Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Бүйректің қандай ауруында ісінулер басымырақ байқалады?



10 вариант

1. Бүйректің қандай ауруында ісінулер басымырақ байқалады?

+ гломерулонефритте

2.Науқас 50 жаста, денесіннің барлық аймақтарының ісінуіне шағымданып келді. Осыдан 5 жыл бұрын оң жақ балтыр аймағында жылаңкөз анықталып, содан емделген. АҚ жоғарламаған. Қан анализінде гемоглобин - 45 г/л, несеп анализінде салыстырмалы тығыздығы - 1015, белок - 10 г/л, несеп тұнбасында көптеген гиалинді және дәнді цилиндрлер анықталады. Мочевина мен креатинин мөлшерлері қалыпты. Зимницкий сынамасы өзгеріссіз. Науқастан қандай диагнозды болжауға болады?

+ бүйректің екінші ретті амилоидозы

3. Науқас 48 жаста, артериалық гипертензиямен келіп тексерілу барысында несеп анализінде белок - 1,2 г/л, эритроциттер - 10-15 көру алаңында, несептің салыстырмалы тығыздығы - 1012. Бүйректі УДЗ-де патологиялық өзгерістер анықталған жоқ, қанның биохимиялық анализінде мочевина мен креатинин мөлшерлері қалыпты. Анамнезінде ешқандай созылмалы аурулармен ауырмаған. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ созылмалы гломерулонефрит

4.Науқаста тыныштық қалыпта ентігу, гепатомегалия, анасарка анықталған. Үш апта бойы жүргізілген ем нәтижесіз. Осы аталған науқаста қанайналымы жеткіліксіздігінің қандай сатысын болжауға болады?

+ ҚЖ III сатысы

5.Гастроэзофагальды рефлюкс ауруының асқынуына жатады?

+ Баррет өңеші

?

6.Бронхообструктивті синдроммен науқастың бронх өткізгіштігінің бұзылу белгісінің спирографиялық белгісін көрсет?

+ форсирленген дем алу көлемінің1 төмендеуі (ФДК 1)

?

7.Созылмалы өкпенің обструктивті ауруының эмфизематозды түрінің негізгі клиникалық симптомын атаңыз?

+ ентігу

?

8.Аурухана ішілік (госпитальді) пневмония деп қанша сағат ішінде пайда болған пневмонияны айтады?

+ науқасты ауруханаға жатқызғанан 48 сағ. кейін

?

9. Созылмалы обструктивті өкпе ауруының эмфизематозды типінің негізгі клиникалық белгісіне жатады?

+ дем шығарудың қиындауымен ентігу

?

10. Бронхообструктивті синдром кезіндегі ең тиімді диагностикалық әдісті таңдаңыз?

+ спирография

?

11.. Атипті пневмонияның клиникасына тән клиникалық симптомға жатады?



+ құрғақ жөтел, ангина, диарея

12. Бронхтық обструкция синдромын емдеу кезінде бронходилятаторлар тобының ішінде ең тиімдісіне жатады?

+ ипратропия бромид

?

13. Рентгенде өкпе мөлдірлігінің жоғарылауы, қабырғааралықтарының кеңеюі, көкет бұрышының қалыңдауы ненің белгісіне жатады?

+ өкпе эмфиземасының

?

14. Өкпе аурулары кезінде инфекцияның өкпенің респираторлы бөліміне негізгі ену жолын атаңыз?

+ бронхогенді

?

15. Бронх демікпесіне бейімдейтін генетикалық маркерлерге не жатады?

+ HLA - антигендері

?

16. Созылмалы обструктивті өкпе ауруларының «бронхиттік» типімен науқастардың ең жиі клиникалық симптомына жатады?

+ құрғақ жөтел, цианоз

?

17.Өкпелік гипертензияның анатомиялық даму механизмі бұл?

+ өкпе артериялары қан тамырларының редукциясы

?

18. Өкпе гипертензиясының диагностикасында ең нәтижелі әдіс?

+ өкпе артерияларының катетеризациясы

?

19. Бронх демікпесі кезіндегі негізгі клиникалық симптом?

+ тұншығу ұстамасы

?

20. Созылмалы өкпе текті жүректің тура ЭКГ-белгісіне жатады?

+ V1- V2 тізбекте оң жақ қарыншаға күш түсу белгісі

?

21. Науқас К. 53 жаста, анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы бар, 1 жұма бойы кеуде артының шаншып ауруын айтады, ауырсыну арқаға, жауырынға таралады, 500-600метр жүргенде пайда болады, нитроглицерин, валидол, корвалол қолданғанда ауырсыну басылады, сонымен қатар түнгі уақытта тізе буының ауырсынуына шағымданады. Объектвиті тексергенде: тері жамылғысы таза, АҚ 150/80 мм.с.б.б.. Тамыр соғысы 72 рет минутына. Тыныс алу жиілігі 18 рет минутына. Тізе буынында үлкен емес деформация байқалады, қабыну белгілері жоқ. Зәр және қан анализі қалыпты. Аймақтық дәрігердің тактикасы:

+ амбулаторлы ем

?

22. Науқас В., 47 жаста, оң жақ қабырға астының ауыруына, әлсіздікке, тәбетінің жоғалуына, ішінің үлкеюіне шағымданады. Бір ай бұрын ауру сезімі пайда болып іші үлкейген. Анамнезінде вирусты гепатит В. Объективті: жүдеу, склерасы субиктериялы, пальмарлы эритема, телеангиоэктазия, қызыл иектің қанағыштығы, асцит. Қан талдауында билирубин 45,8 ммоль/л, тікелей билирубин 25 ммоль/л, АЛТ 3,98 ммоль/л, АСТ 2,89 ммоль/л, тимол сынамасы 12Б. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

+ Вирусты этиологиялық циррозы

?

23. Ер кісі 50 жаста. Алкоголды ішімдікті шамадан тыс қолданады. Аяқ астынан ауырып қалған: жоғары қызба, жөтел қоңыр түсті қақырықтың бөлінуімен, рентгеногологиялық зерттеуде оң жақ өкпенің жоғары бөлімі қарайған. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ микоплазмалы пневмония

?

24. 27 жастағы науқас Ф.,клиникаға оң жақ қабырға астының ауыруына шағымданып келді, ауыру оң жауырынға таралады, терең тыныс алғанда күшейеді. Науқас аз қақырықпен жөтелге және қозғалғанда ентігудің пайда болуына шағымданды. 2 күн бұрын жедел ауырды. Объективті: ерні көгерген (цианоз), жиі тыныс алады, тыныс алу актісінде оң жақ өкпесі қалып қояды.Перкуторлы дыбыстың оң жауырын астының және төменде қысқаруы байқалды. Осы жерде дауыс дірілікүшейген, крепитация естіледі. Температурасы 38,80С. Қан анализі: лейкоциттер- 17,3х109/л, п- 12, с- 60, л- 20, м- 8, ЭТЖ- мм/г 45. Диспансерлік бақылаудың ұзақтығы?

+ 6 ай

?

25. Науқас А. 50 жаста. Ұзақ уақыт бойы оң жақ қабырға астында сыздап, кернеп ауырсынуын байқаған. Температурасы қалыпты. Іші жұмсақ, өт қабы нүктесін пальпациялағанда ауырсынады. Қандай ем тағайындайсыз:

+ холекинетиктер

?

26.Аймақтық дәрігердің қабылдауында К деген науқас 25 жаста. Дене қызуының жоғарлауына, екі жақтағы бел аймағының ауырсынуына, таңертенгі беттің ісінуіне, еңтігуге, бас ауруына, әлсіздікке, шөлдеуге, зәрдің қызыл түсте болуына, зәрдің азаюына шағымданады. 2 апта бұрын жедел респираторлы аурумен ауырған. Қараған кезде: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, терісі және шырышты қабаттары құрғақ, беті ісінген. АҚ 150/100 мм.сн.бғ. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ жедел диффузды гломерулонефрит

?

27.Науқас К., 26 жаста, жалпы әлсіздікке, температурасының 38С-қа жоғарылауына шағымданады. Лимфа түйіндері, бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. Қанда: эр-1,8млн., Hb– 56г/л, ТК -0,9, лейк. -2,6мың, тромб.-30 мың, ЭТЖ -50мм/сағ. Стерналды пунктатта майлы сүйек миы жоғарлаған. Болжам диагнозыңыз:

+ Апластикалық анемия

?

28.Науқас М,60 жаста, шағымдары: бел аймағының ауру сезімі, әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы, арықтау. Об-ті: терісі бозарған: Пальпация кезінде қабырға ауырсынады: Өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар, бел аймағын соққылау симптомы екі жақтан әлсіз оң. Қанда: эр-3,1 млн Нв-82 мың ТК-0,8 лейк-4,2 мың т/я-5 с/я-62 лимф-18 мон-15 ЭТЖ-54 мм/сағ жалпы белок-105г/л Са-4ммоль/л Зәрде: протеинурия, лейк-6-8 эр-8-10 гиалинді,бұршақты цилиндрлер. Миелограмма: плазмалық клеткалар-72. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ Миеломды ауру

?

29.Науқас А., 38 жаста, бас ауруы, менструальді циклінің бұзылуы, соңғы 2 жылда дене салмағының жоғарылауы мазалайды. Объективті: бет терісі қызарған, гипертрихоз, бойы – 158 см, салмағы – 103 кг. Тері асты майдың таралуы бет пен кеудеде басымырақ. АҚҚ -160/85 мм.с.б.б. Жүрек шекаралары солға ығысқан. Қандағы қант–6,1 ммоль/л, жалпы белок–57г/л. Тексеру әдістерінің қайсысы барынша мәліметті:

+ 17-ОКС анықтаумен жүргізілетін Лиддл сынамасы

?

30. Науқас М.-ді қараған кезде: қалқанша без аймағындағы ауырсыну синдромы, пальпациялағанда қалқанша безі ұлғайюы, қатты және ыстық, дисфагия, дене қызуы 38,5С жоғарлауы анықталады. Жақында баспамен ауырған. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ жіті инфекциялық тиреоидит

?

31. Емханаға кеуде артында қысылып ауыруға науқас шағымданды, ауыру сол қолға беріледі, сатының 1 этажына көтерілгенде пайда болады да, нитроглицерин қолданғанда басылады. Анамнезінде жүректің созылмалы ауруы, гипертониялық ауру бар. Кейде АҚ 150-160 мм сн.бғ. көтерілуі, бас ауыруы, әлсіздік байқалады. Физикалық жүктемесімен сынама оң. Науқастың еңбекке жарамдылығын анықтаңдар:

+ ДКК арқылы жұмысқа орналастыру

?

32. Аймақтық дәрігердің қабылдауында М деген азамат 10 жыл 5 разрядты гравер болып жұмыс істеген, одан кейін ұшқыштар училищесін бітіріп ұшқыш мамандығын алған. Жарты жылдан соң баспамен ауырып қалып, ол гломерулонефритпен асқынған. Ауырып қалғаннан кейін 4 айдан соң МСЭК-ке: созылмалы гломерулонефрит, I-II дәрежелі СБЖ, симптоматикалық гипертензия диагнозымен жолданған. Сіздің сараптамалы шешімініз:

+ III топ мүгедекті бекіту

?

33. Науқас С. 20 жаста жалпы әлсіздікке, есте сақтау қабілетінің төментеуіне, бас ауыруына, ұйқысыздыққа, дене температурасының қалыпты қалтырауына, және поллакиурияға шағымданады. ҚҚ 150/100 – 140/90 мм.с.б. Қағу симптомы екі жағынан да оң. Жалпы қан анализінде: патология жоқ. Нечипоренко пробасы: L - 6*103/мл. Эр – 1*103/мл. Терапевт қанша рет бақылайды?

+ жылына 3-4 рет

?

34. Науқас 25 жаста. Екі жақ қол басының II,III саусақ фалангаларының, II,III саусақтардың проксималды фалангааралық буындарының, білек буындарының ауырсынуына, таңертең жарты сағат дененің құрысуына шағымданады. Бала туғаннан кейін аыурды. Жағдайы қанағаттанарлық. Екі қол басының II,III фалангаларының, II, III саусақтардың проксимальды фалангааралық буындардың, білек буындарының ісінуі бар, қозғалысы шектелген. өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары айқын, ырғақты. ЖЖЖ 78, АҚ 110/70 мм.сн.бғ. Іштің пальпациясы ауырсынусыз. Сіздің диагнозыныз:

+ РА

?

35. Науқас О. 48 жаста. 22 жасынан РА ауырады. Соңғы 1,5 жылда буындарының деформациясынан өб бетімен қимылдай, жуына, шашын тарай алмайды. Қараған кезде: саусақтары «аққу мойыны» түрінде деформацияланған, қозғалысы жоқ. Аяқтары жамбас сан, тізе буындарында 90% бұрышта бүгілген (науқас үнемі отырады). Науқастың еңбекке жарамдылығын анықта:

+ III топ мүгедегі

?

36. Науқас К., 5 жылдан бері РА ауырады. Қабылдайды: индометацин тәулігіне 3 рет 25 мг мөлшерде, метотрексат 7,5 мг мөлшерде. Жалпы қан анализі: Нв – 92 г/л, эритроцит – 3х1012/л, лейкоцит – 6,8х109/л, ЭТЖ – 48 мм/сағ. Сарысудағы темірдің және трансфериннің концентрациясының азаюы. Грегерсен реакциясы теріс. Анемияның себебін атаныз:

+ ревматоидты қабынумен байланысты гипохромды анемия

37. Науқасты майлы тағам қабылдан соң сол жақ қабырға астында арқаға таралатын жиі ауырсынулар мазалайды. Пальпацияда Шоффар аймағында және Мейо-Робсон аймағында ауырсыну, қансыз іш өту, әлсіздік, әлсіз нейтрофильді лейкоцитоз, лейкоформула сәл солға жылжыған. Төмендегі лабораторлық мәліметтердің қайсысы диагноз қойған кезде ең ақпаратты?

+ Қанда амилазаны анықтау

?

38. Науқас іштің жоғары бөлімінде, белді айналдыратын, майлы және ащы тағамнан кейін күшейетін ауырсынуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Пальпацияда сол жақ қабырғалық омыртқа бұрышында ауырсыну, осы аймақты алақан қырымен соққанда ауырсынады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

+ Созылмалы панкреатит, өршу фазасы

?

39. 58 ж астағы, науқас 10-15 жыл бойы II дәрежелі АГауырады. Бір жыл бұрын жүректің алдыңғы пердесінің ірі ошақты миокард инфарктісімен ауырған.

Бұл науқастың еңбек ету қабылеті қандай:

+ II топтағы мүгедек

40. 50 жастағы науқас, соңғы жылдары төстің жоғары бөлігінде түнге қарай пайда болатын 15 минутқа дейін созылатын ауырсынуға шағым айтады. Ауырсыну өздігінен немесе нитроглицерин қабылдағанда басылады. ҚҚ 120/80 мм.с.б.б, пульсі минутына 62, ЭКГ тыныш күйде патологиясыз. Физикалық күш түсіргенде сынама теріс. Ұстама кезінде ЭКГ- де кеуде тіркемесінде - ST сегменті жоғары көтерілген. Болжам диагнозыңыз:

+ Вариантты стенокардия

?

41. Бала 1 айда. Күніне 3 рет массивті «фонтан» тәрізді құсуға, 1 апта бұрын бастаған бірден азуы нәжісінің болмауына кіші дәреттің сирек болуына шағымданады. Бала табиғи тамақтандыруда, 1-ші айда 700гр қосқан. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта туғандағы салмағы 3500гр. Тері асты май қабаты денесімен аяқ-қолдарында жоқ. Қандай диагноз болжамдайсыз?

+ пилоростеноз

?

42. Бала 1,5 ай. Туылғындағы салмағы 2100 грамм шала туылған. Табиғи тамақтандыруда анасының сүті жетікліксіз. Салмақты жақсы қосады. Ауырмаған. Қарағанда: жағадйы қанағаттанарлық, терісі бозғылт. Қан анализінде: эр - 3,1х10|2/литр, Нв - 90 г/л, түстін көрсеткіш - 0,82. Ақ қан түйіршіктеріне өзгеріс жоқ. Қандай диагноз қоясыз?

+шала туылғандар анемиясы

?

43. Бала 9 ай. Шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне, бозаруға шағымданады. Қарағанда: тері және шырышты қабатының бозаруы, терінің қатпарлануы және құрғақтануына, бұлшық еттін гипотония, тахикардия. Функционалды систолалық шу. Қан анализінде: эр - ЗхЮ|2/литр, НВ - 70 г/л, түстін көрсеткіші- 0,7, гипохромия - ++, ретикулоциттер - 1,8 %. Сарысудағы темір – 7,2 ммоль/л. Транферринмен темірдің қанығуы төмен. Қандай анемияға қандағы өзгерістері тән?

+ теміржетіспеушілік анемия

?

44. Бала 3 жаста. Енжарлық, тамақтан бас тарту, құсу, іштің кенет ауырсынуына шағымданады. Эпизодтар бір неше рет қайталанды. Балада перзентханада созылыңқы сарғаю байқалған. Rh — конфликтімен байланыссыз және АВО қан жүйесінің сәйкессізді анықталды. Қарағанда: жағдайы ауыр, жүрек шекаралары кеңейген, тахикардия. Бауыр қабырға доғасынан 6 см., көкбауыр 4 см түседі. Зәрі тұнық, нәжісі боялған. Қан анализінде: Эр - 2,4x1012/литр, микросфероциттер басым, Нв — 40 г/л, ретикулоциттер 5%; ЭТЖ — 45 мм сағатына. Анемияға қандай өзгерістер тән?

+ Минковский-Шаффар анемиясы

?

45. Балаға 1 ай. Мазасыздық, бетте, денеде және аяғында бөртпе болуына шағымданады. Бөртпе сүт қоспаларын енгізгеннен бір күн соң пайда болды. Анасында бала кезінде қайталамалы көпіршіктер болған. Педиатр жағынан диагноз қойылған: аллергиялық дерматит. Баланы қандай дәрігер бақылау қажет?

+аллерголог

?

46. 5 жастағы бала, жайлауға бірінші келген күні суық тию, түшкіру, жөтел, қабақтарында гиперемия және ісіну пайда болды. Жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 36,4°. Бір жасында аллергодерматит басталуы айқындалған. Баланың әкесі бронхиальды демікпемен ауырады. Қандай диагозды қоюға болады?

+поллиноз

?

47. 4 жасар бала. Іштің ұстамалы ауырсынуына, көп қайталамалы құсуға шағымданады. Ауру жедел басталады. Екі апта бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қарағанда: жағдайы ауыр, тері жамылғылары бозғылт. Балтырдың симметриялы бүгу аймағында папулезді- геморрагиялық бөртпе, буындар өзгермеген. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында тоқ ішектің ауырсынуы, температура - 37.6 С. Нәжісінде қан. Қандай вазопатия болу мүмкін?

+ геморрагиялық васкулит

?

48. 10 жасар бала. Шағымдары: мұрыннан қан кету, тері де қан құйылу. Қарауда жағдайы қанағаттанарлық. Денеде, бетте, аяқта әр түрлі көлемдегі қан құйылулар. Буындары өзгермеген. Қан анализінде: эр - 3.8х1012, НЬ - 100 г/л, тромб.-30хЮ9/л, СОЭ - 24 мм в час. Қан ағу уақыты 18 мин. қан ағу жылдамдығы 2 мин., соңы - 7 мин. Қан ұю ретракциясы жоқ. Диагноз: Верльгоф ауруы. Бұл ауру немен қауыпты?

+ қан кету

?

49. Бала 3 жаста. Ауырғанына 2 ай болды. Тәбетінің төмендегеніне, шаршаңғыштық, субфебрилитет, аяқ ауырсынуына, мұрыннан қан кетумен денесінде көгерулерге шағымданады. Объективті: бала енжар, бозарған, терісі мен денесінде және дене бөліктерінде геморрагиялық дақтар диаметрі 1 см. Ерін шырышты қабаты құрғақ, иек қанталаған. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғайған 1-3 см, тығыз, шынжыр тәрізді, ауырсынады. Бауыр қабырға доғасына 3 см шығып тұрады, көк бауыр +1,5 см. Геморрагиялық диатезге жатпайтын қай ауру туралы ойлауға болады?

+жедел лейкоз

?

50. Аурудың 3 күнінен 1,5 жастағы баланың халының нашарлауына байланысты әке-шешесі дәрігерге қаралды. Шағымы температура жоғарлауы, жиі тыныс, жөтел, тамақтан бас тарту, енжар. Бала жағдайы орта дәрежелі. Өкпені перкуссиялағанда перкуторлы дыбыс қысқаруы оң жақ жауырын астында байқалады. Тынысы қатты, қысқару аймағында – әлсіреген, соның салдарынан ұсақ көпіршікті ылғалды сырыл естіледі.

Рентгенограммада өкпелік сүреті күшейген, оң жағында майда ошақты көлеңкелер. Жедел пневмонияның морфологиялық түрін анықтаңыз.

+ошақты

?

51.Бала 4 жаста, стационарда полисегментарлы пневмония бойынша емделеді. Стационарда жатқанында 5 күнінде жағдайы күрт нашарлады, тыныс жеткіліксіздігі салдарынан. Объективті: жағдайы ауыр, тері қабаты бозарған, сұрғылт ренді, мұрын ауыз ұшбұрышы аймағында айқын цианоз. Тыныс алғанда қосымша бұлшықет ұстасады.тыныс алғанда сол жақ өкпе тыныс алуға қатыспайды. Перкуссия жасағанда сол жақ кеуде қуысында төменгі бөлігінде тұйықталу Гарлянд пен Раухфус үшбұрыштары перкуторланады. Дыбыс дірігі төмендеген сол жақта. Баланың жағдайының нашарлауы неге байланысты.

+пиопневмоторакс

?

52. 1,5 жасар бала. Шағымы: дене қызуы- 39,20 С. Сирек жөтел мазасыздық. Объективті: жағдайы орташа ауырлықты. мазасыз. Тері жамылғысы ашық-қызыл, таза. Мұрыннан шырышты бөліндер бөлінеді. Аңқада айқын гиперемия. Тыныс жиілігі – минутына 32. Өкпе дыбысы анық. Қатаң тыныс, сырыл жоқ. Пульс- 150сағ/минутына. Жүрек тоны –қатаң, ритмді, менингеальды симптомдар (-). Сіздің болжам синдромыңыз.

+гипертермиялық

?

53. 10 айлық бала. Шағымы: әлсіздік, жөтел, тағамнан бас тарту, дене қызуы 39,40С. Объективті: жағдайы ауыр, әлсіз, қарағанда жауап бермейді. Мұрын арқылы тыныс алу қиындаған. Тері жамылғысы бозарған, «мәрмәр» тәрізді, аяқтары суық. Пульс – 160соққы/минутына, әлсіз толысу. Жүрек тоны күнгірт ритмді. Айқын өкпелік дыбыс. Перкуторлы дыбыс оң жақта тұйықталған. Тыныс алуы қатаң, сырыл жоқ. Гиперстезия. Мүмкін болатын асқыныс?

+нейротоксикоз 2 дәрежелі

?

54. 6 жастағы балаға бронхиальды астманың ұстамасына жедел дәрігер шақырылды. Анамнезінен 4 жастан бастап бронхиальды астма ұстамасы болып тұратыны анықталған. Аллергологқа қаралған, үй шаңына сезімталдығы бар, өнімді тағамдарған. Ұстаманы өздігінен қайтаруға болмаған. Жағдайы орташа ауырлықта, бозғылт. Экспираторлы ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Дем алу 1 мин. - 40 рет. Дистантты сырыл естіледі. Перкуторлы өкпе дыбысы «қорап» тәрізді дыбыспен жүреді. Демалысы әлсіз, жайылған құрғақ сырыл. Қандай терапия міндетті түрде жүргізу керек?

+сальбутамол

?

55. 11 айлық бала. Шағымдары: қалыпты жағдайда қол аяғының тырысуы. Бала қалыпты жүктіліктен және босанудан. Соңғы уақытта көктем болғандықтан анасы баласымен далада көп болады. Алғашқы 6 айлығында витамин Д2 балаға 1 рет аптасында берілген. Объективті: хал-жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, маңдай төбе төмпешіктері айқын көрінеді, шүйдесі жалпақ, кеуде көкірегі деформацияланған, аяқтары «Х» тәрізді. Бұлшықеттің гипотониясы байқалады. Менингеальды симптомдар «-». Түскенде спазмофилияны күдіктеген. Спазмофилияның жасырыңды белгілерін атаңыз.

+Хвостек феномы

?

56. Бала 11 жаста. Эпигастрия аймағында ауырсыну, тамақтанудан кейін лоқсу, құсу. Ауамен кекіру. Анамнезінде: 3 жылдай аурады. Диета мен режимді сақтамайды. Ауырған аурулары: 3 жасында жедел гастроэнтерит, энтеробиоз. Анасында жедел гастродуоденит. Объективті: боғарған, көз астында «көленке». Тілі ақ жамылғылы. Тыныс алу жүйесі мен жүрек қан-тамыр жүйесінде өзгерістер жоқ. Іш аймағын пальпациялағанда пилородуоденальды аймақта ауырсыну. Бауыры ұлғаймаған. Іш қатуға бейім. ФГДС-та 12 елі-ішектің бұлтығының ойығы. Ойық жараның агрессивті факторын атаңыз

+ішектік антродуоденалдық тормоз

?

57. 12 жасар бала. Буындарының ісінуіне, қызаруына, ауырсынуына шағымданды, теріде бөртпелер. Объективті: жағдайы ауыр. Терісі бозғылт. Әрі буындарда анулярлы эритемалар. Оң сирақ табандық және екі тізе буындары гиперемияланған, мөлшері ұлғайған, ұстағанда ыстық ауырсынады. Жүрек шекаралары сол жаққа ұлғайған, тоны тұйықталған- үрдемелі систолалық шу естіледі, жүректен тыс аймаққа беріледі, пульс-110 рет минутына, АҚҚ 90-60мм с.б. Қан анализі: лейкоциттер-12,6*109/л, ЭТЖ-58 мм/сағ, лимфоцит-18 %, нейтрофил-70%, таяқша ядролы -2%, ЭКГ -1 дәрежелі атриовентрикулярлы блокада, бұлшықеттік өзгерістер. Жалпы қан анализіндегі өзгерістер. Қан биохимиясында: СРБ++++, АСЛ-0 800. Ревматизмнің белсенділік дәрежесін анықта?

+3 белсенділік фазасы

?

58. 6 айлық балада систолалық шу анықталды. Анамнезінен бала 1 қалыпты жүктіліктен және уақытылы босанылған, туылғандағы салмағы 3400 г, бойы 52 см. Объективті: жүрек аймақ клеткаларының деформациясы жоқ, жүрек түрткісі өзгермеген, шекаралары – жасына сәйкес. Жүрек тондары ритмді, қатты, жүрек түрткісінде, Боткин нүктесінде функционалдық систолалық шу, қысқа орташа ырғақты. Пульс 126 рет минутына. Бауыры ұлғаймаған. Бала жүрек жағы өзгерістермен байланысты емді керек етеді?

+керек емес

?

59. 14 жастағы баланың қанында LE жасуша тексерілген, антинуклеарлы фактормен ДНКға қарсы антиденелер жоғары титрде. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін?

+ жүйелік қызыл ноқта

?

60. Бала 4 жаста, стационарға жедел жәрдеммен жеткізілді, 3 күн бұрын жедел ауырған. Ауру жөтелден, дене қызуының 37,70 басталған. Емделмеген. Бала 2 жүктіліктен, 2 босанудан,. Туылғандағы салмағы 3400,0гр, бойы 55 см. 1 жасқа дейін табиғи тамақтануда. 1 жастан кейін цитрусқа аллергия лық бөртпелер пайда болған. 6 айынан бастап 2 рет жылына ЖРВИ - мен ауырған. Анасында бронх демікпесі бар, әкесінің дені сау. Аталған факторлардың арасында қайсы әсер еткен?

+аллергиялық анамнезі жағымсыз

?

61. Науқаста аяқтарының шеткері салдануы, шатаралығының анестезиясы, кремастерлық рефлексі жоқ. жұлынның зақымдалу деңгейі:

+L1-S5

?

62. Науқаста таңертеңгілік уақытта басының керіп ауруы байқалады, күшейген кезде лоқсумен, құсумен, көруінің нашарлауымен жүреді. Аталған жағдайда бас ауруының генезі:

+ бассүйек ішілік гипертензия

?

63. Қосарланған БМЖ ауыр дәрежесі,естің бұзылуымен жүретін, тер қабаттарының бозаруы, әлсіз пульсқалыпты жиелігінде, АД 140/100. Емдеу тактикасы?

+ шамалы дегидратациифонында шокка қарсы шаралар

?

64. Науқастын табаны салбырап түр, жүрісі "степпаж" типинде, табан үстінің гипестезиясы. Қандай жүйке зақымдалған?

+ шыбық жүйкесі

?

65. Науқаста оң аяғының парезі және сезімталдықтың бұзылыстар, дистальді бөлімдерінде басымрақ. Қандай тамыр зақымдалды?

+ алдыңғы милық артерия сол жақтан

?

66. Науқаста гемипарез және гемигипестезия сол жақтан, қолдарында басым, тілі солға бағытталған. Қандай тамыр зақымдалған?

+ортаңғы милық артерия оң жақтан

?

67. Науқаста оң жағында Горнер синдромы, мишықтық бұзылыстары, беттегі гипестезия, жұмсақ таңдайдың, дауыс байламың параличі, сол жақтан гемигипестезия. Қандай тамыр зақымдалды?

+артқы төменгі мишықтық артерия оң жақтан

?

68.Жарақаттан кейін 6-10 сағаттан сон, науқаста көзінің тұрақсыздығы, нистагм, вегетативті бұзылыстар, симптом Маринеску-Родовичи байқалады, Науқаста не?

+ бас ми шайқалуы

?

69. БМЖ кейін науқастың тәулік ішінде есінің бұзылуы, виталді бұзылыстары, ауыр невролгиялық симптоматика. Науқаста не?

+ ауыр дәрежелі бас миының соғылуы

?

70. Жарақтанғаннан кейін науқаста қысқаша есінің бұзылуы, бас ауруы, амнезия, жүрек айну, бірреттік құсу, нистагм, тұрақты емес неврологиялық ошақтық симптоматика. Науқаста не?

+ бас миының шайқалуы

?

71. Науқас әйелі бар кезде дәрігермен байсалды әңгімелесті,кейін онымен жеке бөлмеде қалғанда аяқ астынан ауыр жазба приборын алып дәрігердің басынан бір ұрды.Содан ейін дәрігерлер оның бұл түсініксіз жағдайын анықтағанда мынаны айтты: бірнеше жыл бұрын бұл дәрігер науқастың жеке заттарын тексерген кезде оның сірінкесін қауіпті зат болғандықтан алған екен.Бұл науқасты ренжіткен,үнемі оны есіне алған және қалай кек алуды іздеген.Бұндай іс-әркет қандай ауруға тән?

+ эпилепсия

?

72. Науқас В., 35 жаста.Операция жасағанда (холецистэктомия 2 ай бұрын) хирург оған тігіспен бірге аппарат қосып тігіп қойды,онымен мені тыңдайды деген шағыммен психиатрға келеді.Науқас нақты аппарат іш қуысында орналасқанын, одан жылуды сезетінін, дыбыстарды еститінін,науқасқа бағыт беретінін айтады.Керемет ғылыми зерттеуге қатысқанын айтады,мадақтауды қажет етеды.Әңгімелесу барасында үндемейді немесе басқа нәрсені тыңдайды.Синдромды атаңыз:

+параноидты синдром.

?

73. Жұмыс қызметкерлері қабылдау бөліміне шұғыл түрде әріптесіне көмектесуді сұрап келеді,ренжітпейтін ескертуге бола өз жұмыс орнынан атып тұрап,"жәбірленушіні"балағатай бастады.Оны сызғышпен ұрғысы келді, әдепсіздік көрсетіп боқтау сөздер айтты,ызалы болды.Бұл жағдай 10 мин. созылды.Сосын оның мінез-құлқы бірден өзгерді, тынышталды және жұмыс істеуге отырды.Әріптестерінің айтуынша бұл жағдай үзіліссіз күн сайын қайталайтын болған.Бұл кезеңде есі сақталған.Науқаста қандай жетекші синдром?

+ дисфория

?
74. Науқас М., 30 жаста. Психиатриялық стационарда жатыр.3 күн арасында әңгімеге мүлдем түскен жоқ,бөлімшеде ешкіммен араласпай өзімен өзі жүреді.Біраз уақыт өткеннен өзін басқа әлемде болғанын,ол әлемде әр адамның өзінің нақты нөмері болатынын айтады.Науқастың номері 1110.. «Барлық адамдар және мен жатып қозғалдық.барлығы сары тұманда болды». Бүкіл әлемнің адамдары теңіз тілінде сөйлейді.Қорқынышты болды,бірақ қызық.Өкінішті менің ол жақтан қайтып келгенім.».Синдромальды диагноз?

+онейроидты синдром.

?

75. Психиартиялық ауруханада эпилепсиямен ауратын науқаста құрысу ұстамасы ұстады,ол науқастың тілін тістеумен және кіші дәретін жіберумен сипатталды.Ұстамалар аралығы 5-10 минутта қайталанып отырды.Ұстамалар арасында науқас коматозды жағдайда болып отырды.

Аталған препартаттардың ішінен қайсысын бірінші тағайындар едіңіз?
+ седуксен

?

76. Науқас күндіз туыстарының қатысуымен араздасып қалып диваннан құлап түсті,көзі айналып кетті.Қолдарында тоникалық ұстама пайда болды,ол 5минутқа созылды және дененің клоникалық ұстамаға ауысты,тілін тістеген жоқ,еріксіз зәр шығару болған жоқ.Барлық ұстама 15 минутқа созылды.Науқаста қандай жетекші синдром?

+истериялық ұстама

?

77. Неврапатологқа науқас ұйқысының бұзылуы бойынша жіберілді.Қарау барысында тәулігіне 1-2 сағат ұйықтайтынын айтты,бірақ соған қарамастан өте белсенді,түні бойы әдебиеттер оқиды.Әңгімелесу барысында монологқа тырысады,дәрігерге сұрақ қоюға мүмкіндік бермейді,үнемі бөле береді.Ойы жылдамдаған,көңіл –күйі жоғары.Жеңіл түрде эротикалық тақырыпқа секіріп кетеді,дәрігермен әңгімелесу арақашықтығын сақтамайды,жеңіл түрде "Сен"ауысып кетеді және айналадағылармен ерегіске түседі.Өзін мүмкіндік беруші адам деп санайды,мимикасы айқын,көзі жарқырап тұр,шыршыты қабаты құрғақ.Науқаста қандай жетекші синдром?

+ маниакальды синдром
?

78. Науқас А. 53 жаста ұзақ уақыт жүректің қайталамалы стенокардиямен сиппаталатын ишемиялық аурумен ауырады.Госпитализацияға дейін кардиологиялық бөлімшеде стенокардия ұстамалары тыныштық жағдайларда пайда болды,жүрек жеткіліксіздік синдромдары пайда болды.Науқас қозғыштыққа,қатты дауыстарды,жарықты көтере алмауына, ұйықтай алмауына шағымданады.Әңгімелесу барысында тез шаршайды,ауруы жайлы сөз айтқанда көзіне жас келеді.
Науқаста қандай жетекші синдром?
+ астеникалық синдром

?

79. Науқас П., 33 жаста қабылдау бөлімінде 13 қасиетті адам екенін айтады,кеше өлгендей,бүгін тірі мен көршілерімді үйлерінде тірілтім,яғни өлі болғандарды.Барлық өліктер оның денесінде«өлмейтін жан»деп айтады.Гипноз өткізуді ұсынды.Бүкірейген қалыпты ұстайды, хаотикалық қозғалыстарды қолмен жасайды.Үнемі дауыстар естиді,олар «жүректен» шығады.Ал кешке қарай «адамдардың жылағанын»естиді,олар тозақта қиналып жатады.Ол өзін құдайдың оны ерекше күш иесі деп таниды деп санайды,ол «Христа жасына»жеттім деп есептейді. Синдромальды диагноз?

+ парафренды синдром.

?

80. Науқас 44 жаста,жайылмалы инфаркт миокардын басынан өткізген.Инфарктқа дейін жүректе ауырсыну сезімін сезбеген,өзін толық саумын деп есептеген.МСЭК шешімі бойынша оған 2 топ мүгедектік берілген.Психиатр кеңесіне өзіне қол жұмсау әрекеті бойынша жіберілген.Қарау барынсында: бағыты сақталған,көңіл –күйі төмендеген.Ауыруы жайлы сөз айтқанда көзіне жас келеді.Өзін ауыр дәрежеде аурумын деп санайды,тез шаршайды,есінің төмендеуіне,көңіл аударудың бұзылысына,өмірлік қызметтерін жаманға бағалайды,жазылатынына сенбейді. "Жанұясында масыл болғысы келмейтінін"айтады.Моторлы және идиаторлы тежелу анықталмайды, ассенизирленген. Сандырақ және елес жоқ. Өзіне қол жұмсауды жоққа шығарады ("оны ақымақтықтан айтқанын айтады").Науқастағы жетекші синдромды атаңыз?
+ астено-депрессивті синдром?

Жатырдың жиырылу дәрежесін қандай параметр бойынша анықтауға болады?

+жатыр түбінің тұру биіктігіне қарап

?

81. Босанатын әйелде, нәресте туылғаннан 10 минуттан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінулер пайда болды. Бала жолдасының бөліну белгілері бар. Қан жоғалту 250,0. Дәрігер акушер-гинекологтың әрекеті қандай болады?

+сыртқы әдістерді қолданып, бала жолдасын бөліп шығару

?

82. Қайта босанушы әйелде, ұрық жамбаспен жатыр, болжам салмағы 3200,0+-200, босанудың І кезеңнің соңында толғақтары әрбір 4-5 минут сайын 20-25 секундтан қайталана бастады. Ұрықтың жүрек қағысы айқын, ырғақты, минутына 136 соққы. Дәрігердің әрі қарай тактикасы қалай болады?

+окситоцинді тамырішілік енгізуді бастау

?

83. Жаңатуған нәрестенің қандай жағдайында эмбрионалді тармақтың жабылуы 2-3 аптаға тежеледі?
+Ұрық гипоксиясы мен жаңатуған нәресте асфиксиясында

?

84. Апгар бағанасы бойынша 4-5 баллмен туылған жаңатуған нәрестеде тұрақсыз терморегуляция анықталды, өмірінің алғашқы бір сағатында екі рет тырысу синдромы, тері жабынының мәрмәрлануы, жүйке-рефлекторлы қозуының қысылу сирдромы байқалды. Аталған симптомкомплекс қандай жағдайға сай келеді?

+Асфиксияның орташа дәрежесіне

?

85. Балада екі тәулік бойына әлсіздік, тәбеті жоқтық, дене қызуының жоғарылауы, жоғары жүйке-рефлекторлы қозуы синдромының жайылған тырысуларға ауысуы, гипергликемия анықталды. 5 тәулікте тері жабыны мен шырышты қабаттарында везикулярлы элементтер пайда болды. Жұғындағы везикуланың құрамын Тзанку бойынша зерттеу кезінде гигантты көпядролы клеткалар анықталды. Жұқпалы аурудың қай түрі туралы әңгіме жүруде?

+Жай герпес

?

86. Вульвит анықтамасы?

+сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы

?

87. 25 жастағы науқас әйел, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуына және дене қызуының 38 С дейін көтерілуіне шағымданып гинекологиялық стационарға түсті. Өзін 3 күннен бері науқаспын деп санайды, аталған симптомдар жатырішілік спираль енгізгеннен кейін пайда болған. Етеккірі ретті, анамнезінде 1 босану, 3 жасанды түсік болған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай, пальпациялау кезінде іші жұмсақ, қасаға үсті аздап ауырсынады. Бимануалді зерттеу кезінде: жатыр денесі аздап ұлғайған, қамыр тәрізді консистенцияда, ауырсынады, қосалқылары анықталмайды. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+Эндометрит

?

88. 26 жасар науқас әйел, дәрігер гинекологқа сол жақ жыныс ерні аймағының ауырсынуына шағымданып келді. Дене қызуы 37 С дейін көтерілген. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау кезінде, сол жақ жыныс ернінің гиперемиясы мен ісінуі анықталған. Пальпациялау кезінде сол жақ жыныс ернеуінің тереңінде өлшемі 5х4 см, ортасында жұмсарған бөліктері бар түзіліс анықталады. Қай диагноз ең дұрыс болып саналады?

+Бартолин безінің абсцессі

?

89. 20 жасар науқас, етеккір циклының 13-ші күнінде ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданып, гинекологиялық бөлімге түсті. АҚ 100/60 мм сын.бағ. Тамыр соғысы минутына 90 соққы. Тері жабыны бозарған. Іші жұмсақ, төменгі бөліктерінде ауырсыну бар. Шажырқайдың тітіркену симптомы бар. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінулері шырышты қан араласқан. PV: жатыры қалыпты өлшемде, алдыңғы іш қабырғасының кернелуінен жатыр қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең, ауырсынады. Ең ықтимал диагнозы қайсысы?

+аналық без апоплексиясы

?

90. Сыртқы гениталді эндометриозды диагностикалауда, аспапты тексеру әдістерінің ішінде ең ақпараттысы қайсысы?

+лапароскопия, биоптатты патоморфологиялық зерттеумен

?

91. 26 жастағы науқас, етеккірінің келетінінен 5 күн алдын көңіл күйінің нашарлауына: ісіну, салмағының өсуі, сүт бездерінің күштенуі және ауырсынуына, тітіркенгіштікке, көңіл күйінің тұнжырауына, басының ауыруына шағымданып келді. Аталған шағымдардың бәрі кезекті етеккірдің басталуымен жойылады. Гинекологиялық зерттеуде патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Осы жағдайдың этиологиясында қандай гормон негізгі фактор болып табылады?

+Прогестерон

?

92. Науқас Л., 28 жаста, гинекологиялық бөлімге жатыр қосалқыларының жедел қабынуымен келіп түсті. Тексеру кезінде АИВ-ке реакциясының оң екендігі анықталды. Қандай жағдайда, АИВ инфекциясын лабораторлы дәлелденген деп санауға болады?

+ИФА реакциясы екі рет оң + иммуноблот

?

93. Ф., 34 жаста, тез үдемелі гирсутизмге, етеккірінің тоқтағанына (3 айға) шағымданады. Өзін 6 айдан бері науқаспын деп санайды, алдыменен етеккірінің тежелуі, бетіне шаш өсе бастағанын (сақал, мұрт) байқады. Соңғы етеккірі 3 ай бұрын болған. Қарау кезінде анықталды: бойы – 152 см, салмағы 57кг, айқын гирсутизм, сүт бездері атрофирленген. Сүт бездерінен бөлінулер жоқ. PV: жатыр мойны цилиндрлік формада, аңқасы жабық. Жатыры ұлғаймаған. Сол жақ қосалқылар аймағы ерекшеліксіз. Оң жақ қосалқылары аймағында қатты түзіліс, өлшемі 5,5х4,5х5,0 см. пальпацияланады. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+Аналық бездердің гормонөндіруші ісігі

?

94. Р., 32 жаста, жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну ауруларының өршуі себебімен гинекологиялық стационарға жатты. Үйге шығу алдында гинекологқа, контрацепция әдістері туралы кеңес беруін өтініп келді. Әйел некеде, 2 баласы бар. Соңғы 3 жылда жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну ауруларының өршуімен екі рет емделіп шыққан. Осы әйелге контрацепция әдістерінің ішінен қайсысын ұсынуға болады?

+комбинирленген ауыздық контрацепцияны

?

95. Барьерлік әдістің контрацептивті әсер ету механизмі қандай?

+ж атыр мойны өзекшесі арқылы шауһаттың енуін тоқтату

?

96. 18 жасар науқас, сыртқы жыныс мүшелерінің қышуына, зәр шығару кезінде ашуына шағымданады. Бір апта бойына өзін науқаспын деп санайды, оның алдында іріңді баспамен ауырған, соған байланысты ампициллин қабылдаған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай, дене қызуы қалыпты, соматикалық дені сау. Қынапқа кіре берісте қызару, ісіну, ақ ірімшік тәрізді бөліністер анықталады, мақтадан жасалған тампонмен сүрткенде оңай сылынады. Ең ықтимал диагнозы қайсысы?

+Кандидозды кольпит

?

97. 25 жасар науқас, физикалық күштен кейін бірден пайда болған, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданып гинекологиялық стационарға түсті. Лоқсу, құсу, аузының құрғауы болғанын айтады. Қынаптық зерттеу кезінде анықталды: жатыры тығыз, ауырсынусыз, қалыпты өлшемде. Сол жақ қосалқылары анықталмайды, жатырдан оңға қарай дөңгелек формалы, эластикалық консистенциялы, қозғалысы шектеулі, пальпациялағанда бірден ауырсынатын, 7см х 8см х 6 см. өлшемді түзіліс анықталады. Тамыр соғысы минутына 120 соққы. Қан анализінде лейкоциттер 12,3. Қай патология туралы айтуға болады?

+Оң жақ аналық без кистасының бұралуы
?

98. Эстрогенннің әсерін бағалау үшін функционалді диагностикалау тестінің қай түрін қолданбайды?

+базалді термометрияны

?

99. 19 жастағы науқас, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, дене қызуының 37,5С дейін жоғарылауына және жыныс мүшелерінен іріңді бөліністердің бөлінуіне, зәр шығаруының ауырсынумен жүретіндігіне шағымданып келді. Қарау кезінде анықталды: уретрасы қызарған, айнамен қарағанда жатыр мойны гиперемирленген, эрозиясы бар, бөліністері шырышты-іріңді. Қынаптық зерттеуде: жатыры ұлғаймаған, пальпация кезінде ауырсынады, екі жақты қосалқылары да қалыңдаған, ауырсынады. Жұғынды бактериоскопиялау кезінде – клетканың ішінде және сыртында орналасқан гонококктар анықталды. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+өрлемелі балғын жедел гонорея

?

100.Бронхоэктатиқалақ аурудың диагностикасының ең информативты әдісі?

+ бронхография

?

101. Өкпе абцесіне тиысты, Р-суреті?

+ сұйықтық денгейдегі куыс, шектелу тенденциясымен перифокальді инфильтрация

?

102. Өкпе ісігі және іріңді ауруларындағы дифференциалды диагностикадағы маңызды шешім қабылдау болып табылады?

+ эндоскопиялық әдісімен, рентгенологиялық зерттеу әдісімен

?

103. Өкпе абцесс диагнозың, қай белгі арқылы еш күмәнсіз деп есептеледі?

+ бір уақытылы көп мөлшерде жөтелмен коса жағымсыз иісті қакарық шықса

?

104. Аппендицит кезінде патологиялық процесс қай жерден басталады?

+ құрт тәрізді өсімдігінің шырышты қабатынан

?

105. Пилефлебит диагностика кезінде көбінесе не информативті болып табылады?

+ бауыр және қақпа тамырыныңУДЗ-і

?

106. Флегмонозды аппендиците кезінде дуглас абсецессінің пайда болатын негізгі себептері?

+ операция кезінде іш қуысының қате санациясы

?

107. Аппендикулялы инфильтратқа не ешқашан жатпайды?

+ кіші шарбы

?

108. Өңеш дивертикулы диагнозын дәлелдеуінде негізгі болып табылатын

зертеу?

+ контрастті рентген зерттеуі

?

109. Диагностика ретінде өнеште бөгде зат болңанда колданбайды?

+ өнеш зондтау

?

110. Панкреатитке қандай шағым тән емес?

+ жеңілдетуді туғызатын құсу

?

111. Жедел панкреатиттің басты клиникалық симптомдарын атаңдар?

+ ішті айнала ауыруы, қайта-қайта құсу, динамикалық ішектің бітелуі

?

112. Жедел панкреатитте блокадалардың қайсысы патогенетикалық жағынан неғұрлым белгіленген?

+ Роман-Столяр бойынша

?

113. Бастапты жедел панкреатитке қандай ауырсыну түрлері тән болады?

+ іштің жоғарға бөлігіндегі қатты, тұрақты айнала ауыруы

?

114. Созылмалы панкреатиттің асқынуына не жатпайды?

+ анемия

?

115. Жедел ішек өтімсіздігі кезінде емдік мақсатында қандай блокада түрі

қалданылады?

+ Вишневский бойынша паранефральды блокада

?

116. Жедел ішек өтімсіздік кезінде зерттеу әдістері?

+ іш қуысының рентгеноскопиясы, ішектегі барий пассажын зерттеу

?

117. Ішек өтімсізділігінің барлық түрлеріне не тән болып табылады?

+ нәжіс және желдің тұрақты кідірісі

?

118.Параректальді жылан көзіндегі операцияның алғашқы мақсаты не болып табылады?

+ зақымдаған криптаны ойып алу

?

119. Анальдық жарық диагнозын қою үшін қажет?

+ аноскопия

?

120. 65 жасар ер адам физикалық жүктемеден кейін,аяқ астынан оң жақ қабырға жанында қатты ауырсыну ентігу пайда болды. Анамнезінде: 20 жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған. Обьективті: мәжбүрлі қалыпта,тыныс алуына кеуде бұлшық еттері қатысады,тері жамылғылары бозғылт цианоз. Оң жақ кеуде аймағы тыныс алуға қатыспайды,перкуссияда-сол жақтық тимпанит сол жердің аускультациасында шулар жоқ,сол жақта қатқыл тыныс АҚ 165/95 мм сн.бғ. ЖЖЖ-140 мин. Нуқасқа қандай жедел көмек көрсету керек?

+ плевра қуысының пункциясы 2 бұғана орта сызығы

?

121. 67 жасар ер адам ЖЖ шақырды Шағымдары Төс артындағы, қолға таралатын, тыныштықта пайда болатын, нитроглицеринмен басылмайтын ауырсынуға, ұстамалы қанды бөліністі жөтел мазалаған. Анамнезінде: өкпенің созылмалы ауруы, АГ. Қарағанда: тізесіне дейінгі бірқалыпты ісінулер, жүрек шекарасы солға ығысқан, өтпелі жыбыр аритмиясы. Кардиомиалия, ырғақ бұзылысы, кенет тромбоэмболия, іркілген жүрек жеткіліксіздігі қандай ауруға тән.

+Дилатационды кардиомиопатия

?

122. 49 жасар ер адам ЖЖ көмегі келгенде,қанды құсыққа шағымданды. Анамнезі: 19 жыл бойы маскүнемдікке салынған. Соңғы уақытта іші ұлғайа бастаған. Обьективті: беті үрленген. Аяақтарында айқын ісіну бар. Тілінің саусақтарының треморы. Құлақ маңы бездері ұлғайған. Телеангиэктазиа "жағалы аймақ" бетте. АҚ 90/60 мм сн.бн. пульс 114 мин,аритмиалық. Іші ұлғайған,тығыздалған. Бауыры және көк бауыры пальпациаланбайды. Науқаста бауыр циррозының болжамды асқынуы мүмкін?

+ Асқазан, өңештің варикозды кеңеиюінен қан кету

?

123. Жас ер адам сол жақ қабырға астына соққы алған. Қараған кезде бозарған, тахикардия, гипотония байқалады. Перкуторлы көк бауырдың ұлғаюы, пальпаторлы сол жақ құрсақ қабырғасының ауырсынуы, іш пердесінің тітіркену белгілері жоқ. Болжам диагнозыныз қандай?

+ көк бауырдың капсула астылық жыртылуы

?

124. Геморрагиялық синдром, ағзалардың микроциркуляциясының дисфункция және дистрофиясымен жүретін блокада, жедел бүйрек жеткіліксіздігі тән

+ТІҰ синдромы

?

125. 60 жасар әйел. ЖЖ келгенде шағымдары: басының ауыруына, басының айналуына, басының шулауы болуы, оң жақ аяқ – қолдың әлсізденуі. Анамнезі: 15 жыл бойы артериалды гипертензиямен ауырады, емді толық қабылдамайды. Жағдайының нашарлауы - соңғы 2 күн арасында, жоғарғы айтылған шағымдары үдей түскен. Бүгін таңертенгі уақытта сөйлеу қабілеті бұзылған. Объективті: есі анық, сол жақ ерін – мұрын ұшбырышының жазылуы, айқын дизартрия. Сол жақтық гемипарез. АҚ – 150/90 мм.сын.бағ. б.

Пулсь -78 мин. Алғашқы болжамды диагнозыныз қандай?

+ ишимиялық инсульт

?

126. ЖЖ бригадасын науқас үйіне шақырды,өмірінде алғаш рет пайда болған талмаға. Науқастың туыстарының айтулары бойынша,соңғы 3 күде дене температурасының 39-40 С дейін котерілуіне,басының қатты ауыруына,жарықтан қорқуы. Қай диагноз болуы ықтимал?

+ менингоэнцефалит

?

127. 34 жастар ер адам. Зәр шығару соңғы кезіндегі ауырсынуға және зәрінің түсінің қызаруына шағымданады. Жағдайының нашарлауын жұмыс орнындағы суықтанумен байланыстырады. Дене температурасы 37,90. Қай патология үшін зәр шығару соңғы кезіндегі ауырсыну және терминалдық гематурия тән?

+ жедел цистит

?

128. Жедел жәрдемге шақыру түсті. Шақыру себебі: қызба. Жедел жәрдем келгенде науқаста амбулаторлық зерттеу өткенде зәр анализдерінде пиурия анықталған. Зәрдің бактериологиялық зерттеулерінде қоздырғыштар анықталмады. УДЗ де: бүйрек паренхимасының көптеген ұсақ абсцесстері анықталады. Жедел жәрдем дәрігері қандай патологияны анықтай алады?

+ апестематоздық нефрит

?

129. 40 жастағы ер адам үйдің төбесінің құлауы мен өртті сөндіру кезінде ауыр комбинирленген зақым (травма) алды. Егер науқас тірі қалса, жәбірленушіге травматикалық аурудың қандай кезеңдерінен өтуге тура келеді.

+ зақымға күрт реакция кезеңі, травматикалық аурудың ерте айқындалулардың кезеңі, кеш айқындалулардың кезеңі,реабилитация кезеңі.

?

130.Туристі тарантул тістеп алған. Тістеген жерде қатты ауырсыну, тері гиперемиясы, айқын ісіні мен параестезия пайда болды. Осы жағдайдағы алғашқы қажет көмек:

+ суық басу

?


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 219 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
«Медициналық психология» пәнінен 1-СРСП тапсырмаларының мазмұны | 1. Розрахуємо середньоспискову і явочну чисельність всіх робітників разом, а також окремо основних і допоміжних робітників у звітному і плановому роках (середньоспискова чисельність допоміжних

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.115 сек.)