Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Қазақстан республикасының Президенті Н.А. Назарбаев өзінің 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына Жолдауында ендігі 2050



КІРІСПЕ

 

Қазақстан республикасының Президенті Н.А. Назарбаев өзінің 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына Жолдауында ендігі 2050 жылға дейінгі Стратегиялық мақсаттың бастысы мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың, жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құруымыз қажеттігін айтты.

Қазақстанның нарықтық жаңғырулардағы жетістіктері, экономикалық өрлеуі мен халықтың тұрмыс деңгейін көтеруі жалпыға мәлім, әрі әлемдік қоғамдастыққа да танылып отыр.

Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған реформалардың басты мақсаты - азаматтардың жоғарғы өмір стандарттары мен еркін дамуын қамтамасыз ету болып табылатын әлеуметтік негіздегі экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Бұл жағдай елдің негізгі заңы - ҚР-ның Атазаңында бекітілген.

Қазіргі таңда еліміз көркейіп, өркендеп дамуы үшін ешқандай мәселелер әсер етпеуі керек. Міне, сондықтан да диплом жұмысының тақырыбын еңбек ақы төлеумен байланысты мәселеге арнадық, себебі осы мәселені бухгалтерлік есепті, оның ішінде басөару есебін жүргізудегі өзекті мәселелердің бірі деп танимыз.

Мемлекет өзінің жасы келуіне және денсаулық жағдайына байланысты жұмыс істей алмайтын және өз бетінше табыс таба алмайтындарға ғана қамқорлық жасауы тиіс. Бұл-біздің реформалардың басты қағидалары. Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық көрсетеді.

Ұйымның шығындарында еңбеккерлердің еңбегіне еңбек ақы түрінде өтеу шығындары ең үлкен бөлігін құрайды. Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақы жұмыс күшінің тауар ретіндегі бағасы болып саналады да, еңбек нарығында жұмыс берушілер мен еңбеккерлердің мүдделерінің үйлестіруін қамтамсыз ету негізінде қалыптасады, жұмыс күшін белгілі бір уақыт-сағат, күн және т.б. бойына пайдаланғаны үшін төлейді.



Еңбек ақы тұтынушылардың табыстарының үлкен бөлігін құрайды, сондықтан тұтыну тауарларына сұраныс көлемі мен олардың бағаларына елеулі ықпал жасайды. Еңбек ақы әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жұмысшының негізгі табысы және оның өзінің де, жанұя мүшелерінің де әл-аухаты мен тұрмыс халінің көтерілуінің негізгі көзі. Бұдан келіп еңбек ақының еңбек нәтижелерін жақсарту және соның негізінде алынатын табыстың өсуін қамтамасыз етудегі ынталандыру рөлін көруге болады. Сондықтан оның мөлшерін анықтағанда барлық өмірлік игіліктер мен қызметтердің шамасын, яғни құнын есепке алу керек, өйткені оларды алған ақшаларға сатып алуға болады. Олар еңбек ақыдан тікелей, ал тұтыну бұйымдары мен ақылы қызметтердің бағалар деңгейіне керісінше байланысты болады.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы бухгалтерлік есеп жүйесін реформалаумен сипатталады. Елдегі нарықтық қатынастар дамуының стратегиялық бағыты есеп пен есептік ақпараттың сапасына айрықша талаптар қоюда. Еңбекті бақылау құралы ретінде жалақы қатегорияларының экономикалық мазмұнына сүйене отырып, оның нақты еңбек нарықтарында қалыптасуының обьективті факторлары жіктеліп, негізделіп бір жүйеге келтіру жағы қарастыру басты нысана етіп алынды. Жалақыны реттеу әдістері мен оларды қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда іске асыу түрлерін теориялық жағынан негіздеуді қарастыру болды.

Диплом жұмысының мақсаты еңбек ақы төлеу шығындарының басқару есебі тұрғысынан қарастыру мен ішкі аудитін жүзеге асырудың теориялық және практикалық деңгейде зерделеу, жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.

Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесідей мәселелер қойылып шешіледі:

1. Еңбек ақы төлеумен байланысты шығындардың маңызына тоқталу, экономикалық мәнін ашу;

2. Еңбек ақыны төлеудің қалай ұйымдастырылатындығын, заңға сәйкестігін қарастыру;

3. Еңбек ақы төлеу есебін жүргізу тәртібін зерттеу;

3. Еңбек ақы төлеу шығындары есебінің ішкі аудитін жүзеге асыру және жетілдіру мүмкіндіктерін қарастыру.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде «Бақанас» №2 орта мектебі алынды. Қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жұмыстың құрылымын зерттеу тақырыбын біртіндеп ашатын үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде еңбек ақы төлеу шығындарының экономикалық мәніне, маңызына тоқтала келе осы шығындарды теориялық тұрғыда топтастырылуын қарастырамыз және ұйымға экономикалық сипаттама бере отырып, осы ұйымда еңбек ақы төлеудің қалай ұйымдастырылып отырғандығын анықтау мәселелерін қарастырамыз.

Екінші бөлімде еңбек және оны төлеудің жүргізілуі басқару есебі тұрғысынан қарастырамыз.

Үшінші бөлімде еңбек ақы төлеумен байланысты шығындардың ішкі аудитін жүргізу және жетілдіру мүмкіндіктері қарастырылады.

Осы дипломдық жұмысты жазу барысында нормативтік құқықтық актілерді, яғни заңдар мен кодекстерді, отандық және шет елдік ғалымдар мен экономист мамандарының еңбектері падаланамыз.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Қазақстан республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан-2050» Астана, 14.12.2012ж.

2. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы, 28 ақпан 2007 жыл №234-III.

3. Тайгашинова К.Т. Управленечский учет.учебное пособие.-Алматы:Экономика,2008.-333с.

4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарты № 2 «Босалқылар»

5. Дәуренбекова Ә.Н. Шығындарды басқару:оқу құралы.-Алматы:Экономика,2009.-158б.

6. Хорнгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет:управленческий аспект.М.: ФиС, 2003.-416б.

7. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы:Оқу құралы-Алматы:Экономика, 2003.-252 б.

8. Типтік бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары. Алматы, 2007ж.

9. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп.Алматы, Экономика, 2008ж.

10. Управленческий учет. Учебное пособие/под ред. А.Д. Шеремета.-М.:ФБК-экспрес, 1999.-512с.

11. Тулегенов Э.Т. Басқарушылық есеп теориясы мен практикасы. Автореферат, Алматы, 2010ж.

12. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп.2008ж.

14. Атчабарова А.М. Учет и аудит затрат.Автореферат, Алматы,1999г.

15. Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңы, Алматы, 05.07.2006 жыл

16. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.Алматы,ЮРИСТ,2007.-308б

18. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары,2001ж.

19. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж Г «Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы 2001ж.

20. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности, Алматы, 1998.

21. Байдәулетов М., Байдәулетов С.М. Аудит. Оқу құралы.- Алматы: Қазақ Университеті, 2004. – 134б.

22. Назарова В.Л. Басқару есебі.Алматы,Экономика.2005ж.

23. Радостовец В.В.Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Алматы,2003.

24. Рахимбекова Р.М., «Финансовый учет на предприятии»: Учебник. Алматы: Экономика,2005.-282с

25. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятий АПК:Учебник. М.:Новое знание, 2004.-736с.

26. СІРА бағдарламасы бойынша оқу құралы: «Басқару есебі 1». Корпорация Прагма және АҚШ халықаралық даму бағдарламасы бірлесіп шығарған.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 54 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ІІ. Тематичний план вивчення модуля | Библиографический список

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)