Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

2013-2014 оқу жылындағы «Ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру» пәнінің тесттік сұрақтары 1 страница



2013-2014 оқу жылындағы «Ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру» пәнінің тесттік сұрақтары

Мамандығы 5В120100 - «Ветеринарлық медицина»

Оқу тілі - қазақша

Семестр – 5, Курс – ң, Топ – ВМ-41

Тесттік сұрақтарды құрастыруға жауаптылар Мурзабаев К.Е

 

Сұрақ-тардың деңгейі

Сұрақтар

Тақырып

А

жауап

(дұрыс)

В

жауап

С

жауап

D

жауап

Е

жауап

   

Ұрғашы малдың жыныс аппараты қандай бөлімдерден тұрады

 

ішкі және сыртқы

сыртқы

ішкі

беткі

ортаңғы және беткі

   

Ұрғашы малдың жыныс аппаратының ішкі бөліміне жатады

 

жыныстық бездер, жатыр түтіктері, жатыр, қынап

жатыр, жатыр түтүктері

қынап, шүртекей

сарпай, жұмыртқалық

қынап кіреберісі, сарпай

   

Ұрғашы малдың жыныс аппаратының сыртқы бөліміне жатады

 

сарпай, қынап кіреберісі, шүртекей

жұмыртқалық, жатыр

жатыр мүйізшесі, қынап

жатыр денесі, жатыр тармақтары

қан, лимфа тамырлары, жүйке жүйесі

   

Жұмыртқалық (ovaria, oophoron) және оның атқаратын қызметі

 

жұп орган, негізгі атқаратын қызметі аналық ұрық торшасы мен жыныстық гормондар түзіп шығару

тақ орган, жұмсақ, төлдің даму орны

үш қабаттан тұрады, жыныстық қатынасты қамтамасыз етеді

төрт қатарлы, төлдеу процесі кезінде белсенді қызмет етеді

бес қабатты, қан айналысына қатынасады

   

Жұмыртқалықтың сыртқы пішіні және сиыр мен ұсақ малдағы көлемі қандай

 

дөңгелек, сопақша болады, сиырда 3х2 см, ұсақ малда 1,5х1 см

төрт бұрышты, сиырда 5х4 см, ұсақ малда 3,5х3 см

ромб тәрізді, сиырда 6х5 см, ұсақ малда 4,5х4 см

үшбұрышты, сиырда 7х6 см, ұсақ малда 5,5х5 см

трапеция тәрізді, сиырда 8х7 см, ұсақ малда 6,5х6 см

   

Биелердің жұмыртқалығының сыртқы пішіні және көлемі қандай

 

бүйрек тәріздес, көлемі 5х3 см, кейде одан да үлкен

жүрек тәрізді, көлемі 10х8 см, кейде одан да кіші

бауыр тәрізді, көлемі 20х16 см

өкпе тәрізді, 25х20 см

бас тәрізді, көлемі 30х27 см, кейде мүлдем кіші

   

Мегежіндердің жұмыртқалығының сыртқы пішіні және көлемі қандай



 

сырты бұжырланып тұрады, көлемі 3х2 см

сырты тегіс, көлемі 8х7 см

сырты жылтыр, көлемі 25х20 см

сары түсті, көз тәрізді, көлемі 32х21 см

ақшыл, түзу, көлемі 22х23 см

   

Жұмыртқалық сыртынан қалай қапталған

 

жұмыртқалық сыртынан алғашқы эпителиймен қапталған, оның астында ақзаттық қабат болады

сыртында қабаты жоқ, оның астында ақзаттық қабат болмайды

терімен қапталған, эпителйй болмайды

кенеппен қапталып, бірігіп кеткен

жүнмен қапталып, теріге бітіп, араласып кеткен

   

Жұмыртқалықты тіліп қарағанда

 

екі, яғни сыртқы-фолликулярлы және ішкі милы (қан, лимфа тамырлары, жүйке жүйесі) аймақтардан тұратынын ажыратамыз

үш қабаттан тұратынын ажыратамыз

төрт қатардан тұратынын және қан аралас сұйықтықты, қан тамырларын ажыратамыз

бес қабаттан тұратынын, ірің мен судың аралас түрін ажыратамыз

алты қатардан тұрып, олардың орналасу ретін ажыратамыз

   

Фолликулярлы аймақта не орналасқан

 

алғашқы, дамушы, пісіп жетілген фолликулдар (граафов көпіршігі) және сары денелер

соңғы, піспеген сары денелер мен фолликулдар

жетілмеген сары дене мен фолликулдар

алты қатарлы, пісіп жетілуге қалған фолликуллдар

жеті қабатты, піскен, фолликулдар

   

Жұмыртқалық сиырда, қой мен ешкіде қайда орналасқан

 

жамбас қуысында

қуықта орналасқан

құрсақ қуысында

диафрагмаға таяу

жатыр қуысында

   

Жұмыртқалық биеде қайда орналасқан

 

құрсақ қуысында, оң жағынан 3-4-ші, ал сол жағынан 4-5-ші бел омыртқаларының астында

жамбас қуысында, 3-4-ші қабырға арасында

жатыр мүйізшесінде

жатырдың тармақтарында

кеуде аумағында, 5-6-шы қабырғаларының астында орналасқан

   

Жұмыртқалық мегежінде, ұрғашы ит пен мысықта қайда орналасқан

 

құрсақ қуысының артқы бөлігінде

жамбас қуысының алдыңғы жағында

сан аймағының жоғарғы жағында

кеуде қуысының алдыңғы жағында

іш аумағының ортаңғы бөлігінде

   

Жатыр түтікшелерінің атқаратын қызметі (salpinx)

 

аналық және аталық жыныс торшаларының кездесуін қамтамасыз ету

аталық пен аналық малдың кездесуін қамтамасыз ету

төлдің өсіп дамуын реттейді

аналық малдың дамуын қамтамасыз етеді

аналық малдың ауруын анықтайды

   

Жатыр түтікшелері неше қабаттан тұрады

 

үш қабаттан (кілегейлі, етті, сірілі) тұратын өте жіңішке, жұмыртқалық пен жатыр тармағын жалғастыратын иректелген түтік

бес қатардан тұратын өте қалың түтік

алты қабаттан тұратын өте жіңішке, жұмыртқалық пен жатыр мойнын жалғастыратын иректелген түтік

бір қабаттан тұрады, орташа, жұмыртқалық пен жатырдың қан тамырларымен жалғасатын түтік

екі қатардан тұрады, жатыр және жамбас қуысымен жалғасатын түтік

   

Жатыр түтікшесінің ішкі кілегейлі қабаты неден тұрады

 

кірпікшелі эпителийден

лимфадан

бір қабатты түтікті қабаттан

сірілі қабаттан

етті қабаттан

   

Биеде, түйеде, сиырда, мегежінде жатыр түтікшесінің ұзындығы қанша сантиметр және ол қайда жалғасады

 

25х30 см, түтіктің ішкі диаметрі жұмыртқалыққа жақындаған сайын кеңейеді, ақырында жалбырланып барып бахромкамен бітеді, кейде жұмыртқалықты қоршап жатады

5х8 см, тік ішекке жалғасады, кейде тіпті тоқ ішекті түгел қоршап жатады, кейде жатырға қарай ұштасып барып бітеді

7х12 см, тоқ ішекке жалғасып барып бітеді

3х4 см, мес қарынға ұштасып барып бітеді

55х60 см аш ішекке барып қосылып, жалғасады

   

Қой мен ешкіде жатыр түтікшесінің ұзындығы қанша сантиметр

 

10х15 см

25х30 см

30х35 см

35х 40 см

40-45 см

   

Жатырдың (uterus, hystera, metra) негізгі атқаратын қызметі

 

төлдің өсіп дамуын қатамасыз етеді

аналық пен аталық жыныс клеткаларды кездестіреді

тақ орган, аналық ұрық торшасы мен түзіп шығару

аналық жыныстық гормондарды түзу

малды күйге келтіру

   

Жатырдың бөлінуі

 

күрделі және жәй

жұмсақ және қатты

тығыз және бос

етті және сүйекті

құрғақ және сулы

   

Күрделі жатыр қандай жануарларда болады

 

ауыл шаруашылық малдарында

тек сиырда

тек приматтарда

тек биеде

тек түйеде

   

Жәй жатыр қандай жануарларда болады

 

тек приматтарда

тек жылқыда

тек есекте

тек қойда

тек ешкіде

   

Қос жатыр қандай жануар түрінде кездеседі

 

кеміргіштерде

приматтарда

түйеде

ешкіде

қойда

   

Қос тармақты жатыр қандай жануар түрінде кездеседі

 

жылқы мен есекте

сиыр мен түйеде

ешкі мен түйеде

қой мен сиырда

сиыр мен ешкіде

   

Қос тармақты екіге бөлінген жатыр қандай жануар түрінде кездеседі

 

сиыр, түйе, қой, ешкі, мегежін, ұрғашы итте

кеміргіштерде

жылқыда

есекте

приматтарда

   

Жатыр қабырғасы қандай қабаттардан тұрады

 

кілегейлі, етті, сірілі

тек сірілі

тек кілегейлі

тек етті

эпителийлі

   

Жатыр қайда орналасады

 

жамбас қуысында

құрсақ қуысында

ауыз қуысында

іш қуысында

құрсақ аумағында

   

Сиырдың жатыр тармақтары қайда орналасады

 

жамбас қуысында, кейде көп туған және кәрі сиырларда құрсақ қуысына қарай

ішек қуысында

ауыз аумағында

құрсақ маңында

тері қабатында

   

Биенің, мегежіннің, ұрғашы ит пен мысықтың жатыр тармақтары қайда орналасады

 

құрсақ қуысында

ішек маңында

жамбас қуысында

терінің беткі жағында

ауыз маңайында

   

Жатыр қайда бекітілген

 

жатыр шарбысы арқылы бел омыртқа бұлшық еттеріне

ішекке жабысқан

жамбас қуысына

құрсақ қуысына

іш маңына

   

Жатыр қандай бөліктерден тұрады

 

жатыр мойыны, денесі, тармақтарынан

жатыр мойыны мен денесінен

денесі мен тармақтарынан

тармақтарынан

жатыр мойыны мен тармақтарынан

   

Жатыр мойыны (cervix uteri) қандай мүшелерді жалғастырып тұрады

 

қынап пен жатыр денесін жалғастыратын, өте тығыз бұлшық етті орган

жатыр мен жатыр мойынын жалғастырады, өте жұмсақ орган

жұмыртқалық пен жатырды жалғайды, өте құрғақ қатты орган

жатыр мойыны мен жұмыртқалықты жалғайды, өте бос орган

жатыр мойыны мен сарпайды жалғайды

   

Сиырларда жатыр мойынының диаметрі мен ұзындығы

 

диаметрі 3-4 см цилиндр тәрізді, ұзындығы 10-15 см

диаметрі 13-14 см шар тәрізді, ұзындығы 100-115 см

диаметрі 8-9 см ромб тәрізді, ұзындығы 3-4 см

диаметрі 15-16см трапеция тәрізді, ұзындығы 1-1,5 см

Диаметрі 20-24 см цилиндр тәрізді, ұзындығы 2,5-3,5 см

   

Жатыр мойынының кілегейлі қабаты жануарларда қандай қатпарлар түзеді

 

биеде ұзына бойлық және сиырда, қой, ешкіде, мегежінде көлденең

сиырда, қой, ешкіде, мегежінде ұзынынан, ал биеде көлденең орналасқан

тек сиырда ғана ұзына бойлық

тек биеде ғана көлденең

тек шошқада ғана ұзына бойлық, басқасында көлденең

   

Жатыр мойынының кілегейлі қабатының көлденең қатпарының ұштары қандай жануардан басқа малдарда қынапқа қарай бағытталып, бір-бірімен түйісіп тұрады

 

мегежіннен

сиырдан

қойдан

ешкіден

биеден

   

Қандай жануар түрінде жатыр мойынының кілегейлі қабатының қатпарының ұштары бір-бірімен түйіспейді

 

мегежінде

түйеде

сиырда

биеде

ешкіде

   

Жатыр мойнының кілегейлі қабатының эпителийі қандай шырыш бөледі

 

муцин тәрізді кілегейлі

түссіз сұйықтық

ақшыл түсті

қан аралас

несеп аралас

   

Муцин тәрізді кілегейлі шырыш ненің әсерінен қоюланып жатыр мойнында тығын түзеді

 

ауаның

судың

крахмалдың

хлордың

формалиннің

   

Жатыр денесі (corpus uteri) бұл

 

жұмсақ, ұзындығы 2-3 см,

қатты, ұзындығы 5-8 см

тығыз, ұзындығы 30-35 см

ақшыл түсті, ұзындығы 20-25 см

сұрғылт түсті, ұзындығы 40-45 см

   

Бие жатырының денесі

 

кең, ұзындығы 10-15 см

ұзындығы 1-2 см

көлденеңінен 25-30 см

көлбеу орналасқан, 40-45 см

тар, тігінен 50-55 см

   

Не себептен бие жатырының денесі кең, ұзындығы 10-15 см

 

себебі биенің төлі жатыр денесінде және тармағында өсіп дамиды

биенің төлі жатырда ғана дамиды

биенің төлі тек жатыр тармағында өседі

биенің төлі тек жұмыртқалықта ғана өседі

биенің төлі тек қана қынапта дамып, өседі

   

Биеден басқа аналық малдарда төл қайда өсіп дамиды

 

жатыр тармақтарында

жатыр денесінде

қынапта

жұмыртқалықта

жатыр мойынында

   

Жатыр тармақтарының (cornua uteri) орналасуы

 

жатыр денесінен әрі қарай жіңішкеріп, ұрық түтікшелеріне ауысады

жатыр мойнымен жалғасады

жатыр денесінен әрі аспайды

құрсақ қуысына жалғасады

жамбас қуысына бағытталады

   

Жатыр тармақтарының екіге бөлінген жерін қалай атайды

 

бифуркация

дивертикул

вагина

қынап

сарпай

   

Жатыр денесінен бифуркацияға дейін

 

тармақ аралық өзек түзіледі

жатыр түзіледі

сарпай түзіледі

аралық тігіс түзіледі

қынап кіреберісі түзіледі

   

Сиырдың жатыр тармақтарының орналасуы мен ұзындығы

 

қошқар мүйізі тәрізденіп астына қарай бүктеліп жатады, ұзындығы 20-30 см

бұқаның мүйізі сияқты, ұзындығы 2-4 см

ешкі мүйізі тәрізді, ұзындығы 5-8 см

күмбез тәрізді, ұзындығы 10-12 см

шұңқыр сияқты, ұзындығы 11-13 см

   

Биенің жатыр тармақтарының орналасуы

 

алға қарай, төмен түсіп, тармақтарының ұштары жоғары қайырылып, дөңес жағы астында, ойыс жағы үстінде

қошқар мүйізі тәрізденіп астына қарай бүктеліп жатады

күмбезденіп барып бітеді, дөес жағы бетінде, ойыс жағы астында

бұқаның мүйізі тәрізді жатады

ешкі мүйізденіп орналасады

   

Мегежіннің жатыр тармақтарының орналасуы және ұзындығы

 

ішек тәрізді иректеліп құрсақ қуысында жатады, ұзындығы 1,5-2 м-ге дейін

қошқар мүйізі тәрізденіп астына қарай бүктеліп жатады, ұзындығы 10-20 см

ешкі мүйізденіп орналасады, ұзындығы 2-3 см

күмбезденіп барып бітеді, дөес жағы бетінде, ойыс жағы астында, ұзындығы 1,5-2 см дейін

бұқаның мүйізі тәрізді жатады, ұзындығы 5-10 м дейін

   

Карункула дегеніміз

 

күйіс қайыраты малдардың жатыр тармағында кілегейлі қабаттан түзілген, арнайы құрылымдар

күйіс қайырмайтын жануарлардың жатыр тармағында түзілген, арнайы құрылымдар

тек жылқының жатыр тармағында түзілген орган

тек ешкінің жатыр тармағында түзілген ткан

тек қойдың жатырында дамитын клетка

   

Карункулалардың жалпы саны, олардың тармақтар мен жатыр денесінде орналасуы

 

жалпы саны 80-120 дейін, тармақтарда 3-4 қатардан, жатыр денесінде ретсіз орналасқан

жалпы саны 10-20 дейін, 1-2 қатардан, жатырда ретімен орналасқан

жалпы саны 30-40 дейін, жатыр мойнында орналасқан

жалпы саны 50-60 дейін, тармақтарда 10-14 қатардан орналасқан

жалпы саны 15-25 дейін, жатыр тармақтарында 20-23 қатардан ретсіз орналасқан

   

Крипталар дегеніміз не

 

карункулалардың беткейінде орналасқан кішкентай тесіктер

жатыр мойнында орналасқан карункулалар

жатыр денесінде орын тепкен жаралар

жұмыртқалық көлемі

тек күйіс қайырмайтын малдарда дамитын органдар

   

Сиыр мен ұсақ малдардағы карункулаларының беткейі

 

сиырда дөңестеніп, ұсақ малда түйме тәрізді ойыстанып келеді

сиыр мен ұсақ малда түйме тәрізді ойыстанып келеді

сиыр мен ұсақ малда дөңестеніп келеді

сиыр мен ұсақ малда нүкте тәрізді

сиыр мен ұсақ малда үтір тәрізді

   

Қандай мал түрінде карункула болмайды, крипталар және жатыр бездері қайда орналасады

 

күйіс қайыратын малдардан басқа жануарларда болмайды, крипталар мен жатыр бездері жатырдың кілегейлі қабатында орналасады

ауыл шаруашылық малдарында крипталар болмайды

тек қана күйіс қайыратын малдарда болмайды

тек күйіс қайырмайтын жануарларда ғана болады

тақ тұяқты жануар түрінде болып, крипталар мен жатыр бездері жатыр тармағында орналасады

   

Қынап (vagina, colpos) қайда орналасқан

 

жамбас қуысында, тік ішектің астында орналасқан

құрсақ қуысында орналасқан

жатыр тармағында орналасқан

жатыр денесінде орналасқан

төс аймағында орналасқан

   

Қынаптың атқаратын негізгі қызметі

 

шағылысуды қамтамасыз етеді және төл жүретін жол болып табылады

тек шағылысуды қамтамасыз етеді

тек төл жүретін жол болып табылады

тек нәжіс бөліп шығаратын орган

тек нәжіс бөліп шығаратын және төл жүретін жол

   

Қынаптың ұзындығы ірі малда (см)

 

30-35 см

5-10 см

60-70 см

10-20 см

1-2 см

   

Қынаптың ұзындығы ұсақ малда (см)

 

10-20 см

1-3 см

50-60 см

40-50 см

30-40 см

   

Қынап қандай қабаттардан тұрады

 

кілегейлі, етті, адвентиция

эпителий, адвентиция

етті, сірілі

бір қабатты түтікті қабаттан

сірілі, кілегейлі және эпителиалды қабаттан

   

Қынаптың кілегейлі қабаты немен қапталған

 

көп қабатты жалпақ эпителиймен

бір қабатты кілегеймен

бір қатарлы еттімен

сірілі қабықпен

адвентициямен

   

Гартнер жолдары қалай орналасқан

 

қынаптың вентралдік бөлігінде ұзына бойы

қынап кіреберісіне көлденеңінен

жатыр мойнында тігінен

жамбас қуысында көлбеу

тік ішек ішінде тігінен

   

Қынап пен қынап кіреберісін кішкентай ғана көлденең қатпар бөліп тұрады, бұл

 

қыздық перде (humen)

жатыр (uterus, hystera, metra)

қынап (vagina, colpos)

жатыр денесі (corpus uteri)

жатыр мойыны (cervix uteri)

   

Күмбез тәрізді кеңістік қынаптың қандай бөлігінде орналасқан

 

краниалдік бөлігінде, жатыр мойнының жоғары жағында

қынаптың вентралдік бөлігінде

қынаптың каудалдік бөлігінде, жатырдың төменгі жағында

жатыр тармақтарында

жатыр денесінде

   

Қынап кіреберісі (vestibulum vaginae) және ірі малдағы ұзындығы

 

жыныс саңылауынан басталып қынапқа қосылатын, ұзындығы ірі малда 8-14 см болатын түтікше орган

жатырдың мойнының астында орналасқан ұзындығы 1-2 см

жұмыртқалықта орналасқан, ұзындығы 0,5-1,0 см

құрсақ қуысында, ұзындығы 30-35 см

жамбас қуысында, ұзындығы 40-45 см

   

Сиырда, қойда, ешкіде және мегежінде зәр шығаратын тесік кішкентай көлденең қатпармен нешеге бөлінген

 

екіге

үшке

төртке

беске

алтыға

   

Биеден басқа жануарларда зәр шығаратын тесік кішкентай көлденең қатпармен екіге бөлінген

 

үстіңгі бөлігі зәр шығаратын арнаға, яғни қуыққа барады да, астыңғысы тереңдігі 2 см болатын тұйық тесік-дивертикул түзеді

астыңғы бөлігі жатырға барады да, үстіңгісі биіктігі 5 см болатын крипталар түзеді

жанындағы бөлігі жатыр денесіне барып, биіктігі 10 см болатын карункула түзеді

алдыңғы бөлігі жұмыртқалыққа барады да, тереңдігі 15 см болады

артқы бөлігі жатыр мойнына барады да, тереңдігі 20 см құрайды

   

Қандай жануар түрінде дивертикул (diverticulum suburetrale) болмайды

 

биеде

сиырда

қойда

ешкіде

мегежінде

   

Қынап кіреберісінің атқаратын негізгі қызметі

 

жыныстық қатынасты (шағылысу) қамтамасыз ету

төлдің өсуін реттеу

аналық және аталық клеткалардың кездестіру

аналық ұрық торшасы мен жыныстық гормондар бөлу

организмнен бөгде заттарды бөліп шығару

   

Қынап кіреберісінің қабырғасы қандай қабаттардан тұрады

 

кілегейлі, етті және дәнекер ұлпалы

етті, сулы, майлы

сірілі, іріңді, милы ұлпалы

тек кілегейлі

фибринозды, экссудатты, геморрагиялық

   

Қынап кіреберісінің кілегейлі қабаты көп қабатты

 

жалпақ эпителиймен қапталған және ол әр түрлі қалыңдықта қатпарлар түзеді

жіңішке кілегеймен жабылып, жәй қатпарлар түзеді

жуан сірілі қабатпен қапталып, қатпар түзеді

іріңді қабатпен қапталып, жол түзеді

экссудатпен қапталып, екіге ажыратылады

   

Қынап кіреберісінің екі жағында, кілегейлі қабаттың астында

 

екі қатар орналасқан шырыш бөлетін түтік тәрізді бездер бар

үш қатар орналасқан сөл бөлетін тесік бар

бес қатарлы, сұйықтық бөлетін орын бар

алты қабатты, сүт бөлетін тесік бар

жеті қабатты, су бөлетін түтік бар

   

Қынап кіреберісінің үлкен (вестибулярлық) бездері (gl. vestibulares major) және кіші бездері (gl. vestibulares minores) қайда орналасқан

 

жыныс саңылауынан 1,5-2,5 см тереңдікте, сарпайдың жоғары бұрышына жақынырақ, етті қабаттың ішінде

жатырдан 2,5-3,5 см тереңде, сірілі қабаттың ішінде

жұмыртқалықтан 0,5-1,0 см тереңде эпителий ішінде

жатыр тармағынан 4,0-4,5 см тереңде

жатыр денесінен 5,0-5,5 см тереңде орналасқан

   

Қандай жануар түрлерінде қынап кіреберісінің екі жағында, сарпай сфинктерінің астында тереңіректе, тығыз фиброзды қабықпен қапталған екі қуыс немесе каверналық денелер (bulbus vestibuli) орналасқан

 

биеде, мегежінде, ұрғашы итте

мысықта, сиырда

ешкіде, ұрғашы итте

қойда, жылқыда, сиырда

есек, мысық, ұрғашы итте

   

Сарпай сфинктерінің астында тереңіректе орналасқан каверналық денелер жыныстық қатынас кезінде қандай өзгеріске ұшырайды

 

қанға толып, сарпай ісінеді

қан ағып, сарпай босап қалады

ешқандай өзгеріс болмайды

жіңішке кілегеймен жабылады

экссудатқа толып, жатыр ісінді

   

Аталық жыныс мүшесінің рудименті – шүртекей (clitoris, cunnus) қайда орналасады

 

қынап кіреберісінің төменгі бұрышында, шонданай сүйегінің үстінде

жатыр кілегей қабығының астында

жатыр тармағының үстінде

жатыр мойнының жанында, бел омыртқаның астына

жұмыртқалықта, шонданай сүйегінің астына

   

Аталық жыныс мүшесінің рудименті – шүртекей (clitoris, cunnus) қандай кавернозды денелерден тұрады

 

венозды және артериалды

тек венозды

тек артериалды

тек қынаптан

тек сарпайдан

   

Шүртекей

 

жүйке ұштарына өте бай, басы денесі және аяқтары бар

жүйке ұштары жетілмеген, басы денесі және аяқтары жоқ

тек басы, аяғы бар

тек денеден ғана тұрады

бұл экссудатқа толы, қапшық

   

Сарпай (vulva)

 

сыртынан нәзік түкті терімен қапталған екі жыныс ернеулерінен (labia vulvae) тұрады

жоғарғы жағы сүйірленіп (commissura labiorum syperior) тұрады

төменгі шеттері доғалданып (commissura labiorum inferior) тұрады

жатыр денесінің қабығының астында орналасқан

жатыр мойнының үстінде орналасқан

   

Биенің жыныс ернеулерінің

 

жоғарғы жағы сүйірленіп (commissura labiorum syperior) және төменгі шеттері доғалданып (commissura labiorum inferior) қосылып тұрады

сыртынан нәзік түкті терімен қапталған

қынап кіреберісінің үлкен gl. vestibulares major және кіші бездерінен gl. vestibulares minores-тен тұрады

тек қана шағылысуды қамтамасыз етіп тұрады

астында жатыр мойнының үстінде орналасқан

   

Еркек малдың жыныс органдарына

 

ұма, ен, ен қосалқысы, ұрық түтікшелері, қосымша жыныс бездері, жыныстық мүше жатады

ұма, жыныстық мүше, ен қосалқысы жатады

жыныстық бездер, жатыр, қынап, қосымша жыныстық бездер

қынап, ен қосалқысы сарпай, жыныс ернеулері

жатыр, ен, жатыр денесі, жұмыртқалық

   

Ұма (scrotum)

 

екі қабаттан тұратын қапшық

үш қатарлы қапшық

еннен тұратын қапшық

тек ен баудан тұрады

тек қосымша бездерден тұратын қапшық

   

Ұманың сыртқы қабаты

 

тері, өте жұқа, жұмсақ

өте қалың, қатты

қалыңдығы орташа, қатты тері

көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған

бір қабатты кілегеймен, қалыңдығы, орта, тері жабынымен қапталған

   

Ұманың ішкі қабаты қандай қабықтан тұрады

 

серпімелі етті

эпителий қабатынан

сірілі қабықтан

кілегейлі қабықтан

кірпікшелі эпителийден

   

Ұма қандай қабаттардан тұрады

 

сыртқы және ішкі

ортаңғы

алғашқы тері қабатынан

сірілі және кілегейлі қабаттардан

эпителий қабатынан

   

Ұманың қай қабатында тер бөлетін бездер көп болады

 

сыртқы

ішкі

ортаңғы

эпителий қабатында

ен қосалқысында

   

Ұманың негізгі атқаратын қызметі

 

ен мен ен қосалқысын сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғау және температураны реттеу

дене температурасын реттеу

тек дене қызуын көтеру

сыртқы ортаның зиянды заттарын қабылдау

организмнен сыртқы ортаға зиянды заттарды бөлу

   

Ұманың ішіндегі температура дене температурасына қарағанда

 

3-5 0С төмен

1,0-1,5 0С жоғары

10-15 0Стөмен

8-9 0С төмен

0,5-2,5 0С төмен

   

Ұманың ішіндегі температураның 3-5 0С төмен болуы не үшін қажет

 

спермиогенездің дұрыс өтуі, шәуеттің сапасының жоғары болуы үшін

бірігіп, енді құрауы үшін

бірлесіп тіршілік етуі үшін

өз бетімен тіршілік ету мақсатында

паразиттік тіршілік етуі үшін

   

Ен (testis, orchis, didymis) қандай органға жатады

 

эндокринді

веналық

артериалдық

акушерлік

паразиттік

   

Ен қайда орналасқан

 

ен сағағына ілініп, ұманың қынаптық қуысында жатады

жатыр ішінде орналасады

жатыр тармағында орналасады

жатыр мүйізшесінде орналасады

жыныс бездерінің ішінде, күпекте орналасқан

   

Еннің сыртқы пішіні қандай

 

жұмыртқа тәрізді, сопақтау, тығыз, серпімелі, өте күрделі түтікті без

төртбұрышты, бос, жәй без

ағзаның тер бөлуіне қатысатын үшбұрышты негізгі без

ромб тәрізді, дене қызуын реттейтін без

бес бұрышты, дене қоғалысын реттейтін без

   

Еннің өзге эндокринді бездерден айырмашылығы неде

 

миллиардтаған тірі торшаларды (спермийлерді) түзуі

тер бөлуді күшеюі

ауыздан сілекей ағуды күшейтуі

дене қызуын реттеуі

қимыл қозғалысқа қатысуы

   

Бұқада еннің ұзындығы, диаметрі, салмағы қандай

 

12-15 см, диаметрі 6-7 см, салмағы 300 гр

32-45 см, диаметрі 26-27 см, салмағы 500 гр

42-45 см, диаметрі 36-37 см, салмағы 600 гр

52-55 см, диаметрі 46-47 см, салмағы 700 гр

62-65 см, диаметрі 56-57 см, салмағы 800 гр

   

Бұқаның ені ұманың ішінде

 

тігінен орналасқан

көлденең орналасқан

көлбеу орналасқан

параллель орналасқан

трапеция тәрізді орналасқан

   

Ен сыртынан немен қапталған

 

ақзаттық қабықпен

терімен

безбен

кілегеймен

сірілі қабықпен

   

Ақзаттық қабық еннің ішіне

қарай еніп,

 

орталық қалқан түзеді

шеткі бездерді түзеді

ұманы түзеді

теріні түзеді

безді түзеді

   

Еннің ішіндегі орталық қалқаннан қалқаншалар тарап, енді

 

300-400 бөлікке бөледі

600-700 бөлікке бөледі

700-800 бөлікке бөледі

800-900 бөлікке бөледі

900-1000 бөлікке бөледі

   

Еннің ішіндегі әр бөлікте

 

4-5 ирек түтікшелер орналасады

6-7 ирек түтікшелер орналасады

8-9 ирек түтікшелер орналасады

10-11 ирек түтікшелер орналасады

12-13 ирек түтікшелер орналасады

   

Спермийлер қайда түзіледі

 

еннің ішіндегі ирек түтікшелерде

ұмада

безде

лимфада

қанда

   

Ен торы қалай құралады

 

әр бөліктен тік түтікшелер шығып, бірігіп

бездер арқылы

лимфа түйіндері арқылы

қан түйіршіктері арқылы

тер бездері шығып, бірігіп

   

Ен қосалқысының (epididymis) басы қалай құралады

 

ен торынан шыққан ұрық шығарушы түтікшелер құрайды

лимфа түйіндері арқылы қалыптасады

ағзаның тер бөлуіне қатысатын үшбұрышты негізгі безінен құралады

кілегейлі қабық арқылы

қан түйіршіктері арқылы құралады

   

Ен қосалқысының денесі қалай құралады және ен қосалқысының құйрығы қалай қалыптасады

 

ұрық шығарушы түтікшелер бір ортақ арнаға ауысып ен қосалқысының денесін құрайды, әрі қарай кеңейе келіп ен қосалқысының құйрығын қалыптастырады

организмнің лимфа түйіндері арқылы ен қосалқысының денесі, ал өсе келе ен қосалқысының құйрығын қалыптастырады

жануар ағзасының тер бөлетін органдары арқылы қалыптастырылады

малдың жыныстық мүшелерінен бөлінген мөлдір сұйықтық арқылы

қан түзетін органдар арқылы

   

Ен қосалқысы қайда орналасады

 

енді бойлап, жабысып жатады

жұмыртқалық жолдарымен бірігіп кетеді

жатыр мойнында

жатыр тармағында

жатыр маүйізшесінде

   

Аталық ұрық жасушалары анабиоздық күйге қай орында түседі

 

ен қосалқысында

ирек түтікшелерде

жыныстық бездерде

ұмада

лимфа түйінінде

   

Ен бауы (funiculus spermaticus) бұл

 

сірілі қабат ішінде орналасқан ұрық жолынан, қан тамырларынан, жүйкелерден және бұлшық ет талшықтарынан тұрады

эпителий қабатымен қапталған, лимфадан, қан тамырларынан тұрады

кілегейлі қабықпен қапталған, жүйке жүйесінен тұрады

ақзаттық қабықпен қапталған, ирек түтік

терімен қапталған, иректелген түтік

   

Ен бауы қайда бағытталған

 

еннен және ен қосалқысынан басталып, бау тәрізденіп, шап өзегіне

ен мен ен қосалқысынан бастау алып, несеп-жыныс-арнасына

қуыққа

жұлынға

сан бұлшық еттеріне

   

Бұқада ен баудың ұзындығы

 

20-25 см

5-6 см

4045 см

30-35 см

55-60 см

   

Енді көтергіш етті (m. cremaster internus) не түзеді

 

ен бауындағы әлсіз дамыған бұлшық ет талшықтары

ен және ен қосалқысы

қосымша жыныс бездері

көпіршік тәрізді жұп бездер

баданалық без

   

Өте иректелген ішкі ендік артерия (a. spermatica interna) және ендік вена (v. spermatica interna) қайдан өтеді

 

ен бауының ішімен

қуық арқылы

уретралдық бездер арқылы

купер бездері арқылы

көпіршікті жұп бездер арқылы

   

Ұрық жолдары (ductus deferens) қайдан басталып, қайда қосылады және несеп-жыныс арнасы дегеніміз не

 

ен қосалқысының арнасынан басталып, ен бауының құрамында құрсақ қуысына өтіп, қуықтың үстіңгі жағында ампула тәрізденіп кеңейіп, несеп жолына қосылады, әрі қарай бұл жол несеп-жыныс арнасы деп аталады

сірілі қабық арасында орналасып, ұрық жолынан, қан тамырларынан, жүйкелерден және бұлшық ет талшықтарынан құралуы несеп-жыныс арнасы деп аталады

ұрық шығарушы түтікшелер бір ортақ арнаға ауысып ен қосалқысының денесін қалыптастырады, әрі қарай кеңейе келіп ен қосалқысының құйрығын қалыптастыра отырып, әрі қарай бұл жол несеп-жыныс арнасы деп аталады

организмнің лимфа түйіндері арқылы ен қосалқысының денесі, ал өсе келе ен қосалқысының құйрығын қалыптастырады да, әрі қарай бұл жол несеп-жыныс арнасы деп аталады

жануар ағзасының тер бөлетін органдары арқылы қалыптастырылады және әрі қарай бұл жол несеп-жыныс арнасы деп аталады

   

Қосымша жыныс бездерін ата

 

көпіршік тәрізді, баданалық, купер, уретралдық

ен, ен қосалқысы, ен бау, енді көтергіш ет

сірілі, кілегейлі, уретралдық

эпителий, баданалық, ұма, ен, ен бау

фибрин тәрізді, купер, эпителий, кілегейлі

   

Көпіршік тәрізді жұп бездер (gl. vesiculares) қайда орналасқан

 

қуықтың дорсалдік бөлігінде, ұрық түтікшесінің кеңейген жерінің екі жағында

қуықтың сірілі қабығының арасында орналасқан

ұрық шығарушы түтікшелерінің аралығында

ағзаның лимфа түйіндерінің аралығының екі жағында, ұзына бойы

жануар ағзасының тер бөлетін органдарының аралығында

   

Көпіршік тәрізді жұп бездерінің ірі қара мен қабандағы ұзындығы мен диаметрі

 

ұзындығы 10-15 см, диаметрі 4-5 см

ұзындығы 20-25 см, диаметрі 14-15 см

ұзындығы 30-35 см, диаметрі 24-25 см

ұзындығы 40-45 см, диаметрі 34-35 см

ұзындығы 50-55 см, диаметрі 44-45 см

   

Қандай жануар түрінде көпіршік тәрізді жұп бездер болмайды

 

төбет және жабайы аңдарда

бұқада, айғырда

бурада

текеде

қошқарда, қабанда

   

Баданалық без қайда орналасқан

 

қуықтың дорсалдік жағында несеп-жыныс өзегінің басталған жерінде

қуықтың дорсалдік бөлігінде, ұрық түтікшесінің кеңейген жерінде

қуықтың вентралдік бөлігінде

ен бауының каудалдік бөлігінің екі жағында

еннің ішкі жағында, ен баудың краниалдік бөлігінде

   

Қандай жануар түрінде баданалық без (gl. prostata) жақсы дамыған

 

айғыр мен төбетте

бурада

қошқарда, текеде

қабанда

бұқада

   

Баданалық без (gl. prostata) қандай без түріне жатады

 

жеке дара без

жұп без

төрт безше

алты безше

жеті безше

   

Купер бездері (gl. bulbourethralis) қайда орналасқан

 

несеп-жыныс өзегінің дорсалдік бөлігінде, екі жағында жамбас қуысынан шығатын жерінде

қуықтың каудалдік жағында несеп-жыныс өзегінің басталған жерінде

қуықтың вентралдік бөлігінде, ұрық түтікшесінің кеңейген жерінде

ен бауының дорсалдік бөлігінің екі жағында

еннің ішкі жағында, ен баудың вентралдік бөлігінде

   

Айғыр мен бұқада купер бездерінің көлемі

 

3-2,8 см

20-25 см

30-35 см

40-45 см

50-55 см

   

Қабанда купер безінің көлемі

 

12-18 см

3-5 см

1-2 см

20-21 см

22-23 см

   

Қандай жануар түрінде купер безі болмайды

 

төбетте

қабанда

айғырда

қошқарда

бұқада

   

Уретралдық бездер қайда орналасқан

 

несеп-жыныс өзегінің қабырғасында

қуықтың астында

еннің жанында

ен бауының дорсалдік бөлігінде

еннің ішкі жағында, ен баудың каудалдік бөлігінде

   

Қосымша жыныс бездерінің негізгі қызметі

 

өздері бөліп шығаратын сөлі арқылы ен қосалқысынан келген қою шәуетті сұйылту, спермийлерді ұйқыдан ояту, қозғалыс белсенділігін арттыру, шәует бөлінер алдында уретралдық бездер өз секретімен несеп-жыныс өзегін тазалайды

төрт қабаттан (кілегейлі, етті, сірілі, фибринозды) тұратын өте жіңішке, жұмыртқалық пен жатыр тармағын жалғастыратын иректелген түтік, жыныстық қабілетті арттырады

эпителий қабық арасында орналасып, ұрық жолынан, қан тамырларынан, бұлшық ет талшықтарынан құрауы

ұрық шығарушы бір ортақ арнаға ауысып ен қосалқысының денесін қалыптастырады, әрі қарай кеңейе келіп ен қосалқысының құйрығын қалыптастыра отырып, әрі қарай апарар жол

ағзаның лимфа түйіндері арқылы ен қосалқысының денесі, ал өсе келе ен қосалқысының құйрығын қалыптастырады

   

Жыныстық мүше (penis) бұл

 

шәуетті ұрғашы малдың жыныс жолдарына апарып салатын жыныстық қатынас органы

ұма, жыныстық мүше, ен қосалқысы

жыныстық бездер, жатыр, қынап, жыныстық бездер

ен қосалқысы сарпай, жыныс ернеулері

жатыр, жатыр денесі, жұмыртқалық

   

Жыныстық мүше бұқада қалай аталады

 

қамшы

шүкі

қаса

шыбық

таяқ

   

Жыныстық мүше айғырда қалай аталады

 

қаса

қамшы

таяқ

шүкі

шыбық


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 182 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.235 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>