.Пальгова, т.б.).

Анықтамасы:

Гематология ( грек. haіma, haіmatos – қан және logos – ілім) – қан және қан түзілу жүйесі, олардың құрылысы, қызметі, аурулары, осы ауруды емдеу туралы ғылым; медицинаның бір саласы.

Анықтамасы:

Онкология (грек. oncos – өскін, ісік және logos – ілім) – медицина ғылымының ісік ауруларының пайда болу себептерін, даму жолдарын, клиникалық белгілерін анықтап, емдеу, олардан сақтану жолдарын зерттейтін саласы.

Дамуы тарихы:

Онкология 20 ғ-дың басында экспериментальді медицинаның қол жеткен жетістіктерінің негізінде 3 бағытта дамыды: вирустықОнкология (негізін салғандар француз ғалымы А.Боррель, 1903; америкалық Ф.Роус, 1911); химиялық Онкология (жапон ғалымдары К.Ямагива, К.Итикава, 1915); радиациялық Онкология (француз ғалымы А.Лакассань, 1932 және т.б.). Қазақстанда Онкология ғылымының дамуына ҚазКСР Мин. Кеңесінің “Рак жөніндегі ғылыми-зерттеулерді үдету және халыққа көрсетілетін онкологиялық көмекті жақсарту шаралары туралы” Қаулысының (1959) ықпалы зор болды. Сол жылы Қазақстан ғылым академиясының жанынан онкология сектор ашылып, 1960 ж. ол Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды.

Қазақ ғалымдары:

Қазақстанда Онкология мен радиология саласындағы негізгі ғылыми жұмыстар: республика тұрғындарының географиялық орналасуын, олардың қатерлі ісікке шалдығуын, аурудың одан әрі асқынып, жайылу себептерін жан-жақты зерттеуге бағытталған. Уытты ісікті анықтау, одан арылу шараларын іздестіріп, сақтану әдістері, қатерлі ісіктерді хирургиялық жолмен, сәуле түсіру әдісімен емдеу тәсілдері жетілдірілді. Республикада Онкология саласындағы ғылыми зерттеулер Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының, Қазақ ұлттық медицина университетінің, Астана, Қарағанды, Семей, Ақтөбе медицина академияларының арнайы кафедраларында жүргізіледі. Қазақстанда Онкологияның дамуына С.Нұғыманов, С.Балмұханов, Ж.Әбдірахманов, О.Смахтина, Н.Количева, М.Қайрақбаев, Н.Әжіғалиев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты.

Министр С. Қайырбекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 02 тамыздағы №452 бұйрығымен бекітілген:

Жалпы ережелер:

1. Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарт амбулаториялық – емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Онкологиялық төсектермен қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 22 қыркүйекте № 7198 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 540 бұйрық) бекітілген Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі туралы ереженің талаптарына сәйкес көзделеді.
4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын ұйымдарды қоспағанда онкологиялық ұйымдардың штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 сәуірде № 6173 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 238 бұйрық) бекітілген штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
5. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
верификацияланған диагноз – зертханалық зерттеу әдістерімен бекітілген клиникалық диагноз;

жоғары мамандандырылған медициналық көмек – медициналық ұйымдарда диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
жоғары технологиялық сәулелік емдеу - қатерлі және қатерсіз ісіктермен ауыратын науқастарға күрделі, бірегей немесе ресурстық сыйымдылықты медициналық технологияларды (конформдық сәулелік терапия, қарқынды модулдендірілген және кескіндер бойынша басқарылатын сәулелік терапия, протондық сәулелік терапия, стереотаксикалық радиохирургиялық және стереотаксикалық фракциялық сәулелену);
қатерлі ісіктің химиотерапиясы – пролиферацияны тежейтін немесе ісік жасушаларын қайтымсыз зақымдайтын дәрілік заттарды емдік мақсатта пайдалану;
маммология – сүт бездерінің әр түрлі ауруларының профилактикасына, диагностикасы мен еміне арналған медицина бөлімі.
проктология – жуан ішектің әртүрлі ауруларының профилактикасына, диагностикасы мен еміне арналған медицина бөлімі.
сәулелік терапия (радиотерапия) – бағытталған және арнайы дозаланған иондаушы сәулеленудің көмегімен ісіктер мен кейбір ісікалды ауруларды емдеу әдісі;
скринингілік бағдарлама – клиникалық симптомсыз адамдардың ауруларын анықтауға бағытталған халықтың белгілі бір санаттарын тарта отырып, диагностикалық іс-шаралар бағдарламасы.
ядролық медицина – онкологиялық ауруларды қоса алғанда адам ағзалары мен жүйелерінің әр түрлі ауруларының профилактикасына, диагностикасы мен емі мақсатында радиоактивтік элементтер мен иондаушы сәулелеуді қабылдайтын медицина саласы.

 

Онкологиялық науқастарды ерте диагностикалау мен жүйелі
диспансерлік бақылауды жүргізуді ұйымдастыру

16. Онкологиялық аурулардың даму қаупі бар топтарын қалыптастыруды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда оларды одан әрі сауықтыра отырып, учаскелік дәрігерлер, жалпы практика дәрігерлері, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін бейінді мамандар (бұдан әрі – МСАК) онколог дәрігерлердің көмегімен жүргізеді.
17. МСАК мамандары қатерлі ісіктерді ерте анықтауға, оның ішінде скринингтік тексеріп-қарауларға қатысады, бекітілген халық арасында онкологиялық сақтықты арттыру бойынша ақпараттық-білім беру жұмыстарын жүргізеді.
18. Ісік ауруларына күдіктенген немесе анықтаған жағдайда МСАК мамандары пациентті емхананың (қалалық, аудандық) онкологиялық кабинетіне жібереді. Онкологиялық кабинеттің дәрігері қажетті тексеріп-қарауды жүргізгеннен кейін диагнозы растау және тексеріп-қарау мен емдеудің кейінгі тәсілдерін анықтау үшін пациентті онкологиялық кабинетке жіберу туралы мәселені шешеді. Аудандық онколог тиісті деректерді онкологиялық науқастың электрондық тіркеліміне (бұдан әрі – ОНЭТ) енгізеді.
19. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) деңгейінде пациентті тексеріп-қарау мерзімі 3 күннен 5 күнге дейінгі жұмыс күні.
Пациентті онкологиялық кабинетте толық тексеріп-қарау мерзімі – 7 жұмыс күні.
20. Қатерлі ісік диагнозы өмірінде алғашқы рет белгіленген әрбір пациентке «Обыр және қатерлі ісік диагнозы өмірінде алғашқы рет белгіленген науқастар туралы хабарлама» статистикалық нысаны (№ 907 бұйрығымен бекітілген № 090/е нысан) (бұдан әрі -090/е нысан) толтырылады.
21. Көрсетілген статистикалық нысанды міндетті түрде меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан қатерлі ісіктің осы жағдайын анықтаған медициналық ұйымның дәрігерлері толтырады және үш күннің ішінде пациенттің тұрақты тұратын жеріндегі онкологиялық ұйымға жібереді.
22. ОНЭТ тіркеуді, сондай-ақ онкологиялық науқастарды қайта тіркеу және есептен алуды электрондық цифрлық қолтаңбасы бар онкологиялық ұйымның жауапты адамы жүзеге асырады.
ОНЭТ өзгерістер енгізу мыналардың негізінде жүзеге асырылады:
дәрігерлер толтырып, қол қойған № 090/е нысаны;
азаматтық хал актілері жазбасы органдарынан қайтыс болуы туралы куәлік.
23. Аурудың IV сатысында және ІІІ сатыдағы көзбен көрінетін орындарда алғаш қатерлі ісік диагнозы белгіленген әрбір пациентке «Науқаста қатерлі ісіктің асқынған нысаны анықталған жағдайға арналған хаттама» статистикалық нысаны (IV клиникалық топ)» (№ 907 бұйрығымен бекітілген № 027-2/е нысан) (бұдан әрі - № 027-2/е нысан) толтырылады.
24. МСАК ұйымдарында келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен дейін ай сайын аумақтық онкологиялық ұйымға ұсынылатын Қатерлі ісіктің асқынған жағдайларын талдау хаттамаларын (бұдан әрі – Талдау хаттамасы) ресімдей отырып қатерлі ісіктің барлық анықталған асқынған жағдайларын талдау жүргізіледі. Талдау хаттамаларының саны толтырылған № 027-2/е нысандарының санына сәйкес келуі тиіс.
Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – Денсаулық сақтау басқармасы) құрамына Денсаулық сақтау басқармасының медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсету мәселелеріне жетекшілік ететін мамандары, онкологиялық қызметтің басшысы мен мамандары, Денсаулық сақтау басқармасының асқынған онкологиялық ауруларды асқынған орны бейіні бойынша штаттан тыс мамандары, МҚАК мен МФҚБК аумақтық департаменттерінің өкілдері (келісім бойынша) кіретін онкологиялық жағдайларды талдау үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құрады.
Асқынған жағдайларды талдау жөніндегі комиссия қатерлі ісіктерді уақтылы диагностикаламауға әкеп соққан диагностикалық қателердің себептеріне талдауды жүзеге асырады, қатерлі ісіктерді уақтылы диагностикаламаған дәрігерлерді шақыра отырып, барынша көрініп тұрған асқынған жағдайларға талдау жүргізеді.
Талдау нәтижелері Денсаулық сақтау басқармасы мен оларға жол бермеу жөніндегі ұсыныстарды бере отырып асқыну орын алған медициналық ұйымдардың басшыларына жеткізіледі.
25. Барлық орналасқан қатерлі ісік диагнозы бар пациенттер диспансерлік есепке алынады және аумақтық онкологиялық диспансер динамикалық бақылау жүргізеді. Бұл ретте көздің, бас және жұлын, лимфа және қан өндіру тіндерінің қатерлі ісіктері бар пациенттер окулисттердің, нейрохирургтардың, гематологтар мен басқа да бейінді мамандардың бақылауында бола алады.
26. Өмірінде алғашқы рет диагноз белгіленген әрбір пациентке «Динспансерлік байқаудың бақылау картасы (онко)» статистикалық нысаны (№ 907 бұйрығымен бекітілген № 030-6/е нысан) толтырылады.
27. Клиникалық топтар – бұл диагностикалық және емдеу іс-шараларын таңдау кезінде дәрігердің тәсілін анықтайтын пациенттерді санаттарға бөлу. Диспансерлік бақылауға алынған пациенттер мынадай клиникалық топтарға бөлінеді:
Iа топ– қатерлі ісікке күдікті аурулары бар пациенттер;
Iб топ – ісікалды аурулары бар пациенттер;
II топ – арнайы емдеуге жататын (хирургиялық, химиотерапия, сәулелік терапия) қатерлі ісіктері бар пациенттер;
Iiа топ – түбегейлі емдеуге жататын қатерлі ісіктері бар пациенттер;
III топ – қатерлі ісіктері түбегейлі емдеу жүргізілгеннен кейінгі пациенттер (іс жүзінде дені сау адамдар);
IV топ– паллиативтік немесе симптомдық емдеу жататын қатерлі ісіктің таралған нысандары бар пациенттер.
28. Iа клиникалық топтардағы пациенттерді тереңдете тексеріп-қарау онкологиялық диспансерге қаралған сәтінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұйымдастырылып, жүргізілуі тиіс.
Iа клиникалық топтағы пациентті тереңдете тексеріп-қарау нәтижесі бойынша диспансерлік есептен алынады немесе басқа клиникалық топтарға ауыстырылады:
пациентте қатерлі ісік диагнозы анықталған (верификацияланған) жағдайда ІІ клиникалық топ бойынша диспансерлік есепке алынады;
қатерлі ісіктің асқынған нысандары барлар IV клиникалық топқа ауыстырылады;
ісік алды ауру анықталған пациент Iб клиникалық топқа ауыстырылады.
29. Iб клиникалық топтағы пациенттер бекітілген жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымда МСАК мамандарының динамикалы бақылауы мен сауықтыруында болады.
30. IIа клиникалық топ – тек түпкілікті ем (хирургиялық немесе аралас ем, кешенді терапия) көрсетілетін қатерлі ісіктің ерте нысаны бар пациенттер.
II клиникалық топта сатысына қарай, оның ішінде арнайы емге айғағы бар болған жағдайда 4-сатыдағы қатерлі ісіктері бар пациенттерге арнайы ем көрсетілетін жалпы барлық алғашқы пациенттер бақыланады.
II клиникалық топтағы онкологиялық аурулары бар пациентті бақылаудың орташа ұзақтығы – бақылау ұзақтығы кемінде 5 жылды құрайтын гормонотерапия алатын пациенттерді қоспағанда 18 ай.
32. I топтан III топқа ауыстыру түпкілікті емделудің диагностикалық расталған нәтижесін алу кезінде, сондай-ақ қатерлі ісік күшеймеген және асқынбаған кезде арнайы емдеудің толық курсы аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
33. III клиникалық топтағы пациенттер қатерлі ісік күшейген және асқынған кезде II-ге ауыстырылуы мүмкін.
34. IV клиникалық топқа паллиативтік және симптомдық емдеуге жататын арнайы емдеуге мүмкіндік бермейтін ауыр қосалқы патологиясымен қатерлі ісіктің асқынған нысандарымен ауыратын пациенттер кіреді.
II клиникалық топтан IV клиникалық топқа ауыстыру емдеу аясында ауру күшейген кезде жүзеге асырылады.
III клиникалық топтан IV клиникалық топқа ауыстыру арнайы ем жүргізуге мүмкіндік бермейтін динамикалық бақылау мен жағдайы нашарлаған уақытта ауру күшейген кезде жүзеге асырылады.
35. Паллиативтік және симптомдық ем алуға мұқтаж IV клиникалық топтың пациенттерін бекітілген жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымдағы МСАК мамандары бақылайды.
36. Онкологиялық науқастарға ауырсынуға қарсы терапияны тағайындау қажет болған жағдайда бұл консультацияны онкологиялық диспансердің ауырсынуға қарсы терапия кабинетінің дәрігері жүзеге асырады.
37. Онкологиялық науқастарға құрамында есірткі құралы бар дәрілік заттарды тағайындау, пайдалану, жазып беру, босату, сақтау, бөлу, есепке алу, жою «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық құралдар мен прекурсорларды медициналық мақсатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 396 қаулысымен регламенттеледі.
38. Есірткілік ауырсындырмайтын препарттарды тағайындау қажеттігі туралы шешімді МСАК деңгейінде комиссия арқылы береді және тиісті хаттамамен ресімделеді. Қорытынды тұрғылықты жері бойынша пациенттің амбулаториялық картасына жапсырылады, бұл учаскелік дәрігердің ерекше үлгідегі («қызғыш бланктер») рецепті жазып беруі үшін негіз болып табылады.
39. Есірткілік препараттар алған онкологиялық науқастар 10 күн бойы кемінде 1 рет МСАК дәрігерінің жүйелі бақылауына жатады. Егер онкологиялық науқас есірткілік препараттарды 3 айдан аса қабылдаған болса онкологиялық диспансердің жүргізілген ауырсынуға қарсы терапия орындылығы мен тиімділігі туралы қорытындысын алу қажет.
40. Есірткілік препараттарды тағайындау мерзімдерін бақылауды пациентке қызмет көрсететін аумақтағы аудандық онколог жүзеге асырады.
41. Учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша инкурабельдік онкологиялық науқастар хоспис жағдайында немесе онкологиялық диспансердің паллиативтік көмек бөлімшесіне ауырсынуға қарсы терапия дәрігерінің жолдамасы бойынша паллиативтік көмек ала алады.
42. Қатерлі ісктері бар пациенттер өмір бойы онкологиялық диспансерде диспансерлік бақылауда болады. Егер ауру кезінде пациентті тексеріп-қарау тәсілдерін талап етпесе, жүргізілген емнен кейінгі диспансерлік тексеріп-қарау былайша жүзеге асырылады:
бастапқы жылдың ішінде – үш айда бір рет;
екінші жылдың ішінде – алты айда бір рет;
одан әрі – жылына бір рет.
43. Қатерлі ісігі бар пациент диагнозды белгілеген сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей мамандандырылған емдеуді бастауы, диспансерлік есепке алынуы тиіс.
44. Қатерлі ісігі бар пациент мынадай жағдайларда диспансерлік есептен алынады:
басқа өңірге, елге көшкен кезде амбулаториялық картадан нақты көшірмесін қолына бере отырып;
өршу болмаған жағдайда жазылғаннан кейін 5 жылдан астам «тері базалиомасы» диагнозымен онкологиялық диспансерде бақылауда болғанда;
өлім жағдайында, аудандық онколог, қалалық емхана берген қайтыс болуы туралы дәрігердің куәлігінің негізінде, болмаған жағдайда аумақтық онкологиялық ұйыммен келісу бойынша.
45. Диспансерлік есептен алынған қатерлі ісігі бар пациенттің амбулаториялық картасы «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттарының нысандарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен анықталған уақыт кезеңінде онкологиялық ұйымның мұрағатында сақталады.
46. Қатерлі ісіктері мен ісікалды аурулары бар онкологиялық ұйымның диспансерлік есебінен шығарылған пациенттердің барлық медициналық карталары жылдық есепті құрастырғанға дейін қолданыстағы картотекалардан бөлек сақталады, құрастырылғаннан кейін мұрағатқа тапсырылады.
47. Шалғай ауылдық елді мекендердегі онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмекті аудандық онкологтар мен МСАК мамандарының ұсынымдарына сәйкес фельдшерлік-акушериялық пункттердің, медициналық пункттердің медицина қызметкерлері көрсетеді.

 

 

Анықтамасы:

Эндокринология (грек. endon – ішкі, krіno – бөліп шығарамын және logos – ілім) – эндокриндік бездердің құ-рылысы, қызметі, олар бөліп шығаратын өнімдер – гормондар, сондай-ақ осы бездердің қызметі бұзылуы салдарынан туатын аурулар туралы ғылым.

Даму тарихы:

Эндокринология ғыл. пән ретінде 19 ғ-дың 2-жартысында қалыптасты. 20 ғ-дың бас кезінде әр бездің организмнің дамуын, тіршілік әрекетін реттеу процестерінде маңызы бар екені ашылып және олардың өзара байланысы анықтала бастады. Мұнымен қатар эндокринді органдар қызметінің үдеп не кеміп кетуінен немесе олардың өзара байланысы, т.б. ауытқуларынан пайда болатын бірқатар аурулар жөнінде мәліметтер жиналды. Эндокринологияның бұдан кейінгі дамуы әр түрлі ішкі секреция бездері түзетін гормондарды бөліп алу бағытында жүріп, гормондық препараттарды эндокринді және бірқатар эндокринді емес ауруларды емдеуге пайдалануға мүмкіндік берді. Жануарлар эндокринді бездерінен гормондық препараттар алынды. Эндокринологияның негізгі мәселелері ішінде жүйке жүйесі мен эндокринді жүйелердің өзара байланысын зерттеудің үлкен маңызы болды. Эндокринология деректері зоотехния мен ветеринарияда да кең қолданыла бастады. Қазақстанда Эндокринология саласындағы зерттеулер 20 ғ. 30-жылдардың аяғында Алматы қаласында Респ. бұғақ ауруын емдейтін диспансер ашылғаннан кейін басталды (1972 жылға дейін жұмыс істеді). А.Н. Сызғановтың жетекшілігімен ғыл. экспедициялар ұйымдастырылып, олар Алматы облысы тұрғындарының бұғақ ауруына шалдығу дәрежесін тексерді.Республикада ауыз су, топырақ пен тағам құрамындағы йод мөлшері анықталып, республиканың бірқатар облыстарында бұғақ ауруынан, тиреотоксикоздан сақтану шаралары жүргізілді. Бұғақ пен қант диабеті эпидемиологиясы зерттеліп, кәсіби аурулар (фосфордан улану, діріл ауруы) кезінде эндокриндік бездерде туатын өзгерістер анықталды. Аяқ гангренасына ұшырататын қант диабетінің ерекшеліктері анықталып, оны емдеу әдістері ұсынылды. Қант диабетін түрлі дәрі-дәрмектермен емдеу нәтижесі айқындалды. Қалқанша без аурулары, сондай-ақ қант диабетімен бірлескен аурулар зерттелуде. Қазақстанда Эндокринология мәселелеріне арналған жүйелі зерттеулер Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында, Қазақ ұлттық мед. ун-ті мен мед. академияларында жүргізіледі.

Анықтамасы:

Нефрология - (nephrology)(көне грекше: νεφρός — «бүйрек», и λόγος — «оқу»), медицина саласы, бүйрек аурулары мен қызметін зерттейді.

Дамуы тарихы:

17ғ. алғаш бүйректіЛоренцо Беллини (1643-1704) және М.Мальтиги зерттеген; К.Людвиг (1844) оның нағыз физиологиялық қызметін қарастырды. Нефрологияның дамуында (1960) күнделікті артерио-веналық шунттардың ашылуы ерекше маңызды, онда көп гемодиализ бүйрек созылмалы ауруымен ауыратындардың 90% ажалдан арашалайды.

Анықтамасы:

Фтизиатрия ( грек. phthіsіs — титықтап арықтау, көксау және іatreіa — емдеу) — туберкулез ауруы және оны емдеу, одан арылу шаралары жөніндегі ғылым; клиникалық медицинаның бір бөлімі.

Дамуы тарихы:

Фтизиатрияның ғылым ретінде қалыптасып, дамуына неміс микробиологы Р.Кохтың (1843 — 1910) туберкулез қоздырғышын (“Кох таяқшасы”) ашуы шешуші рөл атқарды (1882). Фтизиатрия Қазақстанда 20 ғасырдың 20-жылдарында зерттеле бастады, жүйелі зерттеулер 1932 жылдан бастап жүргізіледі. Қазір осы бағыттағы ғылыми-зерттеулік жұмыстарын республика бойынша үйлестіріп отыратын мекеме — Туберкулез мәселелері ұлттық орталығы, бұл мәселемен, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарының, дәрігерлер білімін жетілдіру институтының туберкулез кафедралары, Хирургия ғылыми орталығының торакалды хирургия бөлімі шұғылданады. Қазақстанда күнделікті дәрігерлік жұмыста туберкулезді емдеудің терапиялық, хирургиялық әдістері қолданылады. Туберкулез эндемиясын алдын ала болжау, халыққа ұдайы Фтизиатриялық көмек көрсетіп отыру мәселелері өз шешімін тапты. Бала туберкулезін анықтаудың рентген флюорогафиялық әдісі жетілдіріліп, дерттің эпидемиологиясы, клиникасы мен сақтану жолдары жөніндегі зерттеулер одан әрі дамытылды. Малдан (ірі қарадан) адамға туберкулез жұғатыны (әсіресе ауылдық жерлерде), ауруға шалдығудың трансмиссивтік жолы да бар екені анықталды.

Республика бойынша туберкулезге қарсы 53 диспансер, туберкулез емдейтін 72 аурухана, туберкулезге қарсы 31 санаторий, 116 тубкабинеттер және орталығы аудандық ауруханаларда туберкулезден емдейтін 30 бөлімше жұмыс істейді (2006). Туберкулезбен ауыратын адамдар үшін 14700 төсек-орын (оның 465-і Туберкулез мәселелері ұлттық орт-нда) қамтамасыз етілген. Жылына 45 мыңнан астам ауру адам ем қабылдайды. 2003 — 2006 ж. Фтизиатрия саласындағы республика ғалымдары 66 авт. куәлікке ие болды. Қазір Фтизиатрия ғылымының дамуына үлкен үлес қосып жүрген белгілі ғалымдар: медициналық ғылыми докторлары Ш.Исмаилов, Г.Хауодамова, Р.Ағзамова, Е.Белова, С.Шаймерденов, т.б. Ш. Исмаилов, А. Исмаилова.

Анықтамасы:

Ревматология (грек. rheuma, rheumatos — басқын, өту және...логия) — медицинаның ревматизм мен дәнекер тіндерді емдеудің жолдарын зерттейтін саласы.Ревматизмге жалпы 85-ке жуық әр түрлі дәнекер тін, сүйек-бұлшық ет, тамырлар жүйелерін зақымдайтын аурулардың нозолог. түрлері жатады.

Даму тарихы:

ҚазақстандаРевматология саласындағы зерттеулер 1950 ж. Алматы мемл. мед. ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) факультеттік терапия (Е.А. Мезенчук), кейін бала Ревматологиясы (Н.А. Барлыбаева) кафедраларында басталды. Ревматология мәселелерімен, сондай-ақ республиканың басқа да мед. академиялары, Педиатрияжәне балалар хирургиясы ғыл. орт., Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру ин-ты, т.б. мекемелер шұғылданады. Нәтижесінде ересек адамдар мен балалардың ревматизммен қалай ауыратыны және одан айығу жолдары анықталды; аурудың даму барысы мен науқастың жасқа байланысты ерекшеліктері зерттелді. Республикададәнекер тін, сіңір метаболизмі және оның ыдырау, бұзылу себептері, буындардың қабыну патогенезі зерттелуде. Қазақстанда Ревматологияның дамуына тиісті үлес қосқан ғалымдар: Р.А. Сәтбаева, К.А. Жаманқұлов, Р.Л. Иванова, Т.Сейсембеков, К.З. Тынымова, В.М. Карлинский, Б.Шәкімова, Р.О. Баймұхамбетова, т.б.

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 86 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Ілюстративний матеріал до теми 2 | ИСАА. Всемирная история для экономистов и политологов.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)