Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бұл қағида барлығымызға таныс гравитация заңы тәрізді. Қаржылық жағынан тәуелсіз адам болғыңыз келсе, бірінші



Алдымен өзіңе төле.

Бұл қағида барлығымызға таныс гравитация заңы тәрізді. Қаржылық жағынан тәуелсіз адам болғыңыз келсе, бірінші өзіңіз үшін төлеңіз.

Егер үйде ақша болғанын қаласаңыз жалақыдан бірінші өзіңізді және жақындарыңызды қуанту үшін жұмсаңыз, осыдан кейін ғана өзге қажеттіліктерге жаратуға болады. Бұл жай ғана ырым. Әрине, ырым-тыйымға сену-сенбеу өз еркіңізде, бірақ жоғарыда біз айтқан "бірінші өзіңе төле" қағидасын бизнес заңы ретінде жаттап алу артық етпейді. Бұл жердегі мәселе дөңгелектенген нолдері көп бизнеске қатысы жоқ. Жоғарыда айтқан гравитация заңы тәрізді. Тіпті бұл заңның бар екенінде хабары жоқ адамдарға да қатысы бар.

"АЛдымен өзіңізге төлеңіз" қағидасын ең бірінші Джордж Клейсон өзінің "Вавилондағы ең бай адам" кітабында қолданған. Кейінірек Бодо Шефер, Рэнди Гейдж, Роберт Киосаки тәрізді әлемдік деңгейдегі бизнес-мастерлерде осы туралы жазған. Келесі кезек те бізде аталған қағиаданың не үшін пайда болғандығын және қандай мағынасы бар екендігін анықтап көрелік.

Өзінің қаржылық болашағын ойлаған кез-келген адамға дөңгеленген сомадағы жинақ керек. Және оның инфляцияға құрбан болғанынан гөрі иесіне табыс әкелетін іске жұмсалғаны дұрыс. Әрине, бизнес бастау әркмінің қолынан келмегенімен, кез-келген адам депозит аша алады. Мүлдем депозит ашпайтындары ад бар. Неге? Себебі олар әрдайым "алдымен өзіңе төле" ережесін ұмыт қалдырады. Ал бар болғаны әр жалақыңыздың 10 пайызын алып қалып отырсаңыз жеткілікті.

Бірақ, сонда да неге бірінші өзіңе төлеу керек? Тәжірибеде көрсеткендей, адамдардың ең үлкен қателігі - олар шын мәнінде айдың соңында табыстың белгілі бір бөлігін жинап отыру үшін алып қаламыз деп ойлайды, сенеді. Олар өздері үшін төлеуге дайын, тек, ең соңынан. Нәтижесінде әр айдың соңында (тіпті одан да тез) коммуналды есептерді төлеп, азық-түліктер алып және тағы да басқа керекті, керек емес заттарға ақша жұмсағаннан кейін әмиян түбінде нолдер қалады. Тек қана нөлдер. Осылайша, әйтеуір бір күні ақша жинау керек деген сеніммен айдан айға, жылдан жылға жалғаса береді.



Сеніңіз, мұндай әрекетңізібен сіз ЕШҚАШАН ақша жинай алмайсыз.

АЛайда, өзіңізді тәрбиелеп, әр айдың жалақысынан 10-15% депозитке алып қоятын болсаңыз жинағыңызды қаншалықты ұлғайғанына таң қаласыз. Тұрмыстық қажеттіліктеріңіз үшін қажетті шығындарыңыз өзгерісі тіптен елеусіз қалады.

Таңертең тұрып тіс жуу, тамақ ішерден бұрын қол жуу және үнемі дәрігерге тексеріп тұру тәрізді бұл қағида да сіздің міндетті түрде орындалуы тиісті қаиғидаңызға айналуы керек. Алдымен өзіңе төле қағидасын орындамастан ақша жинау мүмкін емес. Бұзылған көлігіңізге, жаңа гаджеттің шығуына, мерекелік даталарға тағысын тағыларға қарамастан өзіңізге төлеңіз. Бұлардың барлығы қайталанып отыратын шығындар, сіз өзіңізге құрметпен қарауды үйренбес бұрын дәулетті бола алмайсыз. Иә, достарыңа, туыстарыңа, сіздің қажеттілігіңз үшін жұмыс істейтін компанияларға, мемлекетке де төлеу керек. Бірақ ең алдымен - өзіңізге.

Тәжірибелі экономистер қалай

Думаете, так рассуждают только опытные экономисты? С таким же успехом можете верить, что гравитация действует только на физиков…

Интэро ТИЛЛЕН, суретші:

- Бәлкім бақытым не өкінішім болар, бірақ мен шығармашылық адам болғандықтан да экономистердің жұмысынан мүлдем хабарым жоқ. Бірақ ақша жинауды жалақы алған сәттен бастау керектігін білу үшін экономикалық білімнің де қажеті жоқ. Қарапайым ғана зерделі болу да жеткілікті. Қолда бар ақша міндетті түрде жұмсалады. Бояулар бітеді, жаңа қылқалам немесе кенеп қажет болады немесе әлдебір кітапты я қышты сатып алғым келуім мүмкін. Және тез арада алуға тырысамын. Достарым үшін шұғыл көмек керек болуы, тұрмыстық техниканың сынуы немесе тез арада бір жерге баруым қажет болады. Сондықтан ертеңім қажетті жинағымды қолыма ақша тиген сәтте-ақ бөлек алып қоюға тырысамын.

Болашақ үшін инвестиция, қаржыны дұрыс жинаудың тәсілдері және әр адамға керекті басқа да жайттар туралы біз алдағы материалдарымызда үздіксіз жазып тұруға тырысамыз. Ал әзірге әлеуметтік желі беттерінен табылған жазбаның скриншотын саламын.

"Бәз жұбайымыз екеуміз ғана осындаймыз ба? Алғашқы 5 күнде жалақының 90% жұмсаймыз, қалған 10% -ын бір айға жеткізуіміз керек болады.." Жалақының 90% жұмсайды. Егер оның 10% -ы депозитін жіберсе осы жазбаның авторы үшін тіптен елеусіз болады, есесіне қаржылық болашағы үшін уайымға салынбайды.

Назар аударыңыздар- бірер сағаттың ішінде жазба 18 000 лайк жинап үлгерді. Егер отбасылық бюджеттен хабардар ететін бұл постымен 18 000 адам келіссе, 18 000 отбасы осылай өмір сүреді. Бұл тек аз ғана уақыттың ішіндегі жиналған цифрлар. Шын мәнінде болашағы үшін ақша жинай алмайтын адамдардан бөлек, қаржысын дұрыс жұмсай алмайтын жандар қаншама. Кейбірі бар дәулетін жаратып әрі қарызға да батып үлгереді.

Жоғарыдағы жағымсыз статистиканы өзгерткіңіз келе ме? Өзіңізді бағалауды және құрметтеуді үйреніңіз. Бастысы "алдымен төле" қағидасын естен шығармаңыздар!

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 27 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
(огурец, помидор, перец болгарский, масло растительное) | Индивидуально с каждым – эффективно для всех.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)