Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мен бүгін сағат 9.00 бастап оқу тәжірибесін өткізу барысымен Алматы қаласы Медеу ауданының АПБ Тергеу бөліміне барып жұмыс тәртібімен



 

03.09.2012.

 

Мен бүгін сағат 9.00 бастап оқу тәжірибесін өткізу барысымен Алматы қаласы Медеу ауданының АПБ Тергеу бөліміне барып жұмыс тәртібімен таныстым. Менің жетекшім тергеуші полиция Өркеев Жандос. Мен 175 бап 2 бөлім А тармағы бойынша қозғалған қылмыстық ісімен Алматы қаласы думан ықшам ауданы 15 үй 31 пәтерде ұрлық бойынша оқиға болған жерге барып тексеріп, нақтылау жүргізіп, хаттама толтырдық. Сезікті Нұрбеков Азамат Қайсарұлы 10.12.1975 жылы туылған, өзінің істеген қылмысын куәлердің қатысуымен заңсыз пәтерге кіріп, үстелдің үстіндегі қобдишаның ішінен алтындарды, 150.000 тенге ақшаны алған іс әрекетін көрсетті. Оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыскердің істеген іс әрекеті «Саnon» фотоапаратына бірнеше сурет түсірілді. Сосын мен Медеу ауданы АПБ –на келіп, куәгерлерді хаттамамен таныстырып, айқақтардан жауап алдым. Сағат 18.00 шамасында үйге қайттым.

 

04.09.2011.

 

Мен бүгін сағат 9.00 бастап оқу тәжірибесіне барып, Тергеу бөлімінде құжаттармен жұмыс істедім. Қылмыстық іс Алматы қаласы Сүйінбай даңғылында орналасқан «Қазақтелекомның» кабелін ұрлауға байланысты. Сағат 13.20 - дан бастап осы қылмыс бойынша куәлерден жауап алуға қатыстым. Содан кейін мен тергеуші Өркеев Жандоспен бірге қайтыс болған азамат Бекболат Дастан Таймұратовтың 30.04.1950 ж.т. терісін сарапшыларға сараптама жасау үшін тапсыруға мәйітханаға бардым.Сағат 18.00 шамасында үйге қайттым.

 

05.09.2011 жыл

 

Мен бүгін сағат 9.00 бастап Алматы қаласы Медеу АПБ-нің Тергеу бөлімінде Сүйінбай даңғылында болған кабель ұрлығы бойынша зат алу хаттамасын, қаулыларды, куәден жауап алу хаттамасын, баянатты орыс тілінен қазақ тіліне аудардым. Сағат 11.30 - дан бастап тергеуші мен бірге 11751503110923 санды полиция капитаны Алипов Айбар қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасының ҚК –ң 257 бабының 3- бөлігі, 179 бабының 1 бөлігімен айыпталған Қоқымбаев Ринат Бекенұлын 1988 ж.т. және ҚР –ң ҚК –ң 257 бабының 3 бөлігімен айыпталғандар Искаков Дастан Мырзабекұлы 1987 ж.т. Искаков Данияр Мырзабекұлы 1991 ж.т. Ілиясов Азат Нұрланбекұлы 1992 ж.т. айыптау қорытындысымен таныстырдым. Осы аталған тұлғалар 04.11.2011 жылы сағат 02.45 шамасында Алматы қаласы Райымбек даңғылы бойында орналасқан «Амара» кафесінің тұсында тұрып, көше бойында кетіп бара жатқан М.Мырзандаев, Е.Жакупов, Б.Тулеубаева және Г.Сакбековані көріп, оларға қарсы бұзақылық жасауға өзара сөз байласып топ құрады. Осы ойларын жүзеге асыру мақсатында А.Ілиясов Г.Сакбекованы себепсіз итеріп, жігіттер арасында төбелес болып, соққы беру мақсатында Искаков Дастан қарсылық көрсеткен Е.Жакуповқа қарай қолдарындағы пышақтарын сермеп, аяғына пышақпен жарақат тигізеді. Соның салдарынан М.Мырзандаев жедел жәрдеммен ауруханаға алып кеті. Ал ұсталған азаматтарды тергеу іс әрекеттерін жүргізуге Әуезов ауданы ІІБ – на жеткізіледі. Сағат 18.15 шамасында үйге қайттым.



 

07.09.2011.

 

Бүгін сағат 9.30 - дан бастап ұрланған кабельдің шығынын есептеп болып, тергеушімен бірге ұрланған кабелді алу хаттамасын толтыра отырып, «Қазақтелеком» компаниясына тапсырдық. Сағат 15.00 - 17.35 - ке дейін бірге осы іс бойынша айыпталушы М.Ж.Ашербеков пен «Қазақтелеком» компаниясының заңды өкілі А.А.Вихерттің арасында беттестіру хаттамасын жүргіздік. Тергеуші полиция мен бірге № 12 ауруханаға полиция капитаны Алипов Айбар 05.10.2011 жылы 11751503110923 санды қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасының ҚК –ң 257 бабының 3- бөлігі, 179 бабының 1 қозғалған қылмыстық іс бойынша жәбірленуші М.Мырзандаевтан жауап алуға бардым. Сағат 17.35 шамасында ауруханадан келіп, жәбірленушінің берген жауабын қылмыстық іске қостым. Үйге сағат 18.15 шамасында қайттым.

 

 

08.09.2011.

 

Алматы қаласы Әуезов ауданының Ішкі Істер Басқармасының Тергеу бөлімінде оқу тәжірибесін сағат 9.00 бастадым. Бүгін тергеуші Алипов Айбар бірге капитаны Қазақтелекомдағы кабель ұрлығы бойынша қылмыстық істі бітіріп, сағат 16.20 шамасында санкция толтырып, қылмыстық істі прокуратураға тапсыруға дайындадық. Содан кейін сағат 17.35 шамасында 30.08.2011 жылы сағат 09.35 тен 20.15 аралығында Алматы қаласы, Бөкейханов көшесі 45 үйге заңсыз кіріп, азамат Б.М.Арғынбаевтың жеке мүлкін тонау бойынша ҚР –ң ҚІЖК –ң 175 бап 2 бөлік А тармағы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпкер Боранбаев Б.Д – дан айыпкер ретінде жаңадан қылмыс жасады деп айып тағу хаттамасына қатыстым. Бүгін мен үйге сағат 19.55 шамасында қайттым. Бүгінгі күні осылай өтті.

 

10.10.2011.

 

Бүгін сағат 9.30 - дан бастап тергеушімен бірге Қазақтелекомдағы кабель ұрлығы бойынша қылмыстық істі, санкцияны прокуратураға тапсырдық. Сағат 14.55 бастап кабельді жасырын ұрлаған азамат Н.А.Иманбаев және оның қасындағы досы азамат А.М.Қонысбеков - тен жауап алу үшін түрмеге бардық. Содан кейін қылмыс жасаған азамат Н.А. Иманбаев мен А.М.Қонысбеков және азамат Ж.К. Мақанбековтың алдын ала жоспарлап ЖШС «Уаттан» 2011 жылы 24 наурыз күні түнгі сағат 21.40 шамасында Газель автокөлігімен бірге сыбайласып, аталған фирмадан көп мөлшерде кабель ұрлап, 25 наурыз таңертең сағат 07.00 шамасында ешкім байқамау үшін Алматы қаласында көліктер қозғалысын бастаған кезде, қалың елдің арасын пайдаланып, еш бір бөгетсіз автокөлікті аталған фирмадан шығарғанын тергеу барысында білдік. Түрмеден сағат 19.00 шамасында шықтық. Содан соң мен үйге қайттым.

 

09.09.2011.

Бүгін мен сағат 9.30 - да оқу тәжірибесі өтіп жатқан мекемеге, яғни Әуезов ауданы Ішкі істер Басқармасының Тергеу бөліміне бардым. Бүгін мен тергеушінің тапсырмасы бойынша Абай көшесінде орналасқан адвакатураға бардым. Адвакатураға барған себебім № 4675 нөмерлі айыпкер Н.А. Иманбаев мен А.М.Қонысбековтің ордердін алуға бардым. Сағат 14.00 шамасында адвакатурадан келіп, әкелген құжаттарды тергеушінің нұсқамасы бойынша қылмыстық іске қостым. Бүгін мен кезекші тергеуші Алипов Айбар бірге жедел уәкілдің тапсырысымен тонау бойынша выездга бардым. Біз Алматы қаласы Ақсай 2 ықшам ауданы Бродский көшесі 87 үйге келдік, бізге азаматша А.Т.Ералиева арызданды, оның айту бойынша кәмелетке толмаған қызы 1997 ж.т Б.Серікқызың көшеде 30-34 аралығындағы азиат типті бейтаныс кісі пышақпен қорқыту арқылы бағасы 40000 тг. тұратын Нокия Х 2 ұялы телефонын және 500тенгесін ұрлап кеткен. Айналаны тексеру барысында 30-34 аралығындағы азиат типті азамат М.Ж.Сагынбеков ұсталды. Куәлердің қатысуымен азамат М.Ж.Сагынбековтің жеке басын тінту барысында жоғарыда аталған ұрланған заттар табылды. Азамат М.Ж.Сагынбековке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сағат 17.15 шамасында тергеу бөліміндегі жұмыстарды бітіп, үйге қайттым.

 

12.09.2011.

 

Бүгін сағат 9.30 шамасынан бастап жұмысқа кірістім. Бүгін Тергеу бөліміне азаматша А.Т.Кунилова келіп, дүкенінде 11.10.2011 жылы ұрлық болғанын баяндап, арыз жазды. Содан кейін А.Т.Кунилованың арызы бойынша сағат 14.40 - та тергеуші полиция аға лейтенанты Жангазин Жандоспен бірге Алматы қаласы Солтүстік айналым мен Жандосов көшелерінің қиылысында орналасқан «Нұрай» дүкеніне барып, оқиға болған жерді тексеру хаттамасын толтырдық. Оқиға болған жерді тексеру барысында дүкеннің қоршаумен қорғалған тересезі сынғаны көрініп тұр, дүкеннің ішінен қылмыскер тек ақшаны ғана емес сонымен қатар қымбат PANASONIK маркалы теледидарды да ұрлаған. Маман Квон Полина сынған терезеден саусақ іздерін алды. Сағат 16.05 шамаларында тергеушімен бірге осы іс бойынша Қазақстан Республикасының ҚІЖК – ң 175 бабы 3 тармағымен қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарып, қылмыстық істі Жангазин Ж. қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдады. Тергеу бөлімінде бүгінгі күнім осылай өтті. Сағат 17.20 шамасында үйге қайттым.

 

13.09.2011.

 

13 қазан күні сағат 9.00 бастап Тергеу бөліміндегі жұмысты бастадым. Сағат 13.45-ке дейін 30.08.2011. жылы ҚР –ң ҚІЖК –ң 120 бап 2 тармағы бойынша қозғалған Жапон елінің азаматшасы Канамару Асуканы азиат типті 6 жігіт зорлағауы бойынша қылмыстық іс құжаттармен жұмыс істедім. Сағат 15.00 -ке дейін түскі үзіліс болды. Түскі үзілістен келген соң құжаттармен жұмыс істеуді жалғастырып, осы іс бойынша ұсталған азамат Бекенов Азамат Сакенұлы 1973 ж.т, Ардақұлы Саят 1985 ж.т, және тергеу барысында жеке басы әлі анықталмаған «Ерлан» есімді азаматтардан Тергеуші Алипов А. жауап алу хаттамасына қатыстым. Олар істеген қылмыстарын жартылай мойындады. Жауап алу сағат 15.20- дан бастап 16.30 – ға дейін созылды. Содан соң сағат 17.10. шамасында тергеушімен бірге Алматы қаласы Жұбанов көшесінде орналасқан «Есірткі заттарды жою» мекемесіне барып, есірткі заттарды айғақ зат ретінде қарасытыру кезінде куәгер ретінде қатыстым.

 

14.09.2011.

Бүгін жұмысқа 10.00 шамасында бардым. Мереке күндерінде жиналып қалған қылмыстық істерді жинадым. Cағат 15.20 -дан бастап тергеуші полиция Алипов А: кезекшілікте болды. Осы уақыт аралығында жедел кезекшіден хабар түсіп қылмыс болған жерге бардық. Мен полиция қызметкерлерімен бірге Алматы қаласы Розабакиева көшесінде орналасқан «Керемет» кафесіне келдік. Ол жерде азамат Р.Б.Сабыржанов пен Т.Т.Жүнісбеков екеуі аталған кафеде сыра ішіп отырып, екеуі де қатты мас болып, азамат Т.Т.Жүнісбеков оларға қарама – қарсы отырған Раимов Аянның басына сыра құйылған кружкасымен ұрады, нәтижесінде А.Д.Раимов құлап қалады. Осының аралығында кафе әкімшілігі полиция қызметкерлеріне хабарлайды. Осы іс бойынша оқиға болған жерде тергеуші Кунчаев Қанат баянат жазады.. Кешкі сағат 20.00 үйге қайттым.

 

 

15.09.2011.

 

Бүгін Әуезов ауданының Ішкі Істер Басқармасына сағат 10.05 шамасында болдым. Кешегі қылмыс бойынша айыпталушы Т.Т.Жүнісбеков пен жәбірленушінің Раимов Аянның әйелі Раимова Карлығаштың арасында аудармашы болдым. Осы қылмыс бойынша материал жинадым. Сағат 14.35 шамасында беттестіру хаттамасы кезінде қатыстым. Содан кейін сағат 15.40 – та тергеушімен бірге Сайын көшесінің бойында орналасқан бейіттердің ішінде жасалынған қылмысы үшін азамат Ибраимов. А.Б – ның өз еркімен қылмыс жасалған жерді көрсету барысына қатыстым. Содан соң сағат 17.10 шамасында өзіне қол жұмсап қайтыс болған Алпаров Беглан Мұратұлын мәйітханаға апардық. Сағат 18.20 шамасында тергеушімен бірге Әуезов аудандық сотына бардым Мен үйге 18.00 шамаларында қайттым.

 

 

16.09.2011.

 

Бүгін мен практикаға сағат 10.00 келдім. Тергеушінің қозғаған ісі бойынша құжаттарды орыс тілінен қазақ тіліне аудардым. Сағат 12.40 шамасында Ақсай-2 ықшам ауданынан арыз түсіп, кезекші тергеушімен бірге оқиға болған жерге бардық. Ақсай - 2 ықшам ауданы № 41 үйдің жанынан кетіп бара жатқан азаматша Замирина Ирина Александровнаға бейтаныс жігіт артынан келіп пышапен қорқытып, тонап зорлағысы келген. Замарина И.А. әмиянын, оның ішінде Нокия –Х 3 маркалы ұялы телефонын және 3000тенге ақшасын қорыққаннан берген. Ал бейтаныс жігіт азаматша И.А.Замарина - ның сол қолын пышақпен кесіп кеткен. Айналаны аралау барысында біз қашып кеткісі келген бейтаныс жігітті ұстадық. Ол полиция қызметкерлерін көріп, пышақ пен әмиянды лақтырып жіберді. Азаматша И.А.Замарина – ны жедел жәрдеммен ауруханаға апардық. Ал тонағысы келген жеке басы анықталмаған жігітке қарсы қылмыстық іс қозғалды. Сағат 20.05 шамасында үйге қайттым.

 

19.09. 2011.

Мен таңғы сағат 9.30 шамасында жұмысқа бардым. Сағат 10.05 шамасында Алпаров Беглан Мұратұлының сараптама қорытындысын алу үшін мәйітханаға бардым. Мәйітханаға кіріп өлген адамдардың денесін көрдім. Сараптаманы алып Әуезов ауданы Ішкі Істер Басқармасының Тергеу бөліміне сағат 15.00 шамасында келдім. Содан кейін мен тергеушімен бірге Лобачевский көшесінде ұрлық жасалған жерге барып түсініктеме алдым. Лобачевски 32 үйге барып жәбірленуші Илинов Александр Андреевичтен 1334 ж.т. жоғалған заттардың толық соммасы білу үшін бардық. Азамат Илинов Александр Андреевич жоғалған заттарды, яғни 480 мың тенге тұратын телидидар, ақша 140 тенге, және алтын бұйымдары. Ал толық соммасы 620 мың теңге болатынын көрсетті. Мен үйге 18.00 де қайтым.

 

 

20.09.2011.

 

Бүгін мен сағат 10.20 - да жұмыс орнына келдім. Тергеушінің тапсырмасы бойынша Құлжанов ісімен айналыстым. Құлжанов О.Б. бұрын жұмыс істеген Уатт фирмасын жасырын тонағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сағат 14.00 шамасында «Уатт» фирмасына келтірілген залал мөлшерін білу үшін аталған фирманың бухгалтеріне барып, анықтама алдым. Алған анықтаманы қылмыстық іске тіктік. Түскі үзіліске сағат 15.20 шамасында бардық. Түскі үзілістен келіп құжаттармен жұмыс істедім. Жұмыстарды аяқтап болған соң кешке үйге қайттым.

 

 

21.09.2011.

 

Бүгін сағат 11.10 шамасында тергеу бөліміне оқу тәжірибесіне бардым. Тергеуші Алипов А. бірге № 12 ауруханаға бардық. Ауханаға жәбірленуші Баймұратова Зарина Сағиқызынан жауап алу үшін бардық. Бірақ жәбірленуші Баймұратова Зарина Сағиқызын ауруханадан таппай, Алматы қаласы Әуезов ауданына Очинская көшесі 47 үйіне бардық. Сағат 15.00 шамасында Тергеу бөліміне келдік. Айыпкер Құлжанов Омарәлі Бекмұхамедұлынан жауап алу хаттамасына қатыстым. Тергеушімен бірге қылмыстық істер бойынша криминалистикалық, биологиялық, сот-медициналық және дактилоскопиялық экспертизаларын тағайындауға бардым. Сағат 17.40 шамасында тергеуші Биримтаев Еркінмен бірге тоқтатылған істерді өткізу үшін прокуратураға бардым. Мен бүгін сағат 18.45 –те үйге қайттым.

 

22.09.2011.

 

Бүгін сағат 10.00 практикаға келдім. Тергеу бөліміне арызданушы азамат Қазыбеков Бексұлтан Раушанұлы оны бейтаныс з жігіт ұрып соғып, 22.500 теңге шамасындағы ақшасын алып кеткеніне шағымданып, қылмыскерлерді табуды өтінді. Сағат 12.45 шамасында жәбірленушіден жауап алуға қатыстым. Сағат 14.50 шамасында № 11751503110181 қылмыстық ісін бітіріп санкция толтырдым. Содан кейін мен тергеушімен бірге Саметханова Мөлдірдің қылмыстық іс қозғау қаулысын толтырдым. Бүгін мен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту қаулысын оқып шықтым. Қылмыстық істен бас тарту қаулыны өзімнің жетекшіммен бірге шығардым және жетекшім маған барлығын түсіндіріп отырды.

Бүгінгі күнім осылай өтті.

 

23.09.2011.

 

Бүгін мен жұмысқа сағат ондар шамасында бардым. Тергеу бөліміндегі құжаттармен сағат 14.55 ке дейін жұмыс істедім. Түскі үзілістен кейін мен тергеуші Алипов А. тапсырмасы бойынша қылмыстық іске байланысты арызданушы азаматтарға телефон арқылы хабарласып, қол қою үшін Жетісу Ішкі Істер Басқармасына келіп кетуін өтіндім. Кейін санкция толтырып, құжаттардың көшірмесін жасадым. Содан кейін мен тергеушімен бірге Луценконың сот сараптамасының қорытындысын алуға медициналық сараптама орталығына бардық. Содан кейін Алматы қаласы Татарский көшесінде тұратын Луценконың көршілерінен түсініктеме алуға бардым. Мен үйге 18 00 де қайтым.

 

 

26.09.2011.

 

Бүгін мен сағат 9.30 - да оқу тәжірибесі өтіп жатқан мекемеге, яғни Әуезов ауданы Ішкі істер басқармасының Тергеу бөліміне бардым. Бүгін мен тергеушінің тапсырмасы бойынша Сайын көшесінде орналасқан Луценконы қамауға алу туралы ордер алу үшін адвокатураға бардым. Адвокатураға барған себебім № 4675 нөмерлі ордерді алуға бардым. Сағат 14.00 шамасында адвокатурадан келіп, әкелген құжаттарды тергеушінің нұсқамасы бойынша қылмыстық іске қостым. Жәбірленуші Хамитова Айдана мен сезіктіні М.Луценконың арасында өткізілген беттестіру хаттамасына қатыстым. Беттестіру хаттама нәтижесәнде М.Луценко өзінің қылмысын толықтай мойындамайтынын айтып көрсетті. 19.35 шамасында тергеу бөліміндегі жұмыстарды бітіп, үйге қайттым.

 

 

27.09.2011.

 

Бүгін мен практикаға сағат 11.20 шамасында барғанда, тергеуші полиция аға лейтенанты Жангазин Ж. азамат Қонысбаевты ұстау кезінде куәгер болатынымды айтты. Сөйтіп сағат 12.15 шамасында біз Полежаева көшесінен шығып келе жатқан азамат Р.М.Қонысбаевты ұстадық. Тексеру барысында меннен басқа тағы бір куәгер болды. Тексерместен алдын тергеуші қолында ештеңе жоқ екенін көрсетті. Сөйтіп полиция қызметкерлері Р.М.Қонысбаевтың сымының оң артқы қалтасынан қара полиэтиленді пакетке оралған наша тапты. Содан кейін ары қарау анықтау үшін азамат Р.М.Қонысбаевты Алматы қаласы Әуезов ауданының Ішкі Істер Басқармасына жеткіздік. Тергеу бөліміне келген соң мен Р.М.Қонсбековтың ісі бойынша құжат толтырдым. Осы іс бойынша ҚР ҚІЖК - ң 253 бап 1тармағы бойынша қылмыстық іс қозғадық.

 

 

28.09.2011.

 

Әуезов ауданы Ішкі Істер Басқармасына сағат 10.05 шамасында бардым. Құжаттармен жұмыс істедім. Содан кейін тергеушімен бірге мәйітханаға сот сараптамасын алуға бардым. Мәйітханадан 15.15 шамасында шығып Жетісу ауданының қалалық сотына бардық. Соттан сағат 17.00 - де келіп құжатпен жұмыс істедім. Соттан келген соң кәмелетке толмаған азамат Саттанов Маулен Манайұлы азамат Ашурбеков Акимді пышақпен қорқытып, киімін, ұялы телефонын және әмиянындағы ақшаны тартып алғаны үшін ұсталған. Мен тергеушімен және кәмелетке толмаған Саттанов Маулен Манайұлының заңды өкілі қатыса отырып айыпкерден жауап алдық. Бүгінгі күнім осылай өтті.

 

29.09.2011.

 

Бүгінгі күн сағат 9.00 бастап тергеу бөліміндегі жұмысты бастадым. Сағат 13.45-ке дейін құжаттармен жұмыс істедім. Сағат 15.00 -ке дейін түскі үзіліс болды. Түскі үзілістен келген соң құжаттармен жұмыс істеуді жалғастырып, шағым түсірген адамдардың түсініктемелері мен арыз шағымдарын жинадым. Сағат 16.20 –ға дейін Қазақстан Республикасының 132 – бабы бойынша қамауда ұстау хаттамасын толмыруына қатыстым. Одан кейін, тергеушінің басшылығымен жедел өкіл құрамында Жетісу ауданды Сайын көшесіне оқиға болған жерге барып келесі мән – жайларды білдік: Азамат Ермекұлы Бауыржан өзінің жан ұясымен бірге 2009 жылдың қараша айынан бері жұмыс барысына байланысты Алматы қаласына келген. Тұрғын үйге ақша жинау үшін Ключкова көшесінде орналасқан азық түлік дүкенін тонап полиция қызметкерлнріне оқиға болған жерде ұсталды. Бүгін мен үйге 19.30 шамасында қайттым.

 

 

30.09.2011.

 

Бүгін жұмысқа сағат 10.00 - де бардым. Сағат 11.45 шамасында тергеуші полиция аға лейтенанты Жангазин Ж. мен бірге наркалогия бөліміне бардым. Ол жерге мен куә ретінде бардым. Наркалогия бөлімінде біз нашаны соттық тапсырмасы бойынша өлшетіп алдық. Содан кейін Солтүстік айналым көшесіне оқиға болған жерге барып, хаттаманы қалай толтыру кереек екендігін үйрендім. Сағат 16.50 шамасында зорлау бойынша сезіктіден жауап алу хаттамасына қатыстым. Бүгін жұмыстан сағат 19.45 шамасында шықтым.

 

 

02.11.2011.

 

Бүгін сағат 9.00 бастап оқу тәжірибесіне барып, тергеуші азамат Турешов Еркебұлан Исагужайұлына айып тағу туралы қаулысына қатыстым. Азамат Турешов Е.И. ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, қоймаға заңсыз кіріп, ірі мөлшерде ұрлау, яғни Москвин 23 кошесінде орналасқан " Проект Телефон Строй Қазақстан " ЖШС - на залал келтіргені үшін, Қазақстан Республикасының ҚК - нің 175 - бабының 3 бөлімінің б тармағында көрсетілген қылмысты жасаған деп танылды. Қылмыскер өз қателігін түсініп, мойындады. Бүгінгі күнім осылай өтті.

 

 

03.11.2011.

 

Бүгін мен сағат 9.30 - да оқу тәжірибесі өтіп жатқан мекемеге, яғни Жетісу ауданы Ішкі істер басқармасының Тергеу бөліміне бардым. Айыпкер Турешов Е.И - дан қосымша жауап алуына қатыстым. Сағат 12.55 шамасында тергеуші бірге аудандық п Құлмағамбетов Сырым рокуратураға барып, қылм ыстық іс қозғаудан бас тартылған материалдарды және басқа құжаттарды апарып өткіздік. Прокуратурада мен санкцияны қалай тапсыру керектігін үйрендім. Бүгін жұмыстан сағат 19.45 шамасында шықтым.

 

04.11.2011.

 

Алматы қаласы Жетісу ауданының Ішкі Істер Басқармасының Тергеу бөлімінде оқу тәжірибесін сағат 12.40 бастадым. Бүгін тергеуші Құлмағамбетов Сырым Бақытұлымен бірге Қазақтелекомдағы кабель ұрлығы бойынша қылмыстық істі бітіріп, сағат 15.34 шамасында санкция толтырып, қылмыстық істі прокуратураға тапсыруға дайындадық. Содан кейін сағат 17.30 шамасында кәмелет жасқа толмаған азамат С.Қ.Ережеповтың ісі бойынша қылмыстық істерді қарап, заңды өкілінің қатысуымен азамат С.Қ Ережепов - тан жауап алдық. Тергеуші мен бірге аудандық соттарына үкімнің көшірмесін алуға және псих, нарко диспанцерлеріне, мекен-жай бюросына тағы да басқа мекемелерге қылмстық іс бойынша жолдама жолдауға бардым. Сағат 20.00 шамасында айналаны қылмыскерлерден тазалап болып, үйге қайттым.

 

 

07.11.2011.

 

7 қараша күні Жетісу ауданы ішкі істер басқармасына сағат 10.05 шамасында бардым. Тергеушімен бірге ұрланған кабелді алу хаттамасын толтырдым, содан кейін сағат 14.25 шамасында түскі үзіліске шықтық. Түскі үзілістен келген соң құжаттармен жұмыс істеуді жалғастырып, шағым түсірген адамдардың түсініктемелері мен арыз шағымдарын жинадым. Шағымданған адамдарға қоңырау шалып Алматы қаласы Жетісу ауданы ішкі істер басқармасына қол қою үшін шақырттым. Тергеуші Қасқаев Талғат Бақытұлымен мен бірге аудандық соттарына үкімнің көшірмесін алуға және псих, наркологиялық диспанцерлеріне, мекен-жай бюросына тағы да басқа мекемелерге қылмстық іс бойынша жолдама жолдауға бардым.

Тергеу бөліміндегі күнім оыслай өтті.

 

 

08.11.2011.

 

Мен таңғы сағат 9.35 - те жұмысқа келдім. Тергеуші полиция майоры Құлмағамбетов Сырым тапсырысы бойынша Қылмыстық істерді орыс тілінен қазақ тіліне аудардым, санкцияға дайындалып прокуратураға жіберетін керекті құжаттардың көшірмесін жасаттым. Содан кейін сағат 12.56 шамасында тергеу бөліміне Қытайдан көшіп келген азаматша өзінің үй құжаттарын жоғалтып алуына байланысты мен ол кісіден түсініктеме, арыз алдым. Сағат 14.35 шамасында беттестіру хаттамасы кезінде қатыстым. 17.45 – те Алматы қаласы Жетісу ауданының № 3 сот бөлімшесіне бардым.

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 75 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Казанский Национальный Исследовательский | Отчет о походе Мармарош-Черногоры

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)