Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Науқас 30 жаста, І типті қантты диабетімен ауруды. Науқас инсулин енгізгенен кейін 3 сағаттан кейін комалық жағдайда клиникаға әкелінді. Тез арада



 


 

1 нұсқа

?

Науқас 30 жаста, І типті қантты диабетімен ауруды. Науқас инсулин енгізгенен кейін 3 сағаттан кейін комалық жағдайда клиникаға әкелінді. Тез арада қандай шара қолдану керек?

- ЭКГ-ға түсіру

- 5% глюкоза ерітіндісін енгізу

- инсулин енгізу (10-20 ЕД)

- қандағы қанттың, креатининнің деңгейін, электролиттерді анықтау

+ 20 мл 40% глюкоза ерітіндісін енгізу

 

?

Науқас 8 жаста, тісін жұлдырғанан кейін қан тоқтамай қойды. Аамнезінде кейінгі 4 жылда буындарына қан құйылулар және иектен қан кетулер болған. Осындай көріністер атасында байқалған. Объективті қарағанда: жұлынған тістің орнынан қан кетуде, тері қабаттары таза, қалыпты түсті, тізе буынының аздаған деформациясы байқалады, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған, манжеттік сынама теріс мәнді. Лабораторлы көрсеткіштерде: НЬ 135 г/л, лейкоциттер 5,0 х 10 9 /л, тромбоциттер 250 х 109/л, қан ұюының басталуы: 10 минут, аяқталуы19 минут, аутокоагуляционды тест 15 секунд, қан кету ұзақтығы 3 минут, протромбинді индекс 90%. Науқастан қандай диагнозды болжайсыз?

+ гемофилия

- жедел лейкоз

- протормбинді комплекстің факторларының тапшылығы

- тромбоцитопатия

- геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)

 

?

16 жастағы жасөспірім жігітте дене тұлғасының жоғарғы жағы жақсы дамыған. Әскери комиссариатта тексеру барысында артериалық гипертензия анықталды. Қарағанда дене бітімі пропорциональды емес, мойын тамырларының пульсациясы күшейген, аяқ артерияларының пульсациясы әлсіреген, жауырын аралық аймақтан систолалық шу естіледі. Аяқтарында қан қысымы төмен. Науқастан қандай диагнозды болжайсыз?

- Такаясу ауруы

- Иценко-Кушинг ауруы

+ қолқа коарктациясы

- бірінші ретті гиперальдостеронизм

- бүйрек артерияларының атеросклерозы

 

?

Клиникаға жас босаңған әйел жалпы әлсіздікке, тез шаршауға, буындарының ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінде: бір ай бойы қызба, буындарының ауырсынуы байқалған. Объективті қарағанда: бетінде эритематозды бөртпелер, перифериялық лимфа түйіндері ұлғайған. Науқастан қандай диагнозды болжайсыз?



- жедел ревматизмдік қызба

+ жүйелі қызыл жегі

- жүйелі склеродермия

- ревматоидты артрит

- остеомиелит

 

?

Ауруханаға 40 жастағы әйел босаңғаннан кейін пайда болған әлсіздікке, саусақ буындарының ауырсынуына шағымданып келді. Рентенологиялық зерттегенде саусақ буындарында кертіктену мен остеопороз белгілері анықталды. Қандай патологиялық процесте рентгенограммада буындардың кертіктенуі мен остеопорозыанықталады?

- ревматизмде

- жүйелі қызыл жегіде

- жүйелі склеродермияда

+ ревматоидты артритте

- остеомиелитте

 

?

Науқас 38 жаста, анамнезінде 15 жылдан бері ревматизммен ауырады. Кейінгі уақытта төс артында шаншып, қысып ауырсыну пайда болды. Қарағанда белсенді ревматизмдік үрдістер белгісі жоқ.. Жүрегін тексергенде сол жақ қарыншаның гипертрофиясы анықталды, жүрек ұшында систолалық шу, қолқаныңы үстінен диастолалық шулестіледі. АҚ 160/40 мм. Сынап бағанасында, пульсі ырғақты, 72 рет минутына. Сан артериясының үстінен Траубе қос үні және Виноградов-Дюрозье шуы естіледі. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

- қолқа сағасының тарылуы

- митральды жеткіліксіздік

- өкпе артериясы қақапашасының жеткіліксізідігі

- митральды стеноз

 

?

Науқаста климакстық кезеннен бастап тізе буындарының ауырсынуы, ауырсынудың кешкі уақытта күшеюі байқалады. Буындарының қозғалысы шектеліп, механикалық түрдегі ауырсыну, қозғалғанда буындарында крепитация байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

- ревматизм

- жүйелі қызыл жегі

- жүйелі склеродермия

- ревматоидты артрит

+ деформирлеуші остеоратроз

 

?

Науқас 35 жаста, босаңғанан кейін тері қабаттарының ісінуі, бетінің «маска» тәрізді тырысуы, терідегі іріңдіктер мен тырнақтарының деформациясы, шашының түсуі, ауыз қуысының тартылып тырысуы, терісінің қатаюы пайда болды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

- ревматизм

- жүйелі қызыл жегі

+ жүйелі склеродермия

- ревматоидты артрит

- деформирлеуші остеоратроз

 

?

Жалпы тәжірибелік дәрігердің қарамағына келген науқастың жалпы қан анализінде келесі өзгерістер анықталды: эритроциттер – 3,6 х 109г/л, гемоглобин – 100 г/л, түсті көрсеткіш – 0,83, қан сарысуындағы темір – 9мкмоль/л, қан сарысуының темірді байланыстыру қасиеті – 76мкмоль/л. Осы науқасқа қандай емдеу шарасын тағайындау керек?

- витамин В12 200 мкг бұлшықетке екі күнде бір рет

- преднизолон 20 мг/тәулігіне

+ темір сульфаты 150 мг/тәулігіне

- фолий қышқылы 5 мг/тәулігіне

- витамин Е 300 мг/тәулігіне

 

?

Гиперхромды макроцитарлы анемиямен (пернициозды) науқасқа қандай ем тағайындаған дұрыс?

- Эр-массыны құю

- темір сахаратының инъекциясын

- темір сульфатын тағайындау

+ цианокобалаин инъекциясын

- аскорбин қышқылын тағайындау

 

?

Науқас 38 жаста, тексеру барысында гипергликемия анықталды. Қарағанда: бетінің формасы мұрыныңы, құлағының, жағының ұлғаюымен іріленіп дөрекіленген, аяқ-қолдарының басы ұлғайған. Бас қанқасын рентгенологиялық зерттегенде бас сүйектері іріленген, шүйде бүйірлері ұлғайған, түрік ершігі ұлғайған. Соматотропты гормон гиперпродукциясы анықталды. Осы науқаста қандай патология дамыған?

- қантты диабет

- Иценко-Кушинг ауруы

+ акромегалия

- глюкагонома

- кортикостерома

 

?

Науқас 35 жаста, кенеттен ұстама түрінде басының қатты ауырып, жүрегі айнып, құсуға шағымданып келді. Қарағанда: тершеңдік байқалады, тері қабаттары бозарған, денесінде діріл бар. Тахикардия, АҚ 230/140 ммсынап бағанасына жоғарлауы, гипергликемия, глюкозурия, протеинурия, лейкоцитоз анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

- қантты диабет

+феохромоцитома

- Иценко-Кушинг ауруы

- Конн синдромы

- гипоталамиялық синдром

 

?

Науқас 52 жаста, кенеттен есінен танып қалды. Баласының айтуы бойынша қантты диабетпен ауратынына байланысты тері астына инсулин қабылдайды. Науқастың жағдайы өте ауыр, тері қабаттары бозарған, шылқылдап терлеген. Өкпесінде везикулярлы тыныс естіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ минутына 90 рет, АҚ 100/60 мм сынап бағанасында. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры қабырға доғасы бойымен. Науқаста қантты диабет аясында қандай асқынуы дамыған?

- жедел миокард инфарктісі, кардиогенді шок

- ишемиялық инсульт

- гипергликемиялық кома

+ гипогликемиялық кома

- кетоацитоздық кома

 

?

Науқас 40 жаста, кенеттен іштегі ұстамалы ауырсынулар пайда болды, ауырсыну кіндік маңында және сол жақ қабырға астында байқалады. Сонымен қатар, жүрегінің айнуы, құсу мазалайды. Жағдайының нашарлауы майлы тағамды көп мөлшерде жегенен кейін басталған. Объективті қарағанда: Мейо-Робсон, Керт симтомдары оң мәнді. Нәжісі майлы және сұйық, күніне бірнеше рет бөлінген. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

- жедел холецистит

- ұлтабар буылтығының ойық жара ауруы

+ жедел панкреатит

- асқазанның ойық жара ауруы

- жедел гастрит

 

?

Қандай ауруда кардиогенді шок дамиды?

+ миокард инфарктісінде

- іркілісті кардиомиопатияда

- жабысқақ перикардитте

- инфекциялық эндокардитте

- ошақты миокардитте

 

?

Науқас әйел 25 жаста. Кеудесінің сол жақ бөлігіндегі жедел шаншып, қысып ауырсынуға шағымданып келді. Ауырсыну терең дем алғанда, басын бұрғанда, кеуде клеткасын пальпациялағанда күшейеді. Ауырсынудың пайда болуын 2 сағат бұрын жұмыстағы жайсыз жағдаймен байланыстырады. Осы жағдайдағы сіз тактикаңыз?

- ем тағайындау

+ ЭхоКГ жасау

- электрокардиограммаға түсіру

- госпитализациялау

- рентгенге жіберу

 

?

Науқас К, ревматоидты артритпен ауырғанына 5 жыл болды. Соған байланысты индометацинді 25 мг мөлшерде күніне 3 рет, метотрексатты 7,5 мг мөлшерде аптасына қабылдайды. Жалпы қан анализінде: Нb - 92 г/л, эритроциттер - 3-10¹²/л, лейкоциттер - 6,8 * 109 /л, ЭТЖ - 48 мм/сағат. Қан сарысуындағы темір мен трансферрин концентрациясы төмендеген. Григерсен реакциясы теріс. Науқастағы анемияның себебі немен байланысты?

- фолий қышқылы тапшылы анемиясы

- апластикалық анемия

+ аутоиммунды гипохромды анемия

- гипопластикалық анемия

- гемолитикалық анемия

 

?

Науқас 60 жаста, салмағы -93 кг, бойы -160 см. Қантты диабеттің ІІ типімен аурады, кейінгі уақытта 24 ЕД инсулин қабылдайды. Қандағы қант мөлшері - 22.2 ммоль/л. Науқастағы инсулинге резистентілік немен байланысты дамыған?

- инсулинді мөлшерінің артық болуынан

- қантты төмендететін пероральды препараттар тағаындамағандықтан

+ семіздікке байланысты

- инсулин мөлшерінің жеткіліксіздігінен

- бұндай жағдай қалыпты болып табылады

 

?

Науқас 45 жаста, оң жақ аяғының үлкен саусағының қатты ауырсынуы мазалайды. Науқас кеше қонақта болып, ет тағамдарын және ішімдікті көп мөлшерде қабылдаған. Ауырсыну кенеттен, таңғы 6 сағатта басталған. Буын маңындағы тері ісінген, гиперемия байқалады, ұстағанда ыстық, ісіну буын маңындағы жұмсақ тіндерге таралған. Буынды пальпациялағанда қатты ауырсынады, жүруі қиындаған және қозғалысы шектелген. Сонымен қатаржалпы әлісіздік, дене қызуының 37,60С дейін жоғарлауы, басының ауруы мазалайды. Осындай жағдай науқаста бірінші рет байқалған. Сіз науқаста подагралық артритті болжадыңыз, қандай зерттеу тағайындайсыз?

- буынға пункция жасау

- қанның жалпы анализін тағайындау

+ табанды рентгенологиялық зерттеу

- ревматоидты факторды анықтау

- тәуліктік зәрдегі несеп қышқылын анықтау

 

?

Науқас 72 жаста, ауыр дәрежелі бөліктік пневмония барысында дене қызуы күрт төмендеп, әлсіздік, басының айналуы, құлақтың шулауы, жүректің айнуы белгілері пайда болды. Объективті қарағанда: тері қабаттары бозарған, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондарының бәсеңдеуі, АҚ күрт төмендеуі анықталды. Науқаста пневмонияның қандай асқынуы дамыған?

- сепсис

- кардиогенді шок

- өкпе артериясының томбоэмболиясы

+ ифекционды-токсинді шок

- жедел респираторлы дистресс-синдром

 

?

Науқас 63 жаста, ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК ІІІ диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Соңғы аптада ангинозды ұстамалар жиіленіп, 7-9 минутқа дейін ұзарған, ұстаманы басуға нитроглицериннің бірнеше таблеткасын қабылдау қажет болды. Берілген жағдайда аймақтық дәрігердің дұрыс тәсілін көрсетіңіз.

- қабылдайтың препараттардың мөлшерін көбейту

- кардиологтың кеңесіне бағыттама беру

+ стационарға, кардиологиялық бөлімге емделуге бағыттама беру

- пролонгирленген нитраттарды тағайындау

- үй стационарын ұйымдастыру

 

?

Науқас 50 жаста, аз мөлшерді қақырық бөлінуімен жөтелуге, жүктемеде пайда болатын демікпеге шағымданады. Анамнезінде: 15 жыл бойы темекі тартады. Объективті: кеуде клеткасы бөшке тәрізді, бұғана үсті аймағы ісінген. Дауыстың дірілі екі жақта әлсіреген. Перкуторлы: қорапша дыбыс. Аускультативті: ұзақ дем шығаруымен, қурғақ сырылдар естіледі, форсирленген тыныс шығаруы кезінде белсенді. Мұндай ауру кезінде берілген зерттеулердең қайсысы жоғары диагностикалық ақпаратты болады?

- кеуде клеткасының рентгенографиясы

- қақырықтың жалпы анализі

- өкпенің компьютерлік томографиясы

- бронхоскопия

+ спирография

 

?

Науқас 56 жаста, аумақтық дәрігердің қабылдауында соңғы ай бойы ақшыл – сұр түсті қақырықты жөтелуге, кешкі уақытта субфебрильді температураға, әлсіздікке, түнгі уақытта терлеуге, 4 кг арықтауға шағымданады. Анамнезінде: туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым қатынаста болғанын айтады. Объективті: өкпе аускультациясында тынысы везикулярлы, сырылдар естілмейді.

Айтылған зерттеулердің қайсысы алдын ала диагнозды қоюға дәлелді болады?

- қанның жалпы анализі

+ қақырықтың бактериоскопиялық зерттеуі

- қақырықтың жалпы анализі

- қақырықтың антибиотикограммасы

- атиптік ұлпаларға қақырық

 

?

50 жастағы cеміздігі бар әйел, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Ауры сезімі оң жақ бұғана үсті аймағына беріледі. Анамнезінде созылмалы холециститі бар. Науқас мазасыз, қозғыш, қарағанда тері түсі қалыпты, пальпацияда өт қабы нүктесінде ауру сезімі анықталады. Ортнер симптомы оң, температурасы қалыпты, қан анализі паталогиясыз. Науқаста қандай ауру бар деп ойлайсыз:

- Жедел холангит

-Созылмалы холецист

-Өт тас ауруы

+ Созылмалы калькулезді холецистит

-Асқазан жарасы

 

?

44 жастағы науқас оң қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, көп рет құсуға шағымданып дәрігерді үйге шақырды. Науқас үш күн бойы алкоголь ішкен. Жалпы жағдайы ауыр, тері қабаты бозғылт, құрғақ, дене қызуы 38,6 С. Пульс 110 рет минутына. ҚҚ 80/40 сын.бағ. Тынысы везикулярлы, төменгі бөлігінде екі жағында да әлсіреген. Тілі жабындымен жабылған, құрғақ. Іші жұмсақ, біраз кепкен, эпигастрий аймағында ауырсынады. Кера, Керте, Воскресенский симптомдары оң. Қандай тексеру диагнозын анықтауда нақты мәлімет береді?

-Қанның биохимиялық анализі

+УДЗ

-ФГДС

-Рентгенмен тексеру

-Қанның жалпы анализі

 

?

65 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ тонның акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да барынша мүмкін анықталатын белгі:

- қарынша ішілік бөгемелер

- солжақ қарынша гипертрофиясы

- сол жақ жүрекше гипертрофиясы

+ оңжақ қарынша гипертрофиясы

- гис шоғырының сол жақ аяқшасының бөгемесі

 

?

Науқас Г, 31 жаста. Қыжылдауға, эпигастрий аймағында тұйық, сыздап ауырсынуға, iш қатуға бейiмдiлiкке шағымданады. ФГДС: кiлегей қабатының гиперемиясы, iсiнуi, асқазанның антралды бөлiмiнде ұсақ нүктелi қан құйылулар байқалады. Сiздiң болжам диагнозыңыз?

- созылмалы гастрит А тип

+созылмалы гастрит В тип

- асқазан жарасы

- созылмалы панкреатит

- созылмалы энтероколит

 

?

68 жастағы науқас әлсіздікке, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін кілегейлі қабаттар бозғылт - сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі таңқурай түстес, "лакталған". Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эр-2,6 млн., Нв-104 г/л, ТК-1,2, лейк-2,7 мың, тромб-115 мың. ЭТЖ-50 мм/сағ, макроцитоз, полисегменттелген нейтрофильдер. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты қан түзілу. Науқасқа қандай ем нәтижелі болады?

- темір препараттары

- фолий қышқылы

+В-12 витамині

- преднизолон

- аскорбин қышқылы

 

?

36 жастағы науқас, ішінің ұстама тәрізді ауыруына, жиілеген сұйық қанды үлкен дәретке шағымданады. Антибиотиктермен емдегенде профузды ішектік қан кетулер болған. Об-ті: тамақтануы төмен, іші жұмсақ, тоқ ішек бойында ауырсыну сезімі бар, нәжісі тәулігіне 20 рет, қанды бөліністер. Ирригоскопия: тоқ ішек қабаттары жоқ, псевдополиптер бар. Қанында: ЭТЖ-20 мм/сағ., белок-54г/л. Диагнозды анықтау үшін қандай тексеру жүргізіледі?

+ аспирациялы биопсиямен колоноскопия

- копрологиялық зерттеу

- дисбактериозға нәжіс тапсыру

- колоноскопия

- гемокультураға қан тапсыру

 

?

86 жастағы науқас беліне берілетін ішінің ауыру сезіміне, ішінің кебуі, қатуы, "қой" нәжісі сияқты беткі қабатында кілегей мен қан аралас нәжіске, әлсіздік пен жүдеуге шағымданады. Анамнезінде: тоқ ішек бөлігінде полиптер. Об-ті: тамақтануы төмен, бозарған, тілі ақ жабындымен жабылған, іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауыру сезімі бар. Қанында: лейк-10 мың, ЭТЖ-52 мм/сағ. Ирригоскопия: сигма маңында 20 см бос жердің циркулярлы тарылуы, тарылу орталығында барий депосы бар. Клиникалық диагнозы қандай?

- Спастикалық колит

- дисбактериоз

- ішек түйілуі

-тітіркенген ішек синдромы

+ ішек обыры

 

?

Науқас, 60 жаста, қақырықтың қиын шығуымен жөтелге, шамалы физикалық жүктемеден кейінгі демікпеге, дене температурасы 38°С дейін жоғарлауына шағымданады. Анамнезінде: 10 жыл бұрын жөтел пайда болған, терапевтте «Д» есебінде тұрады, жағдайының нашарлағанына бір апта болды. Өкпе аускультациясында: ұзақ дем шығаруымен, өкпенің барлық бөлігінде құрғақ сырылдар естіледі. Сiздiң болжам диагнозыңыз?

- ошақты пневмония

+ созылмалы обструктивті өкпе ауруы, бронхылық түрі

- бронх демікпесі

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

- жедел іріңді бронхит

 

?

45 жастағы науқас шахтер. 12 елі ішектің ойық жарасының өршу сатысы, орташа ауырлық дәрежесімен ауру қағазын аштырған. Уақытша жұмысқа жарамсыздық уақытын анықта:

- 25-29 күн

- 15-19 күн

+ 30-35 күн

- 21-30 күн

- 35-40 күн

 

?

Жедел пневмонияның жеңіл дәрежесінде уақытша еңбекке жарамсыздықты анықта:

- 15-20 күн

- 20-21 күн

+ 13-15 күн

- 16-18 күн

- 1 ай

 

?

34.Бас дәрігердің рұқсаты бойынша басқа қалалардан келгендердің еңбекке жарамсывздық парағына виза қай күні қойылады:

+ ауру парағының 1 күні беріледі

- ауру парағын созғаннан кейін 3 күні беріледі

-6 күні

- берілмейді

- жұмысқа шыққанға дейін

 

?

7 жасар бала, суық тигеннен соң жедел ауырды, дене қызуы 390С дейін көтерілді, құрғақ жөтел, бас ауыруы пайда болды. Тексерген соң балаға оң жақты пневмония диагнозы қойылып, ауруханаға жіберілді. Жазылған соң емханада бақылау ұзақтығы:

- 6 ай

+ 1 жыл

- 2 жыл

- 5 жыл

- 15 жасқа дейін

 

?

2 жастағы баланы жиі ауырады деп санауға болады, егер:

- бронх демікпесінің өршуі жылына екі рет байқалса

+ бала өмірінің екінші жылында жедел аурулар 7 рет байқалса

- мешелдің фонында, жедел аурулар өмірінің екінші жылында екі рет байқалса

- созылмалы отит жылына 2 рет өршумен болса

- жедел респираторлық аурулар жылына 2 рет ғана байқалса

 

?

ОЖЖ зақымдануының даму қаупі бар нәрестелер қай денсаулық тобына жатады:

- бірінші топқа

- екінші А тобына

+ екінші Б тобына

- төртінші топқа

- бесінші топқа

 

?

Отбасылық дәрігердің қабылдауында алты жасар дені сау бала. Оған қандай алдын-алу екпе қажет:

- АКДС

+ АДС

- АДС-М

- ОПВ

 

?

14 жасқа дейінгі бала күтіміндегі анаға амбулаторлық жағдайда уақытша еңбекке жарамдылық парағы қандай уақытқа беріледі:

-7 күнге дейін

+ 10 күнге дейін

-2 айға

- а/қ берілмейді

- 3 аптаға дейін

 

?

Санаторийге түскен науқасқа уақытша еңбекке жарамдылықты кім береді:

- жақын маңдағы емхананың емдеуші дәрігері

- емдеуші дәрігер мен бөлім меңгерушісі

+ емдеуші дәрігер мен жақын маңдағы емхананың бас дәрігері

- бөлімше менгерушісі

- бөлімше фельдшері

 

?

3 айлық бала. Күніне жетіп туған, салмағы 4 кг. Табиғи тамақтандырылында. Витамин D қабылдамаған. Ұйқысының бұзылуына, мазасыздық, емізу кезінде терлегіштікке шағымданады. Қарау кезінде: тері қабаты дымқыл, қызыл дермографизм, шүйде аймағының тақырлануы байқалады. Еңбегі үлкен 1,5x1,5 см шеті жұмсарған, әлсіз бүлшық еттік гипотония. Қаңқа мен ішкі мүшелер өзгерісі жоқ. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

- ақуыз, ақуыз фракциялары

+кальций, фосфор, сілтілі фосфатаза

- трансферриніннің темірге қанығуы

- СРБ, сілтілі фосфатаза

- сиал қышқылы, белоктық фракциялары

 

?

10 айлық шала туған бала. Салмағы 2300г, 1 айынан бастап жасанды тамақтандыруда, 1 аптада 2-3 рет 1 сағаттан таза ауаға шығады. Қосымша тамақ 6 айдан бастап манка және күріш ботқасы енгізілді. Кейбір кезде көкөніс ұнтағы берілген. Пневмония, стафило­коккты энтероколитпен ауырған. Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық, мандай және төбе төмпешігі байқалады, омыртқаның қисаюығ қабырғасында «тасбиік», буындары әлсізденген, терлегіштік, адинамия. Қандай спецификалық ем тағаындау керек?

- поливитамин

+ Д витамин курсі

- кальций ірімшік

- жалпы массаж

- шынықтыру

 

?

Бала 5 жүктіліктен, өз уақытында 3000г салмақпен 4 босанудан туылған, бойы 50см. Туылған кезде терісінің сарғыштығы, әлсіздік, дауысы әлсіз. Емуі нашар, лоқсыды, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы анықталған. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?

+нәрестенің гемолитикалық ауруы

- вирусты гепатит

-цитомегаловирусты инфекция

- гемофилия

- Миньковский-Шаффар анемиясы

 

?

Балаға 3 ай. Перзентханада гемолитикалық аурудын (Rh фактор бойынша сәйкестелмеген), сарғаю түрі диагнозы қойылды. Екі реттік қан алмастыру жүргізілген. Қазіргі уақытта бала табиғи тамақтануда, 3 ай ішінде 2200г салмақ қосқан. Бала қандай маманда қаралу керек?

+ педиатр және невропатолог

- хирург және невропатолог

- окулист және ортопед

- лор-дәрігер және ортопед

- эндокринолог және ортопед

 

?

Бала 7 жаста. Анамнезінде: әжесі бронх демікпесімен ауырады, 6 айынан бастап цитрустарға аллергиясы бар. 3 жасында жедел есекжемен ауырған. 1 сағат бұрын, жөтел, қиын шулы тыныс пайда болды. Объективті: тері қабаты бозғылт, мұрын-ерін үшбырыштының цианозы, экспираторлы ентігу 1 минутта 50 рет, тынысы әлсіз, құрғақ ысқырықты сырылдар, перкуссияда өкпеде қороб тәрізді дыбыс. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

- пневмония

- демікпе

+ жедел жай бронхит

- бөгде зат

- ларингит

 

?

Балаға 2 жас, бірден қатқыл жөтел пайда болды, тыныстың қиындауы, мазасыздық, 1 сағат бұрынбала балық жеген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, инспираторлы ентігу, қатқыл тыныс. Анамнезінде: балада бірнеше рет терісінде бөртпелер байқалды. Баланың анасында нейродермит. Көрсетілген клиникалық көріністер қай ауруға тән?

- обструктивті бронхит

- бронхиолит

+аллергиялық ларинготрахеит

-демікпе

- созылмалы пневмония

 

?

Бала 6 жаста. Шағымы: тізе табан буынының ауырсынуына, дене қызуы 37,6° дейін. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, екі жақ тізе буынының ісінуі, қозғалғанда ауырсынуы байқалады. Бөксе аймағымен бүкіл буындарда симметриялық геморрагиялық бөртпелер бар. Диагноз қойылған: геморрагиялық васкулит. Бұл ауру немен қауіпті?

- бауырдын зақымдалуымен

- орта нерв жүйесінің зақымдалуымен

- жүрек тамыр жүйесінің зақымдалуымен

+ Асқазан ішектен қан кетумен

- эндокринды жүйенің зақымданумен

 

?

5 жасар бала. Шағымдары: оң жақ тізе буынының ауырсынуына. Анамнезінде: жиі мұрыннан қан кету, жарақттан кейін буын мен теріге қан құйылу байқалған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаты бозғылт. Денесінде экхимоз диаметірі 6 см. Оң жақ тізе буыны шар тәрізді, бірден қозғалыстың тежелеуі байқалады. Буын сұйықтығында – гемолизденген қан алынған. Қан анализінде: эр.- 3,6х1012, НЬ - 100 г/л, СОЭ - 20 мм/сағ, тромб. - 200x10%, Ли-Уайт бойынша қан ұю ұзақтығы 18 мин. Рекальцификация уақыты 450мин. Доннорлық плазма құйғаннан кейін рекальфткация қалыпына келді. Диагноздың қайсысы дұрыс?

+А гемофилиясы

- тромбоцитопениялық пурпура

- геморрагиялықваскулит

- жедел лейкоз

- ревматоидты артрит

 

?

8 жасар бала. Ылғалды жөтел мен дене температурасы жоғарлауына шағымданады. Объективті: тері қабаты бозғылт. өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ жайылған сырылдар, өкпенің барлық жерінде естіледі. Рентгенде: өкпе суретінің, өкпе түбірінде күшеюі көрінеді. Перифериялық қанда: L — 5,0 х 10 /л (п - 8 %, с - 51%, л - 39 %, м - 6 %); СОЭ - 6 мм\сағ. Диагноздың қайсысы дұрыс?

- жедел обструктивті бронхит

+ жай бронхит

- жедел пневмония

- жедел бронхиолит

-тыныс жолдарында бөгде зат

 

?

Балаға 3 ай. Жиі қинайтын жөтел, тыныстың қиындауы. Объективті: жағдайы ауыр, қосымша бұлшық ет қатысуымен экспираторлы ентігу. Өкпеде «короб» тәрізді дыбыс, әлсіреген тыныста ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: өкпенің желденуі, интерстиция мен тамыр суретінің күшеюі, перибронхиалды тығыздалу. Перифериялық қан анализінде лифоцитоз бен ЭТЖ жоғары. Диагноздың қайсысы дұрыс?

+бронхиолит

- бронхиалды

- қайтамалы бронхит

- жедел трахеит

- ларинготрахеит

 

?

Бала 3 жаста. Шағымы: дене температурасы жоғарлауына, ылғалды жөтел, тыныс қиындауына. Объектвиті: жағдайы орташа ауырлықта, бозғылт, экспираторлы ентігу. өкпеде «қороб» тәрізді дыбыс. Аускультация кезінде тынысы қатан, құрғақ және әртүрлі калибрлы ылғалды сырылдар. Болжам диагнозы қандай?

+обструктивты бронхит

- жедел жай бронхит

- созымалы бронхит

- созылмалы пневмония

- бронх демікпесі

 

?

12 жасар бала. Шағымдары: дене қызуы 39,8°, бас ауруы, ішінің және оң жақ кеудесінің ауырсынуы, құрғақ жөтел. Объективті қарағанда: жағдайы ауыр, терісі бозғылт. Перкуссияда: оң жақ жауырые астында өкпе дыбысы қысқарған. Аускультацияда қысқарған аймақта тынысы әлсіреген, пальпация кезінде ішінің қатаюы байқалады, «Щеткин-Блюмберг» симптомы оң. Қан анализінде: L - 18х109/л, э - 2%, жас жасушалар - 5%, таяқшалар - 12%, с - 52%, л - 21%, м - 8%, ЭТЖ - 56 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз?

- ошақты пневмония

- сегментарлық пневмония

+крупозды пневмония

- интерстициальды пневмония

- созылмалы пневмония

 

?

10 жасар бала. Шағымы: тұрақты жөтел, азаңда кілегей – іріңді қақырықтың бөлуіне. Жүгіргенде ентігу, әлсіздік, тәбеттің төмедеуі. 2 жасында жедел деструктивті пневмониямен ауырған. Содан бері жыл сайын пневмониямен немесе бронхитпен ауырады. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, t - 37,3°, терісі бозғылт, физикалық дамуы арта қалған. Микрополиаденит. Перкуссияда: 4-5 қабырға аймағында өкпе дыбысы қысқарған, тынысы қатан, әртүрлі калибырлы ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелгеннен кейін сырылдар өзгермейді. Қандай диагноз дұрыс?

+созылмалы пневмония

- созылмалы бронхит

- бронхиалды демікпе

- муковисцидоз

- бронхтағы бөгде зат

 

?

Бала 7 жаста. Стационарға ауыр жағдайымен түсті. Шағымдары. Бір неше реттік «кофе» тәрізді құсу, жүрек айну, ауырсынуы, полидипсия, әлсіздік, бай айналу, көздің көруі нашарлайды.Объективті: жағдайы ауыр, әлсіз, үйқының, аузынан ацетон иісі шығады. Бетінде доғанарында қызару, тілі құрғақ, ауыз бұрыштарында жаралар. Пульс минутына 120 рет, әлсіз толуы. Жүрек шекаралары қалыпты. Жүрек үні – ритмді, әлсіреген. Тынысы шулы (Куссмауль). Өкпеде перкуссияда және аускультацияда өзгерістер жоқ. Үші – жұмсақ, пальпациялағанда ішінің жоғарғы бөлігі ауырсынады. Үлкен дәреті қалыпты. Температура 35,8°. Қандай диагноз дұрыс?

- гипогликемиялық кома

- гипергликемиялық кома

- гиперосмолярлық кома

+диабеттік кетоацидоз

- гиперлактацидемиялық кома

 

?

Бала 11 жаста, стационарға бала есін жоғалтқанда әжесі әкелген. Анамнезінде: қант диабетпен ауырады, инсулин қабылдайды. Соңғы рет инсулинді 1,5 сағ алдын қабылдаған. әжесінің сөзіне қарағанда бала бірден бозарған, термен жабылған, есін жоғалтқан. Қарағанда: терісі бозарған, ылғалді; бұлшық ет тонусы қалыпты, ацетон иісі жоқ, пульсі минутына 110 рет, қанағаттанарлық толады. АҚ - 90/60 мм; тынысы қалыпты, іші жұмсақ, бауыр ұлғаймаған, температура 36,4°. Қандай диагноз тура келеді?

+гипогликемиялық кома

- гипергликемиялық кома

- гиперосмолярлық кома

- диабеттік кетоацидоз

- гиперлактацидемиялық кома

 

?

Бала 4 жаста. Шағымдары: тәбеті төмен және кіндік тұсында кезендік ауырсыну, тамақ қабылдауымен байланысты емес. Ауырсыну қысқа уақытта және өздмгінен жойылады. Объективті: жағадйы қанағаттанарлық. Тамақтануы қалыпты. Тілі өнізбен жабылған. Іштің пальпациялағанда ауырсынусыз. Үлкен дәреті қалыпты, дизуриялық белгілер жоқ. Үлкен нәжісінде құрттар табылмаған. Қандай диагноз дұрыс?

+ функционалдық бұзылыстар

- қарапайым диспепсия

- жедел гастрит

- дисбактериоз

- созылмалы гастрит

 

?

 

Бала 11 жаста. Шағымдары: эпигастрий аймағында әлсіз ауырсыну, тамақ қабылдағаннан кейін пайда болды, кекірік, эпигастрий аймағында ауырлық сезімі. Анамнезінде: осы шағымдары 2 жасынан мазалайды. Анасында – созылмалы гастрит. Объективті: баланың жағадйы қанағаттанралық. Тыныс алу, жүрек қан тамыр жүйелерінде өзгерістер жоқ. Ішті пальпациялағанда – эпигастрий аймағында белгісіз ауырсыну, үлкен дәреті қалыпты. Қандай аурумен диф.диагноз жүргізуге болады?

+созылмалы гастродуоденитпен

- геморрагиялық васкулитпен, абдоминальды түрі

- крупозды пневмониямен, абдоминальды синдромы

- өт жолдарының ауруларымен

- дизбактериоз

 

?

Бала 13 жаста. Шағымы: іштің түнде және ашқарында ауырсынуы, әртүрлі интесивті, тамақ қабылдағанда айырсыну қайтады, қыжылдау, кекірік, жүрек айну, үлкен дәреті қатуға бейім. Анамзінде: 10 жасынан аурады, гастродуоденит диагнозы қойылған, мерзімдік өрші байқалады. Диета ұстамайды. Анасында, атасында – ойық жара ауруы. Объективті: баланың жағдайы қанағаттанарлық, физикалық дамуы орташа. Тілі ақ өнезбен жабылған. Ішін пальпациялағанда эпигастрий және пилородуоденалды аймағында ауырсыну, Мендель симптомы оң. Бауыры ұлғаймаған. Қандай диагноз тура келеді?

- өт шығару жолдарының дискинезиясы

- созылмалы холецистит

+ 12елі ішектің ойық жарасы

- созылмалы гастродуоденит

- созылмалы панкреатит

 

?

Бала 3 жаста. Шағымдары: жиі іш өті, тәбеті нашар, салмақ қоспауы. Анамнезінде: бала 1 жүктіліктен, 3 кг400 г салмақпен туған, бойы 51см. Алғашқы күннен бастап үлкен нәжісі тұрақсыз. Ол стафилококкты энтероколит немесе дисбактериоз деп бағаланған. 11 айлығында энтероколлитпен ауырған. Бір жаста салмағы 8кг 700г, 2 жасында -10 кг, 3 жасында 10,5 кг.сүт тағамдарды жақтырмайды. Ферменттермен және биопрепараттарды қабылдаған. Әкесі сүтті жақтырмайды. Қарағанда: жалпы жағдайы қанағатты. Жұмсақ тін тургоры төмен, терісі бозғылт. Іші кебуі байқалады. Пальпация кезінде тоқ ішектін қорылдауы байқалады. Бауыр +1,5см. Қандай диагноз туралы ойлауға болады?

+ лактоза жақпауы

- муковисцидоз

- целиакия

- хлоридтық диарея

- натриялық диарея

 

?

Бала 1 жаста. Шағымы: сұйық нәжіс (1 күнде 3 рет), салмақ қоспау. Анамнезінде: қалыпты жүктілік, туған салмағы 3300 г, бойы 51 см, 4,5 айға дейін табиғи тамақтануда. Тамағына: манни ботқасын қоспасынан, лоқсу пайда болған, жиі, көлемді, көпіршікті, иісі жағымсыз, сұйық нәжіс. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Салмақты - 7500 г. Бозару және терінің құрғауы, глоссит, афтозды стоматит. Іші үлкен, үрленген, пальпациялағанда ауырсынусыз, копрограммада май қышқылдары және сабындар көп, бауыры +2см, көк бауыры ұлғаймаған. Сіздің болжам диагнозыныз?

- лактозаға төзімсіздік

- муковисцидоз ішек түрі

+целиакия

- ұйқы безінің гипоплазиясы

- дисахаридтік келістік

 

?

Интра неонаталды кезеңде балалардың церебралды салдануына алып келетин, ми қан айналымының бұзылыстарының алғышарты

- антенаталдық инфекция

- метаболизмдік бұзылыс

+ антенаталдық гипоксия немесе асфиксия

- жүкті әйелдің жарақаты

- жүкті әйелдің аллергиясы

 

?

Айқын тетрапарез, психикалық арта қалу, псевдобульбарлы синдромы байқалады

- гидроанэнцефалия үшін

+ окклюзионнды гидроцефалия үшін

- сыртқы гидроцефалия үшін

- босанудан кейінгі гидроцефалия жарақаты

- өз ара байланыскан гидроцефалия

 

?

Қайталама субарахноидалды қан құйылудың балаларда пайда болуы

+ мальформация кезінде

- ревматизмдік жүрек ақауы кезінде

- ликворлық гипертензия кезінде

- терең ісік локализациясы кезінде

- артериалды гипотензия кезінде

 

?

Айқын білінетін нәрестелердің бұлшықет гипотониясы нені көрсетеді?

- бас ми гипоксиясы, жетілмеуін

- бас ми, жұлын жарақаты

- бас мидың байланыспаған билирубинмен зақымдануы

- жұлынның алдыңғы мүйізінің дегенерациясы

+ көрсетілген барлық себептер болуы мүмкін

 

?

Ерте жастағы балаларға Фенобарбиталды немен қоса қолдану тиімді?

- калия

- натрия бикарбоната

- магния сульфаты

+ кальция

- манитола

 

?

Балаларда бас ми соғылу, нәтижесі қандай болуы мүмкін:

- жарақаттық арахноидит

- органикалық церебралды дефект

- жүйелік невроз

- жарақаттық эпилепсия

+ церебрастеникалық және гипертензиондық-гидроцефалды синдром

 

?

Истериялық талма ұстамасы үшін, қандай симптом тән екенін көрсетіңіз:

+ тілді тістеу, сілекей ағу, цианоз, еріксіз зәр шығарумен жүрмейтін ошақталған ұстамалар.

-тоникалық фазаның жедел брадипноэмен алмасуы.

-ұстама барысында есінің болмауы.

-ұстамадан кейін после судорожного припадка наступает длительный сон.

- припадку предшествует сенсорная аура

 

?

Науқасқа генерализацияланған талма ұстамасы кезінде сол жерде жүргізу керек:

+бас және дене жарақатының алдын алу (жатқызу, ұстау).

- Артериальді қан қысымын тексеру, жоғары болған жағдайда гипотензивті дәрілерді енгізу.

- Инфузионды терапияны реттеу.

- Тістер арасына қатты зат енгізу (қасық, ағаш)

- Науқасты төсекке жақсылап бекіту.

 

?

Жасөспірімде себепсізден температурасы 39 – қа дейін көтерілді?, әлсіздік пайда болды, бас ауруы, құсу, есінің тежелуі, психомоторлы қозумен алмаса жүреді, жарықтан қорқу. Айқын менингиальді симптомдар. Сіздің диагнозыныз:

+ Бактериалды менингит.

- Туберкулезді менингит.

- Инфекционды-аллергилық менингоэнцефалит.

- Ми абсцесі.

- САҚ

 

?

Жасөспірімде себепсізден температурасы 39 – қа дейін көтерілді?, әлсіздік пайда болды, бас ауруы, құсу, есінің тежелуі, психомоторлы қозумен алмаса жүреді, жарықтан қорқу. Айқын менингиальді симптомдар. Бактериалды менингит диагностикаланды. Сіздің диагнозыныз:

- Ұйге невропатолог шақыру ұсынысымен ұйінде калдыру.

+Жедел түрде интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызу.

- Жедел түрде инфекционді бөлімшеге жатқызу.

- эндолюмбальді 5%, 50 мл.глюкоза еңгізу

- эндолюмбальді (30мг)преднизолон еңгізу

 

?

Науқас шағым жасады, барлық елдің милициясы оның артынан ауруханада да аңдиды – осында көп "тыңшы".Осын аңдуда оның ақшасын алмақшы, атқарған лауазымынан түсірмекші болады. Санасының бұзылуы. Критиканың болмауы. Тәртібі өзінің уайымдауына сәйкен: әділеттілікті орын алғанын қалайды, арыз жазады, - "тыңшылар" өзінен алшақтатқанды сұрайды, Науқастың жетекші синдромын атаңыз?

-паранойялды

+парафренді

-параноидты

-Кандинский – Клерамбо синдромы

- Котара синдромы

 

?

Науқас 29 жаста,заводта электрослесарь болып жүмыс істейді. Зиянды әдеттері жоқ. Жағдайының нашарлағанын 1 ай шамасында байқаған. Барлық уақытта иығының қысып тұрған сияқты сезімге шағымданады. Өзінің жайсыз жағдайда екенін мойындайды, бірақ ешнәрсе істей алмайды. Науқастағы жетекші синдромды табыңыз?

-галлюцинаторлы синдром

- аментивті синдром

+обсессивті синдром

- паранойялді синдром

-депрессивті синдром

 

?

Науқас А, 15 жасында ауырған. Өзінің бойында ерекше жеңілдікті сезінген көңіл күйі көтеріңкі бәрін істей алатын сияқты өне бойын күш билеп алды. 2 аптадан кейін осы көріністер жоғалған. 20 жасында осы жағдай қайталанған: көңілділік байқалып, ойлауы жылдамдап, қимыл әрекеті жоғарылаған. Психиатриялық ауруханаға жатқызылды және күні бойы ән айтып, өлең шығарумен айналысты.

Науқастағы жетекші синдромды табыңыз?

- обсессивті синдром

- ипохондриялық синдром

- дементті синдром

- сенестопатиялық синдром

+ маниакальді синдром

 

?

14 жастағы жасөспірім, түнгі уақытта тұрып пәтерді аралайды. Тіпті терезені ашып немесе жабық есікті ашады, далаға шықпақшы болады. Төсекке жатқызу мүмкін емес. т.б. қарсылық көрсетеді, агрессивті күйде болады, атын атағанда үндемейді. Кейін біраз уақыттан соң бағындырмалы болды. Таңертең басым аурады деп шағымдалады, болған жағдай есінде жоқ. Ерте жаста сирек эпилепсиялық ұстама белгілері байқалды. Мектепте оқу үлгерімі нашарлады. Энуретикалық эпизодтар түнгі уақытта айқын белгіленді,

-сомноленция

-кататоникалық саңдырақ

-гебрефреникалық саңдырақ

+ сомнамбулизм

-деперсонализация синдром

 

?

17 жастағы науқас мектепке барудан бас тартып барғысы келмейтіндігіне шағымданды. Кейін достарымен қарым-қатнастарын үзіп, үйде отырып, бір өлеңді дөрекі мәнімен айта береді. Стационарға келгенде бөлімшеде осы өлеңді айта береді ескертуге қарамастан. Бет әлпеті ақымаққа ұқсайды кейде мағынасы жоқ күлкілермен қоздырып, тамақтарды лақтырып, басқа науқастардың тамақтарын тартып алып медицина қызметкерлерін тыңдамайды. Науқастағы жетекші синдромды табыңыз?

- параноидты синдром

+ гебефренді синдром

- депрессивті синдром

- кататоникалық синдром

- маниакальді синдром

 

?

Науқас 18 жаста. Бірден ауырды. Жұмыста қорқынышпен айналасына қарай бастады. Мағынасыз бірдеңелер айтты, орманға қашып кетті. Табылған соң есіктің алдында тұрып, сұрақтарға жауап бермеді. Ауруханада: үндемейді, шақырғаннан кейін орындыққа отырмайды. Салғырттық,белсенді негативизм анықталады. Іщкі ағзалар жағынан ақау жоқ. Жүйке жүйесі ошақты өзгерссіз. Науқаста қандай жетекші синдром?

-параноидты синдром

-гебефреникалық синдром

-депрессивтісиндром

+ кататоникалық синдром

-маниакальды синдром

 

?

Науқастың туыстары кеңес сұрап келеді. Олар науқастың балалық шақтан қанағаттанарлық жағдайда өсіп жетілгенін айтады. 1 жыл бүрын 25 жасында мінез құлқы өзгерді, үндемейтін, күні бойы бөлмесінің есік терезесін жауып отыратын болды. Науқастың күнделігінен «оны құпия қылмыстық ұйымның адамдары өлтіргісі келетінін» анықталды. Науқаспен әңгімелесу барысында кейбір қабылдау процесі бүзылғаны анықталды. Науқас қорғанып отырады. Тек ұзақ әңгімелесіп отыру барысында науқастың көршілері оның ізіне түскені, олардың жаңағы организация мүшесі екені анықталды. Науқас диагнозы қалай?

+ параноидты шизофрения

- гебефренді шизофрения

- қарапайым шизофрения

- кататоникалық шизофрения

- дифференцияланбаған шизофрения

 

?

15 жастағы жас өспірім. 4-5 ай бойы өзінің сырт бейнесіне өте көп көңіл бөле бастады, сағат бойы өзі-өзіне айнадан қарайды, өзіне әр түрлі ақаулар табады, өзін-өзі «қорқынышты» етеді (Тарбиған құлақ, мұрыны қисайған тәрізді). Қоршаған ортадағы адамдар оның артынан мазақ етіп күледі деп ойлады. Айтып түсіндіру мүмкін емес. Ол бет әлпетіне операция жасау мақсатында косметологқа барады. Науқастың жетекші синдромын атаңыз?.

-ипохондриялық

-котара

+ дисморфоманикалық

–фреголи

–метаморфопсиялық

 

?

Науқас эпилепсия ауруымен ауырғанына 5 жыл болды. Туған туысқандарының айтуынша бір уақытта түнеріп,үндемей бір орнында жылжымай, көз қарасы тұйықтанып,тәртібі қалыпты.Талмасы ұстағанда дем алатын үйге кіріп,тығылып,аяқ астында дем алып жатқан адамды өлтіріп тастаған.Полиция жауап алғанда өзі туралы ақпаратты шашыранқы,өзінің жасын шатастырды,кенеттен қатты ұйқыға кетті.Жетекші синдромды ата.

-делириозды

-дисфориялық

-параноидты

+ сананың күңгіртенуі

-сомнолентті

 

?

Науқас гипертониялық ауруы бойынша ем алуда.Бір дәрігердің қарауында (таңертең қан қысымы 200\110 мм.с.б болды.) төсектен секіріп түсті, қайшыны алып дәрігер мен кіші медицина қызыметкерін жаралады. Содан кейін психиатриялық ауруханаға жатқызылды, қобалжыған, айналасына қорқынышпен қарайды, қашуға тырысады.Уақыт және тұрған орнының бағдарын жоғалтқан, бірақ жеке басына бағыты сақталған. 10% кальции глюканатын тамыр ішіне жасағаннан кейін жылдам тыныштанды, қобалжыған түрде айналысына қарады, қайда жатқанын сұрады, не үшін оны терапиялық ауруханадан ауыстырды деп сұрады. Ал болған жағдайды білмейді. Науқаста қандай жетекші синдром?

-онейроидты синдром

-есенгіреу синдромы

+ делириозды синдром

-галлюцинаторлық синдром

-күңгіртену бұзылыстары

 

?

Перинаталды өлім көрсеткіші келесі жолмен есесптелінеді:

+ (Өлі туылғандар саны + туылғаннан кейін алғашқы 168 сағатта өлген нәрестелер саны)/(тірі және өлі туылғандар саны) х 1000

- (Интранаталды өлген нәрестелер саны)/(өлі туылғандар саны) х 1000

- (Өлі туылғандар саны)/(босану саны) х 1000

- (Туылғаннан кейін алғашқы 7 тәулікте өлгендер саны)/(босану саны) х 1000

- (Өлі туылғандар саны + туылғаннан кейін алғашқы 168 сағатта өлген нәрестелер саны)/(тірі туылғандар саны) х 1000

 

?

Ана өлімінің көрсеткіші:

- 1000 тірі туылған нәресте арасында жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезенде өлген әйелдер саны

- 10000 тірі нәрестелер арасында жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңнің 42 тәулігіне дейін өлген әйелдер саны

- 1000 жүкті әйелдер арасында жүктілік кезенде өлген әйелдер саны

- 100000 босанулар арасында жүктілік, босану кезеңдерінде өлген әйелдер саны

+100000 тірі туылған нәрестелер арасында жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңнің 42 тәулігіне дейін өлген әйелдер саны

 

?

Перинаталді өлімді азайту үшін жасалынатын маңызды шаралардың біріне нені айтуға болады?

- Жүктілікті сақтау мүмкіндігі туралы сұрақты өз уақытында шешуді

- Перинаталді өлім себептеріне сараптама жүргізуді

- Жүктілердің диетасын реттеуді жүзеге асыруды

+ Ұрықтың қауіпті жағдайын өз уақытында диагностикалауды

- Жүктілермен санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді жақсартуды

 

?

22 жастағы әйел, жанұяны жоспарлау сұрағымен контрацепция әдісін таңдау үшін дәрігерге келді, анамнезінде трихомонадты кольпит, бірнеше жыныстық серіктесі болған. Осы жағдайда ұсынылатын контрацепция әдісі, қандай әсер ету механизміне ие болуы керек?

+ Барьерлік эффект

- Овуляцияны тежеу

- Цервикалді шырышты қоюлату

- Ұрық клеткасының имплантациясын бұзу

- Имплантация мүмкіндігін азайту үшін эндометриді өзгерту

 

?

Жүктілік кезінде немесе босанғаннан кейінгі 42 күннің ішінде, жүктілікті жүргізумен байланысты немесе қандайда бір себептердің салдарынан асқынған, бірақ, бақытсыз жағдай немесе кездейсоқ пайда болған себептерге байланыссыз болған әйелдің өлімі – бұл?

+ Ана өлімі

- Жүктілікпен тікелей байланысты себептерден өлген әйел

- Жүктілікке байланыссыз, жанама себептерден өлген әйел

- Кеш ана өлімі

- Жүктілікпен байланысты болған өлім

 

?

20 жастағы тұрмыстағы әйел, өзін жүктімін деп санап (етеккірі 10 күнге тежелген), әйелдер кеңесіне есепке тұруға келді. Қарау кезінде анықталды: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, ауырсынусыз, АҚ-120/80 мм.сын.бағ., тамыр соғуы минутына 72 соққы. Гинекологиялық қарау кезінде: қынаптың шырышты қабаты көгерген, жатыр ұлғаймаған, оң жақ жатыр қосалқыларының ұлғаюы анықталды. Осы клиника аталған диагноздардың қайсысына сай келеді?

- Үдемелі жатырлық жүктілік

+ Үдемелі түтіктік жүктілік

- Үдемелі аналық бездік жүктілік

- Үдемелі мойындық жүктілік

- Үдемелі іштік жүктілік

 

?

20 жастағы тұрмыстағы әйел, өзін жүктімін деп санап (етеккірі 10 күнге тежелген), әйелдер кеңесіне есепке тұруға келді. Қарау кезінде анықталды: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, ауырсынусыз, АҚ-120/80 мм.сын.бағ., тамыр соғуы минутына 72 соққы. Гинекологиялық қарау кезінде анықталды: қынаптың шырышты қабаты көгерген, жатыр ұлғаймаған, оң жақ жатыр қосалқылары ұлғайған. Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбысты зерттеу кезінде үдемелі түтіктік жүктілікке күдік туды. Әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасы қандай?

+ Науқасты шұғыл түрде госпитализациялау

- Әйелдер кеңесіне қайта келуді тағайындау

- Ауруханалық парақ беріп, бақылау

- Кульдоцентез жасау

- Қанда хорионды гонадотропин титрін анықтау

 

?

Акушер-гинекологтың негізгі міндетіне не жатады?

+ ана мен бала ауруларын төмендетіп, өлімді азайту

- жүктілер мен гинекологиялық науқастарға стационарлық көмек көрсету

- экстрагениталді патологияларды азайту

- активті және пассивті патронаж көрсету

- ана және перинаталді өлім бойынша қауіп тобын анықтау

 

?

Төменде аталған негізгі құжаттардың қайсысы перзентхананың атқарған қызметі туралы жоғары медициналық статистика органдарына жолданады?

- Емдік-профилактикалық мекеменің есебі

+ № 32 формадағы есеп

- Санитарлық-ағарту жұмысын тіркеу журналы

- Белгілі диагноздарды тіркеу үшін статистикалық талон

- Госпитализациялау журналы

 

?

Қай кездегі ұрықтың өлімін антенаталді өлім көрсеткішіне енгіземіз?

- Жүктілік басталғаннан соңына дейін

+ Жүктіліктің 22-42 аптасындағы

- Босанудағы

- Жүктілік пен босану кезіндеғы


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 359 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
При каком заболевании чаще встречается одностороннее увеличение корня легкого? | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.21 сек.)