Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Курстық жұмыс «Кәсіпке оқыту мұғалімінің сабаққа дайындалуы және оқыту жұмысын жоспарлауы»-деп аталады. 4 страница



Ауа кеңiстiгiн ластайтын қосылыстар көмiртек оксидтерi, күкiрт пен азот қосылыстары, көмiрсутектер мен өндiрiстiк шаң тозаң. 1 жыл iшiнде атмосфераға 200 млн тонна көмiртек оксидi (СО), 20 млрд тонна көмiрқышқыл газы, 150 млн тонна күкiрт оксидi,

53 млн тонна азот оксидтерi, 50 млн тонна түрлi көмiрсутектер бөлiнедi. Биосфераның ауыр металдармен ластануы — ғылыми техникалық прогресстiң аса маңызды проблемаларының бiрi болып отыр. Кейбiр есептеулер бойынша бүкiл адамзат қоғамы кезеңiнде 20 млрд тонна темiр өндiрiлген болса, оның түрлi техника, құрал жабдықтар, қондырғылардағы мөлшерi 6 млрд тонна ғана, олай болса 14 млрд тонна темiр қоршаған ортаға таралып, ластап отыр деуге болады. Бұдан басқа жыл сайын өндiрiлген сынап пен қорғасынның 80-90 % биосфераға таралған. Көмiр жанған кезде күл жəне түрлi газдармен бiрге қоршаған ортаға таралатын кейбiр элементтердiң мөлшерi олардың өндiрiлген мөлшерiнен де асып түседi. Мысалы, магний — 1,5 есе, молибден — 3 есе, мышьяк — 7 есе, уран, титан — 10 есе, аллюминий, иод, кобальт — 15 есе, сынап-50есе, литий, ванадий, стронций, бериллий, цезий — 100 деген есе, галлий мен германий — мыңдаған есе, иттрий — 10 мыңдаған есе, т.с.с. Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердiң қалыпты жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге зиянды əсерiн тигiзедi.

Ауа бассейнiнiң мөлдiрлiгiнiң өзгеруiне атмосферадағы көмiрқышқыл газының үлкен əсерi бар. Жыл сайын атмосферадағы оның мөлшерi 0,4 % артып отыр, қазiргi кездегi атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi 0,032 %. Кейбiр есептеулер бойынша атмосферадағы көмiрқышқыл газының

мөлшерi əр 23 жыл сайын 2 еселенiп отырады. Көмiрқышқыл газы инфрақызыл сəуленi — жылу сəулесiн сiңiредi, оның мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температураның жоғарылауына əкелiп соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның мөлшерi (көлем бойынша) 2 х 10 %, бiрақ ол Жер бетiн күн радиациясынан қорғап тұрады жəне бактерицидтiк қасиетi бар. Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргi таңдағы аса маңызды проблемалардың бiрi болып отыр. Күкiрт атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт бойы бөлiнiп отыр. Күкiрт оксидтерi өсiмдiктерге, жануарлар мен адам организмiне зиянды əсер етедi. Атмосферада күкiрт (1V) оксидi күкiрт (V1) оксидiне дейiн тотығады да, су буларымен қосылып, күкiрт қышқылына айналады. Күкiрт қышқылы атмосфералық жауын шашынмен бiрге қышқыл жаңбыр түрiнде жерге жауады. Қышқыл жаңбырлар су экожүйелерiне зиянды əсерiн тигiзедi, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуiн тежейдi, сөйтiп үлкен экономикалық шығын келтiредi. Атмосфераға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады. Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi. Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм өлiмге ұшырайды.



Бекіту, нұсқаулық, оқушылардың өзіндік жұмысы кезеңі (20 мин)

Оқушыларға сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қортындылау.

Қорытындылау сұрақтары:

1. Жер атмосферасының химиялық құрамы қандай?

2. Адамның iс-əрекетiнiң ауа райы мен климатқа əсерi қандай?

3. Атмосфераға температураның əртүрлi инверсиялары қалай əсер етедi?

4. Атмосфераны ластаушы негiзгi факторлар қандай?

5. Атмосфералық ауаның ластануы халық саны мен өсiмдiктер дүниесiне

қалай əсер етедi?

6. Ауаны ластаушы қалдықтардан тазартудың негiзгi əдiстерi қандай?

7. Автотранспорттан қандай улы қалдықтар бөлiнедi?

8. Автотранспорттан бөлiнетiн улы қалдықтарды азайту үшiн қандай негiзгi iс-шараларды жүзеге асыру қажет?

Үйге тапсырмасын тексеру және түсіндіру кезеңі (7 мин)

Берілген тақырыптар бойынша баяндама жасап келу.

1. Ауа бассейнiн қорғау.

2. Атмосфералық ауаның зиянды қосылыстармен ластануы.

3. Атмосфераны ластаушы қосылыстардың қоршаған орта

мен халық санына əсерi.

4. Қазақстан қалалары ауа бассейндерiнiң жағдайы.

5. Атмосфералық ауаны тазарту əдiстерi.

6. Қалалардағы шудың деңгейiн төмендету проблемалары.

7. Қоршаған ортаның химиялық ластанулары.

8. Атмосферадағы зиянды заттарды бақылау мен реттеу.

9. Атмосфералық ауа құрамының өзгеруi.

10. Атмосфералық ауаның жылулық ластануы.

Меңгерілген оқу материалын тексеру және бақылау кезеңі (5 мин)

(карточкалар арқылы бекіту)

Оқу орынын жинау кезеңі (3 мин)

 

2-ші дайындама

Сабақтың тақырыбы:Құрылыс алаңындағы ғимарат және оның ауласын өрт қауіпсіздігінен сақтау талаптары.

Өрттен қорғаудың негізгі жүйелері. Өрт сөндіру құралдары. Оларды пайдалана білу мен орналастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білім беру: өрт болған жағдайда қолданылатын негізгі іс-шаралармен таныстыру.

Тәрбие беру: өрт болған жағдайда өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: жеке қабілетін дамыту, алынған білімді практикады қолдануын дамыту.

Сабақ типтері:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерективтік тақта, видероликтер, слайд шоу, тақырыпқа негізделген сызбалар.

Сабақтың құрылымы:

- ұйымдастыру бөлімі (7 мин);

- жаңа материалды мазмұндау (25 мин);

- кіріспе инструктаж (5 мин);

- бекіту, нұсқаулық, оқушылардың өзіндік жұмысы (25 мин);

- үйге тапсырмасын тексеру және түсіндіру бөлімі (10 мин);

- меңгерілген оқу материалын тексеру және бақылау (5 мин);

- оқу орнын жинау (3 мин).

Ұйымдастыру кезеңі(7 мин)

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, құрал жабдықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

Жаңа материалды мазмұндау кезеңі (25 мин)

Құрылыс алаңындағы ғимарат және оның ауласын өрт қауіпсіздігінен сақтау талаптары. Өрттен қорғаудың негізгі жүйелері. Өрт сөндіру құралдары. Оларды пайдалана білу мен орналастыру.

Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:

- жанғыш заттың отқа тікелей әсері;

- сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;

- жану зонасында иісті газбен улану;

- жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;

- құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.

Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т.б. жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.

Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.

Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек.

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

Өрттің алдын алу шаралары:

- құрылыстық-жобалау;

- техникалық;,

- ұйымдастырушылық [28].

Құрылыстық-жобалау шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.

Техникалық шаралары:

- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;

- құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;

- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.

Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.

Дабыл беру және өрт байланысы өртті автоматты анықтауға, ол туралы өрт сөндіру құрылымындарына дер кезінде хабарлауға арналған.

Оған телефон, радиобайланыс, автоматты және қолмен басқаратын өрт дабыл беру құрылғысы, электр сиренасы, қоңырау, т.б. жатады.

Өртке қауіпті объектілерде өрт хабарлаушы датчиктер орналастырылады. Олар өрт болған кезде сым арқылы (немесе сымсыз) қабылдаушы аппараттарға дабыл береді. Бұл автоматты өрт дабыл беру құрылғысы деп аталады. Автоматты өрт дабыл беру құрылғысы сәулелік және шеңберлі сұлбалар бойынша орналастырылады. Қолданылатын датчиктерге байланысты олар жылулық, түтіндік, күзетілмелі және аралас болып бөлінеді.

Өртке қарсы дабыл беру құрылғылары өртке қарсы және өртке қарсы күзетілмелі болып екіге бөлінеді.

Күзетілмелі өртке қарсы дабыл беру құнды заттар сақталатын қоймаларда, адам көп жиналатын ғимараттарда және тұрғын үйлерде кеңінен қолданылады.

Негізгі өрт элементтері мен өрт бақылаушы дабыл беруге өрт хабарлаушы, қабылдағыш станция, байланыс сызығы, қор жинау көздері жатады.

Эвакуация - адамдардың үй-жайдан сыртқа немесе өрттің қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігі бар қауіпсіз аймаққа ұйымдастырылған өздігінен қозғалу, сондай-ақ қозғалу мүмкіндігі шектеулі тұрғындар тобына жататын адамдардың өздігінен емес, қызмет көрсетуші мамандар жүзеге асыратын процесі.

Эвакуациялық жол (эвакуация жолы) - адамдардың өрт кезінде қауіпсіз көшіру талаптарын қанағаттандыратын қауіпсіз аймаққа немесе тікелей сыртқа алып келетін қозғалыс және (немесе) орын ауыстыру жолы.

Эвакуациялық шығу - тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа эвакуация жолына алып баратын шығу.

Өртті сөндіру құралдары мен жолдары. Арналуы мен қолданылу саласына қарай өрт техникасы мына түрлерге бөлінеді:

1) өрт машиналары (автомобильдер, мотопомпалар, тіркемелер);

2) өрт сөндіру қондырғылары;

3) өрт сөндіруге сигнал беру құрылғылары;

4) өрт сөндіруге арналған жеке қорғау құралдары;

5) өрт сөндіру құралдары;

6) өрт сөндіретін құтқарғыш құрылғылар;

7) қолмен басқарылатын өрт сөндіру құралдары мен жабдықтары;

8) өрт сөндіргіш.

Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 %) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді.

Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді.

Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды.

Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықщылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай –ақ жанып жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген.

Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 –60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан тұратын болады.

Ол шиттер өрттi сөндiруге керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды су құбырына станоктарды су құйғыш орнатылады. Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су құйғыштармен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру су құбырларының гидранттары жолдың бойында және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5м қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады.

Өрт сөндiру гидранттары ғимараттардың баспалдақ ауласында да орналасуы мүмкiн. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын перспективтi бағыттардың бiрi автоматты өрт сөндiргiш қондырғылары. Ондай қондырғыларға спринклерлiк және дренгерлiк қондырғылары жатады. Дренчерлiк өрт сөндiргiш қондырғысы өртте сумен автоматы және қашықтықты жүйеде сөндiредi.

Кіріспе инструктаж (5 мин)

Көмірқышқылы өрт сөндіргіштер (ОУ). Ауа кірмей жанып жатқан заттарды сөндіруге арналған. Электр қозғалтқыштарды, электр қондырғыларды, химиялық зертханаларды, мұрағаттарды, мұражайларды сөндіруде теңдесі жоқ. Төмен температураға төзімді.

ОУ іске қосу:

• пломбаны жұлып тетігін шығару;

• түтігін отқа қарату;

• иінтірегін басу.

Жол берілмейді:

• өрт сөндіргішті тігінен немесе басын төмен аударып ұстауға;

• раструбына дененің ашық жерлерін тигізуге (оның бетіндегі температура -60...-70 ЭС төмендейді);

• раструбты кернеулі тұрған электр қондырғыға 1 м жақын келтіруге.

Ұнтақты өрт сөндіргіштер (ОП). Қатты, сұйық және газды заттарды, сондай-ақ кернеуі 1 кВ дейінгі электр қондырғыларын сөндіруге арналған.

Олар автомобильдерде, гараждарда, қоймаларда, офистерде, банктерде, өнеркәсіптікп объектілерде, емханаларда, мектептерде, жеке меншік үйлерде және т.б. жерлерде қойылады.

ОП іске қосу:

• тетігін жұлу;

• басқышын қосу;

• аузын өртке қарату,

• иінтірегін басау;

• отты кемінде 5 м сөндіру,

• өрт сөндіргішті пайдалану кезінде оны сілку керек;

• өрт сөндіргішті тігінен қолданады (аударуға болмайды!).

Ішкі өрт сөндіру крандарын іске қосу:

• шкаф есігін ашу;

• кранмен және оқпанмен қосылған жеңді өртке қарай бағыттап тарту керек;

• тегершікті сағат тілінің жүрісіне қарсы бұру арқылы бұранданы ашу;

• суды оқпаннан бағыттау.

Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:

Су - өртті сөндірудің негізгі құралы. Өскемен қаласының ТЖ басқармасының инженері Нұржан Өміржановтың сөзіне қарағанда, суда үлкен жылу сыйымдылық бар және өте үлкен бу түзілу жылуын иеленеді, демек ол буға айналып, көп жылуды сіңіреді. - су отпен күресуде тұтас, ықшамдап және бүркіп шашу түрінде қолданылады, - деп әңгімесін жалғастырды Нұржан Өміржанов, - ықшамдап шашуда жақсы екпінді күшпен су беріледі, ал ол еріксіз жалынды азайтады. Ұсақ-ұсақ судың тамшыларынан тұратын бүркіп шаруда ол толығымен буға айналып, сол арқылы жылудың көп бөлігін өзіне сіңіреді. Бірақ сумен тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (мұнай, керосин, бензин, май) сөндіруге болмайды, өйткені ол олардан ауыр болғандықтан астына түседі, ал жанғыш сұйықтық үстіне шығады. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін. Қолданылатын өрт құралдары қолдық, автоматтық және механикалық деп бөлінеді. Механикалық құралдарға матопомпалар, автоцистерна, авто-сорғыш, ал автоматты құралдарға – спринклерлі, дренчерлі құрылғылар жатады.

Өртті сумен сөндірудің механикалық және автоматтық құралдары. Мотопомпаның негізгі құрам бөліктері – бір рамаға орнатылған іштен жану двигателі және редукторы бар ортаға тартқыш сорғыштан тұрады. Өрт мотопомпасы қозғалмалы және бір рамаға тіркеледі. Қозғалмалы мотопомпа өрт болған жерге автомобильмен, қолмен немесе тасығыштармен жеткізіледі, ал тіркелген мотопомпалар бір осьті тіркеуге бекітіледі, ол автомобиль немесе тракторға жалғанады.

Өрт сөндіру үшін керек болатын жабдықтар мен өрт сөндіру командаларының жеке құрамын өрт орындарына автоцистерна мен авто сорғыштар көмегімен жеткізіледі. Оларда суды өрт орындарына беру және ауа-механикалық көбік алуға арналған ортадан тартқыш сорғыштар орналасқан.

Өрт сөндіру автомобилі (ӨСА). Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді. ӨСА негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді. Негізгі ӨСА-не автоцистернамен, қол сорғылармен, автосорғылармен, сорғы станциаларымен жабдықталған газды су, көбіктенген ауа, ұнтақты өрт сөндіргіш заттар шашатын автомобильдер жатады, олар өрт ошағына сөндіргіш заттар шашады. Автоцистерналы ӨСА өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш заттармен бірге өрт сөндірушілерді де алып жүреді және өрт сөндіруге қажет әр түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталады. Өрт сөндіру сатысы, жарықтандыру, техникалық, т.б. мақсаттарға арналған құралдармен жабдықталған автомобиль арнайы ӨСА деп аталады. Техника қызметтің ӨСА өрт ошағына өрт сөндірушілерді, бөлме ішінен түтін соратын және оған таза ауа айдайтын, үйді бұзатын не тесетін, жөндейтін, т.б. құрал-жабдықтарды тасиды. Көмекші ӨСА ірі өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру техникасының жұмысына көмек (жанар май құяды, жөндейді, тех. қызмет көрсетеді) көрсетеді, т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады. Барлық ӨСА-н өзге көлік түрлерінен оңай ажырату үшін қызыл түске (немесе қызыл және ақ) бояйды. ӨСА көк сәулелі шамшырақпен және сиренамен жабдықталады.

Өрт сөндіру депосы (ӨСД). Өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілері, өрт сөндіру автомобильдері мен құрал-жабдықтары орналастырылған ғимарат. ӨСД-ның құрамында: тұрақ, байланыс пункті, класс бөлмелері, кезекшілер тынығатын бөлмелер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіру жабдықтарын күту посттары, өрт сөндіруге қажет құралдар мен жабдықтар қоймасы, т.б. бөлмелер болады. ӨСД-нда 2-ден 8-ге дейін (кейде одан да көп) өрт сөндіру автомобилі болады. Автомобильдер тұрақта бір қатар болып тұрады. Депо ауласында оқу-жаттығу қалашығы, жанар май ст. болады. Біздің республикамыз бойынша ең алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі 1877 жылы Верный (қазіргі Алматы қ.) қаласында ұйымдастырылған. Ол кезде өрт сөндірушілер және сорғылар мен су құйылған бөшкелер ат арбамен тасылған.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 137 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>