Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адам күнделікті қарым-қатынасқа түседі. Сегіз сағат жұмыста, одан әрі – тағы өміріміздің сегіз сағатын достарымызбен,



Кіріспе

 

Адам күнделікті қарым-қатынасқа түседі. Сегіз сағат жұмыста, одан әрі – тағы өміріміздің сегіз сағатын достарымызбен, туған-туысымызбен өткіземіз. Орташа алғанда күннің он алты сағаты қатынсақа толы.

Қарым-қатынас – екі немесе оданда көп адамдардың қатынас жасауы, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.

 

Адамдар өздерінің немесе өзгелердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бір-бірлерімен қарым-қатынас жасайды. Ол вербалды, сондай-ақ вербалды емес қарым-қатынас. Осының негізінде, қарым-қатынас адам өміріндегі маңызды аспектілердің бірі болып табылады.

Адам қоғамнан тысөмір сүрмейді. Адамның толыққанды тұлға ретінде қалыптасуы үшін қарым-қатынсақа түсудің түрлі қыр-сырын үйренеді.

Адамдар арасындағы қатынастың екі негізгі түрі бар. Олар: вербалды және вербалды емес. Бұл жүйелерді меңгере отырып, адамның шынайы көз қарасы мен көздеген мақсатын білуге болады. Әсіресе, журналистер қоғамы үшін маңызы зор.

 

 

Мазмұны

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Вербалды қарым-қатынас.

2. Вербалды емес қарым-қатынас.

- Оның түрлері

- Проксемика.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Леонтьев А.А. Лекция как общение. – М.: (Общество «Знание»), 1974 – 39 с.

 

2. Горянина В.А. Психология общения: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений/-3 изд., стер. –Москва: Издательский центр Академия, 2005. -415 с.

 

3. Немов. Основы психологического консультирования: Учеб. для студ. педвузов. –Москва: Гуманист идз. центр ВЛАДОС, 2000. -528 с.

 

4. Аллан Пиз, Барбара Пиз. Язык телодвижений. Расширенная версия; [пер. с англ. Т. Новиковой]. – Москва: Эксмо, 2009. – 464 с.: ил.

 

5. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. –А.: Рауан. 1996. -64 б.

 

6. Смирнова Е.Е.. Психология общения: Курс для тарших классов средней школы. – СПБ: КАР

Парыгин Б.Д. Анатомия общения. – СПб, 1999.

 

 

Сүлейман Демирель Университеті

 

СӨЖ

Тақырыбы: «Вербалды және вербалды емес коммуникация»



 

Тексерген: Рахат Ахмет

Орындаған: Үмітжан Әбділдаева

 

Алматы – 2014 жыл

 

Вербалды қарым-қатынас

 

 

Алғашында, әрине, сөз емес, ой, бейне пайда болды. Бірақ ой өзгелерге түсінікті болуы үшін оны сөзбен бейнелеуге тура келді. Кез келген саналы адам үшін ұғым оның атауы пайда болғанда ғана түсінікті болады. Адам үшін қарым-қатынастың ең универсалды түрі – тіл. Тіл – бұл негізгі жүйе. Ол коммуникация құралы, тіл арқылы біз ақпаратты кодтаймыз.

Сөздің көмегімен біз құбылыстарды түсіндіреміз. Өзіміздің ойымыз бен позициямызды жеткіземіз. Адам, адамның санасы мен оның тілі – мызғымас. Көпшілік тілге ауаретінде қарайды. Біз оны қолданамыз, бірақ, кейде байқамай жатамыз. Тіл кейде ойдан да жүйрік. Адам байқамай бірдеме айтып қалуы мүмкін, немесе «сандырақтап», «оттап» та жатады. Бұның барлығы да қорщаған адамдардың бойына белгілі бір нұсқаулар орнатады. Бұл өнерді өзінің сөзіне иландыра білетін тұлғалар меңгерген. Теледидардан берілетін сөз сөйлеу, үлкен ортадағы пікір-талас, тіпті, қарапайым күндегі диалог үшін бұл өнерді қолданып жатады.

 

Бірақ коммуникацияның әр этапында тосқауылдар болады. Аталмыш тосқауылдар нәтижеге кері әсерін көрсетеді. Олар әдетте жалпы адам табиғатына, адам қатынасына тән.

 

Бұған мысал кедтіре отырайық. Бұзақылардың соққысына ұрынған адармдарға: «Көмектесіңдер!» деп емес, «Өрт!» деп айғайлауға кеңес беріледі.

 

Мүлдем әр түрлі ұғымды бірдей сөзбен атағанда адамдар арасындағы өзара түсіністіктің алдамшы иллюзиясы пайдаболады. Семантикалық – мағыналық тосқауылдар әлеуметтік, мәдениеттік, психологиялық себептермен пайда болуы мүмкін.

 

Адамдардың қажеттіліктері индивидуалды болғандықтан олар, тіпті, жақсылық пен жамандық сияқты қарапайым ұғымдарды талқыға салғандада тіл таппауы мүмкін. Кросс-мәдениеттік айырмашлықытар араб немесе азиаттық өмірге тап болған европейлік азаматты мәдени шокқа тежейді.

 

Адамдардың қатынасы ақпаратты кодтаудағы

/ диалог жүргізушілердің діни, саяси, кәсіби ерекшелігін ескермесе/ қателіктер мен шалыстардың салдарынан бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар адамдардың коммуникациясы үшін стиль, контекст, подтекст сияқты ұғымдар өте маңызды.

 

Сіздің айтқан сөзіңіз ойыңыздың тура мағынасын жеткізбеуі мүмкін. Мысалы, күйеуі ертең көпшілік алдында сөз сөйлейтінін хабарласа, әйелі бірден оның ертеңгі киімін үтіктей жөнеледі.

 

Әлемнің бірнеше тілінде сөздің жекеше және көпше түрімен қатар екілік мағына беретін сөздер /СЕН + МЕН/, кейбір тілде /мысалы ағылшын тілінде/ сөздерде мүлдем жыныстық айырма жоқ, кей солтүстік елде қарды сипаттайтын отызға жуық сөз бар екен-мыс. Индеецтер өзі туралы үшінші жақта сөйлеп, өзін тайпаның ажырамас бөлігі етіп көрсетеді, ал олардың басшысы өзі туралы көпше түрде сөйлейді екен. Бұның барлығы - тілдің коммуникативті белгілері. Бұл белгілер кейде бір тілден екінші тілге аударуды мүлдем мүмкін етпейді. Әсіресе сол тілдің идиоматикасы мен мәдени реалидің аналогі басқа мәдениетте жоқ болса түсіну біраз қиындық тудырары сөзсіз.

 

Вербалды коммуникация жүйелік белгісі ретінде сөйлеуді қолданады. Яғни бойына екі принципті сіңірген: лексикалық әрі синтакстік. Сөйлеу – коммуникацияның ең универсалды тәсілі болып табылады. Себебі сөйлеу кезінде негізгі мағына жоғалмайды.

 

Сөйлеу арқылы ақпараттың кодталады, декодталады: коммуникатор ақпаратты кодтайды, ал реципиент декодтайды. Ақпарат хабарлаушының бірізділігі мен жүйелігі зерттелген болатын. Өзінің көзқарасын жеткізуде және оны қабылдауда «коммуникатор - хабар - реципиент» ұғымы ассиметриялы.

 

Коммуникатор үшін ең алдымен берер ақпараттың мағынасы түсінікті болдаы. Оны ұғынған соң ол ақпаратты кодтайды. Оны белгілер жүйесіне салады. Ал тыңдаушы керісінше. Ол ақпаратты алып жатқанда оны декодтайды.

 

Диалогты сипаттау барысында оған қатысушылардың өзінің көздеген мақсаты бар қалыптасқан тұлға екендігін ескерген жөн. Диалог – екіжақты әріптеспен активті тұрғыда әрекеттесу. Осы бояма тілдесушілер үшін оған көңіл бөлу, басқа жақпен келісудің маңыздылығын көрсетеді.

 

Әйтпесе, сәтті вербалды коммуникацияның ең негізгі шарты бұзылады. Себебі, өзге тұлғаның айтып жатқан ақпаратын түсіну – оның тұлғалық ерекшеліктермен танусымен пара пар. Сөйлесу барысында ақпарат тек «қозғалыста» болмайды, коммуникацияның арқасында адамдар бірін-бірі тани түседі, бірінің-бірі көңілін аулайды, бір-бірін өз жағына иландырады.

 

Әлеуметтік псхологияда вербалды коммуникацияның тиімділігін көтерер түрлі тәсілдерді эксперименталды зерттеу арқылы іздестіруде. Коммуникация барьерлері, оның түрлері мен оны жеңу жолдары жақсы зерттелген. Оларды қолдана білу әр оратордың міндеті.

 

Сөйлеудің әсерін жоғарылатуға бағытталған әрекеттер жиынтығын «нандыру коммуникациясы» деп атау шарттытүрде қабылданған. Оның негізінде эксперименталық риторика – адамды сөйлеу арқылы иландыра білу өнері ойластырып жатыр.

К. Ховланд «нандыру коммуникациясының матрицасын» ұсынған. Бұл процесстің бірде-бір элементін көзден таса қылмау үшін жасалды. Америкалық журналист Г.Лассуэль бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға тигізер әсерін зерттеу үшін мына модельді ұсынып отыр:

 

1. Кім? /ақпаратты жеткізеді/

 

- Коммуникатор.

 

 

2. Не? /не жеткізіледі?/

 

-Ақпарат, хабар.

 

3.Қалай? /жеткізілу тәсілі/

 

 

- Арна.

 

4. Кімге? /хабар бағытталған/

 

- Аудитория

 

 

5. Қандай эффектпен?

 

 

- Эффектілігі.

 

 

Бұл схеманың әр элементі жайында түрлі зерттеу жүргізілді. Мысалы, коммуникатордың жан-жақты характеристикасы сипатталған. Бұл оның сөйлеуінің тиімділігін жоғарылатады. Үш түрі болуы мүмкін: ашық – коммуникатор ашық түрде өзі айтып тұрған көзқараспен толық келісетінін жеткізеді, түрлі фактілерді келтіре отырып, оны дәлелдеп шығуға тырысады; шеттетілген – коммуникатор айқын нейтралды позицияны ұстанады, бір-біріне қарама-қайшы көзқарасты келтіреді, түрлі фактілермен санасады; жабық – коммуникатор өзінің позициясын жасырын ұстайды, әрі солай қалуы үшін түрлі айланы да қолданады.

 

 

Дәл сол сияқты тыңдаушыға мәтіннің қалай әсер ететіні де сан түрлі. Бұл жолда да талай зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мәтінді зерттеу барысында контент-анализ методикасы қолданады. Ол мәтіннің түрлі бөлігі мен бөлімдерінің пропорциясын белгілейді. Аудиторияны зерттеу нәтижелері де ерекше маңызға ие. Бұл саланың зерттеушілері он тоғызыншы ғасырда пайда болған «логика мен фактіге толы ақпарат автоматты түрде аудитория құлығын өзгертеді» деген теорияны жоққа шығарды. Соңғы зерттеуге сенсек, ешқандай автоматизм жоқ екен. Бұның себебі - ақпарат пен аудиторияның нұсқамасы.

 

Мына схема коммуникация процессі барысында иландыру түрлерін зерттеуде қосалқы көмекші рөлін атқарады. Алайда, осы сынды схемалар мен формулалар тек коммуникацияның жүйесін ғана бейнелейді. Ал коммуникация одан да күрл\делі құбылыстан, яғни, қарым-қатынстан тұрады емес пе?! Сондықтан бұл тұрғыдан қарағанда, қарым-қатынасты сезініп, оның мазмұнын түсіне білу өте маңызды. Ал мазмұны, жалпы алғанда, адамдардың бір-біріне көрсететін ықпалына негізделген. Ықпал процессін толығымен сипаттау үшін коммуникативтік актін жүйесін ғана білу жеткіліксіз. Онымен қоса тілдесі үстіндегі тұлғалардың мотиві мен олардың көздеген мақсатын анализдеу қажет. Ол үшін жалпы сөз, сөйлеумен қатар белгілер жүйесіне жүгінуіміз қажет.

 

Вербалды емес қарым-қатынас

 

 

Вербалды емес коммуникацияда мынадай белгілер жүйесі бар:

 

1. оптико-кинетикалық,

2. пара- және экстралингвистикалық;

3. коммуникация процессінің кеңістігі мен уақытын жүйелеу;

4. Визуалды контакт;

 

Мына жүйелердің жиынтығы келесі функцияларды атқару үшін қажет:

 

1. сөзді толықтыру;

2. сөздің орнын басу, алмастыру;

3. коммуникативті процесстегі әріптесіңнің эмоцианалдық күйін репрезентациялау.

 

Оптико-кинетикалық белгілерге мимика, ымдар, пантомимика жатады. Жалпы алғанда оптико-кинетикалық жүйе адамның түрлі дене мүшелерімен білдіретін жалпы моторикалық іс-әрекеттер. Алғашында бұл саланы зерттеген Чарльз Дарвин болды. Ол адамдар мен жануарлардың өз эмоциясын білдіру тәсілдерін зерттеген. Дененің түрлі бөліктерінің мотррикасы адамның эмоцианалды реакциясын білдіреді. Сондықтан оптико-кинетикалық жүйені коммуникацияға қосу біраз нюанстарды тудырады.

 

Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.

 

Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты зерттеулерді шетелдік ғалымдардың, Пол Экман, Аллан Пиз, Барбара Пиз, Роджер Акстел, Альбер Мерабян, Альберт Шефлен, В.Б. Шапарь, Э. Холл, Д. Ньюренберг, Г. Калеро, С. Данкелл, А. Штангль, Карстен Нимиц, А.Л. Ярбус, т.б. еңбектерінен көруге болады.

 

А.А.Леонтьев өз еңбегінде: «қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адам баласының тәлім тәрбиесі мен өзгелермен байланыс орнатудың ерекше жолы» - деп қарым-қатынас процесінің адам өміріндегі ерекше маңызымен қатар оның өзіндік анықтамасын да көрсетіп өткен.

 

Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктерін білу әңгімелесушіні жақсырақ тануға ғана емес, сондай-ақ айтылған сөздің басқа адамдарға қалай әсер еткенін алдын ала көруге мүмкіндік береді, яғни қажетті нәтижеге жету үшін әрекетті және мінез-құлықты өзгертудің қажеттілігі жайлы білуге болады.

 

Кез келген «жемісті» қатынастың кепілі сенімді контакт болып табылады. Ал мұндай контакт сіздің не айтқаныңызға ғана емес, өзіңізді қалай ұстағаныңызға байланысты, әсіресе іскерлік қарым-қатынаста. Айтылған ақпарат немесе хабардың мазмұны іс-әрекетке немесе адамның вербальды емес қылықтарына сәйкес келмесе, адам интонация, мимика, жестке, көзқарасқа бағдарланып, ақпараттың жасырын мазмұнын аулауға тырысады, осының нәтижесінде әңгімелесушінің шынайылығы немесе жалғандығы адамның бірін-бірі қабылдауына әсер етеді.

 

Біздің вербалды емес қарым-қатынас жайлы түсінігіміз көптеген фразеологиялық айналым арқылы аңғарылады. Мысалы, бақытты адамдар жайлы біз кейде «бақыттан жадырап кетіпті» немесе «жайнап жүр» деп айтамыз. Ал қорыққан адам жайлы «тастай қатып қалыпты», сондай-ақ ашуланған адам жайлы «жарылып кететіндей» деп айтылып жатады.

 

Вербалды емес белгілерді ажырата білген жөн. Олар:

 

Біріншіден, сөздер арқылы тек фактілі білімді айта аламыз, ал сезімдерді жеткізу үшін сөздер аз болып жатады. Кейде біз «қалай жеткізсем екен...» деп өзіміздегі сезімнің тереңдігі мен күрделілігін сипаттау үшін сөз таба алмай жатамыз. Қалай болғанда да кейбір сезімдер сөздік сипатта берілмей, вербалды емес құралдар арқылы жеткізіледі.

 

Екіншіден, осы вербалды емес тілдерді (язык тела) білу арқылы өз-өзімізді ұстауға үйренеміз. Егер әңгімелесуші өзінің ашуын басқара алмаса, ол айқайлауды, бұрылады немесе одан асар жарасымсыз қылықтарды жасайды. Вербалды емес каналдар адамдардың біз жайлы не ойлайтынын түсінуге мүмкіндік береді.

 

Сондай-ақ, вербалды емес сигналдар санасыз түрде көрінетінін ескеру қажет. Сондықтан, адамдардың сөздерді саралап, салмақтай отырып айтқанына қарамастан, көбіне жест, мимика, интонация, дауыс ырғағы шындықты көрсетеді. Осы вербалды емес қарым-қатынастың кез келген элементі айтылған сөзді растауға немесе күмәнмен қарауға жол ашады.

 

Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл – жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мынады: әрбір адам сан-қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді.

 

Р.С. Немов вербалды емес қарым-қатынастың маңызы зор екендігімен келісе отырып, кеңес беру барысында клиенттің психологиялық жағдайы мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді көрсетті. Олар:

 

· Денесін алға иілдіру, отырған күйінде қолдарын тізесіне немесе орындыққа тіресе: адам әңгіме айтуды тоқтатып, әрекет етуге дайын;

 

· Көз қарашығының үлкеюі – сол кездегі адамның жағымды сезімін білдірсе, көз қарашығының кішіреюі – жағымсыз сезімді білдіреді;

 

· Егер адам тобықтарын бір-біріне біріктіріп отырса, оның болып жатқан нәрсеге көзқарасы жағымсыз, бірақ ол өзін ұстап отыруға мәжбүр, жағымсыз ойлар мен жағымсыз сезімнің белгісі;

 

· Бастың тіке қалыпта болуы адамның көріп немесе естіп отырған мәселесіне нейтральды көзқарасының белгісі. Басын бір жаққа иген болса, қызығушылық танытқаны. Егер адамның басы алға қарай иілсе, жағымсыз қатынастың белгісі;

 

· Қолын басына қоюы - өзіне сенімді, өзгелердің алдында жоғары санайтын адамдардың қимылы.

 

· Егер адам қобалжып, сынау немесе қорғаныс позициясын ұстанса – екі қолын көкірегінің алдына жинастырады;

 

 

Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастар сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Дені сау, көңілі көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та әп-әдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.

 

 

Коммуникация процессінің кеңістігі мен уақытын жүйелейтін проксемика саласы көптеген эксперименталды материалдарға ие. Проксемиканың негізін қалаған Э. Холл. Ол проксемиканы «кеңістік психология» деп атайды. Холл кеңістік жүйесіндегі жануарлардың тілдесуін зерттеген. Адамдар арасындағы коммуникация үшін арнайы методика жасалған. Дәлірек айтсақ, Холл тілдесіп отырған әріптесіңе жақындау нормаларын белгіледі:

 

1. Жеке – 0-45см

2. Өзіндік – 45-125 см

3. Қоғамдық - 120-400см

4. Өзгелерге, публикалық - 400-750 см

 

Олардың әрқайсысы түрлі тілдесу жағдайын байланысты қолданылады. Дискуссия жүргізу кезінде шартты түрде ойыншылардың орналасуы қажет ара қашықтығы белгіленген. Бұл да көптеген зерттеулердің жемісі. Зерттеу нәтижесі: көп жағдайда топ мүшелері көшбасшының оң жағынан орналасады.

 

Қорытынды:

Өзара ақпарат алмасудың спецификасы тілдесудің түрлі аспектілерінде көрініс табады. Ол қабылдаудың характерін белгілейді. Оны тарату мен ақпаратты интерпретициялауға да септігін тигізеді. Адамның өмір сүріп жатқан үлкен ақпараттық ағымға қарамастан, тұлға басқа адамнан алып тұрған ақпаратты, хабарды ұғына алады.

 

Нақ осындай бетпе-бет, өзара тілдесудің арқасында адам сексен пайызға жуық ақпарат алады екен. Тіпті аутизмді ғалымдар ауруға жатқызады. Ал аутизм деген не? Оның ең басты сипаты: науқас адам өзге адамдармен қарым-қатынасқа түспеуі. Яғни, қатынас - өміріміздің ажырамас бөлігі.

 

Бір адамнан екінші адамға тарайтын ақпараттың маңыздылығы аксиологиялық контекстпен байланысты. Хабарды айту барысында индивид ерікті түрде, я керісінше, еріксіз, оған деген өзінің көз қарасын білдіреді. Ол көз қарасы әдетте оның құндылықтар жүйесіне байланысты. Егер индивид бұл хабарға позитивті түрде қараса, онда оның айтқан әңгімесі нанымдыболып көрінеді. Ал, егер хабарлаушы субъектке аталмыш ақпарат ұнамаса, не ол оған сенбесе, қоғам да сол ниетті қабылдайды.

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 309 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Сорттар, будандар және өсімдіктердің жаңа түрлерін шығарумен айналысатын ғылым-селекция деп аталады. (латын тілінен « Selectio» деген сөз 8 страница | Туризм көптеген елдердің бюджеттеріне, экономика саласының дамуына үлкен үлесін

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.026 сек.)