Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Валюта – кез келген төлем құжаттары немесе халықаралық есеп айырысуларда пайдаланылатын және қандай да бір ұлттың ақша бірлігінде



Валюта – кез келген төлем құжаттары немесе халықаралық есеп айырысуларда пайдаланылатын және қандай да бір ұлттың ақша бірлігінде көрініс табатын ақшалай міндеттеме.

Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.

Валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiреді.

Валюта қоржыны - ұлттық валюталардың жиынтығы. Бұл жиынтық ұлттық немесе халықаралық ұжымдық валютаның валюталық бағамын анықтау үшін шетел валютасының бағасын белгілеу кезінде пайдаланылады, мұның өзі валюталардың сатып алуға жарамдылығын, айырбастың жалпы экономикалық шарттарының әсерін неғұрлым негіздеп ескеруге мүмкіндік береді.

Валюта бағамы – екі ақшалай бірліктің айырбасталу арақатынасын білдіреді немесе ол басқа елдің ақшалай бірлігінде тұлғаланған бір ақша бірлігінің бағасы ретінде болады.

Валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынас.

Валюталық операциялар – бұл ақша нарығында шетелдік валюталарға және шетелдік валютаға жазылған төлем құжаттарына баға белгілеу операциясы.

Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Валюталық шектеулер - шетелдік валюталармен жасалатын барлық операцияларға қатаң бақылау орнатуға, валюталық ресурстарды мемлекеттің өкіміне шоғырландыруға бағытталған үкімет шараларының жүйесі.

Валюта саясаты — мемлекеттік органдардың, орталық банктің және қаржы мекемелерінің, сондай-ақ халықаралық валюта-қаржы мекемелері мен ұйымдарының валюталық қарым-қатынастар саласында жүзеге асыратын экономикалық, құқықтық және ұйымдық шараларының жиынтығы.



Валюта нарығы шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарындағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы.

Валюта аймағы — өзара валюталық қатынастар ережесін сақтаушы және аймақ елдері мен қалған елдер арасындағы есеп айырысуда жетекші ел валютасының айқындаушы рөл атқаратынын мойындайтын мемлекеттер тобының бірлесуі.

Валюта басқыншылығы - ұлттық (орталық) банкінің өз елінің валюталық бағамын қолдау үшін оны сатып алу және сату жөніндегі операциялары.

Валюта дағдарысы — валюта нарығында қайшылықтың күрт шиеленісуі. Валюта дағдарысы валюта курсының күрт құлдырауымен, елдегі валюта қорының сарқылуымен, валюталардың құнсыздануымен, валютаның халықаралық өтімділігінің нашарлауымен сипатталады.

Валюталық демпинг – мемлекеттің тауарларды әлемдік орташа бағамен экспортқа шығару мақсатымен ұлттық валютаны қамтамасыз ету шарасы.

Валюта жайғасымы — банкінің шетел валютасы түріндегі активтері мен міндеттемелерінің ара салмағы. Олар теңбе-тең болған жағдайда валюта жайғасымы жaбық, ал үйлеспегенде ашық деп саналады. Ашық жайғасым өз кезегінде қысқа және ұзын болуы мүмкін.

Валюта клирингі – бұл халықаралық келісімдерге сәйкес өзара талаптар негізі есебінде елдер арасындағы есеп айырысулар.

Валюта қоры — мемлекеттің валюта курсына ықпал ету мақсатында валюта интервенциясын жүргізуге пайдаланылатын орталық банкісіндегі алтын және шет ел валютасынан тұратын қоры.

Валюталық құндылықтар — арнаулы заңдармен ел территориясынан алып кетуге және алып келуге айрықша шектеу тәртібі белгіленген материалдық құндылықтар.

Валюта мәмілесі — валюта құндылықтарына меншік құқығы мен өзге де құқықтардың ауысуына байланысты мәміле; валюта құндылықтарын кез келген тәсілмен елге әкелу және қайта жіберу, сондай-ақ елден әкету және қайта жіберу.

Валюта монополиясы — мемлекеттің өз органдары арқылы валюта операцияларына және экономикалық агенттер табатын бүкіл валютаға үстемдік жасауы.

Валюта саясаты — мемлекеттік органдардың, орталық банктің және қаржы мекемелерінің, сондай-ақ халықаралық валюта-қаржы мекемелері мен ұйымдарының валюталық қарым-қатынастар саласында жүзеге асыратын экономикалық, құқықтық және ұйымдық шараларының жиынтығы.

Валюта тәуекелдігі -қор және тауар биржаларында сыртқы сауда, кредиттік және валюталық операцияларды өткізу кезінде, ұлттық валютаға қатынасы бойынша шетелдік валюта курсынын өзгеруімен байланысты валюталық құндылықтарды жоғалту қаупі. Ашық валюталық ұстанымы бар болған кезде пайда болады.

Валюталық қатер - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамның өзгерумен байланысты валюталық (бағамдық) ысырап қатері. Валюта қатері, әсіресе, бір ғана валюта бағамының әр түрлі валюта нарықтарында сәйкеспеуінен немесе уақыттың әр түрлі сәтіндегі валюта бағамдарының айырмашылығынан пайда болатын алып-сатарлық табысты алуға ұмтылатын банктерде жоғары болады.

Валюта түсімі — тауарлар мен көрсетілген қызметтер экспортынан (шетке шығарудан), атаулы етілген шетел валютасымен бағалы қағаздар шығарудан, сондай-ақ халықаралық несиеден түскен валюталык ақшалай түсім сомасы.

Валюталық арбитраж - банктер арасындағы валюталық операция, ол валютаны сатып алу (сату),кейіннен әр түрлі валюта рыноктарындағы бағамдардың айырмашылығын (кеңістікті валюталық арбитраж) немесе валюта бағамдарының белгілі бір уақыт аралығында (мерзімдік валюталық арбитраж) тұрақсыздануын пайдаланып, пайда табу үшін кері келісім жасауды білдіреді.

Валюталық аударым қорлары — кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың өздері жүзеге асыратын экспорт-импорт операцияларын қаржыландыруга арналған шетелдік валюта түріндегі ақшалай қаражат қорлары.

Валюталық аутрайт - форвард бағамы бойынша төлемдерді мәміле тараптары қатаң белгілегенмерзімде төлеу көзделген мерзімдік қарапайым валюталық мәміле.

Валюталық берешек - мемлекеттің, ел кәсіпорындарының шетелвалютасы түріндегі бор ышы.

Валюталық бақылау — шет ел валютасын сатып алу және онымен жасалатын операцияларды жүргізу тәртібін мемлекеттік реттеу жүйесі.

Валюталық ескертпе - несиегер мен экспортшыны өзара шарт жасасылған сәттен бастап оның төленген сәтіне дейін төлем валютасы бағамының құлдырауы қатерінен сақтандыру үшін халықаралық өзара шарттардың (несие, төлем, сауда шарттарының) міндетті талабы. Валюталық ескертпе - валюталық тәуекелді шектеудің және алдын алудың неғұрлым кең тараған формаларының бірі, оны қолданғанда келісім-шартқа уағдаласқан төлем валютасы басқа, әдетте, салыстырмалы түрде тұрақты валютаға тәуелді жағдайға қойылады.

Валюталық касса – шет ел валютасымен түскен түсімдер мен төленген төлемдердің жиынтығы.

Құбылмалы валюта бағамы - валюталық реттеудің нарықтық тетігіне негізделген еркін өзгермелі валюталық бағам режимі.

Валюталық опцион – мәмілеге қатысушылардың біреуіне белгіленген баға бойынша біраз уақыт ішінде шетелдік валютаның белгілі санын сатуға немесе алуға құқық беретін келісім шарт.

Валюталық резервтер - орталық банктерге, қазыналыққа және арнайы үкіметтік валюталық органдардың ішіндегі банктердің шоттарына түсетін шетел валютасынын, сондай-ақ, шетел банкноттары, монеталары мен алтынның қорлары.

Валюталық сақтық қорлар - халықаралық есеп айырысу бойынша төлем төлеу үшін белгілі бір елдің үкімет органдарының немесе орталық банкісінің (ұлттық банкісінің) билігіндегі шетелдік валютаның, сондай-ақ алтынның босалқы қорлары. Әдетте банкілердің, халықаралық валюта-несие және қаржы ұйымдарының, кәсіпорындардың, фирмалардың, халықтың иелігінде болады.

Валюталық реттеу - мемлекеттің халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасасу тәртібін реттеуге бағытталған қызметі.Нормативтік актілермен және халықаралық валюталық келісімдермен реттеледі.

Валюталық своп – келісілген бағам бойынша немесе кейін кері айырбасталатын бірдей таза ағымдағы құны бар екі валютаның белгілі бір мөлшерде айырбасталуы.

Валютасыз айырбас тауарларды, қызмет көрсетуді, экономикалық, ғылыми, мәдени қызметтің басқа да нәтижелерін шетел валютасын жұмсамастан халықаралық алмасу.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 65 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
A: Have the windows been cleaned? | GLOSSARY (asylum, statelessness)

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)