|
! Поликистоз кезінде анықталады:
* бүйрек өлшемінің ұлғаюы
* бүйрек өлшемінің кішіреюі
* бүйрек өлшемдері өзгермейді
* бүйрек деформациясы
* бүйрек ұлғаюы және деформациялануы
! Бүйрек және зәршығару жолдарының жиі кездесетін ауруы:
* уролитиаз
* туберкулез
* гломерулонефрит
* пиелонефрит
* бүйректің патологиялық қозғалғыштығы
! УДЗ кезінде қалыпты жағдайда ересектердің бүйрек астаушасының алдыңғы-артқы өлшемі:
* 1-1,5 см-ден артық емес
* 0,5 см-ден артық емес
* 2,5 см-ге дейін
* қалыпты жағдайда анықталмайды
* 3 см-ге дейін
! Туберкулезді папиллитті анықтау кезінде ақпараттылығы көп әдіс:
* экскреторлы урография
* ретроградты пиелография
* сызықтық томография
* ангиография
* КТ
! Балаларда жиі кездесетін бүйрек ісігі – бұл:
* қатерлі лимфома кезіндегі метастаздар
* нейробластомалар кезіндегі метастаздар
* гипернефроидты рак
* Вильмс ісігі
* ісік сирек кездеседі
! Бүйрек шаншуының рентгеноскопиядағы қосымша белгісіне жатпайтыны:
* бүйректің көрінбеуі
* сәйкес жағында диафрагма күмбезінің қозғалғыштығы шектелген (болмауы)
* тыныс алған кезде бүйрек қозғалғыштығының болмауы
* омыртқа бағанасының бел бөлігінің сколиозы
* патологиялық қозғалғыштық
! Шолу урограммасында ісікке күдік туғызатын белгілер:
* бүйрек аймағындағы әктену
* бүйрек көлеңкесі қоюлығының жоғарлауы
* бүйректің деформациясы және өлшемдерінің ұлғаюы
* бүйрек орналасуының өзгеруі
* оң «псоаз»-симптом
! Экскреторлық урографияда екіншілік бүріскен бүйрекке тән айқын белгі:
* тостағанша-астаушалық жүйенің деформациясы
* бүйректің пішінінің өзгеруі
* бүйрек өлшемінің кішіреюі
* айқын емес нефрографиялық фаза
* бүйрек қозғалғыштығы
! УД зерттеуде бүйрек тасының тура белгісі:
* тостаған-астауша бағытында эхопозитивті түзіліс
* өлшемі 5 мм кіші емес гиперэхогенді түзілісі
* артында акустикалық көлеңкесі бар айқын эхопозитивті түзіліс
* құралдың жұмыс режимін азайтқанда жоғалатын эхопозитивті түзіліс
* изоэхогенді түзіліс
! Зәр жолдары тонусының жоғары болуына әсер етеді:
* егде жас
* гипертониялық ауру
* бүйрек пен зәр жолдарының жедел қабыну үрдісі
* жоғарғы зәр жолдарынан зәрдің ағып кетуіне кедергінің болуы
* науқастың артық салмағы
! Гидронефрозға күдік туғанда таңдалатын зерттеу әдісі:
* шолу урографиясы
* экскреторлық урография
* ретроградтық пиелография
* ангиография
* ультрадыбыстық зерттеу
! УДЗ -де несепағардың интрамуральді бөлімінде орналасқан тастардың қуықтағы тастан айырмашылығы:
* мөлшері кіші және акустикалық көлеңкенің болмауы
* дұрыс домалақ пішінді және контуры айқын болуы
* эхопозитивті түзіліс, артында акустикалық көлеңкенің болуы
* науқас дене қалпын өзгерткенде тастың орнынан ауытқымауы
* акустикалық көлеңкенің болмауы
! Жоғарғы зәр шығару жолдарының "көрінбейтін" (рентгеннегативті) тастары болған кезде қолданылатын әдіс:
* экскреторлық урография
* шолу урографиясы
* компьютерлік томография
* ультрадыбыстық зерттеу
* сызықтық томография
! Балалар қуығының анатомиялық ерекшеліктерін эхографиялық бағалау мүмкін болады, тек.
* қуық толып, кіші дәретке алғаш шақыру сезімі болғанда
* қуық шектен тыс толғанда
* зәр айдағыш препараттарды қабылдағанда
* қуықты жасанды ретроградты толтырғанда
* бұндай бағалау мүмкін емес
! Төменде аталған аурулардың қайсысы жиі нефрокальцинозбен аяқталады?
* ісік
* киста
* туберкулез
* пиелонефрит
* дисплазия
! Бүйрек ісіктерінің ультрадыбыстық зерттеудегі көрінісі:
* айқын қалың капсуласы бар гиперэхогенді түзіліс
* құрылымы біртекті емес, эхогенділігі төмен, сирек контуры тегіс емес түзіліс
* айқын жұқа қабырғасы және алыс қабырғасының күшею эффектісі бар анэхогенді түзіліс
* акустикалық көлеңкесі бар гиперэхогенді домалақ түзіліс
* акустикалық көлеңкесі бар изоэхогенді түзіліс
! Экскреторлық урографияда несепағар тонусының төмендігін нақтылайтын белгі:
* астаушаның контрасталмауы
* пиелоэктазия
* тостағаншалар"ампутациясы"
* несепағардың ұзына бойы анық көрінуі
* рефлюкс симптом
! Бүйректің жиі кездесетін ауруы:
* гломерулонефрит
* пиелонефрит
* нефроптоз
* ісіктер
* зәр тас ауруы
! Бүйрек ісігінің "қатерлі" екенін көрсететін рентгенологиялық белгісі
* тостағаншалар ығысуы
* астаушалар мен тостағаншалардың қысылуы
* тостағаншалар немесе тостағаншалар топтарының ампутациясы
* астауша мен тостағаншалардың инфильтрациясы
* астаушалардың тарылуы, ұзаруы
! Науқасқа созылмалы гломерулонефрит ауруы болжамдалып отыр, бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі:
* ақпаратты
* ақпаратты болады егер де үш жылға созылған клиникалық-лабораториялық ремиссия болса
* ақпаратсыз
* бүйректің гидронефротикалық трансформациясы кезінде ғана ақпаратты
* зәр анализінде өзгерістер бар болғанда ғана ақпаратты
! Бүйрек омыртқа бағанасының қай бөлімі және деңгейінде орналасқан?
* 8-10- шы кеуде омыртқасының тұсында
* 11-12- ші кеуде және 1-2-ші бел омыртқасының тұсында
* 1-5- ші бел омыртқасының тұсында
* 4-5- ші бел омыртқасының тұсында
* 3-4-ші бел омыртқасының тұсында
! Астаушадағы ісік пен "жұмсақ" конкременттің басты салыстырмалы диагностикалық белгісі:
* контрастау дефектісі
* астауша қуысындағы көлеңкенің еркін орналасуы
* контрасталған дефектің пішіні
* астауша қуысындағы қосымша көлеңкенің болуы
* пиелоспазм
! УД зерттеуде бүйректің солитарлы кистасына тән белгі:
* біркелкі эхоқұрылым, контуры анық, тұйықталған, алыс қабырғасының күшею эффектісі бар эхонегативті түзіліс
* ішкі эхосигналдары және алыс қабырғасының төмендеуі бар эхонегативті түзіліс
* орталық эхокомплекс аймағында астаушамен байланысқан эхонегативті түзіліс
* шекарасы айқын емес және алыс қабырғасының күшеюі бар эхонегативті түзіліс
* артында анэхогенді жолы бар түзіліс
! Бүйрек өлшемі қалыпты, көлеңкесінің құрылымы біркелкі, астауша аздап кеңейген, контуры доғал және тегіс,тостағаншалар ұлғаймаған. Бұл белгілер тән:
* бүйрек гипоплазиясына
* созылмалы пиелонефритке
* пиелоэктазияға
* бүйрек ісіктеріне
* пиелитке
! Қуықтың дивертикулы бұл:
* қуық қуысына несеп ағар қабырғасының қап тәрізді еніп тұруы
* несеп ағардың сағасы аймағында полипке тән көлеңке
* қуық қуысымен байланысқан қуық қабырғасында қап тәрізді қуысты түзілістің пайда болуы
* урахустың кеңеюі
* барлық жауаптар дұрыс
! Он екінші қабырғаның акустикалық көлеңкесі оң бүйрекпен мына деңгейде қабаттасады:
* бүйректің ортаңғы және төменгі үштен бір бөлігі шекарасында
* бүйректің жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөлігі шекарасында
* жоғарғы полюсында
* бүйрек қақпасында
* төменгі полюсында
! Созылмалы простатитте
* бездің өлшемі кішірейген, айналасында эхогенділігі төмендеген аймақ
* бездің өлшемі өзгермеген, капсуласы қалыңдаған, әлсіз акустикалық көлеңке беретін аздаған конкременттердің болуы
* сұйықтықты түзілістері бар эхогенділігі жоғары, без өлшемі ұлғайған
* бездің өлшемі ұлғайған, қабырғасы қалыңдаған, айқын емес, айналасында эхогенділігі төмен аймақ
* бездің өлшемі кішірейген, капсуласы жұқарған
! Нефрографиялық фазада кистаға тән:
* паренхиманың біркелкі емес контрасталуы
* паренхиманың әлсіз контрасталуы
* контрасталу дефектісі
* нефрографиялық фазаның болмауы
* нефрографиялық фазаның созылуы
! Төмендегі бұзылыстар бүйректің ұлғаюына алып келмейді:
* амилоидоз
* созылмалы пиелонефрит
* лейкемия
* поликистоз
* саркоидоз
! Қуықасты бездің үлкен көлемді аденомасының анықталуы:
* қуықасты бездің қалыпты тінінің фонында капсуласы айқын гиперэхогенді түзіліс түрінде
* бездің тінімен салыстырғанда гипоэхогенді қосылыстары бар сопақша түзіліс
* бөліктік құрылымы сақталған, көлемі күрт ұлғайған, эхогенділігі жоғары без
* сопақ және домалақ пішінді эхосигналдары біркелкі таралған төмен эхогенді түзіліс, жиі қуық қуысын сырттан басып тұрады
* сопақша пішінді, анэхогенді түзіліс
! Дистопия мен нефроптоздың ажырату диагностикасында ең маңызды
* Астаушаларының орналасу деңгейі
* Несепағар ұзындығы
* Бүйрек артериясының бастау алатын деңгейі
* Несепағар ұзындығы мен бүйрек артериясының бастау алатын деңгейі
* Бүйрек үсті безінің орналасу деңгейі
! Бүйректің бір омыртқа денесіне төмендеуі:
* қалыпты жағдай
* нефроптоз
* эктопия
* дисплазия
* бүйрек рагі
! Нефроптозды анықтаудың негізгі зерттеу әдісі:
* вертикалды бағыттағы ультрадыбыстық зерттеу
* экскреторлық урография
* ретроградтық пиелография
* шолу урографиясы
* нысаналық рентгенография
! Нефроптозды анықтау үшін қосымша рентгенологиялық зерттеу:
* Тренделенбург қалпында тексеру
* несепағар компрессиясы
* Вальсальва сынағында суретке түсіру
* пиелоскопия
* жасанды пневмоперитонеум
! Гидронефроз кезінде маңызды зерттеу әдісі.
* экскреторлық урография
* ангиография
* ретроградтық пиелография
* ультрадыбыстық зерттеу
* антеградтық пиелография
! Бүйрек астаушасы мен тостағаншалары кеңейген, бүйрек паренхимасының атрофиялануы, латералды контурының толқын тәрізді томпаюы, қызметінің күрт төмендеуі немесе болмауы. Бұл өзгерістер тән:
* солитарлы кистаға
* бүйрек ісігіне
* гидронефрозға
* жедел пиелонефритке
* созылмалы пиелонефритке
! УД зерттеуде бүйрек қыртысты және милы заттарының қалыпты жағдайдағы қалыңдығы:
* 5 мм.
* 10 мм.
* 15 мм.
* 20 мм.
* 25 мм.
! УД зерттеуде бүйрек пирамидаларының қалыпты диаметрі тең:
* 2 – 6 мм.
* 3 – 7 мм.
* 4 – 8 мм.
* 5 – 9 мм.
* 6 – 10 мм.
! Несеп шығару жүйесі мүшелерінің рентгенологиялық зерттеуінде ең алғашқы кезекте өткізіледі:
* шолу урография
* контрасты рентгенография
* сызықтық томография
* нысаналық рентгенография
* Тренделенбург қалпындағы рентгенография
! Экскреторлық урографияда ересектерге енгізілетін контрастық зат мөлшері:
* 10 – 50 мл.
* 15 – 55 мл.
* 20 – 40 мл.
* 25 – 65 мл.
* 30 – 70 мл.
! Инфузиондық урография әдісі қолданылады:
* пиелонефритте
* кистада
* феохромоцитомада
* 2 дәрежелі қуық- несепағар рефлюксі
* 3дәрежелі қуық- несепағар рефлюксі
! Төмендегі әдістердің қайсысы бүйрек қызметі туралы нақты мәлімет береді:
* рентген
* УДЗ
* КТ
* МРТ
* радионуклидті зерттеу
! Бүйректегі көлемді үрдісті анықтауда және ажырату диагностикасында ең мәліметті зерттеу әдісі:
* рентген
* КТ
* МРТ
* УДЗ
* радионуклидті зерттеу
! Екі бүйректің зақымдануы, өлшемдерінің ұлғаюы, шеттерінің кедір-бұдырлануы анықталған, несепағар өзгермеген. Бұл көрініс тән:
* гидронефрозға
* бүйрек туберкулезіне
* поликистозға
* бүйрек ісігіне
* бүйрек кистасына
! Зәр шығару кезіндегі қуықтың рентгенографиясы не деп аталады?
* пневмоцистография
* микционды цистография
* Полуянов әдісі бойынша цистография
* өрлемелі цистография
* лакунарлы цистография
! Тікелей пневмографияға қарсы көрсетілім:
* альбуминурия
* глобулинурия
* микрогематурия
* макрогематурия
* оксалатурия
! Нефрографиялық фазада контрасталған паренхимада көптеген дефектілер анықталды, бұл тән жағдай:
* рак
* киста
* пиелонефрит
* поликистоз
* несеп-тас ауруы
! Бүйректің УДЗ кезінде астаушада гиперэхогенді, артында акустикалық көлеңкесі бар түзіліс анықталды, бұл тән:
* полип
* тас
* киста
* гидронефроз
* поликистоз
! Бүйректің УДЗ кезінде артында акустикалық күшеюі бар жалғыз анэхогенді түзіліс анықталды, бұл тән:
* рак
* қатерсіз ісік
* киста
* полип
* тас
! «Түрік ершігін» зерттеуде ақпараттылығы көп рентгенологиялық бағыт:
* бассүйек рентгенограммасының бүйір бағыты
* бассүйек рентгенограммасының шүйделік бағыты
* бассүйек рентгенограммасының мұрын-маңдай бағыты
* бүйірлік бағыттан дәлдеп жасаған рентгенограмма
* мұрын-иек бағыты
! «түрік ершігінің» ересектердегі қалыпты сагиттал өлшемі:
* 3-6 мм
* 7-9 мм
* 9-14 мм
* 7-16 мм
* 5-7 мм
! Бүйір бағыттағы рентгенограммада «түрік ершігінің» қалыпты жағдайдағы тік өлшемі:
* 5-7 мм
* 4-10 мм
* 7-12 мм
* 6-14 мм
* 15-17 мм
! «Түрік ершігінің» қалыпты жағдайдағы жиі кездесетін пішіні
* колбатәріздес
* жалпақ
* сопақ
* жартылай домалақ
* үшбұрышты
! Ми құрылымын жақсы анықтайтын зерттеу әдісі:
* рентгенография
* сызықтық томография
* КТ
* МРТ
* УДЗ
! Сәулелік диагностиканың неврологияда ақпараттылығы көп зерттеу әдісі:
* КТ, МРТ
* УДЗ, рентгенография
* краниография
* ПЭТ
* ПЭТ, УЗИ
! Ми қан тамырларын зерттеудің арнайы тәсілдері:
* КТ
* МРТ
* УДЗ
* мидың ангиографиясы
* краниография
! Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы омыртқа патологиясына диагноз қоюда алғашқы болып табылады?
* КТ
* МРТ
* УДЗ
* рентгенография
* ангиография
! Мидың қан тамырларын контрастауға көрсетілім бола алмайды:
* күре тамыр аневризмасы
* тамырлар мальформациясы
* ми ісігі
* бас миына қан құйылу
* қабыну аурулары
! Сәулелік диагностикада ми ісігін зерттеудің басты тәсілі болып табылады:
* ПЭТ
* УДЗ
* рентгенография
* ангиография
* КТ, МРТ
! Мидың қатерсіз және қатерлі ісіктердің ажырату диагностикасында қолданылатын зерттеу тәсілі:
* КТ, МРТ
* рентгенография
* ангиография
* ПЭТ
* УЗИ
! Ишемиялық инсульт кезінде ми қанайналымы бұзылуының ерте өзгерістерін анықтайтын әдіс:
* КТ, МРТ
* ПЭТ
* УДЗ
* ангиография
* рентгенография
! ОЖЖ контрастауға қолданылатын препарат:
* магний сульфаты
* ультравист
* барий сульфаты
* натрий фосфаты
* калий фосфаты
! Миға МРТ-зерттеу жасауға қарсы көрсетілім:
* артериальді гипертония
* ОЖЖ ісігі
* кардиостимулятор
* бассүйектің төбе сүйегінің ойылған сынығы
* мидың қабынулық өзгерістері
! Мидың жедел жарақаттануын зерттеудің таңдаулы әдісі:
* КТ
* МРТ
* УДЗ
* рентгенография
* радиоизотопты зерттеу
! Ми тамырлары қандай зерттеу әдісінде анық көрінеді?
* УДЗ
* МРТ
* контрасты МРТ
* Радиоизотопты диагностика
* рентгенологиялық зерттеу
! Омыртқаның қозғалу сегментінің қызметін бағалайтын тиімді әдісті атаңыз
* миелография
* жалпы рентгенография
* КТ
* МРТ
* функциональді рентгенография
! Қолданылған әдіспен зерттелген мүшені анықтаңыз (бағыты)
* бүйірлік бағыттан дәлдеп жасаған рентгенограмма
* бассүйек рентгенограммасының бүйір бағыты
* бассүйек рентгенограммасының шүйделік бағыты
* бассүйек рентгенограммасының мұрын-маңдай бағыты
* мұрын-иек бағыты
! Миға УДЗ өткізу мүмкін бе?
* бұл зерттеу әдісі сирек колданылады
* тек жас балаларда
* тек ересек адамдарда
* бұл зерттеу әдісі ми патологиясының диагностикасында қолданылмайды
* бұл зерттеу әдісі ересек адамдарда да, балалаларда да кең тараған.
! Зерттелген мүшені және зеттеу әдісін анықтаңыз.
* мидың КТ
* мидың МРТ
* мидың ангиограммасы
* мидың ПЭТ
* мидың сонограммасы
! Ми қан тамырындағы ағысты анықтауда қолжетімді,тиімді және зиянсыз зерттеу әдісі:
*Ангиография
* КТ
* МРТ
* Допплерография
* Ми сцинтиграфиясы
! Мидың КТ зерттеуде рентген сәулесін сіңіруінің қалыпты көрсеткіші:
* 10-15 Н бірлігі
* 20-25 Н бірлігі
* 30-35 Н бірлігі
* 40-45 Н бірлігі
* 50-55 Н бірлігі
! Ми ісігінің тура белгісі:
* Орталық құрылымдардың ығысуы
* Қарыншалардың деформациясы
* Әктенулердің болуы
* Гипо- немесе гиперденсивті көлеңке аймағы
* Күмбез сүйектерінің деструкциясы
! КТ зерттеуде ишемиялық инсультте алғашқы белгісінің анықталатын уақыты:
* 2-4 сағат өткесін
* 4-6 сағат өткесін
* 10-15 сағат өткесін
* Бірінші сағатында
* 20-24 сағат өткесін
! Жүректің негізгі (бастапқы) рентгенологиялық зерттеуі болып табылады:
* Кеуде торының полипозициялық рентгеноскопиясы
* тура бағыттағы рентгенография
* өңешті контрастап кеуде торының үш стандартты бағыттағы рентгенографиясы
* өңешті контрастап кеуде торының тура және сол бүйір бағытындағы рентгенографиясы
* қиғаш бағыттағы рентгенография
! УДЗ төменгі қуысты венаның қалыпты диаметрі қандай?
*12 мм кем емес
*13-20 мм
*26-30 мм
* 25 мм артық емес
*15 мм артық емес
! Тура бағыттағы жүректің көлденең өлшемі – бұл:
* Жүрек ұшы мен оң жүрек-тамыр бұрышы аралығы
* Оң кардио-диафрагмалды бұрыш пен жүрек ұшы аралығы
* Оң жүрекше-тамырлық бұрыш пен оң жүрек-диафрагмалды бұрышты қосатын сызық аралығы
* кеуденің ортаңғы сызығына перпендикуляр болатын оң жүрекше мен сол қарынша жасайтын доғалардың ең алыс нүктелерінен алынған сызық қосындысы
* Қарама-қарсы жақтарының аралығы
! Ересек адам жүрегінің УДЗ қолданылатын датчиктің жиілігі:
* 3,5 мГц
* 7,5 мГц
* 10 мГц
* 5 мГц
* 5-7,5 мГц
! ЭХО-КГ-да қарыншааралық пердеден келген эхо-сигналдардың үзілісі, допплеркардиографияда арыншааралық перде деңгейінде турбулентті систолалық ағын тіркелді. Осы көрініс қандай патологияға тән?
* ҚАПД
* ЖАПД
* Аорталды тарылу
* Митралды пролапсы
* Митралды тарылу
! Эхокардиографияда мына көрсеткіш анықталмайды:
*систолада сол қарынша қабырғасының қалыңдығы
*диастолада сол қарынша қабырғасының қалыңдығы
*систолада және диастолада қарыншааралық перде қалыңдығы
*қолқа диаметрі, шығару фракциясы
* систолада оң қарынша қабырғасының қалыңдығы
! Жүрек қуыстарындағы қанның бағыты мен жылдамдығын тіркейтін әдіс:
* Допплерэхокардиография
*КТ-ангиография
*Өңешті контрастаумен қоса жүректің рентгеноскопиясы
*Ангиография
*эхоэнцефалография
! Жүрек қантамырларын зерттеу әдісі:
* коронарография
*аортография
*көктамырлық урография
*флебография
*ОФЭКТ
! Жүректің жиырылғыштық қабілеті мен қақпақшаларының қызметін анықтайтын негізгі әдіс:
*селективті коронарография
*жүректің рентгеноскопиясы
* жүрек УДЗ
*КТ
*ОФЭКТ
! Шынайы уақыт режимінде жүрек циклының соңғы-систололалық және соңғы-диастолалық фазаларын анықтайтын әдіс:
* УДЗ
*Жүректің рентгеноскопиясы
*Радионуклидті зерттеу
*КТ
*ОФЭКТ
! Коронарографияға қарсы көрсетілім болып табылады:
*зәрдің үлес салмағының төмен болуы
*теміртапшылықты анемия
* контрасты затқа жоғары сезімталдық болуы
*В-12-тапшылықты анемия
*глюкозурия
! Жүректің митральді конфигурациясының болу себебі:
* сол жүрекше мен оң қарыншаға артық жүктеме болуы
*оң жүрекше жүктемесінің артық болуы
*сол қарынша мен қолқаның жоғарылаған бөлімі жүктемесінің артық болуы
*сол қарынша жүктемесінің артық болуы
*үлкен қанайналым шеңберінің жүктемесінің артық болуы
! Жүректің аорталды конфигурациясының болу себебі::
*сол жүрекше мен қарынша жүктемесінің артық болуы
*оң жүрекше жүктемесінің артық болуы
* сол қарынша мен қолқаның жоғарылаған бөлімінде жүктеменің артық болуы
*сол қарынша жүктемесінің артық болуы
*үлкен қанайналым шеңберінің жүктемесінің артық болуы
! Жүректің митральді тарылуының митральді жетіспеушіліктен айырмашылығының рентгенологиялық көрінісі:
* сол қарынша (IV доға) ұлғаймаған
*сол қарынша (IV доға) ұлғайған
*оң жүрекше ұлғайған
*қолқа ұзарған
Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 176 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |