Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. .Азамат соғысы жылдары Солтүстік Жетісуда ерекше қаталдық көрсеткен атаман: Анненков 2 страница



201. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері қай дәуірге жатады? Қола.

202. Андронов қонысы орналасқан аймақ: Оңтүстік Сібір.

203. Андронов мәдениетінің 30-дан аса тұрағы мен 150-ден астам қорымы қайда табылды? Орталық Қазақстан.

204. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіші қайдан табылды? Ачинск қаласының маңынан

205. Андронов мәдениетінің бас кезінде адам өлігін өртеу рәмізі неге байланысты болды? Отқа табынуға.

206. Андронов мәдениетінің ескерткішін 1927 ж. Батыс Қазақстаннан тапқан археолог: Грязнов.

207. Андронов мәдениетінің тайпалары қандай өрнек пайдаланды? Геометриялық.

208. Антанта империалистері чехословак корпусын бүлік шығаруға айдап салған мерзім: 1918 ж. Мамыр

209. Араб-қытай шапқыншылығы және ішкі қақтығыстар салдарынан Түргеш қағанаты әлсіреп, қай жылы біржолата құлады? 756 ж.

210. Арабтар Орта Азия мен Қазақстанға қай ғасырда шабуыл жасай бастады? VIII ғ. бірінші жартысында.

211. Археологтар 15 мыңға жуық заттар жинаған ежелгі адамдар тұрағы: Қарасу.

212. Археологтар XII-XIII ғғ. сириялық бұйымды қай жерден тапты? Сырдариядан.

213. Астана қаласының символы: Бәйтерек

214. Атақты партизан Қ.Қайсенов қай жерде партизан тобын басқарды: Украинада

215. Атасу тұрағы қай дәуірге жатады? Қола дәуіріне.

216. Ахмет Яссауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды? Әмір Темір.

217. Аяғөз бойындағы қазақ-жоңғар соғысы қашан болды: 1718 ж.

218. Әбу Насыр Әл-Фараби Отырар қаласында қай тілде білім алған: қыпшақ

219. Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қай жылы ойраттардан жеңіліс тапты? 1457 ж.

220. Әбілқайыр хандығының астанасын ата. Сығанақ.

221. Әбілқайыр хандығының территориясын көрсет: батыста Жайықтан, шығыста Балқашқа дейінгі.

222. Әбілқайыр ханның өлген жылы: 1468 ж.

223. Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы-ғалымы: Ш.Уәлиханов

224. Әл-Идриси қимақтардың Ертіс бойында қанша қаласы болған дейді? 12 қала.

225. Әмір Темір әскерінің 1389, 1391, 1395 жж. жорықтары нәтижесінде қандай мемлекет талқандалды? Алтын Орда.



226. Әмір Темір қай қалада қайтыс болды? Отырарда.

227. Әмір Темір мен Тоқтамыс хандар арсындағы соңғы шайқас қай жылы болды? 1395 ж.

228. Әмір Темір өз өкіметінің тірегі ретінде қандай дінді қолдады? Ислам.

229. Б.з.б. ІІ-І ғғ. Қытай елімен сауда байланысын жасаған: Үйсін мемлекеті

230. Б.з.д. 519-518 жж. тиграхауд сақтарына қарсы кім жорыққа аттанды? I Дарий.

231. Б.з.д. 6 ғасырда сақ тайпалары кімдермен соғысты? Парсылармен

232. Б.з.д. III ғ. Қазақстанның оңтүстігіне қандай тайпаның бірлестігі құрылды? Қаңлылар.

233. Б.з.д. VI ғ. сақ тайпалары кіммен соғысты? Парсылармен.

234. Б.з.д. XVIII-VII ғғ. Андронов тайпаларының тұрағы не болды? Жертөлелер.

235. Б.з.д. ІІІ ғ. ғұн мемлекетінің билік басына кім келді? Мөде

236. Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназарды өлтірген жыл: 1580

237. Бату құрған Алтын Орда мемлекеті шығыс деректерінде қалай аталды? Жошы ұлысы.

238. Бату құрған Алтын Орда мемлекетінде тұрғын халықтың аз бөлігін құрған: Монғолдар.

239. Батудың Европаға жорықтары қай жылдары болды? 1236-1242 жж.

240. Батылдығы мен шешімділігі үшін Түргеш қағаны Сұлуға қандай атақ берілді? Сүзеген

241. Батыр және дипломат Бөгенбай қай рудан шыққан? Қанжығалы

242. Батыс Түрік қағанаты қандай аумақты иеленді? Қаратаудан Жоңғарияға дейін.

243. Батыс Түрік қағанатында сот билігін кім атқарды? Бұйырық

244. Батыс Түрік қағанатында сот қызметін кім атқарды? Тархан.

245. Батыс Түрік қағанатының негізгі халқын кімдер құрды? Қара бұдындар.

246. Батыс Түрік қағанатының орталық ауданы қай жерде болды: Жетісу

247. Батыс Түрік қағанатының өзегін құрған жерлерін ата. Қаратаудан Жоңғарияға дейін.

248. Бөкей (Ішкі) Ордасының орналасқан аумағы: Еділ мен Жайық өзендері аралығы

249. Бөкей ордасындағы көтерілісті жырлаған ақын: Махамбет Өтемісұлы

250. Бөкей хандығы (Ішкі Орда) қашан құрылды: 1801 ж.

251. Бөріқазған тұрағы қай дәуірге жатады? Ерте палеолитке.

252. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан Ресейдің орталық аудандарын қандай шикізатпен қамтамасыз етіп отырды? (Ет өнімі, Мақта, Киіз үй, Мал): Аталғанның бәрі

253. Верный бекінісінің іргетасы қай жылы қаланды: 1854 ж.

254. Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралары табылған қала: Тараз.

255. Генерал-майор И.В.Панфилов басқарған дивизия: 316-шы атқыштар дивизиясы

256. Голощекиннің Қазақстан компартиясының І-ші хатшысы болған жылдар: 1925 – 1933 жж.

257. Ғұн әскерінің негізін кімдер құрады? Атты әскер

258. Ғұн билеушілері Чжи-чжи Қаңлы мемлекетімен кімдерге қарсы одақ жасасты? Үйсін мемлекетіне.

259. Ғұн мемлекетінің шексіз дара билеушінің лауазымы: Шаньюй.

260. Ғұн тайпалары қай тілде сөйледі? Ежелгі түрік.

261. Ғұндар Европа елдеріне кімнің басшылығымен шапқыншылық жасады? Атилла.

262. Д.А.Қонаев Қазақстанды қай жылдары басқарды? 1960-1986 жж.

263. Дәнүккіштер қай кезеңде жасалды? Неолит

264. Дерек мәліметтері бойынша ғұндар неше руға бөлінген? 24.

265. Дешті-Қыпшақ қандай тарихи-географиялық территорияны қамтыды? Ертіс өзенінен Днестр өзеніне дейін.

266. Диадардың айтуы бойынша қай тайпа Скифия жеріне басып кіріп, жер-суын басып алды да, халқын қырғынға ұшыратты? Сарматтар.

267. Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі қай жылы болды: 1773 – 1775 жж.

268. Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қай жүздердің қазақтары қатысты: Кіші және Орта жүз

269. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде кіші жүз қазақтары қандай ұрыстарға қатысты: Жайықты қоршауға, Кулагин бекінісін алуға

270. Е.Пугачев көтерілісі кезінде қазақтар басып алған бекініс: Кулагин

271. Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысу себебі: жер мәселесі

272. Едіге негізін қалаған мемлекет қалай аталды? Ноғай Ордасы.

273. Ежелгі қалалардың негізі болған Арқайым қайда орналасқан? Қостанай мен Челябі облыстарының түйіскен жерінде.

274. Ежелгі адамдардың ұйымы – аналық ру қай дәуірде қалыптасты: Неолит

275. Ежелгі андроновтық дөңгелек баспаналар негізінде пайда болған үй: Киіз үй.

276. Ежелгі қалалардың негізі болып табылатын тұрақты ата: Арқайым.

277. Ежелгі парсы деректерінде сақтар қалай аталды? «Құдіретті турлар».

278. Ежелгі тас дәуірі: Палеолит.

279. Ежелгі түріктердің тотемдік аңы: Қасқыр.

280. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған Қазақстандық: Т.Бегелдинов

281. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған Т.Бегельдинов ұлы Отан соғысында кім болып шайқасты: Ұшқыш

282. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (2030) не туралы айтылады: (Болашаққа болжам жасау, Қазіргі жағдайға анализ жасау, Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, Республиканың дамуының ерекшеліктері) Барлығы дұрыс

283. Еліміздің соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық саясатының басты принципі: Ауыр өнеркәсіпті жедел дамыту

284. Еліміздің соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық саясатының басты принципі: Ауыр өнеркәсіпті жедел дамыту

285. Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі болып не есептеледі? Мал шаруашылықтың егіншіліктен бөлінуі.

286. Ералы хан өлгеннен кейін Кіші жүз ханы болып сайланған сұлтан: Есім

287. Ерте ортағасыр кезеңіндегі (VI-VIII ғғ.) Сырдарияның атауы: Яксарт.

288. Ерте палеолит дәуірі қай кезеңдерді қамтиды? Б.з.д. 800-140 мыңжылдықтарды.

289. Ерте палеолит дәуірінде Қазақстанда адамдардың мекендегендігін растайтын негізгі дәлел: Тұрақтар.

290. Ерте түрік әдебиетінің ескерткіші болып табылатын «Диуани луғат ат-түрік» сөздігінің авторы: Махмут Қашқари.

291. Ерте Түрік феодалдық мемлекеттері қалай аталды? Қағанат

292. Еуропа елдеріне жорықта ғұндарды кім басқарды: Еділ

293. Жамбыл облысында 5 мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар: Бөріқазған, Шабақты.

294. Жаңа өзен оқиғасы болған мерзім: 1989 ж. Маусым

295. Жаңа тас дәуірі: Неолит

296. Жаңа экономикалық саясат неге рұқсат берді: (Арендаға жер алу, беру, Кооперацияны дамыту, Азық-түлік салығы, Жалдамалы жұмысты пайдалану) Жауаптардың бәрі дұрыс

297. Жаппай ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары кезінде көтерілісшілер басып алған аудан орталығы: Созақ

298. Жәнібек пен Керейдің көшпелі өзбек мемлекетінен қоныс аударып барған жері: Моғолстан

299. Жәнібек, Кереймен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атау: «өзбек қазақтар»

300. Жәңгір ханның ұсынысы бойынша Бөкей Ордасында алғашқы діни емес мектеп қай жылы ашылды: 1841 ж.

301. Жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келген дәуір: Мезолит.

302. Жеке адамға табыну жайлы мәселе партияның қай съезінде талқыланды: XX съезінде

303. Желтоқсан партиясы қашан құрылды? 1990 ж.

304. Жер-су реформасы кезінде «Қосшы» одағының құрылған уақыты 1921 ж.

305. Жер-су реформасы қай жылдары жүргізілді: 1921 – 1922 жж.

306. Жетісу өңіріне ұйғырлар мен дүнгендер қашан көшіп келді: 1881 – 1883 жж.

307. Жетісуда тиграхауда сақ жерлерін мекендеген қай тайпалар: Үйсін

308. Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі қай ұлыстың құрамына кірді? Үгедей ұлысы

309. Жетісудің солтүстік-шығыс бөлігі қай ұлыстың құрамына енді? Үгедей.

310. Жоңғар билеушісінің лауазымы: Қонтайшы

311. Жоңғар тағы мұрагерлерінің бірі, Қытайдан жеңіліс тауып, Орта жүздің ханы Абылайдан көмек сұраған: Әмірсана.

312. Жоңғар хандығы қай ғасырда құрылды? 17 ғ.

313. Жоңғар хандығы қай ғасырда құрылды? XVII ғ.

314. Жоңғар хандығы қашан құрылды: 1635 ж.

315. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған: Жетісу

316. Жоңғар шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардаптарын көрсетіңіз: (Жүздердің арасындағы шаруашылық байланыс әлсіреді, Қалалардың қирауы, Көшпенділердің шаруашылық және мәдени даму деңгейінің төмендеуі, Тарихи ескерткіштердің қирауы): Аталғанның бәрі дұрыс

317. Жоңғарларға қарсы күресу үшін үш жүздің біріккен әскер жасақтарын құру туралы бірінші құрылтайдың шақырылуы: 1710ж.

318. Жоңғарлардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл: 1723 ж.

319. Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері құрылған мерзім: 1917 жылғы наурыз-сәуір

320. Жібек матаны алғаш өндірген халық: Қытай.

321. Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі билік кімге берілді? Шекаралық сотқа

322. Индустрияландыру жылдарында қандай процесс жылдам жүрді: Урбанизация

323. Индустрияландыру қарсаңында халықтың қанша проценті ауылды жерде тұрды: 90

324. Индустрияландыруды жүргізуде Ф.Голощекиннің саясатына қарсы оппозиция басшыларының бірі: С.Садуақасов

325. Исатай бастаған көтеріліс қай жердегі шайқаста толығымен жеңілді? Ақбұлақ

326. Исатай мен Махамбет көтерілісінің басты қозғаушы күші: Шаруалар

327. Исатай мен Махамбет көтерілісі жеңіліске ұшыраған Ақбұлақ шайқасы қашан болды: 1838 ж.

328. Ислам дінін көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын: Қожа Ахмет Иассауи

329. К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды: Бүкіл үш жүзді

330. Кейінгі палеолит тұрғындары жартастарда нелерді жиі бейнеледі: Аңдарды

331. Кенесары әскерлерінің жеке жасағын басқарған белгілі Амангелді батырдың атасы: Иман.

332. Кенесары әскеріндегі ең қатал жаза: Өлімге кесу

333. Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілістің негізгі мақсаты қандай болды: (Абылай хан уақытындағы Қазақстан шекарасын қайта қалпына келтіру, Дуандарды тарату, Ресей құрамына кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтап қалу, Өлтірілген туысқандары сұлтан Саржан, Қасым төре үшін кек алу): Аталғанның бәрі дұрыс

334. Кенесарының сенімді серігі, інісі, көтеріліске қатысушылардың бірі: Наурызбай батыр

335. Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан алып кету қашан аяқталды: 1989 ж.

336. Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров кім болды? Ұшқыш

337. Керей мен Жәнібек көшіп келген кезде Моғолстан ханы кім болды? Есенбұға

338. Киіз үйдің негізгі ең жоғары бөлігі: Шаңырақ

339. КОКП Орталық Комитетінің «Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулысы қашан қабылданды: 1954 ж.

340. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Н.С.Хрущев қашан тағайындалды: 1953 ж. Қыркүйек

341. Компартияның қай съезі ұжымдастыруға бағыт берді: 15 съезд

342. Көктемде қазақтар маусымды жайылымның қандай түрін пайдаланған? Көктеу

343. Көне түрік ескерткіштері қандай жазумен жазылған? Руна

344. Көне түріктерде аспан культі қалай аталады?Көк Тәңірі. Жер-Су. Умай. Алла. Зәрдеш.

345. Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі: Әбілқайыр.

346. Кроманьон адамы қайдан табылды? Франциядан

347. КСРО тарихындағы 70-80 жж. сипаттамасы: Тоқырау жылдары

348. КСРО-да «Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы» бесжылдық жоспар қай жылы қабылданды: 1945 ж. 1947 ж. 1948 ж. 1949 ж. 1946 ж.

349. Күйеуі қайтыс болғанда оның әйелін не үлкен, не кіші бауырына немесе жақын туысына қосу дәстүрі қалай аталады? Әмеңгерлік

350. Кімдерді «шошақ бөріктілер» деп атаған? Тиграхауда сақтарын.

351. Кіші жүзге кіретін тайпалар: Адай, қаракесек.

352. Кіші жүзде барлық билікті Шекаралық сот қолына ұйымдастыруды ұсынған кім: О.Игельстром

353. Кіші жүзде хандық билік қай жылы жойылды? 1824 ж.

354. Кіші жүздегі 18 ғ. шаруалар көтерілісіне кім басшылық жасады? Сырым Датұлы

355. Кіші жүздегі барлық билікті Шекаралық сот қолына ұйымдастыруды ұсынған кім? Игельстром

356. Кіші жүздегі Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің жылдары: 1836 – 1838 жж.

357. ҚазАКСР-нің алғашқы астанасын атаңыз: Орынбор

358. ҚазАКСР-нің екінші астанасы: Қызылорда

359. ҚазАКСР-нің құрылған жылы: 1920 ж.

360. Қазақ АКСР-нің Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып қайта құрылған жыл: 1936 ж.

361. Қазақ АКСР-ын құру туралы Декрет қашан шықты? 1920 ж. 26 тамызда

362. Қазақ балаларын оқыту үшін Жәңгір хан Бөкей Ордасында қашан мектеп ашты: 1841 ж.

363. Қазақ даласындағы «Қызыл керуен» экспедициясын кім басқарды: Ә.Жангелдин

364. Қазақ КСР-нің жаңа Конституциясы қабылданды: 1978 ж.

365. Қазақ КСР-нің жаңа Конституциясы қабылданды: 1978 ж. 579.Қазақтың қай жазушысының еңбегі әлемнің 30-дан астам тіліне аударылды: М.Әуезовтың «Абай жолы»

366. Қазақ КСР-і қай жылы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді: 1991 ж.

367. Қазақ қоғамында «ақсүйектер» қандай тайпаға енді? Ешқандай тайпаға енген жоқ.

368. Қазақ хандарымен ұзақ күрес жүргізген Әбілқайырдың немересі: Мұхаммед Шайбани

369. Қазақ хандарының Дешті Қыпшақ үшін күресіндегі басты қарсыластары: Әбілқайыр хан ұрпақтары

370. Қазақ хандарының тегі: Ақсүйектер

371. Қазақ хандығы алғашқы кезде қандай жерлерді иеленді? Шу мен Талас алқабы.

372. Қазақ хандығында жоғарғы билік кімнің қолында болды? Ханның.

373. Қазақ хандығындағы халық саны қай ханның тұсында миллион адамға жетті? Қасым хан.

374. Қазақ хандығының құрылуы қай сұлтандар есімімен байланысты? Жәнібек пен Керей.

375. Қазақ хандығының құрылуына ішкі саяси жағдайы әсер еткен екі мемлекет: Әбілқайыр хандығы және Моғолстан

376. Қазақ хандығының Мәскеу мемлекетімен алғашқы елшілік қатынасы кімнің тұсында басталды? Қасым хан

377. Қазақстан аумағында XIII-XIV ғғ. халық ауыз әдебиеті қай тілде дамыды? Қыпшақ тілінде.

378. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті: Қ.Сәтбаев

379. Қазақстан жері қай ғасырда Түрік қағанатының ықпалына енді? 6 ғасырда

380. Қазақстан жерінде ислам дінін мемлекеттік дін етіп жариялаған мемлекет: Қарахан.

381. Қазақстан жерінде неміс автономиясын құруға Целиноград жастары қашан қарсы шықты: 1979 ж. Маусымда

382. Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның алғашқы қоныс, тұрақтары табылған жер: Қаратау.

383. Қазақстан жеріндегі сақ тайпалары туралы жазған: Парсылар

384. Қазақстан жеріне жоңғарлардың басып кіруінің негізгі себебі? Жаңа жайылымдарды іздеу

385. Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттеріне шетелдерде білім алуына мүмкіндік беретін бағдарлама: Болашақ

386. Қазақстан зауыттары соғыстан кейін қандай өнімдер шығаруға көшті? Бейбіт тұрмыс өнімдерін

387. Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін Ж.Шаяхметов қай жылдары атқарды: 1948-1954 жж.

388. Қазақстан Компартиясының аты өзгертіліп, орнына келген жаңа партия: Социалистік партия

389. Қазақстан мен Орта Азияға кіргенге дейін Шыңғысхан қандай елдерді жаулап алды? Солтүстік қытайлар, буряттар, Оңтүстік Сібір халықтары, якуттар.

390. Қазақстан өзінің егемендігі туралы Декларацияны қашан қабылдады: 1990 ж.

391. Қазақстан Ресей құрамына толығынан қай жылдары қосылып болды: ХІХ ғ. 60 жж.

392. Қазақстан Республикасы конституциясына сәйкес жергілікті атқарушы орган: Әкімшілік

393. Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары: Сенат және мәжіліс

394. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2030» жолдауы қашан жарияланды: 1997 жылы

395. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторларын атаңыз: Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов

396. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекет басшысы кім болып табылады: Президент

397. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қашан қол қойды: 1991 ж. 28 тамызда

398. Қазақстан Республикасының Туының авторы: Ш.Ниязбеков

399. Қазақстан территориясында болған қай мәдениетке «аң стилі» тән? Сақ мәдениетіне.

400. Қазақстан территориясында табылған алғашқы адамдардың іздері қай дәуірге жатады? Ежелгі тас дәуіріне.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 175 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.037 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>