Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік



САКЕН СЕЙФУЛЛИН

1894 - 1938

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.

Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыды. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жаситары ашқан «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы 9 наурызда «Асығып тез аттандық» өлеңін жазды. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, «Жас қазақ» революциялық ұйымын құрды, «Тіршілік» газетін шығарысты, 3 айлық педкурсқа оқытушы болды.

1917 жылы қарашада «Кел, жігіттер» өлеңін жазып, Қазан төңкерісін қуана қарсы алды. Осы кезде Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды. 1918 жылы «жас қазақ марсельезасын» жазды, «Бақыт жолына» атты пьесасының премьерасы көрсетілді. 1918 жылғы 4 маусымда атардың көтерілісі болып, Ақмола Совдепі тұтқындалады. Атаман Анненковтың азап вагонында 47 күн ажалмен арпалысып, Сәкен 1919 жылғы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шығады.

1920-1936 жылдары Ақмола атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасы Орталы Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының (ҚазАПП) басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журнлистика институтының профессоры қызметтерін атқарды. Осы кезде жаңа өмір жолында күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары жарық көреді. «Домбра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928) атты поэтикалық жинақтарында Қазан төңкерісінің жеңісі жырланды. Жаңашыл ақын поэзия мен драмматургияға көп жаңалықтар енгізді. Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамытты.



С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау» (1934), «Қызыл ат» (1934), дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Казақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік» (1924), «Аққудың айрылуы» (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. С.Сейфуллин проза, драмматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті.

«Жұбату» (1917) әңгімсі – Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зертгеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары» (1931), «Батырлар» (1933), «Ақан сері-Ақтоқты», «Ләйлі-Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» (1932) кітабы – осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. Халық әдебиеті материалдарын мол жинап, пайдаланған бұл зертгеуінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық-көркемдік талдаулар жасайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу існе де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға, алғашқы кітаптарын бастыруға көп күш салды.

1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы кеңінен мерекеленді.

1938 жылы жолсыз жазага ұшырады. Ол туралы С.Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі, поэмалар, әдебиеттанушылық зерттеулер жазылды. ол қазіргі шығыс қазақстан облысының абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. алғашқыда 1908 жылы семейдегі камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

 

 

МУХТАР АУЭЗОВ

1897 - 1961

 

ресейдегі саяси төңкерістер әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. ол семейде «алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. жүсіпбек аймауытовпен бірігіп жазған «қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. әуезов жазушы жүсіпбек аймауытовпен бірлесіп, семейде «абай» ғылыми-көпшілік

журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде семейде большевиктер билігі орнап, әуезов семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады.

1921 жылы қараша айында қазақ акср-і орталық атқару комитетінің (оак) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. сол жылы «қорғансыздың күні» әңгімесі «қызыл қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде ташкенттегі орта азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «шолпан» және «сана» журналдарына жұмысқа орналасады. осы басылымдарда «қыр суреттері», «қыр әңгімелері», «үйлену», «оқыған азамат», «кім кінәлі», «заман еркесі» («сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында ленинград (қазіргі санкт-петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. сонда жүріп «таң» журналын шығарады. онда «кінәмшіл бойжеткен», «қаралы сұлу», «ескілік көлеңкесінде», «жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда жетісу өңіріне сапармен келіп, ілияс жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «қараш-қараш оқиғасы» повесін, «қилы заман» романын, «хан кене» пьесасын жазады. 1928 жылы орта азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі қазақ ағарту институтында сабақ берді.

алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 жылы 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. дегенмен, маусым айында түрмеден босатылып, қазақ педагогика институтының (қазпи-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. осы жылдары театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. әуезов сценарийі бойынша «райхан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 жылы мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. осы жылдары «абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 жылы бітіреді. «абай» романының жарық көруі (1942) қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. 1943 жылы «абай» романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 жылы жарық көреді. 1950 жылы роман-эпопеяның «ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1943 жылдың қыркүйегінен бастап қазақтың мемлекеттік университетінің (қазму-дің) қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында «сын сағатта» (1941), «намыс гвардиясы» (жазушы әлжаппар әбішевпен бірігіп, 1942), «қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен «абай» операсының либреттосын (1944), «абай әндері» фильмінің сценарийін (1945) жазады. 1946 жылы қазақстан ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді.

1951—1954 жылдары әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, 1953 жылы сәуір айында мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып. 1958 жылы ташкентте өткен азия және африка елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1960 жылы ақш-қа барып қайтып, 1961 жылы үндістанға екінші рет сапар шегеді. 1955—1957 жылы алты томдық таңдамалы шығармалары басылып шығады.

әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. қоғам және мемлекет қайраткері ретінде әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. әлем халықтары оның «абай жолы» роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылдың жиырма жетінші маусымында мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды; алматы қаласында жерленген. сол жылы қазақстан ғылым академиясының әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды. қазақ академиялық драма театры, алматы, астана, семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер әуезов есімімен аталады. мұхтар әуезовтің туғанына 100 жыл толуы юнеско-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде (1997) аталып өтті.

туған жері — бұрынғы семей уезінің шыңғыс болысы (қазіргі шығыс қазақстан облысының абай ауданы). әкесі омархан мен атасы әуез сауатты кісілер болған. мұхтар атасының қолында өскен. атасы әуез бен әжесі дінасылдың тәрбиесінде болған бала мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. соның арқасында ол алты жасынан абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді.

ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. ғылыми жұмыстарды да қолға алады.

1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. осы жылғы 10 маусым күнгі «социалистік қазақстан» және «казахстанская правда» газеттерінде м. әуезовтің «ашық хаты» жарияланады. онда мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және абай туралы зерттеулерінен, «қарагөз», «еңлік-кебек», «хан кене», «қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды.

м. әуезов 1934-61 жылдар аралығында университетте ұстаздық қызмет атқарды. қазақ әдебиеті кафедрасының негізін қалады. осы жылдары студенттерге арнап «қазақ халқының ауыз әдебиеті», «қазақ әдебиетінің тарихы», «қазақ халқының суырыпсалма айтыс енері», «туысқан халықтар әдебиеті», «абайтану» секілді жалпы және арнаулы курстардан дәріс оқыды, бұл курстардын оқу бағдарламалары мен оқу құралдарын, оқулықтарын жазды. жазушы абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы бұл еңбегінің қазму-да бірнеше жыл бойы оқыған абайтану атты курстан құралып келген көлемді монография екендігін 1954 жылы 27 тамызда бұрынғы семей облыстық «екпінді» газетінің редакциясы қойған сұраққа жауап ретінде арнайы айтты.

филология факультетінде қызмет жасайтын «әуезов аудиториясы» да ірі шығармашылық ұяға айналды. онда өтетін түрлі ғылыми мәжілістер мен мәслихаттар, көрнекті ғалымдардың лекциялары - өзінің ғылыми-практикалық маңызының жоғарылығымен бағалы. жазушының 100 жылдығы тұсында университеттің ғылыми кеңесінің мәжіліс залының төріне ілінген гобеленнен тоқылған үлкен бейнесі, филология факультетінің фойесіне қойылған үлкен қола мүсіні мен фойе қабырғасына орнатылған мемориалдық тақта м. әуезов есімін университетте мәңгі қалдыру мақсатында жасалған іс-шаралар еді.

әуезовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын оқып үйрену, танып-таныту ісінде университет студенттеріне оқытылатын жалпы және арнаулы курстардың атқаратын қызметі өте жоғары. «қазақ әдебиетінің тарихы», «әдебиеттану ғылымына кіріспе», «әдебиет теориясы», «мұхтартану», «м. әуезовтің шығармашылық шеберханасы» секілді пәндер аясында жазушының шығармашылығы, шеберлігі, поэтикасы және шығармашылық еңбек психологиясы ғылымының қазіргі жетістіктері негізінде оқытылады. аталған пәндердің оқу бағдарламалары мен оқу құралдары, оқулықтары қазақстанның барлық университеттерінде бірдей қолданылуы әуезовті тану мен танытудағы үлкен жетістіктерге жатады.

қазму ғалымдарының әуезовтің өмірі мен шығармашылық өнері туралы мақалалары «қазақ университеті» газетінде, республикалық газеттер мен журналдарда, шетелдік басылымдарда жарық көрді. солардың ішінде 3. қабдолов пен ж. дәдебаевтың анкарада түрік тілінде шыққан «мұхтар әуезов хақында мақалалар» атты кітапта жарияланған мақалалары әуезовті түркі әлеміне жана қырынан танытуға жол ашты. сонымен қатар қазақ радиосы мен теледидарында бірнеше хабар ұйымдастырылды, университеттің телестудиясында «мұхтар әуезов және әл-фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті» атты 40 минуттық бейне фильм жасалып, орталық теледидардан көрсетілді

мұхтар әуезов|мұхтар әуезовтің халық ағарту туралы ойларының өмір жолының әр кезеңінде көрініс беріп отырады. әуезов ғылыми-педагогикалық, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде өмір бойы халық ағарту, оқу ісі, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне жете көңіл бөліп, бұл туралы көптеген мақалалары мен жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде айтқан.

«сарыарқа» газетінде 1917 жылы жарияланған «оқудағы құрбыларыма!» атты алғашқы мақалаларының бірінде жас жазушы оқуда журген қурбы-құрдастарын уақытты бос өткізбей, халықты оқу-білімге бастап, үлгі көрсетуге шақырса

1919-21 жылы семей губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары және төрағасы болып тұрған кезінде семейде шыққан «қазақ тілі» газетіне ағартушылық жұмысын жолға қою мәселесін көтерген бірнеше мақалалар жариялайды.

1922 жылы 27 тамызда «қазақ тілі» газетіне жазушының (орынборда қазақ асср орталық атқару комитетінің басшылығында істеп жүріп) семей губерниясындағы қазақ қызметкерлеріне ашық хаты басылады. хатта жер-жерде оқыған қазақ қызметкерлерінің халықты сауаттандыру жолында өнер-білімге жұмылдыру ісіндегі самарқаулығы сыналады.

1930 жылы қазақстан оқу комиссариаты білім кеңесінің шешімімен қызылордада басылып шыққан «қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хаттар» деген халық ағарту саласы үшін маңызды жинақтың қазақ әдебиеті пәніне арналған «суретті әдебиет туралы» атты бөлімін әуезов бейімбет майлин, әлкей марғұланмен бірлесіп жазған. бағдарламада қазақ шаруа жастарының үш жыл ішінде қазақ әдебиетінен нені оқып үйрену қажеттігін айтып, қазақ әдебиетіндегі дәуірлеу мәселесін ұсынады.

«абай жолы» роман-эпопеясы

«абай жолы» – мұхтар әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. әуезовтың «абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «хх ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (луи арагон) деген жоғары баға алды. сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. осы төрт томнан тұратын «абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт. эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. ол екі жүз томдық «әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.

жазушының драматургия саласындағы еңбектері

1943 жылы қайта жазды. бірнеше көрініс қысқарды. аса терең, мәнді шығарманың бірі - «түнгі сарын». бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. 1934 жылы сахнаға шыққан «хан кене»трагедиясы әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. мұнда хан кененің, наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «қарагөз» 1926 жылы бірінші сыйлық алды. 30-жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы ғ.тоғжанов трагедияда ескі көшпелі өмірді мадақтау бар дейді. ж.орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. әуезов бұл пьесаға кейін кайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 30-жылдары әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. әсіресе драматургияда көптеген ізденістерге барды. автор абайға лайық сөз өрнектерін тапқан. бұл трагедия қоғамдық мәні бар күрделі жағдайларды көрсетеді. шығармада тартыс, әрекет бірлігі мықты. пьесада қақтығыс көп. осы пьесаның негізінде кейін опера либреттосы, киносценарий жазылды. трагедияны тұңғыш сахнаға қойған - асқар тоқпанов. абай рөлін қ.қуанышбаөв ойнады. драма формасын әуезов көп байытты. әуезов фантастикалық пьеса да жазған. ол - «дос - бедел дос». пьесада «бір адам әр түрлі формацияда өмір сүрсе қандай болар еді» деген сұрауға жауап іздейді. әуезов драматургиясында қазақ халқы өмірінің сан алуан қырлары үлкен шеберлікпен көрсетілген. өмірдің терең қабаттарын қопарып, типтік жағдайлардағы характерлерді дәл тауып, олардың өзара қақтығысынан туған үлкен тартыстарды көрсету - әуезов пьесаларының басты ерекшеліктерінің бірі. шығармаларға құбылыстың сырт көрінісі, яки адамдар арасындағы ұсақ интригалар емес, әлеуметтік конфликтілер негізгі арна болады. әуезов - қазақ драматургиясының жаңашылы. ол дүниежүзілік драматургияның асыл үлгілерін оқып, аудару арқылы шеберлік мектебінен өтті. мұның үстіне әуезов пьесаның еуропалық үлгісіне соны ұлттық бояу, нақыш қосты. қазақтың ежелгі әдебиетіндегі драматургияға жақын үлгілерді (айтыс, беташар, жар-жар, шешендік дауы) жаңашылдықпен пайдалана білді.

әуезов трагедияларында сан алуан образдар галереясы бар. олар өздеріне ғана тән, айрықша сөздік сипаттамаларымен кейіптелген. әуезов - қазақ әдеби тілін дамытуға орасан мол үлес қосқан, реформатор суреткер. әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын жеріне жеткізе пайдаланады. мақал-мәтәлдерді, айқышты сөздерді, фразаларды бағды күйінде ала салмай, оларды өз мақсатына орай жаңғыртып, жайнатып, қайтадан құйып шығарды. әуезов пьесалары - қазақ әдебиетінің алтын жамбадай қымбат, асыл шығармалары, біздің ұлттық мақтанышымыз.

 

САБИТ МУКАНОВ

1900 - 1973

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов[1] (1900, бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі -1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болған. Сәбит қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір – Шәкірат», «Зылиха – Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне – Зайнап», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейфул – Мәлік», «Бадүғұл – Жамал», «Алпамыс», «Ер Тарғын»

жырларын, Ғабдолла Тоқаевтің шығармаларын тауып алып оқиды. Бұл дастандардың көпшілігін Сәбит ауыл ішінде көбінесе жатқа айтып жүреді. Өлең шығаруға талаптанады, ел аузына ілігеді, ауыл ішінде өлеңші бала атанады. Абай Құнанбаевтың 1909 жылы басылған өлеңдері жинағымен танысқан ол Абайдай ақын болуды аңсайды. Абай поэзиясы Сәбиттің ақындық талантына зор қозғау салады. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген.Қазан социалистік төңкерісінің жеңісі арқасында Сәбит Мұқанов та жалшылық қамытын біржола үзіп, аңсаған арманына жетті, жаңа өмір үшін күресушілердің алдыңғы қатарына саяси-әлеуметтік, қоғамдық істерге белсене қатынасты. Ол 1918 жылдың күзінде Омбы қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, онда бір жыл оқиды. Осы жылдары «Көңілім» (1917), «Зарығу» (1918), «Жоқшылыққа» (1918) өлеңдерін жазды. Білім ала жүріп, М.Жұмабаевқа хатшылық етті‚ оның педагогика тарихы курсынан оқыған лекцияларын қағазға түсірді. Өзі де алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады.Сәбит курсты бітіргеннен кейін ауылда мұғалім болады, жергілікті «Совдеп» жұмысына белсене араласады. Совет үкіметіне жан таласа қарсы тұрған бай-кулактардың бандиттік топтарын талқандауға төтенше құрылған әскери бөлім қатарына кіреді. Көкшетау ревкомының председателі болып қызмет атқарады. 1920 жылы жаз айында Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта ашылып, күзге дейін сонда оқуын жалғастырды. 1920 жылы Бүкілодақтық Коммунист (большевиктер) партиясына мүшелікке өтіп, 1921-1922 жылдары Петропавл қалалық партия комитетінде істейді. Осы тұста Сәбит Мұқановтың өлең, мақалалары «Еңбекші қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттері мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі басылды. 1922-1924 жылдары Оренбургтегі рабфакта оқып, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен де танысады.Партия орындарында қызмет атқара жүріп ол көп мәселелердің сырын ұғынады. Қазақ совет әдебиетінің өсуіне бөгет жасау ниетімен жаңашыл жас жазушыларды қақпайлап, тізгіндеп ұстамақ болған ұлтшыл-алашордашылардың зиянды әрекеттерін Сәбит дер кезінде байқап, Сәкен Сейфуллин бастаған советтік жас ақын-жазушылармен бірге тап жауларына қарсы күрес ашады. 1921 жылы коммунистік төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 921–22 жылдары әртүрлі қызметтер атқарады‚ ел арасында астық жинау жұмысын жүргізді‚ Ақмола губерниясы ГПУ-дің Көкшетау болысындағы оперативтік уәкілі және РК(б)П Ақмола губернаторлық комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.С.Мұқанов жиырмасыншы жылдары бірнеше ұсақ өлеңдермен бірге, «Жетім қыз күйі», «Тұлпар жорығы», «Балбөпе», «Батырақ», «Октябрьдің өткелдері», «Қанды көл», «Құланның құны» дейтін поэмалары мен «Сұлушаш» романын жазды.1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар факультетіне) түсіп, оны 1926 жылы бітіреді. Баспасөз орындарында қызмет атқарды: Республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлімін басқарды, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы (1926-28) болды, осы кезде ұлтшылдарды әйгілеуге арналған айтысқа қатынасады. 1928 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетінің филология факультетіне оқуға түсіп‚ аз уақыттан соң отбасы жағдайына байланысты Петропавл қаласына келіп‚ «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі болды. 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» атты альманах шығарып‚ Қазақстанның әр жеріндегі шығармашылық ұйымдарға үлгі көрсетті. 1932 жылы Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы қызметін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағын (1936–37, 1943–51) басқарды‚ ҚазПИ-де (1937-41, қазіргі ҚазҰПУ) профессор болып, қазақ әдебиетінен дәріс береді.

1960 жылы халқымыз 60 жасқа толуына байланысты оның совет әдебиетіне қосқан зор үлесін атап өтті, КСРО Жоғарғы Кеңесі Сәбит Мұқановты Ленин орденімен наградтады.

Әдебиет тарихында белгілі бір кезең үшін құбылып болып оқырманын он сан ойға салып келетін шығармалар болды. Өзі құбылыс болумен бірге кезең үшін көркем сөзге талапкер жастарды даярлай келетіні бар. Қазақ совет әдебиетінің классиктерінң бірі – Сәбит Мұқановтың өлеңмен жазылған тұңғыш роман осындай шығарма санатына жатады. Қазақ совет әдебиетіндегі өлеңмен жазылған тұңғыш роман әдебиетке жаңа леп, тың тыныс ала келген. Бұл жауһар туынды күні бүгінге дейін оқырманның барша буынын сұлулыққа баулуда.Роман алпысыншы жылдарға дейін талай талапкердің әдебиетке келуіне айтарлықтай ықпал-әсер етті. Жастарды сұлулыққа құштарландыра, сөз құпиясын меңгеруде тәрбиеші болды. Мұның өзі қазақ совет әдебиетінің профессионалдық тәжірибесі аз, халықтың сан ғасырлардан бері рухани қажетін өтеп келе жатқан фольклордан әлі де іргесін бөлектеп үлгермеген сәтте дүниеге келген көркем шығарманың күні бүгінге дейін атқарған үлкен эстетикалық қызметін көрсетсе керек. Сондықтан тұтас бір халықты оқырмандық белгілі бір кезеңнен алып өткен, туған әдебиетіміздің қазір ағасына айналған ат төбеліндей аға буынын, сан-сапасы молайған кейінгі толқын қаламгерлерін тәрбиелеген, қазіргі салауатты көркем шығармамен бірге тәрбиелесіп келе жатқан романның қыр-сырына бүгінгі уақыт биігінен үңілуге, творчестволық тарихы, кейінгі тағдыры туралы қызыға әңгімелеуге болады. Жақында ғана жарық көргеніне елу жыл толған роман кейінгі ұрпақтан жаңаша сөз етуді тілейтіні де анық.Халық арасында айтылатын жыр негізінде эпикалық таптық туынды жазуды көздейді. Өйткені «Сұлушаш» эпосы жас ақынға өте жақын, етене таныс материал еді. Халық эпосы – «Сұлушаш» бала Сәбиттің талай-талай домбыраға қосып айтып тындаушыларын риза еткен, тіпті күндік дәм-тұзын айырған жыры. Ол кейін «панасыз жетім күнімде, халық жиналған жерлерде, немесе әдебиетке әуес жеке үйлерде жаттаған өлеңдерімді, әсіресе, хиссаларды айтып сонымен тамақ асырадым» («Өсу жолдарымыз», 654 бет) деп жазған, «Сұлушашты» ойға алғаны деп түсінуіміз керек. Халық эпосы Сәбитті осылайша сұлулыққа тәрбиелеген. Көкірегіне құлай жатталған жыр қашанғы айна-қатесіз қайталанып айтыла береді. Орындаушының көңіл-күйіне орай кейде асып-тасып толығып та, қысқарып та сан мәрте айтылған болар-ау?! Осы жайды назарға алсақ, Сәбит Мұқанов белгілі дәрежеде эпос («Сұлушаш») айтушысының біріне айналған екен. Эпос айтушысы – творчестволық тұлға. Жанынан алмай, жадынан қоспай айтпайды. Эпос және оның айтушыларының тарихи тәжірибесіне қарап, халықтың ғашықтық лиро-эпикалық жыры – «Сұлушаш» - Сәбитті, Сәбит – жырды байытты, дамытты, жетілдірді деп нық сеніммен айта аламыз. С.Мұқановтың әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме. Алматы каласында, Төлебаев көшесі 125/3, С.Мұқановтың өзі 1965-1973 жылы тұрған үйінде 1978 жылы 21 қарашада ашылған. Мұражай үйі әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады. Мұражайдың әдеби бөлімінде жазушының зерттеулері мен сын мақалалары, монографиялары, ҚР ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық дипломы және тағы басқы құжаттар бар. Оның 1922-1935 жылы Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург), Мәскеуде оқыған кезіндегі суреттер мен кұжаттар рет-ретімен орналастырылған. Мұнда Тәттімбет пен Үкілі Ыбырайдың фотосуреттері бар. Суретші Ү.Әжиевтің С.Мұқанов пен орыс жазушысы М.Горькийдің достығын бейнелейтін "М.Горький және С.Мұқанов" атты картинасы да осы залда. Жазушы наградалары - екі Ленин ордені, екі Еңбек Қызыл Ту," Құрмет белгісі" ордендері, КСРО медальдары, сондай-ақ оның Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланған куәліктері қойылған. Мұражай экспозициясында түрлі қолжазбалар, жазушының поэзиялық, прозалық және әдеби сын шығармаларының басылымдары бар. Жазушының "Сұлушаш" (1928), "Адасқандар" (1931), "Жұмбақ жалау" (1938), "Балуан Шолақ" (1941), "Сырдария" (1948) романдары мен "Шоқан Уәлиханов" (1953), "Қашқар кызы" (1958), "Сәкен Сейфуллин" (1964) атты драмалық шығармалары туралы мол мәліметтер берілген. "Адасқандар" (1931) романының басты кейіпкері - Бүркіт (Сұлтанбек) пен Бәтестің (Бәтима) түпнұсқа суреттері, махаббат хикаясына байланысты көне күнделіктің мұқабасы, Қызылорда қаласындағы сотқа (1927) қоғамдық айыптаушы ретінде қатысқан С.Мұқановтың куәлігі қойылған. "Балуан Шолақ" романының (ҚХР, Шыңжаң) араб әрпімен басылған нұсқасы, Шәкәрімнің 1933 жылы Сәбитке жазған хаты мен фотосуреті, М.Жұмабаевтың "Шолпан" өлеңдер жинағы (1913), М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" (1914) романы, Ж.Аймауытовтың "Мансапқорлар" (1925), т.б. Мұқановтың жеке мұрағатында сақталған кітаптар бар. Мұражайдың мемориалдық бөлімінде жазушының қабылдау бөлмесі, жұмыс орны, демалыс бөлмесі толық сақталған. 4 мыңға жуық кітабы бар кітапханасы да осы бөлімде. Тұрмыстық заттары, үй жиһаздары, шетелдерден келген түрлі сыйлықтар, картиналар, т.б. экспонаттар қойылған. Мұражайда түрлі дәрістер оқылып, кинофильмдер көрсетіледі. Кейін С. Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов мұражай-үйлері әкімшілік басқару жағынан біріктіріліп (8.2.1999), "С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені" деп аталды. Мұқановтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, экспозициясы жаңартылды, 8 мыңнан астам экспонат жинақталды. (2000).

 

ШАКАРИМ КУДАЙБЕРДЫУЛЫ

1897 - 1961

 


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 73 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Управленческий коучинг | Формы рельефа (А) и примеры их изображения на картах (Б)

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)