Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Компьютерлік томографиядағы ара ұясы тәрізді өкпенің көрінісі мен «матового шыны» түрі бойынша өкпедегі екі жақты өзгерістер 2 страница



Апластикалық анемия//

Гемолитикалық анемия//

Жеделпостгеморрагиялық анемия//

+Теміржетіспеушілік анемия//

B12-жетіспеушілік анемия

***

40. Науқас 26 жаста, ауруханаға есінен танып түсті. Анамнезі бойынша 2 жыл бойы қант диабетімен ауырады. Тәуліктік мөлшері 36 бірлікте инсулинотерапия алады. Анализі бойынша: қандағы глюкоза – 21,5ммоль/л, зәрдегі ацетон – бірден оң нәтиже көрсетті. Сіздің болжам диагнозыңыз//

+Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетоацидемиялық кома//

Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетонурия//

Қант диабеті 2-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Кетоацидемиялық кома//

Қант диабеті 1-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Гиперосмолярлы кома//

Қант диабеті 2-ші типте, ауыр ағым, декомпенсация. Гиперлактацидемиялық кома

***

41. Бала 1 жаста. Баланың жалпы жағдайының нашарлауына, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, дене қызуының 38,8°С жоғарлауына, ылғалды жөтелге шағымданады. Объективті: тері жабыны бозғылт, периоральды цианоз, емген кезде мұрын қанаттарының желпілдеуі, тыныс алу жиілігі 62/мин., қабырға аралық тартылулар. Перкуссия кезінде – қорап тәрізді перкуторлы дыбыс естіледі, оң жақ жауырын аймағында тұйықталу, сонымен қатар ұсақкөпіршікті сырылдармен крепитация естіледі. ЖСЖ 160 /1 мин. Лабораторлы: ЖҚА- Нв-122г/л, Эр 3,8 х10 12/л, L – 10,8 х10 9/л, т/я - 4%, с- 53%, л-36%,м – 7%, ЭТЖ- 17 мм/ч. Өкпе R – граммасында – оң жақ өкпеде ошақты инфильтративті қараю. Өкпенің тамырлы суреттері күшейген. Сіздің диагнозыңыз//

Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің пневмониясы, жедел ағым ТЖ 0//

Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ 1//

+Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ2//

Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым ТЖ 3//

Ауруханадан тыс оң жаң өкпенің ошақты пневмониясы, жедел ағым, өкпе абсцессімен асқынған

***

42. Бала 9 айда. Жөтелге шағымданады. Жағдайы ауыр. Токсикоз эксикозбен. Тері жабындыларының бозаруы үдеуде, жайылған цианоз, ентігу, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуымен. Өкпеде перкуторлы кораптық дыбыс. Аускультацияда – ұсақ көпіршікті ылғалды және крепитирлеуші сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада – өкпе аймақтарының ашықтығы жоғарлаған. Диафрагма төмен орналасқан. Сіздің диагнозыңыз//



Жедел респираторлы инфекция//

Жедел бронхит//

Обструктивті бронхит//

+Жедел бронхиолит//

Жедел пневмония

***

43. Балаға 10 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 10-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ–оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. ЭКГ-де QRS вольтажының төмендеуі, қарынша ішілік өткізгіштіктің бұзылуы, систолалық көрсеткіштің жоғарлауы, Т-тісшесінің жазылуы.Сіздің диагнозыңыз//

Ерте туа пайда болған кардит, жедел ағым//

Ерте туа пайда болған кардит, жеделдеу ағым//

Ерте туа пайда болған кардит, созылмалы ағым//

+Жүре пайда болған кардит, жедел ағым//

Жүре пайда болған кардит, созылмалы ағым

***

44. Бала 9 жаста, жағдайы ауыр, еріні мен бетінде малина тәріздес цианоз, тырнағы сағат әйнегі тәріздес, минутына 32 р ентікпе байқалады. өкпеде әртүрлі көлемдегі ылғалды сырылдар естіледі. Парастерналды жүрек бүкірі бар. Жүрек ұшы соғысы жайылған, шекаралары көлденеңінен ұлғайған. Тондары анық. өкпе артериясында ІІ тон күрт күшейген. Жүрек түрткісінде систолалық шу естіледі. Бауыр +11 см, асцит. Науқастың болжам диагнозы//

Созылмалы кардит//

Жүректің тума ақауы//

+Жүректің жүре болған ақауы//

Эйзенменгер синдромы//

Ревматизм

***

45. 13 жастағы ұл бала. Қыжылдау, қышқылмен кекіру, аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында ауырсыну. Пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну. Эндоскопиялық: домалақ немесе сопақ, асқазанның шырышты қабатында терең дефект, ақ фибринді жабындымен жамылған, қабыну валымен қоршалған. Осы аурудың диагнозын көрсетіңіз//

Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған жара, перевисцерит//

Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, эпителизацияның басталуы, стеноз//

+Асқазанның жара ауруы, өршу кезеңі, I жаңа пайда болған, асқынусыз//
Асқазанның жара ауруы, өршудің тиышталуы, жараның жазылуы, асқынусыз//

Асқазанның жара ауруы, ремиссия кезеңі, асқынусыз

***

46. 12 жастағы бала ашқарында немесе тамақ ішкеннен соң 1,5-2 сағат өткен соң, эпигастрийдағы «аш» ауырсынуға шағымданады. Обьективті: тері жабындылары таза, қызғылт. Іші: эпигастриде Мендель синдромы оң, беткей және терең пальпацияда аздаған бұлшықеттік дефанс, эпигастрий мен пилородуоденальдыаймақта ауырсыну байқалады. Бауыры ұлғаймаған, ауырсынусыз. Басқа мүшелер бойынша патология жоқ. Бұл баладағы аурудың жиі асқынуын көрсетесіз//

Перфорация//

Малигнизация//

+Қан ағу//

Өтімсіздік//

Ұйқы безіне пенетрация

***

47. Ұл бала 10 жаста. Профилактикалық қарауда протеинурия және лейкоцитурия анықталған, оған 2 жыл ішінде эритртоцитурия қосылған. ҚҚ 130/90 сын. бағ. Қарағанда көңіл –күйі өзгермеген. Тері түсі бозғылт, қабағы ісінген. БҚА: жалпы белок 62 г/л, мочевина- 7.84 ммоль/л, креатинин 140 мкмоль/л. ЖЗА: Салыстырмалы салмағы 1020, белок – 1,0 г/л; макрогематурия, гиалинді цилиндрлер көз аясында-10. Сіздің диагнозыңыз//

Созылмалы пиелонефрит, латентті ағымды, БҚБ//

Жедел пиелонефрит, белсенді, БҚБ//

+Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық форма//

Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром, бастапқы кезең//

Созылмалы гломерулонефрит, нефртикалық форма

***

48. 13 жасар қыз бала5 жасынан бастап буындық синдром. Әрқашан стероидты емес препараттар қабылдайды, ремиссия кезеңдері 10-12 айға дейін. Таңертеңгілік құрысуға шағымданады. Қарап тексергенде,жағдайы орта ауырлықта, фалангаралық, білезік, шынтақ буындарының ісінуі, оң жақ тізе және жамбас-сан буынының қозғалысының шектелуі. Окулистпен қаралды, диагнозы-увеит. ЖҚА: Hb - 110г/л, Эр – 3,4х1012/л, L - 15,0х109/л, СОЭ - 35 мм/час. Қан.Биох. анализі: жалпы белок - 83г/л, альбуминдер - 48%, глобулиндер: альфа1-11%, альфа2-10%, бета-5%, гамма-26%. Рентгенологиялық тексеруде: эпифизарлы остеропороз, буын шелінің қысылуы. Сіздің диагнозыңыз//

Анкилоздаушы спондилоартрит, III дәрежелі белсенділік//

Рейтер ауруы, I дәрежелі белсенділік//

+Ювенильді ревматоидты артрит, II дәрежелі белсенділік//

Остеохондропатия, I дәрежелі белсенділік//

Вислера –Фанкони синдромы, II дәрежелі белсенділік

***

49. Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабыну кезінде ауырсыну түрліше орналасуына және асқынуына байланысты болады. Егерде іш ағзалары anteversio жағдайында орналасса аппендит қай жағында болуы мүмкін//

Аппендикулярлық инфильтрат//

Преаппендикулярлық абсцесс//

Аппендикстің кішірек болуы//

Аппендикстің қиылып түсуі//

+Сол жақ іш мықында

***

50. Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің жедел қабынуының бастамасында анамнездік белгісі (симптомы) деп атайды//

Щеткин – Блюмберг симптомы//

+Волкович-Кохер симптомы//

Образцов симптомы//

Ситковский-Ровзинг симптомы//

Мендель симптомы

***

51. Шалқасынан жатқан сырқаттың ішін сипағаннан гөрі, егер науқас сол жақ қапталына жатқанында ауырсыну күшейе түседі. Бұл симптомның атын айтыңыз//

Кохер симптомы//

Ситковский-Ровзинг симптомы//

Образцов симптомы//

Греков симптомы//

+Бартомье -Михельсон симптомы

***

52. Емханаға келген ер жынысты науқастың шағымы ішінің оңжағынан ауырсынуы, ол шапқа, ұмаға және оң жақ бүйірге беріледі. Ішін қарағанда сырқаттың кернеулі көрінді, сипап қарағанда оң жақ мықындықтан және басқан мезгілде оң төменгі несеп бөлінетін жолындағы нүктеде ауырсыну бар. Зәр анализы қабыну көрсеткіші күмәнді. Оң жақ бүйірден қағатын симптомын тексергенде - ауырсынуы бар. Аппендицит пен оң жақ бүйрек шаншуынан нмесе несеп жолдарының нефролитиазис диагнозын ажырату үшін қандай зерттеу керек//

Бүйректі УЗИ зерттеу//

Қан мен зәрді талдау//

Бүйректі пальпациялап қарау//

Науқасты тік ішек арқылы зерттеу//

+Хромоцистоскопия жасау

***

53. Емханаға ер адам науқастанып келгендегі шағымы: 2 сағат бұрын ішінің ауырсынуы. Ең алдымен ауырғаны эпигастрий аймағында басталды, соңынан оңжақ мықынға орналасты. Құсқысы келіп жүрегі айныды. Екі жақтан бірдей қабырға доғасына алақанның қырымен соққанда ауырсынуы күмәнді болды. Барлық клиникалық аппендицит симптомдары оңынан. Тік ішек арқылы тағы бір симптомның аты//

Кохер симптомы//

Ситковский- Ровзинг симптомы//

Образцов симптомы//

Бартомье-Михельсон симптомы//

+Краузе симптомы

***

54. Тұмаудың ауыр түрі бактериалды асқыну болғанда қай топ антибиотиктерімен емдейді//

цефалоспориндер ΙΙΙ//

фторхинолондар//

цефалоспориндерΙV//

карбапендер//

+ванкомицин

***

55. Әйел адамн,50 жаста. Шағымдары: Дене салмағының өсуіне, тітіркенгіштікке, жүрек тұсындағы таралусыз жүретін аурушаңдылыққа, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне. Дене салмағының өсуі 10 жыл бұрын етеккірінің тоқтауынан кейін басталған. Дамуы қалыпты болған. Тәтті тағамдар мен ұннан жасалған тағамдарға әуестігі бар.

Оъективті: Дене бітімі – толық. Бойы 162см, салмағы 100 кг. Ішінде – ұсақ қызғылт жолақтар. Іші теріасты май қабаты есебінен ұлғайған. Пальпацияда- ауырсынусыз. Іш қатуға бейім, зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Шеткі ісіктер байқалмайды.

Алғашқы диагноздардың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз//

Семіздік I дәрежесі//

Семіздік II дәрежесі//

+Семіздік III дәрежесі//

Семіздік IV дәрежесі//

Өте қатты семіздік

***

56. Әйел адам, 49 жаста, Шағымдары: жалпы әлсіздікке, бас ауруына, көз алдында шыбын-шіркейлердің көрінуі, беттің ісінуі, ауыз құрғауы, шөлдеуге (күніне 3 литрге дейін су ішеді), жиі кіші дәретке шығады (4-5 рет 1 түнде). Шөлдеу мен аузының құрғауы көптеген жыл бұрын пайда болған, бірақ найқас оған мән бермеген, дәрігерге қаралмаған.

Объективті: Бетінің ісінуі. Жүрек тондары тынықталған,ырғақты. Аорта үстінде II тонның акценті. Пульс - 64 рет/ мин. АҚҚ - 190\115 мм с.б. Жүректің сол жақ шекарасы орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа орналасқан.

Алғашқы диагноздардың қайсысы негізгі ауруға сәйкес келеді//

Қант диабеті 1 түрі//

+Қант диабеті 2 түрі//

Аутоиммунды қант диабеті//

Идиопатиялық қант диабеті//

МОДY-диабет

***

57. Әйел адам, 60 жаста. Шағымдары: шөлдеуге, полиурияға, дене салмағының төмендеуіне, ішінің ауырсынуына, түнгі уақытта тершеңдікке. АҚҚ 185/105мм с.б., тропафен 10 мг к/т енгізгеннен кейін АҚҚ 70/40мм с.б. тең болды. Ванилилминдаль қышқылының зәрдегі тәуліктік шығарылуы– 50 мкмоль/л (қалыпты 2,5-3,8). Болжам диагноз//

Иценко-Кушинг синдромы//

Иценко-Кушинг ауруы//

климактериялық невроз//

+феохромоцитома//

Вегетотамырлық дистония

***

58. Науқас Н., 32 жаста, аймақтық дәрігерге әлсіздікке, қалтырауға, дене температурасының 38-38,5 0 С дейін көтерілуіне, жүрек айнуына, оң жақ бел аймағының сыздап ауырсынуына, кіші дәретке отыру кезінде ауырсынуға шағымданады. Зәрі лайлы. Өте жедел, 1 күн бұрын басталған

Объективті: Дене температурасының 38,70С –ға дейін көтерілуі. Жалпы жағдайы орта дәрежелі ауырлықта. Терісі бозғылт, ылғал, ұстағанда ыстық.. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тынықталған, ырғақты. ЖЖС 92рет/ мин., АҚҚ 110/70 мм с.б. Пульс 88 рет/мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры пальпацияланбайды. Оң жақ бел аймағының пальпациясында аурушаңдық байқалады. Ісіктер жоқ.

Алғашқы диагнозды қойыңыз//

жедел пиелонефрит//

+несеп-тас ауруы//

жедел гломерулонефрит//

бүйрек поликистозы//

подагралық нефропатия

***

59. М атты 8 жастағы ұл бала мойын лимфа түйіндерінің ұлғайғанын, әлсіздік, терлегіштік, кезеңді түрде терісінің қышуын, дене қызуының субфебрильді деңгейге дейін жоғарлайтынына шағымданады. Жанұялық дәрігер науқасты тексергенде қан анализіндегі өзгерістерді байқады: аздаған лейкоцитоз (9x109/л), лимфопения (10%), ЭТЖ жоғарлаған (40мм). Бұл өзгеріс қай ауруға тән//

Жедел лейкоз//

Созылмалы лимфолейкоз//

Созылмалы миелолейкоз//

+Лимфогранулематоз//

Мойын лимфадениті

***

60. Бала 5жаста. Лимфа түйіндерінің ұлғайғанына шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауыр деңгейде. Жақ асты лимфа түйіндері II өлшемге дейін, артқы – және алдыңғы мойын түйіндері IV өлшемге дейін ұлғайған, бір бірімен бірікпеген, тығыз консистенциялы, ауырмайды. Қан анализінде: лейкоциттер- 9,2x109 /л, лимфоциттер – 11%, ЭТЖ-42 мм/сағ. Қандай емдеу әдістері қолданады//

Хирургиялық терапия//

Парафинді аппликация//

гормонды терапия//

Антибиотикті терапия//

+Сәулелі және полихимия терапия

***

61. 38 жастағы әйел оң сүт безіндегі ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: ауырсынуды соңғы 3 айда байқалған. Объективті: омырау ұшы тартылған, тығыз консистенциялы, ауырмайды. Пальпацияда сүт безінің тінінің қалыңдығында тығыз түйін анықталады, ауырмайды. Сіздің бірінші кезектегі әрекетіңіз//

+Маммография//

Ультрадыбысты зерттеу//

Жалпы қан және зәр анализі//

Биохимиялық қан анализі//

Радиоизотопты сүт безін зерттеу

***

62. 42 жастағы әйел келді. Сүт безін қарағанда: сүт безі терісінде бір жерінде «лимон қабықшасы» белгісі байқалады. Сүт безінің бір секторында терінің тереңдетілген «умбиликация» түрінде, оның астында тығыз консистенциялы болып анықталады. Сіздің диагнозыңыз//

Функционалдық мастопатия//

Мастит//

+Сүт безінің рак ауруы//

Сүт безінің қатерсіз ісігі//

Фиброзды-кистозды мастопатия

***

63. Науқаста 10 жылдан соң сүт безі рак ауруын радикальді емдегеннен кейін оң өкпенің жоғарғы бөлігінде солитарлы метастаз анықталды. Осы жағдайдағы ең лайықты емі болып//

+Химиотерапия//

Сәулелі терапия//

Хирургиялық ем//

Гормонды терапия//

Антибиотикті терапия

***

64. Үлкен жастағы науқаста АҚҚ 220/120 мм сын.бағ дейін жоғарлауы, бірден бас ауруы мен жүректегі сұғып ауырсынумен байқалады. Гипертониялық аурумен ауырғанына 8 жыл болған. Бұрын мұндай АҚҚ көтерілуі болмаған, эналаприлді 5мг мөлшерінде тәулігіне 2 рет қабылдаған. АҚҚ қандай деңгейге дейін түсіру керек//

10%-қа//

+ 25%-ке//

160/100 мм сын.бағ. дейін//

140/90 мм сын.бағ. дейін//

Оптималды деңгейге дейін

***

65. Гипертониялық кризбен науқасқа міндетті түрде медициналық көмек көрсету керек. Ауруханаға дейінгі сатыда гипертониялық кризді медикаментозды емдеу кезінде көрсетілген препараттардың қайсысы таңдаулы болып табылады//

Натрийнитропруссидік/к//

Лабетололк/к//

Атенололішке//

Нитроглицерин к/к//

+ Тіл астына нифедипин

***

66. 35 жастағы науқас қатты бас ауруы, бас айналу, жүрек айну шағымдарына байланысты жедел жәрдем машинасын шақырды. Науқас өзін қоярға жер таппай тұр, қозған. Бас ауруы сияқты шағымдары тыныштандарғыш препараттарды қабылдағаннан соң басылды. Медициналық көмек шақырмаған. Өзін сау санайды. Қарағанда ЖСЖ минутына 98 соққы, АҚҚ 190/120 мм сын бағ. Жедел жәрдем бригадасының дәрігері пациентке қандай шара қолданады//

+Үйде көмек көрсетеді//

Стационарға шұғыл жатқызу керек//

Күндізгі стационарға шұғыл жатқызу керек//

Үйге отбасылық дәрігерді шақыру керек//

Отбасылық дәрігердің қабылдауына жіберу керек

***

67. 72 жастағы омарташы ара ұясын қысқа дайындауда шөппен жауғаннан соң, жедел ауырған. Пневмония диагнозы қойылған, алайда пенициллинмен емдеу жағдайының нашарлауына әкелген: ентігуі үдей түскен, дем шығарған кезде жөтелуі күшейген, әлсіздік пен шаршағыштық үдей түскен. Өкпесінде дем шығару кезінде, жөтелгенде өзгермейтін крепетация естіледі. Преднизолон 40 мг/тәу тағайындалып, мөлшерін баяу 10 мг түсіру тағайындалды. Қандай емдік тактика тиімді//

Делагилді тағайындау//

Преднизолонды тоқтату//

Физио ем тағайындау//

90 мг дейін преднизолон мөлшерін тағайындау//

+Сол мөлшерде преднизолонды тағайындауды жалғастыру

***

68. 45 жастағы науқас жүрек айну, көлемді қанды құсыққа, әлсіздікке, бас айналуға шағымданады. Анамнезінен: ұзақ уақыт алкоголді қабылдаған. Объективті: тері жабындылары боз, суық. АҚҚ 90/50 мм.сын.бағ., пульсі минутына 120 рет. Сіздің болжам диагнозыңыз//

Асқазан жарасынан қан кету//

Өкпеден қан кету//

Өңештің кеңейген көктамырларынан қан кету//

+Мелори-Вейс синдромы//

Он екі елі ішек жарасынан қан кету

***

69. А деңгейлі дәлелді ұсынысқа қандай зерттеу түрі сәйкес келеді//

Когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулерінің жоғары сапалы жүйелі шолуы//

Жоғары сапалы когортты зерттеу//

Төмен қателікпен жүйелі жоғары сапалы жағдай-бақылау//

+Жоғары сапалы мета-анализ//

Когортты немесе жағдай –бақылау зерттеуі немесе рандомизациясыз бақыланатын зерттеу

***

70. Журналда жаңа дәрілік препаратты қабылдағанда науқастардың 80%-да 6 күннен кейін бар симптомдардың жойылуы туралы жарнама бар. Мұндай тұжырым дұрыс па және неге//

Иә, себебі науқастардың пайызы көрсетіледі//

Жоқ, нәтижелілікті сипаттау үшін салыстырмалы жиілікті қолдану керек//

+Жоқ, емдеудің ұзақ мерзімді нәтижелерін қолдану керек//

Жоқ, бақылау тобымен салыстыру жүргізу керек//

Жоқ, себебі статистикалық маңыздылығын зерттеу керек

***

71. Зерттелетін кіші топтағы қысқа уақыт ішіндегі зерттеу және бақылау топ жоқ, осы жағдайдағы зерттеу түрін көрсетіңіз. Мысалы: ангиохирург мидың ишемиясы бар 100 науқастың ұйқы артериясының реваскуляризациясының қортындысын сипаттаған//

когортты зерттеу (проспективті)//

«жағдай - бақылау» зерттеулері (ретроспективті)//

көлденең зерттеу//

жағдайлар тобын зерттеу немесе суреттеу//

+тарихи когортты зерттеу

***

72. AGREE сауалнамасын жасау мақсаттарына қай тұжырым сәйкес емес//

КПР сапасын бағалау үшін жүйелі әдіс жасау//

Құрастырушыларға нұсқауларды жасауда құрылымды және қатаң әдістемені ұстануға көмектесу//

Денсаулық сақтау қызметкерлеріне тәжірибеге КПР енгізу бойынша негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу//

КПР қолдану бойынша бірыңғай халықаралық әдістерді қолдану//

+КПР сапасының белгілі талаптарын орындау

***

73. Диагностика және емнің клиникалық протоколдары – бұл//

белгілі бір клиникалық жағдайда медициналық көмек көрсету үшін тәжіибелік дәрігерлер мен науқастарға көмек ретінде жүйелі түрде шығарылып отыратын ұсыныс//

+ жергілікті жағдайларды қолданылатын оперативті детальдар ашылып көрсетілген клиникалық ұсыныстардың бейімделегн түрі//

медициналық көмек мақсаттарын критерии ретінде қарастыратын, ресурстарды, кезеңдерді, болжанатын нәтижелерді анықтап, сырқатқа бейімделегн ұсыныс //

негізгі дәрілік заттар тізімі құрастырылатын ұсыныс//

препараттарды қолдануды реттейтін ДЗ шектелген тізімі

***

74. Құрғақ жөтел мен ангионевротикалық ісік қай дәрінің жағымсыз әсерінен болады//

+АПФ ингибиторлары//

Кальций антогонистері//

Альфа – адренорецепторлар блокаторы//

Бета-адреноблокаторлары//

Диуретиктер

***

75. Емхана жағдайында пневмонияның емін неден бастау керек//

Цефалоспориндер//

Гентамицин//

+Макролидтер немесе пеициллин қатарындағы препараттар//

Тетрациклин//

Аспирин

***

76. Тыныс демікпесін емдеуде қандай дәрілер базисті препараттарға жатады//

Бронходилататорлар//

Антибиотиктер//

Муколитиктер//

Антиоксиданттар//

+Ингаляциялықглюкокортикостероидтар

***

77. Көп жылдардан бері тыныс демікпесімен ауыратын 50жастағы науқаста соңғы уақыттарда артериялық қан қысымы160/90мм.с.б.б дейін жоғарылауы байқалады. ЭКГде ол жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Науқас ретті түрде ингаляциямен вентолин қолданады. Қандай препаратты науқасқа қолдануға болмайды//

кальций каналдарының блокаторлары//

АПФ ингибиторлары//

+β-адреноблокаторлар//

АТ ІІ рецепторларының антагонисттері//

миотропты спазмолитиктер

***

78. Стенокардиямен және созылмалы обструктивті бронхитпен ауыратын 65 жастағы ер адамда кенеттен кеудесі қысылып, тұншығу басталды. Тексеру барысында галоп ырғағы шашыранды құрғақ сырылдар, өкпенің төменгі сигменттерінде ылғалды сырылдар, АҚҚ 85/50мм.с.б.б. Нитроглицерин қабылдау жағдайын жақсартпады. Қандай диагноз сәйкес келеді//

Миокард инфаркты//

Миокард инфаркты кардиогенді шокпен асқынған//

ӨАТЭ//

Тыныс демікпесі//

+Миокард инфаркты кардиогенді шокпен және өкпе ісігімен асқынған

***

79. ДДҰ жарғысында берілген денсаулықтың анықтауын көрсетіңіз//

өзінің арнайы түрлі әлеуметтік кызметін ең жақсы түрмен орындауға мүмкіндік беретін организмның ұтымды жұмыс жасау күйі//


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 98 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.048 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>