Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

«Жасыл экономикаға» бағытталған Қазақстан жолы: ол қандай?»



«Жасыл экономикаға» бағытталған Қазақстан жолы: ол қандай?»

 

Қазіргі таңда қоғамымызда «жасыл экономика» деген тіркесі жиі қолданыла бастады. Ал қоғам «жасыл экономика» сөзінің мәнісін әркім әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.

«Жасыл экономика» - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика.

Бірінші кезекте «жасыл экономика», қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Жасыл экономиканың негізін – таза немесе «жасыл технологиялар» құрайды деп ойлаймын. «Жасыл экономиканы» дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама ­– тың жоба. Себебі мұнда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған «Жаһандық энергоэкологиялық стратегияны» қалыптастыру идеясының жүзеге асу барысы жарияланады. Бұл ретте, «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасының орны ерекше деп айтсам артық айтпағандық болар еді. Астаналық бастамасының басты мақсаты жасыл экономикаға көшуде мемлекетаралық және сектораралық күштерді біріктіру және қолдау болып табылады. Бастамалар әсте кедейлікті жойып, экономикалық өсімнің жоғарылауына, әлеуметтің әлеуеті артуына септігін тигізуі тиіс. «Жасыл экономика» экономикалық дамудың, жай ғана экономикалық емес, сондай-ақ инновациялық, дағдарыстан кейінгі, индустрияландырудан кейінгі тұрақты дамудың жаһандық тренді болып табылады. Біз индустрияландыруды аяқтау үстіндеміз, бізге индустрияландырудан кейінгі инновациялық технологияға өту қажет. Яғни бұл, біз бұдан әрі де бұрынғыдай жұмыс істеп, табиғи ресурстарды пайдалану арқылы жайлы өмір сүріп, ұйықтай бермеуіміз қажет дегенді білдіреді. Бүгінде еліме нанотехнологияны, биотехнологияны, космотехнологияны, ақпараттық технологияны және өзге де жоғары тиімді технологияларды дамыту қажет. Бұл дегеніміз – жоғары экономика. Бұл – материалдық-техникалық ресурстардың дүниежүзілік экономикасы, табиғи ресурстарды аз пайдалану. Бірақ бұл табиғатпен мүлдем жанаспаймыз деген сөз емес, табиғи ортаны байытып, онымен дос болу қажет. «Жасыл экономика» қалпына келтірілетін ресурстарға аз қол тигізіп, жел энергиясын, күн энергиясын пайдалану мағынасында ұғынылуы тиіс. Қазақстан бұл жобаларды жүзеге асыруға кірісті. Біз атом энергетикасын дамытатын боламыз. Бұл Президенттің соңғы Жолдауында айтылған. Және экономиканың ең басты мақсаты – жоғары технологиялар базасында экономиканың барлық салаларын дамыту.



Жасыл экономика дегеніміз қалдықтың өзін кәдеге жарату. Оның экологиялық қырынан бөлек байлықты оңды-солды шашып емес, үнемдеу арқылы пайдаға кенеліп, соны жүйелі түрде іске асырумен де өлшенеді. Тазалықты ту етеді. Климаттың өзгеруімен, энергетикалық мәселелермен, су және азық-түлік қауіпсіздігімен, сондай-ақ аймақтық шиеленістермен байланысты үдемелі жаһандық қауіп-қатерлер жаңа шешімдерді және барлық әлемдік қауымдастық күшінің жұмылдырылуын талап етеді. Азия мен Тынық мұхиты елдеріндегі «Еуропа үшін қоршаған орта» және қоршаған орта үрдістері экономиканы ары қарай «көгалдандыру» мен «жасыл» өсімді жетілдіру саясатын ынталандыруға бағытталды. Осы үрдістердің бірігуі мен өзара нығайту тетігі ретінде «Жасыл көпір» Астана бастамасы ұсынылды, оны «Жасыл» өсім саясатын жетілдіру бойынша аймақаралық Әріптестік Бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыруды көздейді.«Жасыл көпір» Әріптестік Бағдарламасының басты мақсаты Еуропа, Азия және Тынық мұхиты аймағында орнықты өсімді қамтамасыз ететін «жасыл» экономикаға өтуге қолайлы жағдайлар құру болып табылады.

«Жасыл» өсім кедейшілік пен экологиялық тұрақтылық мәселелері бойынша сұрақтарды шешу тиімділігі есебінен Мыңжылдықты дамыту жоспары мен орнықты дамуға жету үшін басты стратегия болып табылады. «Жасыл» өсімге ауысу экономика мен қоғамның қызмет ету үлгілерін іргелі өзгертуді талап етеді. Ресурстарды, энергияны тұрақсыз тұтынуға, парникті газдар шығарындыларының артуына негізделген экономика құрылымын экологиялық тиімділік пен төмен көміртекті даму тұжырымдамасын ұстанатын үлгіге ауыстыру қажет. Мұндай тәсіл климаттың өзгеруіне орнықтылықты және экологиялық тұрақтылықты жетілдіріп, тіршілікке қабілетті, өзгермелі эклжүйелердің көбеюіне жағдай жасайды.

«РИО + 20» Саммитінен кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл» экономикаға ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды.

«Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары

Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.

Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.

Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы

Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру

Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру

Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту

Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару

«Жасыл» экономикаға ауысу аясында: қорлардың тиімділігін арттыру,

қазақстандық инфрақұрылымды жетілдіру және халықтың әл-ауқатын жақсарту болжанады.

«Жасыл экономикаға» ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл экономика» бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді: ішкі жалпы өнімнің өсімі,

елдің табыстарын ұлғайту,

елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс орындарын құру.

Бұл жерде «жасыл» экономикаға ауысу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді.

Біздің мемлекетіміз «жасыл экономикаға» ауысу саласындағы саясатты белсенді жүргізіп жатқанда, біз осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап «таза» болашақты құруға қадамдар жасай аламыз. Және дегенмен біздің көпшілігіміз олардың үлесі ештеңе білдірмейді, бұл табиғатты қорғауға жатпайды деп санайды. Біздің әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса алар азаматтармыз. Және сенің үлесің теңіздегі тамшы болады деп ойлау қажет емес. Тамшы да тама-тама дария болар. Демек, біз,қазақстандықтар, күн сайын хақ тағала бізге берген мәртебелі сый-әлемді тазартып, жақсарта аламыз.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 52 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
1. Describe your daily routine. (Опишите свой ​​распорядок дня) | Deliver a mini report, using the information from CHART 1 (Monologue; Time: 1,5 - 2 minutes).

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)