|
2.2 Амортизацияның әдістері
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.
Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі.
№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:
• құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;
• өндірістік әдіс;
• кумулятивтік әдіс;
• кемімелі-қалдық әдісі.
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
ТОО «Каzжиһаз» станок сатып алды. Оның бастапқы құны 200 000тг., ал жою құны 20 000тг. Станокты пайдалану мерзімі 5 жыл. Осы әдіс бойынша амортизациялық аударымды есептейік:
7210 2420 30 000
Бұл станоктың барлық амортизацияланатын смасы 1 800 000 теңге (2 000 000 – 200 000), яғни бастапқы құны мен жою құнының айырмасы, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5 = 20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады:
1 800 000 * 20% = 360 000
Станокқа амортизациялық аударым сомасының бес жыл бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады
Кестеде көрсетілгендей есеп беретін жылы екі еселеніп алынған амортизациялық аударым сомасының мөлшері әр уақытта өткен (алдыңғы) жылдың аяғындағы негізгі құралдардың қалдық құнының сомасына көбейтіліп табылады. Жинақталған тозу сомасы осылайша белгіленген пайыз арқылы табылған сомаға өсіп отырып, тек соңғы жылы ғана негізгі құралдардың қалдық құны сомасына тең болатындай, шектеліп алынады. Негізгі құралдардың құралдардың қалдық құнының мөлшері 2 000 000 теңге болғандықтан, бұл кестеде соңғы, яғни бесінші жылы амортизациялық аударым сомасы 59 200 теңгемен ғана шектелген.
Амортизациялық аударым негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық қайта жарақтау кезігде және ол толық тоқтап тұрған жағдайда, сондай-ақ толық амортизацияланған негізгі құралға есептелмейді.
Халықаралық практикада баяу амортизациясы деп аталатын әдіс бар, мысалға, күрделі пайыздық әдіс, бірақ оны тек қана арнайы жағдайда ғана пайдаланады. Бұл әдістің мәні мына жағдайдан тұрады: онда негізгі құралды пайдалануды бірінші жылында тозу сомасы аз мөлшерде есептен шығарылып, ал келесі жылдары ол біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгертудің нәтижесі ағымдағы және болашақтағы есеп беру кезеңдерінде көрініс табады.
Мысал: «Каzжиһаз» ЖШС 2003 жылы желтоқсан айында құны 1 608 333 теңге тұратын сауда құрал-сайманын сатып алған. Оның болжаған жою құны 3760 теңге тұрған, ал пайдалану мерзімі 15 жыл.
Кәсіпорын амортизациясын есептеу үшін кумулятивтік әдіс пайдаланған, ал 2006 жылдан бастап бірқалыпты әдіске көшкен.
Есеп қағидасындағы өзгерістің әсерін есептеу және оны көрсету мынадай жолмен жасалынады:
Кезеңі Кумулятивтік әдісі бойынша
амортизацияны есептеу Бірқалыпты әдісі бойынша амортизацияны есптеу
2004 жыл (1608333-3760)x15/120=200572 теңге (1608333-3760)/15=106971теңге
2005 жыл (1608333-3760)x14/120=187200 теңге (1608333-3760)/15=106971теңге
2006 жылғы жинақталған
амортизациясының
сальдосы
200572+187200=387772 теңге
106971+106971=213942теңге
Амортизацияны есептеу 2004 жылдың 1-ші қантарынан басталған.
Амортизацияны есептеу үшін кумулятивтік саны мынадай формула бойынша есептелінеді:
15x(15+1)/2=120.
Екі әдісті пайдалану салдарынан 173830 теңгеге айырма пайда болған, осы пайда болған айырма таратылмаған (бөлінбеген) табысқа жатқызылады.
Мысалы: объектінің қызмет мерзімі 5 жыл. Әшеінгі нормасы (бірінші әдістегі) 20% (100:5), сонда кемімелі қалдық әдісі 2 коэффициентті ескергенде 40% құрайды, қалдық құнға негізі болып саналады. Бастапқы құн 10 000тг., жою құны 1000тг. Бұл жерде жылдағы амортизациясы болады:
бастапқы құн амортизация сомасы қалдық құны
(баланстық)
1 жыл 10000 4000= (40% х10000) 6000= (10000 - 4000)
2 жыл 10000 2400= (40% х 6000) 3600= (6000 - 2400)
3 жыл 10000 1440= (40% х 3600) 2160= (3600 - 1440)
4 жыл 10000 864= (40% х 2160) 1296= (2160 - 864)
5 жыл 10000 296= (1296 - 1000) 1000= (1296 – 296)
Тозуды есептегенде:
7420 2420
2.3 Амортизацияның синтетикалық есебі
Негізгі құралдарға тозу сомасы есептелгенде бухгалтерлік есепшоттары бойыша жүргізілетін шаруашылық операциялар
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 2 3 4
1 Ұйымға келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарының тозу сомасына 2410 2420
2 Ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға сатқан немесе басқадай жолмен есептен шығарған негізгі құралдарына бұрын есептелген тозу сомасының есептен шығарылуына 2420 2410
3 Негізі құралдарға есептелген тозу сомасына:
- негізгі өндірісте;
- қосалқы өндірісте;
- жалпы шаруашылыққа арналған;
- сатуға қызмет көрсететін салада;
- күрделі құрылысқа пайдалануда;
- алдағы есепті кезеңге жатқызылғандары:
- қысқа мерзімге жалға берілгендеріне.
1620, 2910
4 Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуіне сәйкес тозу сомасының артуына
5 Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының кемуіне сәйкес тозу сомасының азаюына
Шаруашылық операциялар Д К Сома
Негізгі құраладарға тозу сома
есептелді:
1. Негізгі өндірістегі жабдықтарға 8010 2420 93 740
2. Көмекші өндірістегі жабдықтарға 8030 2420 81 200
3. Әкімшілік ғимаратына 7210 2420 44 500
Көмекші өндірістің жабдықтары
есептен шығарылды
баланстық құнына 7410 2410 32 200
Жабдықтардың тозу сомасы есептен 2420 2410 11 000
шығарылды
Қорытынды
Қозғалмайтын мүлік, гимарат және жабдықтар (негізгі құралдар) - дегеніміз – материалдық активтер,оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданады және бір жылдан астам мерзім пайдаланылады, осы пайдалану мерзімде өз құнын амортизация арқылы бірте бірте өндірілген өнімге ауыстырады.
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар:
- негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;
- негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;
- қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;
- негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар бухгалтерлік есепте жеке инвентарлық объект ретінде көрсетіледі, мысалы ғимарат бұл объектіге әрбір жеке тұрған ұй кіреді, сол сияқты жабдықтарда, сондықтан есепке аларда кіріс құжатында (паспорт) объектіге жататын құрылғылар (қосалқы бөлшектер)жазылу керек.
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар (негізгі құралдар) ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі:
салалар бойынша;
бағыты бойынша; (өндірістік,өн.емес)
пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына; (жер,жабдықтар,ғимараттар..) 9 түр.
иелігі бойынша;(меншікті, жалға алынған,уақытша пайдалануда)
пайдалану маңызы бойынша;(әрекетті, запастағы,әрекетсіз)
мүліктік құрамы бойынша;(инвентарлық, инвентарсыз)
салықтық нысандар бойынша (топталған, әр топқа өз шектелген норма белгіленеді).
Шаруашылықтың әр саласында, натуральдық-заттық белгі бойынша,негізгі құралдар мынадай түрлерге бөлінеді:ғимараттар; құрылыстар; беріліс құрылғылары;саймандар;өндірістік мүліктермен иеліктер;шаруашылық мүліктері;үлкен жұмыс малы мен өсім малы; кітапхана қоры;жерді жақсартуға күрделі шығындар(ғимараттардан басқа);мұражай құндылықтарымен басқа объектілер;басқа да негізгі құралдар.
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар (негізгі құралдар) қозғалысы №16 ХҚЕС –на сәйкес бағаланады: өзіндік құн (нақты) бойынша немесе бастапқы құн - бұл негізгі құралдарды салу немесе сатып алу бойынша нақты жұмсалған шығынның құны,бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар,сондай-ақ активтерді мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыстын күйіне келтіруге байланысты жеткізу,монтаждау,қондыру,іске қосу шығындары және кез келген өзге шығындар енгізіледі. Күрделі қаржы есебінен салынған (тұрғызылған) немесе сатып алынған негізгі құралдар үшін бастапқы құны мүлік құны болып табылады. Ол мыналардан тұрады: ғимараттар мен құрылыстар үшін объектілер салу(тұрғызу)жөніндегі құрылыс және монтаж жұмыстарының шығындары, жобалау-іздестіру жұмыстары, сондай-ақ объектілердің мүліктік құнына бекітілген тәртіпке енгізуге жататын басқа шығындар.
Негізгі құралдар пайдалану процесінде бірте-бірте тозады.Тозу – негізгі құралдардың физикалық және моральдық сапасының жоюлуы және осымен қоса құныныңда жоюлуы.
Физикалық тозу- ол сырт түрі өзгергені, ал моральдық –ол қазіргі талаптарға сай еместігі (ғылыми және техникалық). Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалану мерзімінде шектеулі норма есептелер бойынша амортизацияланады.Амортизация кәсіпорынның шығындарында есептеледі (есептелмейді өнім беретін малдарға, кітапхана қорларына, консервацияға салынған негізгі құралдарға).
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі.Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.
Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 217 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
Амортизация – это процесс постепенного перенесения стоимости основных средств по мере износа, на производимую продукцию. | | | Судьба Анны Фрейд (1895–1982), и личная, и профессиональная, неразрывно связана с развитием оригинального направления практической психологии – детского психоанализа. Дочь классика психоанализа 1 страница |