Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кск-302 –төменде көрсетілгенапталардың жҰма күні, сағ: 10. 25-12. 05 (100 минут)Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру пәнінен соӨж



КСК-302төменде көрсетілгенапталардың ЖҰМА күні, сағ: 10.25-12.05 (100 минут) "Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру" пәнінен СОӨЖ болады:
3, 5, 11 апта
– Аудиториялық 100 минуттан (2 тапсырмадан) 115- аудитория.
6, 11, 12 апта - Онлайн 3 тапсырмадан орындау (жалпы 9 сағат онлайн).

 

1. ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ «SYLLABUS

1.1. Семинар (тәжірибе) сабақтарына дайындалу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Тәжірибелік сабақтар барысында студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша практикалық мәселелер талқыланады, іс жүргізушілік актіллер толтырылады. Осы сабақтар негізінде студенттер өз бетінше келешектегі кәсіби мамандығы үшін маңызды құқықтық нормаларға сараптама жүргізу дағдыларын игеріп, таңдаған мамандығы бойынша тәжірибелік өмірдің қиындықтарына төзетін теңдестірілген дәстүрлі көзқарас қалыптастырады.

Семинар сабақтарына дайындалуда оқытушымен оқу курсының басында берілген силлабустағы тақырыптар бойынша дайындалу қажет.

Дәріс сабақтары 3-4 тақырып алдында жүретіндіктен, дәрістерде оқытушы семинар сабақтарында қарастырылуға жататын тақырыптың өзекті мәселелерін беріп отырады. Студенттер тек тақырыпты ғана емес, оның өзекті месәлелеріне өз бетінше материал тауып, дайындалуы тиіс.

Семинар сабақтарының нысандары әр түрлі болады: сұрақ-жауап, ауызша сұрау, конференция, пресс-конференция, дөңгелек үстел, кіші жарыстар және т.б. Бұл нысандардың түрін оқытушы алдын ала немесе сабақ үстінде ескертпестен қолдануы мүмкін. Сондықтан студенттер әр дайым қылмыстық іс жүргізу нормаларын біліп жүрулері шарт.

Семинар сабақтарында жоғары баллға ие болу үшін сабақтардан қалмау тиіс; үнемі белсенді қатысу қажет, яғни әр семинар сабақтарына тыңғылықты дайындалу, оқытушы тапсырған сұрақтарға уақытылы жауап бере білу немесе шеше білу қажет.

 

1.2. СОӨЖ бойынша тапсырмаларға әдістемелік ескертулер

 

Қазақстан Республикасының «Қылмыстық сот ісін жүргізу бойынша практикум» пәнінен КЮСП-201 және КМП-310, 303 топтары студенттерінің (студенттің) оқытушымен өзіндік жұмыс (СОӨЖ) тапсырмаларын орындау бойынша нұсқаулық ережелері топтың студенттерінің барлығына ортақ міндетті болып табылады.



2013-2014 ж.ж. оқу жоспарына сәйкес аталған пәннен 2 кредиттік жүйеде оқитындықтан, жалпы алғанда СОӨЖ 15 сағатты құрайды. Оның ішінде аудиторлық – 6, онлайн – 9 сағат. Төмендегі тапсырмалар сабақ кестесіне сәйкес СОӨЖ-ді рет-ретімен орындап, тапсыру үшін ұсынылған.

Топтың сабақ кестесіне аудиториялық СОӨЖ тапсырмалары сәйкес келсе, студенттің орындап келген жұмыстары ауызша қорғауға жатады. Ал, сабақ кестесіне онлайн СОӨЖ тапсырмалары сәйкес келсе, онда берілген сұрақтар толығымен ашылуы және тапсырманы тапсыру нысанының дұрыс орындалуы шарт.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасымен оқу жоспарына сәйкес жүргізілетін пәндер бойынша студенттердің онлайн СОӨЖ тапсырмаларын орындаудың және тапсырудың жалпы ережелері «Онлайн-СОӨЖ бойынша студенттерге арналған нұсқаулыққа» сәйкес (@gmail.com-да орындау) не оқытушының ұсынымына сәйкес (электронды тасымалдағышпен өткізу, қағаз түрінде қабылдау) жүргізіледі.

Онлайн СОӨЖ тапсырмаларды орындау мерзіміне байланысты төменде аталған ережелер сақталуы тиіс:

· СОӨЖ тапсыру аптасы, күні кестеге сәйкес, ал Онлайн СОӨЖ сабақ кестесіне сәйкес сағат 18.00-ға дейін (deadline) тапсырылуы қажет;

· Онлайн СОӨЖ-ды тапсыру кестесіне сәйкес тапсырмаған топ немесе студент келесі күннен 18.00-ға дейін (hard deadline) тапсыруына мүмкіндігі бар.

· Аталған жоғарыдағы мерзімнен кешіктіріп тапсырған (hard deadline) Онлайн СОӨЖ жұмыстары қабылдануға жане бағалануға жатпайды.

Бірінші 50 минуттың тапсырмасы: 1-Қосымшаны толтыру және дәріс бойынша және ҚІЖК-нен сұрақтар қою арқылы бағаланады.

Екінші 50 минуттың тапсырмасы: 2-Қосымшаны толтыру және дәріс бойынша және ҚІЖК-нен сұрақтар қою арқылы бағаланады.

Қосымшаның ЕСКЕРТпесін міндетті түрде оқыңыздар!

 

1-Қосымша

№____санды қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізудің жоспары

 

 

Қылмыстық істің қозғалған уақыты______________________________

Алдын ала терегеудің аяқталу мерзімі___________________________

Қылмыстық істің қысқаша фабуласы _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Іс бойынша ҚР ҚІЖК-нің 132-бабына сәйкес ұсталған сезіктілер мен ұстау уақыты____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Іс бойынша бұлтартпау шарасы қолданған уақыт және кімге қолданды____________________________________________________________________________________________________________________________

 

Анықтауға және дәлелдеуге жататын мән жайлар

Болжамдар мен тергеулік ахуалдар

Болжамдарды тексеру және қылмыстық іс бойынша жүргізілетін тергеу амалдары

Тергеулік амалдардың мерзімдері мен орындаушылар

Қылмыстық іс бойынша жүргізілетін процессуалдық іс әрекеттер

Процессуалдық әрекеттердің мерзімдері

ескертпелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕСКЕРТПЕ:

Бұл жоспарда әр студент жеке өзі қылмыстық фабула құрап, сол бойынша тергеу әрекетіне дайындық сатысында орындалуға жататын ұйымдастырушылық шаралар мен тактикалық шешімдер (тергеу әрекеті өткізілетін орын мен уақыт, тергеу әрекетіне қатысушы тұлғалар мен оларды таңдау, қолданылатын техникалық-криминалистикалық құралдар ж. т. б.), тергеу әрекетінің жұмыс сатысына жүзеге асырылатын тактикалық тәсілдер, тергеу әрекетінің аяқталуы сатысында орындалуға жататын амалдар көрсетілуі тиіс.

 

2-Қосымша

 

№______ санды қылмыстық іс бойынша (арыз немесе хабарлама келіп түскен уақыттан бастап қылмыстық іс қозғағанға дейінгі тергеу әрекетінің не іс шараның аты) тергеу әрекетінің жоспары

 

Сатылар

Орындалуға жататын іс шаралар мен тактикалық тәсілдер

Ескертпелер

Дайындық сатысы

 

 

Жұмыс сатысы

 

 

Қорытынды сатысы

 

 

 

 

ЕСКЕРТПЕ:

Бұл кестеде әр студенттің өз қылмыстық іс бойынша құраған фабуласы бойынша қылмыстық іс бойынша арыз немесе хабарлама келіп түскен уақыттан бастап қылмыстық іс қозғағанға дейін жүргізілетін тергеу әрекетінің не іс шаралардың біреуін таңдап бір күндік жоспарын жасайды. (Мысалы: оқиға болған жерді қарау не тергеу әрекеттерінен басқа іс шараның бір күндік жоспары)

Бір күндік жоспарда жүргізілетін тергеу әрекетінің не іс шаралардың орындалу мерзімдері (мысалы: түс уақытына дейін және одан кейін орындалатын іс әрекеттер), басқа да ұйымдастырушылық шаралар (мысалы: сұрау салу, түсініктеме алу, т.б.) көрсетілуі қажет.

 

 

1.4. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

 

Студенттердің білімін және сабаққа қатысуын бағалау критерийлері (сабақ түріне қарай):

1. Дәріс:

- дәріс сабағына келіп және жұмыс жасаса – 100% (дәріске келгені үшін бағаның үлесі сомалық есептеген кезде - 20% (100%х0,2) құрайды;

- дәріс сабағына келмесе – 0%.

2. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

- СӨЖ, СОӨЖ тапсырмасын сапалы және өз уақытында орындаса (модульдің силлабусына сәйкес) – 0-дан 100%-ға дейінгі аралықта бағаланады. Тапсырмалар СОӨЖ уақытысында тапсырылуы керек.

(СӨЖ тапсырмасын сапалы және өз уақытында орындау бағасының үлесі, аралық бақылау сомалық есептегенде - 80% (100%х0,8) құрайды. Тапсырмалар СОӨЖ уақытында тапсырылады.

Дәріске келу, СӨЖ тапсырудың орташа арифметикалық бағасы 100% сомаланып, ескеріледі (бір баға секілді).

3. Семинарлық (практикалық, лабораториялық) сабақтар:

- Семинар (практикалық, лабораториялық) сабақтарына келіп, жұмыс жасаса – 20%-дан 100%-ға дейін (осының ішінде семинарлық (практикалық, лабораториялық) сабақтарында келіп сабақ үстінде жәй отырғаны үшін – 20%);

- Семинар (практикалық, лабораториялық) сабақтарына келмесе – 0%.

Берілген модуль бойынша студенттердің білімін бағалау қорытынды бақылауды есептегенде баға 40%-ды құрайды.

 

Оқып білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері.

«А», «А» («өте жақсы») - егер оқып білім алушы бағдарламадағы материалды терең және мықты меңгерсе. Оны толық, сабақтастықпен, сауатты және қисынды айтып берсе, тапсырманың түрін өзгерткен кезде жауап беруге қиналмаса, алдыға қойылған міндеттерді еркін жүзеге асыра алса, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздесе, тәжірибелік жұмыстарды орындаудың жан-жақты дағдылары мен тәсілдерін игерген болса, материалдарды қате жіберместен, өздігінен айта алып, қорытынды жасай алса;

«В+», «В», «В-» («жақсы») - егер оқып білім алушы материалды нақты білсе, сауатты түрде оның негізгі мәнін айтып бере алса, сұраққа жауап беру кезінде түбегейлі дәлсіздіктерге жол бермесе, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсе және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қажетті дағдыларға ие болса;

«С+», «С», «С-», «Д+» («қанағаттанарлық») - егер оқып білім алушы материалды ғана меңгерсе, дәлсіздіктерге жол берсе, жеткілікті түрде дұрыстап қисынмен айта алмаса, бағдарламалық материалды баяндау сабақтастығын бұзса және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қиналса;

«Ғ» («қанағаттанарлықсыз») - егер оқып білім алушы бағдарламалық материалдың маңызды бөлігін білмесе, түбегейлі қателіктерге жол берсе, тәжірибелік жұмыстарды үлкен қиындықпен орындаса.

Емтихан бағасын қою процесінде оқытушы осы жоғарыда айтылған өлшемдерді басшылыққа алады.

А-дан А- -қа дейінгі, В- -дан В+ -ке дейінгі, Д-дан С+ -ке дейінгі ауытқу амплитудасындағы бағаларды таңдау оқып білім алушының білімі мен біліктілігінің жоғарыда берілген өлшемдеріне сәйкестік дәрежесімен анықталады.

 

Модуль бойынша қорытынды баға ағымдық үлгерім және қорытынды бақылау бағасын қосқанда шығады.

 

Білімді бағалаудың әріптік, сандық, пайыздық, дәстүрлі жүйе бойынша есептеудің кестесі:

 

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Сандық эквивалент баллы

%-тік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы

А

А-

4,0

3,67

95-100

90-94

өте жақсы

В+

В

В -

3,33

3,0

2,67

85-89

80-84

75-79

жақсы

С+

С

С-

Д+

Д

2,33

2,0

1,67

1,33

1,0

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

канағаттанарлық

F

 

0-49

канағаттанарлықсыз

 

Студенттің қорытынды бағасы (Қб) келесідей есептеледі:

Қ б. (%) = (А1+А2)/2*0,6+Е*0,4;

 

Бұл жерде:

А1- Бірінші аралық бақылау бағасы

А2 –Екінші аралық бақылау бағасы

Е-емтихан бағасы

Қ б.- қорытынды баға

 

Студенттерге қойылатын жалпы талаптар:

· Сабақ үстінде сөйлесіп, басқа тақырыптарға ақылдасуға болмайды;

· Ұялы телефондарды қолдануға, бір-біріне кедергі жасауға, ауиториядан шығуға болмайды;

Ø Жоғарыда аталған ережелер бұзылған жағдайда тиісті бағасынан 5% не 10% төмендетіледі, егер қайталанса аудиториядан шығарылуы мүмкін.

· Аудиторияға сыртқы киіммен кіруге болмайды;

· Сабаққа дәлелсіз себептермен кешігіп келсе, кіргізілмейді. Дәлелді себебі болса растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.

· Оқу процесінде белсенді қатысып, сонымен қатар курстың жеке тақырыптары бойынша қосымша әдебиеттер таңдана өзіндік қабілеттерін таныта білу керек;

· Себепсіз сабақтарды босатуға болмайды. Егерде себепті жағдайларға байланысты болса, онда себепті дәлелдейтін құжат ұсынуы керек. Сонымен қоса, оқытушы бекіткен уақытқа сәйкес сабақтар тапсырылады.

· Бекітілген уақытта тапсырмаларды орындамаған жағдайда, қорытынды баға келесі аптаға қалған жағдайда 10%-ға кемиді де, одан кейінгі уақыттарда қабылданбайды.

· Ұқыпты, жауапкершілікті қарым-қатынаста болу қажет; Әр-бір студент топпен жұмыс істей білуі керек.

· Ұжымдық жұмыстар нәтижесін ұсына білуі керек.

 

Апелляция процедурасы. Студент емтихан бағасымен келіспеген жағдайда, емтихан өткеннен кейін келесі күні 13 сағаттан кешіктірмей апелляция беруге құқылы. Апелляция беру өтініші жеке студенттің өзімен апелляциялық комиссия төрағасына беріледі. Осы мақсатпен емтихан сессиясы кезінде Жоғары мектеп директорының өкімімен емтихан сессиясына шығарылған профилді пәндерге сәйкес квалификациялы оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады. Өтініш апелляциялық комиссиямен өтініш берген күннен бастап, студенттің және оқытушы-экзаменатор қатысуымен 2 күн ішінде қарастырылады. Студент апелляция нәтижелерімен танысуына (ауызша немесе жазбаша) міндетті. Апелляция нәтижелері апелляциялық ведомостқа енгізіліп, пән бойынша қорытынды бағаға қосылады. Апелляциясыз емтихан бойынша бағалардың өзгеруіне жол берілмейді.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 48 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Интервалдау әдісімен шеш

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.026 сек.)