Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ислам ақидасы бойынша 200 сұрақ



Ислам ақидасы бойынша 200 сұрақ

 

Сұрақтар мен жауаптар

1-сұрақ:

Аллаһ Тағала құлдарының ең бірінші міндеті не?

Жауабы:

Аллаһ Тағала құлдарының ең алғашқы міндеті – Раббыларының олардан уәде алғанын, оларға не үшін Өзінің елшілерін жібергенін, не үшін оларға Өз Кітабын түсіргенін, не үшін бұл дүниені, Ахыретті, жәннәт пен тозақты жаратқанын және не үшін Қиямет күні (әл-Хаққа 1) келетінін, Қиямет күні келуінің сөзсіз екендігін, таразылар құрылатынын, амалдар жазылған кітаптар жан-жаққа таратылатынын, біреулердің – бақытты, ал енді біреулердің бақытсыз болатынын, сондай-ақ, не үшін нұр таратылатынын білу. Нұрға байланысты Аллаһ Тағала қасиетті Құран Кәрімде былай дейді:

«Аллаһ нұрлы етпеген біреудің нұры болмайды». (Нур,40)

1 Әл-Хаққа – қиямет күнінің атауларының бірі.

2-сұрақ:

Бүкіл әлем не үшін жаратылды?

Жауабы:

Аллаһ Тағала былай дейді:

«Көктерді де, жерді де әрі екі арасындағы нәрселерді де ермек үшін жаратпадық. Екеуін ақиқат бойынша жараттық 2. Бірақ олардың көбі білмейді 3 ». (Духан, 38-39)

2 Яғни, тек Аллаһ Тағала ғана бәрін Жаратушы және Оған ғана табыну керек деген ақиқатты орнықтыру үшін (жаратты).

3 Көпқұдайшылдар туралы сөз болуда.

«Көк пен жерді әрі екі арасындағыларды босқа жаратпадық. Ол қарсы келгендердің ойы». (Сад, 27)

«Негізінде Аллаһ (Тағала) көктерді әрі жерді шындық бойынша жаратты 4. Әркімге қылығының бодауы беріледі. Сондай-ақ олар әділетсіздікке ұшырамайды». (Жәсия, 22)

4 Мұндағы «шындық бойынша» деген сөз бүкіл әлем ақиқатты айқындау үшін жаратылған дегенді білдіреді. Ал ол ақиқаттың мәнісі барлық жаратылғанның Жаратушыға табынуы мен әр адамның өз Жаратушысына қалай табынғанына байланысты әділетті түрде құрмет немесе жазасын алуы.

«Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым». (Зәрият, 56)

3-сұрақ:

«Құл» (абд) сөзінің мағынасы не?



Жауабы:

Егер «құл» сөзін құлдыққа түскен, бағынышты және бас июші деп түсінсек, онда «құл» сөзін жоғарғы және төменгі әлемдегі, мейлі саналы немесе санасыз, кебу немесе дымқыл, қозғалыстағы немесе тыныш халдегі, белгілі немесе жасырын, діншіл немесе дінсіз, иманды немесе имансыз, тағы басқа барлық жан-заттарға қатысты қолдануға болады.

Мұның барлығы Аллаһ Тағаланың иелігінде. Оған бағынышты, Оған бойсұнушы және Оның басқаруында, сондай-ақ жоғарыда аталғандардың барлығы Оның айтқанымен жүреді, бәрінің жететін шегі бар және қас-қағым сәтке де ұзарта алмайтын өз мезгілдері бар.

«Міне, Аса Үстем, әрнәрсені Білуші Аллаһтың өлшеуі». (Ясин,38)

Әділ, Дана Зат тарапынан басқарылудың нәтижесі міне, осындай!

Егер де «абд» (құл) сөзін Аллаһ Тағаланы сүюші, құлшылық етуші, бойсұнушы (абид) мағынасында түсінсек, онда бұл сөз тақуалығымен Оған жақын болған, Ол құрметтеген, Аллаһ Тағаланың:

«...Оларға қорқу да жоқ әрі олар қайғырмайды» (Мәида, 69), деген құлдарына қатысты болады.

4-сұрақ:

Ғибадат деген не? Қандай амал қай кезде ғибадатқа айналады?

Жауабы:

Ғибадат дегеніміз – Аллаһ Тағала ұнатып, разы болатын әшкере және құпия сөздер мен істерді орындау әрі бұған қарама-қарсы келетін барлық сөздер мен істерге қатысы болмау.

Ғибадатта екі нәрсе: махаббат пен бойсұну бар. Кемеліне жетсе ғана амалымыз ғибадатқа айналады.

Аллаһ Тағала былай дейді:

«Және сондай иман келтіргендер Аллаһты аса артық сүйеді». (Бақара,165)

«...ал олар Раббыларынан қорыққандықтарынан жалбарынады». (Муминун, 57)

Және де Аллаһ Тағала осы бірінші мен екіншіні біріктіріп былай деді:

«Өйткені бұлар жақсылықтарға ұмтылады. Бізден үміт пен қорқу 5 арасында тілейді де Бізге бәйек болады». (Әнбия, 90)

5 Бұл жерде Аллаһ Тағаладан сыйлық алу және Оның жазалауынан қорқу туралы сөз болуда.

5-сұрақ:

Не нәрсе Аса Құдіретті, Ұлы Аллаһқа құлдың сүйіспеншілігінің белгісі бола алады?

Жауабы:

Құлдың Аллаһ Тағалаға сүйіспеншілігінің белгісі – Аллаһ Тағаланың ұнатқан нәрсесін ұнату, Аллаһ Тағаланың ашуын келтіретін нәрсені жеккөру. Сондай-ақ, Аллаһ Тағаланың бұйрығын орындау, Ол тиым салған нәрселерден аулақ болу, Аллаһ Тағалаға жақын болғандарға достық пейіл білдіру. Міне осы себеппен Аллаһ Тағала үшін дос тұту және Аллаһ Тағала үшін дұшпан болу адамды өз иманымен барлық нәрселерден артық біріктіреді. Бұл туралы Бара ибн Азибтің (р.а.) сөзінен тізбек тартып жазған имам Ахмадтың «Муснадында» Пайғамбарымыздың (с.а.с.):

«Аллаһ үшін жақсы көру және Аллаһ үшін жек көру адамды иманымен бәрінен де берік байлайды»,-деген сөздері келтірілген. (Ахмад, Термизи)

6-сұрақ:

Аллаһ Тағаланың нені ұнатып, нені ұнатпайтынын Аллаһтың құлдары қалай біледі?

Жауабы:

Адамдар бұл туралы Аллаһ Тағаланың оларға Өзі ұнатып риза болатын істерді орындау және Өзі ұнатпаған әрі теріске шығарған істерден тыйылу туралы бұйрығы, Өзі жіберген пайғамбарлары мен түсірген кітаптарынан біледі. Міне, осылайша адамдар Аллаһ Тағаланың даусыз дәлелдері мен теңдесі жоқ даналығын білді. Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай дейді:

«Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік. Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа қарсы сылтауы болмауы үшін». (Ниса, 165)

Және Аллаһ Тағала былай деді:

«(Мұхаммед (с.а.с.)) оларға: «Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Сонда Аллаһ (Тағала) сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Аллаһ Аса Жарылқаушы, Ерекше Мейірімді» де». (Әли Имран, 31)

7-сұрақ:

Ғибадаттың қанша шарты бар?

Жауабы:

Ғибадаттың үш шарты бар:

- Құлшылық жасауға деген шын ынта-ықыластың болуы;

- Ниеттің адалдығы;

- Құлшылықтың қай түрі болса да шариғатқа сай келуі;

Өйткені, Аллаһ Тағала дінді тек шариғатқа сәйкес ұстануды бұйырған. Сонымен құлшылық (ғибадат) тек шын ниет пен шариғатқа тура келуі арқылы ғана қабыл болады екен.

8-сұрақ:

Шын ықылас деген не?

Жауабы:

Бұл жалқаулық пен салғырттықтан бастарту, өз сөзін іспен дәлелдеу үшін күш-қайратын жұмсау дегенді білдіреді.

Аллаһ Тағала былай дейді:

«Ей, мүміндер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар? Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Аллаһтың құзырында зор ашуға себеп болады». (Саф, 2-3)

9-сұрақ:

Ниеттің адалдығы не?

Жауабы:

Құлдың ниетінің адалдығы дегеніміз жасырын яки әшкере істері мен сөздері арқылы Аллаһ Тағаланың ризалығына ұмтылуды мақсат етуі 6. Бұл мәселеге қатысты Құран Кәрімде көптеген аяттар бар. Енді міне осы аяттардың кейбіріне назар аударайық.

6 Басқаша айтқанда, Аллаһ Тағала риза болатын және тек Аллаһ Тағаладан сыйлық күтетін амал жасауға ұмтылу.

Аллаһ Тағала былай деді:

«Оларға нағыз ғибадатты Аллаһқа шынайы ынтамен ханиф 7 түрде орындаулары әмір етілген». (Бәйинә, 5)

7 Ханиф – бірқұдайлық дінінен ешқандай да айнымайтын адам. Ертедегі араб елінде христиандарға да, яһудилерге де қосылмайтын және бұтқа да табынбайтын, тек бір Құдайға ғана сенетін адамдарды осылай атаған.

«Сондай малын сарып етіп тазарған. Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ (біреудің өзіне істегенінің бодауы үшін емес). Тек Ұлы Раббының ризалығын ғана іздейді». (Ләйіл, 18-20)

«Оны жақсы көре тұра, міскіндерге, жетімге және тұтқынға жегізеді 8. Олар: «Шын мәнінде сендерді Аллаһтың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз»,-дейді». (Инсан,8-9)

8 а) Яғни, Аллаһ Тағаланы жақсы көре тұра

ә) Бірақ, бұл жерде адамдардың өздері үнемі аштықтан зардап шеге тұрса да өздері жегісі келсе де, басқаларды тамақтандыру туралы сөз болуы да мүмкін.

«Кім Ахырет пайдасын қаласа 9, оған оның пайдасын арттыра түсеміз. Ал енді кім дүниенің пайдасын іздесе, оған одан береміз. Оған Ахыретте несібе жоқ». (Шура, 20)

9 Бұл жерде Аллаһ Тағаланың сыйлығы туралы сөз болуда.

10-сұрақ:

Аса Жоғары Мәртебелі Аллаһ дінді ұстануда қатаң басшылыққа алуға бұйырған діни заңы (шариғат) деген не?

Жауабы:

Бұл Ибраһимнің (а.с.) бірқұдайшылдық дінін таза күйінде ұстану дегенді білдіреді. Міне, Аллаһ Тағала бізге Өз аяттарын былай баян етеді:

«Аллаһ құзырында шынайы дін – Ислам». (Әли Имран, 19)

«Олар Аллаһтың дінінен басқа дін іздей ме?! Көктердегі және жердегі барлық жан иесі ерікті, еріксіз түрде Аллаһқа бойсұнады». (Әли Имран, 83)

«Өзін білмеген ақылсыздан басқа кім Ибраһимнің жолынан бет бұрады 10 ?!». (Бақара, 130)

10 Бұл жерде ілімге ұмтылмай, өз жағдайы туралы ойланбауымен өзін опат болуға тап қылатын пенде туралы айтылуда.

«Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де Ахыретте зиянға ұшыраушылардан болады». (Әли Имран, 85)

«Немесе дін тұрғысынан Аллаһ бұйырмаған нәрсені оларға шариғат ететін ортақтары 11 бар ма?!». (Шура, 21)

11 Бұл жерде адамдар өздеріне құдай санап, оларға Аллаһ Тағаланың жер жүзіндегі барлық істі басқару қабілетін таңып жүрген біреулері немесе басқаларды дінсіздікке шақырушы адам бейнесіндегі шайтандар туралы сөз болуда.

Бұған дәлел болатын басқа да аяттар бар.

11-сұрақ:

Исламда неше дәреже бар?

Жауабы:

Үш дәреже: Ислам, иман, ихсан. Және бұлардың әрқайсысы бүкіл дінімізге бүтіндей қатысты.

12-сұрақ:

«Ислам» деген не?

Жауабы:

Ислам дініміз Аллаһ Тағаланың бірлігін (таухидті) ұстану жолымен Аллаһ Тағалаға бойсұну, белгілі діни міндеттерді орындау арқылы Оған бойсұнуды айғақтау және көпқұдайшылдықтан аулақ болу. Бұл жөнінде де Құран Кәрімде көптеген аяттар келген. Мұндай аяттардың кейбірін тілге тиек етейік. Аллаһ Тағала былай дейді:

«Діни тұрғыдан жақсылық істеуші болып, жүзін Аллаһқа тапсырғаннан кім жақсы бола алады?». (Ниса, 125)

«Кім өзін Аллаһқа тапсырып мухсин 12 болса, сонда ол расында берік тұтқаны 13 ұстаған болады». (Луқман, 22)

12 «Мухсин» – Аллаһ Тағала көріп тұр деп ғибадат қылушы пенде.

13 «Әл-уруатул-усқа», бұл жерде пендені Аллаһ Тағалаға берік байлайтын сенім, басқаша айтқанда, хақиқи дінді насихаттау туралы айтылып тұр.

«Өйткені, тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан оған бойсұныңдар. (Ей, Мұхаммед!) ықыластыларды қуандыр 14 ». (Хаж, 34)

14 Бұл жерде Аллаһ Тағала Мұхаммедке (с.а.с.) Аллаһ Тағаланың бойсұнушыларға берер сыйлығы туралы «жеткіз» деп бұйрық беріп тұр.

13-сұрақ:

«Ислам» ұғымы бүкіл дінді 15 бүтіндей қамтитынына не дәлел бола алады?

15 Бұл сөз Аллаһ Тағала ұнатқан хақиқи дін туралы айтылған.

Жауабы:

Аллаһ Тағала былай дейді:

«Аллаһ құзырында шынайы дін – Ислам». (Әли Имран, 19)

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді:

«Ислам бастапқы кезінде жат нәрсе болған еді, бастапқыда қандай болса, тағы да (сондай) жат болады 16 ». (Мүслім, Ибн Мәжәһ)

16 Бұл сөз Исламның дамуының алғашқы кезеңдерінде Исламға бет бұрғандардың саны көп болмағанын, дәл сондай жағдай ақырзаманда қайталанатынын аңдату үшін айтылған.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы да былай деген:

«Исламның ең жақсы (көрінісі) – Аллаһқа иман келтіру». (Ахмад, көлемді хадистің бір бөлігі)

14-сұрақ:

Исламға оның бес тірегін айтумен анықтама беруге болатынына қандай дәлел бар?

Жауабы:

Жәбірейілдің (а.с.) Ислам туралы сұрағына Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қайтарған жауабы дәлел бола алады:

«Ислам – Аллаһтан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед – Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беруің және намаз оқуың, зекет беруің, рамазан айында ораза ұстауың, шамаң келсе Аллаһтың үйіне (Кағбаға) қажылық жасауың». (Бұхари, Мүслім, Әбу Дауд, Ибн Мәжәһ, Насаи, көлемді хадистің бір бөлігі)

Тағы бір дәлел: Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Ислам бес тірекке құрылған» деп жоғарыда аталған бес тіректі қайталаған.

Бұл екі хадистің бір-бірінен айырмасы – екінші хадисте рамазан айындағы оразадан бұрын қажылық айтылады. Бұл екі хадис те Бұхари мен Мүслімнің «Сахихтерінде» келген.

Күйеудiң әйелi алдындағы әдептiлiк мiндеттерi

     

 

Жiгiттiң өмiрлiк жарын тауып, шаңырақ көтеруi, өз отауын тiгуi оның ғұмырындағы ең қуанышты, ең елеулi, сонымен қатар ең жауапты қадам болып табылады. Жанұяның iргесi мықты болып, түтiнi түзу шығу үшiн, тек әйелдiң жақсы болуы ғана жеткiлiксiз, әрине. Күйеудiң өзi жақсы әйелге лайық, отағасылық мiндеттi атқаратын жан-жақты әзiрленген, бiлiм-бiлiгi бар, шаруашылыққа икемдi, ептi болуға тиiс. Осы айтылғанға сай күйеу ең әуелi өзi мұсылман болып, жанұясын, соның iшiнде ең алдымен әйелiн дiнге үйрету. Шариғат талаптарын ең әуелi өзi орындап, кейiн оны жанұя мүшелерiнен талап етедi. Дiнге үйрету тек дәрет алдырып, намазға жығумен шектелмейдi. Дiнге үйрету дегенiмiз - өзi, әйелi, бала-шағасы жан-жақты пайдалы бiлiм үйренiп, парасаттылыққа қол жеткiзу. Себебi, тек бiлiм негiзiнде еткен амалдың нәтижесiнде тақуалық пайда болып, ғибадат қабыл етiледi. Әрi, тек парасаттылық негiзiнде өзара түсiнушiлiк пайда болады.

"ذكر القشيري أن عمر رضي الله عنه قال لَمَّا نُزِلَتْ هَذِهِ الآيَةُ: يَا رَسُولَ اللهِ، نَقِي أَنْفُسَنَا، فَكَيْفَ لَنَا بِأَهْلِينَا؟. فَقال: "تَنْهونَهُمْ عَمَّا نَهَاكُمُ اللهُ وَتَأْمُرُونَهُمْ بِمَا أَمَرَ اللهُ"

“Таһа сүресiнiң: "وَأْمُرْ أَهْلَكَ بِالصَّلاَةِ وَاصْطَبِرْ عَلَيْهَا" - “үй-iшiңдi намаз оқуға бұйырып, өзiң де оған көңiл бөл”, - деген аяты тусiрiлген уақытта, Омар (р.л.ғ.): “Я, Расулуллаһ (с.ғ.с.)! Бiз Аллаһ Тағаланың азабынан сақтануға тырысамыз. Ал, бала–шағамызды қалай сақтандырсақ болады?”, - деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Аллаһ Тағала сендердi неден қайтарған болса, сендер де бала-шағаларыңды содан қайтарыңдар! Аллаһ Тағала сендерге ненi iсте деп бұйырған болса, сендер де бала-шағаларыңа соны iсте деп бұйырыңдар!”, - деп жауап бердi.”

Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

"رَحِمَ الله رَجُلاً قَامَ مِنَ اللَّيْلِ، فَصَلَّى وَأَيْقَظَ امْرَأَتَهُ فَصَلَّتْ، فَإِنْ أَبَتْ نَضَحَ فِي وَجْهِهَا الْمَاءَ. رَحِمَ اللهُ امْرَأَةً قَامَتْ مِنَ اللَّيْلِ، فَصَلَّتْ وَأَيْقَظَتْ زَوْجَهَا، فَإِنْ أَبَى نَضَحَتْ فِي وَجْهِهِ الْمَاءَ"

“Түнде тұрып намазын оқып, кейiн әйелiн намазға оятқан, оянбаған жағдайда бетiне су шашып болса да әйелiн намазға тұрғызған пендесiнен Аллаһ Тағала разы. Әрi түнде тұрып намазын оқып, кейiн күйеуiн намазға оятқан, оянбаған жағдайда бетiне су шашып болса да оны намазға тұрғызған әйелден Аллаһ Тағала разы.”

Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд риуаят еттi.

Ер адам – отбасының тәрбиешiсi

"وَالرَّجُلُ رَاعٍ فِي أَهْلِهِ وَهُوَ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ"

“Ер кiсi жанұяның тәрбиешiсi. Сондықтан ол жанұяның тәрбиесi үшiн жауапкер.”

Хадистi Имам Табарони риуаят еттi.

Отбасы мүшелерiн қажеттi нәрсемен қамтамасыз ету – ер адамның мiндетi

"عن معاوية بن حيدة رضي الله عنه قال: قُلْتُ: يَارَسُولَ اللهِ! مَا حَقُّ زَوْجَةِ أَحَدِنَا عَلَيْهِ؟ قَالَ: أَنْ تُطْعِمَهَا إِذَا طَعِمْتَ، وَتَكْسُوَهَا إِذَا اكْتَسَيْتَ أَوِ اكْتَسَبْتَ وَلا تَضْرِبِ الْوَجْهَ، وَلاَ تُقَبِّحْ، وَلاَ تَهْجُرْ إِلاَّ فِي الْبَيْتِ"

“Мен: “Я, Расулуллаһ (с.ғ.с.)! Әйелдерiмiзге қатысты бiзге не нәрсе мiндеттелiндi?”, - деп сұрағанымда, Расулуллаһ (с.ғ.с.): “өзiң жегенiңнен жегiзу, өзiң кигенiңдi кигiзу. Әйелiңдi бетiнен ұрма және жаман сөзбен балағаттама! Әрi, үйiңнен тыс орында дауысыңды көтерiп ұрыспа!”, - деп жауап бердi.”

Хадистi Муьауийа ибн Хайдадан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи және Имам Әбу Дауд риуаят еттi.

Мұсылман ер адам әйелiне мейiрiмдi

Қазақта: “Әйелдi–бастан, баланы–жастан”, - деген сөз бар. Осы сөздi басшылыққа алып, әйелдi табалдырық аттаған кезiнен бастап қатты ұстау керек деп, “әйелiн ашса-алақаныңда, жұмса-жұдырығыңда болуы” деп ұғынатындар бар. Бұл - қате! өйткенi әйел - сенiң ең жақының, өмiр серiгiң, терезесi тең досың. Сондықтанда, күйеуi әр мәселеде әйелiне iлтипатты, сезiмтал, сүйенiш көретiн бiрден-бiр жақыны, сенiмдi досы бола бiлуi қажет. Ал, “жұмасында әйелдi бiр рет сабап тұру керек” деген сөз дүмшелердiң шығарғаны.

"مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ، فَإِذَا شَهِدَ أَمْراً فَلْيَتَكَلَّمْ بِخَيْرٍ أَوْ لِيَسْكُتْ، وَاسْتَوْصُوا بِالنِّسَاءِ، فَإِنَّ الْمَرْأَةَ خُلِقَتْ مِنْ ضِلَعٍ، وَإِنَّ أَعْوَجَ شَيْءٍ فِي الضِّلَعِ أَعْلاَهُ، إِنْ ذَهَبْتَ تُقِيمُهُ كَسَرْتَهُ، وَإِنْ تَرَكْتَهُ لَمْ يَزَلْ أَعْوَجَ، اسْتَوْصُوا بِالنِّسَاءِ خَيْراً"

“Аллаһ Тағала мен Қиямет күнiне иман келтiрген адам бiр iстi көрсе, жақсы сөз айтсын немесе үндемесiн. Әйелдерге жақсылық етiңдер! Расында, әйел адам қабiрғадан жаратылған. Ал, оның ең қатты иiлген жерi - ұш жағы. Оны түзетуге әрекет етсең, сындырып аласың. Болмаса, иiлген күйiнде қала бередi. Сондықтан, әйелдерге жақсы қараңдар.”

Түсiнiктеме: “…бiр iстi көрсе, жақсы сөз айтсын…” – яғни, адамдардың сыртынан сөз айтпасын.

“…түзетуге әрекет етсең,” - әйел затына тән қасиеттердi өзгерту мүмкiн емес. Мәселен, нәзiктiк, әшекейге болған қызығушылық.

Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

"إِنَّ الْمَرْأَةَ كَالضِّلَعِ. إِذَا ذَهَبْتَ تُقِيمُهَا كَسَرْتَهَا، وَإِنْ تَرَكْتَهَا اسْتَمْتَعْتَ بِهَا وَفِيهَا عِوَجٌ"

“Расында, әйел адам қабiрге тәрiздi. Оны түзетуге әрекет етсең, сындырып аласың. Түзегенге тырыспасаң, оның иiлiп қалғанына қарамастан ләззат аласың.”

Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

"لاَ يَفْرَكْ مُؤْمِنٌ مُؤْمِنَةً. إِنْ كَرِهَ مِنْهَا خُلُقاً رَضِيَ مِنْهَا آخَرَ"

“Мүмин ердiң мүмин әйелдi жеккөруiне болмайды. өйткенi, оған мүмин әйелдiң бойындағы бiр қасиетi ұнамсыз бола тұрып, екiншi қасиетi ұнауы мүмкiн.”

Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

"عن عمرو بن الأحوص الجشمي رضي الله عنه، أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَخْطُبُ... ثُمَّ ذَكَرَ النِّسَاءَ، فَوَعَظَ فِيهِنَّ، فَقَالَ: "يَعْمِدُ أَحَدُكُمْ فَيَجْلِدُ امْرَأَتَهُ جَلْدَ الْعَبْدِ فَلَعَلَّهُ يُضَاجِعُهَا مِنْ آخِرِ يَوْمِهِ"

“Қоштасу қажылығында Нәби (с.ғ.с.) Аллаһ Тағалаға мақтау айтып, Оны ұлықтады. Кейiн адамдарға уағыз айта бастады… Кейiн әйелдерге қатысты: “Сендерден кейбiрiң әйелдерiн құлды ұрғандай етiп ұрады. Ал, кеш болғанда олармен бiрге жатып ұйықтайды”, - дедi.”

Хадистi Абдуллаһ ибн Замьадан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.

"أَلاَ وَاسْتَوْصُوا بِالنِّسَاءِ خَيْراً، فَإِنَّمَا هُنَّ عَوَانُ عِنْدَكُمْ. لَيْسَ تَمْلِكُونَ مِنْهُنَّ شَيْئاً غَيْرَ ذَلِكَ، إِلاَّ أَنْ يَأْتِينَ بِفَاحِشَةٍ مُبَيِّنَةٍ. فَإِنْ فَعَلْنَ فَاهْجُرُوهُنَّ فِي الْمَضَاجِعِ، وَاضْرِبُوهُنَّ ضَرْباً غَيْرَ مُبَرِّحٍ. فَإِنْ أَطَعْنَكُم فَلاَ تَبْغُوا عَلَيْهِنَّ سَبِيلاً. أَلاَ إِنَّ لَكُمْ عَلَى نِسَائِكُمْ حَقًّا. وَلِنِسَائِكُمْ عَلَيْكُمْ حَقًّا. فَأَمَّا حَقَّكُمْ عَلَى نِسَائِكُمْ لاَ يُوطِئْنَ فُرُوشَكُمْ مَنْ تَكْرَهُونَ، وَلاَ يَأْذَنَّ فِي بُيُوتِكُمْ لِمَنْ تَكْرَهُونَ. أَلاَ وَحَقُّهُنَّ عَلَيْكُمْ أَنْ تُحْسِنُوا إِلَيْهِنَّ فِي كِسْوَتِهِنَّ وَطَعَامِهِنَّ"

“Әйелдерiңе тек жақсылық етiңдер! Сендердiң әйелдерiң - қолдарыңдағы тұтқын тәрiздi. Олар жағымсыз бiр iс iстеген болмаса, басқа жағдайда олар сендердiң теңдерiң. Жағымсыз нәрсе iстеген болса, жататын жерлерiңдi бөлек етiңдер немесе ұрыңдар. Бiрақ шектен шықпаңдар. Сендерге бойұсынбаған болса, бәле iздемеңдер. Расында, әйелдерiңнiң сендердiң алдында және сендердiң әйелдерiңнiң алдында тиiстi мiндеттерiң бар. Әйелдерiңнен төсектерiңе бөтен бiреудiң отырмауын, үйлерiңе сендер қаламаған адамның кiрмеуiн талап еткенге құқылысыңдар. Әйелдерге келер болсақ, олар сендерден өздерiн жақсы киiндiруiлерiң мен тамақтандыруларыңды талап еткенге құқылы.”

Түсiнiктеме: “…жататын жерлерiңдi бөлек етiңдер.”, – яғни, бөлек жатыңдар.

“…шектен шықпаңдар.”, – шариғат бойынша беттен, дақ түсiп, бiр мүшесiн майып ететiндей дәрежеде ұруға қатаң түрде тыйым салынған. Ескеретiн нәрсе: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осылай айта тұрып 13 әйелiнiң бiрiн де ұрып-соқпаған, тiптi “сен неге былай iстедiң” деп те айтпаған.

Хадистi Сулайман ибн Ьамр ибн Әл-Ахуастан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.

"عن معاوية بن حيدة رضي الله عنه قال: قُلْتُ: يَارَسُولَ اللهِ! مَا حَقُّ زَوْجَةِ أَحَدِنَا عَلَيْهِ؟ قَالَ: أَنْ تُطْعِمَهَا إِذَا طَعِمْتَ، وَتَكْسُوَهَا إِذَا اكْتَسَيْتَ أَوِ اكْتَسَبْتَ وَلا تَضْرِبِ الْوَجْهَ، وَلاَ تُقَبِّحْ، وَلاَ تَهْجُرْ إِلاَّ فِي الْبَيْتِ"

“Мен: “Я, Расулуллаһ (с.ғ.с.)! Әйелдерiмiзге қатысты бiзге не нәрсе мiндеттелiндi?”, - деп сұрағанымда, Расулуллаһ (с.ғ.с.): “өзiң жегенiңнен жегiзу, өзiң кигенiңдi кигiзу. Әйелiңдi бетiнен ұрма және жаман сөзбен балағаттама! Әрi, үйiңнен тыс орында дауысыңды көтерiп ұрыспа!”, - деп жауап бердi.”

Хадистi Муьауийа ибн Хайдадан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи және Имам Әбу Дауд риуаят еттi.

"أَكْمَلُ الْمُؤْمِنِينَ إِيمَاناً أَحْسَنُهُمْ خُلُقاً. وَخِيَارُكُمْ خِيَارُكُمْ لِنِسَائِهِمْ"

“Мүминдердiң iшiндегi иманы ең кәмiлi – мiнез-құлқы жақсы болғаны. Сендердiң абзалдарың - әйелдерiне жақсы болғандарың.”

Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еттi.

"الدُّنْيَا مَتَاعٌ وَخَيْرُ مَتَاعِهَا الْمَرْأَةُ الصَّالِحَةُ"

“Бұл дүние – өткiншi нәрсе. Сол өткiншi нәрсенiң iшiндегi ең абзалы – iзгi әйел.”

Хадистi Абдуллаһ ибн Ьамр ибн Әл-Ьастан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

 

Айбек Қалиевпен болған сұхбат

 

- Дархан даламыздың данышпаны Абай атамыз: «Махаббатпен жаратқан адам затты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» деп, Алланы сүюіміз жайлы өнегелі өсиетін айтып кеткен ғой. Алланы сүю деген сөзді сіз қалай түсінесіз?

- Қиын сұрақ екен. Біздің тоғыз ай, он күн көтеріп жарық дүние сыйлаған анамызға деген махаббатымыз бен құрметіміз шексіз. Ал, бізді жаратып, бізді туған анамызды, әкемізді, біз тіршілік ететін ғаламды, адам баласының өмір сүруіне қажетті не бар, соның бәрін жаратушы Аллаһқа деген махаббатымыз одан да жоғары болуы қажет емес пе?

Адамзатты өзіне құлшылық ету үшін ғана жаратқан Аллаһ біздің махаббатымызға мұқтаж емес. Өкінішке орай, пенде болғасын адам баласы адам болып жаралғанына шүкіршілік етпей, қасиетті Құранда айтылған, пайғамбарымыз сілтеген жөнмен жүрмей адасып жатамыз. Имандылыққа бет бұрған кейбір бауырларымыздан байқап қаламын, былай істесе, мұнша сауап екен, олай істесең онша сауап екен деп, сауапты калькулятормен есептеп жүреді. Менің ойымша, Аллаға деген махаббатты есепке құрмай, яғни, еткен құлшылығымыздың о дүниедегі есесін дәметпей, Аллаһтың бізді адам етіп жаратып, ырыздық-несібе бергеніне шүкіршілік етіп, шынайы құлшылық қылсақ, жаратушыға деген махаббат содан көрініс табады.
Аға, шындыққа жаныңыз құмар ақын екеніңіз белгілі. Бүгінгі таңда елімізде жасыратыны жоқ, шындық деп біреудің айыбын ашып, күнәсін ел жұртқа жариялайтын ақындар кездесіп жатады. Шындық дегеніміз – біреудің айыбын ашып, ел жұртқа масқара ету болғаны ма?
«Шындық көп, ақиқат жалғыз» деген сөз бар. Өмірде әркімнің өз шындығы бар. Ал, абсолютті ақиқат - Құранда көрсетілген Аллаһтың сара жолы. Ақындар айтыста шындықты айтамыз деп кейде асырып жіберетінін мойындаймын, алайда, бас жарып, көз шығарардай жетесіздікке барған ақындарды өз басым көре қойған жоқпын. Ал, енді шындықтың жөні осы екен деп жеке бастың мәселесін айтып, көпшіліктің алдында қарсыласын масқаралау ақынға тән қасиет емес, ондай адамды мен ақын деп есептемеймін.
Ақынның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Ақынның жүрегі дүнияуи кірден таза болуы керек. Оның сезімі баладай аңғал, пәк, таза болса, жыры да шынайы шығады. Ал, ақындық қасиет Алладан беріледі деп ойлаймын.


- Әр адамның ойлау деңгейі әртүрлі болғаннан соң, өмірді де адамдар әр түрлі түсініп жатады. Біреулер өмірдің мәні қызық көру десе, біреулер атақты, бедеді болу деп жатады. Сіз үшін өмірдің мәні неде? Өмір деген сөзді қалай түсінесіз?

- Менің түсінігімдегі өмір-Аллаһтың адамды сынау үшін берілген өлшеулі уақыт. Ал, өмірдің мәні-Аллаһтың берген аманат жанын дүние кірлерімен ластамай, Құран мен хадисте айтылған адал жолмен жүріп Аллаһтың өзіне тапсыру.

- Аға, ащы да болса шындық, еліміз рухани әлсіреп, батыстың лас ағынына ластанып жатыр. Бұл сөзіме дәлел: жастардың ішімдік ішулері, түнгі клубтардың көбеюі, тағысын тағы бар. Бұлай жалғаса берсе, еліміздің болашағы баянсыз боларына күмән жоқ. Ел болып қалуымыз үшін бізге не нәрсе керек. Қазақ халқын не құтқарады?

- Жалғыз қазақ халқын ғана емес, бүкіл адамзат баласын адасудан иман ғана құтқарады. Өкінішке орай, Мұхаммед пайғамбардың заманынан бері адам баласы осыны ұғына алмай келеді.

- Бүгінгі таңда көшеде қаракөз қыздарымыз арын саудаға салып, одан жүкті болып, жетімханаларды толтыруда. Осы жағымсыз қылықты қаракөз қыздарымыз қайдан үйреніп жатыр? Осындай сорақылықты тоқтатудың құралы не?

- Арғы-бергі тарихты байыптасақ, қазақ ұлтында, одан арғы түркілік кезеңде де бізде жезөкшелік деген нәрсе болмаған екен. Тіпті, қазір бәріміз қарғыс айтып жүрген кеңес дәуірінде де жезөкшелік дәл бүгінгідей ашық түрде болмаған. Ал, қазір әлемді билеп отырған, өздерін мәдениеттің атасы есептейтін қарт құрлықтың өкілдерінде жезөкшелік ең ежелгі кәсіп саналады. Біздің қазаққа да бұл кәсіп солардан ауысты. Бұл кәсіптің өркен жайып кетуіне ең алдымен тұрмыстың тым төмендігі, 90 жылдардағы еліміздегі экономикалық қиындықтар себеп болды. Бұл кәсіпке амалсыз барғандар кейіннен жеңіл ақшаға бойларын үйретіп алды да, өздерінің қалай азғындап кеткенін байқамай қалды. Ал, мұны тоқтатудың жолы, тағы да қайталағандай боламын-ау, иманға келіп тіреледі. Жалпы, әлемді бүкіл проблемадан арылтатын тек иман ғана, яғни адамзатты құтқарушы бірден-бір дін – Ислам діні.

 

 

Орыстың қойнына қазақтың қызын сал. Сонда ғана қызық…

Астанадағы Кенесары хан мен Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы абажадай жаңа жарнама жұрттың жанарын еріксіз тартады, таңдантады. Көзім алғаш түскенде мен де таң қалдым. Атқа теріс мінген қыз бен жігіт тұр. Шыттай киінген жігіт жадырап қарайды. Жанындағы жартылай жалаңаш, салдақы-сайқал кейіпті қыз атқа көлденең отырып, жігітке асылып қылымсиды. Жануардың теңкиген сауырының өзі семіз әйелдің бөксесінен аумай қалған. Түк түсінбедім. Бұл не?

Жазуын оқығанда барып ұғындық. «Қазақфильмнің» су жаңа өнімінің жарнамасы екен. Аты – «Казахстанско-российский фильм «Ирония любви». ТМД-ның 600 кинотеатрында көрсетілмек комедия. Қазақстанның, Ресейдің, Украина мен Белорустің ең ірі киноалаңдарында жүргізіледі. 600 көшірмесі бірден жасалған тұңғыш кино. Әлбетте, жарнама тілі де, кино тілі де – орысша.

Ат көтіне теріс міңгізіп отырғызған жарнамасынан-ақ осы фильм де қазақты оңдыртпаған-ау деп күдіктеніп едім. Расында солай екен. Кинода қазақтың қызы шолжаң, аласуан. Өзімдікі дұрыс деп есептейтін әумесер қыз кафеде кім бірінші кездессе соны жар қылмақ. Онысы – Иван. Қыз дегеніңді қыртына ілмейтін шешесінің еркетотайы. Жолы болмайтын жігіт. Шолжаң қыз соны өзіне қаратпақ болып шала бүлініп жүреді. Шарасыз қалғанда тапқан амалы – жігітті жығып салып, өліп-өшіп сүю. Комедияның сиқы осы.

Астанада осы комедияның тұсаукесер рәсімінде «Қазақфильмнің» президенті Ермек Аманшаевтың айтуынша, Отандық фильмдердің қатары тағы да бір романтикалық кинотуындымен толықты. Қазақстан-Ресейдің көптен күткен жобасы. Бұл туынды кинокомпанияның жастарға, өскелең ұрпаққа ұсынған базарлығы. Сөзбе-сөз келтірсек: «Бұл өзі негізі жастарға арналған фильм. Комедиялық жанрында түсірілген. Мен ойлаймын, әсіресе 15-25 жастар аралығындағы біздің көрермендер үшін қызықты болады».

Қайдағы қызық? Бұл тағы да ұлтты мазақтың астында қалдыру. Қазақ ұлтын масқаралау, келемеждеу. Қатты күйіндім. Осы киноның басы-қасында жүрген ұлты қазақ азаматтарының намыссыздығына налыдым. Бұл біздің халықты қорлайтын фильм. Неге дейсіз ғой?

Қазақ өз тарихында кешпеген қорлығы, өткермеген өткелегі аз – қасіретті халық. Ата жауларымыз сәби демей, шал демей, көзіне түскенін қынадай қырып, атақонысынан бостырып, ақтабан шұбырынды етіп жіберген кезеңдер болған. Қорланған қазақ, намысы тапталып ашынған жыраулар тісін қайрап, кекке шөлдеп жыр төкті.

«Туырлығын тілмесем,

Керегеңді кертпесем.

Қанікейдей көріктіңді,

Тінікейдей тектіңді

Аямай төс астына баспасам

Жер басып тірі жүрмен-ді» деп шамырқанды. Сол намысы қамшы болды. Өлмедік! Арман жырын Ақтамберді төккенде:

«Әлпештеген аруын,

Ат көтіне мінгізіп,

Тегін олжа қылар ма екенбіз, – деді үзеңгісін шіреп. Арман асқақ еді. Алаш боп қалғанымыз да сондықтан. Яғни, бұдан түсінеріміз – қазақ ұғымында, дәстүрлі ұлт танымында ел намысын таптаудың, жұрт қорлаудың шыңы – қызын масқаралау! Атқа теріс міңгізу!

Енді қараңызшы! Соңғы жылдары қазақ осы масқаралаудың астында қалды. Мына жарнамалардағы көрініс не айтып тұр? Ел аман, жұрт тынышта қазақтың аруы көрінгенге қолжаулық. Алаштың арда ұлдарына емес, бөтеннің мекіренгеніне мауығып тұр. Тексіздердің төсінің астында мылжаланып жатуы үйреншікті құбылыс. Киноң да, жарнамаң да жұрттың көзін соған үйретті. Қазақтың қызын жаппай мазаққа айналдыру. Апыр-ау, кімге не жаздық? Жанымды шыжғырып, арымды таптардай бейбақ қазақ несімен жақпай жатыр?

…Кино арқылы ұлттың имиджі қалыптасады. Мысалы, түсірген фильмдеріне қарап-ақ үнділердің махаббатқа адалдығын, соғыс туралы киноларында орыстардың дұшпанға рақымсыздығын, қиындыққа төзімділігін, тағы бір елдердің туындыларынан солардың еңбекқорлығын, бекзаттығын, кірпияздығын таниды. Сөйтіп, бүтін ұлт сондай деген ұғым жұрт санасына тастай болып бекиді. Ал, соңғы жылдары түсірілген Қазақстан кинолары қазақтың қызы жәлап, жігіті намыссыз, ұлты қор дегенді шартарапқа жайып жіберді. Осыған бір мысал. Францияның «Консьюмер» қаласына барған жастарымыз куә болған оқиға. Алшаң басып қастарына келген шетелдік қолындағы долларын жылтыңдатып, бір қарындасымызды ойнас жасауға шақырған. Тапа-тал түсте, тамам жұрттың көзінше. Қыз қорланып жылап жіберген. Қасындағы бауырымыз ашуға мініп, әлгі делқұлының бет-аузын тас-талқан етіпті. Содан шыққан шатақтың анық-қанығын тексере келгенде, таяққа жығылғаннан «Бұл қай басынғаның?» деп сұрамай ма? Сөйтсе байғұс: «Қазақстанның «Борат» деген киносынан түсінгенім, сол елде қыздың бәрі жезөкше. Ақшаға сатыла береді. Менің жазығым не? Ана қыз ақша тапсын, өзім бір рақаттанып қалайын деп едім» деп қарап тұр дейді. Міне, бір «Бораттың» қазақты «танытқаны».

Кино былай тұрсын, айтушысы келіскен анекдоттардың өзі халықтың бет-бейнесін айқындап тастайды. Анекдот біткенде «чукча» ақымақтықтың шегіне жеткен халық. Енді қанша марапаттасаңыз да «Академик чукча бар» дегенге кімді сендіресіз? Сондай-ақ, шешен ұлтын қалай даттасаңыз да шетінен қорқақ дегенге ешкім иланбайды. Ал енді, қазақ киносы дәл осы бағытта кете берсе, біздің ұлт әлемге қай қырынан танылады? Алаштың ибалы, инабатты, тәрбиелі, өнегелі қыздарын абыройсыздыққа тели беру кімге тиімді?

Ей, намыссыз немелер! Қазақ атанған сценарист, продюссер, режиссерсымақ қансыздар! Қарындасымызды бөтеннің төсіне қайта-қайта бүктеп салып берген имансыздар! Соншама тексізденіп не көрінді?

Егер «дәл мұнда тұрған не бар?» десең, осы «Ирония любвиде» неге жігіт қазақтан, қыз орыстан таңдалмаған? Ұят-аяттан жұрдай қыз орыстан болса тіпті нанымдырақ болмас па еді? Жоқ, өйте алмайсың! Себебі, сендерден басқа еш ұлттың азаматы өз қандасын мазақтайтын, халқын қорлайтын кино түсіруге жол бермейді. Ұлттық намысты сезінбейтін, тарихынан мақұрым, дәстүр-салтынан жырақ кеткен өздеріңдей мәңгүрттер ғана бөтен ұлт не айтса соған көнеді. «Қазақфильмді» басқарып отырған, жасы елуге аяқ басқан азаматтың айтып отырған сөзі анау. «Жастарға қызық болады» дейді.

Қазір бүтін ТМД елі қазақ қызының әңгүдіктігіне ішек-сілесі қатып, күлкіге қарық болып жатыр. Намысты қазақ жастарының жігері құм болып, рухы әлсіреп қалды. Қайсысы кімге қызық?…

Төлеген ЖӘКІТАЙҰЛЫ

www.namys.kz интернет журналынан алынды.

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Создаем многоугольник, граней столько — сколько должно быть зубьев в шестерне. Количество зубье можно добавлять на любом этапе, пока многоугольник не переведён в кривые. Добавляем 2 узла на одной | Национальный парк Таганай

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.036 сек.)