Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Техникалық практика оқушының осы кезге дейін оқу орнында үйренген және білгенін нақты өмірдегі кездесетін күрделі мәселелерді шешіп



КІРІСПЕ

Техникалық практика оқушының осы кезге дейін оқу орнында үйренген және білгенін нақты өмірдегі кездесетін күрделі мәселелерді шешіп үйрену үшін жасалынады.

Техникалық практика оқу орнының лабораториясы және кәсіпорындарында жүргізіледі.

Сайт дегеніміз менің ойымша интернеттің жүрегі. Себебі интернет сайт болмаса жұмыс істемейді. Интернетпен сайт бір-біріне тығыз байланысты. Қазіргі таңда көп адамда сайт бар.

Қазіргі кезде интернет желісі көп дамғанын білеміз. Барлық сайттардың өзіндік қасиеттері, өзіне ғана тән мақсаты және интерфейсі бар. Бірақ барлық сайттардың бір ортақ элементі бар, ол сайтқа кірген кезде қолданушыға өзінін атынан сайтқа кіру және сол сайтта тіркелу формасы болып табылады.

Сайтқа кіріп тіркелген кезде қолданушы енгізген барлық мәліметтер MySQL мәліметтер қорына жіберілуі және қолданушыға керек бір мәлімет алуы керек. Бұл операцияны жеңілдету үшін қазір көптеген бағдарламалау тілдері бар. Олар HTML, PHP және XML.

HTML (ағылш. Hypertext Markup Language — «еренмәтін белгілеу тілі») — вебшолғышта көрсетілуге арнаулы еренмәтін мен басқа ақпараттан тұратын веббеттерді жасауға арналған белгілеу тілі.

HTML– бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі.

XML (ағылш. Eхtensible Markup Language - Кеңейтілген Белгілеу Тілі) - мәшіне әрі адамлар оқи алатын белгілеу тілі құжаттарды кодтауға қолданылатын-ды.

Сайттың скрипт жасау кезінде HTMLтілі қолданылады.HTML тілі қодануға өте қарапайым болып табылады. Бірақ ол үшін алдымен HTML негізгі скрипт жатқа білу керек. HTML тілі арқылы жазған мәліметтерді сайтта жұмыс істеу барысында өзгерту мүмкін емес. Сол үшін мәліметтерді немес айнымалыларды динамикалық түрде өзгерту үшін PHP бағдарламалау тілі қолданылады.

PHP (ағылш. PHP: Hypertext Preprocessor — «PHP: еренмәтінді алдын-ала үдірістегіш») — Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті бағдарламалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады. LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді. Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндеге әуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді (JSP мен ASP-де қолданылатын тілдермен қатар). Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор, сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар, PDF форматты құжаттармен және т.б. жұмыс істеуге арналған. Бұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдардың саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бір неше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы, Apache әлде IIS), не CGI-қосымшасы ретінде қосылады.



PHP тілінің синтаксисі Java бағдарламалау тіліне өте ұқсас. PHP тілінде көптеген мүмкіндіктер бар. Олар Java тілі сияқты, класс құрып, алдында жазылған класстан мұрагер алу, класстың ішінде көптеген әдістер жазу және ең бастысы объект құру болып табылады. Сонымен қатар PHP тілінде сайтты құру кезінде қолданылатын көптеген стандартты функциялар бар, олар жұмысты айтарлықтар азайтады. Соған қоса сіз сайт жасау кезінде өзіңіздін функцияңызды құруыңызға болады. Осыдан нәтиже алатын болсақ, сайт жасау кезінде PHP тілін қолдану өте ыңғайлы.

Бірақ қазіржоғарыда айтылып кеткен бағдарламалау тілдеріне қарағанда JavaScript тілі тез даму үстінде. Қарқынды дамуына оның объекті бағытталған тіл болуы себеп болуы керек.

JavaScript — объектіге бағытталған скрипттік (немесе сценарийлер) бағдарламалау тілі. ECMAScript тілінің диалекті болып табылады. ECMA-262 спецификациясының Conformance бөліміне сәйкес жүзеге асқан өнім.


 

1 Кәсіпорын құрылымы

Бұл практиканы мен ТОО«ОгнеупорСтройМонтаж» фирмасында өттім. Бұл фирма Теміртау қаласындағы Arcelor Mittall зауытында күйдірілген кірпіштерді темір балқытатын пешке қалайды(өреді), яғни бағыты- қаладағы ең үлкен зауытқа кірпішті домен пештерінің бет әлпетін жөндеу. Директор: Рымбаев Махмут; Бухгалтер: Хакимов Рашид; Бөлім жетекшісі: Жаббарбергенов Нурлан; Жұмыскерлер

Төменде сіз кәсіпорын құрылымын көре аласыз(1.1 сурет).

1.1 сурет - Кәсіпорынның құрылымдық схемасы


 

2 Бөлімдердің сипаттамасы және олардың өзара байланысы

Фирма негізгі және ең керек бағдарламалаушылар бөлімінен тұрады.

Бағдарламалаушылар бөлімі. Бұл бөлімде фирмада жұмыс істейтін барлық бағдарламалаушылар өздерінің компьютерлері алдында отырып жұмыс істейді. Олар жұмыс уақытында келесі жұмыстарды орындайды:

-Жобаны алдымен толықтай ойластырады;

-Керек мәліметтер жинайды;

-Керек мәліметтерді жинап, оларды кестеге еңгізу;

-Жоба біткеннен кейін отчет тапсыру;

Бухгалтер болса, төмендегідей функцияларды атқарады:

-Фирманың ақшамен байланысты мәселелерін шешеді;

Ал төмендегі жұмыстарды директор атқарады:

-Жұмысшыларың барлығын қадағалайды;

-Бағдарламалаушыларға жұмыс бөлісітіріп береді;

-Клиенттерден тапсырыс алады;


 

3 Кәсіпорын есептеуіш техникасының сипаттамасы

Кәсіпорын есептеуіш техникамен барлық жұмысшыларды қамтамассыз еткен. Барлық жұмысшылардың есептеуіш техникасы бірдей болып келеді.

Есептеуіш техника сипаттамалары төмендегідей:

1. Операциялық жүйе: Windows 7 Professional;

2. Процессор: Core i7;

3. ОЗУ: 4Гб;

4. ПЗУ: 600 Гб;

5. Жүйе типі: 64 разрядты операциялық жүйе;

6. Видеопроцессор: Radeon HD 6750


 

4 Жұмыс орнының сипаттамасы

Фирмадағы жұмыс орным- бұл, жұмыс істеу бөлімінде орналасқан, барлық жұмысшылардың есептеуіш техникасымен бір қатарда тұрған компьютер. Құрылғылар желіге қосылған, барлығымызға белгі болғандай интернет бағдарламалаушыға ауадай қажет. Себебі, миллиондаған кодты бағдарламалаушының есіне сақтауы мүмкін емес қой. Жұмысқа қажет қалам және көп парақтар бар. Бұл, ойда бар идеяны алдымен қағазға сызып, соңынан ғана оны бағдарламалауға кіріс дегенді білдіреді. Лекция кезінде практиканттар интерактивті тақта алдында отырамыз. Ол да біздің жұмыс орнымыз болып табылады. Бөлме күнге жақын орналасқан және бөлменің түс қағаздары көзге жағымды- ашық сары түсте. Бұл ашық бөлме жұмысшыларға ашық және өте керемет идеяларды тұдыруға өз үлесін әбден қосады. Бөлімдегі негізгі компьютер жанында принтер және сканер орналасқан. Принтер мен сканер көптеген құжаттарды шығару немесе еңгізу үшін өте қажет.

Менің есептеуіш техникамның сипаттамалары келесідей:

1. Операциялық жүйе: Windows 7 Professional;

2. Процессор: AMD Dual- Core Processor C-50;

3. ОЗУ: 2Гб;

4. ПЗУ: 250 Гб;

5. Жүйе типі: 32 разрядты операциялық жүйе;

6. Есептеуіш техника моделі: eMachineseME 443;


 

5 Желілік құрылымы

Кәсіпорындағы барлық компьютер локальді желіге қосылған.

Кәсіпорындағы локальді желі структурасы төмендегі суретте бейнеленген (5.1 сурет).

Компьютер 13

Компьютер 1

Компьютер 2

Компьютер 3

Компьютер 4

Компьютер 5

Компьютер 6

Компьютер 7

Компьютер 8

Компьютер 12

Компьютер 11

Компьютер 10

Компьютер 9

Комутатор

 

 


5.1 сурет – Желілік структура

Локальді желі (LAN) - шағын территорияны қамтитын (мекеме, кәсіпорын) және объектілер арасында сәйкесінше қысқа (500 метрден артық емес) байланыс желілерін пайдаланатын мәліметгерді тарату желісі.

Локальді желі пайдаланушылардың жұмыс орындарын және периферийлі құрылғыларды бір желінің басқарылуымен жұмыс істейтін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді. Қысқа арақашықтықтар мәліметтерді жоғары жылдамдыкта (100 Мбит/с) таратып жеткізуді және нақты уақыт режіміндегі қызметтердің кең жиынын ұсынуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Комутатор (свич(switch))- компьютерді локальді желіге біріктіретін ақылды хап.


 

6 Кәсіпорынның бағдарламалық қамтамассыздандырылуы

«1С Кәсіпорын» жүйесі (8.0 версия). 1С жүйесі қарапайым да күрделі бухгалтерлік есеп программасы болып саналады, ол әртүрлі меншік формасындағы және әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарда қолдануы мүмкін. «ИМПУЛЬС-ИВЦ» фирмасымен өңделген. Жүйесінің жұмысы мынадай негізгі үш компонентке негізделіп жасалған: «Оперативтік», «Бухгалтерлік есеп» және «Есептеу» компоненті. Бухгалтерлік есеп компоненті кәсіпорынның шаруашылық қызметін қамтиды.Бұл шоттар жоспарын, операциялар мен проводкаларды және бухгалтерлік қорытынды есепті қамтамасыз етеді.Жинақтамалы шоттар бойынша көп өлшемді және деңгейді есеп жүргізуге мүмкіндік береді.Есептің қалған бөліктерінде, мысалы валюталық есеп, қосалқы шоттар және басқалары оның қосымша бөлігі болып табылады, кейде олар пайдаланбауы да мүмкін.Есеп ақшалай да, заттай да жүргізіледі.Көп өлшемді талдамалы есеп қорытындыларын әртүрлі бөліктерде алуға мүмкіндік береді.Құжаттарды жүргізу кезінде бухгалтер проводкаларды қолмен немесе автоматты түрде еңгізе алады. «Жедел есеп» компоненті – белгілі бір уақытқа байланысты шаруашылық операцияларды басқаруға арналған.Бұл компоненттердің негізі қалдықтар немесе айналымдардың көп өлшемді есеп жүйесін құрайтын тіркелімдер болып есептеледі.Тіркелімдегі ресурстар қозғалысы Кіріс және Шығыс сияқты екі тәсілмен туындауы мүмкін, сонымен қатар бұл ереже тіркелімнің барлық ресурстары үшін орындалуы тиіс.Сонымен қалдықтар тіркелімі кірістелетін және шығысталатын ресурстар бойынша балансты белгілеп қана қоймай, оның «Жедел есеп» компонентінің негізгі тәсілі болып табылады.Барлық құжаттар кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі іс-әрекеттер тізбекті құрайды. Құжаттың басқа құжатқа қатысты жайғасымы күнімен, уақытымен, сонымен қатар тізбегінің бір күндегі бір уақытымен белгілеу қосымша шамасымен анықталады.Құжаттарды «кейінгі күнмен» өткізу және түзету ерекше факт болып есептелінеді және белгілі бір ережелер бойынша орындалады.»Жедел есеп» компонентінен оның кез келген күрделі есепті және кәсіпорынның экономикалық қызметінің әр бөлігі бойынша құрылымын ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін көруге болады.»Есептеу» компоненті арнайы алгоритмдер бойынша кезеңдік есептемені орындайды.Бұл компонентінің негізі болып, кезендік есеп беру деректері және олардың алдыңғы тарихы сақталған қорытынды есеп журналы болып табылады.Қорытынды есеп журналына міндетті түрде есеп беру обьектісі немесе басқа да анықтамалар жатады.Бұл анықтамалық бойынша есеп жүргізілетін обьектілер түрі анықталады.Журналдағы жол бір күннен бір жылға дейінгі кез келген кезең үшін, анықтамалықтағы бір обьекті бойынша қорытынды есеп беруді бейнелейді.Ақпаратты еңгізудің қолайлылығы ескеріледі.Құжаттарды толтырғанда алдын-ала қойылған параметр арқылы немесе сәйкес анықтамалықтан тандау арқылы мәндерді еңгізу жүзеге асырылады.Бір анықтамалықтың өзі есеп берудің бірнеше түріне қатысуы мүмкін онда ол үшін бірнеше журнал құрылады.Конфигурациялау сатысында икемделген есептеме журналының саны шектеусіз және шешілуге қажетті есептер санымен анықталады.Әр журналға күрделі есеп алгоритмі сәйкес келеді.Нақты алгоритмді сипаттау үшін «есептеу түрі» ұғымы енгізілген.Компоненттегі есептеу түрінің саны да шектелмеген.Есептеу алгоритмі арнайы тіл көмегімен сипатталады.Есептеу түріне мысалы ретінде, «айлықты есептеу», «табыс салығын» немесе «өтелімді «амортизацияны)» айтуға болады.

6.1сурет – 1С жүйесі бағдарламасының іске қосылуы

 

7 Техникалық қауіпсіздік ережесі

Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады

Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей:

- Жалпы ережелерді;

- Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;

- Жұмыс жасау кезіндегі;

- Апаттық жағдайдағы;

- Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.

Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойлатын талаптар төмендегідей:

- Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

- Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

- Компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар, қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;

- Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды;

- Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

- Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.

Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талап-тарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

 

8 Берілген тапсырманың орындалуы

8.1 Міндеттің тұжырымы

Негізгі тапсырманың мақсаты – қолданушылар еңгізген жаңалықтарды көру және олармен операция жасау. Алдымен қолданушы сайтқа кірген кезде тіркелу формасы ашылады. Егер қолданушы авторизацияланбаған болса, онда регистрация формасы пайда болады. Тұтынушы тіркелгеннен кейін жаңалықтар терезесі ашылады. Осы терезеде тізім ретінде жаңалықтарды барлық қолданушы көре алады, жаңалықтарды қоса алады, жаңалықтарды өңдеу және оны операцияларын тек оның авторлары ғана жүзеге асыра алады деген мақсаттар қойылды.

Практиканың негізгі мақсаттырының бірі мәліметтер қорымен істеу болды. Мәліметтер қорына бірнеше кесте орналастырып оларды өзара байланыстырып, оларға мәліметтер енгізу, жаңарту және жою керек болды. Сондықтан мәліметтер қорымен жұмыс істеу принциптеріне уақыт кеңінен бөліну керек болды. Олардын қасиеттерін білу, кілттерді керек жерге қою және тағы сол сияқты тапсырманы орындалуы күтілді.Ол үшін арнайы бағдарламамен жұмыс істеу керек болды. Берілген тапсырманы сіз толығырақ келесі схемадан көре аласыз (9.1.1 сурет).

Жаңалықтарды көру формасы. Егер қолданушы бұрын тіркеліп және қазір өз атымен кірген болса, онда автоматты түрде тізбектеліп тұрған жаңалықтарды көре алады. Сонымен қоса өзінің жаңалықтарын қоса алады және өзі қосқан жаңалықтарды өңдеуге және жоюға мүмкіндік алады.

Негізгі форма. Кіру панелі де осы жерде және осы жерден регистрация формасына ссылка бар.

Тіркелу формасы.Қолданушы бұрын тіркелмеген болса, осы формадағы өрістерді толтыру арқылы сайтта тіркелінеді. Сосын негізгі формаға қайтадан барады

Жаңалықтарды қосу формасы. Бұл операцияны барлық тірккеуден өткен қолданушылар және администратор жүзеге асыра алады.

Жаңалықтарды өңдеу формасы. Бұл операцияны тек жаңалықты қосқан қолданушы және администратор жүзеге асыра алады.

Жаңалықтарды жою формасы. Бұл операцияны тек жаңалықты қосқан қолданушы және администратор жүзеге асыра алады.

 


9.1.1 сурет –Берілген тапсырманың схемасы


8.2 Берілген тапсырманың жүзеге асырылуы

Браузердің адрестік жолақшасына сайттың адресін жазған кезде, яғни «http://localhost/»адресін жазғанда автоматты түрде басты бет ашылады. Басты бет- өзіне 2 өрісті қамтиды. қолданушы ол екі өріске өзінін логині мен паролін енгізеді. Егер сондай қолданушы мәліметтер қорында бар болса, келесі бет ашылады. (9.2.1 сурет):

9.2.1 сурет – Басты бет

Егер қолданушы тіркелемеген болса, ол «Регистрация» ссылкасын басу арқылы «Тіркелу» бетіне өте алады немесе браузердің адрестік жолағына «http://localhost/?c=authehtification&a=registrate» адресті жазу арқылы өтуге болады. «Тіркелу» бетінде қолданушы керек өрістерді толтыру арқылы бұл сайтта тіркеле алады. Содан кейін қолданушы тіркелгендігі туралы хабарлама шығарып, қолданушыды басты бетке бару үшін ссылка ашылады(9.2.2 сурет).

 

9.2.2 сурет – «Регистрация» терезесі

Қолданушы тіркеліп болған соң автоматты түрде «Жаңалықтар терезесі ашылады», немесе браузердің адрестік жолағына «http://localhost/?c=authehtification&a=news» адресті жазу арқылы өтуге болады. Бірақ бұл бетке тек қана авторизацияланған ғана қолданушы көре алады. Егер ол тіркелмей тұрып, адрес жолағына жоғарыдағы адресті жазатын болса, онда оны автоматты түрде басты бетке жібере береді.

Жаңалықтар терезесі- өзіне сайтқа тіркелген барлық қолданушылар және администратор еңгізген жаңалықтарды қамтиды (9.2.3 сурет).

 

 

9.2.3 сурет – Жаңалықтар терезесі

Жаңалықтарды қосуға арналған ссылка жаңалықтармен бір қатарда тұрады. Жаңалықтарды қосу операциясын барлық қолданушылар және администратор орындай алады. Сонымен қатар «http://localhost/?c=authehtification&a=add» адресін жазу арқылы «Жаңалықтарды қосу» бетіне өтуге болады.Егер қолданушы тіркелмей тұрып, адрес жолағына жоғарыдағы адресті жазатын болса, онда оны автоматты түрде басты бетке жібере береді, яғни оның авторизациялауын талап етеді (9.2.4 сурет).

 

9.2.4 сурет – Жаңалықтарды қосу терезесі

Жаңалықтарды өңдеуге арналған ссылка администратор және ағымдағы қолданушы ғана өзі қосқан жаңалықтармен бір қатарда тұрады. Сонымен қатар «http://localhost/?c=authehtification&a=add&id=5» адресін жазу арқылы «Жаңалықтарды өңдеу» бетіне өтуге болады. Егер қолданушы тіркелмей тұрып, адрес жолағына жоғарыдағы адресті жазатын болса, онда оны автоматты түрде басты бетке жібере береді, яғни оның авторизациялауын талап етеді. Қолданушы өз жаңалығын өңдегеннен кейін «Жаңалықтар көру» бетіне автоматты түрде барады (9.2.5 сурет).

 

9.2.5 сурет – Жаңалықтарды қосу терезесі

Ал жаңалықтарды жоюға арналған ссылка администратор және ағымдағы қолданушы ғана өзі қосқан жаңалықтармен бір қатарда тұрады. Сонымен қатар «http://localhost/?c=authehtification&a=delete&id=5» адресін жазу арқылы жаңалықтарды жоюға болады. Егер қолданушы тіркелмей тұрып, адрес жолағына жоғарыдағы адресті жазатын болса, онда оны автоматты түрде басты бетке жібере береді, яғни оның авторизациялауын талап етеді. Қолданушы өз жаңалығын жойғаннан кейін «Жаңалықтар көру» бетіне автоматты түрде барады.

 

9.3Тестілеу

 

Тестілеу- бұл, бағдарламаның ішінде қателерді іздеуге және түзеуге бағытталған әрекет. Бағдарламаның жұмысын тексеру үшін бағдарламаны тестілеу керек болды. Бағдарламаның тестілеу нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.

9.3.1 кесте– Бағдарламаны тестілеу

Тест

Күтілетін нәтиже

Нақты нәтиже

Қателерді түзеті

 

Denwerорнату

Веб-серверлермен жұмыс істеу үшін Denwer орнату

Жүйе айнымалыларында қателік, яғни “path=C:/Windows/ System32”-ге ауыстырңыз деген қателік шықты

Панель управления-> Система-> Дополнительные параметры системы->Переменные среды деген жерде “path=С:/WindowsC:/Windows/ System32 ”-ге ауыстырдым

 

Denwerорнату

Веб-серверлермен жұмыс істеу үшін Denwer орнату

Веб-серверлермен жұмыс істеу үшін Denwer орнатылды

 

 

-


 

9.3.1 кестенің жалғасы

 

SQL Manager-мен жұмыс

 

SQL Manager қолданушы және оның паролін сұрады. Біз ол жерге өзіміздің атмызды жазған едік болмады және порт дұрыс емес жазылған екен.

SQL Manager-де қолданушы стандартты түрде root, ал пароль өрісі бос қою керек екен. Сонымен қатар портты 3306-ға теңестірдім.

 

SQL Manager-мен жұмыс

SQL Manager-де мәліметтер қорын тіркеу, яғни құру.

SQL Manager-де мәліметтер қорын тіркедім.

 

 

Экранға мәлімет шығару

Экранға логин және пароль шығаруға арналған өрістерді және сөздерді шығару

Экранға логин және пароль шығаруға арналған өрістерді және сөздерді шығарған кезде орысша әріптер оқылмады.

index.phpқұжатына header('Content-Type: text/html; charset=UTF-8'); кодты жаздым.

 

Экранға мәлімет шығару

Экранға логин және пароль шығаруға арналған өрістерді және сөздерді шығару

Экранға логин және пароль шығаруға арналған өрістерді және сөздерді шығарды

 

 


 

9.3.1 кестенің жалғасы

 

Өрістерге мәліметтерді енгізу

Енгізілген логин мәліметтер қорында барын тексеріп оны жаңалықтар терезесіне жіберу

Енгізілген логин мәліметтер қорында барын тексерген жоқ. Жаңалықтар терезесі мүлде ашылмады

DB.php шақырып, бірақ index.php-ға қай класс және қай функция орныдаау керектігі жазылмапты. Сосын DB::connect(); кодын жазған соң қате жойылды.

 

Өрістерге мәліметтерді енгізу

Енгізілген логин мәліметтер қорында барын тексеріп оны жаңалықтар терезесіне жіберу

Енгізілген логин мәліметтер қорында барын тексеріп оны жаңалықтар терезесіне жіберілді

 

 

Сайттың адресі

Сайттың адресі жазатын жолда c=authentification кезінде авторизациялау терезесі ашылады

Сайттың адресі жазатын жолда c=authentification кезінде авторизациялау терезесі ашылмады.

if (file_exists($_SERVER['DOCUMENT_ROOT']."/controllers/".$controller.".php")) { require_once("/controllers/".$controller.".php");

$i = new $controller();

$i->init();

if ($i->checkAccess()) {

$i->run();

} else {

header("location: ".Request::createUrl("authentification")); кодын жазған соң қате түзетілді.

 

Сайттың адресі

Сайттың адресі жазатын жолда c=authentification кезінде авторизациялау терезесі ашылады

Сайттың адресі жазатын жолда c=authentification кезінде авторизациялау терезесі ашылды

 


 

9.3.1 кестенің жалғасы

 

Сайт адресінің жолағы

Сайттың адресі жазатын жолда c=authentification ал a=registrate кезінде тіркеу терезесі ашылады

Сайттың адресі жазатын жолда c=authentification ал a=registrate кезінде тіркеу терезесі ашылмады

<form method="post" action="<?=Request::createUrl("authentification", "registrate")?>"> кодын жаздым

 

Сайт адресінің жолағы

Сайттың адресі жазатын жолда c=authentification ал a=registrate кезінде тіркеу терезесі ашылады

Сайттың адресі жазатын жолда c=authentification ал a=registrate кезінде тіркеу терезесі ашылды

 

 

Жаңалықтар қосу

Жаңалықтар формасында «Жаңалықтар қосу» ссылкасынның авторизацияланған ғана қолданушы көре алуы

Жаңалықтар формасында «Жаңалықтар қосу» ссылкасынның авторизацияланған ғана қолданушы көре алмады. Ссылка мүлдем көрінген жоқ

if (Users::currentUser()->hasAccess("news.add")) {

?><a href="<?=Request::createUrl("news","add")?>">Добавить новость</a><?php

} кодты жазған соң қате түзелді.

 

Жаңалықтар қосу

Жаңалықтар формасында «Жаңалықтар қосу» ссылкасынның авторизацияланған ғана қолданушы көре алуы

Жаңалықтар формасында «Жаңалықтар қосу» ссылкасынның авторизацияланған ғана қолданушы көре алды

 

 


 

9.3.1 кестенің жалғасы

 

Жаңалықтарды өңдеу

 

Жаңалықтар формасында «Жаңалықтарды өңдеу» батырмасын барлық қолданушы көре алды

if (Users::currentUser()->hasAccess("news.edit") OR $record->user_id == Users::currentUser()->id) {?><a href="<?=Request::createUrl("news","add", array("id"=>$record->id))?>">Редактировать</a><?php

}

 

 

Жаңалықтарды өңдеу

Жаңалықтар формасында «Жаңалықтарды өңдеу» батырмасы тек оны қосқан және администратор ғана көре алуы керек

Жаңалықтар формасында «Жаңалықтарды өңдеу» батырмасы тек оны қосқан және администратор ғана көре алды

 

 

 

Жаңалықтарды өңдегеннен кейін ол мәліметтер қорында тек тақырыбы мен сөздері ғана өзгеруі керек, яғни жаңалықты қосқан күн тұруы керек

Жаңалықтарды өңдегеннен кейін ол мәліметтер қорында тек тақырыбы мен сөздері ғана өзгеруі керек, яғни жаңалықты өңдеген күн қойылып қалды

mysql_query("UPDATE news

settitle = '".$this->title."',

text = '".$this->text."' WHERE id = ".$this->id); - кодтан кейін қате жойылды.


 

9.3.1 кестенің жалғасы

 

Жаңалықтарды өңдеу

Жаңалықтарды өңдегеннен кейін ол мәліметтер қорында тек тақырыбы мен сөздері ғана өзгеруі керек, яғни жаңалықты қосқан күн тұруы керек

Жаңалықтарды өңдегеннен кейін ол мәліметтер қорында тек тақырыбы мен сөздері ғана өзгеруі керек, яғни жаңалықты қосқан күн тұрды

 

 

Жаңалықтарды өңдеу

Егер id берілген болса, «Жаңалықтарды өңдеу» формасы берілмесе «Жаңалықтарды қосу» формасы ашылады

Егер id берілген болса, «Жаңалықтарды өңдеу» формасы ашылмады, ал «Жаңалықтарды қосу» формасы ашылды

if (empty($this->_attributes['id'])) { return $this->_add();

} else {

return $this->_edit();

}

негізгі кодқа осыны қосып жаздым

 

Жаңалықтарды өңдеу

Егер id берілген болса, «Жаңалықтарды өңдеу» формасы берілмесе «Жаңалықтарды қосу» формасы ашылады

Егер id берілген болса, «Жаңалықтарды өңдеу» формасы, ал берілмесе «Жаңалықтарды қосу» формасы ашылды

 

 

 

Сессиямен жұмыс

Қолданушы сайтқа кірген кезде оны сессия ретінде сақтау

Қолданушы сайтқа кірген кезде оны сессия ретінде сақталмады

if (!isset($_SESSION['id'])) return new Users();

if (self::$_currentUser === false AND isset($_SESSION['id'])) {

self::$_currentUser = self::getUser($_SESSION['id']);

} кодын жаздым


 

9.3.1 кестенің жалғасы

 

Сессиямен жұмыс

Қолданушы сайтқа кірген кезде оны сессия ретінде сақтау

Қолданушы сайтқа кірген кезде оны сессия ретінде сақтады

 

 

Қолданушының тіркелуі

Қоданушы тіркеу кезінде өзінің логинін қате немесе керек емес символдарды еңгізген кезде қателік туралы хабарлама шығару

Қоданушы тіркеу кезінде өзінің логинін қате немесе керек емес символдарды еңгізген кезде қателік туралы хабарлама шықпады

elseif (!preg_match("/^\w{3,}$/", $_POST['login'])) {

echo '<br><font color="red">В поле "Логин" введены недопустимые символы!</font>';} толықтырып жаздым

 

Қолданушының тіркелуі

Қоданушы тіркеу кезінде логин өрісіне керек емес символдарды еңгізген кезде хабарлама шығару

Қоданушы тіркеу кезінде логин өрісіне керек емес символдарды еңгізген кезде хабарлама шықты

 


 

ҚОРЫТЫНДЫ

Студенттер өндірістік практиканы өту барысында оқыту - танысу практикасын өту кезінде қойылған талаптарды орындадым. Сонымен қатар, олардың жұмыстары, жекелеген тапсырмаларды орындауы және басқа да әрекеттері жаңа ғылыми - техникалық құралдарды пайдалана білдім, іске шығармашылық, аналитикалық тұрғыдан қарау, жоғары деңгейдегі дербестігі негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Тәжірибе өту уақыттында теориялық дағдылар мен оқулар уақыттында алған тәжірибем нығайды. Кәсіпорында ұйыммен жұмыс жасауды үйрендім. Құрылыммен және қағидалармен таныстым. Коммуникотивті дағдыларды дамыттым. Ұжым жұмыстарынан тәжірибе алдым

Тәжірибе өту барысында ақпараттық жүйе облысында, вирусқа қарсы бағдарламалар, компъютерлік желі жайлы өз білімімді кеңейттім.

Ақпараттық 1С жүйемен жұмысты сонымен қатар терең талқылану қолданбалы программалық қамтамасыз етулер облысында өз білімімді әрі қарай кеңейту керек деп санаймын.

Өндірістік тәжірибе кезінде мынадай Информатика, Жүйелік және қолданбалы программалау сияқты салалар барысын зерттеу кезінде алған білімдер ерекше бағалы екенін көрсетті.

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 40 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Борис Акунин «Охота на Одиссея» (фрагмент повести)[i] | Методичні рекомендації

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.068 сек.)