Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: EXCEL Электрондық кестесі. Электрондық кестемен деректер қоры ретінде жұмыс жасау.



№3 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: EXCEL Электрондық кестесі. Электрондық кестемен деректер қоры ретінде жұмыс жасау.

(2 сағат).

 

Жұмыстың мақсаты:

Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде қолдану тәсілдерімен танысу;

Деректер қорында әр түрлі белгілеріне қарай мәліметтерді іздеу әрекеттерін меңгеру;

Деректерді сұрыптауды үйрену.

Деректер қорының негізгі түсініктері

Кестенің А2:F12 аймағын деректер қоры ретінде қарастыруға болады (1 суретті қара). Деректер қорында осы кестенің A,B,C,D,E,F бағаналары өріс (поля), ал 3-12 жолдары жазбалар (запись) деп аталады. A2:F2 аймағында өрістің аттары жазылған.

Деректер қорының құрылымына шектеулер қойылады:

Деректер қорының бірінші қатарында қайталанбайтын өріс атаулары орналасса;

Деректер қорының біріншіден басқа қатарлары ешқандай бос орын қалмайтындай болып, жазбалармен толтырылса;

Өріс бойымен (бағана бойынша) орналасқан мәліметтер біртектес, яғни тек сандар немесе мәтіндер болса, кестені деректер қоры ретінде қарастыруға болады.

Деректер қорымен атқарылатын негізгі жұмыс оның құрамынан айрықша белгілеріне қарай деректерді іздеу болып табылады. Жазбалар саны неғұрлым көп болған сайын деректерді іздеу қиындай береді.

EXCEL – бұл қиындықтарды шешуді деректерді сұрыптау арқылы орындау мүмкіндігін береді.

Жазбаларды екшеп, теріп алу

Деректер, Фильтр (Данные, Фильтр) командасын орындау арқылы қажетті жазбаларды басқалардан бөліп алуға, екшеп теріп алуға болады. Екшеп теріп алуды автоматты түрде Автофильтр командасының, ал жәй әрекеттер арқылы (қолмен) Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр) командасының көмегімен орындауға болады.

Автофильтрді пайдалану ерекшеліктері

Автофильтрді пайдаланып, жазбаларды екшеп теру әрекеттерін орындау үшін, алдымен курсорды деректер базасы ретінде қарастырылатын кестенің ішіне орналастырамыз немесе жазбаларды белгілейміз. Одан кейін Деректер, Фильтр, Автофильтр (Данные, Фильтр, Автофильтр) командасын орындаймыз. Нәтижесінде өріс аттары маңында төмен қарай бағытталған тілсызық батырмалар пайда болады. Осы батырмаларды шерту арқылы әрбір өрістегі деректерді екшеп теріп алу критерийлерін таңдай аламыз. Пайда болған ішкі менюдегі Барлығы (Все) бөлімі (- сурет) фильтрден өткізуді тоқтатады, ал Шарт (Условие) бөлімін таңдау нәтижесінде екшеп алу параметрлерін тағайындау мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады. Бір өрісте орналасқан деректерді ЖӘНЕ не НЕМЕСЕ логикалық функцияларымен байланысқан екі шартты бір уақытта тексере отырып, екшеп теруге болады.



1-ші тапсырма.

Кестені 1- сретке сәйкес келетіндей Күн жүйесіндегі планеталар туралы дерекпен толтырып, work6.xls деген атпн сақтаңыз

 

Күн планетасының жүйесі.

 

Планета

Период

Ара қашықтық

Диаметр

Масса

Спутник

Солнце

         

Меркурий

0,341

 

4,9

0,32

 

Венера

0,815

 

12,1

4,86

 

Земля

   

12,8

   

Марс

1,881

 

6,8

0,61

 

Юпитер

11,86

 

142,6

1906,98

 

Сатурн

29,48

 

120,2

570,9

 

Уран

84,01

   

87,24

 

Нептун

164,8

 

50,2

103,38

 

Плутон

247,7

 

2,8

0,1

 

 

1-сурет. Күн жүйесіндегі планеталар жөніндегі дерек жазылған кесте

 

 

Кестеде қолданылатын өлшем бірліктері:

- Орбита бойынша айналу периоды, жыл;

- Планетаның Күннен қашықтығы, млн.км;

- Экваторлық диаметрі, мың км.;

- Массасы - көбейтілген 1024кг.

 

2-ші тапсырма.

Автофильтрді пайдалана отырып, “С” немесе “Ю”іпінен басталатын, массасы 600×1024 кг-нан кем планеталарды іздеңіз. Ол үшін:

2.1 Деректер, Фильтр, Автофильтр (Данные,Фильтр, Автофильтр) командасын орындаңыз.

Осы мезетте деректер қорының әрбір өрісінде батырмалар пайда болуы керек.

2.2 Планета өрісіндегі батырманы шертіңіз де, Шарт... (Условие...) бөлімін таңдаңыз.

2.3 Пайдаланушы автофильтрі (пользовательский автофильтр) сұхбат терезесінде НЕМЕСЕ ауыстырғышын қосып, сол жақ өрістерде тең (равно) шартын таңдап, оң жақ өрістерде С*, Ю* әріптерін теріп жазыңыз да, ОК юатырмасын шертіңіз.

Осы әрекеттер орындалғаннан кейін деректер қорында Күн, Юпитер және Сатурн планеталары ғана қалуы керек.

2.4 Масса өрісіндегі батырманы шертіңіз де, Шарт... (Условие...) бөлімін таңдаңыз.

2.5 Пайдаланушы автофильтрі (пользовательский автофильтр) сұхбат терезесінде Масса өрісінде батырмасын шертіп, аз (меньше) шартын таңдап, сол жағында пернелер тақтасынан 600 санын теріп жазыңыз.

Нәтижесінде Күн мен Юпитердің салмағы600 кг-нан артық болғандықтан, деректер қорында тек Сатурн ғана қалады.

2.6 Деректер, Фильтр, Барлығын көрсету (Данные,Фильтр,Отобразить все) командасын орындаңыз.

3-ші тапсырма.

Автофильтрді пайдаланып, өз бетіңізше орындаңыз:

1) экваторлық диаметрі 50 мың. км.- ден және массасы 4*1024кг. Кем емес планеталарды іздеңіз (Меркурий, Марс, Плутон);

2) Күннен ара қашықтығы 100 млн. Км.-ден аспайтын, массасы 3*1024кг. - 500*1024кг, аралығында болатын және 2-ден артық серігі бар планеталарды іздеңіз (Венера, Земля, Нептун).

Кеңейтілген фильтр

Кеңейтілген фильтрді (Расширенный фильтр) пайдаланбас бұрын мынадай үш аймақты анықтап (құрып) алу қажет.

- тізім аралығы (интервал списка), яғни деректер қоры аймағы, біздің мысалымызда (A2:F12).

- критерийлер аралығы (интервал критериев) – екшеп теру әрекеті өткізілетін аймақ, (A14:F15);

Шығарып алу аралығы (интервал извлечения) – екшеп теру нәтижесі орналасқан аймақ (A17:F21).

Кеңейтілген фильтр көмегімен мәліметтерді екшеп теріп алу үшін, Деректер, Фильтр, Кеңейтілген фильтр (Данные, Фильтр, Расширенный фильтр) командасын орындаймыз. Экранда пайда болған Кеңейтілген фильтр сұхбат терезесінде аралықтардың координаталарын көрсету керек. Егер екшеп теру нәтижесін басқа орынға көшіру қажет болса, онда Нәтижені басқа орынға көшіру (Скопировать результат в другое место) ауыстырғышын іске қосам

 

 

4-ші тапсырма.

Кеңейтілген фильтрді қолдана отырып, 2-ден кем емес серігі бар және айналу периоды 10 жылдан артық болатын планеталарды іздеңіз.

Ол үшін:

4.1 Критерийлер және шығарып алу аралығын құрыңыз.

4.2 Іздеу к ритерийі мен критерий аралығын жазыңыз.

4.3 Курсорды деректер қоры, яғни A2:F12 аралығына орналастырыңыз.

4.4 Деректер, Фильтр, Кеңейтілген фильтр (Данные, Фильтр, Расширенный фильтр) командасын орындаңыз.

4.5 Кеңейтілген фильтр сұхбат терезесінде Нәтижені басқа орынға көшіру (Скопировать результат в другое место) ауыстырғышын іске қосыңыз.

4.6 Аралықтардың дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз де, ОК батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде планеталар ішінен көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун планеталары табылуы керек

 

Планета

Период

Ара қашықтық

Диаметр

Масса

Спутник

Солнце

         

Меркурий

0,341

 

4,9

0,32

 

Венера

0,815

 

12,1

4,86

 

Земля

   

12,8

   

Марс

1,881

 

6,8

0,61

 

Юпитер

11,86

 

142,6

1906,98

 

Сатурн

29,48

 

120,2

570,9

 

Уран

84,01

   

87,24

 

Нептун

164,8

 

50,2

103,38

 

Плутон

247,7

 

2,8

0,1

 

Планета

Период

Расстояние

Диаметр

Масса

Спутник

>10 >=2

Юпитер

11,86

 

142,6

1906,98

 

Сатурн

29,48

 

120,2

570,9

 

Уран

84,01

   

87,24

 

Нептун

164,8

 

50,2

103,38

 

 

2- сурет. Кеңейтілген фильтр

 

 

5-ші тапсырма.

Алынған нәтижені planets.xls дегкен атпен файлға сақтап қойыңыз.

6-шы тапсырма.

А13 ұяшығына “Іздеу критерийі”, ал А16 үяшығына “Іздеу нәтижесі” деген тақырыптар жазған соң, жұмыстың нәтижесін қағазға басып шығарыңыз.

7-ші тапсырма.

Кеңейтілген фильтрді қолдана отырып, айналу периоды 2 жылдан артық, экваторлық диаметрі 50 мың км. Ден кем емес планетаны іздеңіз (Уран, Плутон).

 

Деректерді сұрыптау

Excel программасында деректер қоры ретінде қарастырылатын кестені сұрыптау мүмкіндігі бар. Сұрыптау әрекетін орындау үшін, деректер қорын белгілеп немесе меңзерді сол аймаққа орналастырған соң, Деректер, Сұрыптау командасын орындаймыз. Осы мезетте Сұрыптау ауқымы (Сортировка диапозона) сұхбат терезесі ашылады. Бұл терезеде Жазбаларға (Ауқымның бірінші қатары) (Подписям, первая строка диапозона) ауыстырғышын қосып, сұрыптау жүргізілетін өріс атын таңдаймыз. Сонымен бірге, сұрыптау тәсілінің өсу ретімен немесе кему ретімен екі мүмкіндігінің бірін таңдап алғаннан кейін ОК батырмасын шертеміз.

Деректер қоры осы әрекеттер орындалған соң өзіміз тағайындаған параметрлерге сәйкес реттеледі. Символдық мәтіндерден тұратын өрістер алфавиттік ретпен сұрыпталады.

8-ші тапсырма.

Кестедегі деректер қорын спутник серіктері санының кемуі бойынша реттеңіз.

9-шы тапсырма.

Планеталарды әліппе реті бойына сұрыптаңыз.

10-шы тапсырма.

Деректерді күннен ара қашықтығының өсу ретіне байланысты сұрыптау.

11-ші тапсырма.

Оқытушыға Планета файлдарын және оның баспаға шыққанг түрін көрсетіңіз.

 

Негізгі әдебиеттер:: [1] – 1-638 б, [2] 1- 432 б.

Қосымша әдебиеттер: [6].

Бақылау сұрақтары:

 

1. Кестенің кез келген аймағын деректер қоры ретінде қарастыруға бола ма?

2. Деректер қорындағы Өріс және Жазба ұғымдарына түсінік беріңіз.

3. Автофильтрдің көмегімен деректерді іздеу әрекеті қалай жүзеге асырылады?

4. Кеңейтілген фильтр мен Автофильтрдің қандай айырмашылықтары бар?

5. Кеңейтілген фильтрді қолдану үшін анықтауға қажетті аймақтарды атаңыз.

6. Деректер қорындағы мәліметтерді сұрыптау қалай орындалады?

7. Деректерді қандай тәсілдермен сұрыптауға болады?

8. Символдық мәтіндерден тұратын өрісті сұрыптауға бола ма?

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 198 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Министерство образования и науки Российской Федерации | Как готовили предателей. Начальник политической контрразведки свидетельствует 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)