|
Құқықтық қатынас түсінігі:
1/ Заң және оларға негізделген заңдық актілердің нұсқауларын барлық құқық субъектілерінің жүзеге асыруы.
2/ Жақтардың өзара байланысты заңдық құқықтары мен мінедттері мемлекетпен қорғалатын қоғамдық қатынас.
3/+ Құқық нормасы негізінде және белгілі бір заңдық фактілердің нәтижесінде пайда болатын, өзара субъективі құқықтар мен міндеттерге ие құқық субъектілерінің байланысы.
4/ Жақтар заңда көрсетілген құқықтарға ие болатын, мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген фактілі қатынастар.
5/ Міндеттеуші және тыйым салушы нормалар негізінде пайда болған, жақтардың өзара құқықтары мен міндеттерін көрсететін қоғамдық қатынастар.
Құқықтық қатынастың субъектілерінің нақтылану дәрежесіне байланысты құқықтық қатынастардың түрлері:
1/+ Салыстырмалы, жалпы.
2/ Белсенді, бәсең.
3/ Конституциялық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық, азаматтық құқықтық, әкімшілік құқықтық.
4/ Объективті, субъективті.
5/ Құқық беруші, міндеттеуші, тыйым салушы.
Құқықтық қатынастардың объектісі:
1/ Белгілі бір қоғамдық қатынастардың түрін реттейтін және құқық саласының ерекше бөлімі болатын құқықтық нормалардың оқшауланған кешені.
2/ Қоғамдық өмірдің жалпы заңдылықтары негізінде құрылған объективті құбылыс.
3/+ Құқықтық қатынасқа түсуші субъектілердің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін, мүдделерін қамтамасыз етуі.
4/ Құқық субъектісінде қызығушылық туғызатын материалдық игіліктер, заттар және құндылықтар.
5/ Құқық субъектісі үшін құндылық болып табылатын материалды емес игіліктер және рухани шығармашылық заттары.
Құқықтық қатынас құрылымы:
1/ Субъект.
2/ Объект.
3/ Субъективті жақ.
4/ Объективті жақ.
5/+ Субъект, объект, субъективті құқық және заңды міндет /заңдық мазмұны/.
Субъективті құқық түсінігі:
1/ Белгіленген мінез-құлық мүмкіншілігі.
2/ Белгіленген игілікпен пайдалану мүмкіншілігі.
3/ Қорғау сұрауға мүмкіншілік.
4/ Міндетті тұлғадан қажетті мінез-құлықты талап ету мүмкіншілігі.
5/+ Субъектіге өзінің мүдделерін қанағаттандыруға жағдай туғызатын заң жүзінде мүмкін болатын әрекет мөлшері.
Құқықты жүзеге асыру түсінігі:
1/ Құқық нормасын сақтау.
2/ Құқық нормасын қолдану.
3/+ Азаматтардың, ұйымдардың, мемлекет органдарының құқықтық мінез-құлықтарындағы құқықтық ұйғарымдардың нақты жүзеге асырылуы.
4/ Құқық нормаларын орындау.
5/ Құқық нормаларын пайдалану.
Құқықты жүзеге асыру нысандары:
1/ Сақтау және қолдану.
2/ Қолдану және пайдалану.
3/ Сақтау, қолдану және пайдалану.
4/ Сақтау, пайдалану, орындау.
5/+ Сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.
Құқық нормаларын сақтау-бұл:
1/ Субъектілердің өз құқықтарын жүзеге асырудан тұратын құқық талқылаудың нысаны.
2/ Құқық нормаларын жүзеге асыру бойынша құқыққолдану қызметі.
3/+ Құқықтық нормалармен тыйым салынған әрекеттерді жасаудан тыйылудан тұратын құқықты жүзеге асырудың нысаны.
4/ Құқықтық нормалармен көзделген әрекеттерді міндетті жасаудан тұратын құқықты жүзеге асырудың нысаны.
5/ Субъектілер арасындағы құқықтық қатынастар.
Аутентикалық талқылау-бұл:
1/ Нормативтік актіні шығарған сот билігімен берілетін талқылау.
2/ Нормативтік актіні шығарған қоғамдық ұйымдармен берілетін талқылау.
3/ Нормативтік актіні шығарған атқару билігімен берілетін талқылау.
4/ Құқықшығармашылықпен айналыспайтын заңшығарушы билікпен берілетін талқылау.
5/+ Нормативті актілерді қабылдаған органның өзінің түсіндірме беруі.
Легалды талқылау-бұл:
1/ Заңды тұлғалардың құқықтық норманың мазмұнының мағынасын айқындауы.
2/ Заңдық істі қарау кезінде құқық нормасына түсінік беру.
3/ Заңшығарушы билік органдарының талқылауы.
4/ Құқықтың басқа субъектілерімен құқықтық қатынасқа түскен мемлекеттік органдарының талқылауы.
5/+ Басқа органдар қабылдаған құқықтық актілерді заңмен рұқсат етілген, соған өкілетті мемлекет органдарының талқылауы.
Белгіленген дәрежедегі және жалпы мәнге ие болатын барлық заңдық істерді қарауға берілетін талқылау:
1/ Аутентикалық.
2/+ Нормативтік.
3/ Казуалдық.
4/ Жүйелік.
5/ Кәсіби.
Құқықты талқылаудың актілері:
1/ Нормативті талқылау.
2/ Казуалды талқылау.
3/+ Заңдық нормалардың мағынасын айқындайтын құқықтық акт.
4/ Азаматтық актілер.
5/ Материалды актілер.
Заңдардың қайшылығы (коллизия):
1/ Заңшығарушының тәжірибесінің жеткіліксіздігі.
2/ Заңдардың сапасының төменділігі.
3/+ Бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілер арасындағы қайшылықтар.
4/ Нормативтік актілердің кезектен тыс жүйеленуі.
5/ Әдет-ғұрып негізінде дауды шешу.
Заң ұқсастығы-бұл:
1/ Әдет-ғұрып негізінде дауды /істі/ шешу.
2/ Құқықтық реттеудің жалпы бастаулары мен қағидаларының негізінде дауды шешу.
3/ Ұқсас нормалар мен құқық қағидаларының негізінде дауды шешу.
4/+ Дауды ұқсас, осы тәріздес оқиғаларды реттейтін мағынасы жағынан жақын болатын құқық нормасы негізінде шешу.
5/ Заңның құқыққа сәйкестігін қамтамасыз ету.
Нормативті реттеу-бұл:
1/+ Құзыретті мемлекеттік органдардың жалпы әрекет тәртібін /құқық норма/ анықтау және қабылдау бойынша әрекеті.
2/ Заңды нормаларды өңдеу.
3/ Құқықтық нормативті актілерді қабылдау.
4/ Нормативті құқықтық актілерді дайындау, қабылдау және жариялау.
5/ Құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін және тоқтатылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік-биліктік актілерді өңдеу.
Құқықтық реттеудің әдістері:
1/+ Рұқсат беру, міндеттеу, тыйым салу.
2/ Басқару, келісім беру, тыйым салу, атқару.
3/ Рұқсат беру, келісім беру, міндеттеу.
4/ Құқықты қалыптастырушы, құқықты өзгертуші, құқықты тоқтатушы.
5/ Рұқсат беру, құқық қолдану, пайдалану, сақтау.
Құқықтық реттеудің механизмі:
1/+ Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жүзеге асырушы құқықтық құралдардың жүйесі.
2/ Құқықтық реттеу тәртібін қолдану құралы.
3/ Нормативтік актілер деңгейі.
4/ Реттеудің ерекше тәртібі.
5/ Жеке субъектілерді қанағаттандыру деңгейі.
Құқықтық режим-бұл:
1/+ Құқық субъектісінің мүдделерін қанағаттандыру үшін қажетті әлеуметтік жағдай және нақты қолайлы немесе қолайсыз деңгей жасайтын және заңды құралдардың белгілі үйлестігінде көрініс табатын құқықтық реттеудің ерекше тәртібі.
2/ Құқықтық реттеу тәртібін қолдану саласы.
3/ Нормативті актілер деңгейі.
4/ Реттеудің ерекше тәртібі.
5/ Кейбір субъектілердің мүдделерін қанағаттандыру деңгейі.
Құқықтық мінез-құлық түсінігі:
1/ Белгілі шеңбердегі мінез-құлық.
2/ Пайдалы мінез-құлық.
3/ Саналы мінез-құлық.
4/+ Құқық нормаларына және әлеуметті-пайдалы мақсатқа сәйкес қоғамдық қатынас субъектілерінің әрекеті.
5/ Қажетті мінез-құлық.
Әрекет түрлері-бұл:
1/ Құқықтық әрекет, құқық қолдану актілері, құқықсыз әрекет.
2/ Оқиға, құқықтық және құқықсыз әрекеттер.
3/ Заңды қылықтар, қылмыстар, құқықтық әрекет.
4/+ Құқықтық және құқыққа қарсы әрекет.
5/ Жеке актілер, теріс қылықтар /әкімшілік, тәртіптік және т.б./ құқыққа қарсы әрекет.
Құқықтық әрекет түрлері:
1/ Қажетті, тиісті, мүмкін.
2/+ Әлеуметтік белсенді, конформистік, маргиналдық.
3/ Қажетті, конформистік.
4/ Маргиналдық, тиісті.
5/ Үйреншікті, ерекше.
Заңдылық-бұл:
1/ Заңдардың болуы.
2/ Заңдардың орындалуы.
3/+ Заңдарды, өзге де нормативті-құқықтық актілерді барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың және азаматтардың дәлме-дәл және былжытпай сақтауы және орындауы.
4/ Заңдардың бірлігі.
5/ Адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері.
Ұрпақтан ұрпаққа ауызша берілетін, қайталанып қолданылатын, қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етілетін әрекет тәртібі:
1/ Құқық.
2/ Мінез-құлық.
3/+ Әдет-ғұрып.
4/ Экономикалық нормалар.
5/ Саяси нормалар.
"Мононормалар" немесе әдет-ғұрып қандай қатынастарды реттеді:
1/ Құлиеленуші қоғамда.
2/ Феодалдық қоғамда.
3/+ Алғашқы қауымдық қоғамда.
4/ Буржуазиялық қоғамда.
5/ Қазіргі демократиялық қоғамда.
Мононорма-бұл:
1/ Заң мәтінінде көрініс тапқан құқық нормасы.
2/ Мораль нормасы.
3/ Адамгершілік нормасы.
4/+ Алғашқы қауымдық қоғамдағы әдет-ғұрып.
5/ Діни нормалар.
Құқықтық әдет-ғұрып-бұл:
1/ Бізге дейін жеткен кез-келген әдет-ғұрып.
2/ Жазбаша нысанда көрініс тапқан әдет-ғұрып.
3/+ Мемлекет күшімен санкцияландырылып, кепілдендірілген қатаң нысанда көрініс табатын әдет-ғұрып.
4/ Мемлекетпен қабылданатын заңдар.
5/ Лауазымды тұлғаның ауызша бұйрығы.
Заң жобасы және мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша бүкілхалықтық дауыс беру:
1/ Сұрау.
2/ Сайлау.
3/ Сұрақ алу.
4/+ Референдум.
5/ Импичмент.
Құқықтың нормативтік сипаты:
1/+ Мемлекетте ресми танылған және әрекет ететін заңдық нормалар жүйесі.
2/ Қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші.
3/ Қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпы адамзаттық және таптық сипатын білдіреді.
4/ Мемлекетпен жасалынады және бұзылудан қорғалады.
5/ Динамикалық жағдайда болатын әрекет тәртібі.
Адамгершілік нормаларының белгілері:
1/ Адам санасында қалыптасатын норма.
2/ Адамгершілік бағалау арқылы әрекетті реттейтін норма.
3/ Нақты ережелері жоқ абстрактілі норма.
4/ Жазбаша берілмейтін нормалар.
5/+ Адам санасында қалыптасатын, адамгершілік бағалау арқылы әрекетті реттейтін, қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етілетін нормалар.
Әлеуметтік нормалар-бұл:
1/+ Адам қатынастарын реттейді.
2/ Өндірістік қатынастар тәртібін реттейді.
3/ Негізгі адамгершілік қағидаларды анықтайды.
4/ Заңды маңызды әрекетті жасау тәртібі мен шартын көрсетеді.
5/ Құқық қорғау органдарының әрекетімен байланысты.
Жақсылық және зұлымдық, әділеттілік және әділетсіздік тұрғысынан адам әрекетін реттейтін әрекет тәртібі:
1/ Әдет-ғұрып.
2/+ Адамгершілік нормалар.
3/ Діни нормалар.
4/ Дәстүр нормалары.
5/ Әдет нормалары.
Қоғамдық ұйымдар нормалары:
1/+ Нақты қоғамдық ұйым мүшелеріне таралатын нормалар.
2/ Мемлекетпен санкцияландырылатын нормалар.
3/ Қоғамның барлық мүшелерімен орындалуға тиісті нормалар.
4/ Нормативтік құқықтық актілер мазмұнының қажетті элементі.
5/ Құқық қорғау органдарымен қорғалады.
Діни нормалар бекітіледі:
1/ Конституцияда.
2/ Қоғамдық санада.
3/ Қоғамдық ұйымдардың нормаларында.
4/+ Құран, Библия және өзге діни қайнар көздерде.
5/ Заңдарда және заңға бағынышты актілерде.
Жақсылық және зұлымдық, әділеттілік және әділетсіздік қандай әлеуметтік норманың өлшемі:
1/ Құқық нормасының.
2/ Қоғамдық бірлестіктер нормасының.
3/ Діни норманың.
4/+ Адамгершілік нормасының
5/ Әдет-ғұрыптық норманың.
Құқық нормасы-бұл:
1/+ Нормативтік актіде мазмұндалатын және мемлекетпен кепілдендірілетін әрекет тәртібі.
2/ Әділеттілік туралы адам көз-қарасына сәйкес келетін әрекет тәртібі.
3/ Әдетке айналған әрекет тәртібі.
4/ Қоғамдық ұйымдармен бекітілген және оның мүшелеріне міндетті әрекет тәртібі.
5/ Жалпы танылған әрекет тәртібі.
Адамдардың табиғатқа, технологиялық процесстерге қатынасын реттейтін нормалар:
1/ Құқықтық.
2/+ Техникалық.
3/ Моральдік.
4/ Корпоративтік.
5/ Әдеттік.
Құқықтың алғашқы қайнар көздері:
1/ Тыйым.
2/ Әдет-ғұрып.
3/ Мораль.
4/ Дін.
5/+ Тыйым, әдет-ғұрып, мораль, дін.
Заңдарда және өзге мемлекетпен танылған қайнар көздерде көрініс табатын және құқық субъектілерінің құқықтық-рұқсат етілген әрекеті өлшемі сапасында көрінетін жалпыға міндетті әрекет тәртібі:
1/+ Заңдық норма.
2/ Дәстүр.
3/ Корпоративтік норма.
4/ Әдет-ғұрып.
5/ Діни норма.
Құқықтық реттеудің диспозитивті (автономиялық) әдісі:
1/ Құқықтық нұсқаулардан бас тартуға жол бермейтін ықпал ету тәсілдері.
2/+ Құқық субъектілеріне заңмен анықталған көлемде өз ара қатынасын реттеу құқығын беретін ықпал ету тәсілі.
3/ Көтермелеу жолымен әлеуметтік пайдалы белсенді әрекетті көтермелейтін ықпал ету тәсілі.
4/ Құқық субъектілеріне барынша дұрыс әрекет нұсқасын ұсынатын ықпал ету тәсілі.
5/ Императив немесе биліктік нұсқау.
Сот прецеденті және нормативті құқықтық акт түсінігін біріктіретін термин:
1/+ Құқық нысаны.
2/ Құқық қолдану актілері.
3/ Құқық талқылау актілері.
4/ Құқық қызметі.
5/ Құқықтағы ақаулық.
Қазақстан Республикасындағы негізгі құқық нысаны:
1/ Құқықтық әдет-ғұрып.
2/ Нормативтік келісім.
3/+ Нормативтік құқықтық акт.
4/ Сот прецеденті.
5/ Мононорма.
ҚР Үкіметімен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қабылданатын және республиканың барлық аумағында міндеттілік күші болатын нормативтік актілер:
1/ Заңдар.
2/ Жарлықтар.
3/ Өкімдер.
4/+ Қаулылар.
5/ Келісімдер.
Қандай нормативті құқықтық акт жоғарғы заңдық күшке ие:
1/ Президент жарлығы.
2/ Конституциялық заң.
3/+ Конституция.
4/ Үкімет қаулысы.
5/ Жоғарғы сот пленумы қаулысы.
Заңға бағынышты нормативтік актіге жатады:
1/ ҚР қылмыстық кодексі.
2/ Жоғарғы білім туралы заң.
3/ ҚР Азаматтық кодексі.
4/+ Үкімет қаулысы.
5/ Конституция.
Заңға бағынышты нормативтік актіге жатпайды:
1/ Президент жарлығы.
2/ Жергілікті атқару органдарының шешімі.
3/+ Конституция, заңдар.
4/ Үкімет қаулысы.
5/ Министрлік және ведомства бұйрығы.
Қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, әрекет тәртібі мазмұндалатын құқықшығармашылық органының құқықтық актісі:
1/ Сот прецеденті.
2/+ Нормативтік құқықтық акті.
3/ Санкцияланған әдет-ғұрып.
4/ Халықаралық келісім.
5/ Құқықтық доктрина.
Құқықты салаларға бөлудің негізгі өлшемдері:
1/+ Заңшығарушының еркі.
2/ Құқықтық реттеу пәні мен әдісі.
3/ Құқық нысаны сипаты.
4/ Құқықтық сана.
5/ Құқықтық тәртіп тәжірибе.
Демократизм құқықшығармашылық принципі ретінде нені білдіреді:
1/+ Құқық нормаларында халықтардың еркі мен мүддесін анықтау және көрсету міндеті.
2/ Құқық актілерін қабылдау рәсімін және құзыреттілігін сақтау.
3/ Актілердің негіздендірілгендігі, доктриналарды әлеуметтік мәліметтерді есепке алу, құқық нормаларын қабылдау әрекетінің салдарын болжау.
4/ Заң жобаларын дайындау және қабылдау барысындағы заңдық және жалпы сауаттылық, құзыреттілік.
5/ Актілерді дайындау және қабылдау уақытын дұрыс анықтау, қоғамдық қатынастардың кемелдік дәрежесін есепке алу.
Заңдылық құқықшығармашылық принципі ретінде мынаны білдіреді:
1/ Құқық нормаларында халықтардың еркі мен мүддесін анықтау және көрсету міндеті.
2/+ Құқық актілерін қабылдау рәсімін және құзыреттілігін сақтау.
3/ Актілердің негіздендірілгендігі, доктриналарды әлеуметтік мәліметтерді есепке алу, құқық нормаларын қабылдау әрекетінің салдарын болжау.
4/ Заң жобаларын дайындау және қабылдау барысындағы заңдық және жалпы сауаттылық, құзыреттілік.
5/ Актілерді дайындау және қабылдау уақытын дұрыс анықтау, қоғамдық қатынастардың кемелдік дәрежесін есепке алу.
Мемлекет және құқықтың элементтері мен компоненттерінің өзара байланысы мен әсерін айқындау келесі әдістердің қайсысымен жүзеге асырылады:
1/ Салыстырмалы
2/ Нақты-социологиялық
3/+ Жүйелік-құрылымдық
4/ Тарихи
5/ Функционалдық
Құқықтық жүйені жіктеуде оның ұқсастығы мен айырмашылығын ашатын әдіс:
1/+ Салыстырмалы құқықтану әдісі
2/ Индуктивтік әдіс
3/ Математикалық әдіс
4/ Тарихтық әдіс
5/ Плюралистік әдіс
Заң ғылымдары қалай жіктеледі:
1/ Әлеуметтік-заңи ғылымдар
2/ Тарихи-теориялық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар
3/+ Салалық, тарихи-теориялық ғылымдар
4/ Әлеуметтік-тарихи ғылымдар, арнайы заңи ғылымдар
5/ Математикалық, гуманитарлық
Мемлекет және құқық тәріздес күрделі әлеуметтік құбылыстардың құрамдық бөліктері мен элементтері араларындағы байланыстарды, сондай-ақ өзара ықпалдасуларын анықтап айқындау арқылы олардың құрылымын білуге мына тәсілдердің қайсысы көмек бере алады:
1/+ Жүйелік
2/ Нақты социологиялық
3/ Салыстырмалылық
4/ Тарихи
5/ Функционалдық
Мына аталған ғылымдардың қайсысы салалық заң ғылымдарына жатады:
1/ Криминалистика, сот психиатриясы, сот медицинасы
2/+ Қылмыстық құқық, конституциялық құқық, азаматтық құқық
3/ Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, мемлекет және құқық теориясы
4/ Криминология, бухгалтерлік есеп және сараптама
5/ Саясаттану, логика /қисын/
Мемлекет және құқық жалпы теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі ерекше ролін қай сипаттама көрсетеді:
1/ Бағыттаушы
2/+ Әдістемелік
3/ Интеграциялық
4/ Идеологиялық
5/ Осы сипаттамалардың бәрі
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясы заң ғылымдарының қай түріне жатады:
1/ Салалық ғылымдарына
2/ Салааралық ғылымдарына
3/ Шет елдердің мемлекеттері мен құқықтарын зерттейтін ғылымдарға
4/+ Тарихи-теориялық ғылымдарына
5/ Қолданбалы заң ғылымдарына
Құқықтану ғылымдарының іргелілерін атаңыз
1/+ Мемлекет және құқықтың жалпы теориясы
2/ Әкімшілік құқық ғылымы
3/ Еңбек құқығы ғылымы
4/ Қылмыстық құқық ғылымы
5/ Криминалистика
Мемлекетті қоғамның кез-келген саяси ұйымынан қандай белгі-нышан ерекшелейді:
1/ Халықаралық ұйымдардың өзара бірлесіп әрекеттесуі
2/ Негізгі өндіріс құралдары мен саймандарға меншік иесі болу
3/ Конституциялық актісінің болуы
4/ Ғарыш кеңістігін игеруге монополиясының болуы
5/+ Жалпыға бірдей міндетті нормативтік-құқықтық актілерді шығаруға өкілеттілігінің болуы
Заңды құжаттарда көрініс табатын, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға берілетін биліктік өкілеттіктердің көлемі мен мазмұны, ол:
1/ Санкция
2/ Қызмет
3/ Деспотизм
4/+ Құзыреттілік
5/ Құқықшығармашылық
Заңдылық дегеніміз...
1/+ Күші бар заңдардың талаптарын барлық субъектілердің қатаң түрде және мүлтіксіз орындауы, сақтауы
2/ Қоғамдық қатынастарды тәртіпке салуды, жөнге келтіруді қамтамасыз ететін ережелер мен институттар жүйесі
3/ Құқық негізінде қоғамдық қатынастардың тәртіпке салынғандығы, ретке келтірілгендігі
4/ Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың заңды мінез-құлықтары
5/ Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың заңға жатпайтын, заңға қарсы мінез-құлықтары
Романо-германдық құқықтық жүйенің ең басты құқықтың қайнар көзі:
1/ Сот және әкімшілік үлгісі
2/+ Құқықтық- нормативтік акт
3/ Құқықтық әдет-ғұрып
4/ Құран, иджма, сунна, қияс
5/ Құраннан бөлек, барлық аталғандар
Жүйе таныған және заң тәртібімен адамның құқығы, бостандығы, міндеттері және заңды мүдделері мемлекетпен кепілдендірілген құқық субъектісі ретінде айтамыз:
1/ Өкілеттілігін
2/ Құқықтық мемлекетті
3/+ Адамның құқықтық мәртебесін
4/ Құқықтық әдет-ғұрып
5/ Құзіретті
Мұсылман құқықтық жүйесінің құқықтың қайнар көздеріне жатады:
1/ Сунна
2/ Құран
3/+ Құран, сунна, қияс, иджма
4/ Қияс
5/ Иджма
Ағылшын-саксондық құқықтық жүйеге тән мінездемесін айтыңыз:
1/ Бірнеше құқықтық институттардың өте асқандық дәрежеде болуы
2/ Нормативтілігі
3/ Діни дәстүрлігі
4/+ Сот арқылы өмірге келген құқықтық басымдылығы
5/ Рим құқығының рецепциясы
Қай құқықтық жүйеде сот құқықты жасап шығарушы болып табылады:
1/ Романо-германдықта
2/+ Ағылшын-саксондық
3/ Дәстүрлікте
4/ Дінилікте
5/ Ресейде
ҚР-да заң шығарушылық бастамасы құқығы бар:
1/ Президентте
2/+ Үкімет және Парламент депуттарында
3/ Бас прокурорда
4/ Халық және қоғамдық ұйымдарға
5/ Жоғарғы сот
ҚР Конституцияның ресми түрде талқылайды:
1/ Президент
2/ Жоғарғы Сот
3/ Прокуратура
4/+ Конституциялық Кеңес
5/ Парламент
ҚР аумағына жоғарғы заң күші нормативтік-құқықтық актіні шығару құқығы бар:
1/ ҚР Президенті
2/ Үкімет
3/+ ҚР Парламенті
4/ Министрлік
5/ Комитеттер мен ведомствалар
ҚР Қылмыстық кодексіне коментариын талқылау субъектісіне байланысты қай түрге жатады:
1/ Легалдылыққа
2/ Кәсібилікке
3/+ Аутентікке
4/ Доктриналдыққа
5/ Нормативтікке
Құқықыты нормативтік тәсіл арқылы түсінудің (пайымдаудың) басты идеясын көрсетіңіз:
1/+ Құқық – қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда жария (формалды) түрде анықталған, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.
2/ Құқық – жазбаша және жазбаша да емес мінез-құлық ережелері басқа да құқықтық құбылыстардың: құқықтық сана, құқықтық қатынастар, субъективтік құқықтар мен құқық қолдану актілерінің жиынтығы.
3/ Құқық – теңдік, әділдік, бостандық, ізгілік принциптеріне негізделген, норматив дәрежесіне дейін жоғартылған әділеттік.
4/ Құқық – мәдениет пен өркениет феномені (ерендігі).
5/ Құқық адамның табиғи жаратылысынан, оның ақыл-парасатынан, бүкілжалпылық ізгілік принциптерінен туындайды. Сондықтан да, құқық дегеніміз – ізгілік пен құқықтық негізгі идеялар мен принциптер, табиғи жаратылыс заңдары.
Құқықты социологиялық тәсіл арқылы пайымдаудың басты идеясын көрсетіңіз:
1/ Құқық дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда жария (формальды) түрде анықталған, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
2/ Құқық дегеніміз – жазбаша және жазбаша да емес мінез-құлық ережелері және басқа да құқықтық құбылыстардың: құқықытық сана, құқықтық қатынастар, субъективтік құқықтық пен құқық қолдану актілерінің жиынтығы.
3/+ Құқық дегеніміз – теңдік, әділдік, бостандық, ізгілік принциптеріне негізделген, норматив дәрежесіне дейін жоғартылған әділеттік.
4/ Құқық дегеніміз – мәдениет пен өркениет феномені (ерендігі).
5/ Құқық адамның табиғи жаратылысынан, оның ақыл-парасатынан, бүкілжалпылық ізгілік принциптерінен туындайды.
Тірі құқық ілімін ұсынған авторды атап көрсетіңіз.
1/+ Эрлих.
2/ К.Маркс, Ф.Энгельс.
3/ Густав Гуго.
4/ Жан-Жак Руссо.
5/ Ганс Кльзен.
Құқық дегеніміз – үстем таптың заңға айналдырылған ерік-ықтияры деген анықтаманың авторын атаңыз:
1/+ К.Маркс, Ф.Энгельс.
2/ И.Кант, Гегель.
3/ Л.Морган.
4/ Джон Локк.
5/ Аристотель, Платон.
Аталғандар ішінен құқықтық мемлекеттің белгісін атаңыз.
1/ Әр түрлі ұлтар мен ұлыстардың болуы.
2/ Республикалық басқару нысаны.
3/ Президент институтының болуы.
4/ Мемлекеттің шекараларының болуы.
5/+ Заңның үстемдігі.
Келесі авторладың қайсысы құқықтық мемлекет теориясын негіздеді:
1/+ И.Кант, Ш.Монтескье, Д.Локк.
2/ Аристотель, Демокрит.
3/ Платон, Сократ.
4/ Гумиловия, К.Каутский.
5/ К.Маркс, Ф.Энгельс.
Құқықтың ең басты мақсатын көрсетіңіз:
1/ Бағалаушылық.
2/ Танымдық.
3/ Тәрбиелік.
4/+ Ретту, қорғау.
5/ Интергративтік.
Құқықты ізгілік, философиялық тәсіл арқылы пайымдаудың басты идеясын көрсетіңіз:
1/ Құқық дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарды жария (формалды) түрде анықталған, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.
2/ Құқық дегеніміз – жазбаша және жазбаша емес мінез-құқық ережелері және басқа да құқықтық құбылыстардың: құқықтық сана, құқықтық қатынастар, объективтік құқықтар мен құқық қолдану актілерінің жиынтығы.
3/+ Құқық дегеніміз – теңдік, әділдік, бостандық, ізгілік принциптеріне негізделген, норматив дәрежесіне дейін жоғарылатылған әділеттік.
4/ Құқық дегеніміз – мәдениет пен өркениет феномені (еркіндігі).
5/ Құқық адамның табиғи жаратылысынан, оның ақыл-парасатынан, бүкілжалпылық ізгілік принциптерінен туындайды. Сондықтан да, құқық дегеніміз – ізгілік пен құқытық негізгі идеялар мен принциптер, жаратылыс заңдары.
Легитимділік нені білдіреді:
1/ Мемлекеттің белгі нышанын.
2/+ Құқықтың белгі нышанын.
3/ Құқықтық салдардың болуының қандай жағдайларға байланыстылығын.
4/ Азаматтардың мүліктік және заңдық жағдайларының теңдігін.
5/ Қоғамның тиісті органының белгіленген тәртіп ретімен қабылдаған заңына қолдау көрсетеді.
Құқықтың еріктік сипаты нені білдіреді?
1/ Құқық – мемлекет ресми түрде таныған, оның бүкіл аумағында әрекет күші бар заң (құқық) нормалары жүйесі.
2/ Құқық – қоғамдық қатынастарды реттейді, тұлғалардың іс-әрекеттерінің, мінез-құлқының үлгісі. Құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға, тиісті жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды.
3/+ Құқық – халықтың, қоғамның, мемлекеттің ерік-ықтиярын білдіреді.
4/ Құқық – мемлекет күшіне сүйенеді. Егер мемлекет құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз жүзінде ғана қалған болар еді.
5/ Құқық – мінез-құлық ереже нормалары. Бұл нормалар өзгермелі болады.
Белгілер ішінен саяси партияға тән емес белгіні табыңыз:
1/ Ұйымдасуы жағынан біртұтастығы.
2/+ Территориясы мен дербестігінің болуы.
3/ Мүшелерінің болуы.
4/ Мемлекеттік билікке ұмтылуы.
5/ Партиялық тәртіптің болуы.
Құқықтың негізгі белгісі:
1/ Моральмен байланыстылығы.
2/ Дінмен байланыстылығы.
3/ Әдет-ғұрыппен байланыстылығы.
4/ Қоғамдық оймен қамтамасыз етілуі.
5/+ Жалпыға міндеттілік, нормативтік.
Құқық дегеніміз –...
1/ Адамдарды дұрыс жүріс-тұрысқа бағытайтын кеңестер.
2/ Міндетті моральдық қағидалар.
3/+ Мемлекет орнықтырған, жалпыға міндетті ережелер.
4/ Діни идеялар.
5/ Басшылыққа алатын.
Құқықшығармашылық барысында белгілі бір әлеуметтік топтардың мүддесінде басқару шешіміне қысым жасау тобы, әсер ету нысаны қалай аталады?
1/+ Лоббизм.
2/ Легитизм.
3/ Импичмент.
4/ Легализация.
5/ Жүйелендіру.
Келесі қауымдастықтарының қайсысы азаматтық қоғамда шешу рольге ие:
1/+ Саяси партия.
2/ Кәсіподақ.
3/ Қоғамдық қозғалыс.
4/ Еңбек ұжымы.
5/ Қоғамдық қор.
Құқық нормаларының өзара байланыстылығын білдіретін құқықтық белгісін атаңыз:
1/ Мемлекеттің кепілдігі.
2/+ Жүйелілігі.
3/ Реттеушілігі.
4/ Құқықтың ерік сипаты.
5/ Жазбаша анықтылығы.
Құқық дегеніміз – үстем таптың заңға айналдырған еркі-ықтиярын деген анықтаманың авторы кім:
1/ Аристотель, Платон.
2/ И.Кант, Гегель.
3/ Л.Морган.
4/ Джон Локк.
5/+ К.Маркс, Ф.Энгельс.
Заңдылық режимін бұзбау дегеніміз не:
1/+ Құқықтық нормалардың барлығын сақтау.
2/ Конституция мен заңдарды бұзу.
3/ Заңдар мен заңға негізделген актілерді бұзу.
4/ Құқықты дұрыс қолданбау.
5/ Қылмыс жасау.
Әлеуметтік нормалар дегеніміз..
1/+ Адамадр араларындағы қатынастарды реттейтін мінез-құлық ережелері.
2/ Адамдардың табиғатқа, техникаға, өндіріс құралдары мен саймандарына деген қатыстылықтарын сипаттайтын ережелер.
3/ Заңдарда баяндалып, бекітілген техникалық нормалар.
4/ Ақыл-парасат пен әділетке негізделген мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелері.
5/ Тараптардың өз ықтияр-еріктерінің нәтижесінде жасалып шығарылған мінез-құлық ережелері.
Құқықтың нормаларды басты екі функциясына байланысты түрлерін көрсетіңіз:
1/+ Реттеуші және қорғаушы.
2/ Импиративтік және диспозитивтік.
3/ Тыйым салушы және өкілеттік беруші.
4/ Процессуалдық және материалдық.
5/ Презумпциялық.
Қандай теория аламның құқықытары мен бостандықтарын мемлекет сыйға тартпайды, оған ол тумысынан тиісті деп түсіндіреді?
1/+ Табиғи құқықтық.
2/ Психологиялық.
3/ Нормативтік.
4/ Социологиялық.
5/ Идеологиялық.
Құқықтық теңдік қағидасын алғаш рет бекіткен құқық түрі – ол:
1/ Феодалдық құқық.
2/ Кеңестік құқық.
3/+ Буржуазиялық құқық.
4/ Құлиеленушілік құқық.
5/ Американдық құқық.
Құқықтың реттеушілік қабілетіне сенімсіздік білдіруге, заңдарды елемеуге негізделетін құқықтық сананың жағдайы:
1/ Құқықтық идеология.
2/ Құқықтық психология.
3/+ Құқықтық нигилизм.
4/ Құқықтық мәдениет.
5/ Құқықтық норма.
Құқықтық мәдениет түсінігі:
1/+ Құқықты терең білу, түсіну, оның талаптарын саналы түрде орындау.
2/ Құқықтық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық тәртіп.
3/ Ғылыми-теоретикалық деңгейдегі құқықтық сана.
4/ Қоршаған құқықтық болмыстың әсерінен қалыптасатын құқықтық сананың бастапқы тәжірибелік сатысы.
5/ Құқықтың теоретикалық негіздерін көрсететін идеялар, түсініктер, конструкциялар.
Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 262 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
1 Банктік қызметтер теориясы | | | Сыртқы экономикалық байланысқа не жатады: |