Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік



Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Клетканың тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген био полимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады. Клетка ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды – рибосома, митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана деп атайды. Өсімдік Клеткасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Клеткасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер Клеткасының Клеткасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік Клетка қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік Клеткасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер – хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар.

Жасуша теориясының ашылуы Жасуша теориясы - тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы,көбеюі және көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды.Оны зерттеуде әр түрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді. Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703ж.) жасаған. Сонымен жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей: 1. Жасуша-барлық тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі; 2. Әр түрлі ағза жасушаларының құрылысы,химиялық құрамы,зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері ұқсас; 3. Жасушалар бастапқы (аналық) жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады. Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың пішіні алуан түрлі болып келеді. Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді.Оның бір тобына құрылысы өте қарапайым болып келетін бактериялар мен көкжасыл балдырлар жатады. Олардың толық қалыптасқан ядросы болмайды,бұларды прокариоттар деп атайды. Ағзалардың екінші тобына ядро және арнаулы қызмет атқаратын органоидтары болады. Мұндай ағзаларды эукариоттар деп атайды. Эукариоттарға біржасушалы жасыл балдырлар,қарапайымдар,жоғары дәрежелі гүлді өсімдіктер және сүтқоректі хайуанаттар,т.б.жатады.



. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады. 1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. 2.Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нөруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады 3.Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. 4.Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді. 5.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады. 6.Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.

 

Жануарлар мен өсімдік жасушаларының, айырмашылығы: 1. Жануарлар жасушасында центриоль болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасушаларында центриоль болмайды. 2.Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды, дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Өсімдіктер пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді. 3.Қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады. Ол өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды. Жануарлар жасушасындағы жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болтан. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады. 4.Ірі вакуольдер (латынша «уасиш» - қуыс) өсімдіктерде болады, ал жануарлардың тек бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады. Пластидтер – өсімдік жасушаларында ғана болатын әр түсті бояуы бар және бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін органоидтар. Мысалы, хлоропластар өсімдік мүшелеріне жасыл түс береді. Фотосинтез процесін жүргізеді. Ал жеміске, жапырақ түсінің өзгеруіне (қызыл, сары, т. б.) хромопластар әсер етеді.

 


Жасушалар тобы → ұлпа → мүше → ағза

 

Өсімдіктердегі ұлпалардың түрлері: түзуші, жабын, негізгі (қоректік және фотосинтездеуші), тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы (1,2-суреттер).

 

1. Түзуші ұлпа (меристема, грекше «меристос» – бөлінетін, бөлуші) барлық ұлпалардан бұрын түзіледі. Сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан түзуші ұлпа жасушалары ерекше болады: өте ұсақ, қабықшасы жұқа, вакуольдері де ұсақ, ядросы жасушаның дәл ортасына орналасады. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-бірімен тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады. Түріне қарай түзуші ұлпалар өсімдіктің әр жерінде (сабақ, тамыр ұшында, жас жапырақтың негізінде және т. б.) кездеседі. Жасушалары ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршік жарады. Бітеу гүлдер ашылады, тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады. Өсімдіктердің ұзарып өсуі, ағаштың жуандауы, жас жапырақтардың үлкеюі түзуші ұлпаға қатысты. Сылынған қабық пен сынған ағаштарды қайта қалпына келтіреді. Тек түзуші ұлпаның жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. Басқа ұлпалардың барлығы осы ұлпадан түзіледі.

 

2. Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді.

Өң жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан. Алғаш өсу кезінде гүлдің бөлімдерін, жапырақты, жемісті, сабақты және тамырды сыртынан қаптап тұрады. Өсімдіктің сыртындағы түктері өңнің өсіндісі. Өң өсімдік мүшелері суды артық мөлшерде буландыруынан, зақымдануы нан қорғайды.

Тоз – көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, қоңырлау түсті өлі жасушаларға айналады. Бұл – су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз көп қабатты болады.

Қыртыс – ең соңынан түзілетін қабат. Ағаш діңдерінде, бұтақтарында, тамырларында жаңа қабаттар пайда болып қыртыс түзіледі. Қыртыс жасушалары өлі болғанымен тереңіректегі, тірі жасушалар бөлініп, діңнің көлденеңін ұлғайтады. Қыртыстың сыртқы қабаты «жыртылып» біркелкі тегіс болмай сайлы, қабыршақты кедір-бұдырлы болады. Мұны (емен, қарағаш, шаған) жуан ағаштардың қабығынан көруге болады. Қалың қыртыс ағаш діңдерін өрттен, температураның күрт ауысуынан, күн сәулесінің күйдіруінен, зиянды микробтардан қорғайды. Қыртыс жыл сайын тоздың пайда болған жаңа қабаттарынан қалыңдай береді.

 

3. Негізгі ұлпа. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездесетіндіктен негізгі ұлпа деп аталады. Барлық ұлпалардың ішінде де болады. Жасушалары тірі, пішіндері атқаратын қызметіне қарай домалақ, цилиндр, эллипс тәрізді әр түрлі. Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы қабықшаны астарлай орналасады. Жасушааралық кеңістіктері өте кең болады. Атқаратын қызметіне байланысты негізгі ұлпалар – фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді.

 

1-сурет. Өсімдік ұлпалары.

1. Сабақ ұшындағы түзуші ұлпа.

2. Ағаш қабығындағы жабын ұлпа.

3. Жапырақ жұмсағындағы негізгі (фотосинтездеуші) ұлпа.

4. Өсімдік сабағындағы өткізгіш ұлпа (түтікше жасушалары көрсетілген).

 

Фотосинтездеуші ұлпа жасушаларының қабығы жұқа, жасушааралықтары кең, хлоропластары көп болады. Хлоропластары бір-біріне кедергі жасамайтындай белгілі ретпен орналасады. Бұл ұлпада өсімдікті органикалық заттар және энергиямен қамтамасыз ететін фотосинтез реакциясы жүреді. Қор жинаушы ұлпалар өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, жемтамырында, тамырсабақта кездеседі. Қор жинаушы ұлпада нәруыздар, көмірсулар, майлар және т.б. артығы қорға жиналады. Энергияға бай қосылыстар өсу кезінде қорға жиналып, өсімдіктің өсуі мен дамуына жұмсалады.

 

Су жинаушы ұлпаның жасушаларының қабығы қалың, ірі болады. Вакуолінде желімтек, созылғыш заттар бар, ол ылғалды сақтап тұрады. Су жинаушы ұлпа шырынды (кактус, бозкілем, семізот, алоэ, агава) және сортаң (тұзы көп) жерде өсетін өсімдіктерде (сораң, сарсазан) болады. Алоэ суды шырынды жапырағына, кактус өркеніне (сабағына) жинайды.

 

Жасушалар арасындағы кеңістіктер ауаға толы болады. Іші ауаға толы жасушалар әсіресе сулы және батпақты жерде өсетін өсімдіктерде кездеседі. Олар ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етеді. Су өсімдіктерінің жапырақтарын көмірқышқыл газымен байытып, суда қалқуын жеңілдетеді.

 

4. Тірек ұлпасы жасушаларының қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде болады (2-сурет).

2-сурет. Өсімдік ұлпалары.

1, 2. Жаңғақ сүйегіндегі тірек ұлпалар.

3. Жапырақ түктеріндегі бөліп шығарушы ұлпалар.

Сабаққа, жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беріп, тірек қызметін атқарады. Нәзік сабақтар қатты дауыл соқса да сынбайды. Тақтасы үлкен жапырақтардың қатты желге жыртылмай, керіліп, сабақтан үзіліп кетпеуі тірек ұлпасына байланысты. Алмұрт, шетен, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар – тірек ұлпа. Жаңғақ, шие, өрік, алхоры, шабдалы жемістеріндегі қатты сүйегі тірек ұлпасына жатады. Су өсімдігін судан шығарып алса тез солып қалады, себебі тірек ұлпасы жетілмеген.


Ұлпалардың түрлері және қызметі. Сонымен атқаратын қызметіне қарай жасушалар топтасатын болды. Осындай өзіне тән мөлшері, пішіні бар, дененің белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын жасушалар тобын ұлпа дейді. Жануар ағзасындағы ұлпаларды негізінен 4 топқа бөлуге болады. Олар эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпалары.

 

Эпителий ұлпалары дененің сыртқы жамылғысын түзіп, оны тұтас жауып тұрады және ішкі мүшелер қуыстарын астарлайды. Сөйтіп өзінен төмен жатқан жасушаларды тікелей зақымданудан, химиялық зиянды заттардың әсерінен, бактериялардың енуінен, кебуден қорғайды. Асқорыту мүшелерін астарлайтын эпителий қоректік заттар ерітіндісін сіңіріп, өткізеді. Қалдық заттарды шығарып, әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдайды. Кейбір эпителий жасушаларында цитоплазмалық кірпікшелер болады. Мысалы, тынысалу мүшелері бар ағзалардың тыныс жолдарындағы кірпікшелер шаң-тозаңды тұтып қалып, өкпеге жібермейді (2-сурет).

2-сурет. Эпителий ұлпалары. а) жалпақ эпителий; ә) кірпікшелі эпителий.

Дәнекер ұлпалары сүйекті, шеміршекті, майды, сіңірді, қан, ұлпа сұйықтығын түзеді.

 

Талшықты дәнекер ұлпалары ағзаның барлық мүшелерінде кездеседі

Сүйек ұлпасы тірек қызметін атқарады. Ал шеміршек ұлпалары буынаралық байланыстарға қатысып, қаңқа сүйектеріне беріктік қасиет береді (3ә-сурет).

 

3- сурет. Дәнекер ұлпалары.

а) талшықты дәнекер ұлпасы; ә) шеміршек ұлпасы.

1. Шеміршек жасушалары; 2. Шеміршек ұлпаларына серпімділік беретін, оларды қоршап жататын негізгі зат; 3. Ұлпа талшықтары; 4. Дәнекер ұлпа жасушалары.

 

Қан мен лимфа ұлпалары – сұйық. Олардың ішінде жасушалар еркін жүреді және ағзаға оттегін, басқа да заттарды тасымалдап, мүшелерді өзара байланыстырады.

 

Бұлшықет ұлпаларының (4-сурет) үш түрлі тобы бар. Олар: көлденең жолақты, бірыңғай салалы және жүрек бұлшықеттері. Бұл ұлпалар жиырылып, босаңсу арқылы әр түрлі мүшелерді қимыл-қозғалысқа келтіреді. Сол арқылы бүкіл дененің қимыл-қозғалысын қамтамасыз етеді.

4- сурет. Бұлшықет ұлпалары.

а) көлденең жолақты бұлшықет талшықтары;

ә) ұзын салалы бұлшықет талшықтары.

1. Жасуша ядросы;

2. Көлденең жолақтар.

 

Жүйке ұлпасы – нейрон деп аталатын жасушалардан тұрады (5-сурет). Әр нейронның денесі ұзын және қысқа өсінділері болады. Нейронның ұзын өсіндісі – аксон, ал қысқа өсінділері дендрит деп аталады. Нейрон денесінен қозу аксон арқылы әр түрлі мүшелерге (бұлшықеттерге, теріге және т. б.) өтеді. Дендрит арқылы қозу нейронның денесіне қарай өтеді. Аксонның көрші жатқан нейрон дендридінің қабықшасымен байланысып, қозу өтетін жерін тоғысу (синапс) дейді.

5- сурет. Нейронның құрылысы.

 

 

Мүшелер мен мүшелер жүйесі Ағза - біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен-бірі қосылып, мүше түзеді. Мүше дегеніміз - белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы, кеуде, құрсақ, жамбас) орналасқан мүшелерді - ішкі мүшелер деп атайды. Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы, дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы — асқорыту, тынысалу мүшелерінің сілемейлі қабықшасын түзеді. Бұлшықет ұлпасы - өңеш, ішектер, қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы - ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді.

Мүшелердің пішіндері, мөлшері және орналасу орны жағынан бірінен-бірінің айырмашылығы бар. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас мүшелерді мүшелер жуйесі дейді.

Адам денесіндегі атқаратын қызметі біріне-бірі байланысты мүшелер бірігіп мүшелер жүйесін түзеді. Мысалы, тірек-қимыл, зәр-жыныстық, эндокриндік мүшелер жүйесі бар.

Адам агзасында (денесінде) болатын мүшелер жүйесі: 1. Эндокриндік жуйе - арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы барлық үдерістерді реттейді. Мүшелер қызметінің гормондар аркылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.

2. Жүйке жуйесі - барлык мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.

3. Сезім мушелері (сенсорлық жуйе) - сыртқы ортадан арнайы тітіркендіруді қабылдайды әрі о5ан жауап қайтарады.

4. Тірек-қимыл жуйесіне бұлшықеттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады.

5. Журек-қантамырлар жуйесі - жүрек пен қантамырлар ағзада қанайналымды қамтамасыз етеді.

6. Тынысалу жуйесі тынысалу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы ғазалмасуға қатысады.

7. Асқорыту жуйесі - ағзада тағамның ішекте қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы.

8. Зәршығару жуйесі - зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.

9. Жыныс жүйесі - ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 341 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Синең шәһәрең – ул туган урының гына түгел, яшәү рәвешең, гуманлылык принципларына нигезләнеп төзелгән | Абсолютная влажность воздуха (лат. absolutus — полный) — количество водяного пара, его плотность в воздухе, в г/м3. Она зависит от температурного режима и переноса (адвекции) влаги с океаническими

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)