Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

5 курс Жалпы медицина факультетінің студенттеріне 1 страница



5 курс Жалпы медицина факультетінің студенттеріне

«Клиникалық онкологияның негізгі сұрақтары» - атты тақырып бойынша

электив сабағынан тест сұрақтары

 

1. “Ісік ауруларының” біріншілік алдын-алу шараларына сәйкес келетін дұрыс анықтаманы таңдаңыз:

А. ісік алды аурулары бар науқастарды анықтау және емдеу

Б. қатерлі ісіктерді ерте анықтау

В. тұрғындар арасында салауатты өмір салты туралы сан-ағарту жұмыстарын жүргізу

Г. + канцерогендердің әсерін анықтау және жою

Д. ісік ауруларын уақтылы, кешенді емдеу

 

2. “Ісік ауруларының” екіншілік алдын-алу шараларына сәйкес келетін дұрыс анықтаманы таңдаңыз:

A. + ісік алды аурулары бар науқастарды анықтау және емдеу

B. қатерлі ісіктерді ерте анықтау

C. тұрғындар арасында салауатты өмір салты туралы сан-ағарту жұмыстарын жүргізу

D. канцерогендердің әсерін анықтау және жою

E. ісік ауруларын уақтылы, кешенді емдеу

 

3. Ісік ауруларының біріншілік алдын-алу шараларымен кімдер айналысады?

А. онколог-дәрігерлері

Б. жалпы емдеу мекемелерінің дәрігерлері

В. микробиологтар

Г. + санэпидстанция дәрігерлері

Д. ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері

 

4. Ісік ауруларының екіншілік алдын-алу шараларымен кімдер айналысады?

А. онколог-дәрігерлері

Б. + жалпы емдеу мекемелерінің дәрігерлері

В. микробиологтар

Г. санэпидстанция дәрігерлері

Д. ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері

 

5. Ісік ауруларын анықтаудың ең тиімді жолын таңдаңыз:

А. профилактикалық қарау

Б. өздігінен дәрігерлерге келіп қаралуы

В. кездейсоқ анықтау

Г. скайнскопия

Д. + скрининг-әдісі

 

6. Ісік ауруларын анықтаудың ең тиімсіз жолын таңдаңыз:

А. профилактикалық қарау

Б. + өздігінен дәрігерлерге келіп қаралуы

В. кездейсоқ анықтау

Г. скайнскопия

Д. скрининг-әдісі

 

7. Ісік ауруларын алғашқы рет анықтаған кезде дәрігер қандай құжат толтыруы керек?

А. үлгі № 27-2-У

Б. үлгі № 30-6У

В. үлгі № 27-1-У

Г. + үлгі № 90У

Д. үлгі № 6

 

8. Дәрігер алғашқы рет анықталған ”ерте даму сатысындағы рак“ диагнозымен науқасты ауруханадан шығарғанда қандай құжаттарды толтыруы керек?



А. + үлгі № 27-1-У

Б. үлгі № 30-6У

В. үлгі № 27-2-У

Г. үлгі № 25-У

Д. үлгі № 29-У

 

9. Дәрігер алғашқы рет анықталған ”IV даму сатысындағы рак“ диагнозымен науқасты ауруханадан шығарғанда қандай құжаттарды толтыруы керек?

А. үлгі № 27-1-

Б. +үлгі № 27-2-у

В. үлгі № 29-У

Г. үлгі № 30-у

Д. үлгі № 25-у

 

10. Ісік ауруларын клиникалық топтары бойынша жіктеу не үшін қажет?

А. дәрігердің жалпы кәсіби дайындығын жоғарылату үшін

Б. + ісік ауруы бар науқастарды бақылау және емдеу тактикаларын жасау үшін

В. ісік ауруы бар науқастардың құжатын дұрыс толтыру үшін

Г. реабилитация әдісін дұрыс таңдау үшін

Д. диагностика әдісін таңдау үшін

 

11. Бірінші “А” клиникалық тобына жататын науқастар:

А. арнайы емді қажет ететін алғашқы рет анықталған ісік ауруы бар науқастар

Б. арнайы ісікке қарсы ем алған және ремиссия жағдайындағы «уақытша сауыққан» ісік ауруы бар науқастар

В. ісік алды ауруы бар науқастар

Г. + ракқа күмәнді науқастар

Д. симптоматикалық емді қажет ететін науқастар

 

12. Бірінші “Б” клиникалық тобына жататын науқастар:

А. арнайы емді қажет ететін алғашқы рет анықталған ісік ауруы бар науқастар

Б. арнайы ісікке қарсы ем алған және ремиссия жағдайындағы «уақытша сауыққан» ісік ауруы бар науқастар

В. + ісік алды ауруы бар науқастар

Г. ракқа күмәнді науқастар

Д. симптоматкалық емді қажет ететін науқастар

 

13. Екінші клиникалық топқа жататын науқастар:

А. + арнайы емді қажет ететін алғашқы рет анықталған ісік ауруы бар науқастар

Б. арнайы ісікке қарсы ем алған және ремиссия жағдайындағы «уақытша сауыққан» ісік ауруы бар науқастар

В. ісік алды ауруы бар науқастар

Г. ракқа күмәнді науқастар

Д. симптоматикалық емді қажет ететін науқастар

 

14. Үшінші клиникалық топқа жататын науқастар:

А. арнайы емді қажет ететін алғашқы рет анықталған ісік ауруы бар науқастар

Б. + арнайы ісікке қарсы ем алған және ремиссия жағдайындағы «уақытша сауыққан» ісік

ауруы бар науқастар

В. ісік алды ауруы бар науқастар

Г. ракқа күмәнді науқастар

Д. симптоматикалық емді қажет ететін науқастар

 

15. Төртінші клиникалық топқа жататын науқастар:

А. арнайы емді қажет ететін алғашқы рет анықталған ісік ауруы бар науқастар

Б. арнайы ісікке қарсы ем алған және ремиссия жағдайындағы «уақытша сауыққан» ісік ауруы бар науқастар

В. ісік алды ауруы бар науқастар

Г. ракқа күмәнді науқастар

Д. +симптоматикалық емді қажет ететін науқастар

 

16. Ракқа күмәнданғанда дәрігердің тактикасы қандай?

А. бір жылдың ішінде тексеру

Б. бір айдың ішінде тексеру

В. бірден онкологиялық мекемеге жіберу

Г. бір айдың ішінде тексеріп, содан соң онкологиялық мекемеге жіберу

Д. + 10 күннің ішінде тексеріп, содан соң онкологиялық мекемеге жіберу

 

17. Облигатты рак алды ауруын анықтағанда дәрігердің тактикасы қандай?

А. № 90-У үлгісін толтырып, дереу онкологиялық диспансерге жатқызу

Б. онкологиялық ауру ретінде есепке алып, №30-У үлгісін толтыру және 5 жыл бойы ем жүргізу

В. бір жыл ішінде әр ай сайын бақылау және емдеу

Г. + есепке алып, емдеп және 2 жыл бойы әр 3 ай сайын бақылау

Д. есепке алып, емдеп және 24 ай бойы әр 6 ай сайын бақылау

 

18. Факультативті рак алды ауруын анықтағанда дәрігердің тактикасы:

А. № 90-У үлгісін толтырып, дереу онкологиялық диспансерге жатқызу

Б. онкологиялық ауру ретінде есепке алып, №30-У үлгісін толтыру және 5 жыл бойы ем жүргізу

В. бір жыл ішінде әр ай сайын бақылау және емдеу

Г. есепке алып, емдеп және 2 жыл бойы әр 3 ай сайын бақылау

Д. + есепке алып, емдеп және 24 ай бойы әр 6 ай сайын бақылау

 

19. Ісік ауруына түбегейлі ем жүргізілген науқасты стационардан шығарғанда, районколог дәрігерінің тактикасы қандай болады?

А. № 90-У үлгісін толтырып, 1-ші жылы әр 6 ай сайын, 2-ші жылдан бастап 3 жылға дейін жылына 1 рет бақылау

Б. № 30-У үлгісін толтырып, IV-ші клиникалық топ бойынша бақылау

В. № 27-2 У үлгісін толтырып, III-ші клиникалық топ бойынша бақылау

Г. + № 30-6\У үлгісін толтырып, III-ші клиникалық топ бойынша бақылау

Д. № 90-У үлгісін толтырып, 3 жыл бойы әр 1 ай сайын бақылау, содан соң әр 3 ай сайын өмір бойы бақылау

 

20. Ісік ауруының асқынып кеткен түрімен емделген науқасты стационардан шығарғанда, дәрігердің тактикасы қандай болады?

А. науқасты 1 “А” клиникалық топқа тіркеп, шара қабылдау

Б. арнайы ісікке қарсы ем жүргізіп, әр ай сайын бақылау

В. науқасты III- клиникалық топқа тіркеп, бақылау

Г. + тұрғылықты жерінде симптоматикалық ем жүргізу

Д. науқасты 1 “Б” клиникалық топқа тіркеп, бақылау

 

21. Бүйрек рагында кездеспейтін гистологиялық түрін көрсетіңіз:

А. Ашық түсті жасушалы рак (гипернефроидты рак)

Б. Бездік рак

В. + Ауыспалы жасушалы рак

Г. Ұршық тәрізді жасушалы рак

Д. Дәнді жасушалы рак

 

22. Бүйрек рагында кездеспейтін гистологиялық түрін көрсетіңіз:

А. Ашық түсті жасушалы рак (гипернефроидты рак)

Б. Бездік рак

В. Дәнді жасушалы рак

Г. Ұршық тәрізді жасушалы рак

Д. + Жалпақ жасушалы рак

 

23. Бүйрек рагына тән гистологиялық түрін көрсетіңіз:

А. + Ашық түсті жасушалы рак (гипернефроидты рак)

Б. Шырышты рак

В. Ауыспалы жасушалы рак

Г. Жалпақ жасушалы рак

Д. Ұсақ жасушалы рак

 

24. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы бүйрек рагының классикалық үштігіне жатады?

А. Артериалық гипертензия

Б. + гематурия

В. дене қызуының 380 C жоғарылауы

Г. екіншілік эритроцитоз

Д. гиперкальциемия

 

25. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы бүйрек рагының классикалық үштігіне жатады?

А. Артериалық гипертензия

Б. гиперкальциемия

В. варикоцеле

Г. екіншілік эритроцитоз

Д. + ісіктің қолға сезілуі

 

26. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы бүйрек рагының классикалық үштігіне жатады?

А. Артериалық гипертензия

Б. гиперкальциемия

В. дене қызуының 380 C жоғарылауы

Г. екіншілік эритроцитоз

Д. + ісіктің қолға сезілуі

 

27. Төмендегілердің қайсысы экстрареналды белгілерге жатады?

А. варикоцеле

Б. бүйрек тұсындағы ауру сезімі

В. гематурия

Г. + артериалық гипертензия

Д. ісіктің қолға сезілуі

 

28. Төмендегілердің қайсысы экстрареналды белгілерге жатады?

А.. варикоцеле

Б. + дене қызуының 380 C жоғарылауы

В. гематурия

Г. бүйрек тұсындағы ауру сезімі

Д. ісіктің қолға сезілуі

 

29. Төмендегілердің қайсысы экстрареналды белгілерге жатады?

А. гематурия

Б. бүйрек тұсындағы ауру сезімі

В. + гиперкальциемия

Г. варикоцеле

Д. ісіктің қолға сезілуі

 

30. Төменде көрсетілгендердің қайсысы бүйрек рагын анықтауда қолданылмайды?

А. бүйректі УДЗ - зерттеу

Б. + цистоскопия

В. экскреторлы урография

Г. іш пердесі артындағы кеңістік ағзаларына КТ – зерттеу.

Д. лабораторлық зерттеу әдістері (ЖҚА, ЖЗА)

 

31. Бүйрек рагын анықтауда ең тиімді әдісті көрсетіңіз?

А. ангиография

Б. цистоскопия

В. экскреторлы урография

Г. + іш пердесі артындағы кеңістік ағзаларына КТ – зерттеу.

Д. лабораторлық зерттеу әдістері (ЖҚА, ЖЗА)

 

32. Бүйрек рагын анықтауда ең тиімді әдісті көрсетіңіз?

А. + бүйректі УДЗ - зерттеу

Б. лабораторлық зерттеу әдістері (ЖҚА, ЖЗА)

В. экскреторлы урография

Г. цистоскопия

Д. ангиография

 

33. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы бүйректің функционалдық қабілетін анықтау үшін қолданылады?

А. бүйректі УДЗ - зерттеу

Б. цистоскопия

В. + экскреторлы урография

Г. іш пердесі артындағы кеңістік ағзаларына КТ – зерттеу.

Д. лабораторлық зерттеу әдістері (ЖҚА, ЖЗА)

 

34. Бүйрек рагын емдеудегі ең тиімді әдісті көрсетіңіз?

А. + нефруретроэктомия + иммунохимиотерапия

Б. химиосәулелік ем

В. полихимиотерапия

Г. химиоиммунотерапия

Д. гормонотерапия + сәулелік ем

 

35. Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы қуық рагының дамуына жиі алып келеді?

А. майлы тамақты жиі қолдану

Б. артериалық гипертензия

В. ішімдікті пайдалану

Г. гормоналды дисбаланс

Д. + уростаз

 

36. Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы қуық рагының дамуына жиі алып келеді?

А. + анилинді бояғыштар

Б. гиподинамия

В. ішімдікті пайдалану

Г. гормоналді дисбаланс

Д. афлотоксиндер

 

37. Төмендегі клиникалық белгілердің қайсысы қуық рагында кездеседі?

А. +гематурия

Б. артериалық гипертензия

В. жүрегі айынып, құсу

Г. дене қызуының жоғарылауы

Д. варикоцеле

 

38. Төмендегі клиникалық белгілердің қайсысы қуық рагында жиі кездеседі?

А. ісіктің қолға сезілуі

Б. артериалық гипертензия

В. + дизурия

Г. дене қызуының жоғарылауы

Д. варикоцеле

 

39. Төмендегі клиникалық белгілердің қайсысы қуық рагында кездеспейді?

А. гематурия

Б. ішінің ауыруы

В. дизурия

Г. +варикоцеле

Д. зәрдің шықпай қалуы

 

40. Төмендегі әдістердің қайсысы қуық рагын анықтағанда қолданылмайды?

А. Қуықты УДЗ-мен зерттеу

Б. Қуықты КТ-мен зерттеу

В. экскреторлы урография

Г. +ирригоскопия

Д. цистоскопия жасап биопсия алу

 

41. Қуық рагын анықтағанда мәліметі аз әдісті көрсетіңіз?

А. Қуықты УДЗ-мен зерттеу

Б. Қуықты КТ-мен зерттеу

В. қуықтың шайындысын цитологиялық тексеру

Г. +лапароскопия

Д. цистоскопия жасап биопсия алу

 

42. Қуық рагын морфологиялық түрде дәлелдеу үшін қандай әдіс қолданылады?

А. ретроградты цистография

Б. + қуықтың шайындысын цитологиялық тексеру

В. кіші жамбас астауының аағзаларын УДЗ-ден өткізу

Г. экскреторлы урография

Д. екіжақтық төменгі жамбастық лимфография

 

43. Қуық рагын морфологиялық түрде дәлелдеу үшін қандай әдіс қолданылады?

А. +цистоскопия жасап күдікті жерден биопсия алу

Б. экскреторлы урография

В. кіші жамбас астауының аағзаларын УДЗ-ден өткізу

Г. Қуықты КТ-мен зерттеу

Д. екіжақтық төменгі жамбастық лимфография

 

44. Қуық рагы кезінде қандай емдеу әдісі қолданылмайды?

А. хирургиялық әдіс

Б. сәулелік ем

В. БЦЖ терапия

Г. + гормондық терапия

Д. полихимиотерапия

 

45. Холангиоцеллюлярлы рак көбінесе кімде пайда болады?

А. Әйелдерде

Б. Ерлерде

В. Жас балаларда

Г. + Әйелді де, еркекті де бірдей зақымдайды

Д. Дұрыс жауабы жоқ

 

46. Асциттік сұйықтықтың жиналуы неге байланысты?

А. Билирубин деңгейінің жоғарылауына

Б. Трансаминазалар жоғарылауының бұзылысына

В. + Іш пердесінде ісік жасушаларының диссеминациясына

Г. Жақын маңда орналасқан мүшелер мен тіндерге ісіктің таралуына

Д. Бауыр артериясының тромбозы немесе қысылуына

 

47. Көрсетілген белгілердің қайсысы бауыр рагіне тән?

А. Пальпация жасағанда ауру сезімі жоқ

Б. + Гепатомегалия

В. Бауырдың шеті қабырға доғасының деңгейінде

Г. Бауырдың шеті тегіс

Д. Сол жақ қабырға астында ауру сезімі

 

48. Бауыр рагінде ауру сезімінің орналасқан жері

А. + Оң жақ қабырға асты

Б. Сол жақ қабырға асты

В. Кіндік маңы аймағында

Г. Бел омыртқа аймағында

Д. Іш қуысының төменгі бөлігінде

 

49. Бауыр ісігінің орналасқан жері

А. Тек оң жақ жартысы

Б. +Оң жақ жартысы немесе бауырдың екі бөлігін де зақымдайды

В. Сол жақ жартысы немесе бауырдың екі бөлігін де зақымдайды

Г. Тек сол жақ жартысы

Д. Барлық жауабы дурыс

 

50. Келтірілген гистологиялық нұсқалардың қайсысы бауыр рагінде кездеседі?

А. Аралас

Б. Холангиоцеллюлярлы

В. + Гепатоцеллюлярлы

Г. Дифференцияланбаған

Д. Түтікшеішілік

 

51. Егер біріншілік бауыр рагі бауыр жасушаларынан дамыса, онда ісіктің гистологиялық құрылымы қалай аталады?

А. Холангиоцеллюлярлы

Б. Түтікшеішілік

В. Аралас

Г. Жіпше тәрізді

Д. + Гепатоцеллюлярлы

 

52. Бауыр рагінің мүшелерден тыс метастаздану жолына қайсысы жатады?

А. +Лимфогенді

Б. Гематогенді

В. Аралас

Г. Мүшеішілік

Д. Барлық жауабы дұрыс

 

53. Гепатоцеллюлярлы бауыр рагінің пайда болуына әсер ететін фактор

А. Квашиоркор ауруы

Б. Созылмалы гастрит

В. Вирусты папилломаның тасымалдаушысы

Г. +Афлотоксинмен ластанған тағам пайдалану

Д. Созылмалы описторхоз

 

54. Қай фактор гепатоцеллюлярлы бауыр рагінің пайдаболуына әсер етпейді?

А. +Созылмалы описторхоз

Б. Вирусты В гепатит қоздырғышы

В. Ет тағамдарын коп пайдалану

Г. Алкоголь

Д. Вирусты А гепатит қоздырғышы

 

55. Холангиоцеллюлярлы бауыр рагінде қауіп тобына жатады

А. Алкогольдік бауыр рагімен ауыратын науқастар

Б. Вирусты В гепатит қоздырғышы

В. Созылмалы алкоголизммен ауыратындар

Г. Зиянды әдеті бар адамдар

Д. +Созылмалы описторхозы бар науқастар

 

56. Дүние жүзі бойынша бауыр рагі қай жерде көп тіркелген?

А. Оңтүстік Еуропада

Б. Орталық Азияда

В. Батыс Америка

Г. + Оңтүстік Африка

Д. Шығыс Аустралия

 

57. Келтірілген симптомдардың ішінде қайсысы бауыр рагінде кездеспейді?

А. Лихорадка

Б. Сарғаю

В. Портальді гипертензия симптомдары

Г. Гепатомегалия

Д. + Горнер синдромы

 

58. Көрсетілгендердің ішінде қайсысы токсикалық, мутагенді және промоторлық әсер көрсетеді?

А. Билирубин

Б. + Екіншілік өт қышқылы

В. Фосфолипидтер

Г. Біріншілік өт қышқылдары

Д. Холестерин

 

59. Гепатоцеллюлярлы бауыр рагі көбінесе кімде кездеседі?

А. +Ерлерде

Б. Жас балаларда

В. Әйелдерде

Г. Әйелді де, ерлерді де бірдей зақымдайды

Д. Барлық жауабы дұрыс

 

60. Келтірілген белгілердің қайсысы бауыр рагіне тән емес?

А. Асцит

Б. Сарғаю

В. +Гепатомегалия

Г. Нәжістін бұзылысы

Д. Портальді гипертензия

 

61. Қай симптом бауыр рагінің біріншілік белгісіне жатады?

А. + Тәбеттің төмендеуі

Б. қыжыл

В. Әлсіздік

Г. Нәжістің бұзылысы

Д. Портальді гипертензия

 

62. Келтірілген белгілердің қайсысы бауыр рагіне тән?

А. Ортнер симптомы

Б. + Бауырдың қабығының бүдірленуі

В. Бауыр шеті тегіс

Г. Пальпация жасағанда ауру сезімі жоқ

Д. Курвуазье симптомы

 

63. Бауыр рагі кезінде қай лимфа түйіні көбірек зақымданады?

А. Көкірек аралық лимфа түйіндері

Б. Қолтық асты лимфа түйіндері

В. Шап аймағы лимфа түйіндері

Г. + Бауыр-он екі елі ішек байламындаорналасқан лимфа түйіндер

Д. Қолқа маңы лимфа түйіндері

 

64. Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы бауыр рагін емдеуде тиімді болып табылады?

А. Сәулелік терапия

Б. Химиотерапия

В. +Хирургиялық ем

Г. Иммунотерапия

Д. химиосәулелік терапия

 

65. Асқазан асты рагінің себебіне жатпайды

А. Темекі тарту

Б. Майлы және етті тағам пайдалану

В. + Жеміс жидектер мен көкөністер пайдалану

Г. Созылмалы панкреатит

Д. Қантты диабет

 

 

66. Ұйқы безі басының рагінде аз дәрежеде болатын симптом

А. терінің сарғаюы

Б. Курвуазье симптом

В. Бауырдың ұлғаюы

Г. Труссо симптомы

Д. + гипертермия

 

67. Ұйқы безі басының рагінде биохимиялық өзгерістер?

А. Билирубиннің жоғарылауы

Б. Холестериннің жоғарылауы

В. Трансаминазаның жоғарылауы

Г. +Қышқылды фосфотазаның жоғарылауы

Д. Гепариннің сынамасының жоғарылауы

 

68. Ұйқы безі басының рагінде аз дәрежеде болатын симптом?

А. Сарғыштанудың үдеуі

Б. Эпигастрий аймағындағы ауру сезімі

В. Арықтау

Г. Жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі

Д. Іш қату

 

69. Ұйқы безі денесінің рагінде аз дәрежеде болатын симптом?

А. Ауру сезімі

Б. Арықтаудың үдеуі

В. Жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі

Г. +Нәжісінде қан жағындыларының болуы

Д. Труссо симптомы

 

70. Бауырдан тыс өт жолдарының рагінде жиі болатын симптом?

А. Өзін жақсы сезіну

Б. Үдемелі сарғыштану

В. Терілік қышыну

Г. Билирубиннің жоғарлауы

Д. +Тәбеттің төмендеуі

 

71. Ұйқы безі рагінің радикальді емдеу тәсілі?

А. +Хирургиялық ем

Б. Сәулелік терапия

В. Полихимиотерапия

Г. Гормонотерапия

Д. Радикльды емі жоқ

 

72. Ұйқы безі рагі кезіндегі арнайы онкомаркер болып табылады?

А. Карбогидратты антиген

Б. Хориондық гонадотропин

В. Альфафетопротеин

Г. Лактатдегидрогиназа

Д. Р-53 генінің мутациясы

 

73. Үдемелі сарғыштану рактің қай түріне тән?

А. Өт қапшыгының

Б. Ұйқы безі басының

В. Ұйқы без денесінің

Г. Ұйқы без құйрығының

Д. Ешқандай рактің түріне тән емес

 

74. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында өңеш рак ауруларынан бірінші орын алатын облыс?

А. Алматы

Б. + Қызылорда

В. Ақтөбе

Г. Ақмола

Д. Шығыс Қазақстан

 

75. Өңеш рагын кардиоспазымнан ерекшелейтін негізгі клиникалық белгілер?

А. Кеуде тұсындағы ауыру сезімі

Б. Қыжыл

В. Гиперсаливация, құсу

Г. Парадоксальды дисфагия

Д. + Өспелі дисфагия

 

76. Симптоматикалық операция, операцияға жарамсыз өңеш рагінде қолданылады?

А. Гэрлока операциясы

Б. Льюиса операциясы

В. Добрамыслова – Торека операциясы

Г. + Гастростомия

Д. Геллер бойынша эзофагокардиопластикаоперациясы

 

77. Өңеш рагі кезіндегі радикалды хирургиялық араласу:

А. гастростамия

Б. интубация

В. диафрагмакурортамия

Г. қорытынды эзофагодуоденоанастамоз

Д. + Льюиса операциясы

 

78. Өңеш рагін емдеу тәсілі:

А. радикалды операция

Б. паллиативті операция

В. +химиялық,сәулелік терапия

Г. Иммунотерапия

Д. Симптоматикалық

 

79. Вирхов метастазы орналасады

А. Бауырда

Б. Тік ішік – көпіршікті қыртыста

В. +сол жақ бұғана астына

Г. ана безде

Д. өкпеде

 

80. Өңеш рагі стенозының таралу жиілігін жақсы анықтайтын әдіс

А. өңеш радиометрі

Б. + контрастты барии мен рентгенологиялық зерттеу

В. өңештің тыныс алу рентгенографиясы

Г. бронхоскопия

Д. өңеш УДЗ

 

81. Науқаста кеуденің төменгі үштен бір бөлігінде өңеш рагі. Ісік, үлкендігі 4 см, метастаз жоқ. Емдеу түрі:

А. Герлок операциясы

Б. +Льюиса операциясы

В. сәулелік терапия

Г. химиотерапия

Д. химиялық, сәулелік терапия

 

82. Рак кезіндегі дисфагия сипатталады:

А. парадоксальды дисфагия

Б. 1 тәуліктегі науқастың нервтік статусына байланысты дисфагия

В. +дисфагияның біржақты емес өршеуі

Г. антиспазмалитикалық заттарды қолданғанда дисфагияның жоғалуы


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 55 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.085 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>