Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Қазіргі ұғымда энергетика (немесе энергетикалық шаруашылық) дегеніміз – барлық энергия түрлері мен энергетикалық қорларды өндіру,



КІРІСПЕ

 

Қазіргі ұғымда энергетика (немесе энергетикалық шаруашылық) дегеніміз – барлық энергия түрлері мен энергетикалық қорларды өндіру, жақсарту, өңдеу, түрлендіру, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану. Электрлік энергетика энергияның ең әмбебап түрі болып табылады. Ол салыстырмалы қарапайым және үнемді, басқа энергия түрлері – жылу, механикалық, жарық және т.б энергияға түрленеді. Электр желісі дегеніміз, белгілі бір аумақта жұмыс істейтін қосалқы станциялардан, тарату құрылғыларынан, ток өткізгіштерден, әуе және кабель желілерінен тұратын электр энергиясын беру және тарату қондырғыларының жиынтығы.

Электр желісінің конфигурациясы географиялық шарттарға, жүктеменің таралуына және энергия қорларының жайластырылуына сәйкес дамиды. Осы шарттардың көп түрлілігі мен ұқсамайтындығы, әр түрлі қасиеттері мен технико –экономикалық көрсеткіштері бар желінің әр түрлі сұлбалары мен конфигурациясының көп мөлшеріне әкеледі. Оңтайлы шешім нұсқаларды технико–экономикалық салыстыру жолымен ғана табылуы мүмкін.

Электрлік желілер көрсеткіштер қатары бойынша жіктеледі, олардың негізгілері келесілер: конструктивті жасалуы, ток тегі, тұтынушылар сипаты, номинал кернеу, жалғау сұлбасы.

Конструктивті жасалуы сымдар бойынша әуелік, кабельдік және ішкі сымдар деп бөлінеді.

Ток тегі бойынша айнымалы және тұрақты ток желілері деп бөлінеді.

Тұтынушылар сипаты бойынша және олар өтетін аумақтың белгіленуіне байланысты мынандай болады: қалалық желілер, өнеркәсіптік кәсіпорын желілері, ауылдық желілер, электрлік жүйе желілері немесе аудандық – ірі аудан немесе облыс аумағында. Одан басқа келесі ұғымдар болады: тарату желілері, қоректендіру желілері, энергетикалық жүйенің негізгі желісі.

Әрбір желі, электротехникалық жабдық элементтері есептелетін номиналды кернеумен сипатталады. Қазақстанда, келесі номиналды кернеу мектебі негізінен қабылданған және әрекет етеді: 0,4 – 6-10-35-110-220-500-1150 кВ.

Желі сұлбасы, тұтынушылар жүктемесінің өзгеруі, сондай-ақ желінің жеке элементтерін апаттық ажырату нәтижесінде пайда болатын қуаттың таралу режимдеріне бейімделген ыңғайлы болуы тиіс.




Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 65 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Я, как специалист, хочу разъяснить вам основные данные, представленные в таблице. | Система основных терминов и понятий теории и практики текстологии.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)