Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Қ.Р –ның су кодексі қашан қабылданған? 3 страница



D) қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы функционалды орган

E) тірі табиғи объектілерді қорғайтын, қоршаған ортаны қорғауды басқару органы

 

145. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың мазмұнына кірмейді

А) сонғы үш жылда қоршаған ортаны қорғауға жасалған шығындар тұралы мәлімет

В) рұқсаттық қолданылуы кезеңiне арналған қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар бағдарламасы

С) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын қамтитын, белгiленген үлгiдегi құжаттар

D) табиғат пайдалану шарттарын, оның iшiнде олардың барлық көздерi бойынша эмиссиялардың нормативтерi

E) рұқсаттың қолданылу мерзiмi

 

146. Кешенді экологиялық қатынастар –бұл:

А) ерекше қорғалатын аумақтарды қорғау бойынша қатынастар

В) жер қойнауын қорғау бойынша қатынастар

С) атмосфералық ауаны қорғау бойынша қатынастар

D) өсімдік әлемін қорғау бойынша қатынастар

E) жануарлар әлемін қорғау бойынша қатынастар

 

147. Экологияның құқықтың салалық нормаларына жатады-

А) орман қорындағы жерлерді қорғау және пайдалану жөніндегі нормалар

В) қорықтық қорды қорғау және пайдалану жөніндегі нормалар

С) санитарлық –қорғаншылық аймақ жерлерін қорғау және пайдалану жөніндегі нормалар

D) әкімшілік құқықтың экологияландырылған нормалары

E) табиғи ортаға келтірілген зиянды өтеу туралы нормалар

 

148. Экологиялық құқықтын кешенді нормаларына жатады-

А) табиғи қорықтық аймақтарды қорғау және пайдалану жөніндегі нормалар

В) атмосфералық ауаны қорғау және пайдалану жөніндегі нормалар

С) жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі нормалар

D) суларды қорғау және пайдалану жөніндегі нормалар

E) ормандарды қорғау және пайдалану жөніндегі нормалар

 

149. Міндетті экологиялық сақтандырудың объектісі болып табылады-

А) қоршаған ортаны ластағаны үшін мүліктік жауаптылық тәуекелділігі

В) кез-келген өндірістік қызмет

С) табиғи объектілерді пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет



D) үшінші тұлғаларға аяқ астынан, абайсыздан келтірілген зиян

E) экологиялық апатпен кәсіпорынға келтірілген шығын

 

150. Экологиялық бақылаудың объектісі ретінде болады-

А) субъектілердің табиғатты қорғау туралы заңнамаларды сақтауы

В) кәсіпорын-табиғатты пайдаланушы

С) кәсіпорын-жер қойнауын пайдаланушы

D) кәсіпорын-суды пайдаланушы

E) кәсіпорын-орманды иеленуші

 

151. Экологиялық бақылаудың объектісі ретінде болады-

А) қоршаған ортаны қорғау бойынша міндетті шараларды орындау

В) жануарлар әлемі

С) өсімдіктер әлемі

D) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

E) жер қойнауы

 

152. Экологиялық бақылаудың объектісі ретінде бола алмайды-

А) халықаралық маңыздағы су – батпақ алқабы

В) қоршаған ортаның жай-күйі

С) жануарлар әлемін қорғаудың экологиялық талаптарын орындау

D) атмосфералық ауаны қорғаудың экологиялық нормативтерін орындау

E) субъекті-табиғат пайдаланушылардың экологиялық заңнамаларды сақтауы

 

153. Экологиялық бақылаудың әдістеріне жатпайды-

А) қоршаған ортаны қорғау бойынша міндетті шараларды орындау

В) қоршаған ортаның жай-күйіне байқау жүргізу

С) табиғатты пайдалануға рұқсат беру

D) экологиялық сараптама жүргізу

E) экологиялық кадастрлер жүргізу

 

154. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы орындау әдістеріне жатпайды-

А) лицензия және басқа да рұқсат беруші құжаттардың күшін тоқтата тұру

В) материалды жинау және талдап қорыту

С) материалдарды қарау және оған баға беру

D) сараптама қорытындысын орындауды бақылау

E) қосымша материалдарды талап ету

 

155. Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық тәсілдеріне жатпайды-

А) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

В) экологиялық қатынастарды реттейтін тыйым салушы нормаларды белгілеу

С)табиғи ресурстарды пайдалануда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шараларын анықтау

D) экологиялық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық белгілеу

E) табиғи ортаға келтірілген зиян үшін мүліктік жауаптылық белгілеу

 

156. Экологиялық норма-қағидалар бекітеді-

А) табиғи ресурстар пайдалану кезінде экологиялық және экономикалық мүдделердің ғылыми-негіздемен үйлесуін

В) бір табиғи объектілердің басқалардың алдында пайдаланылуын құқықтық реттеудің белгілі бір артықшылықтарын

С) табиғи ортаға келтірілген зиянды анықтау тәртібін

D) табиғи ресурстарды пайдалануға лицензия беру тәртібін

E) экологиялық заңнамаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты қолдану процедурасын

 

157. Экологиялық норма-императивтер мазмұндайды

А) экологиялық қауіпті қызметке тыйым салуды

В) қоршаған ортаның әлеуметтік –экономикалық мәселелерді және мақсаттарды теңгерімен түрде шешуді

С) ерекше қорғалатын бірінші топтағы орманның артықшылығын

D) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету

E) бір объектіні басқаларының алдында пайдалануды құқықтық реттеудің белгілі бір артықшылықтарды

 

158. Құқық бұзушылық құралын тәркілеу –бұл:

А) экологиялық бақылау әдісі

В) экологиялық бақылау жүйесі

С) экологиялық бақылау объектісі

D) экологиялық бақылау нысаны

E) экологиялық бақылау қағидасы

 

159. Экологиялық қауіпті қызметті шектеу –бұл:

А) экологиялық бақылау әдісі

В) экологиялық бақылау жүйесі

С) экологиялық бақылау объектісі

D) экологиялық бақылау нысаны

E) экологиялық бақылау қағидасы

 

160. Кәсіпорынның қызметін тоқтата тұру-бұл:

А) экологиялық бақылау әдісі

В) экологиялық бақылау жүйесі

С) экологиялық бақылау объектісі

D) экологиялық бақылау нысаны

E) экологиялық бақылау қағидасы

 

161. Экологиялық құқық бұзушылықтың алдын алу – бұл:

А) экологиялық бақылау әдісі

В) экологиялық бақылау жүйесі

С) экологиялық бақылау объектісі

D) экологиялық бақылау нысаны

E) экологиялық бақылау қағидасы

 

162. Экологиялық сараптаманың қорытындысын жасау болып табылады-

А) Экологиялық сараптаманың сатысы

В) Экологиялық сараптаманың объектісі

С) Экологиялық сараптаманың субъектісі

D) Экологиялық сараптаманың қағидасы

E) Экологиялық сараптаманы жүогізудің тәсілі

 

163. Кәсіпорынды орналастыру жобасы болып табылады-

А) Экологиялық сараптаманың объектісі

В) Экологиялық сараптаманың сатысы

С) Экологиялық сараптаманың субъектісі

D) Экологиялық сараптаманың қағидасы

E) Экологиялық сараптаманың нысаны

 

164. Қоғамның экологиялық сараптамаға қатысуы болып табылады-

А) Экологиялық сараптаманың қағидасы

В) Экологиялық сараптаманың объектісі

С) Экологиялық сараптаманың сатысы

D) Экологиялық сараптаманың субъектісі

E) Экологиялық сараптаманың әдісі

 

165. Экологиялық сараптаманың тапсырысышы болып табылады-

А) Экологиялық сараптаманың субъектісі

В) Экологиялық сараптаманың қағидасы

С) Экологиялық сараптаманың объектісі

D) Экологиялық сараптаманың сатысы

E) Экологиялық сараптаманың нысаны

 

166. Шетелдік табиғат пайдаланушыларға жатпайды-

А) шетелдік қатысуымен қазақстандық заңды тұлғалар

В) шетелдік заңды тұлғалар

С) шетелдік мемлекеттер

D) халықаралық бірлестіктер

E) шетелдік азаматтар

 

167. Қоршаған орта мониторингіне кірмейді-

А) табиғи объектілерді сан және сапа жағынан есепке алу

В) қоршаған орта жай-күйін байқау

С) қоршаған орта жай-күйін бақылау

D) қоршаған ортаның өзгеруін болжамдау

E) қоршаған ортадағы негативтік өзгерістердің алдын алу жөніндегі ұсыныстар

 

168. Шетелдік инвестордың елінде күші бар қоршаған орта сапасының қатаңдығы неғұрлым төмен нормативтері ҚР аумағында қолданылуы мүмкін-

А) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы бар болған кезде

В) жергілікті атқару органдарының рұқсатымен

С) қоршаған ортаны қорғау органдарының рұқсатымен

D) жергілікті өкілді органдардың рұқсатымен

E) қосымша төлем төленген жағдайда

 

169. Өңдеу, көму немесе сақтау үшін зиянды қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына алып келу кімнің шешімі бойынша жүзеге асырылады?

А) ҚР Үкіметінің

В) Мемлекеттік экологиялық сараптаманың

С) Санитарлық –эпидемиологиялық қызметтің

D) Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің

E) Сыртқы істер министрлігінің

 

170. Экологиялық сараптаманың мақсаттары болып табылады-

А) экологиялық жай-күйдің болжамдалып отырған өзгерістеріне сараптамалық бағалауды қамтамасыз ету

В) сараптама объектілерінде шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға ықпалын бағалаудың толық орындалуын анықтау

С) экологиялық талаптардың сараптама жүргізілетін құжаттамаларда сақталуын тексеру

D) экологиялық сараптама қорытындысын әзірлеу

E) кәсіпорын- табиғат пайдаланушының өндірістік қызметінің нәтижесін тексеру

 

171.Қоршаған ортаға келтірілген басқарушылық қызметтің мүмкін негативтік зардаптарының алдын алу болып табылады-

А) экологиялық сараптаманың мақсаты

В) табиғат пайдаланушының міндеті

С) экологиялық сараптаманың міндеті

D) табиғат пайдаланушының құқығы

E) экологиялық сараптаманың тәсілі

 

172. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамаларды сақтау болып табылады-

А) табиғат пайдаланушының міндеті

В) экологиялық сараптаманың мақсаты

С) экологиялық сараптаманың міндеті

D) табиғат пайдаланушының құқығы

E) экологиялық сараптаманың тәсілі

 

173.Қ.Р –ның су кодексі қашан қабылданған?

А) 23 шілде 2003ж

В) 19 мамыр 1992ж

С) 29 сәуір 1994ж

D) 6 қыркүйек 1992ж

E) 14 мамыр 1994ж

 

174. ҚР –да экологиялық – сараптамалық қызметті үйлестіруді жүзеге асырады-

А) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

В) ҚР Үкіметі

С) Экологиялық сараптаманы жүргізуге мүдделі ҚР министрліктері мен ведомстволары

D) Жергілікті өкілді органдары

E) Жергілікті атқару органдары

 

175. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптамалық комиссияның жеке құрамын анықтайды-

А) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

В) ҚР Үкіметі

С) Экологиялық сараптаманы жүргізуге мүдделі ҚР министрліктері мен

ведомстволары

D) Жергілікті өкілді органдары

E) Жергілікті атқару органдары

 

176. Келтірілген нормалардың қайсысы экологиялық сараптаманың қағидасы болып табылады?

А) экологиялық және медико-биологиялық мүдделердің басымдылығы

В) минералды- шикізат қорының молаюын қамтамасыз ету

С) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды аясына тұрғындар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуы

D) биологиялық көп түрлілікті сақтауды қамтамасыз ету

E) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

 

177. Ортақ табиғат пайдалануды шектеуге жол беріледі-

А) егер бұл тікелей заңнамаларда көрсетілсе

В) атқару органының шешімі бойынша

С) өкілді органның шешімі бойынша

D) табиғат пайдаланушының тілегі бойынша

E) қоршаған ортаны қорғау министрлігінің талап етуі бойынша

 

178. Ортақ табиғат пайдалану жүзеге асырылады-

А) ақысыз, пайдалану құқығын рәсімдеусіз

В) ақысыз, бірақ пайдалану құқығын рәсімдеумен

С) ақылы, пайдалану құқығын рәсімдеусіз

D) ақылы, бірақ пайдалану құқығын рәсімдеумен

E) ақысыз, техникалық жабдықты қолданумен

 

179. Арнайы табиғат пайдалану жүзеге асырылады-

А) рұқсат беретін құжаттар негізінде, ақылы

В) рұқсат беретін құжаттар негізінде, ақысыз

С) рұқсат беретін құжаттарсыз

D) ақы үшін, бірақ рұқсат беруді рәсімдеусіз

E) ақысыз және рұқсат беруді рәсімдеусіз

 

180. Кейінгі табиғат пайдалану мына негізде туындауы мүмкін-

А) бастапқы табиғат пайдаланушымен жасалған жалдау шарты

В) табиғат пайдалану құқығын сатып алу-сату шарты

С) табиғат пайдалану құқығын алмастыру шарты

D) жергілікті атқару органының шешімі

E) табиғат пайдалану құқығын мемлекет бергенде

 

181. Кейінгі табиғат пайдаланушы әрқашанда болып табылады-

А) уақытша табиғат пайдаланушы

В) тұрақты табиғат пайдаланушы

С) ақылы табиғат пайдаланушы

D) ақысыз табиғат пайдаланушы

E) жалпы табиғат пайдаланушы

 

182. Көрсетілген құқықтардың қайсысы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құзыреті болып табылады?

А) қоршаған ортаны қорғау аясында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу

В) қоршаған ортаны қорғау функциясын жүзеге асыратын арнайы өкілетті органдардың тізімін бекіту

С) ерекше экологиялық мәнге ие қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізімін бекіту

D) қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер алудың тәртібін белгілеу

E) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізімін бекіту

 

183. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем мына түрде алынады-

А) жалпы мемлекеттік салықтар, жергілікті салықтар мен алымдар, табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлері үшін арнайы төлемдер мен салықтар, жалдау төлемдері түрінде

В) ластайтын заттарды тастағаны және шығарғаны үшін төлемдер

С) өндіріс қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемдер

D) табиғи ресурстарды қорғауға және молайтуға кеткен бюджеттік шығыстардың орнын толтыру түрінде

E) айыппұл санкциялары түрінде

 

184. Қоршаған ортаны ластағандығы үшін төлем мына түрде алынады-

А) ластайтын заттарды тастағаны және шығарғаны үшін өндіріс қалдықтарын орналастырғаны және пайдаланғаны үшін

В) жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар

С) табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлері үшін арнайы төлемдер және салықтар

D) табиғи ресурстарды қорғау үшін бюджеттік шығыстардың орнын толтыру

E) айыппұл санкциялары

 

185. Табиғи ресурстарды қорғау және молайту үшін төлем қандай түрде алынады?

А) бюджеттік шығыстардың орнын толтыру түрінде

В) арнайы төлемдер және салықтар түрінде

С) жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салықтар түрінде

D) ластайтын заттарды шығарғаны және тастағаны үшін төлемдер түрінде

E) айыппұл санкциялары түрінде

 

186. Төтенше экологиялық жағдай жарияланды-

А) ҚР Үкіметімен

В) ҚР Парламентімен

С) ҚР Президентімен

D) Жергілікті маслихаттармен

E) Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігімен

 

187. Екі рұқсат беретін құжаттар –атқару органының шешімі және контракті (келісім шарт) негізінде туындайтын табиғатты пайдалануды анықтаңыздар:

А) ауылшаруашылығында бастапқы уақытша жер пайдалану

В) кәсіптік аң аулау

С) жеке тұтыныс үшін жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру

D) суды ортақ пайдалану

E) әуесқойлық балық аулау

 

188.Тек қана келісім шарт негізінде туындайтын табиғатты пайдалануды анықтаңыздар-

А) ауылшаруашылығында кейінгі жер пайдалану

В) орман шаруашылығы дерлерінде ағаш дайындау

С) өндірістік кәсіпорындардың ағынды суларды ағызу

D) ортақ жер пайдалану

E) суды ортақ пайдалану

 

189. Атқарушы органдардың шешімі негізінде ғана туындайтын табиғатты пайдалануды анықтаңыздар

А) бау-бақша өсіру үшін жер тарауын (учаскесін) меншікке беру

В) атмосфераға ластайтын заттарды тастау

С) әуесқойлық балық аулау

D) емдік балшықтарды өндіру

E) суды ортақ пайдалану

 

190. Қызыл Кітаптың басылымын қамтамасыз етеді-

А) Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі

В) ҚР Үкіметі

С) ҚР Парламенті

D) ҚР Ғылым Академиясы

E) ҚР Президенті

 

191. Кейінгі табиғатты пайдалану құқығы бола алмайды-

А) оқшауланатын

В) қысқа мерзімді

С) ұзақ мерзімді

D) ақысыз

E) ақылы

 

192. Кейінгі табиғатты пайдалану құқығы бола алады-

А) ақылы және ақысыз

В) тұрақты

С) оқшауланатын

D) ортақ табиғат пайдалану

E) өмірлік

 

193. Тұрақты табиғатты пайдалану құқығы мына негіздерде тоқтатылуы мүмкін-

А) табиғатты пайдалану құқығын оқшаулағанда

В) табиғатты пайдалану құқығы берілген мерзімнің өтуі

С) жалдау шартының тоқтауы

D) субжалдау (қосалқы жалдау) шартының тоқтауы

E) уақытша ақысыз пайдалану туралы шарттың тоқтауы

 

194. Экологиялық құқықтың жалпы бөліміне келесідей институтар кіреді-

А) қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалау

В) жерді пайдаланудың және қорғаудың экологиялық –құқықтық режимі(тәртібі)

С) жер қойнауын пайдаланудың және қорғаудың экологиялық-құқықтық режимі(тәртібі)

D) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық- құқықтық режимі (тәртібі)

E) континентальды шельфті пайдаланудың және қорғаудың экологиялық-құқықтық режимі(тәртібі)

 

195. Экологиялық құқықтын ерекше бөліміне келесідей институттар кіреді-

А) жануарлар дүниесін пайдаланудың және қорғаудың экологиялық- құқықтық тәртібі (режимі)

В) экологиялық бақылаудың ұйымдық-құқықтық нысандары

С) лицензиялау және экологиялық сараптама

D) қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігі(механизмі)

E) экологиялық мониторинг

 

196. Экологиялық құқықтын негізгі дерек көздері -

А) ҚР Экологиялық кодексі

В) ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі

С) ҚР Азаматтық кодексі

D) «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң

E) ҚР Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заң күші бар Жарлығы

 

197. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қандай жауаптылық белгіленген?

А) қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, мүліктік

В) қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік

С) қылмыстық, мүліктік

D) қылмыстық, әкімшілік, мүліктік

E) әкімшілік, экологиялық –құқықтық, қылмыстық

 

198. Қандай орган аймақты экологиялық апат деп жариялайды?

А) ҚР Парламенті

В) ҚР Үкіметі

С) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

D) ҚР Президенті

E) Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі

 

199. ҚР экологиялық кодексі қашан қабылданды?

А) 19 қаңтар 2007ж

В) 21 қаңтар 1996 ж

С) 13 мамыр 1995 ж

D) 12 мамыр 1992 ж

E) 23 ақпан 1999 ж

 

200. Арал аймағының экологиялық мәртебесі қандай?

А) Экологиялық апат аймағы

В) Экологиялық сәтті аудан

С) Төтенше экологиялық ахуал аймағы

D) Экологиялық бейтарап аудан

E) Ерекше қорғалатын табиғат аймағы

 

201. Экологиялық мониторинг дегеніміз не?

А) қоршаған ортаның жай-күйiн және оған әсер етудi жүйелi түрде байқау мен бағалау

В) аймақтың табиғи ортасын қорғау бойынша халықаралық келісім

С) табиғи ресурстардың санын бағалау

D) табиғи ресурстардың сапасын бағалау

E) барлық табиғат пайдаланушылардың заңнамаларды сақтайтындығына бақылау жүргізудің жүйесі

 

202. Қандай субъектілер экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады?

А) лауазымды және жеке тұлғалар

В) заңды тұлғалар

С) еңбек ұжымдары

D) мемлекеттік органдар

E) халықаралық ұйымдар

 

203. Табиғи ресурстар кадастры дегеніміз не?

А) табиғи ресурстардың сандың және сапалық көрсеткiштерi туралы ақпараттық жүйелендiрiлген жиынтығы

В) экологиялық заңның түрі

С) табиғи ресурстарды пайдалану құқығын растайтын құжат

D) табиғатты пайдаланғандығы үшін белгіленетін салық бағамы

E) экологиялық бақылаудың түрі

 

204. Мониторингтiқ арнайы түрлерiне жатпайды

А) өсiмдiктер дүниесiнiң мониторингi

В) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2025 год. (0.058 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>