Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пайыздық тәуекел – бұл несие берумен байланысты банктің тартылған қаражаттарының орташа құнының, яғни депозиттер және



 

Пайыздық тәуекел – бұл несие берумен байланысты банктің тартылған қаражаттарының орташа құнының, яғни депозиттер және қарызға алынған ақшаларды несие мерзімі кезінде несие бойынша орташа пайыздық мөлшерлемеге жету мүмкіндігі тәуекелі. Пайыздық тәуекел тұрақты болып табыла ма, немесе оны болдырмау активтерден түсетін табыстың (несие бойынша мөлшерлеме) өзгеруін тартылған қорлардың шығындарында (яғни, банктік несие беру үшін қаражат алу құны) мерзімі және көлемі бойынша өзгерулерді толығымен баланстау мүмкін болса. Бірақ, іс жүзінде кез келген уақытта барлық кредиттерді осылайша теңестіру мүмкін емес және банктердің өздері де осындай саясатты ылғи да жүргізуге мүдделі емес. Сондықтан банктер ылғи Пайыздық тәуекелге ұшырайды, бірақ, бұл Пайыздық тәуекелді басқаруды болжайды.

Пайыздық тәуекелді басқару банктің активтерін (кредит және инвестициялар), сондай-ақ міндеттемелерін (қарыз қаражаттарынан) басқаруды кіріктіреді. Бұл басқарудың ерекшелігі – оның шегі бар.

Активтерді басқару мыналармен ерекшеленеді:

банктің тәуекелдік активтерінің портфелінің құрылымын анықтайтын

өтімділік пен несиелік тәуекелдің талаптарымен;

несие құнын таңдауда банктің еркіндігін шектейтін басқа банктер тарапынан құндық бәсекелестікпен.

Міндеттемелерді басқару банк өзінің салымшылары мен басқа да кредиторлар арасында уақыттың кез келген мерзімінде табысты орналастыра алатын қарыздық инструменттерді таңдау мен көлемінің шектеулілігімен күрделенеді, яғни несие беру және қолдағы бар қаражаттары есебінен басқа банктер немесе банктік емес несиелік мекемелер тарапынан бағалық бәсекелестікке қажетті қаражаттардың қол жетімділігімен шектелген. Пайыздық тәуекелді басқару міндетті банктің табыстылығы және өтімділігінң мақсаты шегінде осы тәуекелді минимизациялауды кіріктіреді.

Пайыздық тәуекелдің 2 түрі бар:

Позиционды тәуекел – бұл белгілі бір позиция (нақты мезетке берілген процент) бойынша тәуекел. Мысалы, банк қалқымалы Пайыздық ставкамен несие берді. Ол банкке табыс әкелу, әкелмейтіні белгісіз. Бұл тәуекелді болдырмауды баланста қарастыру мақсатында не істеу керек? Еңа алдымен, салымдар бойынша проценттерді өзгерту және банк баланстық активі мен пассиві бойынша проценттрді теңестіру қажет.



Құрылымдық тәуекел – бұл Пайыздық ставканың ауытқуымен байланысты ақша нарығындағы өзгерістерден туындаған банк балансы бойынша жалпы тәуекел.

Сәйкесінше, прценттік тәуекел проценттен алынған пайдаға және банктің жалпы балансына әсер етеді. Пайыздық тәуекелдің себептері:

Пайыздық мөлшерлеменің әр түрлілігінің (тұрақты, фиксирленген, қалқымалы, төмендетілген жәнет.б.) дұрыс таңдалмауы;

Пайыздық ставкалардың өзгеру мүмкіндігінің несиелік келісім артта толық есепке алынбауы;

Орталық банктің Пайыздық саясаттағы өзгертулері;

Банкте Пайыздық саясат стратегиясының жоқ болуы;

Несие құнын дұрыс анықтамау, яғни Пайыздық мөлшерлеменің көлемін.

Пайыздық мөлшерлеменің сипатына қарай келесідей түрлер ажыратылады:Қатаң процент тәуекелі;

өзгермелі процент тәуекелі;

есептен шығару тәуекелі (бағалы қағаздар бағамының өзгеруіне байланысты).

Қатаң процент тәуекелі – несие бойынша қатаң (фиксирленген) Пайыздық мөлшерлеме бекітілгенде, ал депозит және басқа да сатып алынатын ресурстар бойынша проценттер өзгеретін жағдайды туындайды. Берілген жағдайда несие бойынша процент тартылған қаражаттардың нарықтық проценттің өзгеруін ескермейді.

Проценттік тәуекелді болдырмау үшін коммерциялық банктерге төмендегілер қажет:

Несиелік келісім шарттарда ақша нарығының жаңа жағдайларына проценттің икемделу ережесін пайдалану;

баланс құрылымының өзгеруін басқару;

Проценттік тәуекелдің өтемақысын анықтау.

Егер баланс активінде проценттік тәуекел орын алса, онда пассивінде оың өтемақысы қарастырылуы қажет. Осы мақсаттар клиентпен максималды процент туралы келісім жасауы мүмкін.

Банктің тәжірибелік іскерлігінде аталған шараларды жүзеге асыру проценттік тәуекелді басқрудың арнайы (мақсатты) әдісін қолдану арқылы жүргізіледі. Проценттік тәуекелді басқарудың арнайы әдістеріне проценттік маржаны басқару және гәпті (айырмашылықты) басқару әдістері жатады.

Бір уақытта проценттік тәуекелді басқару мен хеджерлеу және проценттік фьючерстер концепциялары байланысты. Банктегі басқарудың (менеджмент) басты мақсаттарының бірі – бұл проценттік маржаны бақылау, яғни пайда әкелетін активтерден проценттік табыс пен міндеттемелер бойынша проценттік шығыс арасындағы маржаны бақылау. Маржадан басқа, активтерден алынған өлшенген орташа ставка мен міндеттемелері бойынша төленген өлшенген орташа ставка арасындағы айырмашылық болып табылатын спрэдке де көңіл бөлінеді. Бұл көрсеткіштердің екеуі де банктің табысы туралы есепте көрсетілуі тиіс. Берілген көрсеткіштер жоспарлау кезінде болжау әдістері арқылы анықталады. Сондай-ақ, проценттік тәуекелді басқару прцесінде GAP (айырмашылық) ескеріледі – берілген уақыт кезеңінде фиксирленген ставкамен пассив бойынша фиксирленген ставкамен банк активтері мен пассивтерінің шығындылығы немесе теңестірілмегендігі. Проценттік тәуекелді басқару әдістерін банктік операция, экономика, проценттік ставка нарығындағы өзгерістерді мұқият және тұрақты талдауды қажет етеді.

Инфляция жағдайында проценттік ставканы басқару активтер портфелінің мерзімі бойынша теңестірілуіне дайын болуы қажет. Бірақ бұл өте күрделі, егер банктің балансында фиксирленген және қалқымалы ставкамен активтер мен пассивтер бар болса. Сондықтан проценттік ставкалар өзгеруінің перспективасын бағалау қажет.

Мұндағы банктердің активі мен пассивін теңгерімді басқаруда ең маңыздысы бұл пайыздық тәуекелдерді басқару. Банктік тәжірибеде банктің таза пайдасына пайыздық тәуекелдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалауда мынадай тәсілдер қолданылады: пайыздық маржа деңгейін және динамикасын бағалау; Spread коэфиициентінің деңгейін және динамикасын бағалау; GAP талдауы; Дюрация; Имитациялық моделдеу.

Spread – бұл банктің активтері мен пассивтері пайыздық мөлшерлемелер арасындағы айырма, яғни ол төмендегі формуламен берілген:

 

Spread = iа - іп

 

мұндағы, iа – табыс әкелетін активтер бойынша пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі;

іп - банктің міндеттемелері бойынша төленетін пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі.

 

Сонымен қатар, спред арқылы бас банктен қарыз алған филиалдар мен бөлімшелердің қызметінің пайдалылығын бағалауға болады.

Пайыздық тәуекелді бағалаудың келесі тәсіліне GAP талдауы жатады.

GAP – үлгісінің формуласы төмендегідей:

 

GAP = RSA – RSL

 

мұндағы: GAP - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері мен пассивтерінің арасындағы айырма.

RSA - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері.

RSL - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк пассивтері.

 

Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтеріне мыналар жатады: қысқа мерзімді бағалы қағаздар; банкаралық несиелер; өзгермелі пайыз мөлшерлермесімен берілген қарыздар; пайыз мөлшерлересін қайта қарастыру көзделген келісімшартқа сай берілген қарыздар.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк пассивтерге мыналар жатады: өзгермелі пайыз мөлшерлемесімен тартылған депозиттер; өзгермелі пайыз мөлшерлемесі белгіленген бағалы қағаздар; банкаралық несиелер; пайыз мөлшерлемесін қайта қарастыру көзделген келісімшартқа сай тартылған депозиттер.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтер мен пассивтерді өзара салыстырғанда оң және теріс GAP пайда болады. Демек оң GAP тұсында пайыздық тәуекел егерде нарықта пайыз мөлшерлемесі төмендесе ғана пайда болады. Мұндай жағдайда менеджерлер тұрақты пайыз мөлшерлемесімен берілетін ұзақ мерзімді активтердің көлемін ұлғайтуға және сонымен бірге қысқа мерзімді сезімтал пассивтерді көбейтуге тиіс. Бұл шаралар активтер мен пассивтер арасындағы теңгерімсіздікті қалыпқа келтіріп, таза пайданың төмендеуін туындайтын шығынды азайтады. Теріс GAP тұсында пайыздық тәуекел, егер нарықта пайыз мөлшерлемесі жоғарылаған кезде пайда болады. Мұндай жағдайда банк менеджерлері пайданың пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне сезімталдығын өлшеуге тиіс.

 

 

Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамассыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі.

Банк өтімділігі- бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

Банктің міндеттемелерінің нақты және әлеуметті деп екіге бөледі. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал, әлеуетті немесе баланстан тыс міндеттемелерге:банктен берген кепіл хаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т.б. арқылы көрсетіледі.

Егер комерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытысында орындау үшін қолма қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өнімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталғын барлық міндеттемелерді,сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындай үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы: қолма қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады.

Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстарымен байланысты болмауы керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.

Банк өтімділігін мынадай қызметтерді атқарады:

Депозиттерді алу меннесиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;

Тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамассыз ету;

Активтерді зиянсыз сату;

Тартылған қаражаттары бойынша төлей алмай тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.

Банк өтімділігінің екі нысаны, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.

Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:

Банк капиталының базасы;

Банк активтерінің сапасы;

Депозиттердің сапасы;

Сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуекелдігі;

Мерзімі бойынша активтер мен пассиветердің өзара сәйкестігі;

Сауатты менеджмент;

Банктің жоғары дәрежелі беделі.

Банк капиталының базасы-бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сиппатайды. Меншіткті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әртүрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.

Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.

Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма қол ақшаларына айналу қабілеті.

Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Айналыс нысанындағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.

Активтер тәуекелі критерийиі, оларды ақшалай нысанға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады.Мысалы несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға байланысты.

Банк активтердің тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.

Активтердің табыстылығының критерийі ретінде:активтердің жұмыс жасау қабылеті, тиімділігі яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.

Активтердің диверсификациясы критерийі банк ресурстарын әртүрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресірстарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфельінің құрылымы, валюталар құрылымы;банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдық құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.

Банк өтімділігін анықтайтын фактор-банктің депозиттік базасының сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдар, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын

сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет ету сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал, мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтарды тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.

Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздерінің, яғни банкаралық несиелерге деген тәуекелдігімен сипатталады. Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкроттықа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуелділігі жоғары болса, онда лның бизнес үшін өз басының дамуы перспективаларының жоқтығын көрсетеді.

Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзімі мен сома бойынша сәйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктің клиенттер алдында міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдері сәйкес болуын білдіреді.

Менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады:

Банк саясатының болуы және оның мазмұны;

Стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;

Банктің активтері мен пассивтерін басқару механизімі;

Әр түрлі рәсімдердің нақты мазмұнын анықтау;

Білікті мамандардың болуы;

Қажетті ақпарат базасының болуы;

Банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы.

Банктің беделі де банк өтімділігін анықтайды. Жақсы беделі бар банк депозиттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамасыз ете алады.

Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:

Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;

Бағалы қағаздар нарығының дамуы;

Банкаралық несие нарығының дамуы;

Қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;

Орталық банктің қадағалау қызметінің тиімділігі.

Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінің тұрақтылығын қамтамассыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларынсыз банктердің тұрақты депозиттік базаны құруы, операциялардың рентабельдігіне қол жеткізуі, өз құралдарын дамытуы, активтерінің сапалығын жоғарылатуы және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес.

Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың оңтайлы вариантын қамтамасыз ете алады, себебі көптеген шетел мемлекеттерінде банктің активтерін ақшалай қаражаттарға тез арада айналдыру жолы қор нарығының жұмысымен байланысты.

Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі. Банк өз өтімділігін ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын, қаражаттарды тарта алады. Банкаралық коньюктураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына және банктің беделіне байланысты.

Орталық банктің қадағалау қызметінің тиімділігін өтімділікті басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы арасындағы қарым қатынас дәрежесін көрсетеді. ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық Банктің екінші деңгейіндегі банктер үшін өтімділіктің белгілі бір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар. Көрсеткіштер банктің өтімділік жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса, соғұрлым банктің өзі және қадағалау органы өтімділікпен байланысты проблеманы уақытысында шешуге мүмкіндігі бар.

Банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторлармен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің өтімділігі бірте бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әр түрлі үрдістермен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 159 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Охота 1. Разделиться на две команды. Первая команда бежит в костюмах Робин Гуда, издавая громкий свист. Вторая команда бежит через 2 минуты после старта первой в образе Красной Шапочки, спрашивая | Бренд ARTISTRY™ признает важность такого ценного ресурса, как время. Поэтому десятки лет мы проводим исследования в области разработки превосходных продуктов по уходу за кожей лица, на применение

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.036 сек.)