Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Қазақстан Конституциясындағы демократия принциптері 3 страница



5. Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмiр бойы және басқа тең авторлардан ұзақ өмiр сүрген ең соңғы автор қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.

6. Автор қайтыс болғаннан кейiн отыз жыл iшiнде бiрiншi реет жарыққа шығарылған туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.

7. Егер автор қуғын-сүргiнге ұшырап, қайтыс болғаннан кейiн ақталса, онда құқық қорғаудың осы бапта көзделген мерзiмi ақталған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап күшiне енедi.

8. Осы бапта көзделген мерзiм сол мерзiмнiң басталуы үшiн негiз болып табылатын заңды факт болған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептеле бастайды.

21. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарына Заң бойынша қойылатын талап?

8-бап. Ақпарат агенттігі (БАҚ туралы заң)

1. Ақпарат агенттігі - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған заңды тұлға.
2. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған уақыты қоса берілуге тиіс.
3. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан кезде ақпарат агенттігіне сілтеме жасауға міндетті.
4. Ақпарат агенттігіне осы Заңның 2, 10-баптарының күші қолданылады.

Қазақстандық ақпарат агенттіктері авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңға түзетулер енгізілгеніне қолдау білдірді. Алайда осыған қарамастан, көптеген БАҚ-тар зияткерлік меншік құқықтарын бұзуды жалғастыруда. Бұл қазақстандық ақпарат агенттіктердің жаңалықтарын заңсыз таратуға қатысты.

Ақпарат агенттіктерінің жаңалықтарын редакцияның рұқсатымен ғана таратуға болатынын еске салғымыз келеді. Бірқатар ақпарат агенттіктері үшін ақылы жазылудың негізінде, бастапқы дереккөзіне міндетті сілтеме жасау арқылы және бұл материалдарды пайдалану ережелерінде қарастырылған.



Атап айтқанда, көптеген шетелдік және қазақстандық ақпарат агенттіктерінің материалдарды пайдалану ережелерінде аталған агенттіктердің жазбаша рұқсатынсыз қайта басуға немесе ретрансляциялауға, қандай да бір формада кез-келген ресурстарда, соның ішінде интернет-сайттарда да, жаңғыртуға, көшіруге немесе таратуға тыйым салынады. Егер ол материалдарды пайдалану қажеттілігі туындаса, аталған субъект ол материалдарды заңды негізде пайдалану үшін ақпарат агенттігімен келісімге отыруға тиіс.

Сонымен бірге, ақпарат агенттіктерімен қол қойылған келісімдерді қатаң сақтау керектігіне назар аударамыз. Егер келісімде бір ақпарат көзі үшін (газеттерде, журналдарда жариялау) материалдың бір бөлігін пайдалану туралы жазылса, редакциялардың ақпарат агенттіктерінің жаңалықтарын өз сайттарында ашық түрде жариялауға құқықтары жоқ.Телеарналарға, радиостанциялар мен басқа БАҚ-тарға келетін болсақ, олар өздерінің жаңалықтар шығарылымында ол материалды ретрансляциялаған порталға емес, бастапқы ақпарат көзіне – ақпарат агенттіктеріне міндетті түрде сілтеме жасауға тиіс, мұны телеарналар мен радиостанциялар жиі назарға алмайды.

22. Демократиялық қоғамдағы плюрализм мен қоғамдық пікір

Демократиялық мемлекет - бүкіл әлемде жаһандану дәуірінде кеңінен таралған мемлекет үлгісі. Мемлекет демократизмі халықтың билікке қаты- суынан, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бәлінуінен, саяси алуан түрліліктен, жергілікті әзін-озі басқаруынан кәрініс табады. Демократиялық мемлекеттің негізін халық билігі құрайды. Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі халықтың ешқандай әлеуметтік күштердің қысымынсыз, өз билігін олардан тәуелсіз, тек өз мүддесі тұрғысынан жүзеге асыратындығын білдіреді. Халық егемендігі бөлінбейді, тек бір ғана субъектісі бар - халық. Осылайша, халық билігі биліктің бүкіл халыққа тиесілі екендігін білдіреді. Халық билігі жағдайында билікті халық, яғни мемлекет азаматтары заңдылығын мойындап, бақылап отырады. Халықтықтың еркін білдіру түріне қарай өкілетті және тікелей қатысу демократиясы түрлері анықталған. Өкілетті түрінде - халық билігінің тек өздері өкілі болып табылатын, солардың атынан шешім қабылдап, олардың еркін білдіретін сайланбалы өкілетті өкілдер арқылы жүзеге асырылуы. Тікелей демократия - жалпы халықтың немесе оның бір бөлігінің тікелей өз еркін білдіруі. Халық билігінің жоғарғы тікелей қатысуы референдум және сайлау арқылы жүзеге асырылады. Демократия саяси алуан түрлілік принңиптері арқылы қызмет етеді. Саяси плюрализм халық билігінің тиімділігін арттырады. Мемлекеттің демократиялылығы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуын білдіреді. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару органдары негізінде әртүрлі аумақтық бірліктің түрғындарының заң шеңберінде өз жауапкершілігі мен өз мүддесі тұрғысынан қоғамдық істердің маңызды бөлігін басқару құқы мен мүмкіндігін білдіреді

Плюрализм, пікір алуандығы (ағылш. плұралісм; лат. плұраліс; множествепиый, многообразный) Әздерінің мүдделері, көзқарастары мен пікірлеріи білдіру еркіндігін заңмен қамтамасыз ететін, қоғамда гүрліше саяси партиялар мен басқа қоғамдык ұйымдардын (кәсіподақ, діни, коммерциялық және т.б.) қатар өмір сүруі мен өзара әрекет тестігі Плюрализм деп сондай-ақ түрлі пікірлерге төзімділік танытуды айтады.Плюрализм – дүниенің көптүрлілігін, бұл түрлердің бір-бірінен тәу-елсіздігін мойындайды. Қоғамдық пікір - қайшылықты қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық жағдайлар төңірегінде қалыптасқан бұқаралық сананың өзекті күйі, адамдардың ірі топтарының осы жағдайларға қатынастарын бейнелейді; бір нәрсе немесе біреу жөнінде қоғамда көпшілік адамдарда сол бір сәтте қалыптасқан пікір.

Қоғамдық пікір– қоғам мүшелерінің ағымдық істер, не саяси мәселелер бойынша позициясының көрсеткіші. Қоғамдық пікірді зерттеу мен коршаған орта жайлы дұрыс ақпарат алу үшін пікіртерім әдісі қолданылады. Пікіртерім алғашқы әлеуметтік ақпарат жинаудың бір әдісі. Сұраудың екі негізгі әдісі бар: ауызша - анкета (сауалнама), жазбаша - интервью алу. Қазіргі кезде пікіртерім әлеуметтануда кең таралған әдіс болып табылады, барлық қоғамдық салада әлеуметтік пікірді зерделеу үшін қолданылады.

Қоғамдық пікір – жалпы қоғам немесе қоғамның белгілі бір бөлігінің ашық көрінетін іс-әрекеттер мен ұстанымдарды жақтауы немесе оларға қарсы болуы. Қоғамдық пікір қоғамдық жүйе үшін маңызды мәселелерге байланысты өз ойларын ашық білдіретін адамдардың үлкен топтарының тарихи кесімді және өзгеріп отыратын қоғамдық санасы.

23. Журналистің міндеттері? (ҚР «БАҚ туралы» Заң бойынша)?

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 23 шілде N 451

21-бап. Журналистiң мiндеттерi

Журналист:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;
2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;
4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;
4-1) азаматтармен сұхбат жүргiзген кезде дыбыс- немесе бейнежазбаны пайдалануға келiсiм алуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
Ескерту. 21-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.

24. ҚР Азматтық Кодексіндегі журналистің заң алдындағы жауапкершілігіне қатысты баптардағы айыптаулар?

142-бап. Мүлiктiк құқықтармен байланысты мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар

Мүлiктiк емес өзiндiк және мүлiктiк құқықтар бiр мезгiлде бұзылған жағдайда мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың бұзылғандығы үшiн жәбiрленушiге тиесiлi өтем ескерiле отырып, мүлiктiк зиянның орнын толтыру мөлшерi ұлғаяды.

143-бап. Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау

1. Азамат немесе заңды тұлға өзiнiң ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екендiгiн дәлелдей алмаса, сот арқылы терiске шығаруды талап етуге құқылы.

2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.

Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтiндiгi туралы тиiстi адамға мiндеттi түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе керi сұратып алынуға тиiс.

Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот белгiлейдi.

3. Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегiн жариялауға құқылы.

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады.

5. Егер соттың шешiмi орындалмаса, сот тәртiп бұзушыға бюджеттiң кiрiсiне өндiрiлiп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртiп бұзушыны сот шешiмiнде көзделген әрекеттi орындау мiндетiнен босатпайды.

6. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды терiске шығарумен бiрге олардың таратылуымен өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.

7. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкiн болмаса, өзi жөнiнде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейдi деп тану туралы сотқа жолдануға құқылы.

144-бап. Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы

1. Азаматтың жеке бас құпиясын, оның iшiнде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделiктер, естелiктер, жазбалар, iшкi жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрiгерлiк, адвокаттық құпияны, банктiк салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар.

Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгiленген реттерде ғана ашылуы мүмкiн.

2. Күнделiктердi, жазбаларды, естелiктердi және басқа құжаттарды жариялауға - олардың авторының келiсiмiмен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келiсiмiмен ғана жариялауға жол берiледi. Олардың қайсыбiрi қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келiсiмiмен жариялануы мүмкiн.

Ескерту. 144-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.

145-бап. Өз бейнесiне құқық

1. Қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ.

2. Басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) - бейнеленген адамның келiсiмiмен, ал ол қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келiсiмiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi. Егер заң құжаттарында белгiленсе, не бейнеленген адам ақы алып кескiнделген болса, ондай келiсiм талап етiлмейдi.

25. Халықаралық қауымдастықта «адам құқығы» түсінігі қай уақытта пайда болды?

Халықаралық құқықтағы адам құқығы. Алғаш рет “адам құқығы” ұғымы халықаралық құқықта Ұлы Француз революциясынан кейін пайда болды. Адам құқығының көпшілігі ол туған сәттен басталатын азаматтығымен анықталады. Азаматтық-бұл белгілі бір мемлекетке қатысты және оның билігіне бағынуда нақты құқықтар мен міндеттерге ие болуында көрінетін жеке тұлғаның нақты мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы. (Қосымша. 1991ж. 20 желтоқсандағы “ҚР азаматтығы туралы” заңда осы түсінікке былай деп анықтама берілген: “ҚР азаматтығы тұлғаның нақты мемлекетпен байланыс жасағанда олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланысы”).

26. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы мемлекеттік тілге қатысты баптар?

7-бап.

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі.

2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды

27. Кәсіби қызметі үшін сотқа тартылған және жазаланған нақты журналистің айыпталу себептері туралы мысал келтір

«Маңқа қазақ» деген сөз тіркесі үшін журналист сотқа тартылды. Қарашаның 21-і күні Алматының Медеу аудандық сотында журналист Гүлжанат Шонабайға қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды. Ол ұлтаралық дүрдараздықты өршітіп, қазақ халқының ар-намысына тиген деген айыпқа қалып отыр. Қылмыстық істің қозғалуына журналистің биылғы жылы «Тасжарған» газетінде жарияланған қос мақаласы түрткі болған. Газеттің шілденің 9-ындағы санында «Бір қазақты екі ұйғыр неге өлтірді?» және 16-шы шілдеде «Малыбайдағы маңқа қазақ бейшаралығына күйінеді» деген екі мақалада Гүлжанат Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданының Малыбай ауылында болған кісі өлтіру оқиғасы жайында жазған еді. Негізінен қазақ және ұйғыр ұлтының өкілдері тұрып жатқан ауылдағы азаматтардың арасында болған жанжалдан қаза тапқан Айдын Халықұлына қатысты жазылған сол екі мақала шыққан соң арада екі ай өткенде құқық қорғау органдары Гүлжанат Шонабайға ҚР Қылмыстық кодексінің 164 бабының 2 тармағы бойынша «ұлттық және әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыруға алғышарт болатын шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратты» деген айып тағып, қылмыстық іс қозғаған. Журналистің өз айтуынша, бұл істі Астанадан арнайы келген Ішкі істер министрлігіне қарасты тергеу комитетінің бас тергеушісі Ержан Артықбаев жүргізіпті. Сонымен бірге, ҚР Әділет министрлігі жанындағы Сот сараптау орталығының жүргізген психологиялық-филологиялық сараптама қортындысында журналист Шонабай мақаласындағы «маңқа қазақ» деген сөз тіркесі «қазақ ұлтының өкілдеріне теріс баға беріп, қазақтардың ұлттық ар-намысына тиеді» деген баға берілген. (Соңғы қылмыстық оқиға осы, әлі сот шешімін шығарған жоқ!)

28. Авторлық құқық объектісінің сабақтас құқықтар субъектілерінен айырмашылғы?

35-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi

1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектiлерi болып табылады.

2. Фонограмма жасаушы, эфир және кәбіл бойынша хабар таратушы ұйымдар осы тарауда көзделген құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфирде немесе кабель бойынша берiлетiн туындыны орындаушымен, сондай-ақ оның авторымен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегiнде жүзеге асырады.

3. Орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарын орындалатын туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда жүзеге асырады.

4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:

1) қоршауға алынған латынша Р әрпi: Р;

2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);

3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.

5. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.

Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. № 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.10. № 179-IV Заңдарымен.

6-бап. Авторлық құқық объектiсi. Жалпы ережелер

1. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.

2. Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:

1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);

2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);

3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);

4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты);

5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты);

6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.

3. Заңның осы бабының 1-тармағында аталған белгiлерi бар және дербес қолдануға болатын туынды бөлiгi (оның атауымен, кейiпкерлердiң атауларымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.

4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.

5. Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену құқығымен байланысты емес.

Қандай да болсын материалдық объектiге меншiк құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды.

 

29. БАҚ-тың эфирге шығарылуы кімнің шешімі арқылы уақытша тоқтатылады?

1. 13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру және тоқтату

1. Бұқаралық ақпарат құралын шығару не бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.

2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бір немесе бірнеше нөмірінің шығарылуын, радио және телевизия бағдарламаларының эфирге шығуын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды уақытша тоқтату түсініледі. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзімге жол беріледі.

30. Қандай жағдайда журналист аккредитация құқығынан айырылуы мүмкін?

Егер журналист аккредиттеу ережелерiн бұзса не өзiн аккредиттеген мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, оның аккредиттелуі күшiн жоюы мүмкiн. (БАҚ туралы заң 22-бап, 4-тармақ)

31. «Тең авторлардың» құқықтық дәрежелері тең бе? © деген халықаралық белгі нені білдіреді?

10-бап. Тең авторлар

1. Екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады.


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 111 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>