Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Қазақстан Республикасының әділет органдары Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасы ірге көтеріп, қаз тұра бастаған сәттен,



Тарихы

Қазақстан Республикасының әділет органдары Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасы ірге көтеріп, қаз тұра бастаған сәттен, тәуелсіздік туын көтерген, бүгінгі күнімізге дейін өркениетті құқықтық мемлекетке жүктелетін міндетті абыроймен атқарып келеді. Әділет органдарының 90 жылдық тарихы халық тарихының ажырамас бір бөлігі болып табылады.

Халық Комиссарлары Кеңесінің 1919 жылғы 10 шілдедегі Декретімен Қырғыз өлкесін басқаратын Қазақстан Кеңестерінің съезін шақырғанға дейін уақытша орган - әскери-революциялық комитет құрылып, өлкенің әскери-азаматтық жоғары басқару билігі осы комитеттің қолына берілді. 1919 жылғы 30 қыркүйекте Кирревкомның юстиция (әділет) бөлімін құру туралы қаулысы қабылданды. Әділет органдары алғаш іске кіріскен сәттен-ақ өздерінің басты міндеті юстиция сөзінің грек тілінен аударғандағы ұғымына сай әділеттілікті орнықтыру деп білді.

Сол жылдарда орталық юстиция бөлімі құрамына сот тергеу, әкімшілік-шаруашылық, заңдық болжам, жазалау және нотариат бөлімшелері кірді.

Кирревкомның 1920 жылғы 30 шілдедегі қаулысымен орталық юстиция бөлімі өлкелік юстиция халық комиссариаты болып құрылды, ол заң шығарушы, нұсқау беруші, хабардар етуші және барлық әділет органдарын біріктіруші орган болды және оған бүкіл республика аумағында сотқа қатысты істі басқару мен жетекшілік жасау міндеті жүктелді.

Қазақ КСР юстиция халық комиссарының 1939 жылдағы 5 қаңтардағы №7 бұйрығымен Халық депаутаттары Павлодар облыстық Советі атқару комитеті жанынан Қазақ КСРО Юстиция Халық комиссариатының басқармасы құрылды.

1946 жылы Қазақ КСР Юстиия Халық комиссариаты Қазақ КСР Юстиция министрлігі болып қайта құрылуына байланысты облыстық әділет басқармасы Қазақ КСР Юстиция министрлігінің еңбекшілер депутаттары Павлодар облыстық Кеңесінің жанындағы басқармасы деп аталады және сот басқармасы органын ретінде ұйымдастырылды, ал облыстық соттар халық соттарына ұйымдастырушылық - әкімшілік қызметті орындау міндетінен босатылып, тек сот органдары ғана болып қалды.



Облыстық әділет басқармасына халық соттарының қызметіне ұйымдастырушылық-практикалық басшылық ету, сондай-ақ Қылмыстық және азаматтық істерді қараған кезде олардың заңдарды қолдануына, судьялардың сайлаушылар алдында есеп беруіне бақылау жасау, сот органдарының штаттары мен сметаларын, облыстағы халық соттарының жүйесі, сайлауға жататын судьялар мен халық заседательдерінің саны туралы ұсыныстар жасау міндеті жүктелді.

1956 жылғы тамызда Қазқ КСР Юстиция министрлігі таратылды. Оның қызметі облыстық сотқа берілді. Бүкіл Қазақстанда халық депутаттары облыстық Кеңесі атқару комитеті жанынан жаңадан юстиция басқармасы құрылды.

Тәуелсіз Қазақстанның арқасында әділет органының жаңа тарихи сатысы басталып келеді.

2002 жылғы 18 наурызда Парламент «Әділет органдары туралы» Заңды қабылдады. Бұл заңға сәйкес әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады.

Еліміздегі жүргізіліп жатқан қоғамды одан әрі демократияландыру саясатына байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті мақұлдаған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру барысында Әділет министрлігінің рөлі одан әрі өсуде.

Әділет министрлігіне құжаттандыру мен Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліктер мен төлқұжаттар беру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер жүйесі берілді. Бұл шара азаматтарға заңдарда көрсетілген барлық тіркеу тәртібін бір органда өткізуге мүмкіндік береді.

1. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.

2. Тақырып бойынша 30 сөзге глоссарий жасаңыз, ол сөздердің мағынасын жатқа біліп, жатқа айту керек.

 

Жүктелген жұмыс жүйелі жүргізілуде

Президенттің Қазақстан халқына үстіміздегі жылғы Жолдауының ерекшелігі таяу онжылдықтағы еліміздің даму стратегиясы айқындалғандығында болып отыр. Ол Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады, ал оның бірінші кезеңін біз аяқтадық. Жолдауда айқын көрсетілген мәселе құқық қорғау жүйесін реформалау арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу мәселесін әрі қарай жетілдіру және күшейту болды.

Қазіргі кезде Елбасының Әділет министрлігіне жүктелген құқықтық жүйені бір жүйеге келтіру тапсырмасына қарай Қазақстан Республикасының Әділет министрі ағымдағы жылдың 17-18 мамырда Римде (Италия) «Мораторийден өлім жазасын жоюға дейін тіршіліксіз сот төрелігі болмайды» деген тақырыпта өткізілген Әділет министрлерінің халықаралық 5-шi кездесуiне қатысты. Кездесу барысында өлім жазасына мораторий жариялау, өлім жазасына баламалы жазалау түрлерін қолдану мәселелері және қылмыстық-құқықтық санкцияларды ізгілендірудің өзге де қырлары талқыланды. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Рашид Түсіпбеков өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттік саясаттың басты негізі адамның құқығы мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет құру жолын таңдағанын атап өтті. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, сондай-ақ құқықтық жүйені дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Кездесу қатысушылары екі мемлекеттің құқықтық саясаты дамуының мәселелерін талқылап, ұлттық әділет органдары жүзеге асырып жатқан стратегиялық міндеттері туралы ақпараттармен алмасты. Қатысушылар ведомствоаралық әріптестіктің басты бағыттарын, оның ішінде заң шығару, жазаны орындау, қылмыстық атқару жүйесін дамыту, сот сараптамасы және өзге де мәселелерді талқылады. Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің жекелеген баптарын декриминализациялау проблемасы көтерілген.

Жолдау еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі жүзеге асыруды, шағын кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытуды, еңбекпен қамту, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуды және білім беру мен денсаулық сақтаудағы сапаға барынша көңіл бөлуді міндеттеді. Бұл мәселені мемлекеттік органдарға, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлерге маңызды міндет ретінде қойып, адал қызмет атқарған жағдайда ғана болашақтың іргесін берік қалай алатынымызды айтты. Сондықтан, маңызды құжатта көрсетілген тапсырмалардың орындалуына, ел болашағының іргетасы берік қалануына өз үлесін қосу – әрбір мемлекеттік қызметкердің парызы. Аталған тапсырманы жүзеге асыруда әділет органдары басқа мемлекеттік органдармен бірдей өз үлесін қосып келеді. Мәселен, Әділет департаменті – тұлғаларды құжаттандыру, азаматтардың хал актілерін және заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды сақтау сынды мемлекеттік қызмет түрлерін орындауды жүйелі жолға қойған. Департаменттің негізгі мақсаты – көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын одан әрі жоғарылату және азаматтар мен заңды тұлғаларға, солардың арасында, біріншіден, жеке кәсіпкерлерге уақытылы және сапалы заң көмегін көрсету болып табылады. Құқықтық тақырыпта жұмыс істейтін Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен қарым-қатынас жылдан-жылға кеңейтіліп келеді. Құқықтық тәрбие халықтың барлық топтарына бағытталған, әсіресе, кәмелетке толмағандардың құқықтық тәрбиесіне аса маңызды көңіл бөлінген.

«Әділет органдары туралы» заңға сәйкес Әділет департаментінің қызметінің бір саласы – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу. Бүгінгі күні Астана қаласының Әділет департаменті 38 мыңнан астам заңды тұлғаны, 4000-нан астам заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеді. Заңда шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу мерзімдері азайтылды. Күнделікті түсіп жатқан заңды тұлғалардың құжаттарына қарап, ел азаматтарының шағын кәсіпкерлік субъектілерін құрып, өз бизнестерін жандандырып келе жатқанын байқауға болады. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың тіркеу мерзімінің оңтайланды-рылғанын, төленетін алым ставкасының төмендегенін, салық төлеу, кедендік рәсімдеу бойынша да біраз жеңілдіктер жасалғанын аңғартса керек. Қазіргі таңда бизнеспен айналысамын деген азаматтар аз мерзімнің ішінде кәсіпорындарын ашып, жұмыстарын бастай алады. Өздеріңізге белгілі құжаттарды қабылдау және беру бір жерден, яғни, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі.
Осылайша Әділет органдары Президенттің жылдағы айтып жатқан шағын және орта бизнесті дамыту мен өркендетуге өз үлесін қосудамыз. Мейіржан БАҚТИЯРОВ, Астана. Источник: elgazeti.kz/

ТАПСЫРМАЛАР: Жүктелген жұмыс жүйелі жүргізілуде

 

1. МӘТІН БОЙЫНША 5-СҰРАҚ ДАЙЫНДАҢЫЗ.

2. МӘТІННЕН АҚПАРАТТАРДЫҢ НАҚТЫ, НАҚТЫ ЕМЕСТІГІН АНЫҚТАҢЫЗ.

a) Қазіргі таңда бизнеспен айналысамын деген азаматтар аз мерзімнің ішінде кәсіпорындарын ашып, жұмыстарын бастай алмайды.

b) Рашид Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары.

c) Қазақстан Республикасының Әділет министрі ағымдағы жылдың 17-18 мамырда Римде (Италия) «Мораторийден өлім жазасын жоюға дейін тіршіліксіз сот төрелігі болмайды» деген тақырыпта өткізілген Әділет министрлерінің халықаралық 15-шi кездесуiне қатысты.

d) Департаменттің негізгі мақсаты – көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын одан әрі жоғарылату және азаматтар мен заңды тұлғаларға, солардың арасында, біріншіден, жеке кәсіпкерлерге уақытылы және сапалы заң көмегін көрсету болып табылады.

e) Өздеріңізге белгілі құжаттарды қабылдау және беру бір жерден, яғни, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі.

f) Құқықтық тақырыпта жұмыс істейтін барлық ақпарат құралдары өкілдерімен қарым-қатынас жылдан-жылға кеңейтіліп келеді.

g) Құқықтық тақырыпта жұмыс істейтін Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен қарым-қатынас жылдан-жылға кеңейтіліп келеді.

h) Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың тіркеу мерзімінің оңтайланды-рылғанын, төленетін алым ставкасының төмендегенін, салық төлеу, кедендік рәсімдеу бойынша да біраз жеңілдіктер жасалғанын аңғартса керек.

 

3. МЫНА СӨЗДЕРГЕ МӘТІННЕН СИНОНИМДІК ҚАТАРДЫ ТАУЫП ЖАЗЫҢЫЗ.

a) Назар аудару-

b) Өткен жыл-

c) Дамыту –

d) Нығайту –

e) Ретке келтіру -

f) Қаралды-

g) Кезден бастап -

h) Қалғанын –

i) Міндеті –

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 286 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Список активных участников Студенческого Культурного Центра по Итогам Январь-Июнь 2014 г., включенных в список приказа на продление зимней экзаменационной сессии 2013/2014 | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)