Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Ғұн және Хань империялары арасындағы геосаяси мәселелер 4 страница



 

23. Түрік тайпаларының этногенез құрылымының даму сатылары. Түрік тайпаларының бастауы, тарихы - сақтардан басталады десек, қателеспеген болармыз. Сақтар Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Бұл өзгерістер темірден жасалған құралдарды пайданала бастауымен байланысты болды. Қоғамда мүлік теңсіздігі-топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш - мемлекет. Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлістіктер б.з.б. I мыңжылдықта пайда болды. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн. Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. 2. Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ). Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Жазба деректер бойынша үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В. Кюнер мен академик Н.Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихының өчеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды. Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А. Бернштам болды. Қазіргі кезде сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан бері айналасып жүрген К.А.Акишев. Ол үйсін тайпалардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік–экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп, үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста өмір сүрген деген қорытындыға келді. Қаңлылар. Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар.Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады. 3. Ғундар. Ғунну державасынның құрылуы. Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық – саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман және Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді. Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған. Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр. Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады.



 

24. VI-IX ғғ.Түркілердің наным-сенімдерінің қоғамға ықпалын көрсетіңіз Түріктердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың — ша- мандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды. «Кек өз биігінен (көк жүзінен) менің әкем Илтериш-қағанға және менің анам Илбілге-қатынға жөн сілтей отырып, оларды (халықтан) жоғары қойды, менің өзімді түрік халқының аты мен даңқы жойылып кетпеу үшін қаған етіп отырғызған (қағандарға) мемлекетті сыйлаушы Кек деп ойлау керек». Көктің еркімен «түріктер жеңіске жетіп немесе жеңіліске ұшырап отырды». Жұт жайлаған жылдары түрік халқын Көк пен Жер-Су сақтап қалған. Түрік хандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашанда желеп-жебеуге шақырады. Ұмай ана Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай - от басы мен бала-шағаны қорғаушы болған. Ұмайға табыну Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып қалды. Сонымен бірге Ұмай түріктер сиынған құдіретті үш күштің бірі болған және оларға қашанда қамқоршы болып отырған. Мұны мәселен, Төнікөктің құрметіне орнатылған ескерткіштен көруге болады, онда түріктердің сәтті жорықтарының бірін сипаттағанда былай делінген: «Көк, Ұмай (құдай), қасиетті Жер-Су, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!». Отқа табыну Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралгған, олардың ішінде ең әйгілілері — отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Византия тарихшысы Менандр түрік қағаны Дизабұлға елші Земархтың келуін сипаттай келіп, былай деп жазады: «Түріктердің осы тайпасының ішінен кесел біткенді аластай аламыз деп өзіне-өзі сенетін біраз адам Земархқа келді де, римдіктердің өздерімен бірге ала келген заттарын бір жерге үйді, одан соң ливан ағаштарының бұтақтарын лаулатып жағып, скиф тілінде әлдебір тағылық сөздер айтып сыбырлап, дабылдарын ұрғылап, үйіліп жатқан заттарға қайта-қайта төнді. Шытырлап жанып жатқан бір бұтақты ортаға әкеліп, құтырына айғайлап, кәрін төгіп, ойнақтаған жын-шайтанды қуғандай болды. Жұрт бұл адамдарға жын-шайтанды аластап, бізді кесел- пәледен құткарады деп сенеді; өздерінше барлық кеселді аластадық деп сенген олар Земархтың өзін осы оттан өткізіп, өзімізден де пәле-жаланы алас- тадықдеп сенгендей болды». Қала тұрғындары мен отырықшы халықтың отқа табынғаның археологиялық материалдар растайды. Баба-Ата қаласы жұртының қамалын қазып- аршыған кезде сарай кешенінің ең басты залында, жердің қалың қабатына қарағанда, отқа байланысты діни ғұрып өткізілген. Қалалардың жұрттарын қазғанда қой мүсіндері шығады, олардың осы жануарларға табынумен байланысты екені даусыз. Отырар алқабындағы Көк-Мардан қаласының орнынан VI—VII ғасырлар қабатынан от жағу үшін тақыт орнатылып, қошқармүйіз түрінде жапсырмасы бар қуыс жасалған ғибадатхана қазылып алынды.Ұлы» тастың құдіретті.Орта ғасырлардағы көптеген авторлар «ұлы» тастың құдіретті күшімен жаңбыр жаудыра алатын түрік «сиқыршылары» туралы жазады.

 

25. Печенегтер мен олардың Еуропа тарихына тигізген әсерін бағалаңыз. Печенегтер — орта ғасырлардағы тайпалар одағы. Грек тілінде пачынах, түрікше бажанак немесе бәжәнәк, славян тілдерінде печенег аталған тайпа атауының этимологиясы әлі анықталған жоқ. Ғылыми әдебиеттерде Печенегтер көне түркі көшпелілерінің сармат және угро-фин тайпаларымен араласуы нәтижесінде қалыптасқан деп есептелінеді. Антропология жағынан моңғол тектес нәсілдің аздаған үлесі байқалатын еур. нәсілге кіреді.

Печенегтер түркі тілінде сөйлеген. С.Г. Кляшторный б.з. 1-мыңжылдығының ортасында печенег-кангарлар тұрағы Қанға, яғни Сырдарияның орта ағысы болды деп көрсетеді. М.Қашқари: “Бажанак — Рұмға жақын жайласқан түрік тайпасы. Бажанак — оғыз руларының бірі. Бәженек деп те аталады” деп жазады. 8 — 9 ғасырларда Печенегтер Еділ мен Орал аймағында өмір сүрген. 9-ғасырдың соңына қарайоғыздар, хазарлар, қимақтардың қысымымен батысқа қарай жылжиды. Қара теңізі далаларында көшіп жүрген венгрлерді ығыстырып, Еділ менДунай аралығындағы аймаққа орнықты. Олар батыс және шығыс тармақтарға бөлінген 8 тайпа, 40 рудан құралды. Тайпаларды жиындарда сайланатын көсемдер басқарды. 915, 920, 968 жылдары Печенегтер Руське бірнеше рет жорық жасады. Киев князьдары Игорь мен Святослав 944, 971 жылы олармен одақтасып, Византия мен Дунай Бұлғариясына қарсы соғысты. 972 жылы Печенегтердің Курей ханы Святослав Игоревичтің жасағын талқандайды. Бұдан кейін де Руське, көрші елдерге әлсін-әлсін жорық жасап тұрды. 1036 жылы Ярослав Мудрый Киев қаласының түбінде Печенегтерге күйрете соққы беріп, олардың Руське шабуылын тоқтатты. 10 — 11 ғасырларда Печенегтер Византияны ішкі-сыртқы саясатта қолдап тұрған. 10 — 12 ғасырларда олардың біраз бөлігі Венгрияға қарай ығысқан. 13 — 14 ғасырлар шенінде Печенегтер ыдырап, түрік тілді, сондай-ақ венгр, орыс, т.б. халықтармен сіңісіп, осы халықтардың этн. тарихында өз ізін қалдырды.

 

26. Хазар қағанатының Еуразия тарихындағы ролі. Хазар қағандығы Тарихының алғашқы кезеңін маңайлас Кавказ елдерімен соғыспен бастаған хазарлар 626 ж. Кавказ Албаниясын бағындырды. Византияменбірігіп, Тбилисиді басып алды. Арменияға жасалған 684 жылғы шабуыл өте жойқын болып, Григорий патша өлтірілді. Араб жаулап алу жорықтарының қақ жолында орналасқан хазарлар олармен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. 654 ж. Дағыстан жеріндегі үлкен орталық Беленжерге бағытталған араб шабуылы тоқтатылды. 8 ғ-дағы араб-хазар соғыстары ауыспалы жеңіспен жүрді. 730/731 ж. болған ең ауыр шайқаста хазарлар Ардебиль қ-н шауып, арабтың 25 мыңдық қолын талқандады. Хазар әскері Мосулға дейін жетті. 737 ж. қолбасшы Марван 120 мыңдық араб әскерімен келіп, ел астанасы Семендерді басып алды. Бұл қағандықтың басты орт-тарының Еділ мен Дон алқаптарына қарай жылжуына, ал Дағыстан жерінің бұдан былай мемлекеттің оңт-тегі қиыр аймағына айналуына әсер етті. Хазарларға үнемі арабтар ислам дінінің, ал византиялықтар христиандықтың түпкілікті енуіне ықпал жасауға тырысты. Араб-хазар қатынастарының ымырасыздығы исламның хазарларға түбегейлі тарамауына әсерін тигізді. 9 ғ-дың басында Обадия қағанның өз әулетімен иудей дінін қабылдап, оны жалпы мемлекеттік дін ретінде күштеп жариялауы ел ішіндегі наразылықты күшейтті. Өлкелер қаған билігіне қарсы шықты. Бұған дінбасылардың әуелі христиандықты, іле-шала исламды қуғындауы әсер етті. 9 ғ-дың ортасына қарай ішкі-сыртқы қайшылықтардың әсерінен мемлекеттің аумағы кішірейді. Шығыстан печенег және оғыз тайпаларының шабуылы күшейді. Византия түркі көшпелілерінің басын қосу арқылы қағандыққа қарсы коалиция ұйымдастырды. Көптеген славян тайпаларының өзіне емес, хазарларға бағынышты болып, алым-салықты соларға төлеп тұрғанына наразы Киев князі Святослав та осы кезде қағандыққа қарсы көтерілді. Печенегтердің үзіліссіз шабуылынан қатты әлсіреген, ішінен де бүлініп, ыдырау алдында тұрған қағандықтың ірі орт. Саркелді Святослав 965 ж. басып алып, қала мұнан кейін орыс жылнамаларында Белая Вежа аталды. Мемлекет дербестігінен айрылды. Ислам дінін қабылдап, Хорезмнен көмек сұрауға бағытталған әрекет нәтиже бермеді. Бірте-бірте шығыстан келген құман (половец) тайпалары хазар жерін толығынан иемденді. 11 ғ-дың 2-жартысында деректерде соңғы рет аты аталған хазарлар жекелеген топтар болып құмандарға, славяндарға, т.б. сіңіп кетті. Зерттеушілер Х. қ-н Ғұн мемлекетінің мұрагері деп санайды. Бірақ ғұндар мен хазарлардың байланысы дәйекті түрде зерттелмеген. Көптеген ғалымдар Х. қ. Шығыс Еуропа халықтары үшін көп жағдайда “қалқан” қызметін атқарды деп бағалайды. Мұндай пайымдаулар бойынша хазарлар араб халифатының Дербент арқылы Шығыс Еуропаға бағытталған экспансиясын тоқтатқан және шығыстан ағылған түркі көшпелілерін ұзақ уақыт тежеп тұруы арқылы шығыс славян тайпаларының үлкен аумақтарды иемденіп, іргесін көтеріп алуына жағдай жасаған.

 

27. Хазар қағанаты және арабтар: сыртқы саяси, әлеуметтік және діни мәселелер. Ерте заманда Хазария елінің болғанын тарихтан білеміз. Сол ел өзге діндерге басымдық береміз деп, «аққу көкке, шортан көлге, шаян жерге тартып», соңында ел ретінде жер бетінен жойылып кеткен екен. Хазарлар Еуразияда араб экспансиясымен түйісіп қалған бірінші мемелекет болды. Кавказда 642 жылы арабтармен бірінші шайқас өтті. Бірінші соғыс кезінде арабтардың әскербасы мерт болып, хазарлар жеңіп кетеді. Шайқас Баланжир деген жерде өтеді, бұл хазар ханының ордасы тұрған жер еді. Кейінірек хазарлар ордасы орын ауыстырып, Самандарға көшеді, содан кейін Еділ (Итель) бойына қоныстанады. Арабтар мен хазарлардың екінші соғысы 772-773 жылдары болады, бұл жерде хазарлардың жолы болмай, олар жеңіліс табады. ІХ ғасырдағы орыс жылнамаларында Днепр бойындағы тайпалар хазарларға сансыз ақ терілермен немесе қарулармен, қылыштармен алым-салық төледі делінген, ал Х ғасырда сол алым-салық олардан ақшалай алынған. Исламдық (арабтық) жазбаларда хазарлар тамаша егіншілер және шебер балықшылар деп айтылады. Соларда хазарлар жері кең және су қоймаларына бай, әсіресе қыста судың молдығы соншалықты, балық пен жануарларға бай сансыз көлдер пайда болады. Сол көлдердегі балықтар семіз болып келіп, оларды хазарлар өз майына қуырады. Су тартылған көктем мен жазда хазарлар астық себеді. Сөйтіп, бір жерден хазарлар екі өнім: қыста - балық, жазда - бидай жинады. Сегізінші ғасырда Хазар қағанаты мен Византия арасында тығыз қарым-қатынас орнауы христиандықтың таралуына қолайлы жағдай тудырды. Хазар қағанаты жерінде митрополия – діни орталық ашылып, жеті эпархия пайда болды. VІІІ ғасырдың ақыры мен ІХ ғасыр басында қағанаттың тізгінін ұстаған Обадия иудаизмді мемлекеттік дін деп жариялады. 735 жылы Каспий жағынан басып кірген арабтар Хазар қағанатының әскерін қиратып жеңеді. Осыдан кейін қаған мен оның төңірегіндегілер мұсылман дінін қабылдайды.

28. Хазар тайпалық бірлестігінің құрылуын көрсетіңіз. Хазар халқы мен хазар мемлекеті 7 ғасырдан 10 ғасырға дейін Еділдің төменгі сағасында өмір сүрді. Бұл батыл әрі жауынгер тайпа болды. Хазарлар елі Қара теңізден Каспий теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Хазарлар түріктер болды және алғашқы уақытта олар Батыс түрік қағанатының құрамына енді. Кейін олардың қарауынан шығып, олар өз елдерін құрды. Хазарлар Еуразияда араб экспансиясымен түйісіп қалған бірінші мемелекет болды. Кавказда 642 жылы арабтармен бірінші шайқас өтті. Бірінші соғыс кезінде арабтардың әскербасы мерт болып, хазарлар жеңіп кетеді. Шайқас Баланжир деген жерде өтеді, бұл хазар ханының ордасы тұрған жер еді. Кейінірек хазарлар ордасы орын ауыстырып, Самандарға көшеді, содан кейін Еділ (Итель) бойына қоныстанады. Арабтар мен хазарлардың екінші соғысы 772-773 жылдары болады, бұл жерде хазарлардың жолы болмай, олар жеңіліс табады. Хазарлар — ортағасырлық түркі тілді халық. Мамандардың есептеуінше Шығыс Еуропада 4 ғ-да ғұн шапқыншылығынан кейін пайда болған. 6 ғ-дың 60-жылдары Батыс Түрік қағандығына бағынды. Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін Солт. Кавказ бен Қара т. жағалауында 7 ғ-дың ортасына қарай Хазар қағандығын құрды. 8 — 9 ғ-ларда Шығыс Еуропада жетекші мемлекет құрған Хазарлар 10 ғ-дан бастап өз ішінде жікшілдікке ұшырап, әлсіреп кетті. Осыны пайдаланған көршілес Киев Русі мен басқа да түркі тілдес ұлыстар (оғыз, печенег, т.б.) тарапынан шапқыншылыққа ұшырап, 10 ғ-дың соңына қарай, тарих сахнасынан мүлдем жойылды. Мемлекеттілік жойылғаннан кейін жергілікті тайпалар басқа көшпелі түркі халықтарына сіңіп кетті. Хазарлар құрамында түркі тектес халықтардың, әсіресе, Кіші жүз тайпаларының аты (мыс., керейт, беріш, т.б.) жиі ұшырасады. Араб жиһангезі әл-Масуди Х-дыңмұсылман, христиан, иудей дінін қатар ұстанғанын жазған. Белгілі тарихшы М.И. Артамонов Хазар жеріне 8 ғ-дың басында, 9 ғ-дың орта шенінде Византия, араб миссионерлері христиан, ислам дінін енгізуге әрекеттенгенімен, қағандықты басқарған хазар нәсілі Обадия иудашылдықты мемл. дін ретінде жариялағанын дәлелдеді. Жалпы -Хазарлардың этн. құрамы жөнінде тарихта әр алуан пікірлер қалыптасқан. Иудаға табынушы ел билеушілерінің мұсылман, христиан дініндегі, сондай-ақ тәңіршілдікті тұтынған бұқара халықтан оқшау өмір сүруінің, басқару тетіктерін пайдалана алмауының салдарынан мемлекет ішінде этн.-діни алауыздық өршіп, тұрақсыздық ахуалы белең алған.

29. Селжұқтар мемлекетінің Еуропаға ықпалын көрсетіңіз. Түрік-селжұқтар қалыптасқан Византия империясының территориясы ғасырлар бойы Шығыс пен Батыстың көз алартушыларын өзіне тартқандығы белгілі. Бұған басты себеп Византияның территориялық жағдайы еді. Византия тұрған жер ежелден Шығыс пен Батысты жалғастырып тұрған «Алтын көпір» болатын. Еуропалық державаларға жортуыл жасай жүздеген жылдар бойы барлық мемлекеттерді қырығы және ержүрек болуға мәжбүр етті; олар бұл жерді мекен еткендердің ортақ мүддеге бірігуіне жол бермеді, — мейірімді аз, ал зұлымдылығына шек болмады, — Еуропаның жерұйық жерін шөл қуарты, ал бір кездегі ғұлама грек жұртын басыбайлы құлға, азғындалған тағыларға айналдырды. Қасиетсіз түріктер өнердің қаншама туындыларын бүлдірді десеңші! Көзі жойылған мұрағатардың көптігі сонша, енді оларды қалпына келтіру мүмкін емес. Түрік- селжұқтардың Кіші Азияда өз мемлекетін қалыптастыруы бір жақты ғана көрсетіледі. Түрік- селжұқтардың крестілермен қақтығыстары өте үстіртін, салғырт түрде берілген. Кеңес үкіметі тұсында шыққан «Орта ғасырлар тарихы» (мектеп оқулығы) селжұқтардың Герман-Франк біріккен қолын Кіші Азияда тас-талқан еткендігі жөнінде (ІІ крестілер жорығы) ештене айтпайды. [4, 12] Бұған себеп біріншіден — ғасырлар бойы өзара жауласқан Батыс мемлекеттері үшін Византия территориясында мұсылман мемлекетінің қалыптасуы қауіпті де, қатерлі де болып саналады. Екіншіден — Шығыс пен Батысты жалғастырған Жібек жолы бойындағы селжұқ мемлекеті Еуропа экономикасына сауда қатынасының үзілуіне байланысты кері әсерін тигізетін. Үшіншіден — Рим Католик шіркеуі мен Константинополь православие шіркеуі арасындағы бәсекелестікке байланысты Рим Папасы қандай жолмен болсын Константинополь патриархын өзіне қаратуды мақсат еткен еді. Төртіншіден – түрік әскерінің Балқан түбегінде славян жерлерін өзіне қаратуы Розсип тарихшыарының түріктерге деген кері көзқарас туғызуына әсер етті. Еуропалықтарға мұсылман әлемін бағындыруға болмағандықтан Діні бөлек мөнғолдарды миссионер – елшілер арқылы өздеріне тартпақ болды. Алғашқы орыс византиятанушының бірі, Петербург университетінің профессоры В.Г. Васильевский (1838 – 99) «Византийский временник» журналының редакторы боп жүрген кезде түрік – селжұқ (Рум сұлтанының) мемлекетінің Византия территориясында қалыптасуын Орта азиядан шыққан түркі халықтарының әскери өнерді жете меңгерген және феодалдық тәртіптің күштілігімен байланыстырады десе, Мәскеу университетінің оқытушысы П.Н.Кудрявцев (1816 – 1858) түрік – селжұқтардың Кіші Азияға келуі Византия империясының өзара феодалдық қырқыстар мен билікке талас әсерінен әлсіреу уақытына сәйкес келеді деп есептеді.

 

30. Қыпшақтар туралы тарихи зерттеулерге сипаттама жасаңыз. XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Араб географы әл-Омаридің деректері қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу жолдары болғанын дәлелдейді: «Қыпшақтардың хандары қысты Сарайда өткізеді, ал жайлаулары, бір кездегі Тұран жайлаулары сияқты, Орал таулары аймағында». Екі қыпшақ хандықтарында да хандық тақ бір ханнан екіншісіне мұрагерлік бойынша, әкеден балаға көшіп отырды. Қыпшақ хандарының билігі туралы тарихи жәдігерліктерде мынандай деректер сақталған: "Жас кезінде қазақ сондай ақсүйектерімен жақын қатынастары болды. Олар бірге соғысты және қыз алысып, қыз берісті, яғни туысқан болып кеткендер. Мысалы, көптеген қыпшақтар Хорезмшахтың сарайында және оның әскерлерінде қызмет етті. Қыпшақтар мен Хорезмшахтың әскерлері бірігіп, бірнеше шайқастарда қарақытайларды ұрып алады. Қыпшақтар және олардың Хорезм мемлекетімен қарым-қатынастары мәселесі турасында алғашқы зерттеулер ХҮІІІ ғасырда орын алды. Әлбетте, бұл проблемада орыс зерттеушілері алғашқылардың бірі болып көңіл аударды. Олардың қатарында В.Н. Татищев, Н.М. Карамзин, С.М. Соловеьев, В.Г. Василевский, П.В. Голубовский сынды тарихшылар мен ориенталистер (шығыстанушылар деген мағына береді, яғни шығыс халықтарының тарихын зерттеушілерді осылай атаған) болды. Аталған зерттеушілер қыпшақтардың (половецтердің) тарихын Киев Русінің тарихымен тікелей саяси, экономикалық, этникалық, мәдени байланысы тұрғысынан қарастырып, сонымен қатар олардың басқа да халықтармен байланысын зерттеді. Әлбетте, соның ішінде Қыпшақ-Хорезм қатынастары да олардың назарынан тыс қалмады. Н.М. Карамзин қыпшақтардың қазақтармен генетикалық байланысына назар аударды. 1884 жылы П.В. Голубовскийдің «Печенеги, тюрки и половцы до нашествие татар» деген еңбегінің маңызы орасан [3]. Оның бұл зерттеуі қазіргі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ және осы мәселеге қалам тартқан тарихшыларға бағыт-бағдар ретінде танылды. Еңбекте мынадай мәселелер қарастырылған: бірінші, орыстар мен половецтер арасындағы әскери қақтығыстар. Бұнда автор көптеген зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқан «жабайы көшпенділер» тек тонаушылық мақсатта соғыстар жүргізген деген көзқарастан бойын аулақ ұстап, мәселеге кәсіби және өркениеттілік тұрғысынан келген. Сонымен қатар, екі елдің арасында да бейбіт қатынастар болып, нәтижесінде сауда және мәдени, елшілік, неке байланыстары жүзеге асқандығын алғашқылардың бірі болып дәлелдейді. Екінші, моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы қыпшақтар мен Орта Азиядағы Хорезм мемлекетімен арадағы саяси, экономикалық, мәдени қатынастарына бірашама көңіл бөледі.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 91 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>