Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Жай протеиндердің бірінші реттік құрылымы сипатталады:



1. Жай протеиндердің бірінші реттік құрылымы сипатталады:

A. полинуклеотид тізбегінің тармақталуы бойынша

B. +полипептид тізбегінің тармақталмауы бойынша

C. полипептид тізбегінің тармақталуы бойынша

D. сутек байланысы болуы бойынша

E. эфирлік байланыстың болуы бойынша

 

2. Протеиндердің төртінші реттік құрылымы – бұл:

A. полипептидтік тізбектегі кезектескен аминоқышқылдардың реті

B. бүкіл полипептидтік тізбектің кеңістіктік конформациясы

C. полипептидтік тізбектің жеке бөліктерінің конформациясы

D. бірнеше полинуклеотидтік тізбектің жиыны

E. +екі немесе бірнеше суббірліктердің жиыны

 

3. Гидролиз - бұл:

A. полипептидтік тізбектің қызметті белсенді молекулаға оратылу реакциясы

B. +сутектік, иондық, гидрофобтық және дисульфидтік байланыстардың ыдырау реакциясы

C. сутектік, иондық және гидрофобтық байланыстардың қайта қалыптасу реакциясы

D. протеиннің үшінші реттік құрылымының қайта қалпына келу реакциясы

E. протеиннің бірінші реттік құрылымының бұзылуы реакциясы

 

4. Протеиндердің жартылай өткізгіш мембрана арқылы диффузиялануға қабілетінің болмауы:

A. протеиндерді басқа жоғары молекулалы қосылыстардан ажыратып бөлуге мүмкіндік береді

B. +олардың молекуласының үлкен өлшемді боолуына байланысты емес

C. денатурациясының негізіне жатқызылады

D. гидролиздің негізіне жатқызылады

E. диализденуінің негізіне жатқызылады

 

5. Күрделі (екікомпонентті) ферменттің құрамы:

A. +апофермент - нуклеотид – витаминдер

B. кофермент –простетикалық топ

C. аминоқышқылдар қалықтары

D. пептидтер

E. апофермент - кофактор

 

6. Ферменттік катализдің бірініші этапы - бұл:

A. +субстраттың фермент активті орталығына сорбцияланып ES-комплексі түзілуі

B. субстраттың реакция өніміне айналуы

C. ES-комплексі құрамындағы субстарттың химиялық өзгеріске түсуі

D. ЕР комплексінің диссоциациялануы

E. субстрат және реакция өнімінің ассоциациялануы

 

7. Тотығу-тотықсыздану реакциясын катализдеуші ферменттер:

A. +оксидоредуктазалар

B. трансферазалар

C. гидролазалар

D. лиазалар



E. лигазалар

 

8. Қарапайым заттардан күрделі заттардың синтезін катализдейтін ферменттер:

A. трансферазалар

B. +лигазалар

C. оксидоредуктазалар

D. лиазалар

E. гидролазалар

 

9. Дегидратаза ферменті әсерінің нәтижесі:

A. О2-ні бөліндіру

B. +суды бөліндіру

C. СО2-ні бөліндіру

D. суды қосылдыру

E. ацильдік топты тасымалдау

 

10. Ферменттік реакция жылдамдығын тежеуші ферменттік эффектор:

A. активатор

B. лиганд

C. субстрат

D. +ингибитор

E. кофермент

 

11. АІТ-де протеиндер қорытылуы үдерісі бұзылған кезде дәрілік зат ретінде қолданылады:

A. +пепсин

B. хемотрипсин

C. урокиназа

D. гиалуронидаза

E. уреаза

 

12. Қандағы холестерин концентрациясын анықтау үшін аналитикалық реактив ретінде қолданылатын фермент:

A. глюкооксидаза

B. липаза

C. +холестеролоксидаза

D. уреаза

E. нуклеаза

 

13. Дегидрогеназалық ферменттердің коферменті:

A. тиаминдифосфат (ТДФ)

B. +флавиндинуклеотид (ФАД)

C. тетрагидрофоль қышқылы (ТГФК)

D. кофермент А (CоА)

E. флавин-мононуклеотид (ФМН)

 

14. «Үш Д синдромы» - бұл синдромда қандай үш симптом болады?

A. +диарея, деменция, дерматит

B. диарея, дифтерия, диабет

C. дальтонизм, деменция, дерматит

D. диарея, деменция, диабет

E. демодекс, деменция, дерматит

 

15. Аскорбин қышқылы қатысатын үдеріс:

A. фосфорландыру реакциясы

B. +гидроксилдендіру реакциясы

C. гликозаландыру реакциясы

D. декарбоксилдендіру реакциясы

E. трансаминдену реакциясы

 

16. Витамин В12-нің коферменттік формасы қатысатын реакциялар:

A. +трансметилдендіру

B. аминоқышқылдардың декарбоксилденуі мен аминотоптарды ауыстыру

C. альфакетоқышқылдардың декарбоксилденуі

D. тотығу-тотықсыздану

E. көміртек қос тотығын активтендіру

 

17. Пируватдекарбоксилаза катализдейтін реакцияның өнімі:

A. NADH2

B. дегидролипоат

C. кофермент А

D. ацетил липоат

E. +ацетил СоА

 

18. Қай синтез реакциясына ацетил КоА қатысады:

A. +май қышқылдарының, холестериннің, кетондық денелердің, ҮКҚЦ синтездеріне

B. холестерин, глюкоза, кетондық денелер, ҮКҚЦ синтездеріне

C. кетондық денелер, рибоза, май қышқылдары, ҮКҚЦ синтездеріне

D. лимон қышқылы, кето-қышқылдар, көмірсулар, ҮКҚЦ синтездеріне

E. май қышқылдары, холестерин, кетондық денелер, ҮКҚЦ синтездеріне

 

19. α-Кетоглутараттан сукцинил-КоА-ның түзілетін декарбоксилденіп – дегидрлену реакциясын катализдейтін фермент:

A. +α-кетоглутаратдегидрогеназалық комплекс

B. пируватдегидрогеназалық комплекс

C. изоцитратсинтаза

D. цитратсинтаза

E. аконитаза

 

20. Протондардың өтуіндегі бөлінетін энергия пайдаланылады:

A. АДФ синтезіне

B. НАДН синтезіне

C. НАДН синтезіне

D. +АТФ синтезіне

E. НАДФН синтезіне

 

21. МЭТТ-дағы 2 электрон тасымалдануынан тотықсызданған оттектің суға айналуында түзілетін АТФ мольінің мөлшері аталады:

A. диссоциация коэффициенті

B. молярлық экстинкция коэффициенті

C. трансформация коэффициенті

D. +фосфорландыру коэффициенті

E. дефосфорландыру коэффициенті

 

22. Компонент Fо –АТФ-синтетазаның қызметі:

A. +Н+ өткізуші каналды қалыптастыру

B. АТФ синтездеу

C. АТФ-ті АДФ-ке ауыстыру

D. электрондарды тасымалдау

E. матрикс заттарын сорғызу

 

23. Галактоза мен глюкоза арасында гликозидтік байланыспен жалғасқан дисахарид аталады:

A. +лактоза

B. мальтоза

C. сахароза

D. изомальтоза

E. седогептулоза

 

24. Тармақталған полисахаридке жатқызылады:

A. целлюлоза

B. +гликоген

C. мальтоза

D. лактоза

E. амилоза

 

25. Қалыпты жағдайда көмірсулар сіңіріледі:

A. +моносахарид түрінде

B. дисахарид түрінде

C. олигосахарид түрінде

D. полисахарид түрінде

E. моносахаридтердің фосфорлық эфирлері түрінде

 

26. Кейбір ересек адамдарда сүт тағамын қабылдаған кезде диспепсия және метеоризм байқалады. Бұл симптом қай ферменттің репрессиясы:

A. изомальтазаның

B. α-амилазаның

C. мальтазаның

D. сахаразаның

E. +лактазаның

 

27. Анаэробтық гликолиздің соңғы өнімі:

A. НАДН+Н+

B. пируват

C. +лактат

D. СО2

E. УТФ

 

28. Глюкозаның пирваттан синтезделуін катализдейтін ферменттер жасушаның қай бөлігінде шоғырланған:

A. пероксисомада

B. лизосомада

C. рибосомада

D. +цитозольде

E. ядрода

 

29. Глюкозаның глюкозо-6-фосфатқа өзара алмасуын (қарама қарсы реакцияларды) катализдейтін ферменттер:

A. фосфоглюкомутаза және альдолаза

B. трансальдолаза және транскетолаза

C. +гексокиназа және глюкозо-6-фосфатаза

D. фосфофруктокиназа және пируваткиназа

E. гексозофосфатизомераза және фосфофруктокиназа

 

30. Гликогеннің мобилизациясы үдерісіндегі негізгі фермент:

A. глюкокиназа

B. фосфоглюкомутаза

C. гликогенфосфатаза

D. +гликогенфосфорилаза

E. глюкозофосфатизомераза

 

31. Бірінші ретті өт қышқылдары:

A. холь және дезоксихоль қышқылдары

B. холь және литохоль қышқылдары

C. хенодезоксихоль және дезоксихоль қышқылдары

D. дезоксихоль және литохоль қышқылдары

E. +холь және хенодезоксихоль қышқылдары

 

32. Майлардың қорытылуы мен сіңіріліунің жылдамдықтары төндеуі фекалий құрамында қорытылмаған өнімдері пайда болуына әкеледі. Бұл құбылыс аталады:

A. гипербилирубинемия

B. холестаз

C. +стеаторея

D. порфиринурия

E. уропорфирия

 

33. Қалдық хиломикрондардың түзілуі бөлінуімен байланысты:

A. шеткері апопротеиндердің (С II және Е)

B. интегралдық апопротеиндердің (апо-В 100, апо-В 48)

C. фосфолипидтердің

D. +триацилглицериндердің

E. гидрофобтық липидтердің

 

34. Бауырда түзілетін келесі липопротеиндер бауырда көмірсулардан түзілетін эндогендік майларды май ұлпаларына тасымалдайды:

A. +тығыздығы өте төмен липопротеиндер

B. хиломикрондер

C. тығыздығы төмен липопротеиндер

D. тығыздығы аралық липопротеиндер

E. тығыздығы жоғары липопротеиндер

 

35. Триацилглицериндердің екінші ресинтезі өтеді:

A. эритроциттерде

B. энтероциттерде

C. +адипоциттерде

D. гепатоциттерде

E. нейрондарда

 

36. Жүйке ұлпасы үшін энергия көзін атаңыз:

A. май қышқылдары және глюкоза

B. холестерин және кетондық денелер

C. май қышқылдары және кетондық денелер

D. холестерин және глюкоза

E. +глюкоза және кетондық денелер

 

37. Адам мен жануардағы семіздік генінің (obese gene) өнімі:

A. +лептин протеині

B. липаза

C. гастрин пептиді

D. холецистокинин пептиді

E. грелин

 

38. Экзопептидазаларға жатқызылады:

A. +карбоксипептидазалар, аминопептидазалар

B. α- және β-амилазалар

C. β-фруктофуранозидаза, фосфодиэстераза

D. пепсин, трипсин, химотрипсин, эластаза

E. три-, ди- және моноацилглицероллипаза

 

39. Аминоқышқылдар ішектің шырышты жасушалары қабықшасына түседі:

A. +активті тасымалдану жолымен (симпортпен)

B. активті тасымалдану жолымен (антипортпен)

C. активті тасымалдану жолымен (унипортпен)

D. эндоцитоз жолымен

E. диффузия жолымен

 

40. Аминоқышқылдардың активті сіңірілуі үшін қозғаушы күш ретінде болады:

A. кальций иондары концентрациясының градиенті

B. калий иондары концентрациясының градиенті

C. хлор иондары концентрациясының градиенті

D. +натрий иондары концентрациясының градиенті

E. аминоқышқылдар концентрациясының градиенті

 

41. Аминоқышқылдан аминотопты амммиак түрінде бөліп, ал қалған бөлігін кетоқышқылға айналдыратын реакция үдерісі аталады:

A. тотықсыздандырып аминдендіру

B. +тотығып дезаминдену

C. амидтендіру

D. аммоний тұздарының түзілуі

E. амидтертің гидролизі

 

42. Трансаминдену барысында аминотоптың акцепторы болады:

A. +α-кетоглутарат

B. ацетоацетат

C. сукцинил-СоА

D. изоцитрат

E. пропионат

 

43. Аммиакты залалсыздандыру кезіндегі азоттық алмасу үдерісінің бауырда түзілетін соңғы өнімі:

A. аммоний тұздары

B. +мочевина

C. аланин

D. креатинин

E. карнитин

 

44. Катехоламиндердің синтезі үшін бастапқы субстрат қызметін атқарады:

A. +тирозин

B. тиронин

C. фенилаланин

D. глутамин қышқылының амиді

E. фенилаланин

 

45. Пиримидиндік негіздер ыдырағанда түзілетін NH3 келесі заттың синтезі үшін қолданылады:

A. несеп қышқылының

B. +мочевинаның

C. серотониннің

D. ацетилхолиннің

E. гистаминнің

 

46. Альбинизм меланоциттердің келесі затты синтездеу қабілетінің жоғалуымен байланысты дамиды:

A. фенилаланингидроксилазаның

B. гомогентизиноксидазаның

C. +тирозиназаның

D. аспартатаминотрансферазаның

E. глутаматдегидрогеназаның

 

47. Либериндер және статиндер өндіріледі:

A. +гипоталамуста

B. гипофиздің ортаңғы бөлігінде

C. гипофиздің алдыңғы бөлігінде

D. бүйрекүстілердің милы қабатында

E. бүйрекүстілердің қыртысты қабатында

 

48. Соматостатин соматотропиннің секрециясын келесі жолмен тежейді:

A. тура кері байланыс типі бойынша

B. тура оң байланыс типі бойынша

C. кері оң байланыс типі бойынша

D. ұзын кері теріс байланыс типі бойынша

E. +қысқа кері теріс байланыс типі бойынша

 

49. Анаболиттік әсерді және өсу әсерін қамтамассыз ететін гормон:

A. +соматотропин

B. вазопрессин

C. адреналин

D. тироксин

E. кортизол

 

50. Гипофиздің троптық гормондарының секрециясы бұзылысы кезінде дамитын ауру:

A. +нанизм (карлик, ергейжейлік)

B. Аддисон ауруы

C. қант диабеті

D. қантсыз диабет

E. феохромоцитома

 

51. Альдостерон индукциялайтын протеиндердің жалпы әсерінің нәтижесі – бұл нефрондар каналшаларынан иондардың реабсорбциясын жоғарлату. Ол -:

A. калий ионы

B. кальций ионы

C. +натрий ионы

D. темір ионы

E. магний ионы

 

52. Жүрекщелік натрийуретикалық фактордың жалпы әсерінің нәтижесінде артериялық қысым төмендейді және иондардың экскрециясы жоғарылайды. Ол -:

A. +натрий ионы мен су

B. калий ионы мен су

C. темір ионы мен су

D. кальций ионы мен су

E. магний ионы мен су

 

53. Қан плазмасындағы протеиндердің мөлшерлік қатынасының өзгерісі аталады:

A. +диспротеинемия

B. гипопротеинемия

C. гиперпротеинемия

D. гиперпротеинурия

E. гипопротеинурия

 

54. Гипопротеинемия қалыптасады:

A. +бүйрек сүзілісі бұзылған кезде

B. ішектердің босатылуының бұзылысында

C. ағзаның дегидратациясында

D. үзіліссіз құсуда

E. ауыр күюде

 

55. Криоглобулиндер – бұл протеиндер:

A. ағза тоңған кезде максимальді активтілік көрсетеді

B. +қансарысуын салқындатқан кезде тұнбаға түседі

C. қансарысуында қалыпты жағдайда кездеседі

D. төмен температурада ыдырамайды

E. антибактериялық әсер көрсетеді

 

56. Темірдің (Fe3+) сіңірілуі үшін болуы қажет:

A. витамин Е-нің

B. трансферриннің

C. Кастл факторының

D. церулоплазминнің

E. +аскорбин қышқылының

 

57. Fe2+ ионын гемнің молекуласына қосылуын қамтамассыз ететін фермент:

A. гемоксидаза

B. +феррохелатаза

C. гемоксигеназа

D. порфобилиногенсинтаза

E. дельта-аминолевулинатсинтаза

 

58. Гем синтезінің тұқымқуалаушы және жүре пайда болған бұзылыстары аталады:

A. цирроз

B. фиброз

C. сарыауру

D. +порфирия

E. протеинопатия

 

59. Тікелей билирубин - бұл билирубиннің келесі затпен комплексі:

A. альбуминмен

B. трансферринмен

C. ферритинмен

D. глицинмен

E. +глюкуронатпен

 

60. Бауырлық сарыаурудың пайда болуының себебі:

A. билирубинді өт капиллярына тасымалдайтын протеиннің ақауы

B. УДФ-глюкоронилтрансфераза синтезінің бұзылысы

C. +тікелей және тікелей емес билирубиндер мөлшерінің жоғарлауы

D. эритроциттердің күшті гемолизі

E. өт бөлінуінің бұзылысы

 

61. Гемохроматоздар кезінде бауырда Fe3+-ті тасымалдайтын келесі протеиннің аса артық мөлшері жиналып қалатыны байқалады:

A. церулоплазминнің

B. гемосидериннің

C. лактоферриннің

D. +трансфериннің

E. ферритиннің

 

62. Оксигемоглобин гемоглобиннің келесімен әсерлесуінен түзіледі:

A. тотықсыздандырғыш агенттермен

B. көміртек қос тотығымен

C. көміртек тотығымен

D. +оттекпен

E. цианидтермен

 

63. Аминоқышқылдың ауыстырылуымен пайда болатын гемоглобинопатияның мысалы болады:

A. таласемия

B. пернициоздық анемия

C. теміржетіспеушілік анемия

D. +орақ тәрізді жасушалық анемия

E. созылмалы аурулар анемиясы

 

64. Ұлпадан бауырға ТЖ ЛП құрамында түсетін холестерин:

A. +өт қышқылдарына айналады

B. 17-кетостериндерге дейін ыдырайды

C. стероидтық гормондарды түзеді

D. ацетил-КоА-ға дейін катаболизденеді

E. мембранаға орналасады

 

65. Билирубиннің залалсыздануы оны келесімен байланыстыру арқылы атқарылады:

A. альбуминмен бүйректе

B. альбуминмен бауырда

C. глюкурон қышқылымен қанда

D. глюкурон қышқылымен бүйректе

E. +глюкурон қышқылымен бауырда

 

66. Сарғаюдың барлық түрінде қандағы концентрациясы жоғарлайды:

A. тікелей емес билирубиннің

B. +жалпы билирубиннің

C. гемоглобин S-тің

D. гемоглобин А-ның

E. трансферриннің

 

67. Субстраттың ФАФС-пен (фосфоаденозинфосфосульфат) конъюгациялану реакциясын катализдейтін фермент:

A. УДФглюкоронидтрансфераза

B. глутатионтрансфераза

C. лактатдегидрогеназа

D. +сульфотрансфераза

E. амидотрансфераза

 

68. Микросомалық тотығу - бұл:

A. субстартқа оттекті ОН- тобын түзілдіріп байланыстыру

B. глюкурон немесе күкірт қышқылдары арқылы глюко- және сульфоконъюгаттар түзілдіру

C. +тотыққан субстарт пен сутек асқын тотығын түзетін протон мен электрон тасымалдану үдерісі

D. өнімнің ФАФС-пен әсерлесуі

E. УДФ-глюкурон қышқылын анаэробтық жағдайда қосылдыру

 

69. Р-450 қатысымен өтетін микросомалық тотығу реакциясы реакциялық ортада болуына тәуелді:

A. СО мен ФАД-тың

B. СО2 мен НАДН-тың

C. НАДН мен ФАД-тың

D. +O2 мен НАДФН +Н+

E. аммиака пен НАДФН+Н+

 

70. Науқас ағзасындағы дәрінің фармактивтілігінің төмендеуі байланысты:

A. +олардың бауырдағы инактивациясына

B. науқастың сауығуына

C. дәрінің нашар сапасына

D. дұрыс сақталмауына

E. дұрыс аталмауына

 

71. Ағзадағы алифаттық аминдердің нитраттармен әсерлесуінен туындайтын химиялық канцерогендер:

A. +нитрозаминдер

B. афлактоксиндер

C. онкогендік вирустар

D. ароматтық аминдер

E. путресцин және кадаверин

 

72. Эритроциттегі пентозофосфаттық жолдың маңызы – бұл:

A. НАДФН2 түзілдіру және оны холестерин синтезіне қатыстыру

B. НАДФН2 түзілдіру және оны фосфолипид синтезіне қатыстыру

C. НАДФН2 түзілдіру және глутатионды тотықтыру

D. +НАДФН2 түзілдіру және оны май қышқылдары синтезіне қатыстыру

E. рибозо-5-фосфатты түзілдіру және оны нуклеотидтер синтезіне қатыстыру

 

73. Фибрин-полимердің жеке пептидтерге ыдырау үдерісін катализдейді:

A. +плазмин

B. плазминоген

C. тромбостенин

D. протромбиназа

E. антитромбин

 

74. Комплекс ф.Xa, ф.Vа, фосфолипидтер және кальций ионынан тұрады, ол аталады:

A. +протромбиназа

B. плазминоген

C. проколлаген

D. пропептид

E. проэластаза

 

75. Тромбиннің әсерінен шектеулі проеолизге түсетін зат:

A. +фибриноген

B. протромбин

C. фактор IXа

D. тромбин

E. плазмин

 

76. Цинга ауруы дамиды:

A. витамин А-ның жетіспеушілігінде

B. витамин В-ның жетіспеушілігінде

C. +витамин С-ның жетіспеушілігінде

D. витамин Д-ның жетіспеушілігінде

E. витамин Е-ның жетіспеушілігінде

 

77. Жұмыртқалар мен бүйрекүстілердің қыртыстарында синтезделетін андрогендердің алғы:

A. фосфатидилхолин

B. фосфатидиоэтаноламин

C. +холестерол

D. май қышқылдары

E. фосфатидилсерин

 

78. Жасушадағы протеогликандар байланысқан:

A. фосфор және күкірт қышқылдары қалдығымен

B. +гиалурон қышқылымен

C. гликозамингликандармен

D. глюкурон қышқылымен

E. витамин D туындыларымен

 

79. Коллагенннің үшінші реттік құрылымы:

A. +3 α-тізбектің оңға оратылған суперспиральі

B. 2 α-тізбектің оңға оратылған суперспиральі

C. α-тізбектің солға оратылған спиральі

D. 8 α-тізбектің оңға оратылған суперспиральі

E. 8 β-тізбектің солға оратылған суперспиральі

 

80. Теріде, сүйекте, тіс дентинінде, сіңірлерде болады:

A. +коллагеннің I типі

B. коллагеннің II типі

C. коллагеннің III типі

D. коллагеннің IV типі

E. коллагеннің VI типі

 

81. Глюкоза мен галактозаның оксипролиннің (коллаген құрамындағы) гидроксилдік топтарына байланысуын катализдейді:

A. аспартатаминотрансфераза

B. аланинаминотрансфераза

C. +гликозилтрансфераза

D. глутатионпероксидаза

E. глутатионтрансфераза

 

82. Коллаген катаболизмінің негізгі ферменті:

A. пепсин

B. трипсин

C. химотрипсин

D. эластаза

E. +коллагеназа

 

83. Қалқанша безінің парафолликулярлы К-жасушалары немесе қалқанша маңы безінің С-жасушалары секреттейді:

A. паратгормонды

B. кальцитриолды

C. +кальцитонинді

D. тироксинді

E. вазопрессинді

 

84. Сүйек ұлпасының минералдық компонентінің кристаллдық фазасының құрамы:

A. аморфты кальцийфосфат

B. магний, кадмий, бериллий, мырыш, мыс

C. +гидроксиапатит кристаллы

D. коллаген

E. РНК және ДНК

 

85. Сүйек ұлпасының минералдық компонентінің аморфтық фазасының құрамы:

A. гидроксиапатит

B. магний

C. витамин С

D. +аморфты кальцийфосфат

E. коллаген


 

86. Жекеленген миофибрилланың саркоплазмалық ретикулумына әрекет потенциалы берілуін жүргізеді:

A. +Т-жүйесінің көлденең түтікшелері

B. Т-жүйесінің тік түтікшелері

C. Т-жүйесінің спиральдік түтікшелері

D. Т-жүйесінің перпендикулярлы түтікшелері

E. Т-жүйесінің серпантиндік түтікшелері

 

87. Жасушадантыс матриксте ерімейтін молекула, ал ағзаның сұйық ортасында ерігіш молекула ретінде болатын кең таралған гликопротеин:

A. коллаген

B. +фибронектин

C. ламинин

D. нидоген

E. тромбоспондин

 

88. Қанмен жақсы жабдықталған, митохондриясы көп, тотығып фосфорлану үдерісінің ферменттерінің жоғары активтілігі болатын бұлшықет аталады:

A. +қызыл «баяу» бұлшықет

B. қызыл «баяу» оксидативті

C. қызыл «баяу» гликолиттік

D. ақ «жылдам» гликолиттік

E. ақ «баяу»

 

89. Ер адам, 60 жаста. Оның 30 жылында алкогольді жиі қабылдаған, шылым шеккен. Анамнезінде офтальмоплегия – көз бұлшықеттерінің салдануы (параличі) бұл көз алмасының қозғалмауы және қоскөріну арқылы байқалады, атаксия – еркін қозғалысты бақылауға мүмкін болмауы, санасының шатасуы байқалады. Мұнан басқа, ентігу, жүрек соғысының жиілеуі, жүректегі ауырсынулар, аяқ-қолдарының шангуы мен жансыздануы байқалады. Бұл симптомдар қай ауруға бағыттайды?

A. +Вернике-Корсаков синдромына

B. бери-бери

C. рахит

D. деменция

E. пеллагра

 

90. 1916 жылы жануарларға жүргізілген тәжрибеде шикі жұмыртқа ақуызының уландырушы әсері анықталған. Бауырды немесе ашытқыларды қабылдау бұл әсерді болдырмайды. Кейін бауырдың ашытылған экстрактісінде және тауық жұмыртқасының сары уызында сол кезеңде белгілі болған тағам факторларынан өзгеше витамин бар екені анықталған. Бұл фактор ашытқылар мен азотбекіткіш бактериялардың Rhizobium көбеюуін стимулдейді. Соған байланысты ол коэнзим R атауын алған. Қазіргі кезде ол аталады:

A. +витамин Н

B. витамин В2

C. витамин В3

D. витамин В5

E. витамин В6

 

91. Синиль қышқылы препарат «Циклон Б» негігі бөлігін құрайды. Бұл препаратты Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде ұлтшылдар концентрациялық лагерлерде адамдарды өлтіру үшін қолданған. АҚШ-тың кейбір штаттарында газ камераларында өлім жазасын орындау үшін газ камераларында синиль қышқылы пайдаланылған. Соңғы рет бұл 1999 жыл Аризона штатында қолданылған. Өлім 5 - 15 минуттан кейін болады. Синиль қышқылының адам үшін у болуының себебі неде?

A. ол МЭТТ-ның 3 комплексінің ингибиторы

B. ол МЭТТ-ның 2 комплексінің ингибиторы

C. +ол МЭТТ-ның 4 комплексінің ингибиторы

D. ол МЭТТ-ның 1 комплексінің ингибиторы

E. ол МЭТТ-ны 5 комплексінің ингибиторы

 

92. Өт-тасы ауруы ерлермен салыстырғанда әйелдерде 3-4 есе жиі кездеседі себебі өт қышқылы синтезінің негізгі ферментінің корепрессоры:

A. +эстроген болғандықтан

B. андроген болғандықтан

C. Т3 пен Т4 болғандықтан

D. глюкокортикоид болғандықтан

E. пептидтік гормондар болғандықтан

 

93. Өт-тасы ауруынан зардап шегуші әйелдің бауыр аумағында ауырсыну пайда болды, склера, тері сарғаюы жылдам дамыған, нәжісі түссізденген, несеп қанық қою шай тәрізді түсті. Бұл пациентте сарыаурудың қай типін болжауға болады?

A. Жильбер синдромы

B. +обтурациялық сарғаю

C. гемолиттік сарғаю

D. физиологиялық сарғаю

E. паренхиматоздық-жасушалық сарғаю

 

94. Ерлермен салыстырғанда әйелдер не себепті атеросклероз ауруымен сиректеу ауырады?

A. эстрогендер холестериннің өт қышқылдарына айналуын катализдейтін ферментті активтендіреді

B. +эстрогендер транскрипция деңгейінде ГМГ-СоА-редуктазаны активтендіреді

C. ерлер холестеринге бай тағамды көп қабылдайды

D. эстрогендер өт қышқылдарының тасымалдануын атқарады

E. эстрогендер холестериннің қаннан бауырға тасымалдануын төмендетеді

 

95. Гликолиздің бір негізгі ферментінің ақауы кезінде науқаста эритроциттердің гемолизі байқалады. Бұл жағдайда қай ферменттің ақауы болуы мүмкін?

A. +глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның

B. глюкозо-6-фосфатазаның

C. пируваткиназаның

D. гексокиназаның

E. глюкокиназаның

 

96. «Қант диабеті» диагнозын науқастың полиурияға, полидипсияға, ауыз құрғауын сезінуіне арыздануынан кейін жиі тағайындайды. Бірақ арнайы келесі зертханалық зерттеуді жүргізу қажет (қансарысуынан да):

A. мочевинаны анықтау

B. жалпы липидтерді анықтау

C. несеп қышқылын анықтау

D. жалпы гемоглобинді анықтау

E. +глюкозаланған гемоглобинді анықтау

 

97. Пациентте байқалады: салмақ жоғалтуы, лоқсу, айқын бұлшықет әлсіздігі, төмен артериялық қысым, тұзды тағамды қажетсінушілік, терісінің гиперпигментациясы (секпілденуі), гипонатриемия, гиперкалиемия, гипогликемия. Бұл симптомдардың себебі неде?

A. адреналиннің гиперсекрециясы

B. кортикотропиннің гиперсекрециясы

C. +глюкокортикоидтардың гипосекрециясы

D. глюкокортикоидтардың гиперсекрециясы

E. минералкортикоидтардың гиперсекрециясы

 

98. Алкогольді ұзақ мерзімде қабылдайтын адамдарда кейбір дәрілік препараттардың әсерінің тиімділігі төмендейді, сонымен бірге ауырсынуды басуға арналған наркотикалық заттардың әсері де (хирургиялық операция үшін). Бұл не себепті өтеді?

A. +спирт және қолданатын дәрі бір ферменттік жүйенің субстарты болғандықтан

B. этанол тотығуы цитрат циклінің аралық өнімі түзілуіне әкеледі

C. сірке қышқылы синтезінің жоғарлауына әкеледі

D. алкоголь глутатион концентрациясын жоғарлатады

E. олардың метаболизмінде дәрінің улылығы жоғарлайды

 

99. Инфекциялық полиартритті емдеу үшін науқас кортизолдың құрылымдық аналогы преднизолонды ұзақ қабылдаған. Жақсаруды сезінген соң преднизолон қабылдауды өздігінен тоқтатады. Аздан кейін кенет нашарлау пайда болады. Зерттеген кезде артериялық қысымның төмендеуі байқалады, несебінде 17-кетостероид мөлшері төмендеген. Науқастағы преднизолонды тоқтатқанға дейін өндірілуі тежелтілген гормонды атаңыз:

A. +адренокортикотроптық гормон

B. антидиуреттік гормон

C. соматотроптық гормон

D. кальцитриол

E. альдостерон

 

100.Инфекциялық полиартритті емдеу үшін науқас кортизолдың құрылымдық аналогы преднизолонды ұзақ қабылдаған. Жақсаруды сезінген соң преднизолон қабылдауды өздігінен тоқтатады. Аздан кейін кенет нашарлау пайда болады. Зерттеген кезде артериялық қысымның төмендеуі байқалады, несебінде 17-кетостероид мөлшері төмендеген. Преднизолонды қабылдауды тоқтатқан соң науқастың жағдайы неге нашарлаған? Себебін көрсетіңіз:

A. гиперкортицизм дамыған (тікелей байланыс механизмі бойынша активтену)

B. гиперкортицизм дамыған (кері байланысмеханизмі бойынша активтену)

C. гипокортицизм дамыған (ұзын тура байланыс бойынша тежелу)

D. +гипокортицизм дамыған (ұзын кері байланыс механизмі бойынша тежелу)

E. гиперкортицизм дамыған (қысқа кері байланыс механизмі бойынша тежелу)

 

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Вкажіть, які зміни лейкоформули характерні для хронічного мієлолейкозу:

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.111 сек.)